88
Ұйымдастыру кезеңі
Жоспарлау кезеңі.
Топ басшысы топ мүшелерінің қызметтерін бөліп берді. Әр топ өздерінің жоба міндеттерін құрды.
Іс-әрекет жоспарын жасады. Іс-әрекеттің табыстылық өлшемдерін таңдады және негіздеді. Мұғалім
идеялар ұсынды және оқушылар жұмысын бақылады.
Зерттеу кезеңі.
Ақпарат жинақталды. Әр топ өздерінің энергияны үнемдеу жолдары туралы мәлімет жинақтап,
айқындады. Оны топта талдады, саралады. Жобаны орындаудың тиімді нұсқасын таңдады.
Зерттеушілік мақсаттарын кезең-кезеңмен орындады.
Зерттеу кезеңі
Нәтижені талдау кезеңі.
Энергияны үнемдеу жолдарын көрсету арқылы презентация, макеттерін ұсынды.
Презентация қорғау
Тұсау кесу кезеңі.
Бес апта бойы еңбектерінің жемісін аудиторияға ұсынды. Презентация дайындап,
қорғады.Оқушылар оқулықтан тыс жинақтаған мәліметтерді ұсынды, талдады, дәлелдеп берді.
Бағалау кезеңі.
Оқушылар топпен құрған табыс критерийлері арқылы өз жұмыстарын және топ жұмыстарын
бағалады. Жоба барысындағы сәтті және сәтсіз тұстарын көрсетті.
Жұмыстың нәтижесі
Нәтижесінде осы жобаны зерттеу барысында орыс тілді балалардың тілдік қоры молайып,
сөйлеу тілі түзелді. Пәнге байланысты тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдылары жүзеге
асты. Сонымен қатар оқушылардың іздену арқылы жұмыс жасау белсенділігі артты, сыни тұрғыдан
ойлау дағдылары қалыптасты, шығармашылық қабілеттері дамыды, ғылымға деген құштарлығы
артты, оқушылар «шынайы» өмірге бейімделді.
Достарыңызбен бөлісу: