Г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев Әлем әдебиеті г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев


Дос болма майда тілді күлгенменен, Беймағына сырты жылтырап жүргенменен



бет20/49
Дата23.10.2016
өлшемі4,5 Mb.
#25
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   49

Дос болма майда тілді күлгенменен,
Беймағына сырты жылтырап жүргенменен.


Тiлеуке Құлекеұлы Шал ақын

Әркімнің жолдас болсын сүйген досы, 
Біріксе айырылмасын көңіл қошы!


Баубек Бұлқышев

Кімнің досы жақсы болады, өзі де жақсы болады.


Иүгінеки Ахмед

Дос адам сарайыңды жұмақ етер.


Махмұд Қашқари

Жақсы дос бойға жарасады, 
Жақсы жолдас ойға жарасады.


Әлішер Науаи

Қиын күнде қол үшін берген — нағыз дос, 
Жайшылықта "доспын" деген жай сөз.


Саиф Сараи

Мұратыңа жеткенше, 
Дос-дұшпанға сыр берме.


Бауыржан Момышұлы

Көп достардың арасында адал жандар аз.


Тит Макций Плавт

Досыңды оңаша кінәлә, 
Жұрт алдында мақта.


Солон

Досыңды қасыңда болған кезде ғана емес, болмаған кезде де есіңе ал.


Фалес

Достарым бар дегенде, 
Досы жоқ.


Аристотель

Бақытсыздыққа нағыз дос табылар.


Эзоп

Адал досынан бас тартқан, 
Өмірінде қымбаттысын тастағаны.


Софокл

Досың кім деп сұрағанда, Зенон: басқа Мен деп жауап қатты.


Зенон

Не жетеді нағыз досқа, асылға, 
Қуансаң да, қайғырсаң да қасында.
Қиналады — сен қиналсаң болғаны,
Ұйықтамасаң — ұйықтамайды ол дағы.


Уильям Шекспир

Дау

Дау кезінде сіздің сөзіңіз соңғы сөз болсын десеңіз, қарсыласыңызға "сіздікі, шамасы, дұрыс"- деңіз


Уинстон Черчилль

Ерегісіп тұрған екі адамның төрелігін айтсақ, былай болады. Сол екі адамның қайсысы ақылдырақ болса, даудың басталуының кінәсі соның монында.


Йоганн Вольфганг фон Гёте

Адамдардың заңы; жақсылық құру және ұрыс дау дамайдан аулақ болу.


Лао-цзы
Дін

Дін, өнер және ғылым - бір ағаштың бұтақтары.


Альберт Эйнштейн
Дұшпан

Досыңмын деп жүріп, дұшпандығын оздырар жамандар болады.


Абай Құнанбаев

Ақылсыз ердің тілі — өз басының дұшпаны.


Иүгінеки Ахмед

Амалы таусылған дұшпан шын достыққа көшеді.


Саиф Сараи

Қолыма қалам алған күнімді қарғыс атсын! Оған дейін менде тек достар бар еді, ал қазір тек дұшпандар.


Жан-Жак Руссо

Мұратыңа жеткенше, 
Дос-дұшпанға сыр берме.


Бауыржан Момышұлы

Еңбекті дұшпан санаған адамда өмірі мейірім жоқ.


Сәбит Мұқанов

Ең мықты жауынгер – өз дұшпанын досына айналдыра білген жауынгер


Пауло Коэльо
Дәрі

Бақыт емдейтін дертті бірде-бір дәрі емдей алмайды.


Габриэль Гарсиа Маркес

Біздің жеген тамағымыз бізге пайдалы дәрі, ал дәрі – тамағымыз болу керек


Гиппократ

Қимыл көптеген дәрінің орнын басу мүмкін, бірақ бірде-бір дәрі қимылдың орнын баса алмайды


Ибн Сина

Біз Африкаға дәрі-дәрмек жіберетін боп шештік. Бірақ бәрінің қорабында "Тамақтан соң ішу керек" деген жазу болды.


Чарльз Буковски

Тәннің сұлулығына ең жақсы шипалы дәрі — сергек әрі жайдарман көңіл күйі.


Кристофер Якоб Бустрём
Диктатура

Бiздiң шын жүректен және асыға күтерiмiз бiр ғана нәрсе, ол атамекенiмiздiң орыс пролетариаты диктатурасынан құтылуы. Бiз барлық жерлестерiмiздi осы ұлттық мұратымыз жолында бiр жан, бiр тән болып жұмылуға шақырамыз.


Мұстафа Шоқай
Дүние

Дүниенің ең басты жұмбағы-адам.


Қадыр Мырза Әли

Адамдар дүниенің бәрін түсіндіргенмен, өздерін өздері әлі де болса түсіндіре алған жоқ.


Қадыр Мырза Әли

Сарқылмайтын суат жоқ, 
Тартылмайтын бұлақ жоқ. 
Құйрығы суда тұрса да, 
Уақтысы жеткенде, 
Қурамайтын құрақ жоқ. 
Дүние деген пәни бұл, 
Баласы жоқта мият жоқ, 
Бәрінен қиын сол екен, 
Артыңда жанған шырақ жоқ...

Әйтеке би




Азғантай дүниесі бар адам кедей емес, көп дүние қалайтын адам кедей


Сенека Луций Анней


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет