Тілдің фразеологиялық қоры – халықтың тілі мен мәдениеті туралы мәліметтердің ең бағалы қайнар көзі. Мұнда халықтық мифтер, дәстүрлер, салттар, әдет-ғұрыптар мен тәлім туралы түсініктер жинақталған.
Эталондар – заттардың, құбылыстардың, нысандардың сапалары мен қасиеттерін өлшейтін болмыс.
Стереотип – қоршаған ортаның нақты шындық көрінісі. Бізге белгілі кезкелген тіркес астарында стереотиптік құбылыс бар. Мысалы: тарақ найзалы батыр; кең қолтық керей; астындағы атын алты ай іздеген Малтүгел; қыржаңға өкпелеген қыржы; ұл туса қызай қуанар, гүл өссе қыз қуанар. Соңғы мысалды алатын болсақ, түздің қатерлі де қиын шаруаларын атқару ер адамның мойнына жүктелген іс екені қалып алған жағдай, ал жаугершілік заманда, үркінді кезеңде ер-азаматсыз отбасы өмір сүре алмас еді, сондықтан қазақ отбасында дүниеге ұл бала келсе, қуаныш еселенеді.
Символ – әр қырынан танылатын көпқырлылығымен танылатын мәдениеттің тұрақты элементі. Мысалы, бөлінгенді бөрі жейді; бір рулы ел.
Бейне когнитивтік модель қалыптастыратын таңба, кейіпкерлер мен нысандар: Айбике, Нұрбике, Айдабол, Ергенекті Уақ, Байыс, Қу дауысты Құттыбай, Тұз еккен Малтүгел.
Жоғарыда көрсетілген когнитивті модельді ұйымдастыратын бірліктер мен таңбаларға (ассоциация, стереотип, символ, бейнелер) зер салсақ, олардың адамның ойлауы мен түсінуіне, қабылдауына, елестетуіне ықпалы ерекше екенін тануымызға болады. «Денотат – латынның белгілеу, білдіру сөзі, белгілі бір сөз білдіретін объектив дүниедегі зат не құбылыстар. Референт – латынның хабарлайтын сөзінен шыққан, білгілі бір тілдік элемент қатынаста болып ойдың элементтеріне тән, ойда бейнеленген объектив дүниедегі заттар мен құбылыстар» [158, 66 б.]. Тілтанымдағы денотат пен референт ұғымдарына берілген анықтамаларды зерделейтін болсақ, денотат – сөз мағынасын, референт – ұғымның мәнімен сәйкес келеді. Алайда тіл білімі мен логикаға қатысты жазылған еңбектерде аталған екі термин тең дәрежеде қарастырылады.
Сөздің лексикалық мағынасының құрылымдық элементтерінің енді бірі –сигнификаттық мағына. Сигнификаттық мағына деп – түйсік арқылы қабылданып, жалпыланған субъективті бейнені айтамыз [159, 86 б.]. Сигнификаттық мағына бір жағынан денотатпен, екінші жағынан танымдық бейнемен байланысып жатады.
Мағына таным теориясымен тығыз бірлікте қарастырылады. Ұлт танымының, оның ішінде жеке бір халық, қазақ халқының биік танымы мен талғамын танытатын мәдени құндылықтары болса, осы құндылықтарды жүзеге асыратын жеке-жеке ру, тайпа болып бірлесіп өмір сүрген адамдардың мәдени көрсеткіші – көркем де бейнелі тілі.
Аз сөзбен көп мағына таныта білген қазақ халқының ру-тайпа атауларының қойылуының өзін де үлкен мән жатыр. Мәселен, жоғарыда айтылған тілтанымдағы денотат, референт, сигнификат сынды ұғымдар негізінде Найман, Уақ, Қоңырат, Қыпшақ, Арғын, Керей руларының өзіндік аталуы мен белгілерін ажыратып көрсетіп, ұсынып отырмыз.
де нотат (ру атауы)
На йман с игнификат – қазақ арасындағы
бірігіп өмір сүрген ру аты
референт – Алтайдан Балқашқа дейінгі кең байтақ қазақ жерін мекендеген, сегіз арыс, тоғыз таңбалы. Негізгі таңбасы – бақан, ұраны – Қаптағай).
д енотат – ру атауы
У ақ сигнификат – қазақ арасында
бірлесіп өмір сүрген ру атауы
референт – саны жағынан аз ру. Ергенекті Уақ деп те атайды. Ұраны – Жаубасар, таңбасы – ашамай
Достарыңызбен бөлісу: |