Жастықтың бойынан парықсыз паңдық емес, өз өнерінің күшіне сенер мығымдық тапқан қандай жақсы.
Ғабит Мүсірепов
Балғын шақтың өз сұлулығы бар, өз қызуы, ұшқырлығы бар.
Ғабит Мүсірепов
Жастық – арман. Бұл – сенім. Бұл – ерлікке құштарлық. Бұл әрі лирика, әрі романтика. Бұл – болашақ жөніндегі үлкен-үлкен жоспарлар. Бұл – болашақ атаулының бастауы
Назым Хикмет Ран
Жастық шағың — жарқын жаздың бейнесі Құтты жаздың ала алсаң жоқ, бермесі
Сәбит Мұқанов
Жастықтың қалай өтіп жатқанын ешкім де аңғармайды, ал өтіп кеткенін сезгенде әркім "Аһ" ұрады.
Сенека Луций Анней
Жастық шақ— әсем зат, оны жастардың оңды-солды шашуы қылмыс.
Шоу Джордж Бернард
Адам әлденені үйренсем деп жаңа бір әдет алуға, қарама-қарсы пікірлерді тыңдауға төзімділік қабілетінен айрылмай тұрса, жастығын да жоғалтпайды.
Мария фон Эбнер-Эшенбах
Қайран жастық! Жастық!.. Бәлкім сенің ғажаптығың бәрін де тындыра аламын деп ойлау мүмкіндігіңде болар-ау.
Ашу бар жерде ақыл тұрмайды. Ашу деген - ағын су, Алдын ашсаң, арқырар. Ақыл деген - дария, Алдын тоссаң, тоқырар. Кісі бірге туыспау керек, Туысқан соң сөз қуыспау керек. Сөз қуған пәлеге жолығады. Жол қуған олжаға жолығады.
Жолдары әр түрлі болғанда, жоспарды бірге құрмайды.
Конфуций
Мен соңғы 33 жылымда таңертең айнаға қарап, өзіме былай деп сұрақ қоямын: «Егер бүгін менің өмірімнің соңғы күні болса, бүгінгі ойлаған жоспарымды іске асыра аламын ба?»
Стив Джобс
Жоспарың болмаса, белгілі деректер шытырманында адасу оп-оңай.
Дмитрий Иванович Менделеев
Болашақ қазірден бастап қалану керек. Оны жоспар дейді. Онсыз бұл әлемде ештеңеде жақсы болмайды.