Функциональная грамотность важнейшее условие повышения качества образования



Pdf көрінісі
бет188/271
Дата20.05.2022
өлшемі12,08 Mb.
#144190
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   271
Қолданылған әдебиеттер: 
1.
«Әдістемелік нұсқау хат» 2016 жыл 
2.
Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан - 2050» Стратегиясы –қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси 
бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. Астана. Ақорда 2012. 
3.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға 
арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 
жылғы 25 маусымдағы №832 Қаулысы. 
Жуманова А. Ж. 
Жезқазған қаласы №9 мектеп- интернаты 
 
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ-БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ЖАҚСАРТУДЫҢ 
АСА МАҢЫЗДЫ ШАРТЫ 
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының 
басты бағыты» атты жолдауында жүктелген міндетке сәйкес елімізде оқушылардың 
функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында бес жылдық ұлттың жоспары қабылданғаны 
баршамызға аян. Бұл ұлттық жоспардың басты мақсаты-Қазақстанда білім сапасын жетілдіру 
үшін негізгі бағдар ретінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 
атқарылар шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамасыз ету. Ондағы басты мақсат жалпы 
білім беретін мектептерде зияткерлік және рухани тұрғыдан дамыған азамат қалыптастыру. 
Жалпы білім беретін мектеп бағдарламасында балалардың жас ерекшеліктеріне сай 
тәрбиелік мәні бар жаттығу материалдары әр сынып оқушыларының жалпы сөйлеу мәдениетін 
дамытып, олардың ой-өрісін жетілдіру мақсатын көздеген, сондай-ақ бағдарламада тіл дамыту 
жұмысы, ауызша-жазбаша жаттығулар сияқты жұмыс түрлері арқылы міндеттелген. Қазақ 
тіліндегі тіл ұстарту жұмыстарының негізгі мақсаты-дұрыс әрі сауатты жазуға, оқушының 
ауызша және жазбаша ойын, грамматикасын және стилистикасы жағынан дұрыс сөйлем құрып, 
жүйелі сөйлеуге үйрету. 
Бастауыш мектеп-баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеу оның тұлға ретінде дамуының 
қалыптасуына жағдай жасайтын негізгі саты. Заман ағысына сай технологияларды қолдану 
ауқымы да оқушының функционалдық сауаттылығының артуына үлкен септігін тигізеді. Солай 
десек те, мұғалімнің ең басты міндеті оқушыларды функционалдық сауаттылыққа дайындауда 
заманауи технологияларды тиімді әрі жүйелі қолдану болмақ. Бүгінгі білім беру саласының 
негізгі бағдары-оқушыны өздігінен ойлануға, бала қай жаста болмасын алдынан туындайтын кез 
келген мәселені шеше білуге, соны шешудің жолдарын қарастыруға үйрету. 


379 
Бастауыш пән мұғалімі ретінде мен өз сабағымда тиімді тәжірибені қолдана отырып, 
оқушыларды функционалдық сауаттылыққа тәрбиелеуде мынандай екі мақсатты басты назарда 
ұстаймын: 
-белсенділік; 
-сыни тұрғыдан ойлау үрдісі арқылы әр баланың сабаққа қатысына жағдай жасау. 
Ең алдымен мен оқушыларымның психологиялық ұстанымдарын ескере келе, логикалық 
ойлауларын дамыта отырып, ақпараттық құзыреттілікке бағыттаймын. Білімнің мазмұндық 
функцияларын, ақырғы нәтижеге бағыттай отырып сапасын арттыруға ықпал етемін. Осындай 
жоспарлы жүйе арқылы оқушының пәнге қызығушылығын оятып, өзіндік көзқарасын білдіруге 
мүмкіндік беріп, зерттеуге икемділігін дамытып, бір-бірімен қарым-қатынас жасай білуге 
қалыптастыру. Осындай әрекеттерден кейін оқушы басқаларды тыңдауды, кез келген жауапқа 
сыйластық, түсіністікпен қарауға үйренеді әрі оқушылар белсенді болады, олар сұрақтар қойып 
дәлелдерді талдайды. 
Тіл дамыту мақсатындағы жүргізілетін жұмыстар оқушының ойлау қабілетіне, сондай-ақ 
өз ойын жеткізе білуіне, шығармашылық ізденісіне жол ашады. Тіл дамыту сабағын әр мақсатта 
түрлендіріп өткізген өте тиімді. Бірде оқушыға сурет бойынша шағын мәтін құрастыру, белгілі 
бір тақырыпқа мақала, әңгіме, суреттеме, авторға хат жазу немесе өлең жолдарының аяқталмаған 
соңғы екі тармағының ұйқасын табу тапсырылады. Бұндай тапсырмалар оқушылардың өздігінен 
ойланып дербес жұмыс жасауына, шығармашылықпен айналысуына, функционалдық 
сауаттылықтарын арттыруға ерекше көмектеседі. Сонымен қатар, оқушының тілдік дамуын 
арттыру мақсатында сабақ кезінде қолданылатын көрнекіліктердің де рөлі орасан зор. 
Көрнекілік құралдарын қолдану, сұрақ-жауап, талдау, тақтаға шығып жазу, айтқан ойын нақты 
мысалдар арқылы дәлелдей білу, сөздікпен жұмыс жасату сияқты әдіс-тәсілдерді қолданудың 
маңызы зор. 
Мұғалім алдындағы оқушының өзіндік ерекшеліктерін біле отырып, оқушының 
танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға бағытталған білім беруде жеке оқытудың да дамуын 
көздейді. Оқушы бойындағы қабілеттілік туа біткен қасиет емес, ол тікелей пәндік әрекет 
арқылы дамиды. Оның дамуы баланың жаңа білім алуымен, біліктілігі мен дағдыларының 
қалыптасуымен тікелей байланысты. Әр оқушының шығармашылық мүмкіндігін анықтап, әрі 
қарай осы қабілетті дамыту мұғалім шеберлігіне байланысты. 
Функционалдық сауаттылық-білім беру сапасын жақсартудың аса маңызды, басты шарты. 
Яғни, оқытуды түрлендіру, қызықты өткізу, оқытудың инновациялық әдістерін белгілі бір 
практикалық жаңа іс-әрекеттерде кеңінен қолдану. Бұл әдістер «мұғалім-оқушы» әрекетінің ең 
тиімді тұсы. Жүсіпбек Аймауытов айтқандай «Сабақ беру-үйреншікті жай шеберлік емес, ол-
жаңадан жаңаны табатын өнер». 
Бастауыш сыныпта оқушы қызығушылығын ойын элементтері арқылы дамытуға болады.
Ойын адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Ойын өмірде ерте жастан басталып, адамның 
есейіп кәсіпті жеке меңгергенінше жалғасады. Ал оқыту үрдісінде жаңа технологияның маңызды 
бөлігі болып табылады. Ойын баланы қимылға, әрекетке, денешынықтыруға төселдіреді. Сол
арқылы өмір күресіне, еңбекке баулиды. Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да болмайды. Әр 
пәнге байланысты ойын түрлері де өзгеріп отырады. Мәселен, математика сабағында оқушылар 
қиял арқылы алысқа ой жүгіртіп, ақыл-ойдың жетегінде болады. Тіл сабақтарында оқушы шешен 
сөйлеуге, тапқыр ойды ұшқыр айта білуге, сауатты сөз құрылымдарын құра білуге дағдыланады.
Ойын арқылы оқыту баланың танымдық қасиетін және іздену әрекетін дамытады. Ойын –оқыту 
үрдісінде оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория бола алады, 
оқушының функционалдық сауаттылығының артуына өзіндік әсер етеді. 
Функционалдық сауаттылық математикалық және оқу сауаттылығы болып бөлінеді. 
Ендеше мен өз сабағымда математика пәнінен де тіл сабақтарынан да оқушыларды ұлттық ойын 
арқылы дамытуға, ойын қалыптастыруға, зейінін арттыруға жұмыс жасап келемін. Мәселен, 
қазақтың ұлттық ойындарын математика сабағымен сабақтастыру арқылы оқушыларды 
шапшаңдыққа, алғырлыққа, салт-дәстүр арқылы ой-өрістерін дамытуға болады. «Ақсүйек» 
ойыны арқылы математикалық фигураларды құрастыру, дайын қиылған бөліктерден түрлі пішін 
құрастыруға болады. Бұл ойында шапшаңдық әрі тапқырлық қажет. Сондай-ақ, «Бәйге» ойыны 
арқылы берілген тапсырмадағы кестеден ұпай бойынша сұрақтар таңдап, дұрыс жауап берсе сол 


380 
ұяшықтағы ұпай саны қосылады. Әрі ойынды көп ұпай жинаған топ бастайды. Бұл ойын 
кезеңдеріне «Жамбы ату» «Көкпар» сияқты ұлттық ойындар жалғасын табады. 
Демек, дидактикалық ойындар оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады, 
олардың ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады, сөз қорын молайтуға көмектеседі. 
Бұның барлығы бүгінгі заман талабының сұранысы оқушылардың функционалдық 
сауаттылығын дамыту болып келеді. 
Әдебиеттік оқу, қазақ тілі, дүниетану сабақтарында мәтін бойынша жұмыс, жұмбақ шешу
тірек сөздермен жұмыс, сурет салу, эссе жазу, кері байланыс орнату т.б. оқушылардың алған 
білім деңгейін анықтау сияқты тәсілдерді пайдаланамын. Бастауыш сынып болғандықтан, 
баланың логикалық ойлауын дамыту үшін түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, түрлендіріп өткізу 
басчты мақсатым. Қорытындылай келе, бастауыш сыныптарда оқушылардың функционалдық 
сауаттылығын арттыру заман талабы дегім келеді. Қазақстанның дамып келе жатқан қадамында 
оқу үрдісінде жаңа ақпараттық технологиялардың енгізілуі, оқушылардың ойлау дағдысын 
арттыруға деген ең тиімді тәсіл болмақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет