«Фразеологизмдердің лингво мәдени ерекшеліктері»



бет12/30
Дата07.02.2022
өлшемі72,69 Kb.
#95902
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30
Байланысты:
118bd8f1-8ca5-11e3-bf6e-f6d299da70eeфраз

Ұсынылатын әдебиеттер: 

1. Қайдар Ә. Халық даналығы. Алматы: «Толғанай Т», 2004. – 560 б.

2. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы: Ана тілі, 1998

3. Маслова В.А. Лингвокультурология. – М: Академия, 2001. – 208 с.

4. Маслова В.А. Когнитивная линвистика. Минск: Тетра Системс, 2004. 


6-Дәріс. Лингвомәдениеттанудың базалық түсініктері. Мәдени концепт. Мәдени дәстүр. Мәдени кеңістік. Мәдени ая. Мәдени сема. Фрейм.

Мәдени семалар – сөздің мағыналық құрылымындағы мәдени ақпаратқа ие элемент, семантикалық бірлік (единица). Мысалы, жылқы – «тақ тұяқты төрт түліктің түрі; өзі көлік, ал еті, сүті азық ретінде пайдаланатын жануар» десек, «еті», «сүті» деген семалар – мәдени ақпарат беретін семантикалық бірлік. Қазақ мәдени-тілдік қоғамдастығында 1) қан тіршілік, күш-қуат көзі деген символдық мәнді білдіреді. Мысалы, қан жоқ, сөл жоқ «күш-қуаты кеміген», бетіне қан жүгірді; 2) қан туыстық, бауырластықтың символы, мысалы, қаны бір, қандастармыз, қанына тартпағанның қары сынсын «түбі бір туыс»; 3) қан жастықтың, сұлулықтың символы. Мысалы, бетінен қаны тамған «жас, сұлу»; 4) қан қасиеттіліктің символы, мысалы, қаны жібермейді «қаннан құтылмайды» деген мағынада.

Мәдени ая (фон) – белгілі бір этностың әлеуметтік өмірі мен белгілі бір тарихи уақиғамен байланысты жайттарды білдіретін, тілдік таңбалардың жүйесі. Мысалы: а) қымызмұрындық, сіргежияр, сіргемөлдіретер; жар-жар, алтыбақан, шілдехана, үкітағар, тағаз берут.б.; ә) Жеті жарғы, Қасымханның қасқа жолы, Есімханның ескі жолы; Қазақ қайың сауғанда, қырғыз Ғисар ауғанда; Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама; Он сан ноғай бүлген күн буыршын мұзға тайған күн, Әрмембет өлген күн; Желтоқсан оқиғасы т.б.

Лингвомәдениеттану саласын нақтылай, айқындай түсетін ұғым – концепт. Концепт адам санасында әмбебап қызмет атқарады. Концепт термині ғылыми әдебиеттерде ХХ ғасырдың ортасында қолданысқа енген. Алайда 1928 жылы жарияланған С.А. Аскольдовтың «Концепт и слово» атты мақаласында концепт терминін «мысленное образование, которое замещает нам в процессе мысли неопределенное множество предметов одного и того же рода» [168, 267 с.], – деп түсіндіреді.

Орыс тіл білімінде концепт терминіне көптеген анықтамалар берілген. Дегенмен, ғалымдардың пікірлері біржақты болмағандықтан, лингвомәдениеттану саласында концепт мәселесіне байланысты тартыс туындайды. Ұғым белгілі бір заттың жалпы, көзге көрінетін заттық белгілерін береді. Ал концепт заттың тек көзге көрінетін ғана емес, кез келген абстрактілі белгілерін бере алады. Демек, ұғым мен концепт екі түрлі мәселе.

В.Н.Телияның көзқарасы бойынша, «концепт – это все то, что мы знаем об объекте во экстенсии этого знания» [162, 97 с.], – дейді. Яғни белгілі бір заттың жалпы абстракциялы белгілерінің барлығы концептіні құрайды. Сондай-ақ, В.Телия концептіні белгілі бір зат не құбылыстың әлемдегі типтік образдары мен «прототипін» қалыптастыратын категория екенін ерекше атап өтеді. 

Н. Уәлиев ұғым мен концепт, мағына мен концепт жайлы былайша ой толғайды: «Ұғым мен концептінің мағынасы тепе-тең емес. Ұғым белгілі бір объектінің танылған аса мәнді белгілерінің жиынтығы болса, концепт мазмұн межесі жағынан объект туралы барлық білімнің жиынтығы, ал тұрпат меже тұрғысынан тілдік бірліктердің (лексикалық, фразеологиялық, паремологиялық т.б.) құралдардың жиынтығы болып табылатын ментальды, ұлттық ерекшеліктерді танытатын құрылым.

В.А. Маслова концептінің мынадай ерекше құрылымын ұсынады:

- негізгі (актуальды) нышан;

- қосымша (белсенді емес, тарихи) нышан;

- ішкі форма (әдетте түсінілмейтін) [177, 21 с.]. 

Концепт – көп аспектілі ментальді құрылым болғандықтан, әр концептіде (бірінші және екінші атауыштың қызметтеріндегі сөздердің) аталған терминдер түрлі коннотацияларға, түрлі аялық білімге ие. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет