245
Сабақ құрылымы, дидактикалық бөлімі дәстүрлі сабақпен бірдей болуы керек. Атап
айтқанда:
Ұйымдастыру сәті және мақсаттар мен міндеттердің құрылымы- оқушыға материалды игеру
уақыты нақты тапсырмалармен анықталады.
Үй тапсырмасын тексеру-оқушының жетістіктері мен сәтсіздіктеріне жалпы шолу, қиын сәттерді
түсіндіру т.сс.
Білімнің өзектілігі- жаңа материалды,бейнероликтерді,оқу тапсырмасын оқуға деген ынтасын
арттыру үшін түрлі әдістерді қолдану.
Сабақты түсіну мен қорытындылаудың алғашқы сынағы- бұл жаңа материалды зерделеу, білім
мазмұнын тапсырмамен, сұрақтармен байланыстыру кезеңінде жүзеге асады. [39]
Сабақты меңгеру, жіберген қателерді талдау және түзету-тесттер, интерактивті модельдер
арқылы жүзеге асырылады.
Рефлексия және кері байланыс.
Оқушыға ұсынатын материалдың сапасына сыни тұрғыдан қарауыңыз керек.
Ұзақ оқудан, ұзақ мәтіннен аулақ болыңыз. Мәтіннен
ең маңыздысын қалдырып, баланы
қызықтыратын қосымша материалдар болуы туралы ескертулер жасаңыз.
Мәтінді шағын бөліктерге бөлу керек. Соңында қысқаша түйіндеме ұсыныңыз.
Сызба, кестелер қолданыңыз, түсінуге, есте сақтауға мүмкіндік береді.
Тапсырмалар мен оқу блоктары көлемі мен күрделілігіне қарай теңестірілуі қажет.
Осы тұрғыда өзім қолданып жүрген әдіс-тәсілдерімді ортаға салғым келеді. Сабақты өту
барысында қарапайым әрі жеңіл мәтін алынады. Оқушының білімін тексеруде 5-6 сұрақ
дайындаймын, бір дұрыс жауапты тест құрап, слайдқа шығардым, оқушы чатқа жауабын жазады.
ZOOM платформасында, бұны тексеруге 5-6 минут уақыт беремін,
алдымен оқушыға
хабарлаймын (критерийі). Алғашқы 10 оқушының жауабын айтамын, қалған оқушының жауабын
сабақтан кейін жазып жіберемін.
Қазақ тілі мен әдебиеті 6 - сынып, Д.Досжан «Арыстан бап кесенесі».
1. Иланшы Қадырхан бас зергерге қандай сауал қойғанын көрсет.
А. Ежелгі қалалар туралы айтыңыз?
Ә. Осы құрылысты дәлме-дәл өлшеп қалай салдыңыз?
Б. Ескерткіш неден жасалған?
2. Ескерткішің қандай ерекшелігі бар?
А.Ағаштан жасалған.
Ә. Күмбез астына бірде-бір тіреу қойылмаған.
Б. Әдемі шыны өрнекпен жасалған.
3. Бас зергер қандай кітап жазып жүр?
А.Қыпшақ өлшемдері туралы.
Ә. Ұлы Жібек жолы туралы
Б. Қазақ жері туралы.
Қазақ тілі мен әдебиеті 11- сынып М.Әуезов « Абай жолы» 2-кітап.
Үзіндіні оқып, « Кейіпкер» кестесін толтыр.
Шығарманың
атауы
Кейіпкерлері
Қасиеттері қалай
суреттелген
Кейіпкерге
баға
Тұжырым-мақал-мәтел,
даналық сөз арқылы
Оқушы оқыған үзінді бойынша кестені толтырады. Кестені толтыру үшін мәтінді оқу керек. Егер
сұрақ туындаса чатқа жазып әрқашан жауап ала алады.
Енді бір өте ыңғайлы,өзім қолданып жүрген жұмыс түрі-Google forms форматындағы онлайн
тест. Бұл оқушының тақырыпты меңгеріп, кері байланыс жасауға тиімді. Ол үшін Google forms
форматында
жұмыс жасап, дайын тестімізді тіркеп, 5 жауаптары бар, 1 дұрыс жауабы бар,
сілтемесін оқушыға жібересіз. Оқушы өзін тексере алады.Алған ұпай санын өзі көре алады, қай
сұраққа қате жібергені де көрінеді. Мұғалім болса, «Статистика» бөлімінен кім, қанша балл
жинағанын көре алады.
246
Қашықтықтан оқытуда әр жаңа сабақ сайын өткен тақырып
бойынша зерделеу жасап
отыру керек. Қайталау арқылы мұғалім алдыңғы білімде қай жерлерге көңіл бөлуін біледі.
Сонымен қоса,Youtube платформасында түсірілген сабақтар бар, кез келген уақытта оқушы
қарап қайталай алады. Бұл да білім саласына өзіндік пайдасын тигізіп отыр.
Оқушымен бірге ата-анасына да төзімділік, жауапкершілік, қолдау, еңбек қажет. Ата-ансы
баласының уақытымен сабақ орындауына, үйде қолайлы жағдай жасауы тиіс. Оқушылардың
мерейі үстем болсын деп, фото-аудио жауаптарын ата-аналарына да жіберіп отырсаңыз тіпті
қызығушылығы артады екен.
Қашықтықтан оқытудың да артықшылығы да сол, оқушы өзіндік жұмыстарды тиянақты
дұрыс орындауға тырысады. Алдымен,
денсаулыққа қауіпсіз, ыңғайлы уақытта білім алады.
Қашықтықтан оқытуды күрделі құбылыс деп санамауымыз керек, қазіргі білім беру
ресурстарының болуы да мұғалімнің міндеттерін жеңілдетуге арналған. Тек дұрыс материалды
таңдап, оқушымен байланысын жоғалтпау өте маңызды, үнемі мұғаліммен бірге екенін бала
сезіп отыруы маңызды.
Қорыта келе, қашықтықтан оқыту жүйесінің рөлі қазіргі таңда білім саласы үшін өте
жоғары, себебі бұл жүйе арқылы мұғалім мен оқушы әлемдік ақпаратпен байланысуға, білім
алуды
онлайн жалғастыруға, ғылыми және шығармашылық жұмыстарын жетілдіруге, әлемдік
ақпарат кеңістігінде өздерінің білімдерін шыңдауға зор мүмкіндік алады. Көп нәрсе баланың
ынтасына, талабына байланысты.
Сөзімді Чарльз Дарвиннің «Тірі қалатын адам ол- ең мықты, ең ақылды емес, жан-
жағында болып жатқан өзгерістерге тез жауап қайтаратын адам» деген мағыналы сөздерімен
аяқтағым келеді.
Достарыңызбен бөлісу: