Егер бақытты өмір сүргіңіз келсе, адамдар мен нәрселерге емес, мақсатқа тәуелді болыңыз.
Альберт Эйнштейн
Бүкіл ақын атаулыны маскүнем ғып көрсету – мақсат емес. Менде ондай ой жоқ. Ал енді ішпейтін ақын тағы аз.
Қадыр Мырза Әли
Мені жолымда ұстайтын нәрсе – менің мақсаттарым
Мұхаммед Әли
Мен адамдарды ақшаны ұстауларына қарап бағалаймын. Ақша - мақсат емес, ол адамның қателескен, қателеспегенін білдіретін дәлел.
Коко Шанель
Мақсатыңды тап, ресурс табылар.
Махатма Ганди
Егер сіздің жалғыз мақсатыңыз - бай болу болса, онда сіз оған ешқашан жетпейсіз.
Рокфеллер Джон Дэвисон
Әділ жол мақсатқа жеткізеді.
Саиф Сараи
Бақыттың мәні – парасаттылықта, әркімнің өз алдында игілікті мақсат қоя білуінде... адамның өз мінез-құлқын , іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке бағаттап отыруында.
Шын махаббатыңызды жолықтырсаңыз, ол сізден ешқайда қашып құтылмайды.
Габриэль Гарсиа Маркес
Махаббат – зор саналылықтың, білгір-білімділіктің, асқан ақыл-ойдың жемісі емес, ол – тек жерде ғана өмір сүретін, бірте-бірте архаизмге айналатын, тууы бар, өсіп-өнуі жоқ көзге көрінбей мәңгі жасайтын бейнесі белгісіз Дара ұғым.
Оралхан Бөкей
Махаббат барша байлықтан күшті. Бірақ күштіге де көмек керек. Сол сияқты махаббат өзін байлық пен барлықтың қоса қолдауын ұнатады
Әзілхан Нұршайықов
Екі адамның бір-біріне шын ықылас пен қалтқысыз қызмет етуі, не араларындағы адал махаббаттың, не асыл достықтың арқасы.
Әзілхан Нұршайықов
Ең үлкен махаббат – халық махаббаты.
Қадыр Мырза Әли
Даңқ үстемелегенді ұнатады. Бір басталса біразға дейін жарылқайды. Қашан өзің бүлдіріп алғанша махаббат нұрына бөленесің.
Қадыр Мырза Әли
Егер сен біреуді сүйіп, ал ол сені сүймесе, онда сенің махаббатың әлсіз және ол қасірет
Карл Маркс
Адамның бойындағы құрметтеуге тұратын ең ұлы қасиет - өз Отанына деген махаббат.
Йоганн Вольфганг фон Гёте
Адам бойындағы асыл қасиеттерді дамыту үшін алдымен батылдық керек. Батылдық болмаса, адам баласы қалайша ақиқат іздейді, қалайша махаббатты қорғайды?
Махатма Ганди
Шын махаббат қайтарым талап қылмайды.
Махатма Ганди
Поэзия - махаббаттың құлы.
Александр Сергеевич Пушкин
Біз махаббаттың өлімдей күшті екенін білеміз. Есесіне ол әйнек секілді қорғансыз.
Ги де Мопассан
Махаббат – ақымақ үшін ақыл тоқтатуға керемет мүмкіндік.