Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қайдар Ә. Халық даналығы. Алматы: «Толғанай Т», 2004. – 560 б.
2. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы: Ана тілі, 1998
3. Маслова В.А. Лингвокультурология. – М: Академия, 2001. – 208 с.
4. Маслова В.А. Когнитивная линвистика. Минск: Тетра Системс, 2004.
7-Дәріс. Мәдени коннатация. Мәдени коннотация тілдік белгідегі мәдениеттің экспоненті ретінде.
Мәдени коннотация. Сөздің лексикалық мағынасының құрылымына енбейтін, бірақ сол сөздің мағынасымен қабаттаса, жарыса жүретін компонент мәдени коннотация деп аталады. Мысалы,қымыз «бие сүтінен ашытылған сусындық тағам» десек, вербалды таңбаның лексикалық мағынасы. Ал осы лексикалық мағынамен жарыса жүретін қымыз – көптің асы, астың асылы деген компоненттер мәдени коннотоцияға жатады.
Тілдің мәдениетпен байланысуы қалай жүзеге асатыны туралы мәселе әрбір зерттеулерде әртүрлі беріледі: бірде ұлттық-мәдени компонент ретінде, немесе аялық білімдер ретінде. Зерттеуші В.Н. Телияның пікірінше, бұл байланыс мәдени коннотация арқылы жүзеге асады деп санаймыз.
Жалпы коннотациялар сөзден шығатын асоциацияларға негізделеді, әйтсе де, олар кей кезде шынайылыққа сүйенеді: садыр – қулықтың (сайтан қу ма, садыр қу ма?), матақ (керей) – тентектіктің (матақ, жүрген жерің шатақ), Белгібай (найман) – жомарттықтың (Береген Белгібай ), тобықты (арғын) – сөзге шешен, іске алғыр, ұйымшыл (сөз маржаны тобықтыдан табылады, бөз арзаны Бұқардан табылады, толғағы бір тобықтының баласы т.б) және т.б.
Көбінесе, коннотациялар бағалаушы рөлінде келіп, сонымен қатар әлем картинасын құрайтын тілдің ұлттық ерекшелігін анық байқатады. Мысалы, алғашында наймандардың әлемді қабылдау картинасында найманның қызына шыдағанға тозақ жұмақтай көрінеді; найманның қызын алған, жұмаққа барады тіркестері жағымды мағына берсе, арғындарда ажалыңнан бұрын өлгің келсе, не екі аяқты мотоцикл ал, не арғыннан қатын ал – жағымсыз баға алған; ал найман тайпасының ішіндегі қызай табының қыздары жайлы тек жағымды ғана баға берілген: арғыннан ән таңда, қызайдан қыз таңда. Коннотациялар әлемді бағалау формасы арқылы көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |