Курс
Семестр
|
Кредит саны
|
Дәріс, сағат
|
Зертханалық сабақ, сағат
|
ОБСӨЖ, сағат
|
СӨЖ, сағат
|
Барлығы, сағат
|
Бақылау түрі
|
3
|
1
|
3
|
30
|
30
|
15
|
60
|
135
|
Емтихан
|
4. ПӘННІҢ ПРЕРЕКВИЗИТТЕРІ: «Ботаника», «Топырақтану», «Өсімдік физиологиясы», «Егіншілік», «Өсімдік шаруашылығы»
ПӘННІҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ: «Өсімдік қорғаудың интегралды жүйесі»
ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕР:
егіншілік және өсімдік шаруашылығының негізгі заңдылықтары туралы білімдерін көрсету;
ауылшаруашылық машиналарын, селекциалық құралдарын қадағалау, ауылшаруашылық мәдениетінің тұқым, тыңайтқыштардың, пестицидтердің себу нормасын қою.
әлемдік жетістіктерді есепке ала отырып ауылшаруашылық мәдениетін өсірудегі өтімді прогрессивті технологияларды қолдану дағдысы болу;
ауылшаруашылық мәдениетін өндеумен байланысты, негізгі егістік және басқа жұмыстардың жоғары механизация және электрификация туралы білімдерін көрсету.
5. ПӘНДІ СИПАТТАУ
Жеміс және көкөністік дақылдардың морфологиялық және биологиялық сипаттамаларын. Жеміс және көкөністік дақылдарды өсірудің технолгиялық әдістерін. Ашық және жабық грунтағы көкөніс шаруашылығы. Жеміс шаруашылығының биологиялық негіздері. Екпе ағаштарды отырғызу және жемістер өндірудің технологиясы. Жеке өңірлердегі жеміс шаруашылығының ерекшеліктері.
Жеміс-жидек және көкөніс шаруашылығы пәнінің мақсаты студенттерге жеміс, жидек және көкөніс дақылдарын өсіру технологиясын, өнімділігін жоғарылату, сапалы өнім алудың теориялық негізін және тәжірибелік әдістерін оқыту
Жеміс-жидек және көкөніс шаруашылығы пәнінің міндеттері - студенттердің жеміс, жидек және көкөніс дақылдарының морфологиялық құрылысы және биологиялық ерекшеліктерімен таныстыру. Жеміс, жидек және көкөніс дақылдарын өңдеудің қазіргі кезеңдегі технологиясын оқыту
6. САБАҚ ЖОСПАРЫ
6.1. Дәрісханалық сабақтардың оқу-әдістемелік жоспары
№
|
Мазмұны
(тақырыптаржәнесұрақтар)
|
Сағат көлемі
|
Оқу және әдістемелік әдебиеттерге шолу
|
Дәріс, сағат
|
Зертханалық сабақтар, сағат
|
1
|
«Кіріспе. Жеміс-жидек және көкөніс шаруашылығы ғылымының қысқаша даму тарихы
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Көкөніс шаруашылығына кіріспе
2.Жеміс-жидек шаруашылығына кіріспе
3. Бақ – ара шаруашылығының маңызды көзі.
|
2
|
2
|
Н2,3,4
|
2
|
«Жеміс өсімдіктерін ботаникалық жіктеу және өндірістік топтастыру»
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Жеміс өсімдіктерінің негізгі тұқымдастарына сипаттама
2.Жеміс және жидектерінің ботаникалық құрылымы
3.Жеміс және жидек өсімдіктерінің шығу тегі
|
2
|
2
|
Н 2,3,4,10,11
|
3
|
«Жеміс және жидек өсімдіктерінің морфологиясы»
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Топырақ үстілік бөлігінің морфологиясы
2. Гүлдер мен гүл шоғырлары
3. Тамыр жүйесі
4.Өсу, даму жәнежеміссалузаңдылықтары
|
2
|
2
|
Н 2,5,7,8,
|
4
|
«Жеміс дақылдарының тіршілігіндегі экологиялық себепшарттар»
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Жарық режимінің маңызы
2. Жылу режимінің әсері
3.Ауа-газ режимінің өсімдіктер өсуіне тигізетін әсері
4. Су режимі негізгі фактор ретінде
5. Қоректену режимінің маңызы
|
2
|
2
|
Н 2,5,7,8,4,10
|
5
|
«Жеміс өсімдіктерінің көбеюінің биологиялық негіздері»
Қарастырылатын сұрақтар:
Өсінді жолымен көбейту тәсілдері
Көгенсабақпен көбейту
Қалемшемен көбейту
Телумен көбейту
Микроклоналды көбейту
Телітуші мен телінушінің өзара әсері
Телітушіге қойылатын талаптар
Тұқымды және өсінді (клондық) телітушілер
|
2
|
2
|
Н 2,3,4,5,7,8
|
6
|
«Жеміс өсімдіктерінің екпе көшеттерін өсіру»
Қарастырылатын сұрақтар:
Аналық-сұрыптықбақтар
Тұқымбақтыңбіріншітанабы (көзшелеутанабы)
Жемісдақылдарыныңекпекөшеттерінқазыпалу, сұрыптау, сақтаужәнежүзегеасыру
|
2
|
2
|
Н 2,3,4,5,7,8
|
7
|
«Жеміс өсімдіктерінің зиянкестері мен аурулары және олармен күресу шаралары»
Қарастырылатын сұрақтар:
Жемісөсімдіктерініңнегізгізиянкестері мен аурулары
Агротехникалықкүресушаралары
Химиялықкүресушаралары
Биологиялықкүресушаралары
Физикалықкүресушаралары
|
2
|
2
|
Н 2,5,7,8,4,10
|
8
|
«Көкөніс шаруашылығы пәні және ерекшелігі»
Қарастырылатын сұрақтар:
Көкөнісдақылдарынжіктеу
Өндірістік (шаруашылық) жіктеу
Тіршілігініңұзақтығыбойыншажіктеу
Көкөнісдақылдарыныңшығутегі
Көкөнісдақылдарыныңөсужәне даму ерекшеліктері
|
2
|
2
|
Н 2,5,7,8
|
9
|
«Көкөніс дақылдарының өсіп жетілу жағдайлары және оларды реттеу тәсілдері»
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Жылурежимі
2.Жарық режимі
3.Ауа-газ режимі
4.Су режимі
5.Қоректену режимі
|
2
|
2
|
Н 2,5,7,8
|
10
|
«Көкөніс дақылдарының көбеюі»
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Тұқымнан көбеюі
2. Өсінді жолымен көбейту
|
2
|
2
|
Н 2,5,7,8
|
11
|
«Қорғаулы жер. Қорғаулы жер туралы түсінік, маңызы және оның құрылыстарын жіктеу»
Қарастырылатын сұрақтар:
Жылыжайлар
Жылыжайлар жарық өткізгіш жамылғыларының түрлері
Жылытылған жер (қыртысы)
Булыжай
Қорғаулы жердің құрылыстарын салуға телім таңдау
Көшет өсіру
Көшеттерді қысқы жылыжайларда өсіру
|
2
|
2
|
Н 2,5,7,8
|
12
|
«Көкөніс дақылдарының жалпы агротехникалық тәсілдері»
Қарастырылатынсұрақтар:
1. Үлескінітаңдаужәнеауыспалыегістер.
2.Топырақты өңдеу
3.Суландыру
4. Көкөнісдақылдарынзиянкестер мен ауруларданқорғау
|
2
|
2
|
Н 2,5,7,8
|
13
|
«ҚИЯР – Cucumissativus. Қиярдың морфо-биологиялық ерекшеліктері, өсіру технологиясы (ашық жерде, жылыжайжа, булыжайжа)»
Қарастырылатынсұрақтар:
Қиярөсімдігініңшығутегі, систематикасы
Қиярдың морфо-биологиялықерекшеліктері
Қиярдыашықжердеөсірутехнологиясы
Қиярдықысқыжылыжайлардаөсіру
Қиярдыбулыжайлардаөсіру
Қиярдыңтұқымшаруашылығы, зиянкестеріменжәнеауруларыменкүресу
|
2
|
2
|
Н 2,5,7,8
|
14
|
«Орамжапырақтар тобының көкөністері»
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Орамжапырақтың биологиялық сипаттамасы
2. Брокколи орамжапырағының биологиялық сипаттамасы
3.Кольраби орамжапырағының биологиялық сипаттамасы
|
2
|
2
|
Н 2,5,7,8
|
15
|
«Қызанақ, бұрыш, баялды»
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Қызанақтың морфо-биологиялық ерекшеліктері
2.Қызанақты өсіру технологиясы (жылыжажйа, ашық жерде, пленкалы жерде)
3.Бұрыштың морфо-биологиялық ерекшеліктері
4.Бұрышты өсірудегі технологиялардың ерекшеліктері
5.Баялды морфо-биологиялық ерекшеліктері
6. Баялдыны өсіру технологиясы
|
2
|
2
|
Н 2,5,7,8
|
|
БАРЛЫҒЫ
|
30
|
30
|
|
Зертханалық сабақтар тақырыптары
№
|
Зертханалық сабақ тақырыбы
|
Көлемі, сағат
|
Оқу және әдістемелік әдебиеттерге шолу
|
1
|
Зертханалық-сараман сабақ № 1
«Жемiс-жидек өсiмдiктерiнiң өндiрiстiк-биологиялық топқа бөлiну ерекшелiктерi»
|
1
|
НӘ: 1,3,4,5
|
2
|
Зертханалық-сараман сабақ № 2
« Жемiс ағашының жерүсті және жерасты бөлігінің құрылымы жəне жемiс салатын бұтақшалардың келбетi »
|
1
|
НӘ: 1,3,4,5
|
3
|
Зертханалық-сараман сабақ № 3
«Жеміс өсімдіктерінің өркенінің морфологиясы. Жеміс салатын бұтақшаларға биологиялық талдау »
|
1
|
НӘ: 1,3,4,5
|
4
|
Зертханалық-сараман сабақ № 4
«Жемiс-жидек өсiмдiктерiн көбейту жолдары. Көшеттiктiң (питомник) құрылымы жəне оны ұйымдастыру. Бақтың кескiш құрал-саймандары жəне оларды жұмысқа дайындау»
|
2
|
НӘ: 1,3,4,5
|
5
|
Зертханалық-сараман сабақ № 5
«Жемiс өсiмдiктерiн көбейтуде қолданылатын ұластыру тəсiлдерi. Жемiс өсiмдiктерiн қалемшемен ұластыру.»
|
1
|
НӘ: 1,3,4,5
|
6
|
Зертханалық-сараман сабақ № 6
«Жеміс бақтарын отырғызу жобасын құру, отырғызу.»
|
1
|
НӘ: 1,3,4,5
|
7
|
Зертханалық-сараман сабақ № 7
«Ағаш бөрікбасын қалыптастыру»
|
1
|
НӘ: 1,3,4,5
|
8
|
Зертханалық-сараман сабақ № 8
«Бүлдiрген мен таңқурайдың өніп-өсуі жəне жемiс салу ерекшелiктерi. Қарақат пен тұшаланың өнiп-өсуi мен жемiс салу ерекшелiктерi.»
|
1
|
НӘ: 1,3,4,5
|
9
|
Зертханалық-сараман сабақ № 9
«Көкөніс дақылдарды өсіру»
|
1
|
НӘ: 1,3,4,5
|
10
|
Зертханалық-сараман сабақ № 10
«Тұқымдардың себуге дейiнгi даярлығы. Көкөнiс дақылдарының көшеттерiн өсiру»
|
1
|
НӘ: 1,3,4,5
|
11
|
Зертханалық-сараман сабақ № 11
«Көшеттердi өсiрудiң мезгiлдерi, реттеу əдiстерi»
|
1
|
НӘ: 1,3,4,5
|
12
|
Зертханалық-сараман сабақ № 12
«Көшеттiк көкөнiс дақылдары көшеттерінің өскiндерiмен танысу. Көкөнiс дақылдарының сорттары мен сорттарды анықтаудың белгiлерi»
|
1
|
НӘ: 1,3,4,5
|
13
|
Зертханалық-сараман сабақ № 13
«Қызанақ, бұрыш, баклажан, қияр өсімдіктерінің биологиялық, сорттық ерекшеліктерін анықтау»
|
1
|
НӘ: 1,3,4,5
|
14
|
Зертханалық-сараман сабақ № 14
«Жуа жəне сарымсақ өсімдіктерінің биологиялық, сорттық ерекшеліктерін анықтау»
|
2
|
НӘ: 2,7,9
|
15
|
Зертханалық-сараман сабақ № 15
«Тамыржемiстi көкөнiс өсімдіктерінің биологиялық, сорттық ерекшеліктерін анықтау»
|
2
|
НӘ: 2,7,9
|
|
Барлығы:
|
30
|
|
6.2. ОБСӨЖ оқу-тақырыптық жоспары
№
|
ӨБСӨЖ
|
ӨБСӨЖ, сағат
|
Оқу және әдістемелік әдебиеттерге шолу
|
1
|
«Шекілдеуік тектес тұқымдастарының өкілдеріне сипаттама»
Тапсырмалар:
1. Алма сипаттамасы
2. Алмұрт сипаттамасы
3.Арония сипаттамасы
4.Шетен сипаттамасы
5.Кәдімгі шетен сипаттамасы
6.Долана сипаттамасы
7.Беже сипаттамасы
8.Мушмула сипаттамасы
|
1
|
НӘ: 1-10
|
2
|
«Сүйекті тектес тұқымдасының өсімдіктеріне сипаттама»
Тапсырмалар:
1.Кәдімгі шие сипаттамасы
2.Шие сипаттамасы
3.Тәтті шие сипаттамасы
4.Үй алхорысы сипаттамасы
|
1
|
НӘ: 1-10
|
3
|
«Жидекдақылдарының сипаттамасы»
Тапсырмалар:
1.Бүлдірген сипаттамасы
2.Таңқурай сипаттамасы
3.Қарақат сипаттамасы
4.Қызыл қарақат сипаттамасы
5.Қарлығы сипаттамасы
6.Шырғанақ сипаттамасы
7.Үшқат сипаттамасы
|
1
|
НӘ: 1-10
|
4
|
«Жеміс ағашының құрылысы»
Тапсырмалар:
Жеміс дақылдарын жіктеу
Жеміс өсімдіктерінің жемістері
Шекілдеуіктілердіңжәнесүйектілердіңжемістікқұрылымдарыныңтүртектері
|
1
|
НӘ: 1-10
|
5
|
«Жеміссалудыңзаңдылықтары»
Тапсырмалар:
1. Өсімдіктердің жеміс байлау кезеңдері
2.Жеміс-жидектердің жеміс салу уақыты
3.Жеміс-жидектердің жеміс тіршілігінің ұзақтығы
4.Жеміссалудыңдүркінділігі
|
1
|
НӘ: 1-10
|
6
|
«Өсіндіменкөбейтілгентелітушініөсіру»
Тапсырмалар:
1.Телітушілердіқазыпалу, сұрыптаужәнекөму
2. Тұқымбақтыңекіншітанабы (біржылдықтартанабы)
3. Тұқымбақтыңүшіншітанабы (екіжылдықтартанабы)
|
1
|
НӘ: 1-10
|
7
|
«Жеміс ағаштарын отырғызуды жоспарлау қағидаттары»
Тапсырмалар:
1.Қарқындыбақтардыңнегізгітүртектері
2.Бақсалуғажербедерін, топырақтытаңдаужәнебағалау
|
1
|
НӘ: 1-10
|
8
|
«Көкөніс дақылдарын гидропонды жылыжайларда өсіру»
Тапсырмалар:
1. Гидропонды жылыжай түрлері
2. Қорғаулы грунттағы суару жүйесі
3. Сортаңданумен күресу
4.Дақыл айналымы
|
1
|
НӘ: 1-10
|
9
|
«Тұқым және көкөніс дақылдарын себу»
Тапсырмалар:
Тұқымды себуге дайындау
Көкөніс дақылдарын зарарсыздандыру жолдары
Көкөніс дақылдарды себу агротехникасының ерекшеліктері
|
1
|
НӘ: 1-10
|
10
|
«Орташажәнекешпісетінорамжапырақсұрыптарыныңагротехникасы»
Тапсырмалар:
1. Орамжапырақты көшетпен өсіру
2. Орамжапырақты көшетсіз өсіру
3.Орамжапырақтың тұқым шаруашылығы
4. Түстіорамжапырақтыөсіріпжеткізу
5. Орамжапырақ сұрыптары
|
1
|
НӘ: 1-10
|
11
|
«Бұршақтыкөкөністер. Қанттыжүгері»
Тапсырмалар:
1.Асбұршақ дақылы
2.Асбұршақты өсіру технологиясы
3.Асбұршақтың тұқым шаруашылығы
4. Бадана дақылының маңызы
5.Бадананы өсіру технологиясы
6.Бадананың тұқым шаруашылығы
7. Қантты жүгері маңызы, өсіру агротехникасы
|
1
|
НӘ: 1-10
|
12
|
«Қымыздық, өсіру агротехникасы, тұқым шаруашылығы»
Тапсырмалар:
Қымыздық маңызы
Қымыздықты өсіру агротехникасы
Қымыздықтың тұқым шаруашылығы
|
1
|
НӘ: 1-10
|
13
|
«Ақжелкенжәне қатыран, морфологиясы, өсіру агротехникасы»
Тапсырмалар:
1. Ақжелкен морфологиясы
2.Ақжелкен агротехникасы
3.Ақжелкен тұқым шаруашылығы
4.Қатыран морфологиясы, өсіру агротехникасы, тұқым шаруашылығы
|
1
|
НӘ: 1-10
|
14
|
«Аскөк. Өсіру агротехникасы, тұқым шаруашылығы»
Тапсырмалар:
1. Аскөк морфологиясы және биологиясы
2.Аскөк сұрыптары
3.Аскөкті өсіру технологиясы
4. Аскөктің тұқым шаруашылығы
|
1
|
НӘ: 1-10
|
15
|
«Ақсүттіген. Биологиясы, өсіру ерекшеліктері»
Тапсырмалар:
1. Ақсүттіген түрлері
2. Ақсүттігенніңагротехникасы
3.Ақсүттігендіқорғаулыжердеөсіру
4. Ақсүттігенніңтұқымшаруашылығы
5. Саумалдық өсімдігі
6. Саумалдық өсіру агротехникасы
7.Саумалдық тұқым шаруашылығы
|
1
|
НӘ: 1-10
|
|
Барлығы
|
15
|
|
ОБСӨЖ тақырыптары бойынша тапсырмалар: конспект жазу, реферат дайындап келу, баяндама жасау
Тұқымды себуге дайындау шараларын атаңыз?
Көкөніс дақылдарын зарарсыздандыру жолдарын сипаттаңыз?
Көкөніс дақылдарды себу агротехникасының ерекшеліктері?
Орамжапырақты көшетпен өсіру ерекшеліктерін атаңыз?
Орамжапырақты көшетсіз өсірудің артықшылықтарын атаңыз?
Орамжапырақтың тұқым шаруашылығы?
Түстіорамжапырақтыөсіріпжеткізу ерекшеліктері?
Орамжапырақ сұрыптарына сипаттама беріңіз?
Асбұршақ дақылы маңыздылығы?
Асбұршақты өсіру технологиясының ерекшеліктері?
Асбұршақтың тұқым шаруашылығының ерекшеліктері?
Бадана дақылының маңыздылығы?
Бадананы өсіру технологиясының ерекшеліктері?
Бадананың тұқым шаруашылығы?
Қантты жүгері маңызы, өсіру агротехникасы?
Қымыздық маңызы?
Қымыздықты өсіру агротехникасы ерекшеліктерін атаңыз?
Қымыздықтың тұқым шаруашылығы?
Ақжелкен морфологиясын сипаттаңыз?
Ақжелкен агротехникасының ерекшеліктері?
Ақжелкен тұқым шаруашылығы?
Қатыран морфологиясы, өсіру агротехникасы, тұқым шаруашылығы?
Аскөк морфологиясы және биологиясы?
Аскөк сұрыптарын сипаттаңыз?
Аскөкті өсіру технологиясының ерекшеліктерн атаңыз?
Аскөктің тұқым шаруашылығы?
Ақсүттіген түрлерін ажыратыңыз?
Ақсүттігенніңагротехникасы ерекшеліктерін атаңыз?
Ақсүттігендіқорғаулыжердеөсіру?
Ақсүттігенніңтұқымшаруашылығының ерекшеліктері?
Саумалдық өсімдігі?
Саумалдық өсіру агротехникасының негізгі жұмыстары?
Саумалдық тұқым шаруашылығы?
6.3. Пәннің оқу-әдістемелермен қамтылу картасы
№
|
Оқу құралы
|
Басылым тілі
|
Автор, жыл
|
Басылым саны
|
кафедрада
|
кітапханада
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1
|
Жеміс-жидек шаруашылығы практикумы
|
Қазақша
|
Ысқақов М.Ә. Астана, 2007
|
|
|
2
|
Көкөніс шаруашылығы
|
Қазақша
|
Шепетков Н.Г. и др Н.С. Астана, 1998
|
|
|
3
|
Жеміс және жидек шаруашылығы.
|
Қазақша
|
Аяпов К. Алматы, «Қайнар», 1993
|
|
|
4
|
Плодовые и ягодные культуры
|
Орысша
|
Матаганов Б.Г., Аяпов К.Д. Алматы, Қайнар, 1997
|
|
|
5
|
Плодоводство
|
Орысша
|
С.Д. Айтжанова. Ростов-на-Дону, «Феникс», 2006
|
|
|
6
|
Жидек дақылдары және олардың өнімдерін қайта өңдеу
|
Қазақша
|
К.Аяповжәнет.б. Алматы, 2000
|
|
|
7
|
Государственный реестр селекционных достижений, допущенных к использованию в РК
|
Орысша
|
Алматы, 2000
|
|
|
6.3.1. Негізгі әдебиеттер:
Аяпов К. Жеміс және жидек шаруашылығы. Алматы, «Қайнар», 1993
Щепетков Н.Г., Өзбеков Б.Мб, Ысқақов М.Ә., Жұмағұлов И.И., Еркенбаев Н.С. Көкөніс шаруашылығы.Астана, 1998
Ысқақов М.Ә. Жеміс-жидек шаруашылығы практикумы. Астана, 2007
Матаганов Б.Г., Аяпов К.Д. Плодовые и ягодные культуры. Алматы, Қайнар, 1997
Матаганов Б.Г., Аяпов К.Д. Плодовые и ягодные культуры. Алматы: Кайнар, 1997.
Матаганов Б.Г., Ляпов К.Д. Плодовые и ягодные культуры. Алматы: Кайнар, 1997.
Щепетков Н.Г. Овощеводство Северного Казахстана. Уч. пособие для вузов по агрономическим специальностям. Алматы, 1990.
Щепетков Н.Г., Булашев Б.К. Плодоводство Северного Казахстана. Уч. пособие для вузов по агрономическим специальностям. Астана, 2004.
Юсупов М., Петров Е., Ахметова Ф. Овощеводство Казахстана, Учебник. Т. 1-2. Алматы, 2000.
Черепахин В.Н., Бабук В.Н., Карпенчук Г.К. Плодоводство. М., ВО Агропромиздат, 1991.
7. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫС САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
Тапсырма берілген апта
|
Қарастырылатын тақырып
|
СӨЖ тапсырмасы
|
Қолданылатын әдебиет
тер
|
ОБСӨЖ бақылау түрі
|
Тапсыру аптасы
|
I
|
«Шекілдеуік тектес тұқымдастарының өкілдеріне сипаттама»
|
Конспект
|
НӘ: 1,3,4,6
|
Конспект
|
II
|
II
|
«Сүйекті тектес тұқымдасының өсімдіктеріне сипаттама»
|
Конспект
|
НӘ: 1,3,4,6
|
Конспект
|
III
|
III
|
«Жидекдақылдарының сипаттамасы»
|
Конспект
|
НӘ: 1,2,4,5,7
|
Конспект
Ауызша сұрау
|
IV
|
IV
|
«Жеміс ағашының құрылысы»
|
Конспект
|
НӘ: 1,2,4,5,7
|
Конспект
Ауызша сұрау
|
V
|
V
|
«Жеміссалудыңзаңдылықтары»
|
Конспект
|
НӘ: 1,2,4,5,7
|
Конспект
Ауызша сұрау
|
VI
|
VI
|
«Өсіндіменкөбейтілгентелітушініөсіру»
|
Конспект
|
Н.Ә: 1,2,4,5,7
|
Конспект
Коллоквиум
|
VII
|
VII
|
«Жеміс ағаштарын отырғызуды жоспарлау қағидаттары
|
Конспект
|
Н.Ә: 1,2,4,5,7
|
Реферат
|
VIII
|
VIII
|
«Көкөніс дақылдарын гидропонды жылыжайларда өсіру»
|
Конспект
|
Н.Ә: 1,2,4,5,7
|
Реферат
|
IX
|
IX
|
«Тұқым және көкөніс дақылдарын себу»
|
Конспект
|
Н.Ә: 1,2,4,5,7
|
Конспект
|
X
|
X
|
«Орташажәнекешпісетінорамжапырақсұрыптарыныңагротехникасы»
|
Конспект
|
Н.Ә: 1,2,4,5,7
|
Ауызша сұрау
|
XI
|
XI
|
«Бұршақтыкөкөністер. Қанттыжүгері»
|
Конспект
|
Н.Ә: 1,2,4,5,7
|
Реферат
Конспект
|
XII
|
XII
|
«Қымыздық, өсіру агротехникасы, тұқым шаруашылығы»
|
Конспект
|
Н.Ә: 1,2,4,5,7
|
Ауызша сұрау
Конспект
|
XIII
|
XIII
|
«Ақжелкенжәне қатыран, морфологиясы, өсіру агротехникасы»
|
Конспект
|
Н.Ә: 1,2,4,5,7
|
Ауызша сұрау
Конспект
|
XIV
|
XIV
|
«Аскөк. Өсіру агротехникасы, тұқым шаруашылығы»
|
Конспект
|
Н.Ә: 1,2,4,5,7
|
Ауызша сұрау
Конспект
|
XV
|
XV
|
«Ақсүттіген. Биологиясы, өсіру ерекшеліктері»
|
Конспект
|
Н.Ә: 1,2,4,5,7
|
Ауызша сұрау
Конспект
|
XV
|
8. СТУДЕНТТЕРДІ БАҒАЛАУ АҚПАРАТЫ
8.1. Ағымдағы бақылау: тест сұратарына байланысты өздік сұрақтарға жауап жазу, ауызша және жазбаша сұрау
8.2. Аралық бақылау: тесттерге жауап жазу, мазмұндама жасау
8.3. Қорытынды бақылау: қорытынды материалдар бойынша ауызша және тест жазбаша түрде тапсыру
9. БАҒАНЫ ҚОЮ САЯСАТЫ. БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ
Объективтілігі (бағалау жүйесінің нақты эквиваленті). Айқындылығы (хабарландуы).
Ыңғайлылығы (әртүрлі бақылау формасын ескеру). Жоғары дифференциация (көп ұпай бағалу шкаласының көмегімен жоғары дифференциациялау). Студенттерге оқу әрекетінің әрбір түрінің бағалау ережесін және ағымдық аралық, қорытынды ұпайлардың критерийін уақытында айту (семестр басында, сабақ басында, бақылау жұмысының алдында). бағаны қою саясанты 100 ұпайлық (100 %) жүйеге негізделеді және ұпайлардың төмендегідей бөлуін қарайды.
"Өте жақсы" - 90-100% деген бағаны оқу-бағдарламалық материалдың жүйелік және терең білімін жан-жақты меңгеретін, сонымен қатар бағдарламамен ұсынылған барлық тапсырмаларды орындай білетін, негізгі және қосымша әдебиеттермен жақсы танысқан студентке қойылады.
"Жақсы" - 75-89% деген бағаны оқу-бағдарламалық материалдың жүйелік түрде білімін көрсете білген, сонымен қатар бағдарламамен ұсынылған барлық тапсырмаларды орындай білетін, негізгі әдебиеттермен жақсы танысқан студентке қойылады.
"Қанағаттанарлық" – 50-74% деген бағаны оқу-бағдарламалық материалдың негізгі білімін меңгере білген, сонымен қатар бағдарламамен ұсынылған тапсырмаларды қанағат түрде орындай білетін, негізгі әдебиеттермен танысқан студентке қойылады.
"Қанағаттанарлықсыз" – 0-49% деген бағаны оқу-бағдарламалық материалды меңгере алмаған, сонымен қатар бағдарламамен ұсынылған тапсырмаларды орындамаған студентке қойылады.
Он ұпайлық шкалада бағалау эквиваленті
Әріптік жүйе бойынша бағалау
|
Сандық эквивалент
|
Ұпайдық пайыздық көрсеткіші
|
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
|
A
|
4,00
|
95-100
|
Өте жақсы
|
A-
|
3,67
|
90-94
|
B+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
B
|
3,00
|
80-84
|
B-
|
2,67
|
75-79
|
C+
|
2,33
|
70-74
|
Қанағаттанарлық
|
C
|
2,00
|
65-69
|
C-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,00
|
50-54
|
F
|
0,00
|
0-49
|
Қанағаттанрлықсыз
|
ОҚУ ПӘНІНІҢ САЯСАТЫ ЖӘНЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЭТИКА
Сабаққа кешікпей келу.
Дәрісте сөйлеспеу.
Сабақ кезінде ұялы телефон арқылы сөйлесуге болмайды.
Сабақтардан қалмау .
Оқыту үрдісіне белсенді қатысу.
СӨЖ, аралық және соңғы бақылау тақырыптары мен тапсырмаларын уақытында тапсыру. Бағаны қөтеру үшін тақырыптарды қайтадан тапсыруға рұқсат берілмейді.
ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІГІ (ГЛОССАРИЙ)
Сидам деп діңнің төменгі жағындағы тамырдың мойынынан бастап бірінші қаңқа бұтаққа дейінгі жердегі бөлігін атайды
Орталық жетекші діңгек - өркен немесе лидер – сидамның жалғасы. Діңнің бұтақтар орналасатын бөлігі.
Ұластырылған өркен – діңде орналасқан үстіңгі бұтағының өскіні.
Ағаштардың кроны –барлық бұтақтардың діңде орналасқан жиынтығы.
Өсетін бұтақшаларда жапырақтар мен жемістердің негізгі бөлігі орналасады. Мұндай жағдайларда олар жемісті бұтақшалар немесе өркен деп аталады.
Егер бұтақтар орталық діңнен өссе олар бірінші қатардың бұтағы деп аталады.
Сәл әлсіз және жіңішке, бірақ ұзындығы жеткілікті (0,5-1,5 м) бұтақтар жартылай қаңқа деп аталады.
Копьеца – жеміс беретін көп жылдық бұтақ.
Егер бүршіктер бастапқы өркендердің және бұтақтардың басында болса – олар вегетациялық деп аталады.
Бүршіктерде алғашқы гүлдер пайда болса генерациялық, гүлді немесе жемісті деп аталады.
Қалыпты бүршіктер деп келесі жылы өнетін бүршіктерді айтады.
Тез пісетін бүршіктерге бұтақша өскен жылы бүршіктенетің бүршіктер жатады.
Ұйқылы бүршіктер деп бір, немесе бірнеше жыл бұтақтардың бүршіктемей қалуын айтады.
Бүйір (жапырақты) бүршіктер ұйқылы өркендердің төменгі жағында орналасады.
Ескіру – организмнің бүкіл қызметін әлсіретуге әкеп соғатын қайталанбайтын немесе аздап қайталанатын өзгерістердің жиынтығы.
Жасару – кейбір жасушалардың, ұлпалардың, органдардың немесе тұтас организмнің тіршілікке деген бейімділігің уақытша артуы.
Габитус дегеніміз өсімдіктің негізгі және өскін бұтақтарының, жапырақтары мен жемістерінің орналасу және құрылым сипатын білдіретін тұтас сыртқы түрі.
Бүршік қасиеті – олардың тез жетілгіштігі, бүршік жарғыштығы, жеміс салғыштық және бұтағын қалпына келтіргіш қабілеті.
Бүршіктердің тез жетілгіштігі – олардың даму циклының өте жылдам өтуі, егілген жылы бұтақ немесе гүл сала отырып, өсуі.
Бүршік жарғыштық дегеніміз ашылған бүршіктің бұтақтағы олардың жалпы саңына қатысты.
Бұтақ өндіру қабілеті дегеніміз – тұқымның, сорттың өсімдіктің жылдық өскінінің ұзындығы бойынша орналасқан бүршіктің басым бөлігінен вегетациялық бұтақ салу қасиеті.
Ярустылық дегеніміз өсімдіктің жылдық өсімінің жоғары жағындағы қосарлана орналасатын бүршіктерден бұтақ күлте басын құрау қасиеті.
Корреляция - өсімдік организімінің тіршілк ету жағдайына бейімделу салдары, яғни оның түрлі бөліктерінің құрылысы мен қызметінің бір-біріне сау келуі.
Регенерация - өсімдіктің жоғалған бөлігін қалпына келтіру қабілеті.
Ремонтанттылық - өсімдіктің бір маусымда екі немесе бірнеше өнім беру қабілеті.
Экспозиция дегеніміз беткейдің жарық жаққа бағыты, яғни солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс.
ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ
Дәріс № 1
«Кіріспе. Жеміс-жидек және көкөніс шаруашылығы ғылымының қысқаша даму тарихы
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Көкөніс шаруашылығына кіріспе
2.Жеміс-жидек шаруашылығына кіріспе
3. Бақ – ара шаруашылығының маңызды көзі.
Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірісінің маңызды салаларына көкөніс және жеміс шаруашылығы жатады. Бұл өсімдік шаруашылығының ерекше мамандандырылған және қарқындатылған салалары. Көкөніс шаруашылығының қорғаулы жерлердегі жайларын (құрылыстарын) салу, жеміс, жидек және жүзімдіктерді отырғызу мол қаражатты қажет етеді. Көкөніс және жеміс-жидек, жүзім өсімдіктерін өсіру еңбекті мол шығындаумен байланысты.
Көкөніс және жеміс шаруашылығының негізгі міндеті – халықтың азық-түлігі және өңдеу өнеркәсібінің шикізаты саналатын көкөністерді, жемістерді, жидектерді және жүзімді өндіру.
Тамыржемісті көкөністерде, қантты жүгеріде, жасыл асбұршақта, қарбызда, асқабақта, жемістерде, жидектерде және жүзімдерде көмірсулары мол болады. Жемістер мен көкөністерде С дәрумені мол мөлшерде кездеседі, оған әсіресе тәтті бұрыш, ақжелек және аскөк, батун пиязы, ақжелкек, брюссель, түсті және ақ қауданды орамжапырақ, қымыздық, шпинат, қызанақ, шалғам, қара қарақат, таңқурай, бүлдірген, қарлыға, алмалар бай келеді.
Сәбізде, пияз жапырағында, шпинатта, аскөкте, қызанақта А дәруменінің мөлшері көбірек. Бұршақты көкөністер, қантты жүгері, савой және брюссель орамжапырақтары, қымыздық, шпинат, ақжелектің жапырақтары ақуызға бай. Жемістердің басым бөлігінде азотты заттардың мөлшері 1%-дан аспайды, жүзімде, бүлдіргенде, таңқурайда, қарақатта – 1,5 %-ға дейін.
Органикалық қышқылдар (лимон, алма, шарап, қымыздық) жемістердің, жидектердің және көкөністердің дәмдік сапасын қамтамасыздандырады және азықтың жақсы сіңірілуіне мүмкіндік туғызады. Жемістерде, жидектерде және көкөністерде кальций, темір, фосфор, калий және т.б. минералды заттар бар. Бұлар адам ағзасының ұлпаларын құруға қажет, физиологиялық үдерістерге белсенді қатысады, тамақтың негізгі түрлерін тұтынған кезде пайда болатын қышқылдарды бейтараптандырады. Қан құрау үдерісіне қатысатын темірдің мол мөлшерімен шпинат, ақсүттіген, қымыздық, қарбыз, қияр, қызанақ, қызылша, алма, алмұрт, өрік ерекшеленеді. Кальцийге қымыздық, ақсүттіген, шпинат, савой және түсті орамжапырақ, кольраби, балдыркөк, сәбіз, өрік, алмалар, алмұрттар бай.
Жемістер мен көкөністердегі клетчаткалар мен пектиндер, қорытылған асты сіңіруге және қалдықтарын ағзадан шығаруға қажет.
Көптеген жемістер мен жидектердің және көкөністердің емдік қасиеттері ежелден-ақ белгілі. Сарымсақ пен пияздың қан жүретін ұсақ түтікшелерді кеңейтуге себебі бар. Шпинат пен брюссель орамжапырақтарындағы фолий қышқылы склерозға қарсы қасиетке ие. Баялдыны тұтыну қандағы холестеринді кемітеді. Сарымсақтағы фитонцидтерге бактерия жойғыштық пен фунгицидтік әсер тән. Орамжапырақтағы У дәрумені ойық жараны емдеуге көмектеседі, ал тартран қышқылы семірудің алдын алады. Көкөністердің жас өнімдерінің маңызы өте зор.
Атақты физиолог И.П.Павлов, адам күнде жас көкөністермен қоректенсе өз өмірін ең кем дегенде 1/3 ұзарта алады дейтін.
Көкөністердің, жемістердің және жидектердің негізгі рөлі – әртүрлі аурулардың (жүрек-тамыр, ішек-қарын, жұқпалы, қан ауруларының) алдын алу.
Жемістер, көкөністер, жидектер мен жүзімдер техникалық өңдеуге кең қолданылады: ашыту, маринадтау, әртүрлі консервілер дайындау, кептіру, тоңазыту және шарап дайындау, яғни олармен халықты жыл бойы қамтамасыздандыруға мүмкіндік береді.
Алмұрттың, грек жаңғағының, зәйтүннің және басқа да жеміс тұқымдарының сүрегі ағаш өңдеу өнеркәсібінде ерекше бағаланады, анардың, грек жаңғағының жеміс қаптары мен жапырақтары, тері илейтін, бояу және фармацевтика өнеркәсібінде қолданылатын, иілік заттарға бай келеді.
Бақ – ара шаруашылығының маңызды көзі.
Жеміс шаруашылығының қоршаған ортаны қорғаудағы рөлі зор. Жеміс өсімдіктерінің жапырақтары шаң – тозаңдардың таралуына кедергі жасайды және ауадан көмір қышқыл газын сіңіреді, ауаны тазалайды. Бұдан басқа, жеміс өсімдіктерін бақ қорғайтын және жеміс қорғайтын екпе ретінде, қалалар маңайында жасыл аймақты құруға, елді мекендерді, оның төңірегін, көлік және темір жол бойын жасылдандыруға пайдаланады. Олар тұрмысты, демалыс орындарын әшекейлейді, айналадағы ауаның құрамын жақсартады және сонымен бірге қосымша өнім береді. Жеміс өсімдіктері адамға әсемдік әсер етеді.
«Бақ ауасымен тыныс алған адам жас шағымен, тіршілік қызығымен, сұлулықпен, ұзақ өмірмен тыныстайды» (Л.П.Симиренко).
Ауыл шаруашылығының әлемдік даму үдерісі, жеміс-көкөніс шаруашылығының өнімдерін өндіру жылдан жылға артып келе жатқанын көрсетуде. Мысалы, соңғы 10-12 жылда көкөністердің өнімдерін өндіру 40 %-ға артып, нәтижесінде жер шарының әрбір тұрғынын көкөніспен қамтамасыздандыру деңгейін, тұрғындардың саны 5,2 млрд-тан 6,2 млрд-қа жеткеніне қарамай 89 кг-нан 110 кг-ға дейін көтеруге мүмкіндік берді. (С.Б.Кененбаев, Б.М. Амиров, 2004).
Бір адамға есептегенде жеміс-көкөніс өнімдерін тұтыну өңірлерде және халықтың әл-ауқатына, ұлттың салт-дәстүріне, өсірілетін өсімдіктің мүмкіндігіне байланысты бірдей емес. Айталық, Монғолияда бір тұрғын 45 кг көкөніс пен жеміс пайдаланады, Финляндияда – 120, АҚШ-да 190 кг жуық (оның ішінде 90 кг көкөністер), Израильде – 320 кг (көкөністер – 239, жемістер – 81 кг, цитрустарды ескермегенде), Қазақстанда бір адамға шаққанда, ұлттық мөлшерден (100 кг) көп төмен өндіріледі (2004 жылы небары 71,3 кг).
Бір жылда бір тұрғынға шаққанда 100 кг жеміс-көкөніс өнімін өндіру керек, оның ішінде алма 35 кг, цитрустар (лимон, апельсин, мандарин) – 10, жүзім – 8, 4-5 кг-нан – алмұрт, алхоры, бүлдірген, таңқурай, қарақат, қалғаны өрікпен, шабдалымен, қарлығамен, мүкжидекпен, көкжидекпен, қаражидекпен және басқа жабайы өсетін жидектермен толықтырылады.
Қазіргі кезде Қазақстанда көкөністер 112 мың гектар жерде өсіріледі, өнімділік – 185,5 ц/га. Көкөністердің егістігінің және жалпы түсімінің 70 %-ы ұсақ шаруашылықтардың және үй маңайындағы телімдердің үлесіне тиеді.
Бақ көлемі 30 мың га жерді қамтиды, жылына 98 мың тонна жеміс пен жидек өндіріледі. Мемелекеттің агроөндірістік бағдарламасы бойынша 100 мың тоннадан артық өндіру жоспарланған. Қазақстанның солтүстігінде бақ 11 мыңдай гектар жерді алып жатыр, ең көбі (5 мың га жуығы) Қостанай облысында. Шекілдеуікті тұқымдардың өнімділігі 30,0-98,4 ц/га, сүйектілердікі – 25,0-85,4 ц/га. Жемістер мен жидектердің өндірісі республиканың жалпы түсімінің 7 %-н алады. Сонымен бірге Қазақстанның солтүстігінде әуесқойлардың көкөніс және жеміс шаруашылықтары жақсы дамыған. Көкөністер, жемістер және жидектер өсірумен 300 мыңға жуық адам айналысады және жап-жақсы өнім жинайды.
Қазақстанның солтүстігінде өсірілген жемістер тауарлық сапалары бойынша оңтүстіктегілерден кейін тұрады, бірақ дәрумендерінің, биологиялық белсенді заттары мен пектиндердің мөлшері бойынша олардан асып түседі. Ал қарақат, таңқурай, қарлыға және шырғанақ үшін Қазақстанның солтүстігі қолайлырақ, оңтүстікпен салыстырғанда.
Бірақ жемістер мен жидектердің өндірілуі мұнда маусымдық сипатта, сондықтан өнімнің негізгі массасы жылдың екінші жартысында
өндіріледі. Ерте көкөніс өнімдері де аз өндіріледі, әсіресе Қазақстанның солтүстік өңірінде. Сауданың оларға деген қажеттілігі небары 35-40 % қамтамасыздандырылатындықтан, ұсыныс кеміген кезеңде баға күрт көтеріледі. Көкөністер мен жемістерді өңдеу мен дайындау да жеткіліксіз дамыған. Халықты жас көкөністермен жыл бойы қамтамасыздандыру және ашық жерлерден көкөністердің өндірілуі тоқтаған кезде, тапшылықты азайтуға әсер ететін жылыжай көкөніс шаруашылығы әлсіз дамыған (1 адамға 1 м2 қажет).
Жылыжай көкөніс шаруашылығының болашағы – мамандан-дырылған дамыған ірі шаруашылықтарда, мұнда өндірісті техникалық жабдықтауға қажет қаржыны шоғырландыруға және қазіргі кезге сай жылыжай шаруашылығын қалыптастыруға мүмкіндік бар. Тамшылатып суармалау мүмкіндігі бар блокты жылыжайларды салу өте үмітті. Жылыжай шаруашылығы маңызды әлеуметтік міндет атқарады. Көкөністердің бағасын реттегіш рөлін, әсіресе маусымаралықта, атқарады. Осы кезеңде сырттан әкелетін өнім молаяды, ал бағасы жергілікті өндірістікінен 2-3 есе жоғары болады.
Қарқынды жеміс-көкөніс шаруашылығының одан әрі дамуы және халықты дәрумені мол өніммен қамтамасыздандыру үшін сұрыптарды, олардың өсірілетін жердің топырақ-климат жағдайына қарай, биологиялық және шаруашылық ерекшеліктерін ескеріп дұрыс арақатынасын ескеріп таңдаудың маңызы өте зор. Қазақстанның солтүстігінде жеміс-көкөніс шаруашылығының өнімділігін арттырудың көзі болып жемістерінің, жидектерінің биохимиялық құрамы жақсы, жоғары өнімді, суыққа (қысқа) және ауруларға төзімді сұрыптарды таңдау саналады. Ірі жемісті орал және сібір сұрыптарын өсіру үлкен маңызға ие.
Көкөніс шаруашылығы мен жеміс шаруашылығының дамуындағы ғылымның рөлі. Көкөніс шаруашылығы мен жеміс шаруашылығын өрлеуінде ғылым маңызды рөлге ие. Орыс ғалымдары А.Т.Болотов, М.В.Рытов, Р.И.Шредер, Н.И.Кичунов, сондай-ақ тәжірибелі көкөнісшілер көкөніс шаруашылығының ғылыми негізін қалады және алғашқы оқулықтарын жазды (М.В.Рытов, Р.И.Шредер). Н.И.Кичунов ресейдің революцияға дейінгі бақшашылық тәжірибесін жинақтап, қорытынды жасады.
Көкөніс шаруашылығының ғылыми негіздерін әзірлеуге В.И.Эдельштейн – отандық ғылыми көкөніс шаруашылығының негізін салушы – үлкен үлес қосты. В.И.Эдельштейннің және оның шәкірттерінің ғылыми зерттеулерінің нәтижесі ашық және қорғаулы жерлерде көкөніс өсімдіктерін өсірудің өнеркәсіптік технологиясын дайындаудың негізі болды.
Ғылыми жеміс шаруашылығы – белгілі ғалым-бағбандардың И.В.Мичуриннің, В.В.Пашкевичтің, Л.П.Симиренконың еңбектеріне негізделінген. Н.И.Вавиловтың ежелгі егіншілік елдеріне жасаған экспедициялары, селекциялық жұмыстар үшін құнды материал саналатын, ауыл шаруашылық (оның ішінде көкөністік, бақшалық, жеміс-жидек) дақылдардың әлемдік топтамасын (коллекциясын) жинауға мүмкіндік берді. Н.И.Вавиловтың маңызды мәдени дақылдардың шығу орталығы туралы жасаған ілімі өсімдік биологиясын білудің теориялық негізі болып табылады.
ХХ-шы ғасырдың ортасында Ресейде және басқа да елдерде бақ шаруашылығының дамуына өз үлестерін белгілі ғалымдар: П.Н.Яковлев, И.С.Горшков, С.Ф.Черненко, П.Г.Шитт, З.А.Метлицкий, Н.Г.Жучков, В.А.Колесников, А.П.Драгавцев, В.И.Будиговский, С.Н.Степанов, Г.В.Трусевич, М.А.Лисавенко және т.б. қосты.
Қазақстанда жеміс-көкөніс шаруашылығының дамуына Қазақ бақ шаруашылығы және жүзім шаруашылығы ҒЗИ-ы, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, облыстық тәжірибе стансалары өз үлестерін қосуда.
Г.Т.Каплина – Қазақстанның белгілі ғалым – көкөніс өсірушісі. Бұрынғы ҚазАШИ-ның көкөніс шаруашылығы кафедрасында өзінің 25 жылдық ғылыми-зерттеу іс-әрекетін ерте көкөністің көшетінің мәселесін шешуге арнаған. Ол Қазақстанның оңтүстігінде көшетті синтетикалық жарғақтарда өсірудің ғылыми негізін даярлаудың бастаушыларының бірі болды.
Л.Г.Бобров – картоп шаруашылығының белгілі ғалымдарының бірі. Ол Қазақстанда картоптың тұқым шаруашылығы жүйесінің, тұқымдық картопты сақтаудың негізін салушы және даярлаушы болды.
П.М.Эренбург – Қазақстанның оңтүстігінде пиязды және сарым-сақты, қауынды және қарбызды өсірудің технологиясын дайындады.
Бақ шаруашылығының дамуына баға жетпес үлесті А.Д.Жанғалиев, В.А.Колесников, А.П.Драгавцев, С.С.Олейченко, В.В.Мищенко, т.б. қосты. Жеміс шаруашылығының (Б.Г.Матаганов, К.Д.Аяпов), көкөніс шаруашылығының оқу құралдары (М.Ю.Юсупов, Е.Петров, Ф.Ахметова) Қазақстанның көкөніс және жеміс өсірушілерінің қолдан түсірмейтін кітаптарына айналды.
Қазақстанның солтүстігінде көкөніс шаруашылығының және картоп шаруашылығының дамуына елеулі үлесті ауыл шаруашылығы ғылымының докторлары М.М.Клеев, Э.Э.Браун қосты. Ауыл шаруашылығы ғылымының докторы А.А.Гудзенко алманың Целинное медовое, Целинное румяное, Целинное красное, алхорының Дамсинская красавица, Долинская вишневая, Радужная және т.б. шығарды. А.А.Гудзенко – Қазақстанның солтүстігіндегі жеміс шаруашылығы туралы бірқатар мақалалар мен кітаптардың туындыгері.
Әуесқой бағбандардың, картоп өсірушілердің жұмыстарын жинақтауға және насихаттауға Б.М.Волошиннің, Н.А. Афанасенконың, В.К.Путийдің, В.С.Моховтың, А.Н.Нургалиевтің жұмыстары арналған.
Қазақстанның солтүстігінде көкөніс шаруашылығының және жеміс шаруашылығының даму тарихы. Қазақстанның солтүстігінде көкөніс шаруашылығымен және жеміс шаруашылығымен ертеден-ақ айналысуда.
Қазақстанның солтүстігінің жеміс шаруашылығы сібір жеміс шаруашылығымен тығыз байланыста. Сібірдің көптеген сұрыптары ішінара «мәдениленгендер» дегендер немесе ірі жемісті «қытайлықтар» әртүрлі жолдармен Қазақстанның солтүстігіне жетіп отырған.
1932 жылы С.М.Рытов пен агроном А.С.Крюков Қарағанды облысының Долин ағаш тұқымбағында суландырылатын бір гектар жерге алғашқы тәжірибелік жеміс бағын салды. Бұл тұқымбақта сібірлік жидекті алмаға телінген ұсақ жемісті сібірлік сұрыптардың жүз шақты алма ағашы, уссурийлік жабайы алмұрттың бірнеше екпе көшеттері және оншақты канадалық және уссурийлік алхоры ағашы болды.
1935-1941 жылдары бағбандар И.К.Фортунатов және В.М.Савич Қарағанды ауыл шаруашылық тәжірибе стансасында 28 га жерге тәжірибе бағын салды. 1950 жылдары ағаштардың жасы 9-17 жеткенде тәжірибе бағындағы алманың әр гектарынан 137 ц өнім жинаған, бүлдіргеннен – 62,5-80,0, таңқурайдан – 55 ц.
Жеміс ағаштарымен өзінің зерттеу жұмыстарын Шортанды тәжірибе стансасында 1935 жылы бастап, сегіз жыл бойы агромелиорация бөлімінің меңгерушісі белгілі ботаник В.В.Штейн жүргізді. Бұл станса кейбір тұқымдықтарды өсіру мүмкіндіктерін және оларды үсуден қорғау тәсілдерін зерттеген болатын. Бұлардың бәрі барлаушылық сипатта болды.
Жеміс-жидек дақылдарын жерсіндіру бойынша Қарағанды ботаникалық бағында көп жұмыстар атқарылды. 1958 жылдан Қостанай облысының Қарабалық ауыл шаруашылық стансасында жеміс және жидек дақылдарының түрлі сұрыптарын зерттеу жөнінде ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
1945 жылы Қарағанды, кейінгі жылдары Шортанды тәжірибе стансаларында және БОАШҒЗИ-да (Шортанды) жаңа сұрыптар шығаруда А.А.Гудзенко селекциялық жұмыстар жүргізді. Бақтардың санағы бойынша 1945 жылы Қазақстанның солтүстігінде жеміс-жидек екпелерінің 431 га ғана болды, оның 382 га шаруашылықтарда болса, 49 га – әуестенушілерді. Бақтағы негізгі тұқымдық – алма (53 %) болды, сүйектілер (шие, алхоры) – 12 %, жидектілер – 35 %. Жидектілердің
ішінде таңқурайдың үлесі 36 %, қарақаттікі – 47 және қарлығанікі – 13 %. Бүлдірген бүкіл жидек екпелерінің 4 % алды.
Қазақстанның солтүстігінде көкөніс шаруашылығы және жеміс шаруашылығы өте күшті дамуын тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде бастады. 1960 жылдан 1986 жылдар арасында ашық жерлердегі көкөніс дақылдарының егіс көлемі 9 мыңнан 15 мың га жетті, өнімділік – 54 центнердан 161 ц/га дейін. 1950 жылдары шаруашылықтардағы бақтың көлемі 2300 га болды. Бақтар мен жидектердің негізгі егістігі қалалардың маңайында, қалаға жақын аудандарда орналасты. Жеміс шаруашылығы салыстырмалы түрде дамыған аудандарға Ақмола облысының Целиноград ауданы (14 га), Қостанай облысының Қостанай ауданы (60 га) жатады. Озат шарушылықтар бақтың әр гектарынан 40-60 ц дейін жеміс және жидек жинады.
1970 жылы бақтың аумағы 16527 га, оның ішінде 2943 га жидектердің үлесіне тиді. Қара қарақат бүкіл жидек егістігінің 60% алды.
Өткен ғасырдың 80 жылдары Қостанай облысының «Мичуринский» мамандандырылған шаруашылығында жеміс-жидек дақылдары 90 га жерге өсірілді. Осы шаруашылықта жемістерден компот, шырын, шарап дайындайтын цех жұмыс істеді.
Суландырылатын бақтар мен бақшалар бұрынғы «Некрасов», «Пригородный», «Чайковский», «Майлин» атындағы кеңшарларда (Қостанай облысы); «Николаевский», «Мичурин», «Налобинский», «Заря» (Солтүстік Қазақстан облысы); «Победа», «Қима», «Ярославский» (Торғай облысы); «Акмолинский», «Пригородный» (Ақмола облысы; «Песчанный», «Боровский», «Прииртышский» (Павлодар облысы); Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Торғай ауыл шаруашылық тәжірибе стансаларында болған-ды.
Бақылау сұрақтары:
Жеміс- жидек және көкөніс пәнінің негізгі мақсаты мен міндеттері?
Жемістердің, жидектердің және көкөністердің халық шаруашылығында пайдалану маңызы?
Пәннің дамумына үлес қосқан негізгі ғалымдар еңбектері?
Солтүстік Қазақтанда жеміс-жидек және көкөніс шаруашылығының қысқаша даму тарихы?
Дәріс № 2
«Жеміс өсімдіктерін ботаникалық жіктеу және өндірістік топтастыру»
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Жеміс өсімдіктерінің негізгі тұқымдастарына сипаттама
2.Жеміс және жидектерінің ботаникалық құрылымы
3.Жеміс және жидек өсімдіктерінің шығу тегі
Өсімдіктердің 130-140 мыңнан асатын әр алуан түрлерінің ішінде жеміс және жидек дақылдарының 1000-нан астам түрлері кездеседі. Қазақстанда 60-тан астам түрі өсірілсе, Қазақстанның солтүстігінде әуесқой бағбан шаруашылығын қоса есептегенде 14 түр – алма, алмұрт, алхоры, қара қарақат, қарлыға, таңқурай, бүлдірген, қара жемісті шетен (арония), ирга, кәдімгі шетен, долана, жүзім, лимонник, үшқат өсіріледі.
Ботаникалық жағынан жеміс өсімдіктері – 31 тұқымдастың өкілі, бірақ раушангүлділер мен тасжарғыштар тұқымдастарының өкілдері басымдылыққа ие.
Жеміс өсімдіктері төмендегі тұқымдастықтарға жатады:
Банандар – мәдени банан; тәтті банан; ергежейлі немесе қытай бананы.
Қайыңдар – кәдімгі орман жаңғағы, понтийлік, ірі.
Баобабтар – кейіпсіз.
Бөріқарақаттар – кәдімгі бөріқарақат.
Бұршақтылар – цератония, мүйізді ағаш, цареградтық мүйізшелер.
Шамшаттар – кәдімгі немесе тағамдық талшын, егістік, америкалық, аласа бойлы, жапондық, жұмсақ.
Бромелиліктер – мәдени ананас.
Итбүлдіргендер – итбүлдірген, мүкжидек (батпақтық, ірі жемісті), кәдімгі қаражидек, көкжидек (гонобобель, мәңгі жасыл, биік, ірі жемісті, «қоянкөз»).
Аршалар – ұсақ жемісті қойбүлдірген немесе қызыл қойбүлдірген ағаш, ірі жемісті, менциза.
Жүзімділер – еуропа-азиялық жүзім немесе еуропалық; амурлық немесе уссурийлық.
Анарлар – кәдімгі анар.
Диллиндіктер (актиниділіктер) – қытайлық актиния, коломикта, өткір, көпнекелік.
13. Үшқаттылар – тағамдық үшқат, кәдімгі шәңгіш.
14. Тасжарғыштар – қарақат (қызыл, ақ, кәдімгі немесе батыс еуропалық; тасты, қара, сібірлік, ақ гүлді жабайша немесе алдан жүзімі; сары, иісті); қарлыға ауытқыған немесе еуропалық, ине тәрізді, буреиндік, сәл тікенді, итмұрын тәрізді, миссурийлік, өткір тікенді).
15. Шайырлылар – мангустан.
16. Қызылталдылар – нағыз қызыл тал немесе кәдімгі, еркек сәнтал; дәрілік немесе жапондық.
17. Итжүзімділер – қытайлық унаби, қытай құрмасы, кәмпиттік ағаш немесе жапондық жүзімдік ағаш.
18. Лаврлықтар – авокадо (немесе персея) америкалық, мексикандық.
19. Жиделер – итшомыртты шырғанақ; бақ жидесі немесе пшот.
20. Магнолилер (лимондықтар) – қытай лимоннигі немесе шизандра.
21. Зәйтүндер – еуропалық немесе мәдени зәйтүн, кәдімгі, зәйтүн ағашы, зәйтүн.
22. Мирттар – фейхоа, эвгения.
23. Сабындылар – қытайлық литчи, лонган, рамбутан.
24. Жаңғақтылар – жаңғақ (грек, алдамшы, маньчжурлық, қара, эквадорлық), пекан немесе гикорн.
25. Папайялықтар – кәдімгі папайя (қауын ағаш), марстық кундина, бесбұрышты.
26. Пальмалықтар – құрмалық пальма, ормандық құрма, ауытқыған құрма, кокос пальмасы, майлы гвиней пальмасы.
27. Раушангүлділер – алма (ормандық, шығыстық, жүзімдік, үйлік, шиежемісті, алхоры жапырақты (қытайлық), орыстық, ірі жемісті, батыс еуропалық, аласа, дусен, түркімендік, қырғыздық, Сиверстің парадизка, Недзведскидің); алмұрт (ормандық, кәдімгі, кавказдық, тал жапырақты, уссурийлік); беже кәдімгі; кавказдық мушмула; шетен (кәдімгі, үйлік); қара жемісті арония; домалақ; жапырақты ирга немесе кәдімгі; қанды-қызыл долана; алхоры (үйлік, тарпиған немесе алша; тікенекті немесе шомыр; талды немесе қытайлық; уссурийлік; шие (түпті немесе далалық, шиелік; кәдімгі, магелебтік немесе иісті, тасты, антпка, магалебтік, кучина, қара мойыл – антипка; киіздік немесе қытайлық); тәттішие немесе құстық шие; қара мойыл (кәдімгі немесе шоқпарбасты); өрік (кәдімгі, маньчжурлық, жүндіжемісті немесе қара, дазикарпа, өрік-алша); кәдімгі шабдалы; бадам (кәдімгі, аласа немесе далалық, бұршақтық), бүлдірген (ормандық, бақтық немесе ірі гүлді, ананастық); еуропалық немесе хош иісті құлпынай; таңқурай (кәдімгі немесе еуропалық қызыл; түкті немесе америкалық қызыл; қара немесе бөрткен тәрізді; қара қошқылды); бөрткен немесе қара бүлдірген (көкшіл, аллегандық немесе таулық, Логанның) алмалық итмұрындық; шығыстық мушмула (жапондық), эриоботрия, локва; дәрілік лавр шие.
28. Аңдыздылар – лимон, апельсин (тәтті ащы немесе бигардия), мандарин, грейпфрурт, цитрон, лайм, шелдок немесе помнельмус, юнос, Папеда ичанг, понцирус, кинкан.
29. Сумахтар (илейтін және бояғыш затты) – пісте (кәдімгі немесе игілікті, терпендинді, атланттық, жабайы); манго (индиялық, көкшіл, иісті); батыстық кежу.
30. Тұттар – ақ жібек, қара немесе тұт; інжір немесе фиг ағашы, нан ағашы.
31. Эбендер – шығыс хұрмасы, кавказдық, шығыстық, жапондық немесе субтропикалық (тропикке жақын).
Жеміс өсімдіктерін ботаникалық белгілері және өсімдіктер жүйесіндегі орны негізінде жіктеу дәлірек саналады, оның артықшылығы, өсімдіктің жекелеген түрлерінің туыстық байланысын білдіретіндігінде. Ботаникалық жіктеу қолайсыздау, себебі ол басқа белгілерін ескермейді. Сондықтан іссаналық әрекеттерде кешенді белгілері (ботаникалық, өнімді мүшелері, өсу ортасына талабы, өсіру технологиясы) бойынша өндірістік-шаруашылық жіктеуді қолданады. Осы белгілер бойынша 7 топты ажыратады.
1
|
Шекілдеуіктілер
|
Алма, алмұрт, беже, кавказ мушмуласы, шетен, арония,
ирга, долана
|
2
|
Сүйектілер
|
Алхоры, шие, тәттішие, қара мойыл, өрік, шабдалы,
алша, шомырт
|
3
|
Жидектілер
|
Бүлдірген, құлпынай, қарақат, қарлыға, таңқурай, бөрткен, үшқат, итбүлдірген, көкжидек, мүкжидек,
қаражидек, жүзім, актинидия, дәрілік сермене
(лимонник), қызыл, шырғанақ, жиде, тұт (ақ тұт),
итмұрын, шәңгіш, бөріқарақат
Грек жаңғағы, орман жаңғағы, бадам, талшын, пісте, пекан
|
4
|
Жаңғақтылар
|
5
|
Субтропиктілер
|
Зәйтүн, інжір, құрма, анар, фейхоа, унаби, авокадо
|
6
|
Цитрустылар
|
Лимон, апельсин, мандарин, грейпфрут, цитрон, лайм, щеддок немесе помпельмус
|
7
|
Тропиктілер
|
Банан, ананас, манго, қауын ағаш немесе папайя, кокос пальмасы, құрма және май кокосы, эвгения, какао, дуриан, мангустан
|
Жеміс және жидек өсімдіктерінің шығу тегі
Мыңдаған жылдар бұрын, жеміс және жидек өсімдіктерінің мәдени сұрыптары болмағанда, адамдар табиғатта өскен өсімдіктердің жемістері мен жидектерін пайдаланған. Бұл өсімдіктер жер шарының әр тұсында өседі. Табиғи жағдайдың өзгеруінің әсерімен олар жаңа қасиеттер мен белгілеріне ие бола отырып, жеміс және жидек өсімдіктерінің жаңа түрлеріне және формаларына айналды. Мұндай өсімдіктердің көптеген түрлері мен формалары қазіргі кездің өзінде Еуропада, Азияда және әлемнің басқа да елдерінде өсуде.
Табиғатта жабайы өсетін өсімдіктердің халық шаруашылығындағы мәні өте зор; олар тамақ өнеркәсібіне шикізат, ағаш өңдейтін, тоқыма, лак-бояу өнеркәсібіне материалдар береді, жеміс және жидек өсімдіктерінің жаңа, қысқа төзімді, жоғары өнімді сұрыптарды шығару үшін алғашқы формалары ретінде жиі қолданылуда; телітушілерді өсіруге қажетті жеміс өсімдіктерін алуға жарамды көз болып табылады.
Мәдени жеміс және жидек өсімдіктерінің шығуында жетекші рөлді, мыңдаған жылдар бойы жалғасып келе жатқан, жасанды сұрыптау атқарды. Ежелгі адамдар тағамдық жемістерді, жаңғақтарды, жидектерді жинаумен шектелмейді, сонымен бірге олардың ішінен ірілерін, дәмділерін және өнімділерін таңдап алуды да үйренді. Мәдени дақылдардың таралуында үлкен рөлді әртүрлі климаттық жағдайдағы мутациялық үдерістер, табиғи будандасу және табиғи сұрыптау атқарды.
Өсімдіктерді жерлестірудің ғылыми негізін алғашқы рет, өткен ғасырдың 20-шы жылдары академик Н.И.Вавилов жасаған еді. Оның негізіне ол мәдени өсімдіктердің таралу орталығы туралы теориясын алған болатын. Бұл теория негізіне «орталықтарда» белгілі бір түрдің тектік әр алуандылықтың мол саны жиналған деген пайымдама алынған.
Мәдени дақылдардың жабайы туыстары – өсімдіктердің ежелгі қасиеттерін – негізгі басым (доминанттың) тектерді (гендерді) иеленуші, сондықтан селекциялық жұмыстарда олар өте құнды (ауруларға, зиянкестерге, қоршаған орта жағдайына төзімділігі және т.т.). Мәдени дақылдардың, «орталықтан» қашықтықта, үлкен аумақты алып жатқан формалары жоғары өнімділікті, тез піскіштікті, жоғары сапалықты білдіретін басыңқы (рецесивті) гендерді иемденуші саналады.
Н.И.Вавилов, мәдени дақылдардың ең табиғи әр алуандылығы алғашқы (табиғи) немесе екінші (адам қалыптастырған) «орталықтарда» болатынын анықтады. Негізгі «орталықтардан» алынған материалдарда, селекциялық жұмыстар үшін ең қажетті – тұқымқуалаушылық өзгермелілік ерекше болады екен. Н.И.Вавилов жиналған өсімдіктердің топтамасының (коллекциясының) негізінде мәдени дақылдардың шығуы мен әр алуандылығының ботаникалық-географиялық орталықтарының теориясын жасады.
Мәдени дақылдардың, оның ішінде жемістілер мен жидектілердің орасан бай түрлері 12 орталықта шоғырланған.
Қытай-жапон. Бұл жерден алма, алмұрт, шие, алхоры, өрік, актинидия, қытай құрмасы және т.б. тараған.
Индонезиялық-үндіқытайлық – цитрустылардың, бананның, нан ағашының, дурианның, мангустаның және т.б. отаны.
Австралиялық – қытай актиндиясы, унаби. Бұл орталық аз зерттелген.
Үндістандық. Бұл жерден цитрустылардың кейбіреуі, кокос пальмасы, манго және т.б. таралған.
Ортаазиялық - өрік, пісте, бадам, алманың, алмұрттың, шиенің, алхорының жекелеген түрлері.
Алдыңғы азиялық – алма, алмұрт, шие, соғды қараөрігі, орман жаңғағы, беке, қызыл, фундук, анар, үй алхорысы, т.б.
Жерорта теңіздік – зәйтүн, цератония, дәмжапырақ, т.б.
Африкалық – кофе, құрма пальмасы, май пальмасы.
Еуропалық-сібірлік – шырғанақ, қара қарақат, алманың мәдени түрлері, шие, алмұрт және т.б.
Орталық америкалық – шоколад ағашы, авокадо, пекан және т.б.
Оңтүстік америкалық – ананас, қауын ағашы, фейхоа, бразилия жаңғағы.
Солтүстік америкалық – мүкжидек, қара таңқурай, қожақат, алхоры, қарлыға және т.б.
Қазақстанның солтүстігінде өсетін жеміс және жидек өсімдіктері 5 орталықтан тараған (Еуропа-сібірлік, Ортаазиялық, Алдыңғы азиялық, Қытай-жапондық, Солтүстік америкалық).
Жеміс және жидек өсімдіктерінің шығу орталығын анықтау (білу) және олардың морфологиялық және биологиялық белгілері мен қасиеттерінің бекуіне мүмкіндік жасайтын жер (эдаффикалық) жағдайын зерделеу теориялық және іссаналық көзқарас жағынан өте маңызды. Түрдің шыққан ортасын, сондай-ақ, оның қасиеттері қалыптасқан жағдайларын біле отырып, оның ең басты биологиялық ерекшеліктері туралы жорамалдауға мүмкіндік туындайды, осыдан өсімдіктің өсу мен дамуына қажетті себепшарттарына да. Мысалы, өріктің отаны – Орта және Алдыңғы азия және Солтүстік Жерорта теңізі екенін біле отырып оның жылуға, жарыққа талап қойуын түсіндіру қиынға соқпайды, сонымен бірге құрғақшылыққа ең төзімді жемістік тұқымдық болып саналады. Шығу орталығында бұл дақылдың қазіргі сұрыптарында құрғақшылыққа шыдамдылығы және жылуға, жарықтың қарқындылығына талабы қалыптасқан. Жабайы түрінде бүлдірген Еуропаның, Сібірдің және Кіші Азияның шалғындары мен орман шеттерінде өседі. Қысқа төзімсіз, бірақ қар қалыңдығы 30-40 см кем болмағанда Қазақстанның солтүстігінде, тіпті - 40оС аязда да сақталады.
Бақылау сұрақтары:
Жеміс өсімдіктерінің негізгі тұқымдастарына сипаттама беріңіз?
Жеміс-жидек өсімдіктерінің негізгі шығу орталықтарын атаңыз?
Жеміс-жидектерінің өндірістік-шаруашылық жіктелуі?
Жеміс-жидектердің шығу орталығын анықтау жолдары?
Дәріс № 3
«Жеміс және жидек өсімдіктерінің морфологиясы»
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Топырақ үстілік бөлігінің морфологиясы
2. Гүлдер мен гүл шоғырлары
3. Тамыр жүйесі
4.Өсу, даму және жеміс салу заңдылықтары
Жеміс-жидек өсімдіктерінің барлығында негізгі үш өсінді мүше бар: тамыр, сабақ және жапырақ. Өсімдіктің басқа бөліктері – бүршіктері, гүлдері, жемістері және тағы басқалары негізгі мүшелердің түр өзгерістері болып саналады. Жеміс және жидек өсімдіктерінің морфологиялық және анатомиялық құрылыстары өздерінің атқаратын іс-әрекеттерімен, соншалық жекелеген тұқымдықтар мен сұрыптардың өсу және жеміс салу ерекшеліктерімен тығыз байланыста. Жеміс және жидек өсімдіктерінің мүшелерінің морфологиялық және анатомиялық ерекшеліктерін зерделеу, олардың іс-әрекеттерінің көп жақтарын білуге мүмкіндік береді және отырғыларды күтіп-баптаудың агротехникалық кешенді шараларын дайындауды ғылыми негіздеуге негіз бола алады.
Топырақ үстілік бөлігі
Жеміс-жидек өсімдіктері топырақ үстілік бөлігінің морфологиялық құрылысы, оның көлемі, ұзақ өміршеңдігі және т.б. белгілері бойынша мынадай топтарға бөлінеді (кесте).
Кесте. Жеміс тұқымдықтарының көлемдері, ұзақ өміршеңдігі және морфологиялық өсу ерекшеліктері бойынша бөлінуі
Топ
|
Тұқымдықтар
|
Өсу ерекшеліктері
|
1. Ағаштәрізділер
|
Грек жаңғағы, пекан, талшын, алмұрт, тәттішие және т.т.
|
Өте биік және діңді жуан ағаш
|
Алма, өрік,
алхоры және т.б.
|
Діңі аса байқалынбайтын, шамалы бойшаң ағаш. Бұл топтың өсімдіктерінің тіршілік кезеңі ұзақ, бірақ жемістенуді кеш бастайды
|
2. Бұта тәрізділер немесе түптенетін ағаш тәрізділер
|
Анар, орман
жаңғағы,
шырғанақ, жиде,
шабдалы және т.б.
|
Әдетте, бірнеше немесе бір діңі әлсіз байқалатын болады. Ағаш тәрізділермен салыстырғанда өміршеңдігі ұзақ емес, бірақ жемістену кезеңі тез басталады.
|
3. Бұталы өсімдіктер
|
Таңқурай, қарақат,
қарлыға
|
Нөлдік реттегі бірнеше бұтақтан тұратын, бойшаң емес бұта. Негізгі және сабақтық біліктерін топырақ астынан жандандыруға қабілетті. Әдетте тез жемістенгіш, бірақ ұзақ емес.
|
4. Шырмауықтылар
|
Жүзім, лимондық,
актинидия
|
Оралғыш (лимондық, актиндия) немесе өрмелегіш (жүзім) көп жылдық ағаш тәрізді өсімдіктер.
|
5. Көп жылдық шөптесін өсімдіктер
|
Бүлдірген, құлпынай, мүк жидек, морошка, тас бүлдірген (қойбүлдірген, костяника)
|
Топырақ үстілік ағаштанған білігі болмағандықтан, өркендері жерге төселе өседі. Өте тез піскіштігімен және қысқа өміршеңдігімен, әсіресе қолдан өсіргенде, ерекшеленеді.
|
Ағаштың топырақ үстілік бөлігі діңінен және бөркбастан тұрады.
Дің – ағаштың ең дамыған, бірінші реттегі бұтақтардың тарайтын, негізгі бөлігі. Дің үш бөліктен: сүңгектен (сидамнан), орталық жетекшіден (өткізгіштен) және жалғастырғыш өркендерден тұрады.
Сүңгек – тамыр мойнынан төменгі бірінші қаңқалы бұтақтануына дейінгі діңнің бөлігі.
Тамыр мойыны – ағаштың топырақ астылық бөлігі мен топырақ үстілік бөлігінің арасындағы өту аймағы. Тамыр мойыны сабақ пен тамырлардың түстері, сондай-ақ жоғарғы бүйірлік тамырлардың таралу орны бойынша жеңіл ажыратылады. Жалғыз тамыр мойынды өсімдіктер (алманың, алмұрттың, өріктің және т.т. тұқымдық телітушіге телінгендері) тереңдетіп отырғызуға шыдамайды; егер тамыр мойыны топырақ деңгейінен 10-15 см терең болса, олар нашар өседі немесе опат болады.
Орталық жетекші немесе лидер-сүңгектің жалғасы – бірінші қаңқалы тармақтан бір жылдық өсімнің негізіне дейінгі діңнің бөлігі.
Жалғастырушы немесе ұластырғыш өркен – орталық жетекшінің бір жылдық өсімі.
Бөрікбас – діңдегі барлық бұтақтардың жиынтығы. Бұтақтану орталық жетекшіден басталатындықтан, оны нөлдік реттегі бұтақтануы деп санайды. Орталық жетекшіден тарайтын бұтақтарды бірінші реттегі бұтақтар, бірінші реттегі бұтақтардың бүйірлік тарамдарын – екінші реттің бұтақтары және т.т. деп атайды. Ересек (жетілген) ағаштарда 7-8, кейде одан да көп реттегі тармақтанулар (бұтақтанулар) болуы мүмкін.
Жас ағаштарда өсу қарқындылығы және ересек ағаштарда даму қуаты бойынша бөрікбаста бұтақтардың үш тобы болады: қаңқалы (аналық), жартылай қаңқалы және жаппай өсетін жемісті бұтақшалар.
Қаңқалылар (аналықтар) немесе бұтақтар – бұтақтанудың бірінші, екінші және сирек үшінші реттік ең ірі бұтақтары. Ағаштың ең ірі бұтақтары бөрікбастың сүйегін (тұлғасын) құрайды. Қаңқалы бұтақтардың негізгі міндеті сүректің (ағаштың) саңылауы, серіппелі және тағы да басқа түтікті элементтерімен тамырдан жапыраққа суды және онда еріген минералды қоректік заттарды тасымалдау; талшықтың електі түтікшелерімен органикалық заттарды жапырақтан сабақтың және тамырдың бүкіл тірі жасушаларымен өткізу; өзекшенің, сүректің және талшықтың паренхималық жасушаларында қорлық органикалық заттарды жинақтау; камбийдің іс-әрекетінің арқасында талшық пен сүректің жаңа ұлпаларының пайда болуын, механикалық ұлпаларының болуының арқасында бөрікбастың жаппай өсетін бөлігін сәйкес жағдайда ұстап тұру.
Жартылай қаңқалы бұтақтар – қаңқалы бұтақтарға қарағанда аса ірі емес, әдетте бұтақтанудың үшінші немесе төртінші реттегілері.
Өркен деп діңнің (сабақтың) жасы бір өсінді кезеңінен артық емес бөлігін айтады. Өркен сабақтық бөліктен, бүршіктерден және жапырақтардан тұрады. Өркенде буын және буынаралығы болады. Жапырақтары түскен, яғни өткен жылғы өскен өркенді, бұтақ дейді.
Буын деп сабақтың бүйірлік жаңа пайда болатындармен (бүршіктер, жапырақтар және т.б.) байланысты бөлігін айтса, екі буынның арасындағы сабақ бөлігін буынаралық дейді. Буынаралықтар ұзын – бірнеше сантиметрге дейін, қысқа – бірнеше миллиметрге және өте қысқа - әзер байқалатындар болады.
Гүлдер мен гүл шоғырлары
Гүл – тарамдалмаған түрі өзгерген өркен түрінде болатын, жабық тұқымды өсімдіктердің жыныстық көбею мүшесі. Жеміс және жидек өсімдіктерінің гүлдері шамасы, түсі, гүл тостағаншасының жеке жапырағы, гүлтесінің, аталығының және аналығының құрылысы бойынша әр алуан келеді. Жеміс және жидек өсімдіктерінің көбінің гүлдері бес мүшелі құрылысты. Көптеген тектерде – алмада, алмұртта, бекеде, алхорыда, өрікте, шиеде және т.б. жақсы байқалса, грек жаңғағында және талшында – әлсіз байқалады немесе болмайды. Сүйектілерде – алхорыда, шиеде, тәттішиеде, өрікте, шабдалыда және т.б. гүл тостағаншасының жапырағы түседі, шекілдеуіктілерде – алмада, алмұртта, бекеде – түспейді.
Тектердегі аталықтардың саны бірдей емес. Қарақатта – 5, грек жаңғағында – 10-12, алмада – 15-20, алмұртта – 18-22, алхорыда, өрікте, шабдалыда – 30-40, бүлдіргенде, таңқурайда одан да көп. Алхорыда, шиеде, тәттішиеде, өрікте, шабдалыда жатын (түйін) бір ұялы, ұштық; алмада, алмұртта, бекеде, қара қарақатта – жатын төменгі, көп ұялы.
Жеміс өсімдіктері гүлдерінің құрылысы және атқаратын қызметі бойынша да өзгешеленеді. Барлық шекілдеуіктілерде, сүйектілерде, цитрустыларда, субтропиктілерде (құрмадан басқа) және жидектілерде (құлпынайдан басқа) гүлдерінде аталық пен аналық гүл болады. Мұндай гүлдерді қосжыныстылар дейді.
Гүл шоғырлары. Гүл шоғыры – гүлдері мен азды-көпті түрі өзгерген ұштық (жоғарғы) жапырақтары – гүл күлтесінің жапырақтары мен жапырақшалары бар – бұтақ (өркен). Бір жеміс бүршігінен саны әртүрлі гүлдер пайда болуы мүмкін: бірден (өрік, шабдалы), бір-бірімен қарапайым немесе күрделі гүл шоғырына топтасқан ондаған (жүзім) гүлдер.
Жеміс өсімдіктерінің негізгі тектерінде мынадай гүл шоғырларының түртектері болады.
Бұтақбас немесе шашақгүл. Қарапайым бұтақбаста жақсы жетілген негізгі білігі және ұзындықтары бірдей бір қатарлы бүйірлік біліктері болады (антипка, қарамойыл, таңқурай, қарақат, қарлыға, зәйтүн). Егер бұтақбас біреу болмай, екеу немесе одан да көп бұтақтану реті болса, оны күрделі бұтақбас немесе шашақгүл дейді (жүзім, құрма пальмасы, пісте, авокадо).
Шатыргүл. Шатырдың қысқа орталық білігі болады да, бүйірлік гүлдердің гүлсағақтары бір жапырақтан тарайды. Гүлдері күмбез тәрізді орналасады немесе бір жазықтықта (алма, шие, шабдалы) орналасады. Шатыргүлдің орталық гүлі жақсы дамыған және ерте гүл жарады.
Қарапайым гүл қалқаншасы бұтақбастан, бүйірлік гүлдердің гүл сабақтарының ұзындығы негізінен, негізгі білікке қарай қысқара түсетінімен өзгешеленеді, нәтижесінде гүлдер бірдей жазықтықта орналасады (алма, алмұрт, шетен, долана). Егер гүл қалқаншасында әрбір бүйірлік білігі қарапайым гүл қалқаншасы сияқты бұтақтанса, оны күрделі гүл қалқаншасы немесе гүл қалқаншалы шашақбас (шетен, шәңгіш) дейді. Гүл қалқаншасында төменгі гүлдері бірінші болып ашылады және жақсы дамиды.
Дихазий немесе қос жақты ұштық гүлдің әрбір орталық білігі дара гүлмен аяқталатынымен сипатталынады. Одан төмен, орталық біліктегі гүл сабағымен салыстырғанда, біршама ұзынырақ екі бүйірлік гүл сабақтары дамиды. Әрбір бүйірлік біліктер дара гүлмен аяқталады. Бүлдіргенде кездеседі.
Сырға гүлшік – білігі иіңкі бұтақбас тәрізді гүл шоғыры. Гүлдеу аяқталғанда сырға гүлшік толығымен түседі (грек жаңғағының, орман жаңғағының немесе шаттауықтың (фундуктың) аталық сырға гүлшіктері).
Масақ – ұзынша біліктегі отырыңқы гүлдер (гүл сағағынсыз) (майлы пальма, тұт).
Собық – масақ сияқты гүл шоғырында отырыңқы гүлдері етті білікте (ананас) орналасқан.
Жұмыр (бас) – қарапайым гүл сағағы өте қысқа болғандықтан гүл шоғыры жұмыр пішінді келеді (дәмжапырақ).
Жеміс тұқымдарының сұрыптарының басым бөлігі өзара жеміссіздігімен сипатталады. Қалыпты өнімін және жемісін алу үшін
бұл сұрыптарды айқас тозаңдандыру қажет. Осыған байланысты өнеркәсіптік егістіктерде сұрыптары өзара тозаңдануын ескеріп орналастырады.
Жемістер. Жеміс бір немесе бірнеше гүлдердің тозаңдануының нәтижесінде пайда болады. Кейбір тұқымдар мен сұрыптарда партенокарптық жемістер – тұқымбүршігі тозаңданбай-ақ (алмұрттың, мандариннің, апельсиннің кейбір сұрыптары) дамуы мүмкін.
Жеміс тұқымнан және ұрыққаптан (перикарптан) тұрады. Ұрыққаптың құрамдас бөлігіне төмендегілер жатады: экзокарпий, мезокарпий және эндокарпий. Экзокарпий – бұл жемістің сыртқы қабығы. Ол түкті немесе түксіз, жұмсақ және көн тәрізді, ағаштанған және ағаштанбаған, жұқа және қалың, боялған және боялмаған болуы мүмкін. Айталық, шабдалының экзокарпий түкті; шиенікі – түксіз, жұқа, боялған; қарлығанікі – көн тәрізді; орман жаңғағында – ағаштанған. Мезокарпий – жемістің ортаңғы қабығы. Етті, жеуге жарамды – алма, алмұрт, шабдалы және т.б., құрғақ – орман жаңғағы, сүйектілерде – бір қабатты, қос қабатты – шекілдеуіктілерде. Эндокарпий – жемістің ішкі қабаты. Сүйектілерде – қатты қабықты, алмада – тұқым камерасы пергаментті пластинка, алмұртта – тасты жасушалар, лимонда, мандаринде – шырынды, жеуге жарамды.
Шығу тегіне биологиялық ерекшеліктеріне байланысты жемістер бірнеше топқа бөлінеді (2-кесте, 5-сурет).
Алма жемісінің еті негізінен гүл түтікшесінің ұлпаларынан және аздап экзо және мезокарп ұлпаларынан қалыптасады, эндокарпы көн тәрізді, шеміршектеу, бірақ эриоботрийі (жапондық мушмулада) тек түтік ұлпасынан; перикарпийі (ұрыққабы) жұқа, қауызды.
Тамыр жүйесі
Тамыр жүйесі өсімдіктің топыраққа бекуі, топырақтан өсуіне және дамуына қажетті су және еріген минералды заттарды сіңіруі үшін керек. Сондай-ақ күрделі органикалық заттарды түзеді, топырақ үстілік мүшелеріне сіңірілген және түзілген заттарды тасымалдайды, шығарушылық қызмет атқарады.
Тамыр жүйесінің қуаттылығына жеміс өсімдігінің өсу күші, ұзақ өміршеңдігі және өнімділігі тәуелді. Тамыр жүйесінің қалыптасуы және топырақ астылық қабатының топырақтың физикалық-химиялық қасиеттерімен, телітуші мен телінушінің биологиялық ерекшеліктерімен, бақтағы агротехниканың ерекшеліктерімен анықталады.
Жеміс ағаштарының тамыр жүйелері мен жекелеген тамырларын шығу тегі, бұтақтану реті, шамасы (көлемі), кеңістіктегі орны, морфологиялық-анатомиялық құрылысы және атқарған қызметі бойынша ажыратады.
Жеміс ағаштарында шығу тегі бойынша мынадай тамыр жүйелерін ажыратады:
Жемістілер (генеративтілер) – тұқымнан немесе тұқымнан тараған телітушілерге телінген өсімдіктердің тұқым ұрығының ұрықтық тамыршасынан пайда болғандар.
Өсінділер – бүлдіргеннің мұртшасының қосалқы (адвентивті) тамыршасынан, өсінді жолымен көбейтілген телітушінің сабақтамасынан (беже, дусен, парадизка), сабақ қалемшелерінен (қарақат, қарлыға, шие, шабдалы және жасыл қалемшелермен көбейтілетіндер); тамыр атпаларынан (шие, алхоры, таңқурай) пайда болғандар.
Көлемі және атқаратын қызметі бойынша жеміс өсімдіктерінде тамырдың үш тобын ажыратады:
Қаңқалылар – бұтақтанудың нөлдік және бірінші реттегі тамырлары (басты, негізгі); жартылай қаңқалылар – бұтақтанудың екінші, үшінші кейде төртінші реттегі тамырлары; жаппай өсетін тамырлар немесе тамыр ұштары – бұтақтанудың үшінші, төртінші және кейінгі реттегілерінің ұсақ (3 мм дейін) және қысқа (бірнеше см) тамырлары.
Топырақта орналасу сипатына байланысты тамырларды былай бөледі: горизонталды (көкжиекті), азды-көпті топырақ бетіне параллелді; тік, топыраққа тіктеп бойлайды, жиі құрттардың ізімен; жарықтармен.
Тамырдың бұл екі тобы барлық жеміс және жидек өсімдіктеріне тән. Жиекті тамырлар тамыр жүйесінің негізгі бөлігін қамтиды және микробиологиялық үдерістер пәрменді жүретін және ағашқа қажет қоректік заттар көбірек жиналатын топырақтың беткі қабатына жақын орналасады. Топырақ түртегіне, ағаш тегіне, телітушіге және сұрыпқа байланысты жиекті (горизонталды) тамырлар 100-120 см бойлайды. Көкжиекті бағытта бұл тамырлар бөрікбас диаметрінен 1,5-2 есе және одан да алшақ қашықтықта орналасады. Тік тамырлар тереңірек бойлайды (м): шие, алхоры – 6-8 м; жидектерде – 1-2 м дейін.
Жаппай өсетін тамырлар жеміс ағаштарының негізгі тамыр жүйесінің ең пәрменді бөлігін құрастырады. Морфологиялық-анатомиялық құрылысы және атқаратын қызметі бойынша өсінді (біліктік), сорушы (пәрменді), өтпелі және өткізгіш тамырларды ажыратады.
Өсінді тамырлар – біріншілік құрылысты, ақ түсті, суды және қоректік заттарды сіңіруге қабілетті. Олардың негізгі қызметі – топырақтың жаңа көлеміне өту (өсу) және сіңіретін тамырдың бүйірлік бұтақтарын қалыптастыру. Өсінді тамырлар, сіңірушіге қарағанда, аз,
жуан (2-3 есе) және ұзынырақ, жедел өседі, микоризасы болмайды және екіншілік құрылысқа өтеді.
Сорушы тамырлар – бұлар да біріншілік құрылысты, ақ түсті. Негізгі қызметі – айналасынан суды және қоректік заттарды сіңіру және соңғыларын органикалық түрге аудару. Тамырдың бұл түртегі жеміс өсімдіктерінде барлық тамырдың 90 % құрайды.
Өсінді және сорушы тамырларда үш аймақты ажыратады: өсу және созылу аймағын, тамыр қылшықтарының аймағын немесе сорушы және тамыр қапшығын. Тамыр қылшықтары – тамырдың сору аймағының эпидермисінің кейбір жасушаларының қабырға сыртының шығыңқы түтікшелері. Тамырдың сору бөлігінің 1м2 300-ден (алма). 669-ға (қарақат) дейін қылшық саны болуы мүмкін. Алманың бір жылдық сеппесінде күзге қарай жалпы ұзындығы 3 шақырымға дейін жететін 17 млн-дай тамыр қылшықтары болады. Тамыр қылшықтарының өте көп болуының арқасында тамыр жүйесі қуатты сору бетіне ие болады.
Өткінші тамырлар - өсуші және сорушы тамырлар. Бұларда сору қызметі тежеледі де, өткізушіге айнала бастайды. Ол сырттай алғашқы кезеңде қабығының қоңырлануынан және тамырлардың қайта құрылуы кезінде солуынан байқалады.
Өсу, даму және жеміс салу заңдылықтары
Өсімдіктің өсуі және дамуы – өсімдік ағзасының қалыптасу негізіндегі маңызды тіршілік үдерістері, оның нақ және өздік дамуы (онтогенезі).
Өсу – ағза құрылымындағы жаңа жарандылармен (жаңадан пайда болған элементтермен) байланысты. Оның көлемі мен салмағының кері қайтпастай артуы. Осы анықтаманың екінші бөлігінің іссанадағы маңызы өте зор, себебі өнім және оның қалыптасу барысы (жолы), ең соңында сызықтық, көлемдік және салмақтық көрсеткішке байланысты болады.
Даму (М.Х.Чайлахян, 1982) – өсімдіктің немесе жекелеген мүшелердің, ұлпалардың және жасушалардың тіршілік әрекетінде, құрылымы мен қызметінде пайда болған сапалы өзгерістер.
Өсімдіктің өсу қарқыны, құрғақ зат жиналуы сияқты, ең әуелі тұрақты түрде, гүлдеудің басталғанынша арта береді де, одан кейін, ағзаның биологиялық қартаюының куәсі ретінде кемуі басталады. Өсуді реттеуде, өсімдіктегі алмасу реакциялары кезінде пайда болатын өсіргіш заттар мен нуклеин қышқылы үлкен рөл атқарады. Соңғы, жасушаның бүкіл тірі құрылымының негізін құрастыратын ақуыздардың түзіліуінде өте маңызды рөл атқарады. Өсімдіктің өсуі мен даму үдерістері морфогенезбен, яғни мүше қалыптастыру үдерістерімен байланысты.
Жемісті өсімдіктердің өсу және жеміс салу кезеңдері
Өсу барысында клондық дарада жастық өзгерістер байқалады. Отырығызылғаннан кейін олар жедел өседі, бірақ жеміс салмайды. Кейін өсімдіктер жеміс салуға кіріседі және өнімділігі артқан сайын өсу үдерісінің баяулауы басталады. Осындай өзгерістерді ескеріп П.Г.Шитт жемісті ағаш өсімдіктерінде өсу мен жеміс салудың 9 кезеңін ажыратады. Олардың ішінде іссаналық маңызға бесеуі ие: үдете өсу кезеңі; өсу және жеміс салу кезеңі; жеміс салу және өсу кезеңі; жеміс салу кезеңі; жеміс салу және солу (қурау) кезеңі.
Үдете өсу кезеңі – тұқымның өнуінен алғашқы жеміс салуына дейін. Топырақ үстілік және тамыр жүйесінің үдей өсуімен және жаппай жапырақтануымен сипатталынады. Шабдалыда өсу кезеңі тіршілігінің 2-3 жылында аяқталады, сүйекті тұқымдықтардың басым бөлігінде, алма мен алмұрттың кейбір сұрыптарында – 4-5 жылда, алманың кеш пісетін сұрыптарында 10 жылға және одан да ұзаққа созылады. Агротехниканың осы кезеңдегі міндеті жетілген бөрікбасын және тереңге бойлайтын
тарамдалатын бұтақшалардың пайда болуына ықпал жасау, бұтақтардың өсуін реттеу, өсімдіктің шынығуын күшейту (үдету).
Өсу және жеміс салу кезеңі – алғашқы өнімінен тұрақты (ұдайы) жеміс салуға дейін. Қаңқалы бұтақтардың үдемелі күшті өсуімен, қаума бұтақшалар санының молаюымен, жоғары сапалы өнімнің жылда артуымен сипатталынады. Қаңқалы бұтақтардың дамуы жалғасады және тамыр жүйесінің шет жақтарында көптеген ұсақ тамыршалар пайда болады. Агротехниканың міндеті: бөрікбасты қалыптастыруды одан әрі жалғастыру, жаппай өсетін бұтақшалардың пайда болуын ынталандыру, діңнің шеңберін арттыру.
Жеміс салу және өсу кезеңі – осы түрдің (ағаштың) тұрақты өнімнен ең жоғары жеміс салуына дейін. Ағаштың өсуінің баяулауы және жаппай өсетін бұтақшалар санының молаюы, өнімнің артуы, сондай-ақ жеміс салуының дүркінділігінің (кезектілігінің) басталуы, қаңқалы жаңа бұтақтардың пайда болуы байқалады.
Агротехниканың міндеті: ағаштарды қалыптастыру және шырпу (кесу), өсімдіктің тамыр жүйесінің дамуына қолайлы жағдай жасау.
Жеміс салу кезеңі. Ең жоғары өнімдер алу. Бөрікбастың өсінді бөліктерінің өсуінің тоқталуымен және олардың жемістік құрылымдарға айналуымен бірге бөрікбастың шетіндегілердің және ішіндегілердің ұдайы қурауымен сипатталынады. Өнім берумен әлсіреген ағаштар аязға төзімсізденеді, зиянкестер мен ауруларға шалдыққыш келеді, жеміс салуы дүркін-дүркін болады және жемісінің сапасы нашарлайды. Тамыр жүйесі дамуының шарықтау шегіне жетеді, жекелеген қаңқалы және жартылай қаңқалы тамырлары қурайды, тамыр жүйесінің ұшында көптеген балақ-сабақ бұтақшалар түртектес жаңа тамырлар пайда болады. Агротехниканың мәні жасарта қырқуға, құнсыз жартылай қаңқалы бұтақтарды кесуге, өсімдікті, өнімді және топырақты күтіп-баптауды күшейтуге келіп тіреледі.
Жеміс салу және қурау кезеңі жартылай қаңқалы және жекелеген қаңқалы бұтақтардың және тамырлардың қурауымен, жаппай өсетін бұтақшалардың қурауының үдей түсуімен, бөрікбаста (жабайы) бұтақшалардың көбеюімен, тамыр жүйесінде – тамыр жүйесінің негізінен тарайтын, бірінші реттік жабайы тамырлардың пайда болуымен сипатталынады. Агротехникалық тәсілдер қарқынды қырқуға, сиретуге, қаңқалы бұтақтарды әлсін-әлсін ауыстыруға, өнімді мөлшерлеуге, ағаш пен топырақты күтіп-баптауға баса көңіл аударуға бағытталынады.
Келе-келе ағаш бүтіндей қурайды, тек діңнің негізінде өз тамыры бар өркен пайда болады. Бұл өсу кезеңі, түбірден пайда болған өркеннің тіршілік әрекетінің жаңа айналымы болып табылады. Өндіріс жағдайында жемістік отырғыларды, олардың шаруашылық құндылығын жоғалтуына байланысты түбірімен қопарады.
Жидек дақылдарында жастық өзгеріс шамалы байқалады.
Жемісті өсімдіктердегі өсу мен дамудың жылдық айналымы. Өсімдіктің жылдық даму айналымында дүркін-дүркін қайталанатын өсінді және тыныштық кезеңін ажыратады. Өсінді кезеңнің тыныштық кезеңімен ауысуы өсімдіктің төңіректегі қолайсыз жағдайға бейімделуінің бір көрінісі болып табылады. Осы кезеңдердің әр қайсысының ұзақтығы жемістілердің тұқымдық және сұрыптық ерекшеліктеріне, сондай-ақ өсірілетін жерінің географиялық орнына және агротехникасына байланысты болады. Мысалы, шабдалының өсінді кезеңі 8 айға, шетендікі – 5 айға созылады. Алманың тыныштық кезеңі 3-4 айдай, өріктікі – 2 ай. Алманың жас ағашының өсінді кезеңі кәрі ағашына қарағанда ұзағырақ келеді.
Өсінді кезеңі көктемде бүршік жарудан басталады және күзде жапырақтарының түсуімен аяқталады. Жылдың басқа уақыттарында өсімдік салыстырмалы тыныштық күйде болады.
Өсінді кезеңінде өсімдік өседі, гүлдейді, бүршіктерін қалыптастырады, жеміс салады; тыныштық кезеңінде бір қызметтері (өсу, ассимиляция, суда еріген минералды тұздарды сіңіру және т.т.) толығымен тоқтайды, кейбіреулері өте баяулайды. Көктемнің, жаздың, күздің және қыстың белгілі бір жағдайлары туындататын, әлсін-әлсін қайталанып отыратын, бүтіндей өсімдікке тән құбылыстарды фенологиялық кезеңдер немесе қысқаша фенокезеңдер деп атайды.
Жемісті өсімдіктердің өсінді кезеңінде төмендегідей фенокезеңдерді белгілейді (Ю.В.Крысанов, 1997).
Бүршіктердің шешек атуы және гүлдеуі. Кезең мынадай этаптардан тұрады: бүршіктердің шешек атуы, гүл шоғырларының ашылуы, шанақтардың даралануы, гүл күлтесінің пайда болуы, гүлжапырақшаларының тарамдалуы, гүлдеуі, гүл жапырақшаларының түсуі. Кезеңнің ұзақтылығы температураға және ауа ылғалдылығына байланысты болады: бүршіктің бөртуінен гүлдеуге дейін температурасы 10оС төмен емес және 60-70 % кем емес ылғалдылықта 20 күн қажет. Аса жоғары температура және ауаның төмен ылғалдылығы кезеңнің өтуін жеделдетеді.
Әртүрлі тұқымдықтардың гүлдеу мерзімі түрлік ерекшеліктеріне, географиялық орналасу орнына және агротехникаға тәуелді болады. Гүлдеу мерзімі бойынша жемісті тұқымдықтар ерте гүлдейтіндер (орман жаңғағы, бадам, өрік), орташа мерзімде гүлдейтіндер (шабдалы, шие, қара өрік (алхоры), алмұрт, алма, беке) және кеш гүлдейтіндер (таңқурай, қожақат және т.б.) болып бөлінеді. Гүлдеудің ұзақтылығы да ауа райына тәуелді: ыстық және құрғақ кезде ол 6-7 күнде аяқталса, ылғалды және суық ауа райында 10-14 күнге созылады.
Өркендердің өсуі. Ол 4 этаптан тұрады: 1) бүршіктердің бөртуі және бастапқы өсуі, 2) үдете өсуі, 3) өсудің басылуы, 4) өркенде ұштық бүршіктің қалыптасуы. Кезеңнің ұзақтығы өсімдіктің күйіне (жас өсімдіктерде өркендері 2-2,5 ай, ересектерінде 20-30 күндей өседі), ауа райына, күтіп-баптау ерекшеліктеріне, өсімдіктегі қоректік заттардың қорына және т.т. байланысты болады. Қолайлы жағдайда күн сайын өсуі (бойлауы) 8 мм және одан да ұзын болуы мүмкін. Өсу тоқталған кезде өркенде ұштық бүршік пайда болады. Жаздың соңы (аяғы) ұзақ жылы және ылғалды болса, олар күздің басында өсуін қайта бастауы мүмкін - өркен өсудің екінші толқыны байқалады. Бұл қолайсыз құбылыс, себебі өсімдіктің қысқа дайындық деңгейін төмендетеді.
Жемістің салынуы (байлануы) және дамуы. Бұл кезең ұрықтанудан жемістердегі тұқымның пісуіне дейін жалғасады. Кейбір жемістік тұқымдардың сұрыптары ғана өздік жеміс беретіндер, яғни өз тозаңымен тозаңданып өнім бере алуға қабілетті. Ал, тұқымдықтардың басым бөлігі айқас тозаңдануды қажет етеді және жақсы тозаңдатқыш-сұрыптар жақын орналасқанда ғана өнім беруге қабілетті келеді.
Сонымен бірге тозаңдану үшін жақсы жағдай болғанның өзінде гүлдердің басым бөлігі жеміс бермейді: тек 5-15 % ғана қалыпты дами алады. Басқа гүлдер мен жатындар түсіп қалады. Алғашқы шашылуы (түсуі) гүлдеудің соңында, екіншісі – 10-15 күннен кейін, үшіншісі – 30-40 күннен кейін өтеді («маусым айындағы шашылу»). Бұл гүлдер құрылысының жетілмегендігімен, толық тозаңданбағанымен, ауа райының қолайсыздығымен, қоректік заттардың тапшылығымен байланысты болады. «Маусым айындағы шашылу» соңғы себепке байланысты. Уақытында үстеп қоректендіру, топырақ ылғалдылығын қажетті деңгейде ұстау, түсіп қалатын жемістердің қалыптасуына шығындалатын қоректік заттардың мөлшерін кемітуге мүмкіндік береді. Бау-бақша үшін гүлдері бірінші түсу толқынында молырақ, екіншісінде – азырақ түскендері қолайлы саналады.
Жемістік бүршіктердің мүшеленуі (дифференцациялануы) – бұл өсімдіктің жылдық айналымындағы маңызды кезең. Оның табысты өтуі өсімдіктерде көмірсуларының, ақуыздың, азоттың мол болуына және ауа температурасының қолайсыздығына (18-20оС) байланысты болады. Жемістік бүршіктердің қалыптасуы маусымның соңы – тамыздың басында басталады да екі-үш айға дейін созылады. Қолайлы жағдайда мүшелену қыс кезінде де өтуі мүмкін. Ерте гүлдейтін тұқымдықтар мен сұрыптарда жемістік бүршіктердің қалыптасуы ерте басталады және ерте аяқталады. Жемісті бұтақшаларда олар, жемістік шыбықшалармен немесе жапырақ қолтығындағы өсінді өркендермен салыстырғанда, ертерек мүшеленеді (бұл салынудың басталу мерзімі бойынша айырмашылығы 20-30 күнге жетеді). Міне, сондықтан бір өсімдікте әртүрлі жастағы және мүшеленудің әр сатысындағы гүлді бүршіктерді кездестіруге (байқауға) болады.
Ұлпалардың пісуі және жапырақтардың түсуі. Өсімдік жақсы қыстап шығады, егер қордағы заттары жеткілікті деңгейде және ұлпалары толық піскен болса. Өркендердің өсуінің тоқталуы және өнімнің жиналуы өз уақытында болса, өсімдіктің ылғалмен және қорекпен жақсы қамтамасыздандырылуы, күз айларында жылы құрғақ ауа райы – ұлпалардың жақсы жетілуінің және олардағы қор заттарының жиналуының кепілі саналады. Жапырақ түсе бастасымен өсімдік өсуі және дамуы үшін климаттың қолайсыздығынан өтуіне арналған қасиетіне – тыныштық күйге көшеді. Мұнда екі кезеңді ажыратады: күзде – терең тыныштық дәуірін, қыстың соңы мен көктемде – еріксіз (шарасыз) тыныштық дәуірі. Терең тыныштықтағы өсімдіктер қолайлы жағдайда да өспейді. Осы дәуірдің ұзақтығы өсімдіктің қысқа төзімділігін, ал оның тереңдігі – аязға төзімділік деңгейін анықтайды. Қазақстанның солтүстігінде алманың мәдени сұрыптарының терең тыныштық дәуірі ақпан-наурызға дейін созылады. Сонан-соң қажетті жағдай, ең бастысы, жылу болмауынан, өсу үдерісі өтпейді де, еріксіз тыныштық дәуірі басталады. Кейде наурыз-сәуір айларында байқалатын жылымықтар өсімдікте физиологиялық үдерістерді белсендіруі мүмкін. Нәтижесінде кейінгі төмен температуралар өсімдіктің ұлпасын жиі қатты жарақаттайды.
Тыныштықты агротехникалық тәсілдермен реттеу шектеулі, бірақ олар бар. Қазақстанның солтүстігіндегі күрт континентальды климатында, К.Д.Аяповтың (1993) болжауы бойынша, жеміс ағаштары өсуін уақытында аяқтауының және тыныштық кезеңге өтуінің маңызы өте зор көрінеді. Бұған бақты суаруды, тыңайтқыш беруді реттеу мүмкіндік береді. Жас бақтарда өсінді кезеңнің соңында суландыруды шектеу қажет және осы кезде азотты тыңайтқыштарды енгізбеу керек. Жеміс беретін бақтарда өсімдіктің қысқа жақсы дайындалуына өнімді уақытында жинау да әсер етеді. Өсінді кезеңі аяқталғаннан кейін, қыс алдында ылғалмен толықтыру үшін дымқылдық суармалау және минералды тыңайтқыштар, оның ішінде азотты тыңайтқышты енгізу ағаштардың жақсы қыстап шығуына ықпал етеді.
Көктемгі бозқыраулардан өнім шығынын азайтуда өсімдікті шарасыз тыныштық күйден шығуын тежей тұратын агротәсілдердің үлкен мәні бар: ағаштардың шеңберіне қар үю және оның үстіне сабан немесе басқа да материалдар тастау, отырғызу орнын дұрыс таңдау (солтүстік беткейлерде ағаштар өсуін, оңтүстікке қарағанда кешірек бастайды), ағаштарды әкпен жаппай сылау, физиологиялық белсенді заттарды пайдалану және т.т.
Бақылау сұрақтары:
Жеміс-жидек тұқымдарының ұзақ өсіршеңдігі және морфологиялық өсу ерекшеліктері?
Ағаштың топырақ үстілік бөліктері (дің, сүңгек, тамыр мойыны, өркен, буын)?
Жеміс-жидек өсімдіктерінің гүлдерінің морфологиясы және гүл шоғырларының түрлері?
Жеміс-жидектерінің тамырының морфо-анатомиялық құрылысының ерекшелітері?
Жеміс-жидек өсімдіктерінің өсуі, дамуы және жеміс салу заңдылықтарының негізгі кезеңдері?
Жемісті өсімдіктердің фенологиялық кезеңдері?
Дәріс № 4
«Жеміс дақылдарының тіршілігіндегі экологиялық себепшарттар»
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Жарық режимінің маңызы
2. Жылу режимінің әсері
3.Ауа-газ режимінің өсімдіктер өсуіне тигізетін әсері
4. Су режимі негізгі фактор ретінде
5. Қоректену режимінің маңызы
Жарық режимі
Жарық – жасыл өсімдіктердің органикалық заттарды (фотосинтез) қалыптастыруына қажет жағдай. Жарықтың ең басты және негізгі көзі – күн. Өсімдік үшін жарық сәулесінің ұзындығы 300-ден 400 нм мәні зор. Қысқа толқынды (ҚТ – 300-400 нм) және ұзын толқынды (ҰТ – 400 нм >) жылу радиациясын ажыратады.
Өсімдіктер үшін негізгі саналатын қысқа толқынды радиацияның шегінде ультракүлгінді (толқын ұзындығы 400 нм кем), физиологиялық (350-450 нм), оның ішінде фотосинтез жолын анықтайтын ФБР (380-710 нм) ажыратады. Түзілудің ультракүлгінді бөлігі айтарлықтай деңгейде С дәруменнің жиналуын, өсімдіктің суыққа төзімділігін және өсу сипатын анықтайды.
Күн сәулесі өсімдікке тік және шашыраңқы түседі. Тік сәуле өсімдікке параллель, негізінен сыртқы жапырақтарға және нағыз тал түсте түседі.
Шашыраңқы радиация күн сәулесінің атмосферадағы су буына, мұз кристалдарына, шаңға түйісіп шағылысуының нәтижесінде пайда болады. Шашыраңқы радиация күн көзіне қарсы тұрған жапыраққа ғана емес, көлеңкедегі жапырақтарға да түседі (жетеді). Ең көбірек шашырайтындар қысқа толқынды сәулелер (ультракүлгіндер, күлгіндер).
Тік және шашыраңқы радиацияның арақатынасы географиялық орынның еніне, бұлттылыққа байланысты болады және тәулік бойы өзгеріп отырады. Қыста шашыраңқы сәуле басым болады. Көктемгі күн сәулесінде ұзын толқын, жаз күніне қарағанда, басымырақ болады. Таңертең және кешке қарай қызыл сәуле молаяды және күлгін сәуле мен ФБР (фотосинтетикалық белсенді радиация) саны азаяды. Бір өлшем уақытта жазықтыққа тік (перпендикулярлы) келіп түсетін күн қуатының ағымын радиация пәрменділігі немесе сәулелену дейді және Дж/см2. мин., немесе Вт/см2 белгілейді.
Әдетте, іссанада жарықтану режимін сипаттау үшін, бір өлшем алаңға түсетін жарық ағымымен анықталатын жарықтылықты пайдаланады. Жарықтылықты люкспен өлшейді. Өсімдіктердің басым бөлігіне 20-30 мың люкстік жарық жеткілікті болады, егер өсімдіктер жеке-жеке орналасса, ал жинақы орналасқандарға ол жоғарырақ болуға тиіс. Салыстырмалы түрдегі жоғары жарықтылық өндірімінің сапасын жақсартуға, дәрмектердің көбеюіне, ағзалар үшін зиянды нитраттар мен нитриттердің төмендеуіне мүмкіндік жасайды. Жоғары жарықтылық (60-70 мың және одан жоғары люкс) өсімдіктің өсуін тежейді. Мұндай жағдайда жапырақ және жеміс бетінің температурасы өсімдік үшін бүлдірушілік шектен асады (жарық күйдіргі). Көктемде немесе ұзаққа созылған бұлыңғыр күндердің ашық ауа райына ауысқандағы, төмен жарықтанудың жоғарыға күрт ауысуы ерекше зиянды.
Жеміс өсімдіктерінің дерлік бәрі жарық сүйгіштер, жарық жеткіліксіз болса өнімділіктерін нашарлатады.
Өсімдіктің жарықтың жеткіліксіздігіне реакциясы көптеген жағдайларға байланысты болады: түрлік және сұрыптық қасиеттеріне, өсінді кезеңіне, жекелеген мүшелері мен оның бөліктеріне, кешенге қатысатын басқа да жағдайларға және т.т. Мысалы, тәттішие ағашы өте жарық сүйгіш, ал актинидия болса – көлеңкеге шыдамды өсімдік. Өсімдіктің гүлдеу кезеңінде жарыққа талабы, бүршік ату кезеңімен (табиғи тыныштық кезеңін айтпағанда) салыстырғанда өте жоғары. Бір өсімдіктің репродуктивті мүшелері, өсінділерге қарағанда жарыққа жоғары талап қояды.
Ағаштар жиі отырғызылса бойлап өседі. Мұндайда жарықтың жеткіліксіздігінен бөрікбас ішіндегі ұсақ бұтақшалар мен жемісті бұтақшалар солып қалады, бұтақтардың ұшы жалаңаштанады, жемістер тек олардың ұштарында ғана байланады; жапырақтары ұсақ, жұқа, ашық жасыл түсті болады, өркендер ұзарады, ал жемістері уақ және бояуы әлсіз келеді; жемістенуі бөрікбастың шетіне қарай ауысады.
Сирек отырғызылғанда, әр ағаш жақсы жарықтанғанда, бөрікбас аумақты (жалпақ) болады, бұтақтардың жалаңаштануы шамалы, өркендері жуанданып өседі, жапырақтары жалпақ, қою жасыл түсті, жемістері ірі, бояуы анық келеді.
Өсімдіктің өсуі және өнім қалыптастыруы жарықтанумен бірге күннің ұзақтығына да байланысты. Өсімдіктің күн мен түннің ауысуына реакциясын фотопериодизм деп атайды. Жеміс ағаштарын қатаң қысқа немесе ұзақ күннің өсімдіктеріне жатқызуға жемісшілердің негізі болмаса да, өсімдіктердің өсінді кезеңіндегі жарықтанудың ұзақтығы олардың өсуіне және дамуына елеулі әсер етеді. Мысалы, өрік пен грек жаңғағы нағыз оңтүстіктік дақыл болғанымен, Ленинградтың қысқа күнінде қосымша жарықтандырғанда ойдағыдай (табысты) өсе алады. Филогенездері солтүстік ендікте өткен қарақат, қарлыға, мүкжидек ТМД елдерінің ортаңғы алқабында ойдағыдай дамиды.
Жеміс өсімдіктерінің жазғы даму айналымында жарыққа деген талабы бірдей емес. Айталық, жаздың алғашқы жартысындағы ұзақ күн бүлдіргеннің мұртшаларының пайда болуына (ынталандырса) ықпал етсе, жаздың екінші жартысында күннің ұзақтығы кемігенде, гүл мүшелерінің қалыптасу үдерісі басталады.
Жеміс өсімдіктерінің ішінде пісте, зәйтүн, шабдалы, өрік, құрма пальмасы жарық сүйгіштер тобына жатады. Алма, алмұрт, тәттішие, грек жаңғағы жарыққа шамалылау талап қояды. Қарақат, қаражидек, көкжидек жарық жеткіліксіз болғанда да өсе алады. Есейе келе ағаштар мен бұталар жарық сүйгіш келеді. Өсімдіктердің көлеңкеге төзімділігі оңтүстікке, жарық сүйгіштігі солтүстікке қарай ауытқығанда арта түседі.
Бақтарда жарық режимін отырғызу жиілігін, бөрікбас пішінін және кесу деңгейі мен бұтақтың енкіштігін, сондай-ақ жер бедерінің әртүрлі әуелілері мен отырғызу кезінде қатардың бағытын таңдау арқылы реттеуге болады. Қорғаулы жерлерде (жылыжайда, әйнекжайда), тұқымбақтың егіс жалдарында немесе селекциялық егістіктердің кішігірім телімдерінде жарық ағынын жарым-жартылай басқаруға болады; күннің ұзақтығын қысқартуға немесе ұзартуға, көлеңкелеу немесе қосымша жасанды жарықтандыру көмегімен табиғи жарықтануды күшейту немесе әлсіздендіру.
Жылу режимі
Жеміс өсімдіктерінің барлық өсу және даму үдерісі айналаның белгілі бір температурасының режимінде өтеді. Өсу-даму кезеңіндегі жылудың жеткіліктілігін, белсенді температура жиынтығы бойынша жорамалдауға болады, ол өсімдіктің немесе сұрыптың талабына сай болуға тиіс. Қазақстанда өсірілетін жеміс-жидек дақылдарының басым бөлігіне белсенді температура болып 8,5-10оС саналады. Фенологиялық кезеңнің басым бөлігі (гүлдеу, жемісінің өсуі, өркендерінің жетілуі) үшін 15оС жоғары температура қажет.
Жылу жетпегенде жеміс өсімдіктерінің дамуы ұзарады, ағаш сүрегі жетіліп үлгермейді де, олар күзгі және ерте қысқы теріс температураға шынығу этапынан толық өте алмайды, нәтижесінде қысқа төзімділігі күрт төмендейді. Сондай-ақ жемісі пісіп үлгермеуі мүмкін.
Жылу тым мол болғанда (қоңыржай аймақтың жеміс дақылдары үшін 30-35оС жоғары) бүкіл тіршілік үдерістері бұзылады, ал одан да жоғары болғанда ағаштарда, жапырақтарда және жемістерде күйік пайда болады; жемістерінің өсуі және пісуі біркелкі болмайды; қабығының түсі және жемістерінің дәмі нашарлайды, олардың сақталғыштығы төмендейді. Жиі жемістердің жинауға дейін шашылуы және жеміс өсімдіктерінің зиянкестермен зақымдануы, ауруларға шалдығуы арта түседі. Температураның 55оС жоғары болуы өсімдіктердің опат болуына жетелейді. Алманың жазғы сұрыптарына жемісінің пісуі үшін 10оС жоғары температураның 1900оС жиынтығы қажет болса, қысқы сұрыптарына – 2200оС, күзгі-қысқыларына – 2300оС қажет.
Жеміс өсімдіктері жылуға гүлдеу және жемісінің пісу кезеңдерінде ерекше талап қойса, өркендерінің пісуі кезінде шамалылау. Жылудың тым көп болуын жидектілер мен алманың орталық орыстық сұрыптары және қоңыржай салқын ендіктерден тараған өсімдіктер ерекше сезінеді.
Сонымен бірге, жеміс өсімдіктерінің бірқалыпты өсуі және дамуы үшін қажет температураның жалпы саны ғана емес, сондай-ақ жеміс ағаштарының төмен теріс (қысқа төзімділігі) және жоғары оң (аптап ыстыққа төзімділігі) температураға төзімділігінің де маңызы зор.
Өсімдіктің аязға төзімділігі тұқымқуалаушылық ерекшеліктерімен анықталады. Мысалы, лимон ағашы – 5-тен-12оС температурада зақымданса, солтүстіктік алмаларының ағаштары -40оС дейінгі температураға шыдайды. Сондықтан аязға төзімді сұрыптарды шығару және оларды дұрыс жерсіндендіру (аудандастыру) – аязға төзімділікті көтерудің ең тиімді тәсілі. Жеміс өсімдіктерінің қысқа төзімділігінің маңызды шарты болып табиғи тыныштықтың тереңдігі және кезеңнің ұзақтығы саналады. Әдетте кезең неғұрлым тереңірек және ұзағырақ болса, соғұрлым өсімдік қысқа төзімдірек болады.
Өсімдіктердің ыстыққа төзімділігі де көбінесе олардың, эволюция барысында әр түрдің немесе экологиялық топтардың тіршілік ету ортасының жағдайының әсерінен қалыптасқан, тұқымқуалаушылық қасиеттеріне байланысты. Жеміс өсімдіктерінің арасында ыстыққа төзімділігімен субтропикалық және цитрусты өсімдіктер ерекшеленеді. Өсімдік шаруашылығы іссанасында ыстыққа төзімділікті арттыру, жас өсімдіктерді (көшеттерді) өзгермелі температурамен шынықтырудан басқа, өсімдіктерді кейбір химиялық дәрмектермен, оның ішінде, мырыш ерітіндісінің тұздарымен (0,05%) және бор қышқылымен (0,05%) өңдеу қолданылады.
Жеміс өсімдіктерінің жылуға ең талап қоятындарына субтропикалық дақылдар жатады. Олардың өсуі үшін 15оС жоғары 180-200 тәуліктік өсінді кезең қажет. Жаздық жылудың кемуіне қарай жаңғақтылар мен оңтүстіктік жеміс дақылдары былайша: шабдалы, өрік, беже орналасады. Талабы төменділер болып алма, алмұрт, алхоры, шие саналады, жидектілерден – таңқурай, қарақат. Жаздық жылуға талабы сұрпына да байланысты. Мысалы, алма мен алмұрттың қысқы сұрыптарына 15оС жоғары температура 115-125 тәулік қажет, ал жазғы сұрыптарына сәйкесінше – 80-90.
Қазақстанда жылумен қамтамасыз етілуіне қарай жеміс шаруашылығының оңтүстік, батыс және солтүстік аймақтары ажыратылады.
Бірақ айтарлықтай деңгейде кез келген текті немесе сұрыпты өсірудің тиімділігі көптеп қысқы кезеңдегі температураға байланысты. Ең көп және қауіпті зақымдануларды Қазақстанның солтүстігінің күрт қоңыржай жағдайында байқалатынын, жекелеген тектер мен сұрыптардың аязға шыдамдылығымен ғана байланыстырмай, сонымен бірге барлық алмасу үдерістерінің өзгермелі айнала жағдайына бейімделу қабілетімен де байланыстыру керек.
Қысқы зақымданулар бұтақтардың үсуіне, қаңқалы бұтақтардың солуына, қыстың ортасы мен соңында, күндізгі және түнгі температуралардың күрт алмасуы туындататын діңнің жарылуы және қабық пен камбийдің күюіне әкеледі. Қары аз жылдары, шынығуы кеш басталынатын, сондықтан ұлпалары қысқа нашар дайындалған, тамыр мойынының зақымдануы байқалады. Жеміс бүршіктері, өсінді бүршіктерге қарағанда жиірек зақымданады.
Жеміс өсімдіктерінің аязға ең әлсіз мүшесі – тамыры. Мысалы, орталық аймақтағы алмалардың мүшелері – 38-40оС дейінгі аязға шыдаса, ормандық алманың телітушісінің тамыры – 13-14оС зақымданады. Тәттішиенікі – 11-12, шиенікі – 14-15, қарлығанікі – 18оС зақымданады. Тамырлардың үсуі аязы ұзақ және қары аз қыстарда байқалады. Тамырлардың зақымдануы жиі қарсыз күзде, температура - 20-30оС төмендегенде байқалады. Осы кезеңде ағаштың айналасын көңмен, сабанмен және ағаш үгіндісімен жабындау (қымталау) тамыр жүйесін үсіктен жақсы сақтайды.
Агротехникалық тәсілдер өсімдіктің қысқа төзімділігін арттыруы немесе төмендетуі мүмкін. Өсімдіктің қыстап шығуында ерекше орынды, оны қысқа дайындауға – шынықтыруға көңіл бөлу керек. Өсімдікті шынықтыру ұлпаның пісуіне, пластикалық заттардың жиналуына, крахмалдың қантқа айналуына, жасуша шырынының концентрациясының артуына және протоплазманың тыныштық күйге өтуіне байланысты. Топырақты уақытында өңдеу және азотты тыңайтқышты бүршік ату кезеңінде беру жеміс өсімдіктерінің бірқалыпты жапырақтануына және жақсы өсуіне жағдай жасап, өз кезегімен қысқа қажетті пластикалық заттар қорымен қамтамасыз етеді.
Жылу жағдайының өте қолайлы деңгейін сәйкес шараларды (гүлдеу кезінде баққа түтін қою және жылыту, қыс түсер алдында топырақпен, шымтезекпен, көңмен қымтамалау, діңдерді және бұтақтарды әктеу, өркендерді кесу және өсімдіктің шынығуын күшейту үшін жаздың ортасында топырақты құрғату) қолданып жүргізу.
Қазақстанның солтүстігінде тектерді және сұрыптарды таңдау кезінде , төмен теріс температураға (- 40оС және одан да төмен), сондай-ақ қыстың басқа да қолайсыз жағдайларына, оның ішінде күндізгі және түнгі температураның күрт ауысуына шыдамдыларын таңдау керек.
Жеміс-жидек өсімдіктерінің дамуының барлық кезеңдерінен өтуіне жоғары агротехникалық жағдай жасау, олардың қысқа төзімділігін арттырады. Орман қорғау жолақтары жеміс өсімдіктерінің қыстап шығуын едәуір жақсартады.
Бақ салу орнын дұрыс таңдау, тектер мен сұрыптарды таңдап алу, Қазақстанның солтүстігінің жеміс шаруашылығы үшін өте маңызды рөл атқарады.
Ауа-газ режимі
Өсімдіктің тіршілік әрекетіне оттегінің, көмір қышқыл газдың және азоттың тікелей қатысы бар. Атмосфера ауасындағы олардың мөлшері 21; 0,03 және 78 % сәйкес.
Оттегі өсімдіктің тыныс алуына, әсіресе тамырларына және тұқым өнгенде қажет. Оттегі өсімдіктің барлық мүшелеріне (жапырақтарына, сабақтарына, тамырларына) еркін жететін болуы керек. Тамыр мен микроағзалардың бірқалыпты тіршілігі үшін топырақ ауасындағы оттегі мөлшері 10%-дан кем болмағаны дұрыс. Топырақтың ауалануының төмендеуіне шие, өрік, шабдалы, бадам ерекше сезімтал келеді.
Ашық жерлерде ауаның топыраққа келуі жиі шектеледі де, өніп келе жатқан тұқымның және тамырдың тыныс алуын қиындатады. Ауа алмасуын жақсарту үшін топырақты қопсытады, сонда тамырдың тыныс алуына мүмкіндік береді және бактериялардың тіршілік әрекеті күшейіп, топырақтан көмір қышқыл газының бөлінуі арта түседі. Қорғаулы жерлерде тамырды ауамен қамтамасыз етілуін жақсарту үшін жеңіл топырақты және төсемдерді (субстраттарды) пайдаланады және олардың тығыздалуын болдырмас үшін қопсытқыш материалдар қосады, қымталайды, қопсыту жүргізеді.
Биологиялық жылытудағы өсіргіш жайларда оттегі микроағзалармен пәрменді пайдаланылатындықтан, өсімдіктерде оттегі тапшылығы байқалуы мүмкін. Ауа-газ режимін жақсарту үшін өсіргіш жайларды желдетеді. Желдетумен бір мезгілде ауа-газ және жылу режимі ғана емес, топырақ-ауа ылғалдылығы да реттеледі.
Көмір қышқыл газды (СО2), фотосинтез үдерісінде органикалық заттарды құрастыру үшін өсімдіктер жапырақтарымен ауадан сіңіреді. Өсімдіктер үшін жеткілікті жарықтануда және температурада көмір қышқыл газының ауадағы оңтайлы мөлшері 0,15-0,30 % тең. Осындайда фотосинтездің пәрменділігі және өсімдік өнімділігінің артуы байқалады. СО2 мөлшері 0,01 % тең болғанда ассимиляция тоқталады. Топырақтағы СО2 (1% артық) молаюы тамыр мен тұқым үшін, әсіресе төмен температурада және ауаның келуі нашарлағанда, зиянды. Оттегіні молайту және СО2 азайту үшін, топырақты уақытында қопсытады.
Көмір қышқыл газының негізгі көзі болып, органикалық заттарды ыдырататын микроағзалардың тіршілік әрекетінің нәтижесінде ол пайда болатын, топырақ саналады. Осының нәтижесінде топырақ үстілік ауа көмір қышқыл газымен үздіксіз қанығып отырады. Бірақ өсімдік көмір қышқыл газын соншалықты пәрменді пайдаланатындықтан, күндізгі сағаттардағы оның жапырақтар арасындағы мөлшері өсімдік ағзасының толық қажеттілігін қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан топыраққа жақын ауадағы көмір қышқыл газының концентрациясын жасанды түрде молайтудың іссаналық маңызы арта түседі. Топырақ үстілік ауаның көмір қышқыл газының молаюы соғұрлым артады, неғұрлым топырақта органикалық заттар көп болса. Қарашіріндіге бай топырақтар сағат сайын 25 кг/га көмір қышқыл газын бөліп шығарады.
Өсімдікті көмір қышқыл газымен қосымша қоректендіргенде, олардың өсуі және дамуы жақсарады, жапырақтарының саны артады, олар ірілене түседі, жеміс салуы жеделдейді, өнімі артады. Өсімдіктер ауруларға және зиянкестерге төзімділікке ие болады. Топырақ үстілік ауадағы көмір қышқыл газының концентрациясын көң енгізгізіп немесе көңді жабынды ретінде қолданып және басқа да органикалық заттардың топырақта ыдырауынан бөлініп шыққан көмір қышқыл газымен арттыруға болады.
Ауаның ылғалдылығының да маңызы зор. Жаздағы ыстық жел ағаштың өсуін әлсіретеді, өнімді және жемістің сапасын төмендетеді, ал жас бақтарда тым құрғаудың нәтижесінде өсімдіктердің қурауы жиіленеді. Қыста қатты желде ағаштар аяздан зақымдануы мүмкін. Ауа тым ылғалды болғанда әртүрлі саңырауқұлақ аурулары тезірек дамиды.
Ауа режимін баққа орын таңдаумен және әртүрлі құрылымды бақ қорғағыш ағаштар отырғызумен реттейді.
Жеміс шаруашылығында ауадағы зиянды газдардың бар-жоғын ескеру керек: күкірт газының, күкірт ангидридінің, хлордың, қорғасынның. Бұлар үлкен қалалар маңайындағы, өндіріс және жол бойындағы ауада көбірек жиналады. Зақымға ұшыраған өсімдіктер өсуін тоқтатады, буынаралықтары қысқа келеді, жапырақтары тым қатты болады және төмен иіліп (эпинастия) тұрады. Зиянды заттардың канцерогенді және радиобелсенді бөлшектері жеміске өтеді және адам денсаулығына зиян келтіреді. Мұндай жерлерде бақты және жидектікті салуға болмайды. Бақ қорғайтын жолақтардың және бақтағы бөрікбас үстінен тұрақты жаңбырлатқаш қондырғылардың болуы қала мен өндіріс орындарының лас ауасынан қорғағыш болып саналады.
Су режимі
Су өсімдік тіршілігінде маңызды рөл атқарады және бірқалыпты өсуі мен дамуының алмастырылмайтын факторы саналады. Су протоплазма мен жасуша сөлінің (шырынының) құрамына енеді, қоректік ерітінділердің жылжуына мүмкіндік жасайды, барлық физиологиялық және биохимиялық үдерістерге қатысады.
Ағаштың әр бөлігіндегі судың мөлшері бірдей емес. Жапырақтарда және бұтақтарда су жалпы массасының 50-75 % тең болса, тамырда – 60-85 %, жемістің жұмсағында – 85 % және одан да артық болады. Судың мол мөлшерін өсімдік жапырақ бетімен транспирацияға (булануға) жұмсайды. Мысалы, алмұрттың биіктігі 1 м жас ағашы тәулігіне 6 л жуық су буландырса, ересек, биіктігі 16 м ағашы – 273 л жуық.
Жеміс ағаштарының, әсіресе жидектілердің суға деген талабы астық дақылдарымен салыстырғанда екі есе жоғары және булану пәрменділігіне байланысты 650-700 мм жылдық жауын-шашынға тең. Жеміс өсімдіктері 1 кг құрғақ зат қалыптастыруға 200-ден 500 кг дейін су шығындайды. Жемісі мол ағаштар жемісі төмендермен салыстырғанда суды молырақ талап етеді.
Жеміс ағаштары мен бұталардың, жаздың бірінші жартысында, жаппай гүлдеу және өркендері мен тамырларының күшті өсуі кезеңінде суға деген талаптарының артатыны байқалады. Осы кезеңде ылғал жеткіліксіз болса гүлдердің, жемістердің, жапырақтардың түсуі жиілейді, өркендер өсуін тежейді және тамыр жүйесі әлсірейді. Ал егер су жаздың екінші жартысында тапшы болса, жемістер уақытынан ерте піседі, шашылады, ассимиляция төмендейді, жеміс-жидек өсімдіктерінің тамыры мен топырақ үстілік бөлігінің аязбен зақымдану мүмкіндігі арта түседі. Жемісінің пісуі мен жапырақтарының сарғаюының аралығында жеміс өсімдіктері ылғалға талабын баяулатады. Осы кездегі артық ылғал өсуді ұзартады және сүрегінің жетілуін баяулатады, сондай-ақ өсімдік үшін қауіпті – екінші өсуін, тіпті гүлдеуін туындатуы мүмкін. Нәтижесінде өсімдіктің қысқа төзімділігі қатты нашарлайды. Шекілдеуікті жеміс ағаштарының екінші рет өсуі, әдетте, өсімдіктердің өсуін уақытынан бұрын тоқтатуға жетелейтін құрғақ жаздан кейін, ерте күзде түскен жаңбырдан немесе уақытынан тыс суландырудан кейін болады. Ұзақ уақыт су басып тұрса (ылғалданса), ағаштар өсе бастайды. Артық ылғалға шие, өрік, бадам өте сезімтал келсе, беженің тамыры ұзақ уақыттық су басуына шыдайды.
Бұдан басқа, артық ылғал жемістің жарылуына әкеледі, әсіресе, алхорыда, шиеде, тәттішиеде, жапырақ хлоразын туындатады, сүйектілерде шайырдың ағуына және ең алдымен ауыр топырақтарда және жер бедерінің төмен телімдерінде артық ылғалдың жиналуына жетелейді.
Ағашты жеміс өсімдіктері жидектілерге қарағанда суға азырақ талап қояды. Тамыр жүйесі топыраққа неғұрлым тереңірек бойласа, соғұрлым жеміс ағаштары құрғақшылыққа төзімді келеді.
Жеміс дақылдары құрғақшылыққа төзімділігі бойынша келесі ретпен орналасады (құрғақшылыққа азырақ төзімділерден төзімділерге дейін): беже, алма, алхоры, грек жаңғағы, тәттішие, шие, шабдалы, өрік, бадам, кәдімгі пісте, зәйтүн.
Ауа ылғалдылығының да маңызы зор. Ауадағы ылғалдың тапшылығына ерекше талап қойғыш болып цитрустылар, алхорының және алмұрттың еуропалық сұрыптары саналады. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 40 % төмендегенде қара қарақаттың, бүлдіргеннің, алманың, беженің, грек жаңғағының өсу жағдайы күрт нашарлайды. Ауа және топырақ ылғалдылығына шие, алша, тәттішие, өрік, бадам азырақ талап қояды. Қызыл қарақат қара қарақатқа қарағанда азырақ су талап етеді.
Жеміс ағаштары және жидек өсімдіктері үшін топырақтың оңтайлы су сыйымдылығы болып ТЕТСС-ның 75-80 % саналады.
Жеміс ағаштарын отырғызғанда су режимі топырақты күтіп-баптаумен, сондай-ақ бақ қорғағыш ағаштар, жел қайтарғыш (бұрғыш) құрылғылар, тоған, су қоймаларын жасаумен және суландыру жүйесін қолданумен реттелінеді. Ылғал артық болғанда кәріздер (дренаж) қолданылады. Дұрыс ауыспалы егіс, органикалық тыңайтқыштар енгізу де су режимін жақсартады.
Қыс түсер алдында, Қазақстанның солтүстігінің жеміс шаруашылығының міндетті тәсілі деп қарастырылатын, бақ топырағын сумен жақсы және тереңдетіп суландыратын дымқылдық суармалауды қарастыру керек.
Қоректену режимі
Өсімдіктердің жақсы дамуы, жемістенуі, тіршіліктерінің ұзақтығы, зиянкестерге, ауруларға және өсу ортасының қолайсыз жағдайларына төзімділігі топырақтың құнарлылығына және тыңайтқыштардың жүйесіне байланысты (тәуелді) болады.
Жеміс өсімдіктерінің бірқалыпты өсуі және дамуы үшін топырақта қоректік заттардың: азоттың, фосфордың, калийдің, кальцийдің, күкірттің, магнийдің, темірдің, сондай-ақ бордың, мырыштың, молибденнің және т.б. микрозаттардың жеткілікті мөлшері болуға тиіс.
Мысалы, азот жеткіліксіз болғанда өркендер мен тамырлардың өсуі кемиді немесе тоқтайды, гүлдеу мен жеміс байлау әлсізденеді, жапырақтары ерте түседі. Азот артық болғанда, өсуі тым күшейеді, гүлдеуі нашарлайды және жемістің пісу кезеңі ұзарады, реңі түссізденеді және жемістерінің сақталу мерзімі қысқарады. Фосфор жеткіліксіз болғанда жапырақтарда көгілдір және қызғылт дақтар пайда болады, өркендердің өсуі, тамырлардың бұтақтануы және жемістік өркендердің қалыптасуы әлсірейді. Калий тапшы болғанда сүңгектің, өркендерінің, бұтақтарының жуандануы кешеуілдейді, жапырақтары құрғайды, жемісі ұсақталады және пісіп-жетілуі баяулайды. Кальций тапшы болғанда сабақ беріктігі нашарлайды, өркеннің ұшы сынғыш келеді, гүлсабағы солады, шайыр ауруы пайда болады, жемісі шашылғыш келеді. Темір жеткіліксіз болса хлораздан зардап шегеді.
Танаптық дақылдармен салыстырғанда жеміс дақылдары калийді 4 есе көп, ал фосфорды 2-3 есе кем пайдаланады. Жеміс дақылдары топырақтан азотты, фосфорды және калийді 3,7: 1,0: 3,4 қатынасымен алып шығады. Өнімнің бір өлшем массасына қоректік заттардың ең мол мөлшерін жидек дақылдары сіңіреді, ең азын – шекілдеуіктілер. Жеміс өсімдіктерінің тамырларының терең бойлауына және ұзақ жылдар бойы өсірілетініне байланысты органикалық және минералды тыңайтқыштарды, оларды отырғызғанға дейін енгізудің маңызы өте зор.
Тыңайтқыштың оңтайлы мөлшесі отырғылардың түртегіне байланысты болады. Ағаштары тығыз отырғызылған қарқынды бақтарда әр гектардан 80-100 т өнім жинағанда жылда топырақтан 80-100 кг азот, 120-150 кг калий және 25-40 кг фосфор алынып шығады. Осыған қарап және тыңайтқышты пайдалану коэффициентін (60-80 % азот, 50-65 % калий және 15-30 % фосфор) ескеріп, әртүрлі өнімділікті жеміс отырғыларына минералды тыңайтқыштардың оңтайлы мөлшесін дәлірек есептеуге болады. Тез пісетін және жоғары өнімді қарқынды түртектердің тыңайтқышқа ықыласы жоғары болатынын ескерген жөн.
Қарқынды сұрыптың жас ағаштары алдымен азот тыңайтқыштарына ықыласты келеді.
Жеміс өсімдіктерінің бірқалыпты өсуі және жемістенуі үшін олардың күшті өсінді кезеңінде және артық жатындары шашылғаннан кейін жемісті бүршіктерін салуы үшін қорекпен жақсы қамтамасыз ету керек.
Жеміс өсімдіктерін өсіргенде топырақ қышқылдылығының деңгейін де ескерген жөн.
Қара қарақат пен қарлығаға қышқылдылығы шамалы (рН 4,6-5,7) топырақ жақсы саналса; алмаға, алмұртқа, алхорыға – сәл ғана қышқылданғаны (рН -6-7); шиеге, өрікке, бежеге – сәл сілтілісі. Қышқыл топырақтарда өсімдікте түзілу үдерісі тоқталады, қоректік ерітіндіде өсімдікке зиян келтіретін алюминий пайда болады. Қышқылдықты төмендету үшін топыраққа әктас енгізіледі. Қышқыл топырақтарға әктас енгізу олардың құрылымын жақсартады, пайдалы микроағзалардың іс-әрекетін күшейтеді, өнімді молайтады. Сонымен бірге әктасты тым артық енгізсе енгізілген тыңайтқыштардың фосфоры байланады да, өсімдіктер сіңіре алмайтын түрге айналады, бор мен марганецтің сіңімділігі кемиді. Топырақтың сілтілігі жоғары болса, топыраққа ғаныш енгізіледі.
Сонымен, жеміс өсімдіктерінің өсуі және дамуы үшін температура, күн сәулесі, газдық орта, су және минералды қоректік заттар – міндетті және бағасы бірдей, алмастырылмайтын факторлар болып саналады. Жоғары өнім алу үшін жеміс өсімдіктерін топырақ-климат жағдайының барлық кешенімен оңтайлы қатынаста қамтамасыз ету керек. Ең алдымен, тіршілікке қажет барлық факторлардың тиімділігін арттыратын, минимумдағы факторды күшейту керек. Қазақстанның солтүстігінде жеміс өсімдіктері ең алдымен суға тапшы. Өсімдік тіршілік себепшарттары (факторлары) өзара тығыз байланыста және ең жоғары тиімділігін жеміс өсімдіктеріне бірігіп әсер еткенде көрсете алады.
Бақылау сұрақтары:
1. Жарық режимінің жеміс-жидек өсімдіктеріне тигізетін әсері?
2. Жылу режимінің жеміс-жидек өсімдіктеріне тигізетін әсері?
3.Ауа-газ режимінің жеміс-жидек өсімдіктеріне тигізетін әсері?
4. Су режимінің жеміс-жидек өсімдіктеріне тигізетін әсері?
5. Қоректену режимінің жеміс-жидек өсімдіктеріне тигізетін әсері?
Дәріс № 5
«Жеміс өсімдіктерінің көбеюінің биологиялық негіздері»
Қарастырылатын сұрақтар:
Өсінді жолымен көбейту тәсілдері
Көгенсабақпен көбейту
Қалемшемен көбейту
Телумен көбейту
Микроклоналды көбейту
Телітуші мен телінушінің өзара әсері
Телітушіге қойылатын талаптар
Тұқымды және өсінді (клондық) телітушілер
Жеміс және жидек өсімдіктері жыныстық және өсінді жолымен көбейеді. Жыныстық жолмен тұқымынан көбейтіп алған жеміс өсімдіктері (сеппе көшет), тегі (генетикасы) жағынан бір текті болмайды және әдетте, аналық өсімдіктің белгілерін толық сақтамайды. Осыған байланысты жыныстық көбеюді жаңа сұрыптар шығару үшін селекциялық мақсатта және телітушіні өсіру үшін өндірістік жағдайда қолданады.
Өсінді жолымен көбею, яғни өсімдік бөлігімен көбейту, әдетте, ұрпақта тектік өзгерістер туындатпайды, себебі жаңа өсімідк қалыптастыруға, бөліну барысында аналық өсімдіктің белгілерін сақтайтын, тек өсінді жасушалар қатысады. Өсінді жолымен көбею өсінді жолымен көбейетін телітушілерді, өз тамырлы және телінген өсімдіктерді, сондай-ақ жидектілердің барлығын өсіргенде кеңінен қолданылады.
Өсінді жолымен көбеюдің негізінде өсімдіктің ұрпақ беруге (генерацияға) табиғи қабілеті, яғни жекелеген бөліктерден толық өсімдік дамитындығы жатыр. Бұл тәсілде бір өсімдіктен, оны қаншалықты бөлшектеуге болатын болса, соншалықты жаңа өсімдік алу мүмкіндігінің болуында. Өсімдікті өсінді жолымен көбейтудің кемістігі – вирустық аурулардың таралу мүмкіндігі және тамыр жүйесінің әлсіз дамуы. Дерлік барлық сұрыптар өсінді тәсілімен көбейтіледі: көгенсабақпен немесе сұлатпасабақпен, атпабұтақтармен, телумен және бұтаны бөлумен.
Өсінді жолымен көбейту тәсілдері
Жеміс және жидек өсімдіктерінің өсінді жолымен көбеюінің көптеген түрлері мен тәсілдері екі топқа бөлінеді: табиғи және жасанды
Жеміс шаруашылығында өсінді жолымен көбеюдің табиғи тәсілдерінен ең кең тараған тәсілдері болып мұртшаларымен, салбырап өскен бұтақтарының бүршіктерін тамырландырумен көбейту саналады.
Тамыр атпаларымен таңқурайды көбейтеді. Тамыр атпалары аналық өсімдіктердің көлбеулі тамырларынан қосалқы тамырлар өсіп шығуының нәтижесінде пайда болады. Өсіндеудің соңында мұндай өркендердің төменгі жағынан тамыр пайда болады, атпаларды аналық өсімдіктен бөліп алып жаңа плантация жасауға пайдаланады. Тамыр өркендерімен шиенің, алхорының кейбір түрлері көбейтіледі. Фундукта және қара жемісті шетенде өркендері сабақтан тарайды.
Жидекті өсімдіктерді бұтасын бөлумен көбейтеді. Бұтасын бөліп көбейтуді плантацияны жаңа жерге көшіргенде қарақат пен қарлығаға қолданады. Мұндайда қазып алынған бұтаны бөлгенде, әр қайсысында тамырлары мен бұтақтары болуын ескерген жөн. Бөлуді өткір балтамен немесе бақ қайшысымен (секатормен) жүргізеді.
Көбейтудің жасанды тәсілі көгенсабақтарымен (сұлатпаларымен), қалемшелерімен, телумен және меристеманың жасушаларымен (микроклональды көбейту немесе ұлпамен өсіру) көбейтуге бөлінеді.
Көгенсабақпен көбейту
Көгенсабақ (сабақтама) – тамырлану кезінде аналық өсімдіктен бөлінбеген (ажыратылмаған), топырақ үстілік сабақтың бүршіктері бар бір бөлігі. Тамырлануға арналған сабақтарды топыраққа түйрейді де, кейін үстіне топырақ үйеді. Тамырланған сабақтарды аналық өсімдіктерден бөліп алады, тамырлары бар бөліктерге бөледі және плантацияға отырғызады немесе көшетжайда 1-2 жылдай өсіріп, қалыптастырады. Сабақтамалардың тамырлануы үшін тұрақты жоғары ылғалдылық, қоңыржай температура және қоректік заттарға бай топырақ қажет.
Көгенсабақпен алманың және алмұрттың, жидек дақылдарының, кейде жүзімнің және басқа да дақылдардың клондық телітушілерін өсіреді.
Аналық өсімдіктерді доғалдандырып иіп, топыраққа түйрейді, үстіне топырақ үйеді, ұшын тіктейді. Өсінді кезеңнің соңына қарай иілген жерінде тамыр пайда болады. Аналық өсімдіктерден мықты бір көгенсабақ алады.
Ауалық көгенсабақтарды отырғызылатын материалдарды алу қиынға соққандықтан және саны да аз болғандықтан көшетжайларда қолданылмайды. Көгенсабақ алу үшін бұтақтың қабығын сыммен қысып байлайды немесе қабықты, ені 1,0-1,5 см сақинаға тіледі, жарғақтан (пленкадан) жең кигізіп, оның төменгі жағын жіппен тартып байлап, су құяды, жоғарғы ауызын жіппен орайды. Тамыр пайда болғаннан кейін бұтақты кесіп алады және тұрақты орнына немесе көшетжайға отырғазады.
Қалемшемен көбейту
Қалемше – аналық өсімдіктен бөлініп алынған, сабақтың немесе тамырдың бөлігі. Қалемшемен көбейту, қалемшенің төменгі жағында тамыры, жоғары ұшында сабақ қалыптастыруы жүретін жанданғыштыққа (регенерациялыққа) және қарама-қарсылыққа (полярлылыққа) негізделген. Жеміс шаруашылығында сабақтық және тамырлық қалемшемен көбейту көбірек қолданылады. Аналық өсімдіктердің бір жылдық қуатты өркендерінен алынған қалемшелер жақсы және тезірек жанданады. Қалемшелердің ұзындығы 18-20 см. Өркендердің ағаштануы деңгейіне қарай қалемшелер ағаштанған, ағаштанбаған (жасыл, жапырақты, шөптесін) және тамырлық болып бөлінеді.
Ағаштанған қалемшелермен қарақатты, қарлығаны, клонды телітушілерді, бежені, анарды, інжірді, шырғанақты, зәйтүнді және т.б. көбейтеді. Қалемшелерді күзде, жапырақтар түскеннен кейін дайындайды. Тамыр жатынының пайда болуын жеделдету үшін, өсуге ықпал жасайтын дәрмектермен өңдейді (1 л суға ерітілген 20-200 мг гетероауксин ерітіндісіне қалемшенің 2,5 см негізін 12-24 сағатқа батырып қояды), сосын топыраққа отырғызылғанша (көктемге дейін), жертөледе немесе үйме қар астында, дымқыл құмда, ағаш үгіндісінде 0-4оС ұстайды.
Көктемде қалемшелерді топыраққа, топырақ бетінде бір-екі бүршігі қалатындай етіп, отырғызады. Ылғалы мол ауыр топырақтарда, тамыр жайылу аймағында жылу және ауа режимін жақсарту үшін, қалемшелерді 45о жуық көлбеулей отырғызады. Қалемшелердің қоректену алаңы 70х10-15 см. Күзде қалемшелерді қазып алады. Тамырлану деңгейіне қарай сұрыптайды және қажетіне жаратады.
Ағаштанбаған (қатаймаған) қалемшелермен – ағымдағы жылғы қарқынды өскен өркендердің бөліктермен – қарақатты, қарлығаны, қара жемісті шетенді, шиені, алхорыны, дусенді, парадизканы, шабдалыны, алшаны, бежені көбейтеді.
Біреулерінде (шие, алхоры, шабдалы) қалемшелерді дайындаудың ең қолайлы мерзімдері өркендерінің қарқынды өсу кезеңіне (маусым) тұстас келеді; келесілерінде (беже, алманың өсінді тәсілімен көбейтілген телітушілері, еуропалық топтың қарлығасы) жасыл қалемшелердің оңтайлы пісіп жетілуі өркендердің қарқанды өсуінің соңында басталады; үшіншілерінде (қарақат) қалемшелерін бүкіл өсінді кезеңінде дайындауға болады. Жасыл қалемшелер ағаштанбағандарға қарағанда жақсы тамырланатындықтан, оларды көшетжайда жиі қолданады.
Қалемшелерді 2-3 буынымен, ұзындығын 8-10 см етіп дайындайды. Төменгі буынның жапырақтарын толығымен жұлады да, үстіңгілерінің – жапырақ тақталарының жартысын ғана. Қалемшелерді тамырландыру үшін қоректік заттарды беруді, төсем (субстрат) мен ауаның ылғалдылығын, сондай-ақ, оның температурасын (18-24оС) автоматпен реттейтін жылыжайларға отырғызады. Субстрат ретінде пайдаланады: құм + шымтезек, қиыршықтас + құм, шымтезек + құм + вермикулит немесе перлит. Ауаның ылғалдылығы өте жоғары (80-100%). Дұрысы өсімдіктердің үстінен, арнаулы құрылғылармен, тұмандату. Тұманда тамырланғаннан кейін өсімдіктер шынығудан өтіп, нәтижесінде біршама құрғақ ауаға және қарқынды жарықтануға бейімделеді.
Телумен көбейту
Өсімдіктерді телу, трансплантациялау – бір өсімдіктің бұтақшасын (қалемшесін) немесе бүршігін (көзшесін) екінші біреуіне апару (тасымалдау). Телу жүргізілетін өсімдікті телітуші өсімдік, ал телінетіндері – телінуші өсімдік деп атайды. Телу кезінде телітушінің камбийі мен телінушінің камбийі тығыз жанастырылады да, олар кейін толық жымдасады. Нәтижесінде бірқалыпты қызмет атқаратын өсімдік ағзасы пайда болады. Жеміс шаруашылығында телу (ұластыру) – жемістік дақылдарды өсінді жолымен көбейтудің маңызды тәсілдерінің бірі. Осыдан басқа, телуді телінетін көп жылдық өсімдіктердің сұрыптық ерекшеліктерін нығайтуға және сақтауға; белгілі бір топырақ-климат жағдайына тамыры бейімделмеген (аязға шалынғыш, мол ылғалға шыдамайды) телітушіні алмастыруға; телітушіні құндылау, аязға – қысқа төзімділеу, ауруларға, зиянкестерге төзімдіректерімен алмастырғанда; бойлап өсетін немесе бойлап өспейтін өсімдіктер қалыптастырғанда; өсуді не күшейткенде немесе баяулатқанда және өсімдіктің өміршеңдігін ұзартқанда; гүлдеудің және жеміс байлаудың басталуын жеделдеткенде; қабығы жарақаттанған өсімдікті емдегенде; әсемдік және көлбеу өсетін бөрікбас қалыптастырғанда қолданады.
Телудің алуан түрлі жүздеген тәсілі болғанымен, өндірісте тек 10-15 қолданады. Бір жіктеме бойынша телудің барлық түрлерін негізгі екі топқа бөледі: көзсабақтау – бүршігімен (көзшесімен) телу және қиыстыру – бірнеше бүршігі бар қалемшемен, кейде бұтағымен телу. Жеміс шаруашлығында кең қолданылатын басқа бір жіктеу бойынша былай бөледі: көзсабақтау, қалемшемен телу, сыбызғы тәріздендіріп (бүршігі бар қабығымен), жанастырумен (аблактировка – бұтақтарды өсіп тұрған ағаштарынан кесіп алмай, тұрған жерлерінде бір-бірімен байланыстырып, ұластыру немесе телу әдісі), өне бастаған тұқымды телітушінің қабығының ішіне орналастыру әдістерін.
Қысқы, көктемгі және жазғы телуді ажыратады. Қысқы телуді өсіндінің тыныштық кезеңінде, әдетте, қыстың екінші жартысында, үй-жайда жүргізеді.
Көктемгі телуді климат жағдайына байланысты наурыздан маусымға дейін жүргізеді, жазғыны – маусымнан қыркүйекке дейін. Телітушінің қабығының астына телуді, оның ішінде көзшелеуді, қабықтың жеңіл сыдырылуын қамтамасыздандыратын камбийдің белсенді іс-әрекеті кезінде жүргізеді, ал басқа тәсілдер сәл ертерек мерзімде қолданылады.
Көзшелеу – жеміс дақылдарын тұқымбақта көбейтудің кең қолданылатын тәсілі. Көзшелеуде телудің басқа тәсілдерімен салыстырғанда еңбек өнімділігі, тіршілікке бейімделуі жоғарырақ, орындалуы оңайырақ (қарапайымдау), қалемше азырақ жұмсалады, телінушінің берік бітісуін және оның жақсы өсуін қамтамасыз етеді, телу кезіндегі жарақаттары тезірек жазылады. Телітушіге көзшелеуді оның тіршілігінің бірінші жылы көктемде, жазда және жаздың аяғында – күздің басында жүргізеді. Көктемде көзшелеуге өткен жылғы қалемшелер қолданылады. Телінген бүршіктер 15-20 тәуліктен соң өне бастайды. Міне, сондықтан, оны «өне бастаған бүршікпен» көзшелеу деп атайды. Мұны өсінді кезеңі ұзақ оңтүстікте, әсіресе тез өсетін сүйекті тұқымдықтарда, қолданады.
Жазғы көзшелеуге бүршіктері келесі көктемге дейін тыныштықта («бұйыққан бүршікпен» көзшелеу) болатын ағымдағы жылдың қалемшесін қолданады. Бұл Қазақстанның кез келген ауданындағы жеміс шаруашылығында қолданылатын негізгі тәсіл.
Қалемшелері ерте жетілетін тұқымдықтар мен сұрыптарда көзшелеуді бірінші жүргізеді. Аса жас және әлсіз дамыған телітушілерді, ересек және мықты өсімдіктерден кешірек телімдейді. Көзшелеуді, суық түскенше солтүстік аймақта 5-тамызға, оңтүстікте 15-қыркүйекке дейін аяқтау керек.
Телітушіні көзшелеуге дайындауға ерекше көңіл бөлінеді. Олардың ішінде бастысы болып – қабықтың жақсы сыдырылуын қамтамасыздандыратын және көзшелеудің табысты өтуіне ықпал ететін, телітушілердегі камбийалды белсенділігінің жоғарылығы. Бұған топырақта ылғалды мол жинаумен, құрғақ кезде суландырумен, аурулар мен зиянкестерді жоюмен қол жеткізіледі, себебі жарақаттанған өсімдіктердің қабығы нашар сыдырылады. Нәзік және созылмалы қабық болуы үшін түптелген телітушілердің топырағын көзшелеуден бір күн бұрын немесе көзшелеу күні аршиды. Сонымен бірге көзшелеуге кедергі келтіретін сүңгектің төменгі жағындағы бұтақтарды аластайды. Түптеу жүргізілмеген телітушілерде бұл бұтақтар көзшелеуден 2-3 апта бұрын аластатылады. Қатты ластанған сүңгектерді көзшелеу алдында таза сумен жақсылап жуады немесе дымқыл шүберекпен мұқият сүртеді. Көзшеленетін қалемшелерді жеміс берген ағаштың бөрікбасының жақсы жарықтанған жерінен және шетжағынан дайындайды. Қалемшелері жақсы жетілген, ұзындығы 30-40 см, жуандығы 6 мм кем емес, бүршіктері жақсы қалыптасқан болғаны жөн. Қалемшелерді дайындауды көзшелеудің қарсаңында немесе көзшелеу күні (таңертең немесе кешке қарай) жүргізеді. Жетілген өркендерде, қалқанды қыстыруға қолайлы болу үшін жапырақ сабағының 6-10 мм қалдырып, жапырақ тақталарын, бөбешік жапырақтарын және әлсіз дамыған бүршіктің жетілмеген ұштарын тез аластайды.
Телітушідегі көзшелеудің орнын таңдағаннан кейін, қалқанды бүршігімен отырғызу үшін, қабықта Т тәрізді тілік тіледі. Алдымен телтушінің діңінің 1/3 бөлігіндей етіп көлденең тіледі, кейін қалқанның ұзындығынан 0,5 см қысқарақ, көлденең қиықпен қосылғанша, тілік тіледі. Тілікке бүршігі бар қалқанды орналастырады. Қабық нашар сыдырылатын болса, оны пышақтың сүйекшесімен ашады. Көзшесі бар қалқан құрғамас және телітушіге тығыз жанасуы үшін, телімді жедел байлайды (жөкемен, полихлорвинилді жарғақпен, зығырдың, кенептің және қарақурайдың талшығымен). Бұл жұмысты көзшелеумен жұптасып жұмыс атқаратын байлаушы орындайды.
Қалқандардың құрғауына жол бермеу үшін байлаушы көзшелеушіден 5-6 телімдеуден кешікпегені дұрыс. Жарғақты ені 8-10 см, ұзындығы 20-30 см етіп таспалап тіледі. Байлауды тілінген жарты айшықтан сәл жоғарырақ жүргізеді. Әр кейінгі орам алдыңғы орамды сәл басып оралады. Байлау тығыз және қалқанды құрғаудан қорғайтын болуға тиіс. Бүршікке дейін екі-үш, бүршіктен кейін үш-төрт орам оралады да, төменгі жағында таспа күрмеленеді. Сүйектілерде бүршік ашық қалдырылады, себебі жаппай байлау оны қысып тастайды да, жиі солуға әкеледі. Көндігіп бекіген қалқандардағы жапырақ сағақтары оңай түседі, бүршік пен қабық бүріспеген (әжімделмеген), қалыпты түсте болады; көндікпегендерден сағақ ажырамайды, қалқанның жапырағы мен бүршігі солады, бүріскен, лас-сұрғылт түсті. Көзшелеуден 12-15 күн өткеннен соң көзшелеуді тексереді. Көзшелері қураған өсімдіктерге таспа байлайды немесе ұшын сындырады және қайтадан көзшелейді, ал көндіккендерінің байлауын босатады, себебі діңнің жуандауына байланысты олар жиі қатты керіледі. Байлау жібі телітушінің діңіне батса, оны қайталап байлайды. Қуатты өсетін сүйекті тұқымдықтарда және оңтүстікте, байлауды босатады және 2-3 рет қайталап байлайды. Қоңыржайлы климатта және қар аз түсетін аудандарда, көзшенің үсуіне жол бермес үшін көзшелегендерін түптейді, ал құрғақ аудандарда күз құрғақ болса шамалап дымқылдық суармалауды қолданады.
Қиыстыру қарапайым және жақсартылған болады. Бұл тәсіл тұқымбақтарда телітушілері мен телінушілердің жуандығы бірдей болғанда және бақтарда ағаштардың бір-екі жылдық бұтақтарын қайталап көзшелегенде қолданылады. Қарапайым қиыстыруда телітушінің ұшында және телінушінің төменгі жағында, телітушінің жуандығынан 3-5 есе артық болатындай етіп бірдей ұзындықтағы қиғаш қиықтар тілінеді. Содан кейін телінушіні телітушіге жанастырады да,тіліктерді біріне-бірін беттестіріп, екеуінің камбийлерінің тұстасуын байқайды. Телітуші мен телінушінің қиықтары тегіс және таза болуға тиіс. Жақсартылған қиыстыруда телітуші мен телінушінің қиықтарында үшкір және жұқа ұштарынан 1/3 қашықтығында бойлап тілшелеп тіледі. Осыдан кейін қалемше мен телітушіні түйістіргенде «тілшелер» бірі-бірінің ішіне сұғылуы тиіс. Осыдан кейін телінген жерді байлайды да, сыртынан бақ нұмын жағады. Жабыстыра телуді телітуші телінушіден жуан болғанда қолданады. Мұндайда телітушіні түбірлеп сәл еңкіштеу кеседі. Түбірдің сәл биіктеу жағынан, астынан үстіне қарай, сүрегін ала тілік тіледі. Қалемшеде ұзындығы мен ені телітушінің тілігімен үйлесетіндей, жиі тілшелеп немесе мінгестіре (кертпелеп) қиық жасайды. Бүйірлік тілікке телуді, ұзындығы 10-15 см етіп тілінген сояуға (тікенге) отырғызғанда қолданады. Қиықтауды телітушіге пышақты тіктеп, 10-12о бұрышпен тіледі. Тілікке бір қыры екіншісінен 1,5-2 есе ұзынырақ етіліп дайындалған екі қырлы сынаманы орналастырады.
Жақындастырып немесе байланыстырып телу камбийіне дейін жалаңашталған телітуші мен телінушіні тығыз байлаумен орындалады. Телітуші телінушімен көндігіп бітіскенше аналық өсімдіктен ажыратылмайды (кесілмейді). Жақындастырып телуді жиі жылыжайларда құмыра өсімдіктерін пайдаланып, кейде бақтарда, айталық, көршілес ағаштардың бұтақтарын қалпына келтіргенде және оларды қиғаштап пальметтендіріп қалыптастырғанда немесе мангоны көбейткенде қолданады. Телітуші мен телінушінің қабығын ағаш сүрегін қоса 4-5 см етіп кеседі де, кесінділерді жалғастырады және бұтақтарды жарғақпен орайды.
Өне бастаған тұқымдармен телу. Бұл тәсілде қалемше орнына өне бастаған тұқымның тұқым астылық иіні мен тамыршасын телітушінің қабығының ішіне орналастырады.
Іссанада көптеген басқа да телу тәсілдері қолданылғанымен, олардың бәрі, әдетте, жоғарыда сипатталынғандардың түрі өзгергендер екенін білген жөн.
Микроклоналды көбейту
Клональды микрокөбейту – бұл ұлпалар мен жасушаларды өсіргенде, жыныссыз жаппай көбейту. Нәтижесінде пайда болған өсімдіктер бастапқыға (негізгіге) тектілігі жағынан ұқсас болады. Клональды микрокөбейту өсімдікті өсінді тәсілімен көбейтумен салыстырғанда бірқатар артықшылыққа ие: көбею еселігінің жоғарылығы; өсімдіктерді вирустар мен ауруқоздырғыш микроағзалардан сауықтыру; селекциялық үдерістердің жеделдеуі; өсінді жолымен көбеюі қиын немесе көбеймейтін өсімдікті көбейтуі; отырғызу алаңын және отырғызуға қажет материалдарды үнемдеу; жас өсімдіктерді алу (кәрі дараларды жасарту); даму айналымында тыныштық кезеңі бар өсімдіктің жыл бойы өсуін қолдану; өсіру үдерісін автоматтандыру мүмкіндігі.
Клональды микрокөбейтудің әдістері өте көп (В.С.Шевелуха және т.б., 2003). Өсімдікті микроклональды көбейткенде пайдаланылатын негізгі әдіс – бұл ұштық (апикалдық) басымдылықты (доминанттықты, бүйірлік өркендердің ұштық бүршіктерінің өсуін, ұштық меристемалар өндіретін гормондармен басу құбылысы) тыюға негізделінген – өсімдіктегі бар меристеманың (мүшеленбеген-дифференцацияланбаған жасушаларының белсенді бөлінетін құрастырғыш ұлпалары) дамуын белсендендіру. Бұған сабақтың жоғарғы меристемасын аластатумен және кейін гормонсыз ортада in vitro (пробиркада) жағдайында ұсақ қалемшелеумен; толып жатқан қолтықтық өркендердің дамуына тітіркендіргіш әсер ететін цитокинин түртекті заттарды (канетин, зеатин) қоректік ортаға қосумен жетуге болады. Бұл тәсілмен жеміс және жидек өсімдіктерін (алма, алхоры, шие, алмұрт, жүзім, таңқурай, қарақат, қарлыға және т.б.) көбейтеді.
Екінші әдіс – бұл қосалқы бүршіктердің эксплант (өсірілетін) жасушаларында тікелей пайда болуын тітіркендіру. Ол өсімдіктің оқшауланған бөлігінің қолайлы жағдайда жетпеген мүшелерін қалпына келтіру қабілетіне негізделінген, сонымен, бүтін өсімдікке дейін жетіледі. Апикалды меристеманы өсіруге негізделінген бүлдіргеннің клональды микрокөбейту технологиясы жеткілікті түрде жақсы дайындалған.
Үшінші әдіс – өзінің сыртқы түрі бойынша зиготалық ұрыққа ұқсас, соматикалық жасушаларынан ұрық тәрізді құрылымының мүшеленуіне (дифференцациялауға) негізделінген. Бұл әдіс соматикалық эмбриогенез деп аталады. Ұрықтардың in vitroда in vivo-дан (табиғи жағдайда) пайда болуындағы негізгі айырмашылығы, соматикалық ұрықтың ұрықтанбай, ұрықтық қаптан тыс дамуында және өзінің сыртқы түрі бойынша, сабақ пен тамырдың апикалық (ұштық) меристемаларының дамуы бір уақытта өтетін, қосполярлы құрылымды еске түсіреді.
Қазіргі кезде жүзімді көбейтуге пайдаланылады.
Төртінші әдіс – алғашқы және ауыстырмалы отырғызылатын каллустық ұлпаның қосалқы бүршіктерінің мүшеленуі (дифференцациялануы). Бұл әдіс зарарсыздалынған қоректік ортадан отырғызылатын жасанды материалдарды алу үшін аз пайдалынады. Бұл каллустық ұлпаны әлсін-әлсін жаңа қоректік ортаға қайталап отырғызғанда микрокөбейту үшін қолайсыз құбылыстардың байқалуымен байланысты: өсірілетін жасушалардың плоидтығының өзгеруі, хромосомалардың құрылымдық қайта құрылуы және тектік (гендік) өзгерулерінің (мұтантарының) жиналуы, өсірілетін жасушалардың морфологиялық әлеуетінің жоғалуы. Бұл әдістің артықшылығы да бар: экономикалық тиімділігі, ұлпаларды көбейтуде (кейбір жағдайларда) мүмкін жалғыз тәсіл бола алатынында; селекционерлер үшін үлкен қызығушылық тудыратындығында.
Клональды микрокөбейтудің басты артықшылығы – ол тектілігі таза, вируссыз отырғызатын материал алынатыны. Отырғызылатын материалды сауықтыру, алдын ала бастапқы өсімдіктерге термотерапияны, немесе хемотерапияны пайдалану жолымен жүзеге асырылуы мүмкін. Термотерапия әдісі ыстық құрғақ ауаны пайдалануды қарастырады. Термотерапияны меристеманы өсірумен бірге қолдану бүлдірген өсімдігінің 90 % сауықтыруға мүмкіндік береді, қара және қызыл қарақаттың – 25, таңқурайдың – 50 %. Өсімдіктерді вирустан тазартуға қолданылатын келесі тәсіл – хемотерапияда ұштық (апикалдық) меристемалар өсірілетін қоректік ортаға вирозол дәрмегінің 20-50 мг/л қосуға негізделеді. Хемотерапияның оң нәтижесі алхорыда, тәттішиеде, таңқурайда байқалған. Отырғызылатын материалдарды термо және хемотерапия әдістерімен вирустан сауықтандыру экономикалық жағынан тиімділігі шамалы. Сондықтан қазіргі кезде трансгеноз әдісімен (өсімдіктер жасушаларына әртүрлі тәсілдерден көмегімен бөтен гендерді апару үдерісі) вирусқа төзімді өсімдік түрлері жасалынуда.
Телітуші мен телінушінің өзара әсері
Ұластырылған жеміс ағаштары телітуші мен телінушіден тұрады да, өсімдікте әртүрлі іс-әрекет (қызмет) атқарады, сонымен бірге олар жеміс ағашының сипатын анықтайтын, зат алмасуы ортақ бір өсімдік құрастырады. Телітушінің тамыр жүйесі арқылы телінген өсімдіктің топырақпен байланысы жүзеге асырылады және минералды қорекпен, сумен қамтамасыздандырылады.
Ұластырумен көбейткенде телітуші телінушінің өсу қуатына және жеміс салуының басталуына, оның тіршілігінің ұзақтығына, өнімнің мөлшеріне және жемістердің сапасына, өсу мерзімінің аяқталуына, жапырақтарының түсуіне және сүрегінің жетілуіне, демек, аязға төзімділігіне, телітушінің зиянкестерге, ауруларға және топырақ-климат жағдайының қолайсыздығына төзімділігіне әсер етеді. Телітуші ағаштың топыраққа берік бекуіне әсер етеді.
Бойлап өспейтін телітушілер телінген сұрыптардың ағаштарының көлемін кемітеді және жеміс салуын жеделдетеді. Қысқа төзімді телітушілер телінген өсімдіктердің қолайсыз жағдайларда төзімділік қабілетін арттырады, құрғақшылыққа төзімділері – сумен қамтамасыздандырылудың кемшіліктеріне, тұзға төзімді телітушілер, телінушіге уландырғыш әсер ететін хлор иондарының айтарлықтай көлемін сіңіре алады. Хлор иондарының ұлпада артық жиналуы жапырақтардың хлорозын туындатады.
Ергежейлі телітушілерге телінген сұрыптар жеміс салуға ерте кіріседі, жемістерінің сапасы жақсарады, бойшаң телітушілерге қарағанда бұлардың өміршеңдігі аздау. Телінушідегі телітушінің әсерінен болатын өзгерістер тұқымқуалаушылық сипатта болмайды және телінушіні басқа телітушіге көшіргенде сақталмайды.
Телінуші өз кезегімен телітушіні ассимиляция өнімдерімен қамтамасыздандырады және осымен тамырлардағы өсу үдерістерін реттейді, тамыр жүйесінің құрылысына (архитектоникасына) әсер етеді. Телінуші тұқыммен және өсінді жолымен көбейтілген телітушілердің көк жиектік (горизонтальдық) тамырларының жаңадан тамыратпаларын қалыптастыру қабілетіне ықпал етеді.
Ұластырған өсімдіктің тіршілігінде телітуші шешуші рөл атқарады. И.В.Мичуриннің бейнелеп айтуы бойынша, телітуші – жеміс ағашының негізі (іргетабаны, ірге тасы).
Ұластыру түр егінде жүргізілсе, әдетте жемісті болады. Түраралық біршама қиындырақ және тұқымдастар шегіндегі туыстарда одан да күрделірек. Түрішілік, түраралық және кейбір жағдайларда туысаралық ұластырылулар жеміс өсімдіктерін көбейткенде өндірістік маңызға ие. Айталық, сұрыптық шиені қышқыл шие немесе алша екпесіне, үй алшасының екпесіне телу – түрішілік телулер. Түраралық телулер – алхорыны алшаға, шиені тәттішиеге немесе магалеб шиесіне телу. Туысаралық телу сүйектілер арасында жиі кездеседі – алхорыны өрікке және керісінше, шабдалыны алхорыға, алхорыны құм шиесіне, сондай-ақ шекілдеуіктілерде: алмұртты бежеге.
Тұқымдастар арасындағы телулер өте сирек, ал телу сәтті болған жағдайдың өзінде де өсімдіктің тіршілігі ұзақ болмайды. И.В.Мичуриннің лимонды алмұртқа телігені белгілі (ұластырылған өсімдік 4-5 жыл тіршілік еткен).
Б.Г.Матаганов пен К.Д.Аяпов (1997), телітуші мен телінушінің сәйкестілігін әр нақты жағдайға байланысты бағалау керек дейді. Алма ағашына алманы телу кең қолданылады. Бірақ алма ағаштарының барлық түрлері өзара сәйкес келе бермейді. Қазақстанның солтүстігінде жергілікті сұрыптар жинағы (ранеткалар, жабайылаулар) үшін негізгі телітуші болып, осы сұрыптардың шығарылуына қатысқан, сібірлік алма ағаштары саналады. Сонымен бірге бұл телітушіге, шығарылуында басқа түрлер қатысқан оңтүстік топтың сұрыптарын телу сәтсіз аяқталады. Алманың оңтүстік сұрыптарын алхоры жапырақты алма екпесіне (китайка) телігенде сәйкессіздік жиі байқалады.
Аласа телітуші ретінде пайдаланылатын алмұрттың бежемен сәйкестілігінің арақатысында, телітушінің және телінушінің сұрыптық ерекшеліктері күрт байқалады. Беженің А, В және С клондарының алмұртпен сәйкестілігі ең жоғары, ал Д, Е, Г түртектес клондар бұл мақсатқа тіпті де жарамайды. Мәдени сұрыптардың біреулері бежемен жақсы сәйкестес болса, екіншілері – жеткіліксіз, үшіншілері – толығымен сәйкессіз болады.
Түраралық және туысаралық ұластырулар жиі сүйектілерде сәтті болады. Жиі алхорыны, өрікті және шабдалыны өзара ұластырады. Бірақ алхорыны өрікке ұластырғанда нәтижесі жақсы болады, өрікті алхорыға ұластырғанмен салыстырғанда. Жақын туыстарды – өрік пен бадамды ұластыру өте қиын. Құм шиесі шиенің басқа түрлерімен, сондай-ақ алхорының түрлерімен, өрікпен және шабдалымен сәйкеспейді. Шие тәттішиеге жақсы ұластырылады, ал тәттішие шиеге – қиын.
Телітуші мен телінушінің сәйкессіздігін туындататын себептер осы уақытқа дейін толық айқындалынбаған. Сәйкессіздіктің биологиялық мәні топырақ үстілік бөлік пен тамырлардың арасындағы заттар алмасуының бұзылыуымен байланысты.
Телітуші мен телінушінің тұрақты көндігіп бітісуіне ұластырушы бөліктерді дәлелді таңдаумен қол жеткізуге болады. Сәйкес комбинацияларды тәжірибе жүргізе отырып таңдап, телітуші мен телінушінің жақсы сәйкестілігіне жетуге болады.
Телітушіге қойылатын талаптар
Жоғары өнімді бақ салуда телітуші үлкен рөл атқарады. Өндірістік мәнге, өздерін пайдаланатын ауданның табиғи жағдайына жақсы бейімделген және бақ салынған жерінің жағдайына төзімділігі жоғары, өздеріне телінген сұрыппен көндігіп бітісетін, ұзақ өміршеңдікті, тез пісушілікті, жоғары өнімділікті және өсімдігінің тұрақты өнімділігін қамтамасыз ететін телітушілер ғана ие болуы мүмкін.
Телітушілердің тұқымнан және өсінді тәсілдермен жеңіл және тез көбейе алатынын, тарамдалған тамыр жүйесін дамытуын, отырғызылғанда тез жерсінуін, отырғызылған жылы көзшелеуге дайын болуын және телу кезіндегі атқарылатын жұмыстарға жайлы (қолайлы) болуының (тікенектерінің болмауы, қабығы әрі жұқа, әрі тез сыпырылатындығы, телуге ұзақ уақыт жарамдылығы), өздеріне телінген сұрыптардың бітісуінің жоғары деңгейіне жететіндігін және олардың түқымбақ жағдайында бір қалыпты өсе алуын стандартқа сай екпелердің мол алынуын қамтамасыз етуінің маңызы зор.
Телітушілер, кейін көбейту және қалыптастыру телімдерінде материалдардың біртектілігін қамтамасыздандыратын, сұрыптау жүргізуді жеңілдететін, жұмысты бір уақытта жүргізуге, оларды механикаландыруға, сондай-ақ танапты босатуға мүмкіндік беретіндей бір тектес болуы керек.
Осы талаптарға сай келмейтін телітушілер өндірістен ығыстырылады немесе қажетті алмастырғыш болмаса олардың таралуы шектеледі.
ТМД елдерінің тұқымбақтарында жеміс тұқымдықтарының екпелерін өсіруге 40-тан астам телітушілер пайдаланылады. Өндіріс міндетіне байланысты бір тұқымдыққа әртүрлі телітушілер пайдаланылуы мүмкін.
Тұқымды және өсінді (клондық) телітушілер
Жеміс шаруашылығында қолданылатын телітушілер шығу тегі бойынша – жабайы өсетіндер, жартылай мәдениленген және мәдениленген түрлер болып ажыратылады; өсу қуаты бойынша – бойшаң және аласа өсетіндер; көбею тәсілі бойынша – тұқымды және өсінді (клонды).
Клонды телітушілердің бақтары топырақ құнарлылығына және күтіп-баптауға жоғары талап қояды. Клонды телітушілердің кейбіреулерінің көңіл қоярлық кемшілігі – саяз тамырлануы және тамырларының жеңіл сынғыштығы, нәтижесінде ағаштарын түбірімен қопаруды талап етеді немесе олардың қисаюына әкеледі. Қазақстанның солтүстігінде аласа өсетін телітушілердегі ағаштардың тамырлары, топырақ бетіне жақын орналасатындықтан қыста аязға шалдығады.
Клондық телітушілер дерлік оңтүстіктен тарағандар. Олар негізінен Молдавияда, Қырымда, Қап тауында, АҚШ-та көбірек тараған. Одан басқа клондық телітушілердің селекциясымен Польшада, Германияда және т.б. елдерде айналысады. Клонды телітушідегі бақтар Қазақстанда да жемісті дамуда. Қазақстанда аласа өсетін телітушілердегі отырғызылатын материалдар Алматы, Жамбыл облыстарында жолға қойылған.
Қазіргі кезде әлемдік жеміс шаруашылығында клондық телітушілерді араб санымен №1, №2 және т.т. белгілеу қабылданған. Өсу қуаты бойынша (В.И.Будаговский, 1976) телітушілердің 6 тобы бар: өте ергежейлілер (ағаштың биіктігі 2 м дейін); ергежейлілер (2-3 м); жартылай ергежейлілер (3-4 м); орташа бойшаңдар (4-5 м); бойшаңдар (5-7 м, өсу қуаты бойынша тұқымды телітушілердегі ағаштарға ұқсастар) және өте бойшаңдар (7 м-ден асатындар). Әлемдік жеміс шаруашылығында алманың клондық телітушілерлі кең қолданыс тапқан. Алмұртқа аласа өсетін телітушілер ретінде кәдімгі беженің, прован бежесінің жекелеген телітушілері қолданылады.
Соңғы жылдары ТМД-ы, АҚШ, Англия, Франция және т.б. елдерде сүйекті дақылдардың клонды телітушілерін іздестіру жұмыстары жүргізілуде.
Сүйекті дақылдардың клонды телітушілерін зерттеуді Қазақстанда Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми зерттеу институты жүргізеді.
Телтушілерді аудандастыру. ТМД-ның тұқымбақтарында жеміс тұқымдарының екпе көшеттерін өсіру үшін телітушілердің 40-тан астам түрлерін пайдаланады. Өндірістік міндеттерге байланысты бір тұқымға әртүрлі телітушілер қолданылуы мүмкін. Әр аймақ, облыс немесе өңір үшін аудандастырылған телітушілердің ішінде жергілікті жердің топырақ климат жағдайына бейімделгіштігімен ерекшеленетін жергілікті жабайы немесе ертеден осы жерде өсірілген сұрыптар маңыздылыққа (басымдылыққа) ие болады. Қазақстанның солтүстігі үшін мынадай телітушілер ұсынылады. Алма үшін негізгі тұқымдық телітуші – ранеткалар (Пудовщина, Таежное, Ранетка пурпуровая, Ранетка красная, т.т.) деп аталынатын, жартылай мәдениленген сұрыптардың екпе көшеттері. Сібірліктің, алманың солтүстіктік ұсақ сұрыптармен үйлесімділігі жақсы, ірі жемістілермен – жеткіліксіз. Телітуші қысқа төзімді, ал құрғақшылыққа төзімділігі шамалы. Сеппе көшеттердің өсуі баяу, сондықтан оларды жиі екі жыл бойы өсіреді.
Алмұрттың телітуші ретінде уссурий алмұртының сеппе көшетін пайдаланады. Бұл алмұрттың басқа түрлеріне қарағанда қысқа ең төзімдісі. Лукашевка сұрыптарымен (Поля, Оля, Тема, Лида, Внучка) жақсы үйлесімді келеді.
Шие үшін Қазақстанның солтүстігінде жабайы өсетін далалық шие ең төзімді телітуші болып табылады. Бұл қысқа ең төзімді және құрғақшылыққа айтарылқтай төзімді шие түрі саналады. Ол өркендерінің жіңішкелігінен және бақта балапан сабақ-бұтақшаларын көптеп қалыптастыратындықтан тұқымбақта телітуші болуға қолайсыздау. Соңғы жылдары Қазақстанның солтүстігінде тұмандатқыш қондырғыларымен жабдықталған жылыжайларда мәдени сұрыптарды жасыл қалемшелерінен көбейтіп өз тамырлық шиені өсіруде.
Алмастырып телінетін ағаштың барлық негізгі бұтақтарын арамен кесіп, оларды 1-1,25 м ұзындықта қалдырады; кесінділердің ұштарын пышақпен тазалап, тегістейді; олардың диаметрі 10-15 см аспағаны дұрыс, одан жуан болса жарақаты баяу жазылады және кеуектілік пайда болу қаупі туындайды. Кесілген бұтақтардың ұшынан пышақпен қабығынан 5-7 см тіліктер жасайды және солардың әрқайсысына бір-бірден қалемшелерді орналастырады. Жуандығы 7-10 см бұтаққа 2 қалемшені (қарама-қарсы) қондырады, жуандығы 10-15 см – 3-4 қалемшені. Әр қалемшеде жақсы дамыған 3-4 бүршік болуы тиіс. Жоғарғы кесіндісі жоғарғы бүршіктің үстінен, ал төменгісін ұзындығын 4-5 см етіп қиғаш кеседі (10-сурет).
Телу жүргізілген орынды әртүрлі полимерлі пленкалармен орап байлайды, ал қалемшенің кесілген жеріне нұм жағады. Жазға қарай әдетте барлық қалемшелер көндігіп бітісіп кетеді және өркендер береді. Ең жақсылары мен ыңғайлы орналасқандарына еш кедергісіз өсуіне мүмкіндік береді, қалғандарын тұқыртады (кеседі). Кейін оларды мүлде кеседі, ал негізгі өркенді қаңқалы бұтақ ретінде қалыптастырады.
Алмастырылып телінген ағаштар 3-5 жылдан кейін жаңа бөрікбас құрады және жаңа сұрыптың өнімін береді. Алмастырып телуді екі ретпен жүргізеді. Бірінші жылы бөрікбас бұталарының жартысын алмастырып телиді, келесі жылы – қалғандарын. Жіңішке бұталарда алмастырып телуді жақсартылған қиыстыру немесе көзшелеу тәсілімен жүргізеді. Кейде алмастырып телуді сүңгек маңайындағы және тамырдың балапан бұтақшаларына көзшелеу тәсілімен жүргізеді. Алмастырып телуді тек бақтарда ғана емес, сондай-ақ жабайы алма, алмұрт және басқа да жемістік тұқымдар өскен орманда да жүргізу орынды.
Алмастырып телінген бұталарды құстардан қорғайды.
Бақылау сұрақтары:
Өсінді жолымен көбейту тәсілдерінің ерекшеліктері?
Көгенсабақпен көбейту тәсілдерінің ерекшеліктері?
Қалемшемен көбейту тәсілдерінің ерекшеліктері?
Телумен көбейту тәсілдерінің ерекшеліктері?
Микроклоналды көбейту тәсілдерінің ерекшеліктері?
Телітуші мен телінушінің өзара әсері?
Телітушіге қойылатын талаптар?
Тұқымды және өсінді (клондық) телітушілер сипаттамасы?
Дәріс № 6
«Жеміс өсімдіктерінің екпе көшеттерін өсіру»
Қарастырылатын сұрақтар:
Аналық-сұрыптық бақтар
Тұқымбақтың бірінші танабы (көзшелеу танабы)
Жеміс дақылдарының екпе көшеттерін қазып алу, сұрыптау, сақтау және жүзеге асыру
Аналық-сұрыптық бақтар
Аналық-сұрыптық бақты ең жақсы тұқымдық телітушілерге немесе суперэлиталы өсімдіктердің клондық телітушілеріне телінген элиталы екпе көшеттерден өсіреді. Элита – осы сұрыпқа, клонға тән морфологиялық және шаруашылық сапаларды иеленеді, вирустық аурулардан, карантинді және тағы да басқа қауіпті аурулардан таза болады. Элиталы екпе көшеттерді ғылыми-зерттеу мекемелері және ауылшаруашылық жоғары оқу орындарының оқу-тәжірибе шаруашылықтарында өсіреді.
Элиталы аналық-сұрыптық бақ телімін өндірістік баққа таңдағандай таңдайды, тек басқа өндірістік бақтар мен жабайы өсетін жемістік өсімдіктерден кеңістікте оқшаулануын ескеріп: ол сүйектілер үшін 0,5 км кем болмауы қажет, шекілдеуіктілерде – 1км. Топырақты дайындау – өндірістік бақтардікіне ұқсас, тек жұмырқұрттармен – вирус таратушылармен қосымша күреседі. Аналық ағаштарды қатараралығын 4-5 м, қатар бойында 2-3 м қашықтықпен отырғызады. Аналық-сұрыптық бақтың жеміс салуы қажет емес, ал сүйектілер үшін тіпті де керегі жоқ, себебі вирустар тозаңданумен таралуы мүмкін. Мұндай бақтарда, өсінділерін қалемшеге кесу жаппай жүретіндіктен, ағаштар қуатты болып өспейді.
Қалемшелерді ағаш отырғызғаннан 2-3 жыл өткеннен кейін дайындай бастайды, әр ағаштан 5-10 қалемше кесіледі. Бес-алты жылдық бақтардан 20-25 қалемше дайындайды, 8-10 жылдықтардан – 30-50. Қалемшелерді ұзындығы 20-25 см болатындай етіп кеседі және астыңғы-үстіңгі кесіктері бүршікке жақын болуын қадағалайды. Көзшелеу үшін әр қалемшеден орташа есеппен 5-6 көзше алынатынын ескеріп, аналық бақты - толық пайдалану кезінде 1 га 150-400 мың көзшелер алуға болады. Көзшелеуге, шекілдеуікті жемістілерде өркеннің орта бөлігінде анық байқалатын иінінің буынындағы ірі, жақсы дамыған бүршіктерін пайдаланады.
Элиталы аналық-сұрыптық бақтағы топырақты қара сүрі жер күйінде немесе көп жылдық шөптер себілген егістік түрінде ұстайды.
Өркендердің жақсы өсіндісін алу үшін зиянкестермен күресуді мұқият жүргізеді. Өсу үдерістерін күшейту үшін 2-3 рет азотпен (1 га 30-40 кг ә.з.), көктемде және жаздың басында үстеп қоректендіреді. 3-4 жылда бір рет фосфорлы және калийлі тыңайтқыштар (бір га әр қайсысынан 60-100 кг ә.з.) енгізіледі.
Апробацияны, қалемшені бірінші жылы дайындағанда және әрбір 3 жылда, морфологиялық белгілері бойынша жүргізеді. Аналық-сұрыптық бақты 10-12 жыл пайдаланады.
Көзшелеу үшін, қалемшелерді көзшелеу алдында қалыпты дамыған пісіп-жетілген өркендерден дайындайды. Өркендерден жапырақтарды аластайды, қалқаншаны орналастырғанды қолайлы болуы үшін ұзындығы 1 сантиметрдей қалемше қалдырылады. Қалемшенің бүршіктері жетілмеген жоғарғы ұшын шырпиды. Қалемшелерді 50-100-ден бумаға байлайды және сұрпы көрсетілген құлаққағаз ілінеді. Қалемшелерді салқан жайларда, жертөледе дымқыл мүкте немесе ағаш үгінділерінде сақтайды. Көзшелеуді танапта жүргізгенде оларды шамалы су құйылған шелектерде немесе дымқыл мүк немесе ағаш үгіндісі салынған жәшіктерде ұстайды.
Автокөлікпен тасымалдағанда, поштамен жіберілгенде қалемшелерді, олар жолда құрғамауы үшін, мұқият орап байлайды. Судың жоғалуының алдын алу үшін қалемшелердің төменгі және жоғарғы ұштарын ерітілген парафинге малып алады.
Қыста телу жүргізу үшін қалемшелерді күзде жапырақ түскеннен кейін аяздар басталғанша дайындайды. Оларды ертөлеге қалап немесе пленкалы қаптарда, контейнерлерде 0оС температурада сақтайды. Сақтау барысында қалемшелердің солмауына, суланбауына, ал бүршіктерінің бөртпеуіне бақылау жасалынады.
Тұқымбақтың бірінші танабы (көзшелеу танабы)
Тұқымбақтың бірінші танабын салудың 4 тәсілі бар: сеппе көшеттер мектепшесінде өсірілген телітушілерді отырғызу; тұқымды тұрақты орнына себу немесе сеппе көшеттерді тұрақты орнына көшіріп отырғызу; шымтезек – қара шірінділі құмырашықтарда өсірілген көшеттерді отырғызу; қысқы телумен жақсартылған екпе көшеттерді отырғызу. Негізгі тәсіл – үлгіқалыпты телітушілермен салу, себебі қуатты телітушілер тұқымбаққа отырғызылған жылы-ақ көзшелеуге дайын болады және отырғызылатын толыққұнды материалдармен қамтамасыздандыра алады. Сонымен бірге телітушілерді қазып алғаннан кейін сұрыптауға және отырғызар алдында іріктеу мүмкіндігі бар.
Сеппе көшеттер мектепшесінде өсірілген телітушілерді отырғызу. Тұқымбақтың бірінші танабындағы жұмыстар негізінен топырақты дайындаудан, телімді орамдарға бөлуден, телітушілерді отырғызудан және телумен жақсартудан, топыраққа күтім жасаудан, өсімдікті аурулардан және зиянкестерден қорғаудан тұрады.
Тыңайтқыштарды сүдігер көтерудің тереңдігіне енгізеді. Органикалық тыңайтқыштың енгізу мөлшері 40-50 т/га (азотты, фосфорлы және калийлы тыңайтқыштардың әрқайсысынан 60 кг/га ә.з. қосып). Топырақты ПП-40, ППУ-50 плантажды соқалармен жаздың екінші жартысында жыртады. Егер топырақ қатты тығыздалған болса, танапты 15-20 см тереңдікке қайта жыртады. Телітушілерді отрғызар алдында алаңды тегістейді және культивациялайды.
Телітушілер отырғызылуға тұқымдары, шығу тегі, өсу қуаты (тамыр мойнының жуандығы), тамыр жүйесінің тарамдалу деңгейі және шашақтануы бойынша сұрыпталып келеді. Телітушілердің әр сұрпы әртүрлі телімдерге немесе орамдарға отырғызылады. Отырғызылатын алаңдағы қатарлардың бағыты осы телімнің ұзын жағымен жарыспалы (параллель), ал көршілес орамдардың қатарлары дәл келіп, бір сызықтың бойында жатуы керек. Соңғысы кейін топырақты өңдеуге және өсімдікті қазып алуға қолайлы болуымен байланысты.
Телітушілер көмбеден немесе тоңазытқыштан отырғызуға мұқият байқаудан өткеннен соң әкелінеді, әсіресе тамырларына ерекше көңіл бөлінеді. Тамырдың қураған және зақымданған бөліктерін, оның ішінде тамыр ісігіне шалдыққандарын, дертсіз бөлігіне дейін кесіп, аластайды. Сақтау кезінде тамырлары, діңшігі және тамыр мойны елеулі зақымдалынған телітушілер отырғызуға жарамсыз деп есептелініп, шығынға шығарылады.
Сау телітушілердің тамырларын, ұзындығын 15-20 см қалдырып кеседі, діңшігінің биіктігін 25-30 см қалдырып (клонды телітушілерде 40-45 см) қысқартады.
Тамырларды құрғаудан қорғау үшін, оларды отырғызар алдында топырақ, балшық және сиыр қиының қоспасын сумен быламық күйіне дейін сұйылтып (сұйығы тамырды тек жуса, аса қоюы тамырдың ұсақ тамыршаларына жұқпайды), батырып алады. Ол үшін ор қазып, оған топырақты, сазды, қиды салады және су құяды. Қоспаны быламық күйіне жеткізеді. Телітушілердің көндігуін жақсарту үшін быламыққа өсуді ынталандырғышты (гетероауксиннің 0,002 % ерітіндісі) қосады. Телітушілерді көктемде отырғызады. Отырғызу, әдеттегідей көктемгі танаптық жұмыстар басталғаннан 5-7 күн өткен соң аяқталуы тиіс. Көктемгі отырғызуды кешеуілдетуге болмайды, себебі ол телітушілердің көндігуін нашарлатады, көптеп қурауына әкеледі және өсімдіктер көзшелеуге нашар дайындалады.
Телітушілерді СШН-3, СПН-4, СКН-6А машиналарымен отырғызады, шамалы алаңға – қолмен немесе гидробұрғымен. Машинамен отырғызылғанда еңбек өнімділігі, қолмен отырғызғанмен салыстырғанда 10 есе артады.
Сеппе көшеттік телітушілерді отырғызғанда тамыр мойынын топырақ бетінен 5-6 см-ге тереңдетсе, өсінді жолымен көбейтілгендердікін – 18-20 см дейін. Мұндайда, сүңгекте өркеннің ұзақ және қуатты өсуін, көзшелеуге жақсы жетуін, телінген көзшелердің жақсы бітісуін қамтамасыздандыратын, қосымша тамырлар пайда болады. Кейіннен мұндай телітушілерде біржылдықтар және екіжылдықтар жақсы өседі.
Отырғызу кезінде түйіскен, тұтасқан немесе бүктелген тамырлар болмауы үшін, оларды мұқият жайып орналастырады. Тамырлардың арасындағы бос жерлерді борпаң және дымқыл топырақпен толтырады және тамыр маңайында қуыс қалмауы үшін сәл нығыздайды. Отырғызылған телітушілер ептеп тартқанда жұлынбауы керек. Солай қуыстың жоқтығын білуге болады. Отырғызғаннан кейін қисық отырғызылған телітушілерге түзетулер жүргізіледі.
Бойшаң өсетін екпе көшеттер жақсы дамуы үшін қоректік алаңының үлкенірек болғанын тілейді – 0,3-0,4 м2, ал сүйектілердің біржылдықтарын өсіргенде оларға 0,2-0,3 м2 алаң жеткілікті. Шекілдеуіктілер мен сүйектілердің бойшаң өсетін телітушілеріндегі екі жылдық екпе көшеттерін өсіргенде қатарлардың арақашықтығы 80-90 см, ал қатарда – 25-35 см болады. Шекілдеуіктілердің шамалы және орташа бойшаң телітушілердегі екі жылдық екпе көшеттеріне – 80х20-30 см. Барлық тұқымдықтардың бір жылдық екпелерін 70-80х20-25 см сұлбасымен отырғызады. Екі жылдық екпе көшеттерді тым жиі отырғызу бөрікбастардың бір жақты қатараралықтарға қарай өсуін туындатады.
Отырғызысымен телітушілерді суландырады және 10-12 см биіктікке дейін түптейді. Түптеу үшін топырақты қатараралықтың ортасынан алады. Отырғызғаннан және түптегеннен кейін қатараралықтарды культивациялайды, клонды телітушілерді түптемейді, себебі олар қосалқы тамырлар құрастыруы және негізгілерін әлсіретуі мүмкін.
Өсінді кезеңде топырақты 3-4 рет қопсытады. Суландырумен топырақ дымқылдығын ЕТСС 75 % төмендетпейді. Арамшөптермен күресу үшін гербицидтерді қолданады (800-1000 л суда ерітілген симазин мен атразиннің 1 га 8-10 кг ә.з.). Гербицидтерді телітушілердің бүршіктері ашылғанша бүркеді, сондай-ақ арамшөптер өскеннен кейін де бүркуге болады.
Телітушілердің белсенді өсу кезеңінде (мамыр айының ортасы – аяғы) азотты тыңайтқыштармен үстеп қоректендіреді (аммиак селитрасының 30-40 кг/га ә.з.). Қажет болса аурулармен және зиянкестермен күресу шаралары қолданылады. Отырғызылған өсімдіктерді күтіп-баптау шараларының барлығы жаңа тамырлардың жедел қалыптасуына бағытталуы керек.
Қазақстанның солтүстігінде көзсабақтауды тамызда жүргізеді. Бұл кезде телітушілер қарқынды өсуін жалғастырады, ал сүңгектің камбиальді жасушалары белсенді бөлінеді және қабығы осыған орай сүрегінен жеңіл аршылады. Телінуге арналған сұрыптарда бұл кезде жеткілікті дамыған бүршіктері болуы тиіс. Көзсабақтауды кеш жүргізгенде қалқаншалар қоректік заттарды жинап үлгермейді және қыста опат болады. Топырақта ылғал тапшы болғанда камбийдің белсенділігін арттыру үшін көзсабақтаудан 10-15 күн бұрын суландыру жүргізеді.
Өндірістік тұқымбақтарда көзсабақтаудың екі тәсілін қолданады: қабық астына және жапсыра, көзсабақтауға қолайлы болу үшін телітушілерде 15 см биіктікке дейінгі барлық тарамдарды, олар шөптесін кезінде мытып, аластайды.
Қыс кезеңінде өсімдікті тышқандардан берік қорғауды ұйымдастыру керек.
Шымтезек – қарашірінділі құмыраларда өсірілген көшеттерді отырғызу. Бұл тәсілде тұқым үнемделеді және отырғызу материалдарын өсіруге қажет уақыт бір жылға қысқарады. Телітушілердің көшеттерін өсіруге танаптық жұмыстар басталғаннан бір ай бұрын кіріседі. Осы үшін арналған тұқымды әдеттегі уақытынан бір ай бұрын стратификациялайды. Көшеттерді көлденең қимасы 6х6 см және биіктігі 9-10 см шымтезектен – қарашіріндіден дайындалған құмыраларда өсіреді. Көшеттерді булыжайларда, пленкалы жылыжайларда өсіреді. Тұқым себер алдында құмыраларды жақсылап суландырады және оларға мұртын жара бастаған 1-2 тұқым себеді және қарашіріндімен толтырады.
Көшетті баптау дүркін-дүркін суландырудан, арамшөптерді жұлудан, желдетуден және тышқандарды жоюдан тұрады. Көшіріп отырғызудан 10-15 күн бұрын көшетті шынықтырады. Көшеттерді қорғаулы жерде болғанда 1-2 рет аммиак селитрасымен (бір шелек суға 2 г аммиак селитрасы) немесе сумен 7-8 есе сұйылтылған көң садырасымен үстеп қоректендіреді.
Көшетті маусымның бірінші жартысынан кешіктірмей, өсімдіктің биіктігі 10-15 см болғанда танапқа отырғызады. Көшіріп отырғызуды таңертеңгі және кешкі мезгілдерде жүргізеді, бұлыңғыр ауа райында күні бойы. Көшеттерді қалыптастыру танаптарына тән 90х25-30 см сұлбасымен отырғызады. Қолмен отырғызғанда құмыралардың қабырғаларын жаншиды және топырақпен жан-жағынан қысады. Үлкен алаңдарда құмырадағы көшеттерді РПМ-9, МРП-5,4 көшетотырғызғыш машиналармен отырғызады. Отырғызысымен суды мол беріп суландырады және құмырамен отырғызылған көшеттерді қарашіріндімен немесе шымтезекпен жабындау керек. Өсімдіктерді кейінгі баптаулар, қалыпты телітушілердікінен гөрі мұқият болуы тиіс.
Маусымда өсімдіктерді үстеп қоректендіреді, ал шілденің басында сүңгектің төменгі бөлігінде қосымша тарамдардың болуының алдын алу және қабықтың иілгіштігін сақтау үшін қосымша түптейді.
Аталған жұмыстарды агротехникалық жоғары деңгейде жүргізу, өсімдікті отырғызылған жылы көзсабақтауды қалыпты жүргізуді, тамыр жүйесі тарамдалған және топырақ үстілік бөлігі қуатты телінген үлгіқалыпты екпе көшетті алуды қамтамасыздандырады.
Тұқымбақтың бірінші танабын қысқы телулерден салу. Бұл тәсілде екпе көшеттерді өсіру үдерісі бір жылға қысқарады. Одан басқа, жабайыны жазғы телуден қысқы-көктемгі кезеңге ауыстыру экономикалық жағынан тиімді. Телу үдерісі жеңілдейді, себебі бұл жұмысты үй-жайда үстел басында отырып орындайды. Қысқы телуді енгізу телу жұмыстарын механикаландыруға мүмкіндік береді. Телуші МПП-1 машинасы еңбек өнімділігін қол тәсілімен салыстырғанда 2-3 есе арттырады.
Қысқы телулерге бір және екі жылдық екпе көшеттерді, сұлатпа сабақтарды және кіндік тамырлардың ұзындығы 12-15 см кем емес, жуандығы 6 мм артық емес кесінділерін пайдаланады. Дайындалған телітушілер мен тамырларды жертөледе, ертөлеге қалап немесе жәшіктерде, сондай-ақ жеміс қоймаларында -3оС-дан +2оС-ға дейінгі температурада, полиэтиленді қаптарда немесе контейнерлерде сақтайды.
Телітуші ретінде мәдени сұрыптардың бір жылдық өсіндісін пайдаланады. Қалемшелерді аналық-сұрыптық бақтан күзде, аяздар басталғанша дайындайды. Оларды жертөледе ертөлеге қалап немесе жеміс қоймаларында пленкалы қаптарда немесе контейнерлерде 0оС жуық температурада сақтайды.
Телуді қараша айының ортасынан ақпан айының соңына дейін жүргізеді. Телінген жерлерде топыраққа отырғызғанша каллюстік шор пайда болады және түтікшелі ұлпалар пайда бола бастайды.
Телітуші және телінуші материалдарды телу жүргізілетін шеберханаға телуден бір күн бұрын немесе сол күні әкеледі, жуады, ылғалын дегдітеді және тамырын құрғаудан қорғайды. Нақ телу алдында оларды құрғақ шүберекпен сүртеді. Телудің әртүрлі тәсілдерін қолданады: жақсартылған қиыстыруды, жанастыра тілшелеп телуді. Телінушінің қалемшесін үш бүршігімен кесіп алады.
Телінгендерді кейін, 65о-75о дейін балқытылған парафинге малып алады да жәшікке салып, дымқыл ағаш үгіндісімен немесе шымтезекпен қабаттастырады және температурасы 20-22оС және ауасының дымқылдығы жоғары жайға орналастырады. Бұл тәсілді телулерді стратификациялау дейді, ол телінген құрауыштардың бітісуін жеделдетеді.
Ұластырылғандарды стратификациялауды, ауалануы үшін саңылауы бар полиэтиленді қаптарда жүргізуге болады. Қаптарды қатты ыдыстарға орналастырады (суланбайды). 12-15 күннен кейін жақсы шор пайда болады, кейін температураны 5-10оС дейін төмендетеді. Екі аптадан кейін ұластырылғандарды топыраққа отырғызғанша 0оС-да сақтауға қояды.
Ерте көктемде телінген өсімдіктерді тұқымбақтың бірінші танабына қабылданған сұлба бойынша отырғызады. Отырғызуды шөнектерге қолмен, гидробұрғының көмегімен және СШН-3, СКН-6А машиналарымен отырғызады. Отырғызуды телінушінің жоғарғы бүршігі топырақ үстінде болатындай етіп жүргізеді. Отырығызылған өсімдіктерді суландырады және түптейді.
Жеміс дақылдарының екпе көшеттерін қазып алу, сұрыптау, сақтау және жүзеге асыру
Ағаштың бөрікбасында бірінші реттік 6-7 бұтақ және екі есе көп екінші реттік бұтақтар болуы тиіс. Сүңгектің биіктігі 10-15 см. Бөрікбастардың төселгіш түртектерінің кемшілігі – көп еңбекті қажет етуі. Төселе өсетін ағаштардың көлемін кеміту және еңбек шығынын азайту үшін оларды қысқа төзімді ерегежейлі телітушілерге телу.
Қазудан 1-1,5 ай бұрын, жапырақтары түспегенде және олар түсін өзгертпегенде, ағаштарға түгендеу және мақұлдау (апробация) жүргізеді. Бұл қазылып алынатын өсімдіктердің сапасы мен санын жеке дақылдар, помологиялық сұрыптар бойынша анықтауға мүмкіндік береді. Сұрыптық қоспаларды жаппай қазуға дейін аластайды. Мақұлдаумен қатар қазуға қажет машиналар мен құралдарды, тасымалдаушы көліктерді, буып-түйуші материалдарды, екпе көшеттерді көмуге қажетті жабдықтарды дайындайды.
Екпе көшеттерді қазып алу. Қазуға өсінді кезеңнің соңында (қыркүйектің соңы-қазанның басында), өркендер бойлап өсуін және ағаштануын аяқтағанда, ұштық бүршіктерін қалыптастырғанда және жапырақтарын түсіре бастағанда кіріседі. Тұқымдықтардың басым бөлігінде жапырақтарын түсіруі кеш аяқталады. Сондықтан түспей қалған жапырақтарды екпені қазардан 2-3 күн бұрын үзеді (жұлады). Жапырақтарды әдетте қолғап киіп жұлады. Бүршіктері жеңіл сынатын тұқымдықтар мен сұрыптарда (шие, тәіттішие, алмұрт) жапырақтарды жұлуды өркеннің төменгі жағынан оның ұшына қарай жүргізеді, сонда бүршіктері бүлінбейді. Басқа тұқымдықтарда үзуді үстінен астына қарай жүргізеді. Бұл жұмыс қол күшін көп қажет етеді. Жақсы нәтижені химиялық дефолиация береді (жапырақтардың 70-100% түсуі) – екпе көшеттерді қазып алудан 15 күн бұрын хлорат магнийдің 0,4-1 % немесе эндоталдың 0,075 % ерітіндісімен бүрку. Ерітінді шығыны 800-1500 л/га (1 га 20-30 адам-күн үнемделінеді).
Екпе көшеттерді сұрыптауды салалық үлгіқалыптың техникалық жағдайына сай жүргізеді. Оны қазу маңайына жақынырақ және тез, тамырларды күн көзінің тікелей әсеріне шалдықтырмау және құрғатпау үшін, дұрысы лапас астында жүргізу.
Сұрыптағанда екпе көшеттерді екі сұрыпқа және жарамсыз деп бөледі. Бағалағанда екпе көшеттің жасына және даму қуатына, тамыр жүйесінің, діңнің, бөрікбасының сапасына, сондай-ақ фитосанитарлық күйіне көңіл қояды. Сұрыптық тазалық 100 % болуы тиіс.
Екпе көшеттерді көму (көме тұру) – топырақтан қазып алынған өсімдіктердің тамыр жүйесін құрғаудан және теріс температураның әсерінен қорғау тәсілі. Тұтынушыға жөнелтудің алдында немесе сол шаруашылықта күзде отырғызғанша және тұрақты жерге – баққа немесе тұқымбаққа көктемде отырғызу үшін көму уақытша болуы мүмкін. Тұрақты көмуге құрғақ, су жиналмайтын, желден қорғалған жерден көмбе телімін алдын ала дайындайды: арамшөптерді жояды, жаздың екінші бөлігінде сүрі жер күйінде баптайды. Телімнің маңайында ені және тереңдігі 0,5 м суағар қазылады. Солтүстіктен оңтүстікке қарай, біріне-бірін қатарластыра (параллель) және жолға көлденең, ұзындығы 50 м аспайтын, ені 2 м, тереңдігі 50-60 см көмбе ордың, орналастыру арасынан жүру үшін ені 1,5 м жол қалдырып, қазады.
Көмер алдында бақ қайшысымен немесе пышақпен өсімдіктің зақымданған тамырларының және бұтақтарының бөліктерін қияды. Көмуді ордың оңтүстік жағынан бастайды, оның алдыңғы қабырғасын 45о бұрышпен көлбеулеп қазады да, оның кемеріне ордың енінен әжептәуір енді тақтай төсейді. Ордың түбіне қалыңдығы 20 см борпаң топырақ салады. Осы топыраққа, орға көлденең, көлбеулеу, бөрікбастардың ұшын оңтүстікке (діңін аяз ұрудан қорғау үшін) бағыттап өсімдіктерді біріне-бірін тығыз бір қатармен орналастырады және сүңгектің 1/3-1/2-на дейін борпаң топырақпен, тамырлардың арасындағы барлық қуыстарды толтыра отырып, жабады. Сосын толтырылған топырақты тығыздайды, ал өсімдіктер қатарын, тақтайдың ұшынан ептеп өзіне тартып тегістейді. Құрғақ ауа райында көмілген өсімдіктерді суландырады және құрғақ топырақпен себелейді. Өсімдіктерді су басудан қорғау үшін оларды телім бетінен 10-15 см жоғарырақ көмеді. Өсімдіктердің жекелеген түрлері мен сұрыптарын жеке-жеке, бір қатарда бірдей өсімдіктер санын көмеді. Көмуді плантажды соқамен жүргізуге болады. Алдымен бір немесе екі рет жүргізіп терең шөнек (атыз) жасайды. Соқаның келесі өтуінде өсімдіктерді сүңгегінің ортасына дайын көмеді. Егер екпе көшет өте ірі болса, келесі өсімдік қатарын орналастырудан бұрын соқамен тағы бір рет өтеді. Бір орға бір помологиялық және тауарлы сұрыптың екпе көшеттерін көмеді.
Көмгеннен соң орлардың, тұқымдардың, помологиялық және тауарлық сұрыптардың нөмірлері және көмілген өсімдіктер санын
көрсетіп телімнің жоспарын жасайды. Өсімдіктерді тышқандардан қорғау үшін ұландырғыш еліктіргіштерді, шырша бұтақтарын қолданады, қарды тығыздайды, ал қояндардан көмбе телімдерін темір тормен қоршайды.
Екпе көшеттерді орап-байлау және тасымалдау. Тұқымбақтан екпе көшетті отырғызу орнына, алыс қашықтыққа ешбір зақымсыз жеткізу үшін арнаулы орауларды қолданады. Мұқият орау әсіресе күзде және көктемде болуға тиіс, екпе көшет төмен температурадан (тоңазуы) немесе керісінше, жоғары температурадан (қызуы, көктеуі, қурауы) зардап шегуі мүмкін. Ірі екпе көшеттер тасымалдауға төзімдірек және орап-байланған күйінде, ұсақтарға қарағанда азырақ зақымданады, себебі теңдерде бос байланады.
Орама (буып-түюге) ретінде сабанды, қамысты пайдаланады; теңді сыммен, жіппен, тал шыбығымен орап-байлайды. Теңнің топырақ бөлігін қаптамалауға қаптарды пайдаланады. Ішінен орауға күздіктердің сабаны жақсы, себебі жаздық дақылдардың сабаны, әсіресе сұлы мен арпаның, тез ыдырайды да температураны көтереді және өсімдікті опат қылады.
Екпе көшетті буып-түюге дайындау, оларды мұқият байлаудан, құлаққағазын ілуден, теңдеуден бұрын тамырын балшық пен сиыр қиының быламығына малып алудан басталады.
Бөрікбасы осал сұрыптардың бөрікбасының ішіне, тиеу және тасымалдау кезінде жекелеген бұталарын сынудан қорғау үшін, сабан салады.
Ұсақ өсімдіктерді сопақтау (сигара тәрізді) теңдерге байлайды, ірілерін – «бас» тәрізді теңдерге. Біріншісінде өсімдіктердің тамырын теңнің ішіне қарай орналастырады, екіншісінде – теңнің бір жағына қарай.
Автомашиналарда тасымалданса оның шанағының түбіне дымқыл сабан төселеді, ал жақтауларына қамыстан немесе сабаннан тоқылған бойралар ілінеді. Байланған екпе көшеттерді біріне-бірін тығыз тіктеп қояды. Өсімдіктердің тамырының астына дымқыл сабан төселеді. Екпе көшеттерді күннен қорғау үшін үстінен жөкемен немесе брезентпен жабады да, жіппен шандиды. Жолда сабан құрғаған сайын оларға міндетті түрде үстінен су құяды. Міне осындайда екпе көшеттер 1-2 күндік тасымалдауға шыдайды. Белгіленген жеріне жетісімен екпе көшетті жедел дымқыл топыраққа көме тұрады.
Тұқымбақ кітабы. Әр тұқымбақ шаруашылығында, тұқымдық және телітуші материалдардың шығу тегі көрсетілетін, тұқымбақ кітабы жүргізіледі. Бұл кітап өсіру кезінде отырғызылатын материалдарының опат болу себебін білуге мүмкіндік береді. Бұл кітапты Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен пішінде жүргізеді. Мұнда жылда аналық өсімдіктердің күйі көрсетіледі: өсімі, өнімі, аурулардан, зиянкестерден, төмен температуралардан зақымдануы. Бұл байқаулар өзінің құндылығын жоғалтқан аналық өсімдіктерді көбейтуді уақытында тоқтатуға мүмкіндіктер береді.
Бақылау сұрақтары:
Аналық-сұрыптық бақтарды қалыптастыру және күту?
Тұқымбақтың бірінші танабы (көзшелеу танабы)?
Жеміс дақылдарының екпе көшеттерін қазып алу, сұрыптау, сақтау және жүзеге асыру ерекшеліктері және артықшылықтары?
Жеміс дақылдар бағын күту шаралары мен агротехникасы ерекшеліктері?
Дәріс № 7
«Жеміс өсімдіктерінің зиянкестері мен аурулары және олармен күресу шаралары»
Қарастырылатын сұрақтар:
Жеміс өсімдіктерінің негізгі зиянкестері мен аурулары
Агротехникалық күресу шаралары
Химиялық күресу шаралары
Биологиялық күресу шаралары
Физикалық күресу шаралары
Зиянкестер мен аурулардың жеміс өсімдіктеріне келтіретін зияндықтары орасан: өсімдіктің өсуі әлсірейді, жемістің сапасы нашарлайды, өнімділік күрт төмендейді. Егер уақытында қажетті шаралары мен ескертулерді қолданбаса өнімді түбегейлі жоғалтуға болады.
Қазақстанның солтүстігіндегі бақтарда ең қауіпті және кең тараған зиянкестерге: жеміс жемірі (алма, алмұрт, алхоры), шие бізтұмсығы, биттер (жасыл алма, шие, алхорының түкті биті, шырғанақ, қарлыға, жапырақ ширатқыш беріш, қарақаттың үлкен биті), қарақаттың мөлдір қанаты, өрмекші кене, егеуіштер (қара қарақаттық, сары, шие шырышы), заузалар; ауруларға: алма шірігі және алмұрт шірігі, теңбілдер (ақ дақ), американдық ақ ұнтақ, бүлдіргеннің ақ ұнтағы, сұр шірік, жеміс шірігі, шырғанақтың солуы жатады.
Бақтағы зиянкестермен және аурулармен күресу екі мақсатты қарастырады – дерттің және зиянкестердің пайда болуының алдын алу және оларды жою. Зиянкестермен және аурулармен күресу үшін агротехникалық, химиялық, биологиялық, механикалық және физикалық әдістерді қолданады. Аталған әдістерді кешенді қолдану ең жақсы нәтиже береді.
Агротехникалық әдіс бақ қатараралықтарын және дің айналасын уақытында дұрыс өңдеуді, ағаштарды күтіп-баптауды, тыңайтқыш қолдану жүйесін, суландыруды, плантацияға элиталы және сау тұқымдарды отырғызуды, арамшөптермен күресуді қарастырады. Қодрендерді жинау және жою, ерте көктемде немесе күзде діңдер мен қаңқалы бұтақтардың қабықтарын мұқалған қырғыштармен жинап алып жағып жіберу, түскен жапырақтарды жинау және сыртқа шығару (жою), қураған және дертті өркендерді жинау және жою, кеуектерді бітеу, механикалық зақымдарды және кесілген жерлерді уақытында бақ нұмымен сылау және т.б. зиянкестер мен ауруларды едәуір азайтады, өсімдіктердің олардың әсеріне төзімділігін айтарлықтай арттырады.
Қарақаттың мөлдір қанатты көбелегінің жұлдыз құртын, жарақаттанған өркенді кесіп байқауға болады. Оның ортасында құрт тескен жер (құрт өзегімен қоректенеді) көрінеді, ал жұлдыз құрт іздің соңында болады. Ерте көктемде зақымданған өркенді топыраққа тақап кеседі. Гүлдеу кезінде солған бұтақтарды кесіп алады және жағады.
Кенемен күресу үшін діңді, қаңқалы бұтақтарды тазалаумен, аулау белдігін қолданумен қатар химиялық дәрмектерді де пайдаланады.
Заузалармен күресуде топырақты бір жыл немесе екі жыл бойы сүрі жер тәсілімен өңдеудің, жоғары сұрыпты отырғызу материалын дұрыс таңдаудың, қабылданған дақыл ауысу кезегін сақтаудың, топырақты тұқым себер алдында үстіртін өңдеудің, қуыршақтану кезеңінде қатараралықтарды қайталап өңдеудің, танаптағы және танап маңайындағы арамшөптермен тұрақты түрде күресудің, танапты жиын-терін, қалдықтарынан тазалаудың маңызы өте зор. Отамалы дақылдарды топырақта тіршілік ететін зиянкестерден таза танаптарға орналастыру.
Ақұнтаққа төзімді сұрыптарды отырғызу, зақымдалған өркендерді сау жеріне дейін кесу, бұтаны сирету, химиялық дәрмектерді қолдану – қарлығаны, қара және қызыл қарақатты өсіргенде ақұнтақпен күресудің негізгі тәсілдері. Ойпаң, ылғалды немесе батпақтанатын телімдерде, сондай-ақ қою, сиретілмеген бұталардың бұтақтары қаттырақ
зақымданады. Бүлдіргеннің сұр шірігіне қарсы – жиі отырғызбау, әсіресе, осы ауруға қатты шалдығатын сұрыптарды. Дымқыл жылдары өнім жинар алдында бұталардың түбіне сабан төселуі керек, жинау кезінде зақымдалған жидектерді телімнен сыртқа шығарады, химиялық дәрмектер қолданылады.
Шырғанақтың солуымен күресуінде сұрыптың маңызы өте зор. Торғай тәжірибе стансасының мәліметтері бойынша фузариозға шырғанақтың Витаминная сұрпы ең төзімді көрінеді жекелеген (түптердің 5-8% солады екен). Жиі ірі жемісті сұрыптар ауырады екен.
Физикалық әдіс. Зиянкестердің пайда болуын және олармен күресудің уақытын анықтау үшін жарықты пайдалануды қарастырады. Жарықпен тұзақтау (ұстау) көбелектерді, жарғаққанаттыларды және басқа да бунақденелілерді ұстап алуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде олардың бақтағы саны, түрлік құрамы, ұшу жиілігін және зиянкестердің санын кемітуге мүмкіндік береді. Бір кемшілігі – зиянкестермен қатар пайдалыларының торға түсуі.
Механикалық күресу әдісі – зиянкестердің қыстайтын ұяларын жою, жұмыртқаларын жинау, аулау белдігімен жұлдызқұрттарды аулау, ағаштағы қоңыздарды – бізқұрттарды төселген брезентке сілку және кейін оларды жою, қақпанды, тұзақты, торды, тышқан тәрізді кеміргіштерге уланған жемді қолдану.
Биологиялық күресу әдісі – жеміс және жидек дақылдарының ауруларымен және зиянкестермен күресуде олардың табиғи жауларын – жыртқыштарды, тоғышарларды және ауру қоздырғыштарды қолдану. Мысалы, алманың қанды битімен күресуде, битті кейбір жерде 90%-ға дейін жоятын афелинусты қолдану тиімді.
Зиянды бунақденелілермен күресу үшін құстарды – ұзаққарғаларды, қараторғайларды, сары шымшықты, көкектерді пайдалану керек. Бұлар зиянды бунақденелілерді, дернәсілдерді және жұмырқұрттарды көптеп жояды. Битоксибациллин, дипел, лепидоцид және т.б. биологиялық дәрмектер шығарылуда. Құстар үшін арнаулы қараторғай үйшіктері жасалынады. Құстарды жауын-шашынды ауа райында, ерте көктемде және күзде қосымша азықтандыру қажет, жергілікті құстарды қыста да қоректендіру керек.
Соңғы жылдары зиянкестермен күресуде микробиологиялық әдістерді қолдануы етек жаюда. Бұл әдіс зиянды ағзаларға қарсы споралы бактерияларды, саңырауқұлақтарды, вирустарды және басқа да микроағзаларды қолдануға негізделінген. Биологиялық дәрмектер шығарылуда: битоксибациллин, дипел, леридоцид және т.б.
Химиялық әдіс. Бұл әдісте ең тиімді және жедел әсер ететін әртүрлі дәрмектер қолданылады. Бірақ олардың бәрінің кері әсері де бар: пайдалы бунақденелілерді де жояды және әртүрлі мөлшерде жемістерде жиналады да, кейін адам ағзасына зиян келтіреді. Міне, сондықтан оларды өте абайлап және оған аса қажеттілік туындағанда ғана қолдану
керек. Дәрмектің қолдану мөлшерін, тәсілін, уақытын, шегін, соңғы рет өңдеу мен өнім жинаудың мерзімін, өңдеу санын қатал бақылау қажет.
Қазақстанның жеміс-жидек дақылдарына 2003-2012 жж. қолдануға рұқсат берілген пестицидтерді ғана қолдану керек.
Бақтарда улы заттармен жұмыс жүргізгенде қауіпсіздік ережесін сақтау қажет. Жұмысты денені удан қорғайтын халатта немесе арнаулы киімде орындау қажет, ауызға респиратор тағылады, дәке таңылады. Жұмыс кезінде шылым шегуге, тамақ ішуге болмайды. Жұмыс аяқталғаннан соң қолды, дененің басқа да ашық жерлерін сабынмен мұқият жуу керек. Үйге жұмыс киімдерін апаруға болмайды. Арнаулы киімдерді, аяқкиімдерді, қолқаптарды, қорғаныш көзілдірікті, жұмыс соңында күнде тазалап, ашық ауада немесе лапас астында 8-12 сағат кептіреді. Оларды кірлегенде жуады, бірақ жиі емес, 6 жұмыс күннен кейін. Пестицидтермен жұмыс уақыты 4 сағаттан аспауы керек, қалған 2 сағатта дәрмектермен байланысты емес басқа жұмыстар орындалады.
Бақылау сұрақтары:
Жеміс өсімдіктерінің негізгі зиянкестері мен аурулары?
Агротехникалық күресу шараларының артықшылығы мен кемшіліктері?
Химиялық күресу шараларының артықшылығы мен кемшіліктері?
Биологиялық күресу шараларының артықшылығы мен кемшіліктері?
Механикалық күресу шараларының артықшылығы мен кемшіліктері?
Физикалық күресу шараларының артықшылығы мен кемшіліктері?
Дәріс № 8
«Көкөніс шаруашылығы пәні және ерекшелігі»
Қарастырылатын сұрақтар:
Көкөніс дақылдарын жіктеу
Өндірістік (шаруашылық) жіктеу
Тіршілігінің ұзақтығы бойынша жіктеу
Көкөніс дақылдарының шығу тегі
Көкөніс дақылдарының өсу және даму ерекшеліктері
Көкөніс шаруашылығы – ауыл шаруашылығының саласы ретінде шырынды мүшелері (тамыр сабақтары, тамыр жемістері, түйнектері, сабақтары, жапырақтары, гүлдері, жемістері) тамаққа пайдаланылатын көкөністерді өсірумен айналысады. Сонымен бірге теориялық көкөніс шаруашылығы – бұл көкөніс дақылдарының биологиясын және оларды өсірудің әдістемесін зерделейтін ғылыми пән.
Көкөніс шаруашылығының түпкі мақсаты – өзіндік құны төмен және бір өлшем өнімге еңбек пен қаражатты азырақ шығындап, жыл бойы жоғары сапалы өнім алу. Өз кезегімен көкөніс шаруашылығынан қарбыз, қауын және асқабақ өсірумен айналысатын бақша шаруашылығы және тұқым мен отырғызатын материалдар өндірумен айналысатын тұқым шаруашылығын ажыратады.
Көкөніс шаруашылығының ауыл шаруашылығының басқа салаларынан бірқатар өзіне тән ерекшеліктері бар. Көкөніс шаруашылығының үш түрін ажыратады: 1. Ашық жердің ірі тауарлы көкөніс шаруашылығы; 2. Өте қомақты қаражатты қажет ететін технологиялық негізі бар – қорғаулы жердің ірі тауарлы көкөніс шаруашылығы; 3. Үй маңайындағы және тұтынушылық әуесқойлық көкөніс шаруашылығы.
Ашық жерде көкөністерді көктемгі-жазғы және күзгі кезеңдерде өсіреді. Қорғаулы жердің көкөніс шаруашылығы маусымнан тыс уақытта көкөніс өнімін өндірумен, ашық жерлер, сондай-ақ булыжайлар мен жылыжайлар үшін көшет өсірумен айналысады. Қорғаулы жердің
міндеттерінің бірі – өсірілетін көкөніс дақылдарының жиынтығын молайту. Ашық және қорғаулы жерлердің көкөніс шаруашылықтары өзара тығыз байланыста: бірін-бірі толықтыра отырып, олар көкөністерді жыл бойы өндіруді қамтамасыздандырады.
Көкөніс шаруашылығында өсімдік шаруашылығының басқы салаларында кездеспейтін немесе сирек кездесетін (көкөністерді көшет тәсілімен өсіру, көшеттерді сақтауға қою (тұмшалау), көкөністерді көктету, өсіріп-жетілдіру және қызарту) агротехникалық тәсілдер қолданылады.
Көшеттік әдіс көкөніс өсімдіктерінің жартысынан артығын өсіргенде қолданыс тапқан. Мұндайда қорғаулы жерде алдымен көшет (жас өсімдік) өсіріледі де, кейін оны тұрақты өсетін орнына көшіріп отырғызады.
Көшетті сақтауға қою – қызанақтың және орамжапырақтың көшеттерін сақтау. Көшеттерді тамыз-қыркүйек айларында өсіреді. Қыста оларды жылыжайда (орамжапырақты 0-10С-да, қызанақты 7-8оС) сақтайды да, жарық кезеңі басталғаннан соң (ақпанда) тұрақты орнына отырғызады.
Көктету – күзгі-қысқы және көктемгі кезеңдерде өнімді бөліктері өсімдіктің әртүрлі мүшелерінде (баданасында, тамырсабағында, тамыр жемісінде және т.б.) жиналған қорының есебінен жапырақтарын қалыптастыратын өсімдіктерді – пиязды, ақжелекті, қояншөпті, рауғашты, балдыркөкті, қызылшаны көктетеді.
Көкөніс жемістерін өсіріп-жетілдіру – қорғаулы жерде (булыжайларда, жылыжайларда) уақытша көмілген өсімдіктерден күзгі-қысқы кезеңдерде балаң (жас) көкөніс алу тәсілі. Өндірістік өсіріп жетілдірудің жоғары мәніне түсті және брюссель орамжапырақтары, балдыркөк, порей пиязы, ромен сүтжапырағы (ақсүттіген) ие.
Пісіп-жетілдіру – пісіп жетілмеген жемістерді тұтынушылық күйге жеткізу. Пісіп-жетілдіруді қоймаларда, булыжайдың қазаншұңқыр-ларында, пленкалы булыжайларда немесе арнаулы жабдықталған камераларда жүргізеді. Қызанақты, қауынды тасымалданғыштығын және сақталғыштығын арттыру үшін жиі пісіп жетілмегенде жинайды. Жасанды пісіп жетілдіруге жиі қызанақты пайдаланады.
Көкөністердің өсуін тежеу – өсімдіктерді жасыл жапырақтарымен сақтау тәсілі: порей пиязы, ақжелек, балдыркөк, ромен сүтжапырағы. Бұларды күзде ашық жерлерден қазып алады және булыжайларға немесе жылыжайларға уақытша көміп қояды. Мұнда, нөлге жуық температурада және жақсы желдетілгенде, олар бірнеше айға дейін бола алады. Өсуін тежеп өнім алу, көктеткенмен салыстырғанда 3-4 есе арзан келеді.
Көкөністердің негізгі тауарлы өндірісі өндіріс орталықтарына, ірі қалаларға, көкөніс өңдеу зауыттарына, курорттарға жақын жерлерге
шоғындырылған. Оларды басқа да егіншілік аудандарда, сондай-ақ қосалқы шаруашылықтарда және әуесқой-көкөнісшілер де өсіреді.
Көкөніс шаруашылығына алаңды қарқынды және тиімді пайдалану тән, яғни бір жерде көкөніс дақылдарын бір уақытта (жиілеткіш тәсіл) немесе кезектестіріп (қайталама дақыл) өсіру мүмкін.
Көкөніс шаруашылығында, өсімдік шаруашылығымен салыстырғанда тыңайтқышты, улы дәрмектерді, электр қуатын, сондай-ақ суландыруды молырақ қолданады. Көкөніс шаруашылығының ерекшелігі – көкөніс дақылдарының егіс алаңының салыстырмалы түрде шамалы болуы.
Көкөніс шаруашылығы басқа ғылымдармен – өсімдік физиологиясы және биохимиясымен, топырақтанумен, агрохимиямен, өсімдікті қорғаумен, ауыл шаруашылығы өндірісін механикаландырумен, менеджментпен, маркетингпен тығыз байланыста, сондай-ақ басқа салалармен – егіншілікпен және мал шаруашылығымен де.
Көкөніс дақылдарын жіктеу
ТМД елдерінде көкөніс дакылдарының 70-тен астамы, ал Қазақстанда 50-ге жуығы өсіріледі.
Ботаникалық жіктеу. Көкөніс дақылдарын ботаникалық белгілері бойынша және олардың өсімдіктер жүйесіндегі орнына байланысты жіктеу ең дәлірек, себебі ол өсімдік түрлерінің туыстық байланысын көрсетеді. Көкөніс дақылдары мынадай тұқымдастарға жатады:
А қ к е к і р е л е р (күрделігүлділер): бөрікгүл, қойжелкек немесе ақтамыр, егістік ақ сүттіген (шашыратқы ақ сүттіген), эндивий және эскариол ақ сүттігені (көктікен), скорционер (қара тамыр, тәтті тамыр), жер алмұрты (топинамбур), эстрагон (эстратондық жусан, торқұн).
Б ұ р ш а қ т а р : атбас бұршақ (мал азықтық, орыстық), егістік асбұршақ, кәдімгі үрме бүршақ, бойдана немесе көгілдір тас беде (тригонелла), лима үрме бұршағы.
А й л а у л ы қ т а р: бәдіреншөп (бораго, бурачник).
Ш ү й і н ш ө п т і л е р : далалық шүйіншөп.
Ш ы р м а у ы қ т а р: тәтті картоп немесе мәдени батат.
Т а р а н д а р : рауғаш, қышқылтым қымыздық.
К е у е л д і л е р : кеуелдер.
О р а м ж а п ы р а қ т ы л а р (крестгүлділер): брокколи, тарна, жапырақты қыша (сарепеттік), ақ қауданды, брюссельдік, қытайлық, жапырақты, пекиндік, савойлық, түсті орамжапырақ, кольраби, қатыран (қырымдық ақжелкен), екпе шығар (бақшалық шығар), шалғам, шалқан, шомыр, ақжелкек.
9. Ж у а л ы қ т а р : алтай жуасы, порей жуасы, қат-қабатты жуа. Ошанин жуасы немесе жабайы пияз, батун жуасы, екпе немесе басты пияз, шалот пиязы, шырынды пияз, сарымсақ, шнитт пиязы.
10.
|
С а р ғ а л д а қ т а р: содана.
|
11.
|
А л а б ұ т а л а р: ж у с а н к ө к п е к, а с х а н а л ы қ қ ы з ы л
|
ш а,
|
ш п и н а т, м а н г о л ь д .
|
Қ о ң ы р б а с т а р: қантты немесе көкөністік жүгері.
А л қ а л а р : баялды, қызыл бұрыш, кызанак, қызылқұлақ.
Қ а р а о т т а р: бақшалық караот.
Р у т а л а р: бақшалык рута.
Б а л д ы р к ө к т е р (шатыргүлділер): бәден, кервель, күнзе, сүйментамыр, дәрілік сермене, сәбіз, ботташык, ақжелек, балдыркөк, зере (зире), аскөк, арамсарбас (әптиек аскөгі), көкөністік арамсарбас.
Қо я н ш ө п т е р: қояншөп.
18. А с қ а б а қ т а р : қарбыз, қауын, кәді (кауақ), қияр, самсар, асқабақ, чайот (мексикалық қияр).
19. А й з о н д ы қ т а р : жаңазеландық шпинат.
20.Т а у қ а л а қ а й л а р (еріндігүлдер): насыбайгүл, жыланбас, сайсағыз, жұпаргүл, киікшөп, көп жылдық майоран (киікоты), бір жылдық майоран (кәдімгі бақтық), бұрыш жалбыз, гүлшетен, жебіршөп (бір жылдық немесе иісті жебіршөп).
21. Қ ұ л қ а й ы р л а р : бамия.
Жуалар, қояншөптес және коңырбастар тұқымдастарының өсімдіктері дара жарнақты, ал қалғандары – қос жарнақты. Гүлді өсімдіктерден басқа өндірісте тақта тәрізділер тұқымдасынан: қозықұйрық, томарқұлақ саңырауқұлақтары белгілі.
Өндірістік (шаруашылық) жіктеу
Көкөніс шаруашылығында бұл жіктеуді кешенді белгілері (ботаникалық, өнім мүшелері және өсіру тәсілдері) бойынша қолданады. Осы белгілері бойынша В.И. Эдельштейн төменгі топтарға бөледі.
1. О р а м ж а п ы р а қ т ы ө с і м д і к т е р – ақ, қызыл, савойлық, брюсседьдік, түсті, кольраби.
Ж е м і с т і л е р – қызанақ, бұрыш, баялды, қызылқұлақ, асқабақ, қауын, қарбыз, қияр, асбұршақ, бұршақ, үрме бұршақ, қанттық жүгері, самсар, кәді.
Тамыржемістілер — қызылша, сәбіз, ақжелек, балдыркөк, ботташық, тарна, шомыр, шалқан, шалғам.
Ж у а л ы қ т а р — катпарлы немесе басты пияз, шалот, порей, сарымсақ.
5. Ж а п ы р а қ т ы л а р — сүтжапырақ (сүтшөп, балпанақ, шашыратқы, шытыр), саумалдық, аскөк, пекиндік орамжапырақ, жапырақты қыша, жебір.
Көпжылдықтар – ақжелкек, қымыздық, рауғаш, қояншөп, бөрікгүл, жуалар (батун, шнит, көп қат-қабатты (деңгейлі), шырылжын жусан (шырылжын, қызылшөп), қатыран, жалбыз, зире (зере), әптиөк аскөгі.
Саңырауқұлақтар – қозықұйрық, томарқұлақ, жүзікше, жерқұлақ және т. т.
Орамжапырақты өсімдіктер әртүрлі өнім мүшелерін қалыптастырады: қаудан – ақ, қызыл және савойлық орамжапырақтарда, қолтықтық бүршік (қауданшалар) – брюссель орамжапырағында; жұмыргүл – түсті орамжапырақта; жуандаған сабақ – кольрабиде. Орамжапырақтарды өсірген кезде агротехникалық шаралар гүлсидамды сабақтың болдырмауына жағдай жасауы керек, себебі гүлсидамы пайда болса, жапырақтары қатайып, тағамдық және дәмдік сапалары нашарлайды.
Жемісті көкөніс өсімдіктер тобының көкөніс өнімі ретінде жемісі пайдаланылады. Бір өсімдіктердің жемісі тамаққа толық піскен күйінде пайдаланылса – қарбыз, қауын, қызанақ, баялды, екіншілерінікі – қияр, кәді, табақша асқабақ, қантты жүгері, бұршақ, үрме бұршақ, ас бұршақ – толық (техникалық) піспеген кезінде жеуге жарайды. Жемісті көкөніс дақылдарын өсіргенде барлық агротехникалық шаралар күшті дамыған тамыры және ассимиляциялық жүйесінің жедел дамуына мүмкіндік жасауы керек. Бұл, басқа жағдайлар бірдей болғанда, өсімдіктің гүлдеуіне және жеміс қалыптастыруының тезірек өтуін тездетеді.
Тамыржемісті өсімдіктер әдетте жақсы дамыған, тармақталынбаған жуан тамыр жемістер қалыптастырады. Олар уақытынан бұрын гүлсидамды сабақ құрастыруға өтпеуі керек, агротехникалық тәсілдер алғашқы кезеңдерде тамыр жүйесін және ассимиляциялық бетті күшейте түседі. Осындай да гүлсидамды сабақтың пайда болуы өсімдіктің өнімді бөлігінің дәмдік және азықтық сапасын күрт төмендетеді. Жуа тұқымдастарда кәдімгі (басты пияз, сарымсақ, шалот) немесе жалған жуашық (порей) қалыптасады. Жуа тұқымдастарда азық – түлікке өсіргенде, қоректік заттарды шығындайтын – гүлсидамды сабақтарды болдырмау керек. Бұның сидам сабақтанатын сарымсақ пен қатқабатты (деңгейлі) жуаға қатысы жоқ.
Жапырақты көкөніс өсімдіктерінің тамаққа жапырақтары мен олардың бөліктері (жапырақ сағағы) пайдаланылады. Бұларда гүлсидамды сабақтың қалыптасуы әдеттегі жай, сондықтан жоғары өнім алу үшін оларды жұлып тастайды. Гүлсидамды сабақты болдырмау үшін тұқымды яровизацияламау керек. Гүлсидамды сабақтардың пайда болуы ылғалдың жетіспеушілігінен болатындықтан, құрғақ ауа райында суландыру қажет болады. Дәмтатымдық көкөінс дақылдарының (аскөк, жебіршөп, райхан, майоран) гүлсидамдық сабақтарын жұлмайды. Себебі, тамаққа тек жапырақтары ғана емес, жас өркендері де пайдаланылады.
Тіршілігінің ұзақтығы бойынша жіктеу
Тіршілігінің ұзақтығы (тұқымның өскін беруінен өсімдіктің табиғи солуына дейін) бойынша көкөніс дақылдары бір жылдық, екі жылдық және көп жылдық болып бөлінеді.
Бір жылдық дақылдар – монокраптық өсімдіктер, яғни өмірінде бір рет гүлдейді және жеміс салады. Бұларға алқалар және асқабақ тұқымдастарының өсімдіктері, сондай-ақ шалқан, аскөк, ақсүттіген, пекиндік және түсті орамжапырақтар, қыша, жебіршөп жатады.
Екі жылдық дақылдар да монокраптықтар, жемістерін тіршілігінің екінші жылында салады. Бұлар тамыржемістілер (шалғамнан басқасы), орамжапырақтар (пекиндік және түсті орамжапырақтардан басқасы). Тіршіліктерінің бірінші жылы олар өнімді мүшелерін: тамыр – жемістерін, қаудандарын, баданаларын қалыптастырады. Қыста екіжылдықтардың топырақ бетіндегі мүшелері және тамыры әртүрлі деңгейде опат болады. Қоректік заттар жиналатын мүшелері және олардың бүршіктері терең тыныштыққа ауысады. Бұл олардың қыстыгүні тіршілігін сақтайды. Екінші жылы өсімдіктердің жандануы қоректік заттарды пайдалануымен басталады. Өсімдік тамыр жүйесін жедел қалпына келтіріп, сабағын құрастырып, гүлдейді және тұқым байлайды. Азық-түлікке өсіргенде екі жылдықтардың өсу – даму кезеңі бір жылда, ал тұқымға өсіргенде екі жылда өтеді.
Көп жылдық дақылдар – поликарптық өсімдіктер (ақжелкек, қымыздық, рауғаш қозышөп және т.б.), бірнеше рет жеміс салуымен сипатталынады. Күзде олардың топырақ үстіндегі барлық бөліктері опат болады, ал қоректік заттары бар тамырлары, тамыр сабақтары сақталады. Әр жылы көктемде олар өсуін жалғастырады. Жемісін екінші жылдан ерте салмайды. Бұл өсімдіктер бірінші және кейінгі жылдары қоректік заттар жинайтын мүшелерін (тамырсабақтарын, бадандарын) қалыптастырады, олар өз кезегімен қыс алдында тыныштыққа көшеді. Топырақ үстіндегі мүшелері және тамырының біраз бөлігі осы кезге қарай опат болады.
Көпжылдықтардың азық – түліктік бөлігі өсімді (қымыздық, рауғаш, ақжелкек және т.б.), сонымен бірге генеративтік те (бөрікгүл) мүшелері болуы мүмкін.
Көкөніс дақылдарының шығу тегі
Н.И.Вавилов бойынша мәдени өсімдіктердің орасаң көп түрлері, оның ішінде көкөністер де, сегіз ортаға топтастырылған көрінеді.
Қытайлық (таулық Орталық және Батыс Қытай, Корея, Жапония). Бұл жерлерден шығыстық шалқан, пекиндік және қытайлық орамжапырақтар, ірі жемісті қияр, пияз батун, баялдының ұсақ жемісті түрлері тараған.
Үнділік (Үнді, Бангладеш, Пәкістан, Бирма) – ұсақ жемісті қиярдың баялдының, ақсүттігеннің отаны.
Орта Азиялық (Ауғаныстан, Тәжікстан, Өзбекстан) – сәбіз, шомыр, шалғам, басты пияз, сарымсақ, асбұршақ, саумалдық.
Алдыңғы Азиялық (Кавказ сырты, Түркия, Иран Түркіменстанның таулық бөлігі) – қауын, асқабақ, сәбіз, порей пиязы, латук ақ сүттіген.
Жерортатеңіздік (Жерорта теңізінің еуропалық және африкалық жағалаулары) – өсімдік шаруашылығының ежелгі орталықтарының бірі. Бұл жер қоңыр салқын ауа райы өсімдіктерінің – қызылшаның, ақжелкенің, шомырдың, тарнаның, балдыркөктің, қояншөптің, ботташықтың, аскөктің, қымыздықтың, рауғаштың, асбұршақтың, көктікеннің отаны.
Абиссиялық (Эфиопия, Сомали) – асбұршақтың, бұршақтың, қарбыздың, шалот пиязының, бамияның отаны.
Орталық Америкалық – Мексика, Гватемала, Коста-Рика, Гондурас, Панама – мускаттық асқабақтың, бататтың, қызанақтың, үрме бұршақтың, бұршақтың, жүгерінің, қызылқұлақтың шыққан жері.
Оңтүстік Америкалық (Перу, Эквадор, Боливия, Чилоэ аралы) – ірі жемісті асқабақтың, қызанақтың, ірі тұқымды лимиялық үрме бұршақтың отаны.
Түрдің шығу тегін, сондай-ақ, оның қасиеттерінің қалыптасқан ортасын білу, оның басты биологиялық ерекшеліктері жөнінде түсінік алуға мүмкіндік береді, одан әрі оның өсу және даму факторлары жөнінде де. Мәселен, қиярдың отаны Үндістан мен Иранның ылғалды аудандары болғандықтан, бұл өсімдіктің ылғал мен жылуға талабы жоғары екенін түсіндіру қиын емес.
Көкөніс дақылдарының өсу және даму ерекшеліктері
Көкөніс дақылдарының өсуі, дамуы және өнімділігі өсімдіктің тұқым қуалаушылық ерекшеліктеріне және қоршаған орта жағдайына тәуелді.
Тұқымдық өсімдіктердің көпшілігінің онтогенезінде мынадай негізгі жас шақтарын: тұқымдық, өсінді (немесе жасөспірім кезеңі) және тұқым қалыптастыру (жыныс мүшелері қалыптасатын кезең) кезеңдерін белгілейді.
Осы кезеңдердің әрқайсысының шегінде өсімдіктің жекелеген мүшелерінің пайда болуымен байланысты сыртқы белгілерінің (морфологиялық) өзгерістерін білдіретін өсімдіктің өсуінің үш кезеңін ажыратады. Өсімдіктің әр тобының өсу кезеңдері бірдей болмайды.
Тұқымдық шақта тұқымның зат алмасуы аналық өсімдікпен байланысты эмбрионалды кезеңді, жетілген тұқымның әрекетсіз күйге
ауысатын – тыныштық кезеңін және тұқымның қоректік заттарын пайдаланып, бөртіп, ұрық өсетін – тұқымның өну кезеңін белгілейді.
Өсінді шақта өсінді мүшелер – тамырлар, жапырақтар, сабақтар қалыптасады. Мұнда үш кезең ажыратылады: көшеттік, азық қорын жинау және тыныштық кезеңі. Бір жылдық жемістік көкөніс дақылдарында (алқалар, бұршақтар және асқабақтар тұқымдасы) тек бір көшеттік, ал басқа біржылдықтарда (шпинат, ақ сүттіген, шалғам), тағы – азық қорын жинау кезеңі болады. Екіжылдықтарға (тамыржемістілер, орамжапырақ, пияз) және барлық көпжылдықтарға, тағы үшінші – тыныштық кезең тән. Тыныштық кезеңінде өсу үдерісі, зат алмасуы, транспирация және тыныс алу өте баяулайды.
Өсу мен дамудың тұқым қалыптастыру шағы төрт – бүршіктену, гүлдену, жеміс салу және қартаю кезеңдерінен тұрады. Бүршіктену кезеңінде гүлсидамы және гүл шоғыры қалыптасады, гүлдену кезеңі тозан мен аналық жасушасының пісіп – жетілуімен сипатталады.
Қартаю – цитоплазма коллоидтарының (гель жиналады) тұтқырлығының артуымен, оның өткізгіштігінің төмендеуімен сипатталынады. Қоректік заттардың келіп түсуінің қиындауының нәтижесінде өсімдіктің бүкіл мүшесі бірте – бірте сола береді.
Өсімдіктің ойдағыдай өсіу мен дамуы үшін жылу, су жарық, қоректік элементтер қажет. Қоршаған ортаның кез келген себепшарты (факторы) өсімдіктің өсуін және дамуын жеделдетуі немесе тежеуі мүмкін. Сондықтан өсімдіктің өсуін және дамуын кез келген себепшарттың біреуінің әсерімен түсіндіруге болмайды. Өсімдіктің әр түрі үшін өздерінің, шектен тыс ауытқи өсуі мен дамуы тоқырамайтын ең төменгі (минималды) және ең жоғарғы (максималды) температурасы, сондай-ақ, осы үдерістер ең жоғары қарқынмен өтетін оңтайлы (оптималды) температурасы болады.
Су жетпегенде жасушаның өсуі баяулайды немесе біржола тоқтайды, олар ұсақ болып қалыптасады; фотосинтез күрт басылады, нәтижесінде өнім төмендейді. Ойдағыдай өсу және даму үшін жарықтанудың және жарықтың құрамының мәні өте зор. Қараңғыда әлсіз дамыған механикалық және өткізгіш ұлпалары мен тамырлары бар, түссізденген (этиолданған) өсімдіктер қалыптасады. Жарық құрамында көк-көгілдір сәулелер басым болса, онда жапырақтары мен тамырлары жақсы дамыған, сабағы қысқа өсімдік қалыптасады. Өсімдіктің өсуі және дамуы үшін қажет жағдай – бұл оларды қоректік заттармен қамтамасыз ету.
Өсімдіктің өсуі мен дамуына қоршаған орта жағдайының әсері әртүрлі болуы мүмкін. Мәселен, үздіксіз жарықтандырғанда өсімдіктердің барлығы да тезірек өседі (құрғақ зат жинақтайды), мұндайда тек ұзақкүнділіктер ғана тез дамиды. Қысқакүнділіктер мұндай жағдайда өзінің дамуын белгісіз ұзақ уақытқа тежейді.
Өсімдіктің құрамы, соған байланысты, өнім құрылымы онтогенезде өсу мен даму үдерістерінің өзара әрекетінің нәтижесінде қалыптасады. Ауыл шаруашылығы үшін фотосинтез үдерісі мен тамыр арқылы қоректенуде пайда болатын органикалық заттың, негізінен шаруашылыққа бағалы өнімді қалыптастыруға жұмсалғаны маңызды. Агротехникалық шаралар жүйесі осыны ескеріп құрастырылады. Айталық, өсімдік өсінді бөліктер (тамыр жемісі, жапырағы) үшін өсіріледі. Онда агротехника жүйесі өсімдіктің өсуін жан-жақты жеделдетуге, ал дамуын тежеуге бағытталады. Егер де өсімдік тұқымы мен жемісі үшін өсірілсе, онда агротехника жүйесі орынды шекке дейін өсіндік массасының өсуін шектеп, бір қалыпты дамуын және жеміс салатын мүшесінің жақсы қалыптасуын қамтамасыз етуге бағытталады.
Өсімдіктің өсуі мен дамуына ойдағыдай әсер ететін көптеген тәсілдер бар. Көкөніс дақылдарының өсуі мен дамуын басқару агротехникалық әдістерімен іске асырылады: дақылмен, көктетумен, өсіріп жетілдірумен: бұған шартты түрде пісіп жетілдіру мен сақтауда жатқызуға болады. Өсімдіктің өсуі мен дамуына жасушаларда және ұлпаларда пайда болатын табиғи үдеткіштер: ауксиндер, гиббереллиндер, дәрумендер, сондай-ақ, жасанды үдеткіштер, өсуді тежегіштер (ингибаторлар) әсер етеді.
Бақылау сұрақтары:
Көкөніс дақылдарын морфо-биологиялық белгілері бойынша ажырату?
Өндірістік (шаруашылық) бойынша көкөністерді ажырату?
Тіршілігінің ұзақтығы бойынша жіктеу?
Көкөніс дақылдарының шығу тегінің орталықтары?
Көкөніс дақылдарының өсу және даму ерекшеліктеріне сипаттама?
Дәріс № 9
«Көкөніс дақылдарының өсіп жетілу жағдайлары және оларды реттеу тәсілдері»
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Жылу режимі
2.Жарық режимі
3.Ауа-газ режимі
4.Су режимі
5.Қоректену режимі
Қоршаған ортаның жағдайына (факторына) өсімдіктен тыс не болса соның бәрі жатады. Осы күрделі кешеннің ішінде өсімдік тіршілігінің үш топ әсер етушілерін (факторларын) бөліп алады.
1. Абиотикалықтар: климаттық – температура, жарық (жарықталуы, жарықтың спектрлік құрамы және күннің ұзақтығы, ауа (құрамы, қозғалысы), ауаның ылғалдылығы; топырақтық (эдафикалық гректің «эдафос» – жер деген сөзі) – топырақтағы минералды, тұздар, топырақ ауасы және ылғалы.
Биотикалық – егістіктегі мәдени дақылдардың өзара ықпалы, арамшөптер, пайдалы және зиянды (аурулар) микрофлора (саңырауқұлақтар, бактериялар, вирустар), пайдалы және зиянды жануарлар.
Антропогендік (ежелгі грек сөзі «антропос» — адам, яғни адамның шаруашылық әрекеттерінің ықпалы) –дақылдық әдіс, хирургиялық тәсілдер (өгейбұтақсыздандыру — сирету, тұқырту – сабақ шырпу), өсімдікке машиналармен, химиялық қосылыстармен және физикалық құралдармен әсер ету, соның ішінде қоршаған ортаны ластау да. Адамның іс-әрекеті алғашқы екі топ себептерге өте күшті әсер ететінін айтқан жөн. Агротехниканы дұрыс құрастыру және өсімдіктің ең жоғары мүмкін өнімін қамтамасыз ету үшін оны қоршаған орта қалай қабылдайтынын білген жөн. Өсімдік тіршілігінің себепшарттарының маңызы бірдей, олар бірін-бірі алмастыра алмайды.
Өсімдіктің қоршаған орта жағдайларына реакциясы бойынша академик Г.И.Тараканов (1982) мынадай түсініктерді ажыратады.
Өнім алуды немесе кезеңаралықты өтуді қамтамасыз ететін себептерінің қарқындылығы мен жиынтығының көрсеткішін талап етушілік дейді. Мысалы, температураның оңтайлы мәні және оның жиынтығы; топырақ ерітіндісіндегі тұздардың концентрациясы және олардың өніммен шығатын мөлшері; топырақтың ылғалдылығы және өнім алуға қажет ылғал мөлшері.
Шыдамдылық – себепшарттардың шеткі (ең төменгі және ең жоғарғы) мәндерін басынан өткізу. Ол минимумның (максимумның) мәндерімен, пессимум аймақтарымен (өсімдіктердің себеп шарттардың тапшылығының немесе артықшылығынан күшті қысым көрушілігі) және олардың әсер етуінің ұзақтығымен анықталады.
Ықыластылық – себепшарттың қарқындылығының артуына өсімдік реакциясының (жауабының) деңгейі. Әртүрлі дақылдар және бір дақылдың әртүрлі сұрыптары себепшарттардың әрқайсысына төзімділік (толеранттылық) ауқымымен (диапазонымен) және оңтайлы аймағымен өзгешеленеді.
Жылу режимі
Көкөніс дақылдарының жекелеген түрлерінің жылуға қоятын талабы бірдей емес. Профессор В. И.Эдельштейн оларды төрт топқа бөледі.
Аязға және қысқа төзімді өсімдіктер (көп жылдық көкөніс
дақылдары, сонымен бірге сарымсақ). Бұл топтың өсімдіктерінің өсуі 1оС-да басталады, бірақ белсенді түрде 15-20оС-да жүреді. Өсімдіктер қысқа мерзімдегі – 8-10оС үсікке шыдайды. Тыныштық күйіндегі өсімдік аязға ойдағыдай шыдай алады, әсіресе қар жамылғысы болғанда.
Суыққа төзімді өсімдіктер (орамжапырақ, тамыржемістілер, басты пияз, ас бұршақ, бұршақ, жасыл көкөніс дақылдары). Суыққа төзімді өсімдіктер -2-5оС өне алады. Олардың өсуі үшін оңтайлы температура – 15-20оС. Өсімдіктер қысқа мерзімдік -2 -7оС бозқырауға төтеп береді. 25оС жоғары температура өсімдіктерді басылыңқы күйге түсіреді, ал 30-32оС ассимиляциядан түсетін қоректік заттар тыныс алуға шығатын қоректік заттармен теңеседі де орнын толтыру (компенсация) нүктесі басталады.
Жылуды талап етушілер (асқабақтар және алқалар тұқымдастарының көкөністері). Жылу сүйгіш дақылдардың тұқымдары 12-15оС өне бастайды. Өсуі және дамуы үшін ең қолайлы температура 25-30оС. 15оС төмен жылулық болғанда өсу үдерісі басылыңқы болады, ал 30оС жоғары болса өсімдік бойлап кетеді. 0оС төмен температурада өсімдік опат болады.
Қызуға төзімді өсімдіктер (үрме бұршақ, жүгері, бақша дақылдары). Бұл өсімдіктердің қалыпты өсуі және дамуы жылу
сүйгіштердікіндей температурада өтеді, бірақ ассимиляция 40оС (қарбыз, қауын) температурада да жүруі мүмкін.
Өсімдіктердің жылуға деген талабы өсу-даму кезеңдерінде өзгеріп отырады. Тұқымды және көкөністі (тыныштық кезеңі) сақтау температурасы 0оС маңайында болуы керек. Мұндай жағдайда тұқымдар мен көкөністер (жемістер, бадандар, тамыр жемістер, қаудандар) жақсы сақталады.
Тұқымның жедел бөртуі және өсні үшін салыстырмалы түрде жоғары температура қажет. Жылу тыныс алуды жақсартады, ферменттердің зат алмасу қызметін белсендіреді, нәтижесінде ұрық жасушаларының бөлінуі және өсуі жеделдейді. Бүкіл көкөніс дақылдарының тұқымдары өнген кездегі температура, өсу-даму кезеңдеріндегі оңтайлы температурадан 4-7оС жоғары. Айталық, орамжапырақтың өсуі үшін оңтайлы температура 18-22оС болса, оның тұқымы 25-27оС-да тезірек өнеді. Температура жетпесе де тұқым бөртеді, бірақ ұрық өсе алмайды, егер температура көтерілмесе, тұқым шіриді де, өскін бере алмайды.
Өскін пайда болғаннан кейін, нағыз екі жапырақ қалыптасқанша, алғашқы 5-7 тәулік бойы, жас өркеннің тамыр жүйесінің дамуы топырақ бетіндегі бөлігінен тезірек жүруі үшін температураны 7оС төмендету керек. Температураны осы кезеңде төмендету топырақ бетіндегі бөлігінің өсуін тежейді, өскіннің бойлап кетуіне жол бермейді және тамыр жүйесінің дамуына қолайлы жағдай жасайды.
5-7 тәулік өткеннен кейін температураны осы дақыл үшін оңтайлы шекке дейін көтереді, қоректік заттар жиналатын кезеңде температураны 1-3оС төмендету өте пайдалы: өнімді мүшелерінің өсуін тездетеді және өнімділікті арттырады.
Гүлдеу кезеңінде температура өсуге оңтайлы температурадан 2-4оС-ға төмен болуы керек, себебі жоғары температура жеміс жатындарының бір қалыпты пайда болуына кедергі жасайды. Жаппай гүлдену аяқталғаннан кейін температураны 2-3оС-ға көтереді.
Эволюция барысында өсімдіктердің тәулік бойғы талабы жылуға әртүрлі – түнде төмен, күндіз жоғары талабы қалыптасады. Мұндай құбылысты термопериодизм дейді. Мұны көкөніс дақылдарын қорғаулы жерде өсіргенде ескеру керек. Бұлтты күндері температура шуақ күндерге қарағанда біршама төмен болғаны дұрыс.
Ашық ауа райы мен түн мезгіліне оңтайлы (оптималды) температурны В.М.Марков (1974) бойынша есептеуге болады: Тоңт. =Т бұлыңғыр 7оС, мұнда Т – бұлыңғыр күнгі оңтайлы температура. Ашық күні 7оС қосылады, түн мезгілінде шегеріледі. Егер қызанақ үшін бұлыңғыр күні 22оС қажет болса, ашық күні 29оС, ал түнде – 15-18оС жеткілікті.
Оптимум (Тбұлт+7оС) температурасынан ауытқығанда көкөніс дақылдарының өсуі баяулайды, ал Тоңт. (Тбұлт+14оС) ауытқу екі еселенгенде тоқтайды. Мәселен қызанақ үшін 22+7оС оптималды
температура, түнгі 15оС-дан ашық күнгі 29оС температурада жақсы өсіп дамиды. Бірақ 22-14=8оС ол жылу тапшылығынан өсе алмайды, ал 22+14=36оС ассимиляцияның бүкіл өнімі тыныс алуға жұмсалады. Көкөніс дақылдарын өсірген кезде температураны Тбұлт+14оС шегінен төмендетуге болмайды.
Тым жоғары температурада (Тбұлт+14оС) көмірсуының шығыны ассимиляция өнімінен асып түседі. Өсімдіктер бұл кезде «тоқырау» күйінде болады. Олар массасын арттырмайды, тіпті кемітуі мүмкін. Егер температура одан әрі көтерілетін болса, хлоропластардың белсенділігін жоғалтуының және ферменттердің бүлінуінің нәтижесінде ассимиляция жүрмейді. Жоғары температурада түсті орамжапырақ жұмыргүлін байламайды. Құрғақ және ыстық ауа райында қызанақтың, баялдының гүлдері көбінесе түсіп қалады.
Көкөніс дақылдары өте жиі (әсіресе көктемде және қара күзде) төмен температурадан зардап шегеді. Бұл әсердің деңгейі дақылдың суыққа және аязға төзімділігімен тығыз байланысты болады.
Суыққа төзімділік – өсімдіктердің төмен оң температураға (0-ден 6-9оС дейін) ұзақ уақыт шыдай алатындығы.
Аязға төзімділік – өсімдіктердің теріс температураның әсеріне шыдамдылығы.
Суыққа және аязға төзімділік өсімдіктің тіршілік кезеңіне байланысты. Құрғақ тұқымдар -258оС температураға шыдайды. Пияздың, жүгерінің, ақсүттігеннің, шалғамның тұқымдары 175 тәулік бойы сұйық ауада (-198оС) сақтағанда өнгіштігін жоғалтпаған. Өскіндер, әсіресе алқа және асқабақ тұқымдастарының өсімдіктері, жиі жеңіл үсіктерге шыдамайды.
Көкөніс дақылдарының суыққа және аязға төзімділігін, өсімдіктердің суыққа төзімділігінің табиғатын зерттеу негізінде, әртүрлі агротехникалық әдістермен арттыруға болады.
Өндірістік жағдайда көкөніс дақылдарын өсіргенде тек өсімдіктің суыққа төзімділігіне ғана сүйенбейді. Көптеген көкөніс дақылдарын жемісті өсіру үшін, әсіресе жылу сүйгіштерді, айталық қиярды, қызанақты, бұрышты және т.б. суықпен күрес жүргізу керек.
Суықпен күресудің бірнеше тәсілі бар. Түтіндету үйіндісін немесе түтіндету құтысын жағып бүркеу жасау; отырғызылған өсімдіктерді суландыру; өсімдіктердің өсіру мерзімін нақтылау.
Жылу сүйгіш өсімдіктерді, ерте пісетін көкөністерді және көшет өсіру үшін, тегіс жерден, тезірек және жақсырақ қызатын жалдар мен жүйектерді қолданады.
Жылу жағдайын тез өсетін бір жылдық дақылдардан (жүгері, күнбағыс, күздік қара бидай) ықтырма жолақтарын (басым жел бағытына көлденең) қолданып жақсартуға болады.
Топырақ бетін (жабындау) қарашіріндімен, қимен, сабанмен, қара түсті жабынды қағазбен, синтетикалық пленкамен жабу, бүркеп қою күн сәулесін молырақ сіңірудің нәтижесінде топырақ температурасының көтерілуіне мүмкіндік жасайды. Үй іргесіндегі жерлерде, саяжайларда
жылу сүйгіш дақылдар егілген жолақтарды пленкалармен, желімделген немесе тігілген бірнеше газет қабаттарымен бүркейді. Өсімдіктердің суыққа төзімділігін арттыру үшін тұқымдарын шынықтырады. Шынықтырылған орамжапырақ көшеті 5-7оС, қызанақтікі – 1оС суыққа шыдайды. Салыстырмалы түрде талабы азырақ, төмен температураға төзімділігі жоғары сұрыптар мен будандарды шығарудың маңызы өте зор.
Қорғаулы жерде көкөніс дақылдары үшін жылу режимі ашық жерге қарағанда қолдан жасалынады және толығырақ реттелінеді. Қорғаулы жер құрылыстарында тәуліктік температураның үлкен ауытқуын болдырмаған жөн. Гүлдену және жеміс салу кездерінде температураның кенеттен тұрақсыздануы қиярдың, қызанақтың бұрыштың гүлдерінің және жас түйіндерінің түсуіне әкеп соғады.
Жарық режимі
Жарық – жасыл жапырақтардың органикалық заттарды (фотосинтезді) түзуіне қажетті жағдай. Жарықтың басты және негізгі көзі – күн.
Жарық жеткілікті болмағанда жемістік мүшелердің қалыптасуы және өсуі тежеледі, ал бүршіктері мен түйіндері оңай түсіп қалады. Өнім беретін мүшелері толық қалыптасуының соңында жарыққа деген талап күрт төмендейді. Көптеген дақылдар (қауданды және түсті орамжапырақтар, тамыржемістілер, азырақ деңгейде пияз, қызанақ) қоректік заттар жиналатын мүшелерінің жетілуін жапырақтардағы, сабақтардағы, тамырлардағы органикалық заттардың үлесінен жүргізеді. Кейбір дақылдардың жарыққа деген талабы жеміс мүшелерін қалыптастырған кезеңде күшті деңгейде төмендейді. Бұл дақылдарға (порей пиязын, жапырақты балдыркөкті түптеу, түсті орамжапырақты жапырақтарын байлау және жапыру, салатты шашыратқыны көктету) түссіздендіру (этиолдандыру) қолданылады.
Жарықтың қарқындылығына қоятын талабы бойынша көкөніс дақылдарын үш топқа бөледі: 1) жарық қарқынына күшті талап қоятын жеміс салатын өсімдіктер (асқабақ, алқа, бұршақ тұқымдастар); 2) орташа талап қоятындар (орамжапырақтар, тамыржемістілер, пияздар, жасыл өсімдіктер, көпжылдықтар); 3) жарық күші шамалы болғанда да өсе алатындар (қымыздық, қызылша, басты пияз, ақжелек, балдыркөк).
Қорғаулы жерде өсетін көкөніс дақылдары жарыққа қоятын талаптары кему реті бойынша былай орналасады: қызанақ, бұрыш, қарбыз, қауын, қияр, шалғам, аскөк, ак сүттіген, салаттық орамжапырақ.
Жарыққа қатынасы бойынша дақылдарда ғана емес, сұрыптарда да өзгешелік бар. Академик Г.И.Тараканов және т.б. (1982) деректері бойынша жыл бойы (қысқы жылыжай) қияр сұрыптары өсуін және жеміс салуын тежемей, көктемгі және жазғы ұзақ радиация жағдайындағы қалпын сақтаған көрінеді. Көктемде – жазда өсіруге лайықты қияр сұрыптары (көктемгі жылыжай), қыста қайталаусыз отырғызғанда нашар өседі және көп жағдайда өсуін тоқтатады. Жылыжайға арналған шалғам сұрыптары (Ранний красный, Заря т.б.) қысқы айларда тамыр жемісін береді, ал ашық жердің сұрыптары бұл жағдайда тек жапырағын қалыптастырады.
Өсімдіктің өсуі және өнімнің қалыптасуы жарықпен қатар күннің ұзақтығына да байланысты. Өсімдіктің күн мен түннің ауысуына реакциясын фотопериодизм дейді. Ұзақ күннің, қысқа күннің және күннің ұзақтығына бейтараптық білдіретін өсімдіктер деп ажыратады. Соңғыларға қызғанақ жатады күннің ұзақтығы – қысқалығы елеулі әсер ете қоймайды. Ұзақ күннің өсімдіктері – ақсүттіген, саумалдық, шалғам, аскөк, орамжапырақ; қысқа күннің өсімдіктері – асқабақ тұқымдасының кейбір сұрыптары, бадана, жүгері, баялды, бұрыш. Ұзақ күннің өсімдіктерін қысқа күнде өсірсе олар көбірек өнім қалыптастырады. Міне, сондықтан, шалғамның, ақсүттігеннің, саумалдықтың тез пісетін сұрыптарын көктемде кешірек сепкенде, өсімдіктерге ұзақ күн мен жоғары температура аз деңгейде әсер ететін ерте көктемгі егіспен салыстырғанда, төмен өнім алынады.
Саумалдықты, ақ сүттігенді, шалғамды күзде сепкенде әдетте өте жоғары өнім бере алатындықтары байқалған. Мұны қысқа күнмен, қоңыр салқын температурамен және осы кезде топырақ пен ауаның ылғалдылығының өте қолайлығымен түсіндіруге болады.
Ашық жерде фотосинтезге қолайсыз жағдай өскіндердің шектен тыс жиілігінен, арамшөптердің көлеңкелеуінен қалыптасады. Бұлардың кері әсері, жарықтану әлсіздеу және температура жоғары болған сайын ертерек байқалады.
Көкөніс өсірушілер үшін қорғаулы жер құрылыстарындағы жарықтандыру режимінің мәні ерекше. Жылыжайлардағы радиацияның қарқындылығы ашық жерге қарағанда 40-50%-ға төмендейді.
Ашық жерде жарық режимін себу мерзімін, жылу және жарық сүйгіш дақылдар үшін оңтүстік беткейді таңдап алумен, өсімдік жиілігімен немесе оларды ықтырмаларда өсірумен реттеуге болады.
Қорғаулы жер құрылыстарында күн сәулесін толығырақ пайдалану үшін шынылы бетке көбірек еңкіштік береді: жылыжай үшін -20-30о, булыжай – 5-12о Қорғаулы жер құрылыстарының табиғи жарықтануын, оны жарық бағытына дұрыс орналастырып жақсартуға болады. Булыжайлардың ұзын жағын шығыстан батысқа, ал екі жағы да құламалы шатырлы жылыжайларды солтүстіктен оңтүстікке қарай орналастырады.
Мұндай жайларда шынылы бетке түсетін ең аз деген жарық үшін қам жасау керек. Ол үшін булыжайдың жылуын қорғайтын жамылғыларды уақытында ашып және шыныға қар түскен болса тазалап отыру керек, шынының жоғары сапалысын және жарықты жақсы өткізетінін қолданған дұрыс. Құрылыстың қабырғасын және ірге тасын әкпен сылау да жарық режимін жақсарта түседі.
Жылыжайдағы қыс – көктем кезеңдерінде, қысқа және бұлыңғыр күндері және күн сәулесі жарығының әлсіз қарқындылығы, өсірілетін көкөніс дақылдарының бір қалыпты өсіп – дамуына кедергі жасайды. Тіпті басқа факторлары – жылу, ылғал, қоректік заттар қолайлы
мөлшерде және қатынаста болсадағы. Бұл жылыжайдағы өсімдіктерді қосымша жарықтандыруға электр жарығын қолдануға, әсіресе көшет өсіргенде, ауаны көмір қышқылгазбен қанықтыруға мәжбүр етеді.
Қосымша жарық өскін пайда болғаннан кейін қажет. Тәулік бойы жарықтану жиынтығы (табиғи және жасанды) қияр үшін 14-16 сағат, қызанаққа – 16-18 сағат. Қызанақ пен қиярға қосымша жарық түсіру көшет өсіру мерзімін екі есеге жуық қысқартады. Барлық жағдайда да электр қолдану жылыжай ауасындағы көмір қышқыл газының концентрациясын 0,15-0,20 % арттырады.
Көшетті сәулелендіру жеміс салуды 20-25 күнге шапшаңдатады, жалпы өнім 25-30% артады. Қосымша шығынға қарамастан көкөністердің өзіндік құны 15-20 % кемиді.
Жарықты пайдалануды түпкілікті жақсартуға, нашар немесе күшті жарықта және күннің әртүрлі ұзақтығында өсіп-дамитын сұрыптар шығару арқылы қол жеткізуге болады. Жарық ағымын толығырақ пайдалануға дақылды көшетпен өсіру, тығыз егістіктерді қолдану үлкен ықпал жасайды.
Ауа-газ режимі
Оттектің, көмір қышқыл газдың, азоттың өсімдік тіршілігіне тікелей қатынасы бар. Оттек өсімдіктің тыныс алуына, әсіресе тамырдың және тұқым өне бастағанда қажет. Оттекке талабы жоғарылар, әсіресе тамыры тез өсетін – қияр, қауын, қарбыз сияқты дақылдар. Оттектің өсімдіктің барлық мүшелеріне – жапырақтарына, сабақтарына және тамырларына жетуі мүмкін болуы керек.
Ашық жерде ауа алмасуын жақсарту үшін топырақты қопсытады, субстратты (арнаулы төсем) қолданады, тығыздалатын топырақтарды, борпаң күйде ұстайтын жадығаттарды (материалдарды) қосады, жабындау (мульчалау) жүргізеді. Тұқымның көктеуін тездету үшін оларды барботылайды (суда оттекпен немесе ауамен қанықтырады).
Биологиялық жылытудағы өсімдік өсіретін жайларда ауа-газ режимін жақсарту үшін желдетуді қолданады. Өсімдіктер фотосинтез үдерісінде органикалық заттар құрау үшін көмірқышқыл газын (СО2) жапырақтарымен ауадан сіңіреді. Өсімдік үшін жеткілікті жоғары жарықтануда және температурада ауадағы көмірқышқыл газының қолайлы мөлшері 0,15-0,30%. Көмір қышқыл газының мөлшері 0,01% дейін кемігенде ассимиляция тоқталады. Топырақта СО2 мөлшері артық (1% көп) болғанда тамыр және өне бастаған ұсақ тұқымды (сәбіз, пияз, ақжелкен, қызанақ) және басқа да өсімдіктер үшін өте зиянды, әсіресе төмен температурада және ауамен нашар қамтамасыз етілгенде. Оттектің мөлшерін көтеру және СО2 мөлшерін кеміту үшін топырақты уақытында қопсытып отыру керек.
Егістік жерде топыраққа жақын ауа қабатындағы СО2 концентрациясын көң және басқа да органикалық тыңайтқыштарды енгізіп көбейтуге болады, олар топырақта шіріп, көмір қышқыл газын бөліп шығарады, немесе көңді жабындау ретінде қолдануға болады. Өсімдікті СО2 қаныққан сумен жаңбырлатып суару да жақсы нәтиже береді.
Қорғаулы жер құрылыстарында биологиялық жылуды қолдану СО2 тапшылығын сездірмейді және алынатын жоғары өнімді әдетте осымен түсіндіреді.
Бірақ мұндайда кейде СО2 мөлшері тым артып өсімдікке зиянды әсер жасайды. Артық және зиянды газдар желдеткішпен оңай шығарылады. Міне сондықтан өсімдіктерді отырғызуды немесе тұқымды себеді булыжылыжайларға көң толтырылғаннан 4-5 күн соң жүргізу керек, сонда газдардың зиянды мөлшері азайып үлгереді.
Ірі жылыжай кешендерінде жылыжай ауасын СО2 байыту үшін күкіртсіз табиғи газды қолданатын қыздыру (бу) қазандарының қалдығын, немесе табиғи газды жылыжайда арнаулы (УГ-6) қондырғылар арқылы жаққанда пайда болатын СО2 пайдаланады. Табиғи газды жаққанда зиянды қоспалардың концентрациясын азайту үшін шамдалға берілетін ауаны 15-20 % арттырады.
Кішігірім шаруашылықтарда жылыжай ауасын көмір қышқыл газымен байытуды бөшкелерге сиыр қиын сумен езіп те жүргізеді. Қи борсыған кезде СО2 бөліп шығарады.
Қорғаулы жерде қиярды өсіргенде аналық гүлдерді қалыптастыру үшін ацетилен газын қолданады.
Этилен, ацетилен, пропилен газдары қызанақтың қалыптасқан жасыл жемісінің пісіп – жетілуін жеделдету үшін қолданылады. Ол үшін жеміс салынған камераға аталынған газдардың аз мөлшерін қосады.
Этиленді қызанақ өсімдігі және пісіп келе жатқан жемісі бөліп шығарады, ондай қасиет қауында да, бұршақта да, алмада да және т.б. бар. Газ жасыл көкөністерге және қиярға қолайсыз әсер етеді, олар тез бүлінеді. Сондықтан этилен шығаратын жемістерді (қызанақты, алманы, қауынды және т.б.) және оған сезімтал көкөніс дақылдарын (қиярды, жасыл жапырақтыларды) бір жылыжайды сақтауға және бір көлікпен тасымалдауға болмайды.
Су режимі
Көкөніс дақылдарында 75-97 % су болады. Өнімді, топырақ үстіндегі мүшелерін және тамыр жүйесін құрастыруға жұмсалатын судың үлесі, булануға шығындалатын су көлемімен салыстырғанда ең аз мөлшерде ғана. Тамырымен сіңірілетін судың 1000 бөлігінің тек 1,5-2,0 бөлігі ғана қоректенуге және құрғақ зат түзуге шығындалады. Көкөніс дақылдарының өсіп – дамуы үшін қажет өте көп су мөлшері жөніндегі түсінік алу аса қиынға соқпайды. Сондықтан көкөніс дақылдарын суландыру күмән келтірмейтін қажеттілік.
Көкөніс дақылдарының топырақ және ауа дымқылдығына талабын бағалағанда тамыр жүйесінің даму сипатын және өсімдіктің ылғалды қарқынды буландыратынын білген жөн. Тамыр жүйелерінің мөлшері мен құрылысы бойынша көкөніс дақылдарын үш топқа бөледі: біріншісі – күшті тармақталған тамыр жүйелі, жан-жағына таралуы және тереңге бойлауы 2,0-2,5 метрге дейінгілерге – асқабақ, қарбыз, қауын, асханалық қызылша, ақжелкек; екіншісі – біршама күшті және тармақталынған тамыр жүйелі, жырту қабатынан 1-2 м дейін бойлайтындар – сәбіз, ақжелек, қызанақ, орамжапырақ (тұқымнан өскенде); үшіншісі – топырақ бетінде әлсіз (пияз) немесе күшті (қияр) тарамдалған тамыр жүйелі, 0,5 м дейін орналасатындар – орамжапырақ (көшетпен өсірілгенде), қияр, бұрыш, баялды, пияз, шалғам, ақсүттіген.
Көкөніс дақылдарының топырақтың және ауаның су режиміне қоятын талабын анықтағанда жапырақтың саны, көлемі және құрылысының да маңызы зор.
Көкөніс дақылдары сіңірілген су мөлшері және оны топырақтан қажет мөлшерде алып шығу қабілетіне қарай 5 топқа бөлінеді:
Су режиміне ең талап қойғыштар, суды топырақтан алу қабілеттіліктері жоғары және оны булануға көптеп шығындайтындар – ақсүттіген, саумалдық, шалғам, орамжапырақ, баялды, қияр, орамжапырақ, қырыққабат тұқымдасының тамыр жемістері;
Ылғалға талаптары жоғары, суды топырақтан алу қабілеттері шамалылар – пияз, сарымсақ;
Су режиміне шамалы талап қоятындар, суды жақсы ала алатындар және оны қарқынды буландырумен ерекшеленетіндер – асханалық қызылша;
Қолайсыз су режиміне ең шыдамдылар – қарбыз, қауын, асқабақ, үрме бұршақ, көкөністік жүгері;
5. Су режиміне талаптары бойынша аралықта орналасқандар – сәбіз, ақжелкен, қызанақ.
Ылғалдың артық болуы ауа режимін нашарлатады. Мұндайда тамыр жүйесінің өсуіне, тұқымның көктеуіне оттек жетіспейді де, тамырдың және тұқымның опат болуына әкеп соғады, тұқымның танаптық өнгіштігі кемиді.
Орамжапырақ тұқымдасына жататын көкөніс дақылдары мол суды өнімді мүшелері (тамыр жемістері, қаудандары) қауырт өсе бастаған кезде, ал балдыркөк және алабұталар тұқымдастары өсу даму кезеңінің басында, олардың терең бойлаған тамыр жүйесі әлі жетілмеген уақытта, талап етеді. Жеміс салатын көкөніс дақылдары суды көбірек жеміс байлаған кезінде қажет етсе, жуа тұқымдастар – жапырақтарының қарқынды өскен кезінде. Жуа тұқымдасының дақылдарын баданы үшін өсіргенде соңғы суаруды жинардан 3-4 апта бұрын тоқтатады. Бұл өнім мүшесінің толық жетілуіне мүмкіндік береді.
Жылу сүйгіш өсімдіктер үшін суландыратын судың температурасының маңызы да зор. Қорғаулы жерде ол – 22-25оС дейін жылытылуы керек. Ашық жерде ыстық күндері суландыруды түнгі
сағаттарда жүргізуге тура келеді. Талтүстегі аптап ыстыққа өсімдікті суық сумен суару алқалар тұқымдасын солу ауруына шалықтырады.
Көкөніс дақылдарының өсуі мен дамуы үшін топырақ ылғалы ғана әсер етпейді, сондай-ақ ауа ылғалы да. Бұл жағынан көкөніс дақылдарын үш топқа бөледі: ауаның оңтайлы ылғалдылығы 60-70 % болуын тілейтін өсімдіктер – қызанақ, баялды, бұршақ, үрме бұршақ; 70-75 % – түсті және ақ қауданды орамжапырақтар, қымыздық, аскөк, ақжелкен, порей пиязы; 80-90% – қияр, ақсүттіген, саумалдық, сабағы үшін өсірілетін пияз. Ауаның оңтайлы ылғалдылығы төмен болғанда (құрғақшылықта) жапырақта ақуыздың ыдырауы, аммиактың бөлінуі және оның өсімдікті уландыратыны, өсу үдерісін тоқтататыны байқалады.
Өсімдіктердің су режимі мынадай көрсеткіштермен: су пайдалану коэффициенті, транспирация коэффициенті, суару және суландыру мөлшерімен сипатталынады.
Аталған дақылдан бір өлшем жерден (га немесе м2) өнім алу үшін қажетті су мөлшерін су пайдалану дейді; бірі өлшем өнім алуға шығындалған және л/кг немесе см3/г белгіленгенді су пайдалану коэффициенті дейді. 1 г құрғақ зат алу үшін шығындалған су мөлшерін (см3) транспирация коэффициенті (Ктр) деп атайды. Өсімдіктің бір өсу-даму кезеңінде 1 га жұмсалатын судың жиынтығын суландыру мөлшері, ал бір рет суарғанда жіберілетін су мөлшерін суару мөлшері дейді.
Көкөніс дақылдарында транспирация коэффициенті 350-700 мг/г аралығында және ол дақылдың түрі мен сұрпына, өсіру ортасына, топырақтың қасиетіне және ондағы қоректік заттардың мөлшеріне тәуелді. Тыңайтқыш енгізгенде транспирация коэффициенті төмендейді, бірақ мұндайда бүкіл өсімдік шығындайтын судың абсолюттік (шектік) шамасы артады. Міне, сондықтан тыңайтқыштарды жеткілікті енгізгенде, әсіресе жеңіл топырақтарда, ылғалдану деңгейін жоғары ұстау керек. Бұл топырақ ерітіндісінің концентрациясын көтерілуден сақтайды және тамырдың сіңіру бетін кеңейтеді.
Жылыжайларда 1 кг өнім алу үшін жұмсалатын судың мөлшері (су пайдалану коэффициенті) жөніндегі түсінікті мына мәліметтер (Г.И.Тараканов және т.б., 1982) бере алады: қыста – көктемде өсірілген қиярда ол 17-23 л, қызанақта – 40-60 л. Өнімділік артқан сайын су пайдалану және транспирация коэффициенттері, әдетте төмендей береді.
Қоректену режимі
Қазіргі кездегі көкөніс дақылдарының экологиялық типтері мен сұрыптары, жылда тыңайтқыш енгізілетін үй маңындағы телімдерде, бақшалық дақылдар жағдайында пайда болды және өсірілді. Сондықтан да бүкіл көкөніс дақылдары топырақтың құнарлығына жоғары талап қояды.
Көкөніс дақылдарының минералды қоректенуге қатысын сипаттайтын екі көрсеткішті ажыратады: өсімдіктердің топырақтан жекелеген қоректік элементтерді тұтынуы (шығаруы) және өсімдіктің топырақта қоректік заттардың бар-жоғына реакциясы. Топырақтың қоректік элементтерін молырақ тұтынатындығымен ерекшеленетіндер кеш пісетін орамжапырақ сұрыптары, азырақ шығындайтындар – шалғам және қияр.
Әр дақылмен шығарылатын минералды қоректік элементтердің көлемі өнімге және өсірілетін жағдайына тәуелді.
Өнім артқан сайын қоректік заттардың шығарылатын мөлшері де артады. Көкөніс дақылдары топырақтан ең көбірек калийді, сосын азотты және одан кейін фосфорды тұтынады. Өсімдік тіршілігінде маңызды рөлді, топырақта олардың тапшылығы азот, фосфор, калий элементтерімен салыстырғанда сирек болатын микроэлементте иеленеді.
Өсімдіктердің минералды қорекке талабы, олардың биологиялық ерекшеліктерімен анықталады. Тез пісетін дақылдар мен сұрыптар маусымында қоректік заттарды, өсу – даму кезеңі ұзақ өсімдікке немесе сұрыпқа қарағанда азырақ сіңіреді. Бірақ олар, бір өлшем уақытта қоректік заттарды бірнеше есе көбірек сіңіретіндіктен минералды қорекке талабы күштірек.
Әртүрлі қоректік заттарды сіңіруі қабілеттілігі өсімдіктің жасына да байланысты. Өсімдіктер тіршілігінің бас кезінде әлсіз дамыған тамырға ие, сондықтан олар ересек өсімдіктерге қарағанда қиын еритін қоректік заттарды сіңіру қабілеттіліктері төмен.
Зат алмасудың әлсіздігінен, жас өсімдіктер топырақ ерітіндісінің жоғары концентрациясына төзе алмайды, әсіресе пияздың, сәбіздің өскіндері. Сәбіз өскіні үшін топырақ ерітіндісінің концентрациясы, қызылша өскінімен салыстырғанда 6 есе, ал орамжапырақ пен қызанақ өскіндеріне қарағанда 3 есе кем болғаны дұрыс.
Көкөніс дақылдары, тіршілігінің алғашқы кезеңдерінде әлсіз өсінді массасымен ерекшелене отырып, азоттың артық мөлшерін қажет етпейді. Тіпті мол азот, әсіресе аммиак түріндегісі, көмірсуы аз жас өсімдіктерді уландыруы мүмкін. Бірақ оларды осы кезеңде, тамыр жүйесінің өсуіне және өсімдіктің одан әрі жақсы дамуына әсер ететін фосфорлы-калийлі тыңайтқыштармен мол мөлшерде қамтамасыз ету қажет.
Көкөністерді өсірген кезде топырақтың қышқылдығын да ескерген жөн. Пияз, сарымсақ, ақсүттіген, қызылша, ботташық, балдыркөк, бұрыш және үрме бұршақ үшін ең қолайлы реакция рН 7,0-6,5; баялды, қияр, қауданды және түсті орамжапырақ, ақжелкек үшін – 6,5-6,0; сәбіз, асқабақ, қызанақ, ас бұршақ, рауғаш – 6,0-5,5; ал шалқан, шалғам және қымыздық рН 4,5-5,0 жеңіл шыдайды.
Көкөніс дақылдары топырақтың сортаңдануынан бірдей әсер алмайды. Тұзға төзімділігі бойынша оларды үш топқа бөледі: тұзға төзімділер – жүгері, сәбіз, қияр, шалғам, сарымсақ, бұлар тұздану 0,1-0,4% болғанда өнімді байқалатындай төмендетеді немесе опат болады; тұзға орташа төзімділер – пияз, қызанақ, шомыр – топырақтың 0,4-0,6 % тұздануына шыдайды; тұзға жоғары төзімділер – қызылша, баялды, асқабақ, қарбыз, топырақтың 1% тұздануын көтереді.
Өсімдік үшін топырақта қолайлы қоректену жағдайы тыңайтқыш енгізумен және топырақты мұқият өңдеумен жүзеге асырылады.
Көкөніс дақылдарының органикалық тыңайтқыштарға ықыластылықтары да әр түрлі және оны бірдей пайдаланбайды. Сәбіз, қызылша, қызанақ көңнің кейінгі жылдардағы әсерінен жоғары өнім берсе, кеш пісетін орамжапырақ оның тікелей әсерін жақсы пайдаланады. Сәбіз, ақжелкен жаңадан көң шашқан жерде өсірілсе, алынған өнімнің тауарлығы төмендейді. Ерте және тез пісетін дақылдар жас қидан (көңнен) әлсіз әсер алады, ал шіріген көңді, немесе қорданы (компосты) енгізсе өнімін айтарлықтай арттырады. Органикалық тыңайтқыштардың тапшылығын және енгізудің көп еңбекті қажет ететінін ескеріп, оларды алдымен қорғаулы жерде көшет, қияр, көпжылдықтарды және кеш пісетін орамжапырақты өсіргенде пайдалану керек.
Көкөніс шаруашылығында, егіншілікпен салыстырғанда жиірек шымтезекті, қоқым-соқымды, көңді немесе нәжісті минералды тыңайтқыштармен араластырып, қорда жасап пайдаланады. Нәжісті және қаланың қоқым-соқымын ұзақ уақыт қордалап барып пайдаға
асырады. Органикалық және минералды тыңайтқыштардың тиімділігі екеуін бірге пайдаланғанда арта түседі.
Қорғаулы жерде қажетті қоректік режимін жасау және сол деңгейде ұстау үшін көкөніс дақылдарын арнаулы топырақ қоспаларында; топырақсыз жасанды ерітінділерде (гидропоника немесе дақылды гидропон әдісімен өсіру) өсіреді; тыңайтқышты жиі тамырдан және тамырдан тыс үстеп қоректендіру үшін қолданады; топырақ қоспаларының орнына шымтезекті, сабанды, күріштің қауызын, ағаштың қабығын, ағаш үгіндісін, мақта тазалау зауыттарының қалдықтарын (жаңғақшалар), полистролдарды, төмен калориялы қоңыр көмірді пайдаланады, бұған қажет болғанда тыңайтқыштар қосады; оқтын-оқтын немесе жартылай топырағы ауыстырылады немесе өсімдіктің өсу-даму кезеңінде жаңадан топырақ қосады (үстелемелейді).
Бақылау сұрақтары:
1. Жылу режимінің көкөністерге тигізетін әсері?
2.Жарық режимінің көкөністерге тигізетін әсері?
3.Ауа-газ режимінің көкөністерге тигізетін әсері?
4.Су режимінің көкөністерге тигізетін әсері?
5.Қоректену режимінің көкөністерге тигізетін әсері?
Дәріс № 10
«Көкөніс дақылдарының көбеюі»
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Тұқымнан көбеюі
2. Өсінді жолымен көбейту
Көкөніс дақылдарының басым бөлігі тұқымынан көбейеді. Көкөніс шаруашылығында тұқымдық тәсілден басқа, өсіндімен де көбейтіледі. Тұқыммен көбейтілгенде өсімдіктің көбею коэффициенті өте жоғары: өсімдік өскен ортасына жеңіл бейімделеді. Тұқым алу технологиясы қарапайым және өсінді жолымен көбейтуге қарағанда тиімдірек. Бірақ сұрыптың қасиеттерін сақтап, әр өсімдіктің және бүкіл егістіктің өсіп-дамуына жақсы жағдай жасалу бағытында, тұқым шаруашылығында ерекше шаралар кешенін атқаруға тура келеді.
Тұқымнан көбеюі
Тұқым-ағзаның сұрыптық тұқым қуалаушылық белгілері мен қасиеттерін сақтаушы. Тұқым ұрықтанған бүршігінің ұлғаюының нәтижесінде пайда болады. Іссанада көбінесе тұқым деп, жатынның ұлғаюынан пайда болған құрғақ жемісті атайды.
Көкөніс дақылдарының тұқымдары өзара мөлшерлері (көлемі), пішіндері, түстері, иістері бойынша ажыратылады. Тұқымдарының көлемі (массасы) бойынша В.И. Эдельштейн көкөніс дақылдарын 1 грамдағы тұқым санына байланысты бес топқа бөледі: өте ірілер, тұқым саны 10-нан аспайтындар-бұршақбас, үрме бұршақ, асбұршақ, асқабақ, қарбыздың ірі дәнді сұрыптары, қантты жүгері; ірілер (11-100 дана) – қарбыздың ұсақ дәнді сұрыптары, қауын, қияр, қызылша, рауғаш, саумалдық, шалғам, шалқан; орташалар (150-300 дана) – қызанақ, орамжапырақ, тарна, пияз, бұрыш, баялды, ботташық, аскөк; ұсақтар (600-1000 дана) – сәбіз, ақжелкен, шомыр, ақсүтіген; өте ұсақтар (1000-асатындар) – қымыздық, қызылшөп, балдыркөк.
Ұсақ дәнді дақылдар үшін топырақты себер алдында өте мұқият өңдеу, тегістеу және тұқым сепкішті себу тереңдігіне дәлірек реттеу қажет. Ұсақ тұқымдарды топыраққа терең сіңіруге болмайды.
Тұқымның егістік (себу) және сұрыптық сапасын ажыратады. Себу сапасына: тазалығы, өнгіштігі, көктеу (өну) энергиясы, өміршеңдігі (тіршілікке қабілеттілігі), өсу күші, дымқылдылығы, аурулармен және зиянкестермен залалдануы, себуге жарамдылығы, егістік өнгіштігі, тіршілігінің ұзақтығы жатады.
Себу сапасы бойынша тұқымдарды екі класқа бөледі. Тұқымның сұрыптық сапасын олардың сұрыптық тазалығы, яғни аталған сұрыпқа жататындығы бойынша анықтайды. Көкөніс дақылдары элита, 1 және 2 сұрыптың тұқымы болып үш санатқа (категорияға) бөлінеді.
Тіршілігінің ұзақтығы. Шаруашылық жағдайда ботташықтың, балдыркөктің тұқымдары өнгіштігін 1-2 жыл ғана сақтайды; аскөк, ақжелкен, рауғаш, қымыздық, бұрыш - 2-3; сәбіз, ақ сүтіген, саумалдық – 3-5; орамжапырақ, қызылша, қояншөп, қызанақ – 4-5; бұршақбас, асбұршақ, жүгері – 5-6; асқабақ тұқымдастары – 6-8 жыл.
Тұқымдардың өнгіштігін сақтауы, оны сақтаған кездегі температура мен ылғалдылыққа тікелей тәуелді. Тұқымдар тыныштық күйде болсадағы тыныс алуын жалғастырады. Тыныс алу үдерісі тұқым қабығының астындағы және тұқымның жан-жағындағы ауа қабатындағы оттектің есебінен жүреді. Тұқымның тыныс алуы өте әлсіз, бірақ температура жоғарылаған сайын ол да күшейе түседі, әсіресе тұқымның дымқылдылығы артса.
Көкөніс дақылдарының тұқымдарының сақталуына қолайлы температура 0-5°C; тұрақты 14-18°C жылылықтада тұқымдар жақсы сақталады. Құрғақ тұқымдар төмен (-180°C) және салыстырмалы түрдегі жоғары (80-85°C) температураға шыдайды, бөрткендері – 2-10°C температурада опат болады және ұзақ уақыт 60-65°C қыздырғанды көтере алмайды.
Тұқымның сақталуына дымқылдылықтың тигізетін әсері басымырақ болады. Сақтаған кезде дымқылдық белгіленген шектен аспауы қажет; көкөніс дақылдарының басым бөлігінде ол 13-тен 15 %, орамжапырақ және бұршақ тұқымдастарда – 9-дан 11% дейін. Дымқылдығы жоғары тұқымдар нашар сақталады және өнгіштігін тез жоғалтады.
Өнгіштікті жоғалтуда маңызды рөлді тек тұқымдардың дымқылдылығы ғана емес, сонымен бірге ауа дымқылдылығы да атқарады. Жоғары дымқылдылық, әсіресе жылумен біріксе, тұқымның тез бұзылуына әкеледі. Сондықтан сақтау орны ауасының салыстырмалы дымқылдылығы сапалы тұқымның дымқылдылығынан 2 % төмен болуы керек. Су буларын, көмір қышқыл газын сыртқа шығару және тұқымды оттекпен қамтамасыз ету үшін қойманы жүйелі түрде желдетіп тұру қажет. Әр түр мен сұрыпқа тән тұқым түсі, оның күйі мен балаңдылығының дәлелі. Түссіз және бозарған (өңсіз) түс тұқымның толық піспеген кезеңінде, дымқылды ауа райында жиналғанын немесе оларды күн көзінде кептіргенін білдіреді.
Асқабақтың және қиярдың жаңа тұқымдары дерлік ақ, ескі тұқымдары сарғаяды, олардың өңі күңгірт немесе кір-қожалақ болады. Кейбір көкөніс дақылдарының (шалғам, шалқан, орамжапырақ) тұқымдары барлық жағдайларда да өздеріне тән түстерін жоғалтпайды.
Кейбір көкөніс дақылдарын (сәбіз, ақжелкен, балдыркөк) ұзақ уақыт сақтағанда оларға тән иістің азаюы, тіпті біржола жоғалуы мүмкін, бұл тұқымның жасы мен сапасының айрықша белгісі.
Себуге көкөніс дақылдарының егісі үшін өткен жылғы өнімінің тұқымын қолданады, бұлар ең жоғары өнгіштікке ие.
Көкөніс шаруашылығында кең түрде гетерозисты будандар қолданыс табуда. Өсімдіктегі гетерозисі-бірінші ұрпақтың тіршілікке бейімділігі, өнімділігі мен жетілгіштігі жағынан, ең жақсы ата-аналарының бірінен асып түсу құбылысы. Мысалы, қиярдың Успех 221, Гибрид 220 атаулы будандары үлгі қалыптағы (стандарттағы) сұрыптардан өнімділігі бойынша 30-40% артық болады, ал жеміс салуының бірінші онкүндігіндегі тауарлы көк түйнегі (көк қияр) 2-3 есе артады. Пияздың Каба және Испанский 313 сұрыптарын будандастырып алынған гетерозисті буданы, өнімділігі жағынан Каба сұрпынан (52%) жоғары болған.
Өсінді жолымен көбейту
Көкөніс шаруашылығында өсінділік көбеюдің мынадай тәсілдерін қолданады.
Баданамен (жуашықпен) көбейту. Түбіртегінде ұрық жұрнағы болатын пиязды, сарымсақты, шалот пиязын өсіргенде қолданады. Мұндай баданаларды отырғызғанда әр бүршіктен жаңа бадана қалыптасады. Сарымсақтың және көп қат-қабатты пияздың сабақтанғыш формалары қалыптастыратын ауалық пиязшықтары да көбейту үшін қолданылады.
Тамырсабақпен көбейту. Бұл тәсілді көп жылдық көкөніс дақылдарын – қояншөпті, рауғашты, ақжелкекті өсіргенде қолданады. Қояншөп пен рауғаш өздерінің топырақ үстілік мүшелерін, тамырсабақтың жоғарғы жағында орналасқан өсу бүршігінен дамытады.
Сондықтан бұл дақылдардың тамырсабақтарын бөлгенде әр бөлікте өсу бүршігінің және қоректік заттары бар тамырсабақ бөлігінің болғанын қадағалайды. Неғұрлым бөлік ірі және өсу бүршігі көбірек болса, солғұрлым топырақ үстілік мүшелер тез және жақсы өсіп-дамиды. Тамырсабақты бөліктеу өсіп-даму аяқталғаннан кейін, қоңыр күзде немесе көктемде жүргізіледі.
Қалемшелермен көбейту. Көптеген көкөніс дақылдарының-орамжапырақ, қызанақ, қияр, қауын және т.б. топыраққа сабақтарының бір бөлігін тамырландыру арқылы өсе алатын мүмкіншіліктері бар. Бұл тәсілді көбінесе селекциялық жұмыста қолданады. Бір-екі жапырақты сабақ бөлігін кесіп алып құм салынған жәшікке тамырландырады. Жақсы дамыған тамыр жүйесі бар өсімдікті тұрақты өсірілетін жерге отырғызады.
Тамыр жемістерін бөліп көбейту. Тамыр жемістерін ұзынынан тіліп, егістікке отырғызады. Тамыр жемісінің әр бөлігінде тамыр, ал жоғарғы бүршігінен сабақ пайда болады да, олардан гүлдер мен тұқым қалыптасады. Бұл тәсіл тұқым шаруашылығында қолданылады.
Бақылау сұрақтары:
Тұқымнан көбеюі, тіршілік ұзақтығы бойынша ажырату?
Өсінді жолымен жуашықпен көбейту?
Өсінді жолымен тамырсабақпен көбейту?
Өсінді жолымен қалемшелермен көбейту?
Тамыр жемістер бөліп көбейту?
Дәріс № 11
«Қорғаулы жер. Қорғаулы жер туралы түсінік, маңызы және оның құрылыстарын жіктеу»
Қарастырылатын сұрақтар:
Жылыжайлар
Жылыжайлар жарық өткізгіш жамылғыларының түрлері
Жылытылған жер (қыртысы)
Булыжай
Қорғаулы жердің құрылыстарын салуға телім таңдау
Көшет өсіру
Көшеттерді қысқы жылыжайларда өсіру
Қорғаулы жер-маусымнан тыс уақытта көкөніс және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге пайдаланатын, өсімдіктерге қолайлы жасанды микроклиматы бар, арнаулы құрылыстар немесе жер телімі. Қорғаулы жердің негізгі міндеті-күзде-қыста және көктемде көкөністер өндіру; ашық жер үшін көкөніс дақылдарының көшеттерін өсіру. Қорғаулы жер көкөніс шарушылығын солтүстікке және шығысқа жақындатуға мүмкіндік жасайды, өсірілетін көкөніс дақылдарының түрлерін көбейтуге, халықты жыл бойы жас көкөніспен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға көмектеседі.
Қорғаулы жер өсіру құрылыстары жылыжай, булыжай және жылытылған жер болып бөлінеді. Ашық және қорғаулы жерлерді дұрыс үйлестіріп, көкөніс өнімін сақтауды жақсы ұйымдастыра отырып жас көкөністі жыл бойы өсіруге болады.
Жылыжайлар
Жылыжайлар – ең жетілген өсіру құрылыстарының бірі, мұнда өсімдік тіршілігінің барлық себепшарттарын (факторларын), сондай-ақ өнімділікті де реттеуге болады. Жылыжайдың қорғаулы жердің басқа құрылыстарынан айырмашылығы барлық технологиялық үдерістерді механикаландырып қана қоймай, сонымен бірге автоматтандыруға да болады. Жылыжайдағы еңбек – өнеркәсіптік өндірістің бір түрі.
Жылыжайлардың негізгі міндеті – маусымнан тыс уақытта көкөніс, қорғаулы және ашық жерлер үшін көшет өсіру. Пайдалану және құрылысын салу белгілері бойынша жылыжайларды алты топқа бөледі: міндеті, пайдалану ұзақтығы (маусымдылығы), өсіру технологиясы, жарық өткізгіш қоршау түрі, қоршауының пішін үйлесімі, жылыту тәсілі.
Міндеті бойынша жылыжайлар көкөністік, көшеттік (өсіру) және гүлзар (гүлбақ) болып бөлінеді. Көкөністік жылыжайларда тауарлық көкөністер, көшеттіктерде-ашық және қорғаулы жерлер үшін көшеттер өсіріледі. Жылыжай комбинаттары алаңының 8-10 % көшеттіктердің үлесіне тиеді.
Пайдалану ұзақтығы бойынша жылыжайлар қысқы және көктемдік болып бөлінеді. Қысқы жылыжайда жыл бойы көкөніс және көшет өсіріледі, көктемдікті – ерте көктемнен қоңыр күзге дейін (ерте көкөніс және ашық жер үшін көшет өсіріледі) пайдаланады.
Өсіру технологиясы бойынша сөрелі, сөресіз (жерде), гидропонды жылыжайлар, фитотрондар және қозықұйрық (шапиньон) өсіретін болып бөлінеді. Сөрелі жылыжайлар, көбінесе көшеттер өсіруге пайдаланылады. Сөрелі жылыжайларда жұмысты механикаландыру мүмкін емес, сондықтан қазіргі жылыжайларды сөресіз салады және өсімдіктер тікелей жылыжай топырағында өсіріледі.
Гидропонды жылыжайларда өсімдіктерді қоректік ерітінділер құйылған, су өтпейтін бетонды астауларда өсіреді.
Фитотрондар – қоршаған орта себепшарттарының өсімдікке әсерін зерттеу үшін жасанды жағдайларды реттейтін қондырғылар. Қозықұйрық өсіргішжай - жылыжайлардың қозықұйрық өсіруге бейімделген түрі.
Қозықұйрық өсіру үшін әртүрлі құрылыстар пайдаланылады: ұңғымалар (штольнялар), үңгірлер, кеніштер (карьерлер), сондай-ақ жертөле, ескі ғимараттар, жылыжайлар. Қозықұйрықты өсіруге өзінің тікелей мақсатында пайдаланбаған кезде, қоймаларды іске жаратады.
Жылыжайлар жарық өткізгіш жамылғыларының түрлері бойынша шыныланған, пленкамен және қатты полимерлі жадығаттармен жабылған болып бөлінеді. Қысқы жылыжайлар шыныланады да, көктемдіктер шынылы да, пленкалы да болуы мүмкін.
Күн сәулесі жылыжайдың ішіне өтіп топыраққа, өсімдікке, қабырғаға және басқа да жерлерге түседі, оларды қыздырып жылуға айналады, сосын шыны арқылы кері сыртқа шыға алмайды да, жылыжайдың температурасын көтереді. Бұл құбылысты булыжай немесе жылыжай әсері дейді. Булыжай әсерінің байқалу деңгейіне байланысты жылыжайдың жылу режимі, оның жылу теңгерімі, жылытудың қажеттілігі және отын шығыны анықталады. Сонымен булыжай әсері шынылы жылыжайларда күштірек байқалады.
Қоршаудың пішін үйлесімі (конфигурациясы) бойынша жылыжайлар ангарлы және топтамалы (блокты) болады, көлденең
қиығының пішіні бойынша сыңар жақты және екі жақты құламалы, тегіс және цилиндрлі, оңтүстікке бағытталынған құламалы болып бөлінеді. Ангарлы жылыжайларда тіреулер болмайды. Блокты жылыжайлар – ангарлы жылыжайлардың бірнешеуін бір-бірімен тіркестіре салынғандай.
Блокты жылыжайлардың ангарлы жылыжайлардан артықшылығы: қоршау коэффициентінің аздығы, бағасының және отын шығынының 15-18 пайызға төменірегі, құрылысты салу 30-35 пайызға арзанырақ. Блокты жылыжайларда механикаландыру мәселесі оңай шешіледі
Жылыжайдың басқа да құрылымдары бар: аспалы (ванттық), ауалық (үрмелі), биіктік-конвейерлік. Ванттық жылыжайлардың пленкалары жылыжайдың екі жағындағы бағаналарға тартылған тросқа байланады, үрмелілердің пленкасы үнемі ауаның қысымымен ұсталынып тұрады. Өнеркәсіптің және электростанциялардың жылу қалдықтарын пайдалану үшін су сүзгілері бар жылыжайлар (гидрожылыжайлар) жасалынды.
Көкөніс дақылдарын белгілі бір кезеңде өсіргенде, өсімдіктерге қажетті жылу режимін қалыптастыру үшін соңғы жылдары жылжымалы жылыжайларға қызығушылық туындауда. Жылыжайды рельс бойымен лебедкамен немесе қолмен, сондай-ақ рельс бойымен роликтің көмегімен қозғайды. Көбінесе жылжымалы жылыжайларды көп жылдық көкөніс дақылдарының – қояншөптің, рауғаштың, қымыздықтың, ерте мерзімінде пісетін қызанақтың, шалғамның, ақ сүттігеннің және т.б. жеміс салуын тездету үшін пайдаланады. Күзде, оларды жинап алғаннан кейін жылыжайды көрші телімге жылжытып, кеш пісетін дақылдарды өсіруге пайдаланады.
Тұрғын үйлердің және өнеркәсіп ғимараттарының төбесіне жылыжай салу, аталынған орындардың қалған жылуын және жерді тиімді пайдалануға мүмкіншіліктер жасауда.
Жылыжайлар жылытылу тәсілі бойынша күнкөзілік, биологиялық және техникалық жылудағы болуы мүмкін.
Жылытылған жер (қыртысы)
Өсімдіктерді көктемгі кеш және күзгі ерте бозқыраудың қауіпті әсерінен қорғау және топырақ пен топыраққа жақын ауаның режимін жақсарту, көшет пен ерте пісетін көкөністерді өсіруге арналған, жылытылған жерді пайдалану арқылы іске асады. Жылытылған жерді пайдалану ашық жермен салыстырғанда, көкөністердің тауарлы өнімінің 2-3 апта ертерек пісуін қамтамасыз етеді. Жылытылған жерді жасауға кеткен шамалы шығын қосымша өніммен қайтарылады.
Жылытылатын жер 2 түрге бөлінеді:
жылытылмайтын жер – салқын жүйектер, салқын көшеттіктер, шамалы пленкалы көлем құрылыстар;
биологиялық (булы үймелер, орлар, жүйектер, жалдар, жылы көшеттік) немесе техникалық жылумен жылытылатын жер-жылытылған алаңдар.
Жылытылмайтын жылы жер
Салқын көшеттік жүйек – кәдімгі бақшалық жүйектер, түнде және кенеттен салқындағанда, жиналмалы жабулармен жабылады. Салқын көшеттік жүйекте қорап болмайды.
Салқын көшеттік – ұзындығы еркінше, ені 1,6 м, ағаштан жасалған қорап. Қораптың үстіне әр жерден сырғауыл салынады немесе тор жайылып, оның үстіне жабу жабады. Мұндай көшеттіктер тегіс жерге немесе жүйектерге орналастырылады.
Кішігірім көлемді пленкалы құрылыстарды тегіс бетке немесе жүйектерге жасалынады. Олар қаңқасыз, туннель және шатыр тәрізді типтерге бөлінеді.
Қаңқасыз тасалар (паналар) үшін топырақ бетіне жолақтап атжалдар жасайды, тұқым сепкен кезде арнаулы айла-бұйыммен пленканы жазып, шетін топырақпен басады. Ауа райы жылып (сепкеннен немесе отырғызғаннан 20-30 күн өткен соң), өсімдіктің өсуіне пленка кедергі жасай бастағанда, оны жинап алады. Мұндай паналар өскіннің 10-15 тәулік бұрын пайда болуына, бір жылдық дақылдардың өнімінің ертерек алынуын және көпжылдықтардың өркендерінің дамуын қамтамасыз етеді.
Туннельді паналардың көлденең қиығы доға пішіндес; шатыр тәріздісінікі – екі итарқалы жылыжай сияқты.
Жылытылатын жылы жер
Биологиялық жылумен (отынмен) жылытылатын жылы жер
Топырақты жылыту үшін шіри бастаған көңнің жылуын пайдаланады. Ол үшін өзінен-өзі қыза бастаған көңді топырақ қабатына көмеді. Ондай көң көктемнің салқын ауасына көптеп бу шығарады, осыдан булы жүйек, жал үйінді және ор (шұңқыр) деген түсініктер тараған.
Булы үйінді – биіктігі 25-30 см, диаметрі 45-50 см ыстық қи үйіндісін, бүйірлерінен және үстінен құнарлы топырақтың 15-20 см қабатымен жабады.
Булы ордың булы үйіндіден айырмашылығы, мұнда көң топырақ үстіне емес, белгілі бір шамадағы орларға салынады. Ордың ортасын ала, кішкентай шүңқыршықтарға тұқым себіледі немесе көшет отырғызылады.
Булы жалдарды (қырқаларды) жасағанда күзде қатараралықтарының нақ ортасынан 0,7-0,9 м атыздар тілінеді. Ерте көктемде атыздарды ыстық көңмен толтырып, іле топырақпен жабады. Булы жалдарды жөндеген кезде тырнауышпен жалдың бетінен 6-8 см тереңдікке атыз жасайды, содан кейін тұқым себіледі немесе көшет отырғызылады. 1 м2 жалға 15 кг көң қажет.
Булы жүйекті жасағанда, күзде ені 50-70 см және тереңдігі 20-25 см ұзынша ор қазылады. Ерте көктемде оған қалыңдығы 20 см етіп көң төгіп үстін топырақпен жабады.
Техникалық жылумен жылытылатын жылы жер. Топырақты жылыту үшін ыстық (40-45°С) суды немесе өнеркәсіптің буын пайдалана алатын жылу жүйесі бар жерлер кеңінен қолданыла бастады. Телімде әрбір 0,7-1 м сайын, 0,3-0,4 м тереңдікке, диаметрі 50-100 мм қыша, темір немесе асбоцементті құбырлар төселінеді (өткізіледі). Температура төмендегенде және суық болған кезде мұндай жерлерді пленкамен жабады. Егер электр күшімен жылытылатын болса арнаулы жылу кабельдерін қолданады.
Булыжай
Булыжайдың негізгі міндеті – ашық жер үшін қажет көшет және ерте пісетін көкөніс өсіру. Құрылымы бойынша булыжайлар сыңар құламалы, екі құламалы, тереңдетілген немесе топырақ үстілік болып бөлінеді. Топырақ үстіліктерден кең қолданыс тапқандары тұрақты және көшірмелі булыжайлар. Жарық өткізгіш жабуы кәсекті немесе перделі, шынылы немесе пленкалы болуы мүмкін. Жылытылуы бойынша булыжайдар биологиялық, күн көзілік және техникалық жылуды пайдаланатын болып бөлінеді. Жылда пайдалана бастау уақытына байланысты ерте (жылы), орташа (жартылай жылы) және кеш пайдаланатын булыжайлар болады.
Сыңар құламалы булыжайлардан қолданыс тапқаны шұңқырдан, қораптан, кәсектен және бойрадан тұратын орыстық тереңдетілген булыжай (35-сурет).
Шұңқыр – жерден қазылған ұзынша ор. Биологиялық отынды (су немесе электр жылытқыштарды өткізуге) және қоректік қабатты (булыжай төсемін) толтыруға арналған.
Булыжайдың қорабы кәсектерінің орнықты және тығыз тұруы үшін керек. Ол шұңқыр қабырғасының жоғарғы бөлігін бүзылудан және топырағын сусылдап төгілуден қорғайды. Қораптың ұзын жақтарын ұзына бойылық байлам бөренесі (парубені), ал қысқа жактарын булыжайдың шеті (торец) немесе бас жағы дейді. Қорапты (орамды) ағаштан, тастан, кірпіштен, темір-бетоннан жасайды. Булыжай күн сәулесімен жақсырақ қыздырылуы үшін булыжайдың солтүстік жағын (парубенін) оңтүстікке қарағанда 15 см биіктеу етіп жасайды.
Булыжайдыц кәсектері өсімдіктерді төмен температурадан, желден және қардан қорғайды, сонымен бірге өсімдіктерге жарықтың түсуіне кедергі жасамайды. Булыжайдың кәсектері ағаштан жасалынады. Оның ұзындығы 160 см, ені 106 см.
Булыжай бойралары кәсектерді түнде және салқын күндері жабуға қолданылады. Көкөніс шаруашылығы тәжірибесінде кең қолданыс тапқандары – сабаннан немесе қамыстан көлемі 1,6 x2,4 м, қалыңдығы 6 см, салмағы 4,5-5,5 кг етіп жасалынған бойралар. Ең жақсы бойра мылжаланбаған, масақсыз қара бидай сабанынан жасалынады. Бойраларды қолмен немесе өнімділігі 60 м2 МВМ-250 машинасымен жасайды. Жазда кептірілгеннен кейін бойраларды шиыршықтап бүктеп
қалқан астында сақтайды. Бойраларды тышқаннан қорғау үшін оларды улы заттармен өндейді.
Қорғаулы жердің құрылыстарын салуға телім таңдау
Мұндай құрылыс салынатын жердің бедері жайлы, оңтүстікке, оңтүстік-шығысқа немесе оңтүстік-батысқа сәл еңісті болуы керек. Блоктьі жылыжайлар үшін еңістігі 0,4о аспауы керек. Аңғарлы жылыжайлар үшін 6о-қа дейінгі еңіс рұқсат етіледі. Үлескінің еңісі Зо артық болса, алаңда текше жасалынады (терассалау). Еңісі солтүстікке бағытталған жерлер мұндай құрылыстар үшін қолайсыз. Олар әдетте салқын, күн сәулесі ол жерге қисық түседі де, ауа мен топырақты әлсіз қыздырады. Қорғаулы жерлерге арналған алаңның сумен, канализациямен және электрмен қамтамасыздандыратын құрылыстарын салуға аз шығын шығаруға бейімді, сондай-ақ жолдармен оңтайлы байланысы болуы ескерілгені жөн.
Үлескі солтүстіктік, солтүстік-шығыстық және үстем желдерден және қар басып қалушылықтан (қысқы жылыжайлар үшін) және көктемгі жылыжайларды алғашқы кезде пайдаланғанда қорғалуы керек. Дақыл өсіретін құрылыстарды ойпат, суық ауа жиналатын және түнде температура беткейге қарағанда едәуір төмен болатын жерлерге салуға болмайды.
Үлескі жылыжай шыныларының жарық өткізгіштігін төмендететін, ауа ластағыштардан алысырақ және оның жел жағында орналасқаны дұрыс.
Топырақ астындағы қабаттың су өткізгіш болғанының маңызы зор. Жылыжай салған кезде кәрізді (дренаж) да салу керек. Жер асты сулары жылыжай деңгейіне 2 м жақын келмеуі керек, ал булыжайдың шұңқырына – 1м. Бұзаубас, өрмекші және түйіндеумен (өсімдік ауруы) залалданған жерлерге мұндай құрылыстарды жүргізуге болмайды. Үлескіні кеміргіштердің жаппай көбеюінен сақтау үшін қоймалардан, шаруашылық құрылыстарынан 300 м, ал жұмысшылардың тұрғынынан (кенеттен болатын жұмыс кезінде) 500-700 м қашықтықта орналастыру керек.
Жылыжайларды шығыстан-батысқа бағыттап (ендік бағыт) салған дұрыс. Мұндайда олардың қыста жарықтануы жақсарады, ал жазда жарықтануы төмендейді, сонымен жылу режимі жақсарады. Пайдалануы наурыз – сәуірдегі көктемдік жылыжайлардың қолайлы бағыты солтүстіктен оңтүстікке қарай; жарықтануы біркелкі және талтүсте қызуы бәсеңдейді. Көктемдік пленкалы жылыжайларды қысқы жылыжайларға және бу қазанына жақынырақ орналастырады. Бұл олардың жылуын көктем кезеңінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Тұрақты булыжайларды шығыстан батысқа, жылжымалы пленкалы паналарды солтүстіктен оңтүстікке бағыттап, тізбектеп және орам (квартал) тәсілімен орналастырады.
Булыжайларды тізбектеп орналастырғанда оларды қосарлап, іргелес екі булыжайлардың бойлық бөренелерінің қатараралықтарын 70 см етіп орналастырады. Әр жұптың арасынан 3,5 м, ал бас жақтарынан көлік өтетін 5 м жолдар қалдырады.
Орам (квартал) тәрізді орналастырғанда, булыжайлар 20-30 шұңқырдан топтастырылады. Көршілес булыжайдың бойлық бөренелерінің арасы 70 см болады. Биологиялық отынмен жылытылатын булыжайларды қолмен толтырғанда және тазалағанда олардың бас жағындағы жолды кезекпе-кезек 10 және 15 м етіп қалдырады. Енсізі топырақ, ендісі көң сақтауға пайдаланылады. Техникалық жылуды қолданғанда немесе шұңқырларға материалдар механизм күшімен жеткізілгенде жол 6 м дейін кішірейтіледі.
Көшет өсіру
Көшет деп, тығыз егістікте өсірілген, өнім беретін мүшелерін қалыптастыруға кіріспеген, ашық және қорғаулы грунтқа- тұрақты орынға отырғызуға арналған жас өсімдікті айтады.
Көшеттік әдіс өнімнің 20-30 тәулік ертерек пісуіне; тіршілік кезеңі ұзақ жылу сүйгіш дақылдарды солтүстік аудандарда өсіруге; өскіндер мен күш алмаған жас өсімдіктерді аурулар мен зиянкестерден қорғауды жақсы ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Одан басқа, көшеттік әдісте тұқымның шығынын 5-6 есе кемітуге болады, өскіндерді сиретудің қажеттілігі тумайды, қабыршақ пен арамшөптермен күресу жеңілдейді.
Сонымен бірге, көшеттік әдіс, қымбат тұратын дақыл өсіретін құрылыстарды салуға қосымша шығынды талап етеді. Көшеттік әдіспен өсіру, сол уақытта тиімді, егер өндірістік шығындарды ерте алынатын өнім қайтара алса. Ашық жер көкөніс шаруашылығында егіс көлемінің жартысынан артығы көшетпен отырғызылады, ал жылыжайлар мен булыжайларда бұл әдістің үлесіне егіс көлемінің 90 % келеді.
Көшеттік өсімдік көшетсіз өсімдікпен салыстырғанда көшет кезеңінде өсуі мен дамуында «оздыру» (жеделдеу) дегенге ие болады. «Оздыру» өскін пайда болғаннан көшіріп отырғызғанға дейінгі уақыттағы күнтізбегінің санымен, ал кейіннен даму кезеңдерімен
(жапырақ саны, гүл шоғырының қалыптасуы т.т.) өлшенеді. Оздырудың шамасы әдетте көшеттің жасымен байланысты. «Оздыру» неғұрлым көшеттің жасына сәйкес келсе, соғұрлым ерте өнім жоғары болады.
Көшетті отырғызуға дайындағанда өсімдіктің ашық грунт жағдайына икемдеуге бағытталған агротехникалық шаралар кешенін шынықтыру дейді. Шынықтырудың мәні температураның мүмкін көтерілуі мен төмендеуіне, күшті күн радиациясына, ауа және топырақ құрғақшылығына өсімдіктің төзімділігінің жоғары болуына ықпал
жасайтын микроклиматты қалыптастыру болып табылады.
|
|
Жылумен
|
(температурамен),
|
жарықпен
|
және
|
ауамен
|
шынықтыруды ажыратады.
Жылумен шынықтырғанда көшетті өсіру кезеңінде температураның салыстырмалы түрде төмен болуын, әсіресе түн мезгілінде, фосфорлы-калийлы қоректік денгейінің жоғары болуын қадағалайды және орташа суландырады.
Жарықпен шынықтырғанда өсімдіктің жоғары сәулеленуіне жағдай жасайды, сонда олардың грунтқа отырғызғанда ультракөгілдір сәулелерге төзімділігі артады. Ауамен шынықтырғанда орташа суландыру арқылы ауаның салыстырмалы ылғалдылығын жоғарылатпай, орташа деңгейде ұстайды. Бұл өсімдіктің, әсіресе көшетті танапқа отырғызған кезде жиі байқалатын ауа құрғақшылығына төзімділігін арттырады.
Өсімдіктің шынығуына қоректік алаңның көлемі де ықпал жасайды. Жоғары сапалы көшетте жапырақ массасының сабақ массасына қатынасы 1,5-2, орташасында – 1-1,5, сапасызында 1-ден кем болады.
Г.И.Тараканов және т.б. бойынша (1982) ашық грунтқа арналған көшеттерді технологиялық жағынан ерте, орташа және кеш деп бөледі.
Ерте көшет – ақ қауданды және түсті орамжапырактың, балдыркөктің, порей пиязының және пияздың тәтті сұрыптарының көшеттері. Оларды жылытылатын пленкалы немесе басқа да құрылыстарда ерте мерзімде өсіреді және ерте өнім алуға арналған.
Кеш көшет – ақ қауданды орамжапырақтың орташа мерзімде пісетін сұрыптарының, күзде пайдалануға түсті орамжапырақтың, қояншөптің, рауғаштың және т.б ашық грунтта, салқын көшетханаларда өсірілген көшеттері.
Көшеттерді өсірудің бірнеше тәсілі бар: құмырада және құмырасыз, көшіріп және көшірмей отырғызу.
Көшіріп отырғызу – жас өсімдіктерді қалыпты өсіру үшін молырақ қоректік алаң беріп қайтадан отырғызу. Көшіріп отырғызуға арналған
жас өсімдіктерді, жарнақ жапырақ немесе 1-3 кәдімгі жапырақ сатысында сеппе көшет деп атайды. Тығыз себіліп, кейіннен көшірш отырғызылатынды сеппе көшет мектепшесі дейді.
Алаңның көшіріп отырғызғандағы өрістеу еселігі – бұл сан көшіріп отырғызғаннан кейін, өсімдіктің мектепшедегі алаңмен салыстырғанда неше есе артық алаң алатынын көрсетеді. Орамжапырақ үшін 5-7-ге тең, қьізанақ, бұрыш, баялды үшін – 8-10.
Сеппе көшеттерді көшіріп отырғызу 3 тәсілмен жүргізіледі: саусақ астына, қазықша және жұқа тақтайша астына.
Ең тиімдісі, көшетті құмырада өсіру тәсілі. Ол өнімнің жетілуін 12-14 тәулікке жеделдете отырып, өнімділікті 20-30 % арттырады. Құмыраларды шымтезек-қарашіріндіден әзірлеген қолайлы. Шымтезек жетіспейтін жерлерде қарашірінділі – топырақ қоспасын пайдалануға болады: қарашіріндінің 3 бөлігі, шым топырақтың 1 бөлігі және 1-2 % сиыр қиы. Қияр үшін басқа құрам дайындайды: шым топырақтың 10 бөлігі, жылқы қиының 9 бөлігі, ағаш үгіндісі – 1, және сиыр қиының бөлігі.
Кейбір жылыжай комбинаттарында көшеттерді көлемі 10х10 немесе 10х15 см полиэтиленді стақаншаларда өсіреді. Стақаншалар түпсіз, оларды мынадай қоректік қоспамен толтырады: шым топырақтың 1 бөлігі, қарашіріндінің 1 бөлігі және 30 % ағаш үгіндісі.
Көшетті құмырасыз өсіру тәсілінде тұқым себерден 2 апта бұрын жерге қалыңдығы 0,07-0,1 мм полиэтилен пленкасын төсейді. Оған қоректік қоспаны қалыңдығы 8-10 см етіп төгеді. Қоспаның құрамы: шым топырақтың 2 және қарашіріндінің 1 бөлігі.
Құмырасыз көшеттерді ағаш үгіндісінің төсенішіне, 2-3 см топырақ қоспасын төгіп өсіру тиімді. Көшетхананың тегістелген жеріне алдын ала минералды тыңайтқыштар араластырылған ағаш үгіндісін, қалыңдығын 5 см етіп төгеді. Көшетті үгінді қабатымен қоса қазып алу жеңілге түседі. Өcipy кезеңінде карантин, тазалық және алдын алу жұмыстары өте қатаң сақталады. Көшет өсіргенде егіс алқабын
тексергенде қосымша отырғызу (жөндеу) үшін қажет болар деген есеппен, 10-15 % артық саны ескеріледі.
Көшеттерді қысқы жылыжайларда өсіру
Қысқы жылыжайларда желтоқсан – қаңтарда көшетті қосымша жарық беріп және алшақ орналастырып өсіреді. Алшақ орналастыру – көшеттерді кеңірек орналастыру – жарықтану жағдайын жақсартады. Көшеттерді жазғы -күзгі айналым үшін табиғи жарықта өсіреді.
Қысқы айларда көшеттерді косымша жарыктандыру бірінші өнімді 15-20 тәулік бұрын жинауға мүмкіндік береді және жалпы түсімді 20-30 % арттырады.
Қияр көшеттері. Қияр көшетін 1 класты 2-3 жылғы тұқымнан алады, және әдетте көшіріп отырғызбай-ақ өсіреді. Себер алдында тұқымды 3 тәулік бойы термостатта қыздырады. Бірінші тәулікте температураны 50-55оС ұстайды, екіншісінде – 55-60оC, үшіншісінде – 60-65оС. Осыдан кейін тұқымдарды ас тұзының немесе аммиак селитрасының 3-5 % ерітіндісіне салып, фракцияларға бөледі. Себуге ыдыстың түбіне тұнғандарын алып, суда мұқият жуып, құрғатып, сосын ТМТД-мен (гектарлық тұқым мөлшеріне 6-8г) өңдейді. Тұқымдықтарды құмыраларға, көшетті тұрақты орнына отырғызардан 25-30 тәулік бұрын себеді.
Көшет өсіруге арналған тұқымдарды шынықтыру тиімді. Ол үшін 24 сағат бойы суда болып, бөрткен тұқымды 2-3 күн бойы күндіз 18-20оС, түнде 0-3оС-да ұстайды.
Көшеттердің үшінші жапырақтары пайда болғаннан кейін олар бірімен-бірі қосылып көлеңкеленеді. Осы кезде құмыраларды бірінен-бірін 15-20 см алшақтатып (1 м2 65-70 құмыра) орналастырады. Көшет өсіргенде өскін пайда болғанша ауа температурасы 25-30оС болуы керек, өскін пайда болғаннан алғашқы 4 тәулікте -12оС, одан әрі түнде – 18оС, күндіз-25оС. Ауаның ылғалдылығы – 80-85 %, топырақтікі – 70-80 %.
Өскіндер біркелкі пайда болғаннан кейін косымша жарық түсіреді. Бірінші кәдімгі жапырақ қалыптасқаннан кейін сеппелерді көлемі 7x7 және 8x8 см құмыраларға көшіріп отырғызады. Осы кезде тамырдың өсу нүктесін шырпиды. Өскін пайда болғанша жылыжайдағы температура 20-25оС, өскін пайда болғаннан кейінгі алғашқы 4-5 күнде 14-15оС болады, одан әрі түнде – 14-16 С, күндіз бұлыңғыр күндері – 17-19оС, шуақты күндері – 22-24оС, топырақ температурасы – 18-20оC. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы – 60-70 %.
Көшіріп отырғызғаннан 10 тәулік өткен соң көшеттерді үстеп қоректендіреді 10 л суға 5 г аммиак селитрасы, 40 г суперфосфат, 15 г күкірт қышқылды калий, 3 г күкірт қышқылды магний, 1 күкірт қышқылды мыс, 0,5 бор қышкылы, 0,2 күкірт қышқылды мырыш, 1,5 – күкірт қышқылды марганец. Көшеттің қара сирақ ауруына шалынбауы үшін алғашқы 2-3 апта бойы, шуақты күндері, дұрысы түске дейін, жылы сумен (15-18оС) суландыру. Күтіп-баптау кезінде топырақты 1-2 рет қопсытады және қосымша тамырлар қалыптастыру үшін үстеп топырақ себелейді (1-2 см). Оны вирустық аурулардан қорғау үшін іріктер алдында калийдің перманганатымен бүркеді (10л суға 3г). Саңырауқұлақ ауыруына қарсы 05-1 % бордосс сұйығымен немесе 0,1-0,2 % тотыяйын ерітіндісімен өңдейді (1,5м2/1 л).
Үлгі қалыпты көшеттің 8-9 жапырағы және алғашқы гүл шашағы болады.
Қауданды ақсүттіген көшеті. Егу жәшіктерінің 1м2-не 3-4 г
тұқым сеуіп, 3-3,5 мың сеппе көшет алады. Жәшіктерді, өскіндері тезірек пайда болуы үшін 2-3 тәулік пленкамен жауып қояды. Өскін пайда болғанша температураны 20оC маңында ұстайды, сосын сеппелер сойдиып кетпеуі үшін 12оС дейін төмендетеді. Ұрық жапырақшалары кезінде екпелерді қоректік алаңы 15-20 см немесе 25x25 см сұрпына қарай, тұрақты орнына көшіріп отырғызады. Алғашқы кәдімгі жапырағы пайда болысымен температураны 18оС дейін көтереді. Көшеттің қысқы – көктемгі айналымдағы жасы 35-40 тәулік, күзгі-қысқыдағысы – 25-30. Үлгіқальшты көшет ұзындығы 10-20 см 4-5 жапырақ қалыптастыруы керек.
Бақылау сұрақтары:
Жылыжайлар құрылысы?
Жылыжайлар жарық өткізгіш жамылғыларының түрлері?
Жылытылған жер (қыртысы)?
Булыжай құрылысы, ерекшеліктері?
Қорғаулы жердің құрылыстарын салуға телім таңдау?
Көшет өсірудің негізгі қағидаттары?
Көшеттерді қысқы жылыжайларда өсіру ерекшеліктері?
Дәріс № 12
« Көкөніс дақылдарының жалпы агротехникалық тәсілдері»
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Үлескіні таңдау және ауыспалы егістер.
2.Топырақты өңдеу
3.Суландыру
4. Көкөніс дақылдарын зиянкестер мен аурулардан қорғау
Үлескіні таңдау және ауыспалы егістер.
Көкөніс дақылдары суға, топырақ кұнарлылығына және жылуға жоғары талап кояды. Міне, сондықтан, суландыруды дұрыс ұйымдастыру үшін көкөністерге телімді су көздерінен-өзендерден, тұщы сулы көлдерден немесе ірі су құбырларынан, сондай-ақ ылғалы молырақ және жел әсері азырақ, өзен алқаптарынан алыс емес жерлерден таңдау керек. Көкөніс дақылдары үшін ең қолайлы жылу режимі оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс беткейде қалыптасады.
Көкөніс дақылдарын өсіруге кәдімгі қара және оңтүстік, қара қоңыр, өзен алқабының механикалық құрамы бойынша құмдау, жеңіл және орташа құмбалшықты топырақтар жарамды. Қарашіріндіге бай құмайт, құмдау топырақтарда жоғары өнімді бақша дақылдары, сондай-ақ сәбіз, қызылша, қызанақ, пияз береді. Сумен жақсы қамтамасыз етілсе, жоғары өнімді ерте пісетін орамжапырақ та бере алады. Борпаң саздау топырақтарға әк енгізіп, орташадан кешірек мерзімде пісетін орамжапырақтардан жоғары өнім алуға болады. Ауыр саздақ топырақтарда қоректік заттар мол болғанымен, олар көктемде баяу жылынады, олардың бетінде қабыршақтар пайда болады, сондықтан ұсақ тұқымды көкөніс дақылдары үшін қолайсыз, бірақ көшеттік көкөністерді өсіруге болады. Жүйелі түрде суарылса және жылма-жыл көң шашылса, көкөніс дақылдары жақсы өнімділікті сәл сортаңдау жерлерде де көрсете алады.
Көкөніс телімін бір аумақта (алаңда) орналастырған жөн. Бұл өндірісті тиімді ұйымдастыруға, күтіп-баптау жұмыстарын бір уақытта, біркелкі жүргізуге, механизмдердің пайдасыз қимылын азайтуға мүмкіндік береді.
Ауыспалы егістің бір танабында әдетте бір, кейде ғана екі дақыл орналастырылады. Тек аз көлемдегі дақылдар ғана бір танапта қатарласып орналасуы мүмкін. Қымыздық, ақжелкек, пияз-батун және т.б. көпжылдықтарды танаптан тыс телімге орналастырады.
Қазақстанның солтүстігінде ақ қауданды орамжапырақ негізгі көкөніс дақылы және барлық көкөніс дақылдары егістігінің 46% алатынын және көптеген шаруашылықтарда көкөніс ауыспалы егісінде ерте пісетін картоп егілетінін ескеріп, көкөніс-картоп ауыспалы егісінің мынадай сұлбасын ұсынамыз, онда орамжапырақ 30-дан 44% дейін, картоп – 12-ден 20% дейін егіс көлемін алады.
|
4 танапты
|
5 танапты
|
1.
|
Орамжапырақ+көң
|
1. Орамжапырақ+көң
|
2.
|
Қызанақ және картоп
|
2. Қызанақ, бұрыш+баялды
|
3.
|
Қияр және орамжапырақ+көң
|
3. Қияр және орамжапырақ+көң
|
4.Тамыржемістілер және пияз
|
4.Тамыржемістілер және пияз
|
|
|
5. Картоп
|
танапты
Орамжапырақ+көң
Қызанақ
Қияр+көң
Тамыржемістілер және пияз
Орамжапырақ+көң
Картоп
Көкөніс егістіктерінде арамшөптермен күресу үшін агротехникалық тәсілдерден басқа, көкөніс ауыспалы егісіне бір немесе екі таза сүрі жер танабын енгізу керек. Ластану күшті болса уақытша шара ретінде екі танапты – сүрі жер – көкөністер ауыспалы егісі қолданылады. Суландырылатын ауыспалы егістіктерде сүрі жерді бір жылдық дақылдарды себуге, әсіресе арпа мен сұлының таза егістігіне немесе бұршақ тұқымдастармен – ас бұршақ немесе сиыр жоңышқамен қоспа түрінде себуге пайдалану тиімді. Сұлының тамырынан бөлінетін заттары топырақ ауруы – тамыр шірігін туғызатындарға жойқын әсер етеді. Сұлы, сонымен бірге басқа арамшөптердің өсуін тежейді. Жасыл жемшөппен қамтамасыз етілген шаруашылықтарда біржылдықтарды шілдеде органикалық тыңайтқыш (сидерат) ретінде топыраққа жыртып, араластырады. Сидерат дақылдарды жыртып араластыру топыраққа 15-20 т көң шашқанға тең. Сонымен бірге танап арамшөптерден тазарады, аурулардың жаппай таралуы тежеледі, топырақтың қосымша сорлануы болмайды.
Төменде сүрі жер танабы бар ауыспалы егіс сұлбасы келтірілген.
№
|
5 танапты
|
№
|
6 танапты
|
1
|
Қара сүрі жер
|
1
|
Қара сүрі жер
|
2
|
Тамыржемістілер және пияз
|
2
|
Тамыржемістілер және пияз
|
3
|
Қияр+көң
|
3
|
Орамжапырақ+көң
|
4
|
Қызанақ, картоп
|
4
|
Қызанақ
|
5
|
Орамжапырақ+көң
|
5
|
Қияр+көң
|
6
|
|
6
|
Орамжапырақ+көң
|
Кейінгі кездерде қала маңындағы шаруашылықтарда көкөністік-жемшөптік ауыспалы егістерде қайталама дақыл ретінде сұлы, арпа, жаздық рапс, қышабас егістері қолдау таба бастады.
№
|
5 танапты
|
№
|
6 танапты
|
1
|
Ерте пісетін картоп, оны жинағаннан кейін – бір жылдық шөптер жемшөпке
|
1
|
Сұлы жемшөпке
|
2
|
Тамыржемістілер, пияз
|
2
|
Орамжапырақ+көң
|
3
|
Орамжапырақ+көң
|
3
|
Қызанақ
|
4
|
Қызанақ
|
4
|
Қияр+көң
|
5
|
Қияр+көң
|
5
|
Тамыржемістілер, пияз
|
Әрине, бұл ұсынылған ауыспалы егіс сұлбалары шаруашылықтың табиғи жағдайына, көкөністі дайындау, өндіру мүмкіндіктеріне қарай өзгеріске ұшырауы мүмкін.
Топырақты өңдеу
Көкөніс дақылдарының ерекшеліктерінің өзі сонда, олар барлық өсу-даму кезеңдерінде, әсіресе тіршілігінің басында топырақтың қоректік, су және ауа режиміне өте жоғары талап қояды. Топырақтың физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттері айтарлықтай деңгейде, оның өңдеу жүйесіне байланысты.
Көкөніс дақылдары үшін топырақты өңдеуге өте зор мән беріледі. Бұл көкөніс дақылдарының, танаптық дақылдармен салыстырғанда, кейбір маңызды ерекшеліктерімен түсіндіріледі.
Көкөніс дақылдарының көбінің тұқымдары ұсақ және өте нәзік, әлсіз өскін береді. Бұл топырақ бетінің тегіс, кесексіз болғанын қажет етеді, әйтпесе тұқымдардың көбі өскін бермейді. Сондықтан тұқымдарды саязға сіңіреді де, олар ылғалы жетіспейтін жағдайға жиі тап болады.
Көкөніс дақылдарының кейбіреулерінің тұқымдары (сәбіз, пияз, қызылша, ақжелкен, шалқан, ботташық, және т.б.) қиын өнеді. Бұл тұқымда эфир майының болуымен немесе су өткізбейтін тығыз және қалың қабықтың қалыптасуымен түсіндіріледі. Соның нәтижесінде тұқым нашар бөрітеді. Баяу өнуі олардың қабықтарында ингибиторлардың-ұрықтың жандануын тежейтін заттың болуымен түсіндіріледі. Топырақты жақсылап өңдегенде өскіндердің тез және біркелкі өніп шығуына жағдай жасалынады, әрі өскіндер топырақ қабыршағына және арамшөптерге қарсы тұра алады. Өскіндердің біркелкі болмауы және сиректілігі өнімді күрт төмендетеді.
Көкөніс дақылдарының көбі өнімді мүшелерін топырақта қалыптастырады (тамыр жемістерін, түйнектерін, тамыр сабақтарын), сондықтан топырақ борпаң болуы және жемістерінің байлануына ықпал жасауы керек.
Көкөніс дақылдарының бәрі де арамшөптерге сезімтал, әсіресе тіршілігінің басында. Топырақты өңдеудің дұрыс жүйесі көкөніс дақылдарына арамшөптермен күресуге көмектеседі. Нашар өңделген
топырақ себу, отырғызу жұмыстарының сапасын кемітеді, сондай-ақ қатараралықтарды өңдеу қиындайды.
Көкөністердің жоғары, тұрақты және сапалы өнімділігі өсімдіктің тамыр жүйесін тез дамытуына байланысты, ал ол өңдеу қабатын тереңдетумен қамтамасыз етіледі.
Көкөніс өсімдіктері топырақ құнарлылығына жоғары талап қойғыштығымен және қоректік заттардың көп бөлігін алып шығатындығымен ерекшеленеді. Сонымен бірге топырақ ылғалына жоғары талап қояды.
Көкөніс дақылдарының ерте пісетін сұрыптары топырақтың уақытында және дұрыс өңделуіне жоғары талап қояды.
Көкөніс дақылдары үшін топырақты өңдеу жүйесі өсімдіктің өсуіне қолайлы жағдай жасауға, оның құнарлылығының үздіксіз артуына, сондай-ақ топырақтағы зиянкестер мен аурулардың жойылуына бағытталған. Ол негізгі жыртудан, топырақты себер алдындағы өңдеуден және қатараралықтарды өңдеуден тұрады. Қатараралықты өңдеу өсінді кезеңінде өсімдікті күтіп-баптаумен тығыз байланысты.
Топырақты негізгі өңдеу. Топырақты негізгі өңдеуіді танап дақылдан босағаннан кейін жүргізеді. Алдымен танапты зігіріктен, бүлінген, дертті жемістерден және жиын-терін қалдықтарынан тазартады. Әсіресе дертті жемістердің жиналып алынуына ерекше көңіл қою керек, себебі топыраққа араласа жыртылып, олар келешекте ауру таратудың көзі болуы мүмкін.
Күзгі терең жырту-көкөніс шаруашылығындағы негізгі агротехникалық тәсіл – топырақта ылғалдың және қоректік заттардың жиналуына жағдай жасайды, арамшөптердің және зиянкестердің жойылуына ықпал етеді. Сүдігер жыртқанда топырақта қыстайтын көптеген зиянкестердің дернәсілдері мен қуыршақтары топырақ бетіне шығарылады да, қолайсыз жағдайда опат болады, ал топырақ бетіндегілері топыраққа терең сіңіріледі де, олар да тұншығады. Терең жыртқан кезде өсімдіктің ұсақ қалдықтары және олардағы ауру қоздырғыштар тереңге сіңіріледі, соның нәтижесінде олардың көбі жойылады.
Көкөніс дақылдары үшін танапты терең – 30-33 см дейін, атжалсыз, шеттерін бірдей етіп жырту керек.
Өте маңызды агротехникалық тәсіл-қар тоқтату. Ол қыс кезінде топырақтың терең тоңдануын болдырмайды. Мұндай топырақ көктемде тезірек жібиді де көктемгі танаптық жұмыстарға ертерек кірісуге мүмкіндік береді. Одан басқа, танапта қар жинау суаруды кешірек жүргізуге мүмкіндік береді, бұл дегеніңіз бір суару суын үнемдеумен тең.
Топырақты көктемде өңдеу. Көктемде алғашқы мүмкіндік туысымен сүдігерді тырмалау жұмыстарын – ылғал жабуды іске асыру керек. Бұл жұмысты тісті тырмамен, екі ізбен жүргізеді. Сонда бұл ерте себілетін дақылдар үшін топырақты өңдеудің негізгі тәсілі саналады.
Жылу сүйгіш дақылдарды кешірек сепкенде 1-2 аралық өңдеулер жүргізуге тура келеді.
Бірінші культивацияны арамшөптердің өсуіне жағдай жасау үшін, 10-12 см тереңдікке қопсыту керек, екіншісін – себу немесе отырғызар алдында, оларды жою үшін жүргізеді.
Көкөніс дақылдарын сепкенге дейін тығыздау топырақтың бетін тегістейді және нығыздайды, тұқым біркелкі сіңіріледі, оларға ылғалды тартады, ол өз кезегімен тұқымдардың бір уақытта пайда болуын қамтамасыз етеді. Өскіндердің топырақ бетіне шығуына кедергі жасайтын қабыршақтармен күресу үшін жеңіл, тор көзді тырмаларды қолданады.
Суландыру
Көкөніс дақылдары ылғалмен қамтамасыз етілуіне жоғары талап қояды. Орамжапырақ, қияр, пияз, шалғам, ақ сүттіген ең ылғал сүйгіштерге жатады. Қызанақ, сәбіз, қызылша, бұршақ тұқымдастар, асқабақ, қауын ылғалға аса жоғары талап қоймайды. Ылғал жетпесе қиярдың, қызанақтың, бұрыштың, баялдының жатыны түсіп қалады: орамжапырақ қауданы ұсақ, жетілмеген болады немесе байланбайды да. Тамыржемістілер, пияз су жетпесе өнімін күрт төмендетеді.
Көкөніс дақылдарын суарудың бірнеше тәсілі бар: қарықпен, жолақпен, жаңбырлатып және топырақ ішімен. Ең тарағандары жаңбырлатып және қарықпен суландыру.
Қарықпен (шөнкемен) суаруды жер бедері тегіс және еңістігі шамалы (0,003-тен 0,01о-ке дейін), беті тегістелген телімдерде жүргізуге болады. Қарықпен суарудың бірнеше түршесі бар: ағып өтетін қарықпен, тұйықталған қарықпен және саңылаулы қарықпен. Ағып өтетін қарықпен суарғанда жер бедеріне, еңіске және топырақ сипатына байланысты ұзындығы 200-400 м, тереңдігі 15-18 см, бірінен-бірінің қашықтығы 70 см қарықтар қазылады. Су қарықпен баяу ағып бірте-бірте сіңе береді.
Тұйық қарықпен суарғанда сәл еңістеу жерлердегі қарық сумен толтырылады да, олар сонда тұрып бірте-бірте сіңеді. Қарықты атыз жасағышпен жабдықталған культиватормен жасайды.
Саңлаулы қарықпен суару кәдімгі қарықпен суарғандай жағдайда жүргізеді. Саңылауды-қарықты саңылаулағыштармен жасайды. Ондайда қарықтың түбінде ені 3-4 см, тереңдігі 15-20 см, жалпы жиынтық тереңдігі 30-40 см саңылау жасалынады. Мұндай қарықтар суару ағымын арттырады. Және топырақтың сумен жақсы қанығуына мүмкіндік жасайды. Бұл дымқылдық суармалау және отырғызу алдындағы суарулар кезінде тиімді.
Жолақтармен суландыру тек мұқият тегістелінген телімдерде ғана тиімді. Жолақтарды риджермен немесе жал жасағыштармен, жалдың ортасынан алғанда енін 0,8-1,0 м етіп жасайды. Жалдардың биіктігі 18-20 см. Суландыру жолақпен суды жайылтып беру арқылы жүргізеді. Жолақтарда себу және топырақты өңдеу жұмыстарын машиналармен жүргізеді, ал жолақтардағы арамшөптерді қолмен жұлады.
Жаңбырлатқыш қондырғылармен суландыру. Бұл тәсілмен суландырғанда көп шығын тілейтін телімді тегістеудің және суландырғыш атыздарды тілудің қажеттілігі болмайды, судың тиімсіз шығыны азаяды. Көкөніс шаруашылықтарында жиі ДДН-70, ДДА-100М, «Фрегат» жаңбырлатқыш машиналары қолданылады.
Мақсаты бойынша отырғызу алдындағы, отырғызу кезіндегі, өршіткіш, өсінді, сергіткіш, дымқылдық суармалау және үсікке қарсы суару болып бөлінеді.
Отырғызу алдындағы суаруды топырақ құрғақ болғанда және суарылмай тұқымның өнбейтіні немесе сирек өніс беретіні белгілі болғанда жүргізеді. Оны көшетті отырғызу алдында да қолданып топырақ кесектерін уақтайды және көшетті отырғызу жеңілдейді. Суаруды себуден немесе отырғызудан 10-15 сағат бұрын гектарына 450-500 м3 су шығарып жүргізеді.
Өршіткіш суаруды арамшөбі көп танаптарда кеш себілетін дақылдарды себерден 2 апта бұрын жүргізеді, сосын шыққан арамшөптерді себу алдындағы культивациямен жояды.
Отырғызу кезінде суаруды көшетті отырғызғанда (көшетті суарусыз жаңбырлы күнде отырғызады) қолданады. Суару мөлшері –
250-300 м3/га.
Өсінді суару өсімдіктің өсу және жеміс салу кезеңдерінде топырақтың оңтайлы су режимін қалыптастыру үшін қолданылады. Оны су тапшылығы байқалмайтындай мерзімде және өсімдіктің өсіп-дамуын тежемейтіндей кезеңде қайталайды. Суарумен бірге өсімдіктің өсу-даму кезеңіне байланысты, көкөніс дақылдарын үстеп қоректендіреді.
Сергіткіш суаруды құрғақ ыстық ауа райында және негізгі суарудың арасында жүргізеді. Ол ауа дымқылдығын көтеріп, оның температурасын төмендетеді, соның нәтижесінде көкөніс дақылдарының тіршілік жағдайы жақсарады. Мұндай суару көкөністің, әсіресе орамжапырақтың және қиярдың өнімділігін арттырады. Бір суаруға 15-30 м3/га су шығындалады.
Дымқылдық суармалау көктемде ерте себілетін дақылдар себіледі-ау деген танаптарда, күзде сүдігер жыртқаннан кейін жүргізіледі. Күзде суару топырақта тұқымның жаппай өнуін және өсімдіктің алғашқы кезде бір қалыпты өсуін қамтамасыз ететін су қорын жинайды. Мұндай суаруда судың гектарлық мөлшері 1000 м3 дейін болуы мүмкін.
Үсікке қарсы суаруды көктемгі және күзгі үсік болады-ау деген күні және түнінде жүргізеді. Мұндай суару үсіктің әсерін әлсіретеді немесе алдын алады. Суару мөлшері 50-100 м3/га.
Көкөніс дақылдарын зиянкестер мен аурулардан қорғау.
Көкөніс дақылдары өсіру кезеңінде және сақтағанда, оларға үлкен шығын келтіретін әртүрлі зиянкестермен және аурулармен зақымдалады.
Өсімдіктерді зиянкестер мен аурулардан қорғау – ұйымдастыру, алдын алу, агротехникалық және жойғыш шаралардың күрделі кешені.
Ұйымдастыру шараларының ішінде карантин, пайда болғанын есепке алу, аурулар мен зиянкестердің таралуын және болатындығын болжау, уақытында улы химикаттармен және құрылғылармен қамтамасыздандыруды ұйымдастыру, қызметшілеріне жою әдістерін үйрету, улы химикаттармен жұмыс істеу, алдын алу шаралары және қауіпсіздік ережелерін үйрету қызметтерінің мәні зор.
Алдын алу шаралары зиянкестер мен аурулардың жаппай көбеюі жөнінде хабарлайды. Олар агротехникалық шаралармен тығыз байланыста болады. Агротехникалық шараларға ауруларға төзімді сұрыптарды таңдап алу, дақылдардың дұрыс ауысып отыруы, тұқымды дәрілеу, кінаратсыз аналықтарды таңдап алу және оларды уақытында отырғызу, егістіктегі және көшеттіктегі кінаратты өсімдіктерді уақытында аластау, екі жылдықтардың және пияздың кінаратсыз аналықтарын сақтауға таңдап алу, жиын-теріннің қалдықтарын жою, сүдігерді терең жырту, көкөніс дақылдарының қоймаларын, жылыжайларды және булыжайларды зарарсыздандыру, булыжайлар мен жылыжайлардың топырақтарын ауыстыру немесе зарарсыздандыру, танаптағы арамшөптерді уақытында жою кінаратсыз өсімдіктер өсіруге ықпал жасайтын жоғары агротехника жатады.
Зиянкестермен және ауру қоздырғыштармен күресте аса маңызды рөл жойқын шараларына тиеді. Оларға механикалық, физикалық, химиялық және биологиялық шаралар жатады. Орамжапырақ көбелегінің жұмыртқасы мен жұлдыз құртын қолмен жинау механикалық тәсілге жатады. Күндіз ескі жапырақ астына жасырынған ұлуларды да қолмен жинайды. Физикалық тәсілде зиянкестер мен ауру қоздырғыштарды жою үшін жарық-торларды қолданады.
Химиялық тәсілде зиянкестер мен аурулар пайда болысымен улы химикаттармен бүркеді және тозаңдатып шашады; қажет болса бірнеше рет қайталайды.
Зиянкестермен күресте биологиялық әдіс кеңінен қолданыс табуда: ол көкөніс шаруашылығының өнімін және төңіректі ластанудан сақтайды, пайдалы флора мен фаунаны жоймайды, адам үшін қауіпсіз.
Бұршақ соғудың зардабымен күресу. Жазда көкөніс дақылдары кейде бұршақтан зардап шегеді. Пияз, сәбіз, сонымен бірге қаудан байланғаннан кейін орамжапырақ зақымданудан тез оңалады; бақшалық және алқалар тұқымдастарының дақылдары бұршақтан көбірек зақым шегеді. Бұршақ соғудың зардабынан тезірек оңалу үшін зардап шеккен өсімдіктерді тез әсер ететін азотты тыңайтқыштармен үстеп мол мөлшерде қоректендіреді, өсімдіктің төңірегін қопсытады және суландырады.
Бақылау сұрақтары:
1. Үлескіні таңдау және ауыспалы егістердің негізгі түрлері?
2.Топырақты өңдеудің негізгі жұмыстары?
3.Суландыру жұмыстары және техника сы?
4. Көкөніс дақылдарын зиянкестер мен аурулардан қорғау әдістері?
Дәріс № 14
«Орамжапырақтар тобының көкөністері»
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Орамжапырақтың биологиялық сипаттамасы
2. Брокколи орамжапырағының биологиялық сипаттамасы
3.Кольраби орамжапырағының биологиялық сипаттамасы
Түрлері мен түршелері, олардың таралуы. Көкөністердің бұл тобына ақ қауданды, қызыл қауданды, савой, брюссель, түсті, брокколи, кольраби, жапырақты және қытай орамжапырақтары біріктірілген. Сондай-ақ, мал азықтық және сәндік орамжапырақтар да өсіріледі.
Ең кеңірек таралғаны – ақ қауданды орамжапырақ. Бұл оның жоғары дәмдік қасиеттеріне және тағамға алуан түрлі пайдалануына байланысты. Шикі, пісірілген, қуырылған, тұздалған және маринадталынған күйінде пайдаланылады. Тасымалдауға қолайлы. Ерте пісетін және сақтауға шыдамды, кеш пісетін сұрыптары жыл бойы балаң (жас) күйінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Орамжапыраққа емдік қасиет те тән. Оның даңқы ғасырлар бойы қалыптасқан. Ескілікті емдік кітаптарда, сонымен қатар Батыс Еуропа және Азия елдерінде орамжапырақпен емдеуге болатын бауырдың және буындардың жара, құрқұлақ және т.б. аурулардың ұзақ тізімі келтірілген. Орамжапырақтың көптеген емдік қасиеттерін қазір ғылым дәлелдеп отыр. Медицина академиясының қоректендіру институты бір адамға жылына 34 кг орамжапырақ жеуге ұсынады.
Орамжапырақтың шырыны өте пайдалы. Қазір дәрі дәрмек өнеркәсібі жас өсімдіктен ақ сары және қоңыр түсті құрғақ шырынды ұнтақ дайындауда. Ол асқазан және ұлтабар жараларын, атеросклероз және басқа да ауруларды емдеуге қолданылады.
Түсті, брокколи, брюссель, савой орамжапырақтары өте аз тараған, сонымен бірге олар ақ қауданды орамжапыраққа қарағанда дәмдік қасиеттері жоғарырақ, сіңімді ақуыз бен дәрумені көбірек, өздеріне назардың әсіресе әуесқой – бақшашылардың молырақ аударғанын қажет етеді.
Биологиялық сипаттамасы. Орамжапырақ – екі жылдық өсімдік. Бірінші жылы жуан, қысқа сабағын, жапырақтарын және қауданын (кольрабидікі жеміс сабақ), екінші жылы гүл өркендерін, бұршаққындарын және тұқымдарын қалыптастырады. Түсті, пекин және брокколи түрлері- біржылдықтар. Сабақтың қаудан ішіндегі бөлігін ішкі (өзек), оның сыртындағы төменгі бөлігін сыртқы зігірік деп атайды. Сыртқы зігірігі қысқа (10-15 см) сұрыптар жеңіл, құрғақ құмды жерлерге, ал ұзын зігіріктілері (25 см асатындар) ылғалды шым тезекті және су жайылмасындағы, биік түптеуге болатын топырақтарға бейімделген және олардың өнімін машинамен жинауға болады.
Қаудан – өте ұлғайып өскен ұштық жабық бүршік. Оның пішіні әртүрлі – шар, сопақша, шошақ тәрізді және жайпақ болады; тығыздығы бойынша -өте тығыз, борпылдақ және өте борпылдақ. Сұрпына және өсу жағдайына байланысты қауданның салмағы 0,5 тен 20 кг дейін болады. Қауданның түсі ақ, сарғыш, ақ сары, жасыл сары болуы мүмкін. Түсті орамжапырақта үстіңгі ашық бүршік өзінің дамуын ірі гүл шоғырымен – шоқпарбаспен аяқтайды. Ол тамаққа пайдаланатын, бірнеше қысқа гүл сабақтарынан тұрады.
Брокколи түсті орамжапыраққа ұқсас, бірақ оның гүл сабақтары ұзындау келеді, сондықтан оны қояншөп орамжапырақ деп те атайды. өнімділігі және өнімнің сапасы бойынша ол түсті орамжапырақтан жоғары тұрады. Кольраби орамжапырақтың тамаққа өсімтал жеміс сабағын пайдаланады.
Орамжапырақтың жемісі-ұзындығы 8 см дейін болатын екі ұялы бұршаққын. Тұқымдары ұсақ, диаметрі 1,5 мм жуық, түсі ашық сұрдан қара қоңырға дейін өзгереді.1000 дәннің массасы 2,5-4 г. Орамжапырақтың жекелеген түрлерін тұқымдарының сыртқы түрі бойынша ажырату өте қиын.
Орамжапырақтың көшетпен өсірілген өсімдігінің тамыр жүйесі қуатты, жақсы тарамдалған, шашақ тамыр, ал тұқымынан өсірілгенінікі терең бойлайтын кіндік тамыр болады.
Орамжапырақ талай ғасырлар бойы көшіріп отырғызудың және түптеудің әсерінен жаңадан тамыр құрастыру қабілетіне бейімделген.
Орамжапырақ – суыққа төзімді өсімдік. Тұқымдары 2-3°С жылылықта өне бастайды. Температура жоғарылаған сайын өну үдерісі де жеделдей түседі. 11°С жылылықта өскіндері 10-11 тәулікте, ал температура оңтайлы (18-20°С) болғанда 3-4 тәулікте пайда болады.
Орамжапырақ 5°С жылылықта өсе бастайды, бірақ өсуге оңтайлы жылылық – 15-18°С. Оның жақсы шынықтырылған және көндіккен көшеттері өткінші 5-6°С бозқырауға шыдайды, ал шынықтырылмаған және көндікпеген көшеттері 2-3°С бозқырауда зақымданады. Орамжапырақтың кеш пісетін сұрыптарының қаудандары күзде температураның – 6°С дейін төмендегеніне шыдайды. Жазда температура 25°С-дан жоғарлағанда өсуі әлсірейді, өсінді кезеңі ұзарады, өнімі төмендейді. Ал кейбіреулері тіпті қауданын қалыптастырмауы да мүмкін.
Орамжапырақ – жарық сүйгіш өсімдік, әсіресе көшеттік кезінде көлеңкелеуді көтермейді. Қалыпты өсуі және дамуы, күннің ұзақтығы 17-18 сағатқа жеткенде жақсы өтеді. Күннің ұзақтығы 14 сағат болғанда өсімдіктің көлемі кішірейеді, ал күннің ұзақтығы 9 сағат болғанда өсімдіктің қатты күйзелуі байқалады.
Көшет 4-5 жапырағын ұзақ күнде 30-35 тәуліктен соң, ал қысқа күнде (оңтүстікте болады) 55-60 тәуліктен кейін қалыптастырады.
Орамжапырақ жарық қарқындылығына аса жоғары талап қоймайды. Оны жасанды жарықта өсіруге болады: 16 сағат бойы 3 мың люкс жарық жеткілікті.
Көкөніс өсімдіктерінің ішінде орамжапырақ ылғалға ең талап қойғыш өсімдік, оған топырақ пен ауаның жоғары ылғалдылығы қажет. Орамжапырақтың есейген өсімдіктері тәулігіне 10 л дейін су сіңіруі мүмкін. Ол ең жоғары өнімін топырақтың ең төменгі су сыйымдылығы 70-80% тең болғанда қалыптастырады. Ерте пісетін сұрыптары үшін топырақтың мұндай ылғалдылығын өнімді жинағанға дейін қарастыру керек. Кеш пісетін сұрыптарын өсіргенде, қанттылығы жоғары тығыз қаудандарды қалыптастыру үшін, өнімнің пісу кезеңінде топырақ ылғалдылығы біразырақ төмендеу – 60-70 % болуы керек. Ауаның ең қолайлы салыстырмалы ылғалдылығы 70-80 %. Ауаның ылғалдылығы 30-40% болғанда орамжапырақтың жапырағы өзінің тургорын жоғалтады, тіпті топырақта ылғал жеткілікті болсадағы.
Орамжапырақ – топырақ құнарлығына талап қойғыш өсімдік. Оған ең жарамды саздақ, ылғалды жақсы ұстайтын топырақтар, сондай ақ құнарлы өзен жайылмалары. Ол қышқыл топырақтарда нашар өседі. Ең қолайлысы – топырақ ерітіндісінің реакциясы сәл қышқылдау (рН-6) болғаны дұрыс. Жоғары өнімді орамжапырақ қоректік заттарды мол сіңіреді, кеш пісетін сұрыптары ерте пісетіндерге қарағанда топырақ құнарлығына жоғары талап қояды.
Орамжапырақ гектарынан 800 ц өнім бергенде топырақтан 220-230 кг азот, 60-70 кг фосфор, 200-220 кг калий сіңіреді. Бұл бидайдың 30 ц/га өнімге шығарған заттарынан 2,5 есе жоғары. Орамжапырақ жапырақтары қарқынды өсу кезеңінде көбірек азотты, ал қауданы қалыптасқанда фосфор мен калийді сіңіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |