Функциональная грамотность важнейшее условие повышения качества образования



Pdf көрінісі
бет40/271
Дата20.05.2022
өлшемі12,08 Mb.
#144190
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   271
Әдебиеттер
1.
Соловьева Т.А. Болашақ мұғалімдердің пәнді дайындаудағы қашықтықтан оқыту технологиясы
2.
Тиімді кері байланыс беру дағдысының әдістері. Мұғалімге көмек. Астана 2016 жыл 
3.
Zoom Video Communications Википедия ашық энциклопедиясы 
4.
Интернет желісі 
Аймаганбетова Г.К. 
Қарағанды қаласы, Қаныш Сәтбаев атындағы гимназиясы 
 
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚЫЛЫМ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН 
ТАПСЫРМАЛАР 
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың басым бағытында білім 
мазмұнын жаңарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Жаңартудың негізгі мақсаты– орта 
білім беру сапасын көтеру. Білім беру парадигмасының өзгеруі - уақыт талабы болып табылады. 
Заманауи мектептер жай ғана оқытпайды, өмір бойы өз бетінше білім алуға үйретуге міндетті. 
Олай болса сол талаптарды қанағаттандыруға бағытталған жұмыс түрінің бірі бұл- білім 
алушылардың оқылым дағдысын дамыту. Білім алушылардың оқылым дағдысын дамыту 
мақсатында мәтіндер мен тапсырмалар жинағын жинап, құрастырдым. 
Бұл мәтіндер мен тапсырмалар жинағы– жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне 
және орта буын білім алушыларының оқылым дағдыларын дамытуға бағытталған көмекші құрал 
болып табылады. Яғни, бұл жинақ Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту 
жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын басшылыққа ала отырып 
жасалған.
Жинақта орта буын оқушылары үшін оқылым дағдыларын дамытуға бағытталған
лексикалық тақырыптар аясында түрлі стильдегі мәтіндер енгізілген (ғылыми, публицистикалық, 
көркем әдеби). Көлемі және қиындық деңгейі бойынша мәтіндер әртүрлі. Мұғалім өз жұмысында 
қалауына қарай берілген мәтіндерді қолдана алады.
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған "Қазақ тілі мен әдебиеті" 
пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасында көрсетілгендейпәнінің оқу мазмұны 
5 бөлімге бөлінеді. Бөлімдерді бөлімшелер құрайды, олар сыныптар бойынша күтілетін нәтижелер 
түрінде оқыту мақсаттарынан тұрады.Оқыту мақсаттары арқылы мұғалімдер сөйлеу қызметінің 


85 
төрт дағдысын (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) қалыптастырады, сонымен қатар, 
оқушылардың жетістігін бағалайды және оқытудың келесі кезеңі туралы ақпарат береді. 
Оқу бағдарламасында негізгі ақпаратты анықтау, хат, хабарлама, жарнама мазмұнын түсіну, 
стильдік ерекшелігін анықтау, көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау, 
мәтіндердің тақырыбын, мазмұндық құрылымын салыстыру, қосымша ақпарат көздерінен 
тақырыпқа байланысты мәліметтерді ала білу, тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана 
отырып, мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіру сияқты іс-әрекеттер нақты көрсетілген. 
Ұсынылған мәтіндер мен ондағы тапсырмаларды оқытудың түрлі кезеңдерінде: түсіндіру, 
бекіту, қайталау, оқушылармен түрлі үйрету жаттығуларын өткізгенде, білім және білік дағдыларын 
бақылауда пайдалануына болады. Бұрынғы алынған білімді жүйелеу барысында және 
оқушылардың өзіндік жұмысы үшін қолдануға болады. 
Оқылым рецептивті (қабылдаушы) дағдылар қатарына жатады. Яғни, оқылым дағдысы 
мәтінді жазу, айтудан гөрі, оған жауап қайтару немесе мақсатқа сай әрекет етуді білдіреді. 
Қарапайым тілмен айтқанда жазба тілдегі мәтінді түсіну. Ол үшін біз мәтін тілін сөздер деңгейінде, 
сөйлем деңгейінде және тұтастай мәтін деңгейінде түсіне алуымыз қажет. Сонымен қатар мәтінде 
берілген ақпараттарды түсіну үшін алдыңғы білімімізді қолданамыз. 
Оқылымның ішкі дағдылары: 
Мазмұнын түсіну үшін оқу немесе көз жүгіртіп оқу - мәтіндегі жалпы идеяны түсіну үшін
оқып шығу. 
Нақты ақпаратты табу үшін оқу - мәтін ішіндегі ақпараттарды тауып алу үшін оқу, яғни ол 
үшін тұтас мәтінді түсініп оқу, мазмұнын білу маңызды емес. Мысалы, мәтіннен пайыздық 
көрсеткіштерді, жылдарды немесе қажетті сөздерді тауып оқу. 
Детальді түрде оқу –әрбір сөздің мағынасын түсіну үшін мәтінді сөзбе-сөз оқу. Мысалы, 
келісімшарттағы тараптарды немесе нұсқаларды түсіну үшін сөзбе –сөз оқимыз. 
Сөз мағынасын контекстен ажырату – мәтін ішіндегі таныс емес сөздердің мағынасын түсіну 
(болжау) үшін, оның айналасындағы сөздер мен сөйлемдерге назар аудару. 
Мәтін құрылымын түсіну - мәтін құрылымының ұйымдастырылуын түсіну. 
Мысалы, кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды бөлім. 
Болжай білу - оқылым тапсырмасы алдында қолданылатын тәсіл. Оқушылар мәтінді оқымас 
бұрын оның мазмұны мен көтеретін мәселесі жөнінде ойланып, талқылап көреді. Ол үшін олар 
мәтін тақырыбына, оған берілген суретке қарай болжай отырып, сол тақырыпта өз білімдерін 
қолданады. Бұл тәсіл мәтінді оңай түсінуге көмектеседі. 
Мәтін түрлерін ажырата білу - әр мәтіннің өзіне тән ерекшелігін, стилін ұйымдастырылуын, 
ажырата білу. Мәтін түрлері: хат, мақала, жарнама, әңгімелер, поэма, құттықтау қағазы, ақпараттық 
брошюра, үнпарақ, хабарландыру, 
т.б. 
Экстенсивті оқылым - үлкен көлемді мақала немесе шығармаларды (роман, әңгіме) оқу.
Интенсивті оқылым - мәтіндегі сөйлемдердің грамматикалық құрылымын, белгілі бір 
тақырыпқа арналған сөздерді талқылау үшін оқу. Мұндағы мақсат- оқушылардың тілді дұрыс 
қолдана білудегі білімін арттыру. 
Оқылым дағдыларын сыныпта қолдану 
Мәтінді түсіну үшін оқушыларға өз білімдерін қолдану мақсатында сабақтың кіріспе 
бөлімінде жаттығулар жұмысын ұйымдастыруға болады. Жаттығулар мәтіндегі суретпен немесе 
тақырып мазмұнын болжаумен байланысты болуы мүмкін. Сонымен қатар миға шабулы жаттығуын 
да қолдануға болады, яғни тақырыпқа байланысты идееялар, сөздер немесе оқушылар тәжірибесін 
тақтаға жазу, кейін оқып болған соң салыстыру. Сонымен қатар мәтін оқушылардың жасына, тілдік 
деңгейіне сай дұрыс таңдалуы қажет. Мазмұны қызықты етіп алынған мәтін оқушылардың тілге 
деген қызығушылығын арттыруға көмектеседі. Егер мәтіндегі сөйлем құрылысы тым күрделі болса, 
онда оқушыларға түсінуге тым қиын болуы мүмкін. 
Оқылым дағдыларын дамытуға арналған тапсырма үлгілері 
Оқылым дағдыларын қалыптастыру үшін белгілі бір тапсырма түрі таңдалады. 
Тапсырма түрлерін ұсынудағы мақсат біріншіден, оқылым дағдыларын терең қалыптастыруға 
мүмкіндік беру, ал екіншіден, оқушыны бір ғана тапсырма түрімен жалықтырып алмау. 
Келесі кезекте сол жұмыс түрлерінің кейбірін ұсынамын 
І.Мәтінді мұқият оқыңыз. Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. 


86 
1-тапсырма.Мәтінге ат қойыңыз 
2-тапсырма.Мәтіннен басты 5 тірек сөзді теріп жазыңыз. 
3-тапсырма.Мәтін мазмұны бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз. 
ІІ
.Мәтінді мұқият оқыңыз. Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. 
Неге теңіздің түсі көк болады? 
Су түссіз емес пе? Алайда неге теңіздің түсі көк болады? Шыны ыдысқа теңіздің суын 
құятын болсақ, түсі мөлдір, түссіз болып шығады. Сонда теңіздің бетіне аспанның түсі шағылысып 
түседі ме? 
Біздің көзімізге көрінетін теңіздің көк түсі – теңіз суының бетіндегі күн сәулесінің 
ыдырауынан пайда болатын түс. 
Су күн жарығын біркелкі түрде өткізбейді. Теңізде қысқа толқынды жарық сәулесі ұзын 
толқынды жарық сәулесіне қарағанда тез өтеді. Қысқа толқындар спектрдің көк бөлігіне, ал ұзын 
толқындар қызыл түсіне сәйкес келеді. Шыны ыдыста судың аз қабаты көрінетіндіктен сәулелердің 
өту айырмашылығы байқалмайды. Ал теңізге түскенде жүздеген метр терең судағы күн сәулесінің 
ыдырауы көрінеді. Суда көк түс аз жұтылатындықтан судың түсі де көк болып көрінеді. 
Сонымен қатар, су көк түсті емес сия түсті және ультра күлгінсәулені өте жақсы жұтады. 
Сондықтан басқа жерлерге қарағанда теңіз жағалауында күнге күюдің ықтималдығы басым 
болады. 
(131сөз.«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ smk.edu.kz) 
1-тапсырма.Мәтінді мұқият оқып, маңызды деп санайтын ақпараттардың астын сызыңыз. 
2-тапсырма.Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз 
Жер бетінде ауызсу қоры қандай? 
Сусыз тіршілік ету мүмкін бе? 
Судың түсі неге көк болып көрінеді? 
Сен суда шомылғанды ұнатасың ба? 
ІІІ.Мәтінді мұқият оқыңыз. Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
1-тапсырма.Мәтін мазмұнына сәйкес сұраққа жауап беріңіз 
Бұл жерден не алақанға салғандай анық көрінеді? 
Бәйтерек Астана төрінде көк тіреп тұр. 
Бәйтеректің сәулеткерлік шешімі үш буыннан тұрады. 
Жаңа әкімшілік орталығы. 
Бүкіл Қазақстан ән салып жатқандай. 
2-тапсырма.Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты анықтаңыз 
Былтыр мен Бәйтерекке көтерілдім. 
Астана қадасының жаңа атауы Нұрсұлтан. 
2017 жылы Астанада ЭКСПО-17 көрмесі өтті 
Бәйтерек Астана төрінде көк тіреп тұр. 
ІV
.Мәтінді мұқият оқыңыз. Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. 
1.Сөйлемді өз сөзіңізбен жалғастырыңыз. Ойды қорытындылаңыз. 
Қазақ отбасында ата-әжені ерекше құрметтеген. ________________________ 
2.Ақпараттарды дұрыс/бұрыс/айтылмағаннұсқасымен сәйкестендіріңіз. 
 
1. Қазақ отбасында балаға туыстарын, нағашыларын, ата-
бабаларын, үлкен аталарын, жеті атасын айтып отырады. 
А) айтылмаған 
2. Анаға деген құрметтің орны ерекше
В) бұрыс 
3. Әке мен шешеақылдасып, тұрсықа шыққан қыздарына 
еншібөледі 
С) дұрыс 
Егер де мұғалім оқылымға арналған тапсырмаларды түрлендіре отырып берсе, әрі осы бағытта 
жүйелі жұмыс жасаса нәтижеге қол жеткізері анық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет