Функциональная грамотность важнейшее условие повышения качества образования



Pdf көрінісі
бет206/271
Дата20.05.2022
өлшемі12,08 Mb.
#144190
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   271
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.«Қазақстан мектебі» журналы. 2008ж. №1 
2.Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» 
ДББҰ, 2012. 
3.Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Көркем еңбек» пәнінен 
жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы 2016 ж. 
Жупышева С. Г., Байленова Ж. А. 
№23 ЖББОМ, Қарағанды қ. 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА ФУНКЦИОНАЛДЫҚ 
САУАТТЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАРДЫ ҚОЛДАНУ 
Заманауи мектепте мұғалімнің дайын білімді беруші рөлінде емес, бағыттаушы, сілтеуші 
рөліне ену қажеттілігі мәлім. Ал оқушы дайын білімді алушы емес, өзінің мықты және әлсіз 
жақтарын сезініп, оқу үдерісінде не ұнайтынын, не ұнамайтынын түсініп, жеке мақсаттарды 
белгілей алатын тұлға ретінде қарастырылады. Сондықтан оқытудың технологиялары да 
түрленідіріліп, жаңа тәсілдер де қолданылуда. Оқытудың формасын түрлендіру, білім 
алушылардың қызығушылығын тудырумен қатар оқуға мүдделігін арттыруға қызмет етеді.
Біз қарастыратын мәселе – өзге тілді ортада қазақ тілін меңгертудің коммуникативтік 
тәсілін ұйымдастыру. Коммуникативтік оқыту технологиясын зерттеуші Пассов Е. И. өзінің 


418 
«Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению» атты еңбегінде [1, 127] оқу 
үрдісін ұйымдастыруда сөйлесуді меңгерудің 3 кезеңін атап көрсетеді: 
Сөйлесу дағдыларын қалыптастыру кезеңі; 
Сөйлесу дағдыларын дамыту кезеңі; 
Өз бетімен сөйлей алуды дамыту кезеңі. 
Әрбір кезең мақсаттарын төмендегі кестеден көрсетуге болады: 
I кезең 
II кезең 
IIIкезең 
Сөйлеу 
дағдыларын 
қалыптастыру 
Сөйлеу дағдыларын дамыту 
Өз бетімен сөйлеу дағдысын дамыту 
Лексико- грамматикалық 
Алдын 
ала 
меңгерілетін 
материалдарды ұштастыру және 
оны негізгі сөйлеу мәтіні ретінде 
жеткізу. 
І кезеңде көрсетілгендей, екі түрлі дағдының орнын ауыстыруға болатынын, немесе оқытуда 
екеуінің бірі ғана қатыса беретіндігін ескере отырып, оларды қалыптастыруды қалай 
ұйымдастыруға болады? Ол үшін сөйлесуді көздейтін арнайы шартты-сөйлесу жаттығулары 
керек. Мәселен, әдетте жаттығу шарты былай қойылады: бұйрық райлы етістік жасаңыз. Ал 
тапсырма «Менің мына ойыма кеңес беріңіз» немесе «Маған кеңес беріңіз» деп беріліп, мынадай 
сөйлем айтылады: 
№1 мысал. – Мына кітапты оқығым келмейді. 
- Бұл кітап өте қызық. Оқы. 
- Оқымаймын. 
№2 мысал. – Маған қысқы бақ ұнамайды. 
-Сен барып көрші. Онда лимон өсіп тұр. 
-Жақсы, барайын т.с.с. 
№3 мысал. Әдеттегі тапсырма: сөйлемдерді өткен шақта жаз. 
Жаңа әдісте: оқы немесе тыңда. Енді сұра. 
Мен күнде кешке кітап оқимын. 
(Сен кеше де оқыдың ба?) 
-Әрине, кеше де кітап оқыдым. 
№4 мысал. Мен күнде таңертең жаттығу жасаймын. 
(Сен бүгін де жасадың ба?) 
-Иә, мен бүгін де жасадым. 
№5 мысал. Лексикалық дағдыны қалыптастыру жолдары. 
Мысалы: Менің сөзімді жолдасыңа айт. (Передай мои слова товарищу) 
Мен жазда Алматыға болдым. Ол «Алматыда болдым» дейді. (Трансформациялау немесе жеткізу 
жолы.) 
№6 мысал. Ойлан, тап. 
-Мен кеше дүкеннен бірдеңе сатып алдым. 
-Жаңа көйлек пе? 
-Жоқ, қызыл шалбар. (Репродуктивті жолы) 
№7 мысал. Солай ғой? (Подтверди или это так.) 
-Иванов – жақсы оқушы. 
-Иә, ол – жақсы оқушы. (имитативті жолы). 
Ал ІІ кезеңде сөйлесу дағдыларын дамыту, іске асыру сәтінде жұмыс істеу кезеңдері іске асады 
дей келе, автор, мәтін – сөйлесу мәтіні болу керек деп ескертеді, яғни, мазмұндауға арналған 
мәтін тыңдалым әрекетін дамыту керек. Мысалы, мәтін мазмұнын ашуда 2 түрлі шағын мәтін 


419 
және абзац түріндегі ой беріледі. Бірінші тыңдалым деңгейінде шағын мәтін берілсе, оқушылар 
оқулықтағы абзацты оқу арқылы айырмасын анықтап, баяндай алады. 
Тапсырма: салыстыр. Кім дұрыс істеді? 
Шағын мәтін: Самат автобусқа кірді. Бос орындыққа отырды. Келесі аялдамадан көп адам кірді. 
Бос орын жоқ. Оның жанында қарт әже тұр, ал Самат отыр. 
Оқулықта: І абзацта. Азамат сабаққа аавтобуспен барады. Автобуста кейде адам көп болады. 
Бүгін де адам көп екен. Азамат қарт әжені көріп, орын берді. Осы мәтін негізінде сөйлеудің 
логикалық, мазмұндық, синтаксистік жолдарын баяндау арқылы жеткізуге болады. 
ІІ мысал. Мәтін негізінде (тыңдалған) оқушы ойын дамыту үшін қалыпты үлгілер беруге де 
болады. 
А. Меніңше, ...; ... деп ойлаймын. 
Б. Мүмкін, ... ; ... керек еді. 
В. Егер.. т.б. 
ІІІ мысал. Мәтін бойынша технология эвристикалық талап та қояды. Мысалы: мәтін мазмұны 
бойынша: 
1. Мына пікірге келісесің бе? 2. Қарсы пікір айтшы. 3. Кеңес берші. 4. Қайталап сұрашы. 5. 
Дәлелдеші. 6. Жаңа ақпарат берші. 
Коммуникативтік оқыту технологиясының кейбір ерекшеліктері: 
Сабақты қалай бастау керек? Сөйлесу жаттығуын қалай ұйымдастыру керек? 
Мәселен, 
А. Сәлеметсіздерме, балалар! Кеше мереке болды ма? Сендер ән айтыпсыңдар, билепсіңдер. 
Өкінішті, мен концертте бола алмадым. Қалай болды? Оқушылар көп болды ма? Гүл сыйлады 
ма? Әндер қай тілде айтылды? т.с.с. 
Б. «Лена, досың туралы әңгімеле» тапсырмасын мынадай жолмен беруге болады: Сенің досың 
бар ма? Ол туралы айтып берші. 
В. Сөйлесудің екі жақтық, үш жақтық және одан да көп жұптарын ұйымдастыру жолдары: 
1 - тапсырма – оқулықта берілген жаттығу негізінде сөйлесудің І кезеңі бойынша бірнеше 
таратпа карточкасын жасау. 
А. 1- сөйлем бойынша шағын мәтін құрыңыз. Сол мәтін негізінде сөйлесудің түрлі жолдарын 
(кеңес беру, қарсы пікір айты, өтініш білдіру, қайта құру) көрсетіңіз. 
Б. 6-сөйлем бойынша грамматикалық дағдыны қалыптастыру жолын көресетіңіз. Тапсырма: 
етістіктің өткен шақ формасы, қалау рай. 
В. Ауылдан хат алдым. Хат мазмұнын ойлап жаз. Хат арқылы баяндау әдісін қалай бересіз? Ал 
сөйлесуде ше? Т.б. 
Қандай дәуірде де оқыту сатыларында ешқашан маңызын жоймайтын тұғырлы ұстаным – 
білім жүйелілігінің ұстанымы. Психолингвистикада «білім жүйелілігі ұстанымының сақталуы 
нәтижесінде оқу материалдарын қарапайымнан күрделіге қарай, жеңілден ауырға қарай сатылы-
сабақтастық ретпен беруге мүмкіндік туады» [2, 65] деп айтылған пікірмен толық келісуге негіз 
бар. Сондай мүмкіндіктің бірер мысалын өз тәжірибемізде қолданым жүрген, сөйлесуді 
көздейтің арнайы, шартты сөйлесу жаттығуларының жүйесі арқылы көрсеттік деп ойлаймыз. 
Осы әдіске сүйене отырып, зерттеуге 6 «Д» сыныбының екі тобын алдық. Себебі бұл сыныптың 
білім сапасы 65% астам. Қазақ тілі грамматикасының негіздерін жақсы меңгерген, өткен оқу 
жылында өткізген тоқсандық жиынтық бағалауда жоғары нәтиже көрсетті.
5
16
10


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   271




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет