Тіл арқылы мәдениеттанудың ғылыми бағыттары. Этнолингвистика.Елтану. Лингвомәдениеттану
Тіл білімінде бүгінгі таңда тіл арқылы мәдениеттанудың бір-бірімен өзара тығыз байланысты жаңа ғылыми бағыттары қалыптасып келеді. Олар:
Этнолингвистика.
Елтану.
Лингвомәдениеттану.
Тіл арқылы мәдениеттану аспектілері қазақ тіл білімінде 1980 жылдан былай қарай ғылыми негізде сөз етіле бастады. Әсіресе, қазақ тіл білімнде «тіл және мәдениет» мәселелеріндегі сабақтастық туралы ғылыми тұжырымдар арқылы ғасырдың соңғы жиырма жылында зерттеу материалдарының аясы кеңіп, толыға бастауы академик Ә.Т.Қайдаров есімімен байланысты.
Жалпы халықтық тілді пайдаланудың қалыптасқан дәстүрлі үлгісі бар. Ол үлгі – тілдік норма, немесе әдеби тіл. Мұнда назар аударатын нәрсе - әдеби тіл мен көркем шығарма тілі екеуі бір ұғымды білдірмейді. Әдеби тіл ол тек көркем шығарманың ғана тілі емес, жалпы жазба тіл түрлерінің бәрін түгел қамтиды. Солай бола тұрса да, көркем шығарманың ғана тілі емес, жалпы жазба тіл түрлерінің бәрін түгел қамтиды. Солай бола тұрса да, көркем шығарма тілінен оның шеңбері тар. Өйткені әдеби тіл – сөйлеуде және жазуда пайдаланып, нормаланған, қалыптасқан тіл. Көркем шығармада стилдік мақсатта жалпы халықтық тілдегі қарапайым, жаргон және жергілікті ерекшелік сипатындағы сөздердің бәрі де қолданыла береді. Сондықтан әдеби тілден көркем шығарма тілінің аясы кең, әрі тілдің басқа формаларына қарағанда көрнекті орын алады.