әлемнің тілдік бейнесі - біріншіден, белгілі бір ұлттық тілге қатыссыз, яғни тіларалық өзгешеліктерге тәуелсіз айқындалатын ұғым; екіншіден, керісінше, тілдік ерекшеліктерге, ең алдымен, лексикалық номинация жүйесіндегі өзіндік белгілерге бағыттала әрі ұлттық тілдің негізінде қалыптасатын ұғым (Э.Д.Сүлейменова);
әлеуметтік лингвистика - тілдің қоғамдық қызметтерін, әлеуметтік шартталған белгілері мен заңдылықтарын кешенді түрде зерттейтін қазіргі тіл ғылымының маңызды бағыттарының бірі, ол тіларалық байланыс жағдайындағы кез келген тілдің өмір сүру формасына, қоғамдық қызметінің ауқымы мен сипатына қатысты айқындалатын тілдердің қызмет ету ерекшеліктерін қарастыратын сала (Э.Д.Сүлейменова);