Функциональная грамотность важнейшее условие повышения качества образования



Pdf көрінісі
бет183/271
Дата20.05.2022
өлшемі12,08 Mb.
#144190
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   271
Әдебиеттер
1.
 
Г. М. Мутанов. Образование Казахстана в условиях глобализации. // Халықар. ғылыми – 
практикалық конф. материал. Қарағанды қаласы: ҚРУ баспасы, 2003 ж. 3 б. 
2. Т. Кертаев. Оқытудың кейбір әдістері. А., 1991. 
Есембаева Л. К.
,
Акишева Г. С. 
Қарағанды қ., №25 ЖББМ 

БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ 
МАҢЫЗЫ 
 
Педагогикалық қызметке ынтасы жоғары, білім беру саласындағы үнемі жаңарып 
отыратын өзгерістерге икемді, жаңа технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде қолдана алатын 
оқытушы ғана қоғамдағы өзгерістерге бейім білім алушының жеке тұлғасын қалыптастыруда 
түйінді тұлға болып табылады. Бүгінгі таңда білім берудегі басты міндет әртүрлі әдіс – 
тәсілдерді, жаңа технологияларды қолдана отырып білім алушының пәнге деген қызығуларын 
арттыру және білім сапасын жақсарту.
Қазіргі қоғам бір орында тұрмайтын, өзгермелі қоғам, адамның орнын техника 
ауыстырған қоғам. Техника мен инновациялық технологияның дамыған кезінде адамзаттың өмірі 
недәуір жеңілдеді. «Инновация» сөзінің түп негіздік анықтамасы да –«жаңашылдық» деген 
ұғымды білдіреді. Немесе басқаша айтқанда жаңашылдық – нағыз құрал, ал инновация осы 
құралды меңгеру үрдісі. Сауатты түрде таңдап алынған жаңашылдық барынша мүмкін дәрежеде 
жаңа енгізілімнің табысқа жетуіне кепілдеме беруі тиіс. Инновациялық үрдіс деп жаңалықты 
жасау, меңгеру, пайдалану және тарату бойынша жүргізілетін кешенді іс-әрекетті айтады. Бүгінгі 
жағдайда жаңа ғылыми, тәжірибелік білімді жасау және оларды меңгеру мен іске асыруды 
инновациялық тұрғыдан қарастыруға болады. 


371 
Педагогикалық технология оқу үрдісімен, яғни оқытушы мен білім алушының іс-
әрекетімен, оның құрылысымен, құралдармен, әдістері және түрлерімен түбегейлі байланысқан. 
Жаңа технологияны меңгеру оқытушының асқан шеберлікті, арнайы дайындық пен ізденісті, 
сауаттылықты қажет етеді. Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар білімалушыны оқу 
әрекетіне жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын оятады. Бұл жаңа технологиялар шығармашыл 
қабілеттің дамуына жағдай туғызады. Әр оқытушы қазіргі жаһандану саясатына сәйкес жаңа 
технологияны өз ыңғайына, пәніне лайықтап пайдалануға тиіс. Сабақты тартымды өткізу және 
білімалушының оқуға деген қызығуын арттыру үшін әр сабақты түрлендіріп, арттыруы шарт. Ол 
үшін тек бір технологиямен шектеліп қалмай, әр түрлі технологияның сан қилы элементтерін 
пайдалану артық етпесі анық. Сабақта мәселелік оқыту технологиясының басты мақсаты –білім 
алушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдылығы мен шығармашылық 
икемділіктерін дамыту. Ерекшелігі: оқу материалында баланы қызықтыратындай құпиясы бар 
мәселе туғызу. 
Инновация көпсалалы, кең қолданыста. Педагогика ғылымында өзіндік категориясы 
болмаса да, зерттеуші ғалымдар білім беру жүйесіне жаңалық енгізу деп қолданып жүр. 
Педагогтің жеке тұлға қалыптастырудағы іс-әрекетінің басты материалы – педагогикалық 
технология. Сондықтан білім беру мекемелерінде жүргізілетін ғылыми – әдістемелік жұмыстың 
негізгі бағыты, мазмұны, формасы, мақсат пен міндеті айқындалса, бұл білім беру мекемесінде 
оқу – тәрбие үрдісінің сапалық деңгейі жоғары болары сөзсіз. Ал оқу тәрбие үрдісінің 
технологиясы – білімалушы тұлғасын дамытуға бағытталған мақсат, мазмұн, құрал, форма және 
әдістер жүйесі. Қазіргі кезеңде білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы 
әдіс тәсілдерін инновациялық педагогикалық технологияларды игерген, психологиялық-
педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы 
ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік 
даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуды қажет етеді. 
Ұлы ойшыл ғұлама әл-Фараби «Адам бойындағы ең үлкен қасиет – қабілет өмірді түсіну, қанағат 
тұту, ұстанымдылық және өзгеге ұқсамайтын даралық» деген. Ғұламаның осы өмірлік ұстанымы 
бүгінгі білімнің басты үйлесімділігінде екеніне көз жеткізуге болады.
Сонымен инновациялық технология дегеніміз – педагогтың білімі, білігі, 
иннтеллектуалдық, кәсіби әдіс-тәсілдер жүйесін қолданудағы шығармашылық қабілет 
жиынтығы, мұндағы қажеттілік, қабілет, мүмкіндіктен туындайтын нәтиже даму мен ұмтылыс 
арқылы жүзеге асады. Білім беруді дамыту үрдісінің әлемдік үрдіске кірігуі, дамыған елдердің 
стандартына деген ұмтылыс қоғам дамуындағы қажеттіліктерді туындатып отыр. Педагогикалық 
технология жетілдірілген оқыту мен тәрбие жүйесін құру және оқу-тәрбие үрдісін жобалаумен 
айналысады. Педагогикалық технология басқарылатын қайта жаңғыртылатын оқу тәрбие үрдісін 
жобалауды көздей отырып, білім берудің негізгі мақсаты мен міндеттерін шешуді қамтамасыз 
ететін ғылыми тұрғыдан негізделген амал тәсілдердің жүйесін құрайды. 
Педагогикалық технологияның тиімділігі педагогикалық шарттарға байланысты. 
Педагогикалық шарттарға, ең алдымен, педагогтің дербес ерекшеліктері: тұлғалық даралығын, 
мәдениеттілігін, қызығуын, т.с.с. жатқызуға болады. Сонымен бірге, білімалушылармен қарым- 
қатынас жасау біліктілігі мен кәсіби шеберлігі ерекше мәнге ие болады. Сабақты оқытуда жаңа 
педагогикалық технологиялардың көптеген түрлерін пайдалана отырып сабақ өткізуге болады. 
Жаңа, инновациялық технологиялардың түрлері сан алуан. Мысалы: сыни тұрғысынан ойлау 
технологиясы, проблемалық оқыту технологиясы, интерактивті оқыту технологиясы, 
Шаталовтың схемалық технологиясы

модульдік технология, ізгілендіру технологиялары және т. 
б. 
Көріп тұрғанымыздай педагогикалық технологиялардың түрлері сан түрлі. Дегенмен де 
оқу- тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды қолданудың өзіндік ерекшеліктері 
бар. Инновациялық білім берудің нәтижесінде оқыту мен тәрбиелеудің соңы әдіс-тәсілдерін 
инновациялық-педагогикалық 
технологияны 
меңгерген, 
психологиялық-педагогикалық 
диогностиканы қабылдай алатын және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол 
салуға икемді, шығармашыл педагог, зерттеуші жаңаша оқытушы болып шығады. 
Дәстүрлі сабақта инновациялық тәсілдерді қолдану оқушылардың сөйлеу әрекетін 
дамытудың бірден-бір тиімдісі болып табылады. Жалпы дәстүрлі сабақ білімалушылардың 


372 
көзқарасын қалыптсатыруда өз шегінен шығармайды. Дәстүрлі сабақ кезінде бірнеше 
кемшіліктер бар, атап өтсем:сабақ айту кезінде тек қана топтағы жақсы оқитьын білімалушылар 
ғана көзге түсіп, нашар оқитын білімалушылар тысқары қалып отырады, өздерін не теориялық не 
практикалық жағынан көрсете алмайды. Мұндай жағдайды өзгертуге маған және менің 
білімалушыларыма топпен және жұппен жұмыс істеу пайдасын тигізеді. Топқа әртүрлі 
деңгейдегі оқушыларды біріктіремін. Олардың ішінде біреуі жақсы ой айта алатын, біреуі 
топтағыларды ойға жетелейтін, ал біреуі тек тыңдап, көріп есіңе сақтайтыңдар. Топтағы 
оқушылар бірігіп оқу материалын қарайды, берілген тапсырманы, бір-біріне түсіндіреді. 
Тәжірбиеде кездесіп жүргендей осындай жұмыстардан кейін білімалушы міндетті түрде 
оқығанын әңгімелей алады, не мазмұны шағын мазмұндама жаза алады. Әрине мұндай 
жұмыстарды жүргізу алдын ала білімалушының өз сөзін жеткізе алатындай таңдай білген жөн. 
Сонымен қатар менің педагогикалық тәжірибемде қолданып жүрген жаңа педагогикалық 
технологиялардың бірі интерактивті оқыту технологиясы. Интерактивті оқыту – бұл, ең алдымен 
білімалушы мен оқытушының қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып 
табылады. Интерактивті оқытудың мәнісі - барлық білімалушы таным үрдісімен қамтылады, 
олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге 
мүмкіндік алады. Таным үрдісінде, оқу материалын игеруде, білімалушылардың біріккен 
әрекеттері мынаны білдіреді:әр білімалушы өзіне тән еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету 
тәсілдерімен алмасу үздіксіз жүреді.
Сонымен қатар, бұл үрдіс мейірімділік пен өзара бір-біріне қолдау көрсету аясында 
болады. Интерактивті әдіс қолдану кезінде мыналар ескерілуі керек: 
тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы; 
тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау; 
педагогикалық қолдау көрсету. 
Интерактивті әдістерге мыналар жатады: проблемалық шығарма әдістері, презентациялар, 
пікірталастар, топпен жұмыс, «миға шабуыл» әдісі, сын тұрғысынан ойлау әдісі, ерттеулер, 
іскерлік ойындар, рөлдік ойындар, «инсерт» әдісі, сахналау, тест сынағы әдісі, дебат, т. б. 
Интерактивті әдіске сондай-ақ әр түрлі көмекші құралдарды: тақта, кітаптар, бейне 
материалдар, слайдтар, флипчартттар, постерлер, компьютерлер және т. б. пайдалана отырып, 
таныстырулар жатады. «Миға шабуыл» («ми шабуылы», «ми штурмы» немесе «дельфи») әдісі 
бойынша берілген сұраққа әр білімалушы жауап бере алады. Маңыздысы – айтылған көзқарасқа 
баға қоймау керек, барлық жауап қабылданады және әр пікір тақтаға немесе қағазға жазылғаны 
дұрыс. Қатысушылар олардан негіздеме немесе түсініктеме талап етілмейтінін түсінулері тиіс. 
Бұл әдісті кері байланыс алу үшін қолдануға болады. «Миға шабуыл» әдісі қажеттілігіне қарай 
тиімді әдіс болып табылады және мынадай мәселеледір шешуге болады: 
даулы мәселелерді талқылау; 
талқылауға қатысуға онша сенімді емес қатысушыларды ынталандыру; 
қысқа мерзім ішінде идяны көптеп жинау. 
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Ізденімпаз 
оқытушының шығармашылығындағы ерекше тұс – оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның 
жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр 
оқытушының борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. 
Нарық жағдайындағы оқытушыға қойылатын талаптар бәсекеге қабілеттілігі, білім беру 
сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Осы 
айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация оқытушысы- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі 
жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық-әдістемелік, әлеуметтік 
тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен 
сипатталатын рухани-адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға. 
Елбасы Н. Ә. Назарбаев, - Ұстаз үшін ең негізгі мақсат – әр сабақты тартымды, тиімді, 
түсінікті етіп өткізу. Оны жүзеге асырудың бір жолы – заман талабына сай ақпаратты 
технологияларды қолдану деп айтқан болатын. Елбасымыздың осы бір сөздері менің 
педагогикалық жолымда алға итермелейтін сөз болып қалыптасты.
Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды оқып, үйреніп, 
сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады: 


373 
білім алушылардың білім, білік сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технология түрлері 
сан алуан, оларды таңдау және одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби біліктілігіне тікелей 
байланысты; 
жаңа инновациялык технологияларды енгізу жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізілгенде ғана 
жетістікке жетуге болады; 
жаңа инновациялық оқыту технологияларын енгізу барысында әрбір оқу орнының материалдық-
техникалық базасының бүгінгі талапқа сай еместігі, әрі жетіспеуі, кадрлық әлеуметтің төмендігі 
көп кедергі жасайды. 
Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты – оқу 
орындарындағы білім беру процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі сөзсіз 
түсінікті. Сондықтан ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық 
инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу – әрбір ұстаздың негізгі 
міндеті болып табылады.Біздің ойымызша, оқу орындарында инновациялық басқару жүйесін 
енгізіп, оны жүзеге асыру міндет. 
Қорыта келгенде, жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты 
міндеттері мынадай: 
- әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра 
білу; 
- білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу; 
- өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   271




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет