Ағалар, қыпшақ деген ұлт болмайды, қазақ деген ұлт бар. Егер әрқайсымыз бөлiнiп, қыпшақтың көсемi, арғынның көсемi, үйсiннiң көсемi болып жатсақ, бiздiң халық азады.
Мұстафа Шоқай
Жалпы адамгершiлiк және философиялық тұрғыдан алғанда жақсы халық, жаман халық деген ұғым жоқ, болмайды да.
Мұстафа Шоқай
Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі .
«Қан сасыған хан сарайы» дейді қазақтар. Осыны халық өте ерте түсінген.
Қадыр Мырза Әли
Бай болсаң, халыққа пайдаң тисін; Батыр болсаң, дұшпанға найзаң тисін. Бай болып пайдаң тимесе, Батыр болып найзаң тимесе, Жұрттан алабөтен үйің күйсін!
Саясатта табысты болу – халықты өз көзқарасыңа иландырып, оларға анық, сыпайы, сабырлы әрі ашық түрде түсіндіруді қажет етеді.
Нельсон Мандела
Мәрт халық соғыс отынан әрі жүруге тырысады.
Лао-цзы
Мен соғыстан жеңген бірде-бір халықтың байып кеткенін көрген жоқпын.
Франсуа Мариаруэ Вольтер
Егер сен шын адам болсаң, халқының тағдырына қабырғасы қайыспайтын қалтақбасты адам деуші болма.
Әлішер Науаи
Өз халқының қамын жеп, Қайрат қылмас кісіні,- Атамаңыз адам деп, Ұқсаса да мүсіні.
Әлішер Науаи
Халқыңызды бақытты еткіңіз келсе, екі нәрсенің біреуін жасауыңыз тиіс. Оларды қанағаттандыратын нәрсені беріңіз: үздік тағам, үздік киім, үздік тұрғын-үй. Егер бұған мүмкіндік болмаса, осы жағдайда жетуге болатын жолды көрсетіңіз.
Ли Куан Ю
Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет.
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе — білім.
Қай халықтың да ұлылығы санының аз-көптігімен емес, рухани мәдениетінің жалпы адам баласына ортақтығымен, гуманистік және интернационалдық сипатымен өлшенсе керек.