Г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев Әлем әдебиеті г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев


Өтірік сөз спринтте, шындық марафонда жүгіреді



бет36/49
Дата23.10.2016
өлшемі4,5 Mb.
#25
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   49

Өтірік сөз спринтте, шындық марафонда жүгіреді.


Майкл Джексон

Тәрбиелі адамдар адамның жеке басын ардақтай біледі, сондықтан да ол әр уақытта мейірбанды, жайдары, сыпайы, көнгіш келеді... Болмашыға бола өтірік те айтпайды... Олар көп мылжыңдамайды, ешкім сұрамаса ішкі сырын шашпайды.


Антон Чехов

Жалған намыс қасиет емес, ар сақтаған қасиет.


Мұхтар Әуезов

Егер адам тұла бойы түгелімен жалғандыққа берілсе, ақыл-ой талантынан айрылатыны айдан анық.


Виссарион Григорьевич Белинский

Әке-шешенің өтірігі бала жүрегін суындыра береді. Бір кезде ол өтірікті бала да айтады.


Ғабит Мүсірепов
Өркөкірек

Адамдарды мақтансүйгіш ет, өркөкіректік оларды ақымақ етеді, Сол кезде сен оларды бағындырасын....


Шыңғыс хан

Өркөкіректер өзгелердің тәкәппарлығын жек көреді.


Бенджамин Франклин

Өлім

Егер өмір туралы аз білсек, сонда өлім туралы біз не білеміз?


Конфуций

Өлімнен басқаның бәрін өткізуге болады, жақсы атақтан басқаның бәріне шыдауға болады.


Оскар Уайльд

Ақымақ болып туылу ұят емес, ақымақ болып өлу ұят.


Ремарк Эрих Мария

Адамдар мал-мақтан үшін соғысып, өзі жек көретін өлімге жанын тапсырады


Шәкерім Құдайбердіұлы

Егер тілім ертең болса құрымақ, Мен дайынмын өлуге де бүгін-ақ


Расул Ғамзатов

Өлімнен де ауыр ит өмір кімге керек?!


Қадыр Мырза Әли

Диктаторлар өзінің аудармашысы мен жеке тіс дәрігерінен қорқуы тиіс. Себебі осы екеуінің қателігі оны өлімге апаруы мүмкін


Уинстон Черчилль

Өлім - хақтың пәрмені


Махамбет Өтемісұлы

Біз махаббаттың өлімдей күшті екенін білеміз. Есесіне ол әйнек секілді қорғансыз.


Ги де Мопассан

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес


Абай Құнанбаев

Даңққа бөлену дейсіз бе? Бұлай жасау менің қолымнан келсе жақсы. Жоқ, адам тек өлгеннен кейін ғана демалады.


Ли Куан Ю

Өлім туралы ой әрі қарай өмір сүруге деген құлшынысты оятады


Пауло Коэльо
Өнер

Дін, өнер және ғылым - бір ағаштың бұтақтары.


Альберт Эйнштейн

Тіл өнері дертпен тең.


Абай Құнанбаев

Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік - бәрі содан шығады. Бұрынғы ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен: ел басы, топ басыларына тоқтай білетіндігі мен намысқойлығы. Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі түрлі нәрсе керек: біріншісі - зор билік, екіншісі - есепсіз байлық.


Абай Құнанбаев

Қазақтың жүрегі тоқтамасын, өнердің жүрегі тоқтамасын деп отырғаным сол. Өнерін өлтіріп алған қазақ ел болып оңбайды, елінен айнып қалған жүрек – жүрек боп соғып жарытпайды. Екеуі бөлінбес бір бүтін, тұтас дүние деп есептеймін. Ендеше, жүрегіміз тоқтамасын


Әшірбек Төребайұлы Сығай

Әскери өнердің құпиясы: керек уақытта керек жерде жауыңнан мықты болуда болып табылады.


Наполеон Бонапарт

Соғыс өнері – бұл жоспарланған және ескерілген тәсілдердің орындалуы.


Наполеон Бонапарт

Тарих рақымсыз. Ол – ғұламаны да, бiлгiрдi де, өнер иесiн де, хандар мен патшаларды да аямайды. Ол өз заңына қарсы келгендердiң бәрiн езiп-жаншып жүре бередi. Тарих заңдары керi қайтуды бiлмейдi және оны жаратпайды.


Мұстафа Шоқай

Біз бәріміз парламент депутаты бола аламыз, министр бола аламыз, тіпті республика президенті де бола аламыз. Бірақ ешқайсысымыз өнер адамы бола алмаймыз. Осылай болғандықтан да өнер адамы біздің емес, біз өнер адамының қолын сүйеміз


Мұстафа Кәмәл Ататүрік

Қатты тәртіп көрсе бала күнінде, 
Өнерімен қуантады түбінде.


Жүсіп Баласағұни

Өнер-білім берем десең басынан, 
Бер оқуға балаларды жасынан.


Жүсіп Баласағұни

Батырлық, сергектік, ерлік әр жерде-ақ, әр жағдайда-ақ қажет болса да, олар өнерден туындап жатпаса да зая кетпек.


Александр Васильевич Суворов

Талаптан да білім мен өнер үйрен,
Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл.


Шәкерім Құдайбердіұлы

Үйренсе білім менен сан өмірің,
Білер еді-ау өнердің не берерін.


Шәкерім Құдайбердіұлы

Білім, өнер бойдағы сауын болар түбінде.


Махмұд Қашқари

Оқу-білімсіз өнер де жоқ, ақын болу үшін де, болмаса басқа түрлі өнерпаз болу үшін де, ең алдымен білім керек.


Ғабит Мүсірепов

Оқу, білім — жанған шырақ ойласаң, 
Үйренерсің, іздеп көрсең — қалмасаң.
Қу өнерді, бу беліңді, жегер сал, 
Пайда аларсың, қаужанарасың, тоймасаң.


Жүсіпбек Аймауытов


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет