1. Көп нүктенің орнына қай сөз қойылады?
А) алып
В) қайнатып
С) қатырып
D) құйып
Функционалдық сауаттылыққа арналған тапсырмалар
Қазақ тілі 5-сынып
Тапсырма № 16
Есік алдында бір Бидай мен Жүгері таласты да қалды. «Мен ірімін!» - деді Бидай. «Жоқ, мен!» - деді Жүгері. Айтыс аяқталмай қалды. Әтеш келді де, екеуін шоқып, жұтты да жіберді.
1. Мәтін мазмұнына қай мақал сәйкес?
А) аз сөз – алтын, көп сөз - күміс
В) еңбекпен табылған нан тәтті
С) жақсымын деп мақтанба
D) жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Функционалдық сауаттылыққа арналған тапсырмалар
Қазақ тілі 5-сынып
Тапсырма № 17
Біздің ормандарымызда терісі бағалы аңдар көп. Олардың бірі – түлкі. Түлкінің бірнеше түрі бар. Қазақстанда қызыл және қара күрең түлкі ғана бар. Ал түлкінің ең асылы – қара сұр түлкі. Бұл суық жақтағы орманда, Енисей өзені бойында болады.
1. Мәтінде қай ақпарат кездеспейді?
А) Қазақстанда түлкінің түрлері өте көп
В) Терісі бағалы аңдар мол.
С) Түлкінің ең асылы – қара сұр.
D) Олар Енесей бойында өмір сүреді.
Функционалдық сауаттылыққа арналған тапсырмалар
Қазақ тілі 5-сынып
Тапсырма № 18
Алматының хайуанаттар бағында салмағы бір центнер тасбақа бар. Оның үстіне балалар мініп алып серуендейді. Ол үлкен кісіні де көтереді. Ол көкөністі, жемісті, көк пиязды ерекше ұнатады. Ол сүт ішеді, кейбір күндері ол 10 литрге дейін су ішеді.
1. Әңгіме қай сөздермен аяқталады?
А) демалады
В) тамақтанады
С) шайнайды
D) сусындайды
Функционалдық сауаттылыққа арналған тапсырмалар
Қазақ тілі 5-сынып
Тапсырма № 19
Ауа-райын жан-жануарлар қалай сезеді?
Көбелектер қараңғы жерге барып, қанатын салбыратып жасырынса, 2 сағаттан кейін жаңбыр жауады. Күндіз үкі шақырса, жауын жауады. Күздігүні үйрек қайтпаса, күз ұзаққа созылады. Бақалар судан құрғаққа шықса, жауын болады.
1. Мәтінде жауабы бар сөзді көрсет
А) үйрек қайтпаса, күз ұзаққа созылады.
В) көбелектер болмас, күз ұзаққа созылады.
С) Үкі шақырмаса, жауын жауады.
D) бақалар судан шықпаса, жауын болады.
Функционалдық сауаттылыққа арналған тапсырмалар
Қазақ тілі 5-сынып
Тапсырма № 20
Көз - көру мүшесі. Адам көзбен қарап көреді. Көру арқылы заттың түсін, мөлшерін, пішінін, түрін ажыратады.
Адам затты қолмен ұстап та қатты, жұмсақтығын, неден жасалғанын айырады. Әр адамның көңіл күйін көзіне қарап байқауға болады.Көздің көру мүмкіндігін күшейтетін әр түрлі аспаптар да бар. Көз – адамның ........
1.Көп нүктенің орнына қай сөз сәйкес?
А) белгісі
В) мінезі
С) үні
Д) айнасы
Достарыңызбен бөлісу: |