Қазақ – қонақжай, меймандос халық. Қазақтар үйге келген (құдайы қонақ, сыйлы қонақ, құрметті қонақ т. б.) қонақты «қонақ келді – құт келді» «қырықтың бірі – Қыдыр»деп ата дәстүрмен құшақ жайып қарсы алған, тұрып – төсек, жайылып – жастық болған, сый-сияпатын көрсетіп шығарып салған. Қонақ сыйлау қазақтардың бойына сіңген менталитеттік қасиеттеріне жатады.
Қазақтың қонақжайлылығы туралы жоғарыдағыдай жылдар тезі дәлелдеген пікірлер жеткілікті, ал тіліміздегі қалыптасқан тұрақты тіркестер қонақжайлылықтың кепілі тәріздес. Мысалы,Қарақұрсақтың қыры кеткенінің үйіне барсаң, сорпалық қызылы бар мал союға жарайды, ата құты шаңырақтарынан үзілмеген, қарынның майлы құрышы;Бура, қазы-қартаны тура; және т.б.Мысалы: Қаратаз барсаң, Можан бар, асулы тұрған қазан бар – Қаратаз табынан Қалба өңірінде мырзалығымен, қонақжайлылығымен аты шыққан Жидебай ұлы Можан дейтін асқан жомарт адамға 12 мың қой бітіпті. Күн сайын бір қойды сол маңайдан әрлі-берлі өткен жолаушыларға арнап сойғызады екен. Можанның мырзалығы сондай, ол кісінің үйі далаға жайып қойған дастарқан немесе жол бойында тұрған асхана сияқты болған. «Қаратаз барсаң Можан бар, асулы тұрған қазан бар» осы үрдіске байланысты қалыптасқан. Асқан дарқандықтың үлгісі ретінде:Бармақ мырза, Тана мырза, Береген Белгібай және т.б.тілдік бірліктер қалыптасқан.