Г. Б. Бекимова б-42. Жеміс-жидек және көкөніс шаруашылығы. Пәннің оқу-әдістемелік жинағы. Көкшетау, 2015. 158 бет. «Жеміс-жидек және көкөніс шаруашылығы»


Ерте пісетін орамжапырақтың агротехникасы



бет3/3
Дата19.02.2017
өлшемі4,47 Mb.
#10585
1   2   3

Ерте пісетін орамжапырақтың агротехникасы

Ерте пісетін орамжапырақты жеңіл, жақсы жылынатын топырақтарда орналастыру керек. Ең жақсы алғы дақылдар – қияр, тамыржемістілер, қызанақ, ерте пісетін картоп.

Сүдігерді жыртқан кезде әр гектарға 40-50 т орташа шіріген қарашірінді және 4-5 ц суперфосфат еңгізеді. Топырақта калий жетіспегенде суперфосфатпен бірге 1,2-1,5 ц хлорлы калий еңгізеді. Көктемде культивацияның алдынан гектарына 3,0-3,5 ц аммиак селитрасын еңгізеді.

Ерте көктемде танапқа тырма жібереді, содан кейін культивациямен бірге тырмалап, топырақты шығыршықты таптағыштармен тығыздайды.

Ерте пісетін орамжапырақты тек көшетпен өсіреді. Ауа райы жағдайына қарай: аймақтың оңтүстік аудандарында көшеттерді ашық жерге, мамырдың бірінші онкүндігінде отырғызады, солтүстігінде – мамырдың орта кезінде. Отырғызуды кешеуілдету оның өнімділігін кемітеді және өнім жинау мерзімін кейінге шегереді, бұл ерте пісетін орамжапырақ технологиясының экономикалық тиімділігін төмендетеді. Қыш құмырада және құмырасыз өсірген көшеттерді СКНБ-4А немесе СКН-6А көшет отырғызатын машиналарымен отырғызады. Қолмен отырғызғанда танапта алдын ала қашау табанды культиватормен, танаптың ұзын бойына 13-14 см тереңдікке қарықтар жыртады. Көшет отырғызар алдында дайындалған телімнің әр гектарына 200-250 м3 су жіберіп суландырады. Көшетті шотпен жасалған топырақ ұясына отырғызады. әрбір ұяға алдын ала мұқият араластырылған 200-300 г қарашіріндіні және 10-15 г суперфосфатты салады. Ұядағы органикалық және минералды тыңайтқыштар орамжапырақтың өнімін едәуір көтереді. Қыш құмырада және топырақ текшесінде өсірген көшеттерді отырғызғанда ұяларға тыңайтқыштарды салмайды, себебі олар құмыраларда бар. Құмыраларды ұяларға отырғызғанда олардың кемері топырақ бетінен 2-3 см төмен болуы керек.

Орамжапырақты отырғызу тәсілі өнімділікке және оның жинау мерзіміне әжептәуір әсерін тигізеді. Тәжірибе көрсеткендей өсімдіктерді оңтайлы жиілігіне дейін жеткізу өнімділікті едәуір көтереді.



Көшетті қажетті тереңдікке, алғашқы кәдімгі жапырағына дейін, өсу нүктесін (өзегін) жаппай отырғызу – өте маңызды. Саяз отырғызылған өсімдік нашар бекиді, топырақта нашар орналасады және оңай сынады (36-сурет).

Орамжапырақ көшетін отырғызу: а-дұрыс емес; тым терең; б-дұрыс емес, саяз.


Қазіргі кезде ерте пісетін орамжапырақтар төмендегі сұлбамен отырғызылады: қатараралығы – 70 см, қатар бойында – 30 см. Бір гектарға 47,6 мың өсімдік отырғызады.

Алдын ала дайындалған саңылауларға отырғызу – тиімді әдіс. КРН-4,2 культиваторының жебе табанының орнына қоректендіру пышақтарын қойып тереңдігі 18-20 см, бірінен-бірі 70 см қашықтықтағы саңылаулар жасалынады. Саңылаулар тереңдігі 7-8 см, ені 10-12 см қарық тәрізді болады. Содан соң телімді суарады – 150-180 м3. Көшетті суарудан 1-2 сағат өткен соң отырғызады. Жұмыскер қарықтың бойымен жүріп өсімдіктердің тамырларын саңлаудың ортасындағы ылғалды топыраққа батырады. Көшет отырғызғаннан кейін қайтадан шамалы сумен суарады. Бір жұмыскер 7 сағатта 0,12-0,13 га жерге көшет отырғызады. Қарықтап суғарғанда көшетті жалдың екі жағына, шамамен қабырғасының ортасына қарай отырғызады. Қарықтың түбіне отырғызуға болмайды, өйткені көшеттер сумен басылады және лайланады, сондай-ақ жалдың қырына да отырғызуға болмайды, онда топырақ тез кебеді және тұздардың жоғары шоғыры байқалады.

Отырғызғаннан соң ізінше көшетті судың аз мөлшерімен – 250-300 м3 суарады. 4-5 тәуліктен кейін жойылған өсімдіктердің орнына жаңа көшеттер отырғызады. Отырғызуға шымыр, жақсы жетілген көшетті, тамырға жабысқан топырағымен бірге алады, ең дұрысы топырақ текшесінде өсірген көшетті пайдалану. Топырақ тығыздалғанда қатараралықтарын КРН-2,8МО, КРСШ-2,8А, КОР-4,2 немесе ФПУ-4,2, ФПН-2,8 фрезерлі культиваторларымен өңдейді. Қатараралықтарды әрбір суарудан немесе күшті жаңбырдан кейін қопсытады. Жиі суғарғанда культивацияны бір суарудан кейін өткізеді. Бірінші рет саяз, 5-6 см қопсытады, кейінгі өңдеулерде тереңдігін 10-14 см дейін жеткізеді. Өсімдіктердің тамырларына және жапырақтарына зиян келтірмеу үшін әрбір өңдеу кезінде, қатардың өң бойынан қорғау алаңын кеңейте түседі.

Арамшөптерден таза танаптарда культиваторларға қопсытқыш қашау тәрізді табандарды, ал арамшөбі бар жерде жалпақ кескіш табандарды орнатады. Өсімдіктердің қатараралықтары жапырақтармен жабылғанда топырақ өңдеуді тоқтатады. Орамжапырақтың дамуының бас кезінде арамшөптермен қатты ластанатынына байланысты, өсімдіктердің қатарларында отау жұмысын 2-3 рет қолмен жүргізеді немесе гербицидтерді қолданады. Арамшөптермен күресу үшін орамжапырақтың көшетін отырғызғанша трефлан (4-6 кг/га), стомп (3-6 кг/га), басф (1,5-2 кг/га), трифлурекс (4-6 кг/га), көшет отырғызғаннан кейін лонтрел 300 (0,2-0,5 кг/га), набу (1-3 кг/га), пантера (0,75-1,5 кг/га) тарга супер (1-2 кг/га), фуроре супер (0,8-1,2 кг/га), фюзилад супер (0,75-1,5 кг/га) гербицидтерін қолданады. Әр гектарға 300-400 л жұмыс ерітіндісін ОВТ -1А, ОН-400-3 бүріккіштерімен бүркеді.

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың тәжірибелерінде орамжапырақты отырғызар алдында трефлан еңгізгенде (гектарына 4-6 кг егіс алдындағы культивация астына) өсу дамудың басында 1 м2 82 дана арамшөп болған, ал бақылау нұсқасында – 265; өнімділігі тиісінше 393 және 342 ц/га.

Ерте пісетін орамжапырақты орта есеппен 10 күн сайын суарады, ал ауа райы ыстық болғанда – 6-7 күн сайын. Жалпы бұл өсімдікті өсу даму кезінде 8-10 рет суарады. Алдыңғы үш суарудың гектарлық су мөлшері 250-300 м3 болса, соңғыларын 400-450 м3 жеткізеді. Жеңіл құмдық топырақтарда суаруды жиі жүргізеді, бірақ аз мөлшермен – 300-350 м3 га. Орамжапырақтың өсу даму кезеңінде суару аралықтарының ұзақ үзілістері қолайсыз әсерін тигізеді, әсіресе ауа райы ыстық болғанда.

Ерте пісетін орамжапырақ үстеп қоректендіруді жақсы қабылдайды. Оны екі рет қоректендіру керек: біріншісін көшет отырғызғаннан 10-15 тәулік өткен соң, бұл кезде олар орнығады және өсімдіктер өсе бастайды, екіншісін – қаудандары қалыптаса бастағанда. Бірінші қоректендіргенде әр гектарға 0,5-0,8 ц аммиак селитрасы, 1ц суперфосфат және 0,3-0,4 ц хлорлы калий еңгізеді. Екінші ретте – 1-1,5 ц аммиак селитрасы, 1ц суперфосфат, 0,5 ц хлорлы калий ерітінді түрінде немесе суарудың алдынан құрғақ күйінде. Бірінші рет қоректендіргенде құрғақ тыңайтқыштарды, өсімдіктердің қатарының екі жағынан, тамырларын зақымдамау үшін өсімдіктен 10 см алшақ 6-8 см тереңдікке, ал екінші ретте қатараралықтың ортасына 10-15 см тереңдікке енгізеді.

Орамжапырақты зиянкестер мен аурулардан қорғау үшін химиялық және биологиялық тәсілдерді қолданады, агротехникалық шаралар (ауыспалы егісті сақтау, жоғары сапалы көшеттер өсіру, төзімді сұрыптарды қолдану) жүргізіледі.

Орамжапырақтың ақ көбелегіне, көбелегіне, күйе көбелегіне қарсы актеллик (0,5 кг/га), арриво (0,16 кг/га), диазинон (1 кг/га) димилин (0,06-0,1 кг/га), кинмикс (0,2-0,3 кг/га), каратэ (0,1 кг/га), суми альфа (0,2 кг/га), циткор (0,16 кг/га), устад (0,4кг/га), циракс (0,16 кг/га), шерпа (0,16 кг/га), кресті бүргеге қарсы – актеллик (1 кг/га), каратэ (0,1 кг/га).

Орамжапырақтың көбелегіне (жұлдызқұрттың 1-2 ұрпағы) қарсы битоксибациллин (2 кг/га), дипел (2 кг/га), лепидоцид (1,5-2 кг/га) биодәрмектерін қолданады; орамжапырақтың ақ көбелегіне, көбелегіне, қан көбелегіне – битоксибациллин (1-1,5 кг/га), дипел (1-1,5 кг/га), лепидоцид (0,5-1 кг/га).

Ерте пісетін орамжапырақ бір мезгілде піспейді. Сондықтан оларды пісуіне қарай 3-4 рет таңдап, қаудандарын пышақпен кесіп алады. Салмағы 0,4 кг жеткен қаудандар өткізуге жарамды деп саналады, оларда ластанудан және тасымалдағанда зақымданудан сақтайтын 2-3 жасыл жапырақтары болуы керек. Ерте пісетін орамжапырақтың өнімін жарым жартылай механикаландыру үшін ТН-12 ілінгіш транспорттарды қолданады.

Шілде айында жиналған ерте пісетін орамжапырақ өсу даму кезеңінің соңында тыныштық қалпындағы қолтық бүршіктерінен қаудан қалыптастырып, екінші өнім беру қабілетіне ие. Сол үшін негізгі өнім жинау кезінде қаудандарды абайлап кесіп, жапырақтарын сақтап қалады. Алғашқы өнім жиналған соң орамжапырақ танабын мол сумен суарады және қоректендіреді. 15-20 тәуліктен кейін бүршіктері өсе бастағанда өсімдіктерде ең жақсы жетілген бүршіктерін қалдырып, басқаларын жұлып, қалыптастырады.



Брокколи. Brassica cauliflora (Mill). Брокколи немесе қояншөп орамжапырағы, түсті орамжапырақтың түршесі болып табылады және олар біріне-бірі көп жағынан ұқсас. Брокколидің борпаң жұмыргүліне шоғырланған жекелеген жасыл өркендерін тағамға пайдаланады. Брокколи – пайдалы дақыл. Алғашқы негізгі жұмыргүлдерін кесіп алған соң бүйір жапырақтарының қолтық бүршіктерінен қосымша жұмыргүл қалыптастыратын, жаңадан гүлді өркендері пайда болады. Жаңа жұмыргүлдің түзілуі күзгі суыққа дейін жалғасады.

Өсіруге Грин Спраутинг сұрыпы ұсынылады. Көшетті ашық жерге отырғызғаннан 40-50 тәулік өткен соң пісіп жетіледі. Өнімділігі жоғары, өнімділігі бойынша Грибовская 1355 сұрпынан1,5-2 есе асып түседі. Алғашқы жұмыргүлдерінің салмағы 600 г жетеді. Өнім беретін сабақтарының түсі жасыл және күлгін жасыл.

Брокколидің өсіру жағдайлары түсті орамжапырақтікіне ұқсас. Бірақ жұмыргүлін көлеңкелеудің қажеті болмайды. Бірінші рет жинағанда ең ірі жұмыргүлдерін шырынды сабақтарымен, ірі жапырақ сағақтарына зақым келтірмей кесіп алады. Жұмыргүлдерін бітеугүлдері ашылғанша кесіп алу керек. Жұмыргүлдері солып қалмау үшін оларды таңертең ерте немесе кешке таман жинайды.екінші рет жинауды бірінші жинаудағы 1-2 апта өткен соң жүргізеді, сосын үшіншісін, осылайша бозқырауға дейін жалғастыра береді. Өнім жиналуы 2-2,5 ай созылады. Жұмыргүлдерін кесіп алған сайын өсімдіктерді қоректендіреді және суарады. Суарулардың саны және жиілігі ауа райына байланысты.

Савой орамжапырағы. Brassica saвouda Lizg. Бұл қауданды орамжапырақтың ерекше түрі: жапырақтары көпіршікті (кеңірдекті), қауданы борпылдақ, сырты ақшыл жасыл, іші ақшыл сары түсті. Сақталғыштығы ұзақ емес. Ақ қауданды орамжапыраққа қарағанда аязға төзімді. Қоректілігі және дәмдік қасиеттері бойынша ақ қауданды орамжапырақтан асып түседі, одан жұмсақтау, ақуыздарға, минералды заттарға және дәрумендерге бай. Бәліштің, голубцының ішіне салады, бұқтырып пісіреді, тұздық ретінде пайдаланады. Тұздауға және ұзақ сақтауға жарамсыз.

Ең жақсы сұрыптары болып бұрынғы Гриб көкөніс тәжірибе стансасында шығарылған Венская ранняя 1346 және Юбиелейная 2170 саналады. Ерте пісетіндер. Қаудандары ұсақ – 0,4-0,8 кг. Дәмдік сапалары жоғары.

Өсірудің агротехникалық тәсілдері ерте пісетін ақ қауданды орамжапырақтікіне ұқсас. Өнімділігі 200-250 ц/га.

Кольраби. Brassica olearacea var. gonguloides L. Ол қаудан емес, өте күшті жан-жақты өскен, кейіннен тамаққа пайдаланылатын сабақ жеміс қалыптастырады. Дәмі зігіріктің дәміне ұқсас, бірақ нәзіктеу, тәттірек және шырынды келеді. Шикі, бұқтырылған, пісірілген күйінде, фарш ретінде қолданады, сорпа пісіреді. С дәруменінің көптігінен оны «солтүстік апельсині» деп атайды.

Өсіруге ерте пісетін Венская белая 1350 сұрпы ұсынылады. Өскін пайда болғаннан тұтынуға дейін – 65-75 тәулік. Сабақ жемісі ұсақ, диаметрі 6-9 см, домалақ немесе домалақ жайпақ, солғын жасыл түсті, мәйегі нәзік, дәмді, бірақ жинауды кешеуілдеткенде қатаяды және дәмдік сапалылығын тез жоғалтады.

Ертерек пайдалану үшін кольрабиді ерте ақ қауданды орамжапырақ тәрізді көшетпен өсіреді және онымен бір мезгілде топыраққа, 45х15-20 см сұлбасымен отырғызады. Өсімдікті күтіп-баптау ақ қауданды орамжапырақтікіне ұқсас. Таңдап жинайды. Күзде-қыста пайдалануға көшетсіз өсіреді. Онда тұқымды танапқа маусымның 15-нен шілденің 1-не дейін себеді. Өсіру технологиясы ақ қауданды орамжапырақты көшетсіз өсіргенге ұқсас. Күзде бір мезгілде жинап алады. Орташа өнімі – 120-180 ц/га.

Кольрабиді кеш пісетін ақ қауданды орамжапырақ егістігін жиілеткіш ретінде, сондай-ақ қызанақты және қиярды отырғызғанға дейін олардың телімдерінде өсіруге болады.



Бақылау сұрақтары:

  1. Орамжапырақтың биологиялық сипаттамасы?

  2. Брокколи орамжапырағының биологиялық сипаттамасы?

  3. Кольраби орамжапырағының биологиялық сипаттамасы?

  4. Савой орамжапырағының сипаттамасы?


Дәріс № 13

«ҚИЯР – Cucumis sativus. Қиярдың морфо-биологиялық ерекшеліктері, өсіру технологиясы (ашық жерде, жылыжайда, булыжайда)»

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Қияр өсімдігінің шығу тегі, систематикасы

  2. Қиярдың морфо-биологиялық ерекшеліктері

  3. Қиярды ашық жерде өсіру технологиясы

  4. Қиярды жылыжайларда өсіру

  5. Қиярды булыжайларда өсіру

  6. Қиярдың тұқым шаруашылығы, зиянкестерімен және ауруларымен күресу

Қияр – ежелгі көкөністік өсімдік, әлемнің барлық елдерінде өсіріледі. Ашық жердегі өнімділігі 100-120 ц/га, қорғаулы жерде орташа есеппен 16-20 кг/м2, ал 50-60кг/м2 мүмкін өнімділік.

Қазақстанда қиярды жуықтап 15 мың гектар жерде өсіреді. Негізгі егістік Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында. Үй маңында барлық қияр егістігінің 77,8 % орналасқан.

Биологиялық ерекшеліктері. Тамаққа қиярдың піспеген жемісін – 9-12 тәуліктік көк түйнегін – жас күйінде, тұздап және маринадтап пайдаланады, 4-5 тәуліктік жемісі корнишон, ал 2-3 тәуліктік түйнегі пикуль дайындауға жарайды.

Қиярдың көк түйнегінде сұрпына байланысты 0,5-1,4 % ақуыз, 1,5-3,7 % қанттар, 10-15 % С дәрумені, әртүрлі минералды заттар және 96,8 % су болады.

Қияр топырақ пен ауаның температурасы мен ылғалдылығына жоғары талап қояды.

Тамыр жүйесі топыраққа небары 25-30 см тереңдейді, ал жан-жағына 50 см. Сабағы төселіп өседі, мұртты; мұрттарымен тірегіштерге оратылады да, ол тік өсе алады.

Бұл бір жылдық, бір өсімдігінде аналық және аталық гүлдер қалыптасатын қос жынысты, ұялас өсімдік. Гүлдері жапырақ қолтығында пайда болады: аталығы – 5-7-ден, аналық гүлдері біреуден, кейде екеуден пайда болады. Соңғы кезде негізінен аналық гүлдер қалыптасатын сұрыптар шығарылуда, оларды аналық түрдегі сұрыптар дейді.

Қиярдың гүлдері бунақденелілермен, негізінен аралармен тозаңданады. Бірақ аналық гүлді тозаңдатусыз жеміс байлайтын партенокарптық сұрыптар бар. Оларға Зозуля буданы, Московский тепличный буданы және т.б. жатады.

Жемістердің пішіні әртүрлі – шар тәріздіден жібше шұбатылған жылан тәріздіге дейін, олардың мөлшері де ауытқымалы 5 см-ден 70 см-ге дейін болады.

Қияр – қысқа күннің өсімдігі. Соған қарамай жекелеген сұрыптары күннің ұзақтығынан әртүрлі әсер алады. Ашық жердің сұрыптары – Муромский 36, Вязниковский 37, Неросимый 40 және т.б. – 11-12 сағ күнде жоғары өнім береді, ал жылыжай сұрыптары – Клинский, Многоплодный -9-10 сағ қысқа күнде жемісті жақсы салады.

Қияр – жылу сүйгіш өсімдік. Тұқымдары 12-13оС өне бастайды. Топырақтың температурасы 10°С төмен болса олар шіриді ( көктемде салқын топыраққа сепкенде өскіндердің сирек болуы осымен түсіндіріледі). Егер тұқымды температуралық шынықтырудан өткізсе, олар +10оС өне алады. Өсу және жеміс салу үшін күндізгі оңтайлы температура 25-тен 32°С дейінгі, түнде – 18-ден 20°С дейінгі жылылық.

Жылылық 14°С төмен болса қиярдың өсуі тоқтайды. Сондықтан салқын жылдары өнім күрт төмендейді. Тым жоғары температура да жеміс салуына қолайсыз: 35°С гүлдердің тозаңдары ұрықтана алмайды да жеміс байланбайды; 40°С өсімдіктің өсуі жалпы тоқтайды.

Ауаның оңтайлы салыстырмалы ылғалдылығы – 85-95%. Топырақтың жоғары ылғалдылығында қияр ауа құрғақшылығына төзімділік көрсетеді. Қиярды кез келген, тек қышқыл және тұзды емес топырақтарда өсіруге болады. Бірақ ең дұрысы құнарландырылған, қарашіріндіге бай, жақсы жылынатын құрылымды топырақтар. Қияр басқа көкөніс дақылдарымен салыстырғанда топырақтан қоректік заттарды аз шығындағанымен, оларды жедел сіңіреді. Өсуінің алғашқы 2 аптасында азоттық қоректің мол болғанын, сосын гүлденгенше – азотты-фосфорлы, ал жеміс салу кезеңінде қайтадан азотты тыңайтқыштардың мол болғанын тілейді.

Қиярды ашық жерде өсіру технологиясы

Сүдігер көтерген кезде гектарына 100-120 т көң шашады және 3-3,5 ц суперфосфат еңгізеді. Көктемде мүмкін болысымен сүдігерді 2 ізбен тырмалайды. Тұқым сепкенге дейін 2 рет культивация жүргізеді: біріншісін арамшөп өскіні пайда болу үшін, ерте көктемде 12-14 см, екіншісін пайда болған арамшөп өскіндерін жою үшін, тұқым себер алдында 7-8 см тереңдікке. Бірінші культивация астына гектарына 1,0-1,5 аммиак селитрасын енгізеді.

Себуді топырақ 5 см тереңдікке 10оС жылығанда (орташа есеппен 20-25 мамыр) жүргізеді. Әдетте көкөнісшілер қиярды 2-3 мерзімде, арасына 4-5 тәулік салып себеді: ерте сепкенде құрғақ тұқыммен, кешірек – суланған және өне бастаған тұқыммен. Гектарына 5-6 кг тұқым шығындалады. Тұқыммен бірге гектарына 50-60 кг түйіршікті суперфосфат енгізу жақсы нәтиже береді. Себуді СОПГ-4,8А, СКОН-4,2, СБУ-2,4Б, СУГО-9 тұқым сепкіштерімен жүргізеді. Тұқымды біркелкі сіңіру үшін дискінің шүмегіндегі шектеуішті қажетті биіктікке қояды. Сепкеннен кейін танапты тығыздайды.

Қиярды Қазақстанның солтүстігінде жағдайында өсіргенде биік сабақты өсімдіктерден, айталық жүгеріден немесе күнбағыстан ықтырма себудің маңызы зор. Ықтырмалар қиярды суық желдерден қорғайды, көк түйнек өнімі артады, оларды бір апта ерте жинауға болады және қорғаулы жермен салыстырғанда жинау екі аптаға кешірек аяқталады.

Кейінгі өңдеулерді (қатараралықтардағы желілер түйіскенше) арамшөптер пайда болғанда және суарудан кейін топырақ қабыршағын жою үшін жүргізеді. өңдеу тереңдігін бірте-бірте саяздатып 6-7 см жеткізеді, себебі тамырлар жан-жағына таралады, терең өңдесе зақымдалынады. Бір жылдық астық тұқымдас арамшөптерге қарсы 2-6 жапырақ кезеңінде гербицидтерді бүркеді және топыраққа жедел араластырады (кг/га); қиярдың 1-2 нағыз жапырағы пайда болғанда тарга супер (1-2), тұқым себуден 15 күн бұрын трефлан (1,8-2,4) сіңіріледі.

Қияр топырақтың ылғалдылығына жоғары талап қояды. Бірінші рет оны өскін пайда болғанша суарады, сосын 6-7 тәуліктен кейін қайталайды. Егер суару жаңбырлатқыш қондырғылармен атқарылса гектарына 250-300 м3, ал қарықпен суарылса 400-500 м3 су береді. Көк түйнектерді жаппай жинаған кезде суаруды жиірек, әрбір 3-4 тәулікте, бірақ аз мөлшермен – 70-100 м3/г суарады. Ауа райына байланысты қиярдың өсу даму кезеңінде 10-15 рет суарады. Құрғақ ыстық кезеңдерде сергіте суландырудың (негізгі суландырулармен үйлестіре) әсері өте зор (30-35 м3/га).

Қиярды уақытында жинау оның өнімділігін және тауарлық сапасын арттырады. Пісуінің басында жинауды 2-3 тәулік сайын, ал жаппай піскен кезінде күнде немесе бір тәуліктен соң жинайды.

Өнімді жинау – қияр өсіргенде еңбекті ең көп тілейтін жұмыс. Қолмен жинағанда гектарына 700-800 адам-сағат шығындалады. Кейінгі кездерде жинау платформалары (ПОУ-2), тіркемелер (ПТ-3,5), кең алымды транспортерлер (ПТШ-25) қолданыла бастады, сондай-ақ қиярды бір ретте жинайтын комбайндар.


«Қиярды кәсек және пленка астында өсіру»

Өнімді ертерек алу үшін қиярды кәсек немесе жарық өткізетін пленка астында өсіреді. Кейбір шаруашылықтарда ерте пісетін қиярды булыжай кәсегімен немесе жеңіл ағаш қаңқаларды пленкамен жауып, салқын жүйектерде өсіреді. Жүйектер биоотынсыз, күн көзінен жылынады. Жамылғы астындағы қияр үсікке шалынбайды, ашық жерге қарағанда 25-30 тәулік ерте жеміс салады және жоғары өнім береді. Ерте піскен қияр жоғары бағамен сатылатындықтан, пленка астында өсірілген қиярдың экономикалық тиімділігі жеткілікті мөлшерде жоғары болады.

Қорғаулы жерлерге арналған телім орман алқабымен қорғалуы керек. Сүдігер астына 150-200 т/га көң және 4-4,5 ц/га суперфосфат еңгізіледі. Күзде немесе көктемде, сәуірдің екінші жартысында, мүмкіншілігіне қарай, табандарының орнына картоп отырғызғыштың екі «жалжасағышы» орнатылған КРН-2,8 культиваторымен жалшалар жасалынады. Жалшалардың арасы 1,5 м, биіктігі 20-25 см. Жалшаларға кәсектерді тығыз етіп орналастырады. Бір жүйектің ұзындығы 50 м. Жүйектердің арасында ені 40-50 см жол қалдырылады.

Республиканың солтүстік облыстарында қиярды пленкамен жабылған орларда (туннельдерде) және қаңқа астында өсіру кең етек жайған.

Қиярды ерте және жоғары өнім алу үшін шірінділі-топырақты құмыраларда 20-30 тәулік өсірілген көшеттерді отырғызуға болады. Отырғызуды жамылғының дәл ортасына 2 қатар етіп жүргізеді. Қолмен отырғызғанда қатараралық 15-20 см болады.

Көшет отырғызуды суландырумен бір мезгілде жүргізу үшін ПРПШ-3 айлабұйымымен жабдықталған аспалы (Т-16 өзі қозғалатын шассиге орнатылған) көшет отырғызатын РПШ-4 машинасымен отырғызуға болады. Қос ізді таспалы, қатараралығын 20-30 см, ал қатардағы өсімдіктерді бірінен-бірін 20-25 см қашықтықта отырғызады. Кәсектер сияқты, пленкалы жамылғыны да маусымның ортасында жинап алады.



Қиярды жылыжайларда өсіру

Жылыжай топырағын алғашқы дайындағанда әрбір шаршы метріне 20-30 кг толық шірімеген көң еңгізеді. Көңді шашқаннан кейін топырақты қайтадан жыртады, терең қопсытады және талдауға алады. Агрохимиялық талдауға сәйкес, негізгі өңдеу кезінде минералды тыңайтқыштар еңгізіледі.

Қысқы-көктемгі айналымда ерте мерзімде отырғызғанда көшеттерді қос ізді таспалы 80+60х35-40 см (1м2 3-4 өсімдік), ал кешірек отырғызғанда бір ізді – 80х50 см немесе 100х35см (1м2-2-3 өсімдік) сұлбасымен жүргізеді. Блокты жылыжайларда қос ізді таспа 100+60х35-50 см сұлбасы дұрыс. Партенокарпты сұрыптарды ертерек мерзімде 160х45 см сұлбасымен орналастырады, кешірек болса – 160х50 см.

Жазғы-күзгі айналымда қысқы-көктемгімен салыстырғанда сиректеу отырғызған дұрыс. Себебі жеміс салу кезеңі жарықтануы нашарлайтын мерзімге келеді. Блокты жылыжайларда өсімдік қатарын ұзын бойымен келтіреді.

Өсімдіктерді тік-аспа тәсілімен қалыптастырады. Қысқа жемісті сұрыптар мен будандардың өсімдіктерін басқаша қалыптасытрады:негізгі өркенді аспаға жетісімен, ал бүйірліктерін Клин сортотипінің сұрыптарындай шырпиды.

Партенокарптық сұрыптар мен будандардың өсімдіктерін басқаша қалыптастырады. Негізгі өркенді аспаға дейін шырпымайды, бүйірлік өркендерін төменнен 50-80 см биіктікке алып тастайды («жарықтандыру»), қалғандарын алдымен 1 жапырақ пен 1 жеміске, одан жоғарырақтарын аспадан жоғары 2-3 жапырақ пен жеміске, одан жоғарырақтарын аспадан жоғары 2-3 жапырағына және жемістердің салмағымен құламас үшін ұшын байлайды. Жоғарғы 2-3 жемісін сымнан асыра орналастырып 50 см кейін шырпиды. Отырғызғаннан кейін алғашқы 2 айда өсімдікті өте мұқият қалыптастырады. Өсімдікке түсетін ең жоғары салмақ – 70 жеміс (30-35 кг).

Жылыжайларда қиярды топырақтың агрохимиялық талдау негізіне сүйеніп үстеп қоректендіреді. Қияр 1кг жеміс қалыптастыру үшін 1,4 азот, 0,9 фосфор, 2,8 калий, 1,2 кальций және 0,2 г магний пайдаланды. Өсімдікті көмірқышқыл газымен үстеп қоректендіру өте пайдалы.

Жылыжайдағы температураны шуақты күндері 20-28ºС, бұлыңғыр күндері 20-22оС маңында ұстайды. Жеміс байланғанша түнде 17-18оС, жеміс байланғанда – 20-22оС. Топырақ температурасы 20-22оС, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы – 75-85оС. Қиярды қыста және ерте көктемде, әдетте таң сәріде жылытылған сумен (23-24оС) суарады.



Қиярды булыжайларда өсіру

Булыжайға қиярдың көшеттерін екі кезеңде отырғызуға болады: орташа булыжайларға бірінші дақыл ретінде сәуір айының басында, жылыжайда өсірілген 30-35 тәуліктік көшеттер, екіншісін – жапырақты көкөністерді жинағаннан және ерте пісетін қызанақ көшеттерін іріктеп алғаннан кейін.

Қиярды бірінші дақыл ретінде өсіргенде булыжайларды ыстық қимен толтырып, ортасына ені 25-30 см және тереңдігі 15 см ұя жасап оған шымды топырақты немесе топырақ пен қарашірінді қоспасын (2:1) төгеді және 1 кәсекке 30 г аммиак селитрасын, 15 г суперфосфат және 15 г хлорлы калий қосылады. Булыжайдың қалған алаңындағы көңге ескі жылыжай топырағын 8-10 см қалыңдықпен төгеді. Ерте пісетін орамжапырақ пен қызанақтың көшеттерін іріктеп алғаннан кейін топырағын үстіңгі бөренеге қарай жылжытып тағы да тереңдігі 20-25 см ұя жасап, оған жаңа – грунт төгеді-ең дұрысы минералды тыңайтқыш қосылған шымды топырақта көлденең атыздар жасап әр кәсекке ұзын желілі сұрыптың 6-8, қысқа желілі сұрыптың 8-10 өсімдігін отырғызады. Көшеттердің құмыраларын булыжайдың ортасына қарай, сабағын жарнағының ортасына дейін топырақпен жаба, көлбеу отырғызады (мұндай сабақтан қосалқы тамырлар пайда болады), жылы сумен суарады және булыжайдың кәсектерін бойралармен 1-2 қабат етіп жабады.

Үстіңгі бөрене бойымен жиілеткіш дақылдарды себеді немесе отырғызады: солтүстік бөрене тұсына пиязды жапыраққа, оңтүстіктегі бөрене бойына – шалғам, сүтшөп.

Булыжайдағы температураны шуақ күндері 25-30оС, бұлтты күндері – 20-22оС; жеміс салғанша түнде – 16-18оС, жемістенгенде – 18-20оС маңайында ұстайды. Булыжайды, әсіресе, алғашқы күндері, желге қарама- қарсы жағындағы кәсектерді 4-5 см ашып, саңылауларына бойраларды көлеңкелеп, орташа желдетеді. 18-20оС дейін жылытылған сумен 3-4 тәулік аралатып суарады. Гүлдеудің басында суаруды тоқтатады: топырақтың дегділенуі аналық гүлдердің пайда болуын күшейтеді және олардың ұрықтануын жақсартады. Жеміс салған кезде суару жиі және мол сумен атқарылуы қажет.

Әрбір 8-10 тәулікте өсімдікті үстеп қоректендіреді: гүлдеуге дейін органикалық тыңайтқыштармен (қатты ашытылған және сұйытылған қи садырасы немесе құс саңғырығы), ал жеміс салған кезеңінде – минералды тыңайтқышпен (10 л суға 20 г аммиак селитрасы, 50 г суперфосфат және 20 г хлорлы калий). Бір кәсекке – бір шелек ерітінді. Үстеп қоректендіргеннен кейін өсімдіктің үстіндегі ерітіндіні шаю үшін оны таза сумен суарады.



Қиярдың тұқым шаруашылығы

Тұқымдық егістіктерде 3 рет сұрыптық тазарту жүргізеді: біріншісін-негізгі сұрыппен тозаңдануды болдырмас үшін гүлдеу алдында барлық сұрыптық қоспаларды аластайды: екіншісін-дерттілерін және типтес емес, сондай ақ түйінінің пішіні, гүлі және т.б. белгілері бойынша негізгі сұрыпқа сәйкес келмейтіндерді аластау үшін түйнек байланар алдында; үшіншісін – тұқымдықтары жаппай пайда болғанда жүргізеді.

Тазаланғаннан кейін техникалық піскен көк түйнектер пайда болғанда егістікте талдап анықтау немесе мақұлдау (апробация) өткізеді. Республикамыздың солтүстік бөлігінде тұқымдық егістіктерде көк түйнектерді бір рет жинайды. Алғашқы жемістер көбінесе буданды болатындықтан, оларды аластайды.

Қияр ең жоғары өнімін бірінші реттегі бүйірлік өркеннің жемісінен алынып себілген тұқымнан береді. Олар бір шама ірілігімен, жоғары өңгіштігімен және өну қуатымен ерекшеленеді. Бір өсімдікте 3-4 тұқымдық қалдырады. Жаздың соңында көк түйнектерді жинауды қайталайды, себебі олардағы тұқымдар пісіп үлгермейді.

Тұқымдықтарды тұқымдары толық піскенде 2 рет жинайды және үймеге үйеді: жылы ауа райында-тікелей танапта, салқында – сарай, қойма ішінде. Үймеде тұқымдықтар бір аптада пісіп жетіледі.

Тұқымдықтағы тұқымды СОМ-2, ИБК-5А машиналарының көмегімен бөліп алып, жуады және ашыту (20-25оС) үшін ағаш, эмальды, шыны ыдыстарға салады. Сосын оларды кептіреді және сұрыптайды.

Егер тұқымдықтар аз болса оларды қолмен өңдейді. Ол үшін пісіп жетілген тұқымдықты ұзынынан тіліп, тұқымын ағаш ыдысқа түсіреді. Онда тұқымдар өз шырынында 3-4 тәулік ашиды, сосын оларды жуып, кептіреді.

Бір жемісте массасы 7-15 г 200-ден 400-ге дейін тұқым болады. Бір гектардан 150-250 кг тұқым жинайды.



Қиярдың зиянкестерімен және ауруларымен күресу

Ашық жерде қиярға жалған ұнтақ, бактериоз, қияр аскохитозы, ақұнтақ, антракноз, дақтылық үлкен зиян келтірсе, қорғаулы жерлерде бұлардан басқа қияр тамыр шірігімен, ақшірікпен зақымданады, зиянкестерден өрмекші кене, темекі трипсі, бақша бітесі, аққанат зақымдайды. Күресу шаралары кестеде келтірілген.

Кесте. Қиярдың аурулармен және зиянкестерімен күресу шаралары


Зиянкестер,

Аурулар


Қолданылатын

дәрмектер



Қолдану

мөлшері,


л/га

Өңдеу тәсілі,

шектеуі


Өнім

жинауға


дейінгі

өңдеудің


соңғы

мерзімі


(күн),

өңдеудің


шекті

саны


Аққанат-

тылар


Актеллик 500 э.к. ашық жерде

қорғаулы жерде



3-5

0,3-1,5


Өсінді

кезеңінде

бүрку


3 (2)

20 (2)


Конфидор, 20% с.е., қорғаулы жерде

2

--//--

3 (2)

Ровикурт, 25% э.к., қорғаулы жерде

4-5

--//--

3 (2)

Устад, 10% э.к., қорғаулы жерде

3-4

--//--

3 (2)

Циракс, 25% э.к., қорғаулы жерде

1,2-1,6

--//--

3 (2)

Шерпа, 25% э.к., қорғаулы жерде

1,2-1,6

--//--

3 (2)

Бітілер,

трипстер


Арриво, 25% э.к., қорғаулы жерде

0,64-0,8

--//--

3 (2)

Конфидор, 20% э.к., қорғаулы жерде

2

--//--

3 (2)

Устад, 25% э.к., қорғаулы жерде

3-4

--//--

3 (2)

Циракс, 25% э.к., қорғаулы жерде

0,64-0,8

--//--

3 (2)

Циткор, 25% э.к., қорғаулы жерде

0,64-0,8

--//--

3 (2)

Шерпа, 25% э.к., қорғаулы жерде

0,64-0,8

--//--

3 (2)

Өрмекші

кене


Кельтан тазаланған., қорғаулы жерде

2-4

Өсінді кезеңінде

Омайт, 30% с.ұ., қорғаулы жерде

2

15-17 күн сайын,

Битоксибациллин (биодәрмек),

21-31

07-1,0 % ерітіндімен

қорғаулы жер




бірнеше рет бүрку

Жалған

ұнтақ


Акробат, 69% с.ұ. (тұқымдық

егістіктер)



2

Өсінді

кезеңінде

бүрку


- (5)

Браво 500 с.к. (ашық жер)

2,2-2,7

--//--

20 (3)

Браво 500 с.к. (қорғаулы жер)

3-6

--//--

3 (3)

Купросат

5

--//--

20 (3)

Ақұнтақ




Байлетон, 25 % с.ұ. қорғаулы жер

0,2-0,6

0,01 % дәрмек

суспен-


зиясымен

5 (2)

Каратан Ф.Н. с.п.

1-3

0,1 % дәрмек

суспензиясым

ен


2 (5)

Ридомил голд МЦ, с.ұ.

2,5

0,5-0,6 %

дәрмек


суспензиямен

10-14 күн

сайын


20 (3)

Сапроль, 19% э. к.

0,5-1,0

0,1 % дәрмек

суспензия-

сымен


20 (3)

Топаз 100, с.ұ.

0,12-0,15

0,025 %

дәрмек


суспензиясы-

мен


20 (2)

Топаз 100, с.ұ.

0,5-0,75

--//--

3 (3)

Топсин-М, 70 % с.ұ.

0,8-1,0

0,1 % дәрмек

суспензиясы-

мен


7 (4)

Фундазол, 50% с.ұ.

08,-1,0

--//--

7 (2)

Антракноз,

аскохитоз,

зәйтүн дағы


Фундазол, 50% с.ұ.

08,-1,0

--//--

7 (2)

Қорғаулы жерде саңырауқұлақ және жұмыр құрттар ауруларына қарсы базамид (40-60 г/м2) қолданылады.

Бақылау сұрақтары:


  1. Қияр өсімдігінің шығу тегі, систематикасы?

  2. Қиярдың биологиялық ерекшеліктері (температурасы, ылғалға талғамы, жылуға талғамы, топыраққа талғамы)?

  3. Қиярды ашық жерде өсіру технологиясының негізгі ерекшеліктері?

  4. Қиярды қысқы жылыжайларда өсірудің артықшылығы мен кемшіліктері?

  5. Қиярды булыжайларда өсірудің ерекшеліктері?

  6. Қиярдың тұқым шаруашылығы, зиянкестерімен және ауруларымен күресу әдістері?


Дәріс № 15

« Қызанақ, бұрыш, баялды»

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Қызанақтың морфо-биологиялық ерекшеліктері

2.Қызанақты өсіру технологиясы (жылыжажйа, ашық жерде, пленкалы жерде)

3.Бұрыштың морфо-биологиялық ерекшеліктері

4.Бұрышты өсірудегі технологиялардың ерекшеліктері

5.Баялды морфо-биологиялық ерекшеліктері

6. Баялдыны өсіру технологиясы

Қызанақ. Lycopersicon esculentum Мill.

Қазіргі кезде қызанақ, көкөніс дақылдарының ішінде маңызды жемістік көкөніс өсімдігі ретінде, маңызды орын алады. ТМД елдерінде ол 370 мың гектар жерге отырғызылады. Орташа өнімі – 150-170 ц/га, қорғаулы жерде – 8-10 кг/м2.

Қазақстанда қызанақ 25 мың гектардан артық жерге өсіріледі. 2004 жылы үй маңайындағы жерлерде, қызанақ бүкіл егістіктің 72,3% қамтыса, қожалықтарында – 25,2 %. Қызанақтың негізгі егістіктері Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан. Жамбыл және Қызылорда облыстарында. Ең жоғары өнімділік Солтүстік Қазақстан (294,4 ц/га) және Алматы облыстарында. Ең жоғары өнім шаруа қожалықтарында. Анықтама үшін: Израильде қызанақтың орташа өнім: 3000 ц/га. Қазақстанның солтүстігінде қызанақ 4 мың гектар жерге егіледі.

Қызанақтың биологиялық сипаттамасы. Қызанақтың отаны – Оңтүстік Америка. Мексикандықтардың ата-тегі оны «томатель» деп атаған, осыдан қазіргі томат деген атауы пайда болған, ал итальяндықтар «помидор», яғни «алтын алма» деп қошеметтеген. Қызанақ көкөніс дақылы ретінде 1778 жылдан бастап белгілі.

Жемісінде 4-7% құрғақ зат, 2-24% қант, 0,3-0,6% қышқыл, 0,6% азотты заттар, 0,5% минералды тұздар бар. Дәрумен мөлшері бойынша ол лимон мен апельсиннен сәл кем түседі. Онда 20-23 мг % С дәрумені, 0,6% каротин, сондай-ақ В1, В2, РР дәрумендері бар. Құрамындағы темірі мен магний бойынша қызанақ көкөніс дақылдарының ішінде алдыңғы қатарда. Қызанақтан 125-тен артық азық-түлік түрлерін дайындауға болады. Қызанақтан қалдық қалмайды қабығы мен тұқымы да пайдаланылады. Әртүрлі дәрумендер мен тұздардың болуы, олардың консервілерде және шырында жақсы сақталатындығының арқасында, қызанақ жоғары құнды емдәмдік қасиетке ие. Езілген қызанақ өте жоғары бактерия жойғыштық әсерге ие.

Қоңыржай климатта қызанақ бір жылдық шөптесін өсімдік саналады. сабағы күшті бұтақтанып, көптеген бүйірлік өркендерді – өгей бұтақтарды қалыптастырады. Сабақта 7-10 жапырақтан кейін гүл шоғыры пайда болады да, ол өсуін тоқтатады. Негізгі сабақтың қызметі жоғарғы бүйірлік өренге ауысады.

Қызанақтың қуатты, тез дамитын тамыр жүйесі бар. Ересек өсімдіктің тамыры, әсіресе көшетсіз өсіргенде, 1,5 метрге дейін бойлайды, жан-жағына 1,2 м дейін жайылады. Екі түртектес жапырағы бар: әдеттегі тілімді дара қауырсынды және картоп түртектес. Олардың түстері жасыл, сарғылт-жасыл болады. Гүлдері қос жынысты, ұсақ, бұтақбасқа шоғырланған. Гүл шоғырының 3 түртектесін ажыратады: қарапайым (1-түртектес) – жемістері бір желіде орналасады; күрделі – желі бірнеше рет тарамдалады (3-түртектес) және аралық – желі бір-ақ рет тарамдалады (40-сурет).

Гүл шоғырының түртегі сұрыптың белгі саналады, бірақ ол өсіру жағдайына байланысты.

Гүл шоғыры құрылымы бойынша жинақы және борпаң болуы мүмкін. Ол гүл сидамының ұзындығымен, гүлдерінің орналасу жиілігімен және гүл сағағының ұзындығымен анықталады. Гүлдердің саны бойынша аз (7-9) және көп (10-20 және одан да көп) гүлді гүл шоғырын ажыратады.

Қызанақ – өздігінен тозаңданатын өсімдік, бірақ ыстық құрғақ ауа райында жел мен бунақденелілердің көмегімен айқас тозаңдануы да мүмкін. Жемісі әртүрлі пішінді (шар тәрізді, жайпақ, қырлы, қара өрік тәрізді) және әр түсті (қызыл-күрең, қызыл, қызғылт, сарғылт-қызыл, сары, ақ, алтын түстес және т.б.) болады. Олардың массасы 10 грамнан 1200 грамға дейін болады (41-сурет). Жеміс 2-8 қағанақты болады. Жемісі өзінің дамуында екі кезеңнен өтеді: гүлдегеннен кейін 27-32 тәулік бойы өседі, сосын өсуін жалғастыра отырып, 12-15 тәулік бойы пісіп жетіледі. Мұндайда ол түсін жасылдан бозғылтқа (сүттене пісу), сосын қызғылт және қызыл түске ауыстырады. Тұқымы жайпақ, үшбұрышты – бүйрек пішендес, қою түкті, Мың тұқымның массасы 2,7-3,3 г.

Қызанақ – жылу сүйгіш өсімдік. Оның өсуі үшін оңтайлы температура: күндіз – 20-25оС, түнде – 12-15оС. Температура 15оС төмендесе қызанақ гүлдемейді. 10оС өсуін тоқтатады, ал – 1,5оС опат болады. Сонымен бірге ол үшін өте жоғары температура да зиянды. Температура 33оС-қа жеткенде, өсімдік өсуін баяулатады, ал 35оС болғанда фотосинтез тоқталады; егер осы кезде ауаның салыстырмалы ылғалдылығы төмендесе, онда түйіні түсе бастайды. 25-30оС және топырақтың орташа ылғалдылығына өскін 5-6 тәулікте пайда болады. Егер топырақтың температурасы 11оС-дан аспаса, онда тұқымдары дерлік өнбейді. Бірақ термиялық өңдеуден өткен тұқымдар 8оС, тіпті одан да төмен жылылықта біркелкі өскін бере алады.

Жарыққа қоятын талабы өте жоғары, көлеңкелі жерде нашар жемістенеді. Жылыжайда қыста әлсіз жарықта гүлдеуі өскін пайда болғаннан 80-85 тәулік өткен соң ғана басталады, ал көктемдік дақыл ретінде өсіргенде – 40-45 тәулікте гүлдейді. Ауаның ылғалдылығына жоғары болғанда өсімдік саңырауқұлақ ауруларына шалынғыш келеді. Одан басқа, тозаңқаптан тозаң шашылмайды, ендеше гүлдердің ұрықтануы да жүрмейді. Олар үшін ауаның оңтайлы ылғалдылығы – 50-60 %. Топырақ ылғалдылығына қызанақ өсу кезеңінде орташа (60-70 %), ал жемістену кезеңінде жоғары (80-90%) талап қояды.



СҰРЫПТАР. Қызанақ сұрыптары өсу даму кезеңдерінің ұзақтығы бойынша тез пісетіндер (өскін пайда болғаннан жемісін бірінші рет жинағанша 110-115 тәулік), орташа мерзімде пісетіндер (115-120 тәулік) және кеш пісетіндер (125-130 тәулік) болып бөлінеді. Қазақстанның солтүстігінде аязсыз кезеңнің қысқалығына байланысты тек тез пісетін және жекелеген жағдайларда орташа мерзімде пісетін сұрыптар өсіріледі.

Бұтасының сипаты бойынша сұрыптар бұтақтанғыш, детерминантты (өркендері шошақ гүлмен аяқталады) және сүңгекті болады. Бұтақтанғыш сұрыптар негізгі сабақтың барлық жапырақтарының қолтықтарынан бүйірлік өгей өркендер қалыптастырады. Бірінші реттік өгей өркендерде екінші реттік өгей өркендер пайда болады, олардан үшінші және т.т. Олар гүлдейді және жемістерін қоңыр күзге дейін береді. Бұтақтанғыш сұрыптар оңтүстікте таралған. Детерминантты сұрыптар тырбиған, бойлап өсуін өздік шектейтіндер. Бұлардың өгей бұтақтары негізгі сабақтың төменгі бөлігінде ғана пайда болады, сондықтан өгей бұтақсыздандырудың қажеті жоқ. Жеміс салуы алғашқы 2-3 гүл шоғырларымен шектеледі. Сүңгекті сұрыптар, детерминанттар сияқты, бірінші және екінші реттік өгей бұтақтарды ғана қалыптастырады. Бұлардың сабақтары тік және байлауды қажет етпейді. Бұларды, басқа сұрыптарға қарағанда жиірек отырғызады.

Ашық жерге арналған сұрыптар.

Агата. БОӨШҒЗИ-ның Қырым селекция стансасында шығарылған. Ерте пісетін, салаттық сұрып. Өсінді кезеңі – 110 күндей. Детерминантты, биіктігі 45 см, байлауды және өгей бұтақсыздандыруды тілемейді. Жемістері, жайпақ – домалақша тегіс. Тасымалдылығы өте жоғары. Жемісінің салмағы 80-110 г. Жемісін бір мезгілде байлайтындығымен ерекшеленеді.

Доходный. Белорусс жеміс шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы, картоп шаруашылығы. ҒЗИ-де шығарылған. Жемістерінің бір мезгілде пісетіндігімен ерекшеленеді. Ерте піседі. Өсінді кезеңі – 100-103 тәулік. Детерминантты, жапырақтануы орташа, биіктігі 13-34 см, шашақгүлі қарапайым, жинақы, 4 және одан да көп жемісті сұрып. Жемістері домалақ-жайпақ, біркелкі, қызыл және қызғылт-сары, тұқым қағанағы – 4-12. Жемісінің массасы – 83-93 г. Жас жемісінің дәмдік сапасы өте жақсы. Құрамында 5 % құрғақ зат, 2,1% қанттар, 20,1 мг % аскорбин қышқылы, бар, қышқылдылығы – 0,5%.

Пламя. Қазақ ККШ ҒЗИ-да шығарылған. Орташа мерзімнен ертерек піседі, өскін болғаннан жемісінің пісуі басталғанша – 100-108 тәулік. Детерминантты,

жапырақтануы орташа өсімдік. Гүл шоғыры қарапайым және аралық. Алғашқы гүл шоғыры 6-7 жапырақ үстінен пайда болады, кейінгілері 1-2 жапырақтан кейін. Жемістері алхоры пішіндес тегіс, ашық реңді, өте берік, қызыл құрғақ зат мөлшері жоғары (6,4-6,8%). Әлеуетті өнімділігі 520-680 ц/га, дәмдік сапасы жақсы. Жас күйінде, консервілеп, өңдеп пайдалануға жарамды. Ұштық шірікке шалдықпайды.



Персей. Приднестр АШҒЗИ-да шығарылған. Тез пісетін, өскін пайда болғаннан жеміс салуының басталғанынша 90 күн қажет. Аласа бойлы, сүңгекті өсімдік. Жемістің массасы 100 г, ашық қызғылт түсті, сәл түкті. Сүйкімді емдәмді. Бір түптің өнімділігі 2,5 кг.

Самаладай. Қазақ ККШ ҒЗИ-да шығарылған. Орташа мезгілде пісетін (102-114 тәулік), детерминантты, жапырақтануы орташа, жартылай аумақты өсімдік. Гүл шоғыры аралық, борпаң. Бірінші гүл шоғыры 8 жапырақтан кейін бойланады, кейінгілері 1-2 күннен кейін. Жемісі алхоры пішіндес, қызыл, негізінде сәл қырлы, жарылуға берік, салмағы 78-84 г. Қызуға төзімді, жемістері өсімдікте жетілген күйінде 20-25 күн сақталады, дәмдік сапасы жоғары. Жас күйінде, консервілеп, өңдеп пайдалануға болады. Механизм күшімен өсіруге және жемісін бір мезгілде жинап алуға жарамды.

Сибирский скороспелый. Батыс Сібір көкөніс тәжірибе стансасында шығарылған. Детерминантты, негізгі сабағының биіктігі 50-54 см, орташа бұтақтанатын, мол жапырақты өсімдік. Жапырақтары ірі, тілімділігі әлсіз, тегіс, күңгірт -жасыл, жемістері жайпақ-домалақ, тегіс, қызыл, 60-100 г. Дәмдік сапасы жақсы. Жемістерінің жақсы және бір мезгілде пісуімен бағаланатын сұрып.

Қысқы жылыжайларға арналған сұрыптар. Ласточка 1). Көкөніс шаруашылығы ҒЗИ-да шығарылған. Орташа мерзімнен ерте пісетін сұрып. Өсінді кезеңі, қысқы-көктемгі айналымда, толық өскіннен алғашқы жинауына дейін 118-124 тәулік, күзгі – қысқы айналымда – 88-92. Қалыпты, детерминантты, жапырақтануы шамалы, бойшаң өсімдік. Жемісі домалақ, қызыл, тегіс, дұрыс орналасқан 4-6 жатынды 57-71 г.

Московский осенний. БОКДС және ТШ ҒЗИ-да шығарылған. Бойшаң, қуатты, жапырақтануы орташа және жоғары өсімдік. Жемісі жайпақ домалақша және домалақ, тегіс және сәл қырлы, орташа көлемді (65-100 г). Пісіп жетілмеген жемісі жасыл, жеміс сағағында қоңыр немесе сәл дақты, пісіп жетілгені – қызыл. Жемісіндегі қағанағы дұрыс орналасқан, саны 3-5. жеміс байланғаннан пісуіне дейін 109-126 тәулік. Жапырақтары қоңыр даққа төзімді.

Ревермун (Е1). Голландық, қысқы жылыжайлар үшін шығарылған сұрып. Бойшаң өсімдік. Жемістенуге 125-130 тәулікте кіріседі. Қысқы – көктемгі айналымдағы өнімділігі 10-13 кг/м2. Бурыл даққа төзімді.

Собето (Е1). Голландық. Өскіннен алғашқы жемісін жинағанша – 121-127 тәулік. Жемістері домалақ, орташа шамада, массасы 64-78 г. Жас жемістерінің дәмдік сапасы – 5 ұпай. Тауарлық өнімділігі – 10-16 кг/м2.

Верлиока (F1). ТАША-ның В.И.Эдельштейн атындағы көкөніс тәжірибе стансасында шығарылған. Детерминантты, тез пісетін, жемісін қолайсыз жағдайда да сала алатын, ауруларға кешенді төзімділікке ие будан. Жемістенуі өскін пайда болғаннан 103-110 күн өткен соң жүреді. Жемістенуінің бірінші айындағы өнімі 7-8 кг/м2.

Сольвейг (F1). ТАША-ң В.И.Эдельштейн атындағы көкөніс тәжірибе стансасында шығарылған. Бойшаң, орташа мерзімнен ерте піседі, жемісінің орташа массасы 120-150 г. Өнімділігі 7-8 кг/м2. Жас күйінде пайдаланады.

Сюжет (F1). Придиестр АШҒЗИ-да шығарылған. Күзгі – қысқы айналымда жоғары өнім береді. Ерте піседі (85-94 тәулік), массасы 95-100 г. Фитофторозға және макроспорозға төзімділігі орташа. Өнімділігі 15-17 кг/м2.

Көктемдік пленкалы жылыжайларға арналған сұрып.

Виса (Е1). Эстонияда шығарылған, тез пісетін будан. Өсінді кезеңі өскін пайда болғаннан алғашқы жиын-терінге дейін – 92-98 тәулік. Қуатты, орташа бұтақтанатын өсімдік. Жемісі жайнақ – домалақ, тегіс, қызыл, массасы – 86-102 г. Буданның ерекшелігі - 40%-дан артық өнімін жемістенуінің бірінші айында беретіндігінде, яғни тиімді. Жемістерінің дәмдік сапасы өте жоғары, реңі өте сүйкімді, жарылмайды, жақсы тасылмаданады. Қоңыр даққа төзімді. Фитофторозбен және бактериалды шірікпен әлсіз зақымданады.



Шаганэ (Ғ1). ТАША-ң В.И.Эдельштейн атындағы көкөніс тәжірибе стансасында шығарылған. Жемісі домалақ және жайпақ – домалақ пішінді, қызыл түсті, массасы 8-150 г., дәмдік және тауарлық сапасы өте жоғары. Өнімділігі 5-15 кг/м2. Жылытылмайтын пленкалы жылыжайларда өсімдіктің өсуі тоқтаған кезде 4-5 гүл шоғырының үстіндегі ұшын, оның үстінен 1-2 жапырақ қалдырып шеку жемістенуді жеделдетеді.

Гамаюн(Ғ1). ТАША-ң В.И.Эдельштейн атындағы көкөніс тәжірибе стансасында шығарылған. Ерте піседі. Өсінді кезеңі 88-98 күн. Жемісінің орташа массасы 62-92 г., дәмділігі – 4,5 ұпай. Столбурмен, фузариозды солумен зақымданады.

Ирок (Ғ1). Көкөніс шаруашылығы ҒЗИ-да шығарылған. Орташа мерзімнен ерте піседі, индетерминантты. Бұтақталуы, жапырақтануы шамалы. Өсу-даму кезеңі бойы жемістенуі біркелкі жүреді. Жалпы өнімі 6,9-13,1 кг/м2. Теңбілмен жеміс шірігімен зақымдануы шамалы (4,6-10,0 %).

Русич (Ғ1). К.А.Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясының көкөніс тәжірибе шаруашылығы стансасында шығарылған, ерте пісетін будан. Жемістері өскін пайда болғаннан 125-127 тәулік өткеннен соң піседі. Индетерминантты, орташа бұтақтанатын және орташа жапырақтанатын өсімдік. Жемісі домалақ, тегіс, қызыл, жылтыр, жемістенуінің бірінші айындағы өнімі 2,5-4,1 кг/м2, жалпы – 7,4-13 кг/м2. Жемісінің орташа массасы 78 г., дәмділігі – 4 ұпай.

Қызанақты көшетпен өсіру. Егер алғы дақылдардың – орамжапырақтың және қиярдың – танабына органикалық тыңайтқыш енгізілген болса, онда сүдігер көтергенде тек 4-4,5 ц спуерфосфат және 1 ц хлорлы калий енгізіледі. Қызанақ 100 ц өніммен топырақтан 32 кг азот, 10 кг фосфор және 43 кг калий алып шығады. Егер өткен жылы көң енгізілмесе, онда құнары кемдеу топыраққа, күзде жыртқанда гектарына шіріген көңнің 20-30 тоннасы енгізілгені дұрыс болады. Шірімеген көң өсінді мүшелердің – сабақтардың және жапырақтардың тым өсіп кетуіне әсер етеді де, жемісінің өніміне зиян келтіреді. Ерте көктемде ылғал жабу үшін тырмалауды екі ізбен жүргізеді, сосын қопсытады. Бұл арамшөптердің өсуін жеделдетеді. Пайда болған арамшөптерді жою үшін екінші культивацияны және тырмалауды көшет отырғызар алдында, 10-12 см тереңдікке жүргізеді. Осы кезде гектарына 1-1,5 ц аммиак селирасын қоса енгізеді.

Ертерек отырғызу – жоғары өнімнің кепілі. Көшеттерді танапқа 27 мамырда отырғызғанда гектарынан 332 ц өнім жиналған, ал 15 маусымнан кейін отырғызғанда гектарынан 228 ц өнім жиналған. Қазақстанның солтүстігінде маусымның алғашқы күндерінде бозқыраудың қайталану мүмкіндіктері болғандықтан, көшеттерді грунтқа әдетте 5 маусымнан кейін отырғызады: ең дұрысы – бұлыңғыр күндері, ал шуақты ауа райы болса, түс ауа қызанақтың көшеттерін әдетте 140х20 см сұлбасымен отырғызады.

Отырғызуға құмырасыз өсірілген 40-45 тәуліктік көшеттерді пайдаланады. Бұл құмырада өсірілген ірі көшеттерді отырғызып өсірген қызанақтың гектарын өңдеуге кеткен шығынмен салыстырғанда біршама төменірек болады.

Көшеттерді көшетотырғызғыш машиналармен отырғызады. Кішігірім алаңдарға, сондай-ақ бойлап өсіп кеткен көшеттерді әдетте қолмен отырғызады.

Көшеттерді булыжайда және жылыжайда өскенмен салыстырғанда 4-5 см тереңірек, ал ірілеп көлбейтіп, сабақтың төменгі жағын, 2-3 буын аралықтарын ала, культивация кезінде олар топырақ бетіне шығып қалмас үшін қатар бойымен бағыттап отырғызады.

Көлбеулетіп тереңірек отырғызу, өсімдіктің қоректенуін жақсартатын, қосалқы тамырлардың пайда болуына мүмкіндік жасайды. Жаңа ғана отырғызылған көшеттерді, әсіресе құмырасыздарды, суландыруға болмайды, себебі олар жапырылады (жапырақтары және сабақтың ұшы жерге иіледі), суландырғанда лай басады. Міне, сондықтан телімді дұрысы көшет отырғызу алдында суландыру. Өсімдік көндіккенде және көтерілгенде, 3-4 тәуліктен соң, отырғызғаннан кейінгі бірінші суландыруды қолданады да, ізінше түсіп қалған өсімдіктердің орнына жаңа көшет отырғызады. Осы мақсатқа булыжайда немесе 2-3 % құмырада және 5-7 % құмырасыз өсірілген көшеттер қалдырылады. Отырғызумен бірге лай басқан өсімдіктерді тазартып (босатып) алады және қатараралықтарды қопсытқыш табандармен 7-8 см өңдейді. Одан әрі, телімді арамшөптердің пайда болуына қарай 1-2 рет қолмен отайды. Барлығы өсінді кезеңде, әдетте суландырғаннан кейін телімге 4-5 рет культивация жасайды.

Өсімдікті жеміс байлағанша 200-300 м3/га су беріп әрбір 7-10 тәулік сайын суарады. Жеміс байланғаннан бастап, топырақ 60-70 см тереңдікке дейін сулануы үшін суландыру суының мөлшерін 340-400 м3/га арттырады. Өсінді кезеңі бойы 7-8 рет суландырады.

Өсімдіктерді екі рет үстеп қоректендіреді: бірініші рет – отырғызғаннан 12-16 тәулік өткен соң (1 га 1-1,5 ц суперфосфат және 1 ц аммиак селитрасы немесе 0,5 ц аммофос) және 2-рет – бірінші үстеп қоректендіруден 18-20 тәулік өткен соң, 2-3 шашақгүлінде түйнек пайда болғанда (1,2-2,0ц суперфосфат және 0,5 ц хлоры калий) жүргізеді. Екінші рет үстеп қоректендіргенде азотты тыңайтқыштарды, қажеттігі байқалғанда ғана енгізеді - өсімдіктің баяу өсуі, жапырақтардың сарғаюы және түсуі көрсетеді. Топырақта азот тым көп болса өркендердің жаппай өсуі және жемісінің нашар байлануы, әрі оның ұзақ пісуі байқалады. Тыңайтқыштарды өсімдік қоректендіргіш – культиваторлардың көмегімен, суландыру алдында енгізеді.

Гүлдердің тозаңдануын және түйнектердің сақталуын жақсарту үшін тамырдан тыс бор қышқылымен (г/л) үстеп қоректендіреді. Өсімдіктерді гүлдеу алдында бүркеді.

Бірінші гүл шоғырында бүршіктердің жартысы ашылғанда бір рет бүркеді, үлкен аумақта бұл мақсат үшін арқаға асатын бау-бақ бүрккішін пайдалануға болады. Жемістердің пісуін жеделдету үшін «дестелеуді» қолданады. Тамыз айының басында екі қатардағы өсімдіктерді, кең қатараралығын жинаушылар өтетін жол ретінде қалдырып, тар қатараралығына дестелейді. Дестеге салғанда жемістерінің сабақтарының үстіне келуін қарастырады. Күн кзінде олар тез жетіледі және шірімейді.

ЖИНАУ ЖӘНЕ САҚТАУ. Сұрыпты дұрыс таңдап алғанда, толық піскен жемістерін 20-25 шілдеде жинай бастайды, ал жаппай пісуі тамыздың екінші онкүндігінде жүреді. Егер Қазақстанның оңтүстігінде қызғылт және қызыл жемістерін жинаса, жергілікті жағдайда, сақтау кезінде жетілетін бурылын жинайды. Дәмдік сапасы бойынша олар өсімдікте піскеннен төменірек болса да, кейінгілерінің пісуін тежемес үшін, оларды жинауға тура келеді. Бозқырауға дейін жинауды әрбір 3-4 тәулікте, ал бозқырау түсерде, барлық құбалана, ағара бастағандарын және жасылдарының ірісін жинап алады.

Еңбек өнімділігін арттыру үшін жинауға жинағыш платформаларды пайдаланады: Т-16М тракторына ілінетін, 10-15 адам қызмет жасайтын ПНСШ-12; 16 жұмыскер қызмет жасайтын ПОУ -2 тіркеме платформасы. Машинамен бір рет жинағанда машиналар кешені пайдаланылады: өзі жүретін СКТ-2 комбайыны; контейнерлі жүкті өз түсіретін ПТ-3,5 тіркемесі, КОН- 3,5 контейнер қотарғыш пен АВН -0,5 контейнер тиегіші және СПТ -15 сұрыптағыш нысаны. Нысанда 20 жұмыскер қызмет жасайды. 1 сағат таза жұмыстағы еңбек өнімділігі 12 т.

Жемістерді көлемі мен пісу деңгейіне қарай сұрыптайды және пісіп – жетілуі үшін жылы құрғақ жайда сөрелерге 2-3 қабат етіп орналастырады немесе жәшіктерге салады. Жеміс жәшіктерін қолданғанда, желдетуді жақсарта түсуі үшін әр қабаттың астына жұқа тақтайшалар келтіреді. Пісіп-жетілдіру үшін булыжайды дайындауға болады. Оны топырақтан және қара шіріндіден тазалайды, ордың түбіне таза сабан төсейді де, оның үстіне жемістерді орналастырады. Бір кәсек астына 40-60 кг жеміс сияды. Булыжайды кәсекпен жауып, әйнегін іш жағынан әктейді.

Пісіп – жетілу 23-25оС және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 80-85% болғанда тезірек жүреді. Мұндай жағдайда қызғылт қызанақ 2-3 тәулікте, ақшылы – 4-6, жасылы – 7-10 тәулікте қызарады. Температура төмендегенде пісіп-жетілу үдерісі күрт баяулайды және жемістің басым бөлігі шіриді.

Жемістерді арнаулы камераларда жасанды түрде этиленмен өңдеп, пісіп-жетілдіруге болады. Этилен, әсіресе жасыл жемістерге белсенді ықпал жасайды (ақшылы қалыпты жағдайда да пісіп-жетіледі). Жемістердің жеміс сағағын алып тастайды, себебі газ жемістің ішіне сағақ бекіген жердің борпаң ұлпасы арқылы өтеді. Жеміс салынған жәшіктерді камерада шахмат ретімен орналастырады. Қызыл жемістерді әрбір 2-3 тәулікте алады да орнына жасылын салады. Камераның әрбір шаршы метріне 0,5 л этилен жібереді, температураны 20-22оС, салыстырмалы ауа ылғалдылығы 85% деңгейінде ұстайды. Камераны күнде желдетеді және қайтадан этиленмен толтырады.

Ақшыл және қызғылт жемістерді тоңазытқыштарда 1,5-2 ай сақтауға болады, сақтауға қояр алдында жәшіктер мен жемістерді формалиннің ерітіндісімен (1:300) зарарсыздандырады немесе 45-50о 4 сағат бойы қыздырады. Тоңазытқыштарда 1-2оС жылылықты және 90 % ауа ылғалдылығын қамтамасыз етеді.

Шаруашылық жағдайында, әдетте қызанақты жеміс сағағын үстіне келтіріп, кішірек кереге көз ағаш жәшіктерде 10-12оС сақтайды. Жәшіктің түбіне және жемістердің арасына ағаш үгіндісін салады.

ҚЫЗАНАҚТЫ КӨШЕТСІЗ ӨСІРУ. Қызанақтың тұқымын топыраққа сеуіп өсіру өте тиімді. Қарабалық ауыл шаруашылық тәжірибе стансасының (В. Р. Гюнтер, 1987) деректері бойынша оның гектарлық орташа өнімі 200-370 ц болған. Технологиядан көшетті өсіруді шығарып есептегенде, өнімнің өзіндік құны 1,5-1,9 есеге кеміген.

Көшетсіз өсіргенде өсіп-даму кезеңі 12-15 тәулікке азаяды. Тұқымдардың шынығуы топырақта өтіп, өскіндері қысқа мерзімдік – 3оС суыққа шыдайды. Тұқымды топыраққа сепкенде өсімдік терең бойлайтын, қуатты тамыр жүйесін қалыптастырады, соның есебінен суландыруды азырақ талап етеді және ауруға азырақ шалдығады.

Көшетсіз өсіруге ең тез пісетін сұрыптарды (Сибирский скороспелый, Доходный және т.б.) пайдалану керек. Жел өтінен қорғалған, топырағы жеңіл, жақсы жылынатын және арамшөптерден таза танапты таңдап алады. Алғы дақыл-гектарына суперфосфаттың 90 кг ә.ә.з енгізілген сүрі жер. Ол өнімділікті арттырады және жемістің пісіп – жетілуін жеделдетеді Тұқымды 10-15 мамырда себеді. Арашөптермен күресті қызанақ өскіні көрінбей-ақ тұрып жүргізу үшін, оның тұқымымен бірге шалғамның тұқымын себеді. Шалғамның тұқымы қызанақтікіне қарағанда көп ерте көктеп шығады. Шалғам тауарлық күйге жеткенде оны жинап алып, іске асырады.

Бір гектарға 2,5-3,0 кг қызанақ тұқымын, және толықтырғыш ретінде қуырылған 3-4 кг тары қосылып (оларды мұқият араластырады) себіледі. Себу жұмыстарын СОН-2, 8А, СКОСШ-2,8 немесе СКОН-4,2 тұқым сепкіштерімен қатараралығынан 70 см қойып жүргізеді. Тұқымның сіңіру тереңдігі 3-4 см. Себуге дейін және себуден кейін топырақты тығыздағыштармен тығыздайды.

Өскін пайда болғаннан 8-10 тәулік өткен соң, егістікті жеңіл тырмалармен себу қатарларына көлденең тырмалайды. Бұл кезде арамшөптермен қатар қызанақ өскіндерінің 20% жуығы жойылады. Егер қызанақ тұқымына шалғам қоса себілсе, онда егістікте тырмалау жүргізілмейді, қолмен отап, өсімдіктің гектардағы санын 40 мыңға жеткізеді. Ақтық қоректену алаңы 70х40 см болады. Өскіндер пайда болғаннан соң бірінші қопсыту жүргізіледі. Өскіндерді жарақаттап алмау үшін культиваторға ұстара-табан қояды. Сиреген жерлерге қолмен қосымша көшеттер отырызғады және суландырады. Одан кейінгі күтіп-баптау жұмыстары көшетпен отырғызған қызанаққа ұқсас.

Грунттық қызанақтың жеміс салуы көшеттерден кешірек, бірақ қолайлы күзде өнімділігі көшеттік қызанақтікіндей, сонымен бірге пісіп-жетілген жемістерінің пайызы азырақ болады.

ҚЫЗАНАҚТЫ ПЛЕНКА АСТЫНДА ӨСІРУ. Пленка астында тез пісетін, біркелкі өнім беретін сұрыптарды, мысалы, Сибирский скороспелыйды өсіреді. Сүдігердің әр гектарына 25-30 т көң, 4-5 ц суперфосфат және 1,0-1,5 ц хлорлы калий енгізеді.

Көшетті ашық жерге қарағанда 20-25 тәулік ерте отырғызады; ағаш қаңқа астына қатараралығын 50-60 см етіп 3 қатар, бір қатардағы өсімдіктерді бірінен-бірін 25-30 см; тоннелді жабуда 2 қатармен, қатараралықтарын 40 см және қатарда 30 см етіп орналастырады. Әдетте аптасына бір рет суландырады. Суландырудан кейін қаңқа мен тоннельде ауаның ылғалдылығын төмендету үшін міндетті түрде желдетеді. Бірінші үстеп қоректендіруді отырғызғаннан 12-15 тәулік өткен соң жүргізеді. Жамылғыны бозқырау қайталану қауіпі өткен соң және түнгі темтемпература 7оС-дан төмендемейтін маусымның орта кезінде алады. Одан әрі күтіп – баптау кәдімгі көшетпен өсіргенге ұқсас. Дұрыс күтіп баптаса, әр пайдалы алаңның бір шаршы метрінен 5-8 кг қызанақ жиналады.

ҚЫЗАНАҚТЫ ҚЫСҚЫ ЖЫЛЫЖАЙДА ӨСІРУ. Жылыжайларда қызанақ қиярдан кейін екінші орынды алады. Жылыжай грунтының әр шаршы метріне 15-20 кг шіріген көң енгізеді. Минералды тыңайтқыштарды жылыжай грунтының агрохимиялық талдауының негізінде қолданады.

Көшеттерді тұрақты орнына қабылданған дақыл алмасуына сәйкестендіріп 60+80 х 30-35 см сұлбасымен орналастырады. Осы сұлбамен орналастырғанда бір шаршы метрден 10,0-10,3 кг өнім жиналған. Отырғызардан 1-2 тәулік бұрын топырақты жақсылып суландыруды. Көшеттерді тегіс жерге отырғызады. Көшеттерді тігінен, бірінші кәдімгі жапырағына дейін топыраққа сіңіре отырғызады. Тым өсіп кеткен көшеттерді, қосымша тамырлары тезірек қалыптасу үшін, көлбеу отырғызады.

Өсімдіктерді аспаларда өсіреді, ол үшін отырғызғаннан 4-5 тәулік өткен соң өсімдіктерді ілмектеп байлап, іліп қояды. Сосын апта сайын өсімдіктің ұшын жіпке айналдыра бұрайды және сонымен бірге өгей бұтақшаларын аластайды

Бір сабақты өсімдік қалыптастырады. Бұтаны қалыптастыру – өгей бұтақтарын жұлу және жоғарғы өсу ұшын қырқу. Өгей бұтақты ұзындығы 7-10 см аспағанда аластайды. Аспаның биіктігі 2,0-2,2 м болғанда өсімдік 8-9 шашақ гүл қалыптастырады, сосын негізгі сабағын сымнан асырып іледі, өсімдік өісп дамуының соңына дейін тағы да 6-7 шашақгүл қалыптастырады. Шашақгүлдің астындағы жапырақтар осы шашақгүлді фотосинтездің өнімімен қамтамасыз етеді, сондықтан оның жемісі піскен кезде жапырақтарының сарғаю деңгейіне қарамай оларды аластайды.

Гүлдеу кезінде апта сайын, гүлдер жақсы тозаңдануы үшін, сымды дірілдетіп қозғайды. Бұл операцияны электромагнитті дірілдеткіш ОЦП – 65 пен жүргізген дұрыс. Онымен сағатына 2000 гүл шоғырын өңдеуге болады. Жылыжайдың температурасы күндіз шуақты ауа райында – 24-25оС, бұлтты күндері 20-22оС, түнде жеміс салғанша 14-17оС, жеміс салған кезеңдерде – 18-19оС, топырақ температурасы – 18-20оС. Көктемде және жазда ауаның қызуы мүмкін. Ауа температурасы 32оС-дан асқанда тозаңдар стерильденеді, ұрықтану тоқталады және гүлдер түсе бастайды. Мұндайда желдетумен қоса, жылыжайдың жабынын әктейді, бұл температураны 5-7оС төмендетеді.

Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60-70 %. Жылыжайдағы өсімдіктерді атызбен тәуліктің алғашқы жартысында суарады және үстеп қоректендіреді. Үстеп қоректендіруді жылыжай топырағының агрохимиялық талдауының негізінде жүргізеді (11-кесте).

11-кесте. Өсімдіктің жасына қарай жылыжайда қызанақты үстеп қоректендіретін минералды тыңайтқыштар ерітіндісінің құрамы




Даму кезеңі

10 л суға тыңайтқыш мөлшері (г)




аммиак селитрасы

суперфосфат

калий тұзы







Отырғызған

өсімдіктер

тамырланғаннан

кейін


15

50

8
















2-3 шашақгүлде

түйін байланғанша



30

80




17



















Жемістену кезінде

40

40




30



Жылыжай ауасындағы көмір қышқыл газының оңтайлы мөлшері 0,15 %-ке дейін болады. Су шығыны суландыру санына және ауа мен топырақтың ылғалдылығына байланысты.

Қиярмен салыстырғанда, қызанақ өсіп тұрған топырақты жүйелі түрде қопсытады. Тығыздалған топырақта тамырлар ауа тапшылығына тап болады. Мұны болдырмас үшін суландырудан бір күн өткен соң қатараралықты және қатарлар бойын кетпендейді және ол жерлерге сабан, ағаш үгіндісін шашады. Бұл ылғалды артық буланып кетуден сақтайды.

Жемістерді сәл қызара бастағанда жинайды, сонда қалған жемістері тезірек пісіп-жетіледі. Көктемде 2-3 тәуліктен соң жинайды, жазда – бір тәуліктен соң. Жемістерді жеміс сағағынсыз жинайды.

ҚЫЗАНАҚТЫ КӨКТЕМГІ ПЛЕНКАЛЫ ЖЫЛЫЖАЙДА ӨСІРУ. Ең жоғары өнімді 55 тәуліктік көшет береді. 45 тәуліктік көшетті отырғызғанда әр шаршы метрден 8,5 кг; тәуліктіктен – 9,4 кг; 55 тәуліктіктен – 10,1 кг; 60 тәуліктіктен – 9,5 кг өнім жинаған.

Көшетті қос таспалы етіп 80+50 х 50 х 40 см сұлбасымен отырғызады. С.Сейфуллин атындағы Қазақ АТУ-нің тәжірибелерінде осылай етіп отырғызғанда ең жоғары өнім алынған – 11,9 кг/м2.

Пленкалы жылыжайдағы күтіп-баптау жұмыстары қыстық жылыжайға ұқсас. Бірақ пленкалы жылыжайларда топырақтың және ауаның жылынуы мен ылғалдылығының оңтайлы режимін мұқият қарап, қалыптастыру керек. Ауаның тым жоғары ылғалдылығына жол

берілмейді. Топырақтың ылғалдылығы жеміс салғанша 70-75 % болғаны жөн, жеміс салған кезде – 80-85%. Ауа райы жылы күндері (маусымның екінші жартысы) пленкалы жылыжайдың бүкіл жоғарғы кәсектерін алып қояды.

Бұрыш - Capsicum annum L. Бұршаққынды бұрыш көкөністік және дәмдік болып бөлінеді. Көкөністік немесе тәтті бұрыш тамаққа жас, бұқтырылған, фаршталынған, тұздалған және консервіленген күйінде пайдаланылады. Дәмдік немесе ащы бұрыш әртүрлі тағамға тұздық, сонымен бірге қиярды, самсарды және басқа да көкөністерді тұздағанда дәмдеуіш ретінде қолданылады.

Бұрышта 5-тен 12 %-ға дейін құрғақ заттар және 2-ден 8%-ке дейін қанттар болады. С дәрумені бойынша ол басқа көкөністерден асып түседі. Тәтті (болгар) бұрыштың 100 г шикі жемісінде 270 мг С дәрумені болады, ащыда – 380 мг, тиісінше А дәрумені 9 және 12 мг. Дәмдік бұрыштың ауыз қуырғыш дәмі, ондағы алкалоид капсаицинаға байланысты; көкөністік бұрышта ол, біршама азырақ болады.

Ащы бұрыш тұнбалары емге қолданылады. Бұрышта Р дәруменді белсенділікке ие зат табылды (100 г 33-450 мг). Оның адам ағзасына физиологиялық әсері – қан тамырларының беріктілігін арттырудағы маңыздылығы. Термиялық өңдеуде бұрыш жемісі С дәруменінің 60-70 %-н сақтап қалады. Сондықтан, ол консерві өңдеу өнеркәсібінің бағалы шикізаты болып табылады. Бұрыштың сабағы берік, түп жағы ағаштанады, сондықтан сүйемелдеуді қажет етпейді. Тәтті бұрыштың бұтасы аумақты, ал ащынікі тік өседі. Тамыр жүйесі шашақты, 70 см-ге дейін бойлайды. Тәтті бұрыштың жапырақтары ірі, жұмыртқа тәрізді, тегіс, ащынікі – ұсақ, қандауыр тәрізді. Гүлдері жеке – жеке болады, негізінен өздігінен тозаңданады, бірақ аралардың және басқа да жәндіктердің көмегімен айқас тозаңдануы да мүмкін. Жемісі үшкір бұршақын тәрізді, 2-4 ұялы, әртүрлі пішінді жидек: тәттісінікі – қалың қабықты (3-6 мм), призма, шар тәрізді; ащынікі – жұқа қабықты (1-2 мм), ұзын, тұмсық тәрізді.

Жемістің түсі қызыл және сары. Тұқымдары жайпақ, ашық – сары, 1000 дәннің массасы 5-6 г. Бұрыш – қысқа күннің өсімдігі, күннің ұзақтығы 10-12 сағат болғанда жақсы дамиды. Көлеңкені көтермейді. Тұқымы 13оС-да өне бастайды. Өсу және дамуы үшін оңтайлы температура – 20-28оС, температура 13оС-дан төмендесе өсуін тоқтатады. Топырақтың ылғалдылығы шекті сыйымдылығының 70-80 % тең болуы керек, ылғал жетіспесе өсімдік бүршігін және жемісін түсіре бастайды.

БҰРЫШТЫҢ АГРОТЕХНИКАСЫ. Бұрыш үшін ең дұрысы – құнарлы, борпаң, қарашірігінде бай топырақ. Ауыспалы егісте оны қызанақпен бір танапта орналастырады. Ең жақсы алғы дақыл орамжапырақ және қияр. Негізгі және егіс алдындағы топырақ өңдеу қызанақтікіне ұқсас. Гектарына 2,0-2,5 ц, аммиак селитрасын, 3,5-4,0 ц суперфосфат, 1,0-1,5 ц хлорлы калий енгізеді.

Бұрышты топыраққа қызанақтан кейін, тәтті бұрышты 70х25 см қоректік алаңымен, ал ащыны 70х35 см етіп, әр ұяға 2 өсімдіктен отырғызады. Отырғызуды көшет отырғызатын машиналармен, ал аз алаңға қолмен атқарады.

Бұрыштың жылуға талап қойғыштығын ескеріп, танапқа ықтырма дақыл егу керек. Суландыруды қызанаққа қарағанда жиірек жүргізеді, әсіресе жемістенген кезінде, әйтпесе өнім күрт төмендейді, әрі оның сапасы нашарлайды.

Өсу – даму кезеңінде бұрышты 2 рет үстеп қоректендіреді: көшет отырғызғаннан 8-10 тәулік өткен соң (гектарына 0,5 ц аммиак селитрасы, 1,0-1,5 ц супрефосфат, 0,5 ц хлорлы калий) және өсімдіктің жаппай гүлдеген кезеңінде (0,5 ц аммиак селитрасы, 0,5 ц суперсфосфат). Үстеп қоректендіруді суландырудың алдында жүргізеді. Арамшөптерді отауды және топырақ қабыршағын жою үшін қатараралықты өңдеуді суландырғаннан кейін жүргізеді.

Бұрышты кәдімгі бұта түрінде, шырпусыз өсіреді.

Тәтті бұрышты техникалық піскен жасыл, шырынды күйінде, жемістің сыртынан саусақпен басқанда әлсіз сытырлаған дыбыс шығарса жинайды. Биологиялық пісу кезеңінде жемісте қант және дәрумендері ерекше мол болады. Ащы бұрышты жемісі қызарып, тұқымы піскенде және құрғағында жинайды. Бұрыштың жемісін жеміс сағағымен жинайды.



Бұрышты қорғаулы жерде өсіру. Булыжайларда және пленка астында негізінен тәтті бұрышты өсіреді. Оның көшетін булыжайда, екінші кезекте ерте пісетін орамжапырақ көшетін алғаннан кейін, бір кәсекке 12-15 өсімдіктен 3 қатарлап отырғызады. Пленка астындағы орларға бұрышты мамыр айының ортасында 2 қатармен (40 х 30 см) отырғызады. Күтіп – баптау жұмыстары қызанақтікіне ұқсас, тек жиірек суландырады. Булыжайдағы және пленка астындағы өнім – 2-5 кг/м2.

Жылыжайда өсіруге Ласточка сұрпы тиімді. Жылыжайды отырғызуға дайындау қызанақтікіне ұқсас. Өсімдіктерді орналастыру сұлбасы: блокты жылыжайларда – қос қатарлы 100+60, аңғарлы және пленкалыларда – 80+40 см. Бұтаны қалыптастырғанда 2-3 бұтақ қалдырады да, әрқайсысын жеке – жеке аспаға іледі. Өсімдікті күтіп-баптаған кезде жемісі алынған бұтақтарды, әлсіз, жетілмеген түйіндерді аластайды. Бұл ірі жемістер жинауға ықпал жасайды. Бұрыштың өркендері өте осал, сондықтан өсімдікті мұқият байқап ұстау керек.

Бұрыш қызанақпен салыстырғанда жиірек суаруды қажет етеді, себебі топырақтың аз уақытқа да құрғағанын көтере алмайды. Сонымен бірге ол артық ылғалдылыққа да шыдамайды, сондықтан оны аз-аздап суарады. Отырғызғаннан кейін 2-4 жұма бойы топырақтың орташа ылғалдылығын (ТСС-ның 60-70 %) сосын алғашқы жемістері қалыптасқанша – 75 %, ал өнім жиналар алдында – 80-90 % шамасында ұстайды. Бұрыш өсіргенде өсімдіктердің қатарлары қабысқанша, 3-4 рет саяз қопсыту жүргізеді. Тыңайтқыш қолдану жүйесі және үстеп қоректендіру қызанақтікіне ұқсас.

Бұрыш жылыжайда СО2 қолданғанды өте жақсы қабылдайды. Жылыжайда СО2 мөлшері 1 % болғанда қысқы-көктемгі және күзгі айналымда бұрыш өнімділігін 30 % арттырады. Бұрыш өсіргенде бітіден және жұқпалы-вирустық темекі теңбілінен (мозайкасынан) қорғау шаралары жүргізіледі. Жемісті жұмысына бір рет техникалық пісу кезінде жинайды.

Тәтті бұрыштың сапасына қойылатын талаптар, 13908-68 МҮҚ бойынша жемістері жас, таза, дертсіз, пішіні мен түсі аталған сұрыпқа сәйкес, жеміс сағағы болуы керек. Жемісінің ұзындығы 6 см кем емес, дәмі сүйкімді, сәл ащылау болғаны дұрыс.

БҰРЫШТЫҢ ТҰҚЫМ ШАРУАШЫЛЫҒЫ. Тәтті бұрыш үшін кеңістік оқшаулау ашық жерде 300 м болуы керек, қорғаулы жерде – 100 м, ащы үшін – 1000 м. Үлескіде бір рет сұрыптық тазарту жүргізеді де, жемісі типтес емес барлық өсімдіктерді аластайды. Егер тәтті бұрыш арасында ащы бұрыш кездессе, оны ғана емес, сонымен бірге төңірегіндегі тәтті бұрыштың 6-8 өсімдігін де аластайды.

Тәтті бұрыштың жемісін биологиялық піскенінде, олар сұрыпқа тән түске енгенде жинайды да, пісіп-жетілуі үшін, оларды жылы жерге жайып тастайды. Өсімдігімен бірге жұлынған жемістің пісіп-жетілуі жақсы жүреді. Тұқымын жеміс сағағымен бірге кесіп, қолмен босатып алады. Қалған жемісін консервілеуге немесе тұздауға пайдаланады, ал тұқымын бөліп алып кептіреді және ұшырып тазалайды.

Ащы бұрышты күнге кептірген соң, тамыртурағышпен ұсақтайды. Тұқымын бөліп алады, жемісін паприка алу үшін өңдейді. Ащы шаңнан қорғану үшін дәке таңғыш байлайды және көзілдірік киеді.

Тәтті бұрыштың бір жемісінде 150-300 тұқым болады, ал ащынікінде – 400-450. Бір тонна жемістен 12-17 кг тұқым алынады. Бір гектардың тұқым өнімі 0,5-1,0 ц. Өнгіштігі 70 %-дан, сұрыптық тазалығы 99 %-дан кем болмауы керек. Тұқымы өнгіштігін 4-5 жыл сақтайды.

Баялды – Solanum melangenal. Баялдыны көкөніс дақылы ретінде Еуропада және Ресейде XVII ғасырдан бастап өсіре бастаған. Одан жеке тағам дайындауға да болады, ал көбінесе консервілеу өнеркәсібінде қолданады. Тамаққа өсуін аяқтаған, бірақ піспеген – 25-30 тәуліктік жемістерін пайдаланады. Ондай жемісте 7-11% құрғақ заттар, 3-4 % қанттар, сондай-ақ фосфор, калий, темір тұздары, А, В1, В2, С, Д дәрумендері және т.б. болады.

Баялдының жемісі емдік қасиетке ие - қандағы холестериннің кемуіне әсер етеді, тамырлардың склерозын және бүйрек ауруын емдеуі үшін де пайдалы.

Баялдының тамыр жүйесі жақсы дамыған, тарамдалған, топырақтың жоғары қабатында орналасады. Сабағының биіктігі 1 м-ге жетеді, мықты, төменгі жағы ағаштанады, бұтақтанғыш, түкті. Жапырақтары ірі, сопақша, жиектері бүтін немесе сәл ойықты. Олардың түсі сұрпына байланысты жасыл немесе күлгін болады. Гүлдері қос жынысты, өздігінен тозаңданады, кейде айқас тозаңдануы да мүмкін.

Кейбір сұрыптарының жемісінің ұзындығы 40 см-ге жетеді және массасы 1 кг-нан асады. Олардың пішіні шар, алмұрт, цилиндр тәрізді болуы мүмкін. Түсі күлгін, еті ақшыл немесе сәл-пәл жасылдау. Жемісінде жатын камералары болмайды, тұқымдары тікелей етіне орналасқан, бұрыштікіне ұқсас, бірақ ұсақ (45-сурет). 1000 тұқымның массасы – 3,8-4,4 г.

Тұқымы 13оС-да өне бастайды. Баялдының өсіп-өнуі үшін оңтайлы температура 25-30оС. Өсімдіктің өсуі 15оС-да тоқталады. Тым жоғары температура да қолайлы емес, 35оС тозаңдардың опат болуына байланысты гүлдердің ұрықтануы жүрмейді.

Баялды – қысқа күннің өсімдігі. Ол үшін ауаның оңтайлы ылғалдылығы 50-60 %, ал топырақтікі ТТСС-ның 80 % болғаны жөн. Топырақта ылғал жетіспесе гүлдері түсіп қалады, жемістерінде ащы дәм көбейеді. Баялды сонымен бірге топырақта ылғал жеткілікті болса, ауа құрғақшылығына шыдайды.

Ең кең тараған сұрпы Алмаз. Донецк көкөніс бақша шаруашылығы тәжірибе стансасында шығарылған. Орташа мерзімде пісетін, өнімді (760 ц/га), ертерек өнімі оданда жоғары, механизм көмегімен жинауға жарамды. Столбурмен және теңбілмен (мозайкамен) зақымдануы шамалы, вертициллезді және фузариозды солумен, фитофторозбен, қызанақ жемісінің шірігімен орташа зақымданады.

БАЯЛДЫНЫҢ АГРОТЕХНИКАСЫ. Баялды үшін ең жақсы топырақ – жеңіл, қарашіріндіге бай құмбалшық және құмайт. Оны қызанақ және бұрышпен бір танапқа орналастырады. Баялды өсірілетін танапқа ықтырма дақыл себу дұрыс болады. Топырақты егуге дайындау қызанақтікіне ұқсас. Тыңайтқышты (2,5-3 ц аммиак селитрасы, 2-2,5 ц суперфосфат, 1,5 ц хлорлы калий) қызанақ танабына қолданған мерзімде жүргізеді.

Көшетті, қызанақты отырғызғаннан кейін, жылы ауа райы қалыптасқанда отырғызады. Ең жақсы нәтижені қоректік күбіршекте немесе стаканда өсірілген 60-70 тәуліктік көшет береді. Оны тігінен, өсімдікті тамыр мойнына дейін тередетіп, бір қатар, қоректік алаңы 70х30см етіп отырғызады.

Баялды – ылғал сүйгіш дақыл, сондықтан оны жиі суландырады, әсіресе жемістенген кезеңде. Жүйелі түрде суарғанда жоғары өнім береді, жеміс нәзік және тәтті, еті ащы дәмсіз болады. Үстеп қоректендіруі бұрыштікіне ұқсас. Қатараралығын суландырғаннан кейін өңдейді. Қопсыту, арамшөптер мен қабыршақты жоюмен бірге, солумен күресу тәсілі болып табылады.

Баялдыны ішінара таңдап, жемістері сұрыпқа тән көлемге жеткенде жинайды. Түсінің бозғылттануы жемісті өсімдікте артық мезгіл ұстанғанын білдіред. Мұндай жемістерде ащы дәм көбейеді, сапасы төмендейді. Жемісті кішкене сағағымен кесіп алады. Жиын-терін жұмыстарын суық түскенше аяқтау керек, себебі тоңазыған жемістер тауарлық сапасын жоғалтады. 13097-86 МҰҚ бойынша жеміс жас, дертсіз қиқы-жиқысыз, пішіні мен түсі бойынша осы сұрыпқа сәйкес, жарақаттанбаған, нәзік қабақты, техникалық піскен, жеміс сағағымен, еті шырынды, серпілмелі, қуыссыз, жетілмеген ақ тұқымдарымен болуы керек.

Баялдыны қорғаулы жерде өсіру. Булыжайда және пленка астында баялдының тез пісетін, аласа бойлы сұрыптарын өсіреді. Булыжайлардағы баялдыны ерте пісетін орамжапырақ көшетін алғаннан кейін, бір кәсекке 3 қатарлап 9 өсімдіктен отырғызады. Пленка астына көшетті мамыр айының екінші жартысында отырғызады: қалқан астына 3 қатарлап, орларға – 2 қатарлап (50х30 см).

Ерте өнім алу үшін өсімдікті өгей бұтақсыздандырады, әлсіз және шабан бұтақтарын аластайды. Бір өсімдікте мықты дамыған 3-4 өркенін қалдырады. Булыжайда және пленка астында бір шаршы метрден 4-5 кг жеміс жинайды.

БАЯЛДЫНЫҢ ТҰҚЫМ ШАРУАШЫЛЫҒЫ. Баялды – өздігінен тозаңданатын өсімдік, бірақ оңтүстікте айқас тозаңдануы да мүмкін. Тұқымдық мақсат үшін жемісін толық биологиялық піскенде, сарғылт түстенгенде жинайды. Екінші жемістен алынған тұқымның сапасы жоғары болады.

Жиналған жемістерді 8-10 тәулік кішірек үйінділерде, толығымен жұмсағанша ұстайды, сосын тамыртурағышта турайды да, оларды 4-5 тәулік ашытады. Осыдан кейін тұқымдарды БСТ- 1,5 машинасында үйкейді, кептіреді және қырнайды. Бір жеміс 3-6 г тұқым береді. Бір тонна жемістен 3-5 кг тұқым алады, бір гектардан – 1,5-2,0 ц. Тұқымның өнгіштігі 85 %-дан, сұрыптық тазалығы 98 %-ден кем болмауы керек.

Асханалық қызылшаның гектарлық тұқым өнімі орташа есеппен 8-10 ц болады. Тұқымдар өнгіштігін 4 және одан да көп жыл сақтайды. МҮК бойынша бірінші санатты тұқымның сұрыптық тазалығы 98 % болуы керек, екіншісінікі – 96 %, үшіншісінікі – 90 %. Үшінші санаттағы басқа сұрыптар мен будандардың қоспасы 2 %-дан аспауы қажет. Бірінші класты тұқымның өнгіштігі 80%, негізгі дақылдың тұқымы – 97 %, 1 кг-да басқа дақылдардың тұқымы 60 дана, оның ішінде арамшөптердікі – 30 дана.

Бақылау сұрақтары:

1.Қызанақтың морфо-биологиялық ерекшеліктерінің сипаттамасы?

2.Қызанақты өсіру технологиясы (жылыжажйа, ашық жерде, пленкалы жерде)айырмашылықтары?

3.Бұрыштың морфо-биологиялық ерекшеліктерінің сипаттамасы?

4.Бұрышты өсірудегі технологиялардың ерекшеліктеріне сипаттама?

5.Баялды морфо-биологиялық ерекшеліктері?

6. Баялдыны өсіру технологиясы?
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:


  1. Аяпов К. Жеміс және жидек шаруашылығы. Алматы, «Қайнар», 1993

  2. Щепетков Н.Г., Өзбеков Б.Мб, Ысқақов М.Ә., Жұмағұлов И.И., Еркенбаев Н.С. Көкөніс шаруашылығы.Астана, 1998

  3. Ысқақов М.Ә. Жеміс-жидек шаруашылығы практикумы. Астана, 2007

  4. Матаганов Б.Г., Аяпов К.Д. Плодовые и ягодные культуры. Алматы, Қайнар, 1997

  5. Матаганов Б.Г., Аяпов К.Д. Плодовые и ягодные культуры. Алматы: Кайнар, 1997.

  6. Матаганов Б.Г., Ляпов К.Д. Плодовые и ягодные культуры. Алматы: Кайнар, 1997.

  7. Матвеев В. П., Рубцов М. И. Овощеводство.-М.: Агропромиздат, 1985. Щепетков Н.Г. Овощеводство Северного Казахстана. Уч. пособие для вузов по агрономическим специальностям. Алматы, 1990.

  8. Щепетков Н.Г., Булашев Б.К. Плодоводство Северного Казахстана. Уч. пособие для вузов по агрономическим специальностям. Астана, 2004.

  9. Юсупов М., Петров Е., Ахметова Ф. Овощеводство Казахстана, Учебник. Т. 1-2. Алматы, 2000.

  10. Черепахин В.Н., Бабук В.Н., Карпенчук Г.К. Плодоводство. М., ВО Агропромиздат, 1991.

  11. Плодоводство/Под ред. В.А. Колесникова. М.; Колос, 1979.


Зертханалық-сараман сабақтың тақырыптары

1

Зертханалық-сараман сабақ № 1

«Жемiс-жидек өсiмдiктерiнiң өндiрiстiк-биологиялық топқа бөлiну ерекшелiктерi»






2

Зертханалық-сараман сабақ № 2

« Жемiс ағашының жерүсті және жерасты бөлігінің құрылымы жəне жемiс салатын бұтақшалардың келбетi »






3

Зертханалық-сараман сабақ № 3

«Жеміс өсімдіктерінің өркенінің морфологиясы. Жеміс салатын бұтақшаларға биологиялық талдау »






4

Зертханалық-сараман сабақ № 4

«Жемiс-жидек өсiмдiктерiн көбейту жолдары. Көшеттiктiң (питомник) құрылымы жəне оны ұйымдастыру. Бақтың кескiш құрал-саймандары жəне оларды жұмысқа дайындау»






5

Зертханалық-сараман сабақ № 5

«Жемiс өсiмдiктерiн көбейтуде қолданылатын ұластыру тəсiлдерi. Жемiс өсiмдiктерiн қалемшемен ұластыру.»






6

Зертханалық-сараман сабақ № 6

«Жеміс бақтарын отырғызу жобасын құру, отырғызу.»






7

Зертханалық-сараман сабақ № 7

«Ағаш бөрікбасын қалыптастыру»






8

Зертханалық-сараман сабақ № 8

«Бүлдiрген мен таңқурайдың өніп-өсуі жəне жемiс салу ерекшелiктерi. Қарақат пен тұшаланың өнiп-өсуi мен жемiс салу ерекшелiктерi.»






9

Зертханалық-сараман сабақ № 9

«Көкөніс дақылдарды өсіру»






10

Зертханалық-сараман сабақ № 10

«Тұқымдардың себуге дейiнгi даярлығы. Көкөнiс дақылдарының көшеттерiн өсiру»






11

Зертханалық-сараман сабақ № 11

«Көшеттердi өсiрудiң мезгiлдерi, реттеу əдiстерi»






12

Зертханалық-сараман сабақ № 12

«Көшеттiк көкөнiс дақылдары көшеттерінің өскiндерiмен танысу. Көкөнiс дақылдарының сорттары мен сорттарды анықтаудың белгiлерi»






13

Зертханалық-сараман сабақ № 13

«Қызанақ, бұрыш, баклажан, қияр өсімдіктерінің биологиялық, сорттық ерекшеліктерін анықтау»






14

Зертханалық-сараман сабақ № 14

«Жуа жəне сарымсақ өсімдіктерінің биологиялық, сорттық ерекшеліктерін анықтау»






15

Зертханалық-сараман сабақ № 15

«Тамыржемiстi көкөнiс өсімдіктерінің биологиялық, сорттық ерекшеліктерін анықтау»







ОҚЫТУШЫМЕН БІРГЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

ОБСӨЖ № 1.

«Шекілдеуік тектес тұқымдастарының өкілдеріне сипаттама»

Тапсырмалар:

1. Алма сипаттамасы

2. Алмұрт сипаттамасы

3.Арония сипаттамасы
Алма – Malus Mill. Туыстық Солтүстік жарты шардың қоңыржай климатында тараған 50 жуық түрлерді біріктіреді. Алма бақтары әлемнің 65-ке жуық елінде бар. Алманың әлемдік түсімінің 1/3 бөлігі Еуропа елдеріне келеді: Францияға, Германияға, Италияға, Польшаға, Венгрияға. Ресейдің отырғызылған алма ағаштарының басым бөлігі Еуропалық бөлікте (Санкт-Петерборға дейін), Сібірдің оңтүстік аудандарында және Қиыр Шығыста. Жер шарының қоңыржай ендіктерде алма 5 млн. га жерді алып жатыр, жеміс түсімі 27 млн. т.

Қазақстанда алма жеміс дақылдарының ішінде басымдылыққа ие. Өндірістік бағытта өсірілуі оңтүстік және оңтүстік шығыста. Қазақстанның солтүстігінде табиғаттың қатаңдығына байланысты жамылғысыз, тек орал және сібір селекциясының сұрыптары өсірілуі мүмкін. Соған қарамай бұл жерде де алма қысқа төзімділігінің жоғарлылығына және өнімділігіне, сондай-ақ дәмінің сүйкімділігіне, тасымалданғыштығына, сақтауға шыдамдылығына байланысты жемісті тектердің ішінде бірінші орында.

Бұл өңірде алманың үйлік (М.Domenstica Borkh.) түрі өсіріледі. Бұл атау, жаралуында жабайы алманың көптеген түрлерін, айталық, ормандық, дусен, шығыстық және т.б. мәдени түрлерін біріктіреді.

Үй алмасы – жапырағы түсетін, биіктігі 3 метрден 14 м-ге, діңінің диаметрі 90 см-ге дейін болатын ағаш. Жеміс салуы сұрпына, телітушісіне, өсіру аймағына және агротехникаға байланысты 2-8 жылдары басталады; шаруашылық пайдалану кезеңі 10-30 жылға дейін жалғасады; тіршілігінің ұзақтығы 20-дан 50 жылға дейін құбылады (жекелеген жағдайларда – 70-100 жыл). Бір ағаштың өнімі 300-400 кг дейін (орташа есеппен 5-20 т/га, қарқынды бақтарда – 50 т/га және одан да жоғары).

Алма жемісін балаң, кептірген немесе пісірілген күйінде пайдаланады. Олардан консерві, повидло, пастила, желе дайындалады; оларды кондитер өнеркәсібінде кеңінен қолданады.

Алмұрт – Pyrus L. Бұл туыс Солтүстік жарты шарда тараған (негізінен Еуразияда) 60-қа жуық түрді біріктіреді. Өнеркәсіптік дақыл ретінде оны 50-ден астам әлем елдері өсіреді. Оны Италияда, Испанияда, Германияда, Францияда көбірек өндіреді. Ресейде бұл дақыл негізінен еуропалық бөліктің оңтүстік аудандарында шоғырланған. Алмұртты Молдовада, Украинаның оңтүстігінде (әсіресе Қырымда), Солтүстік Қап тауында, Қап тауының сыртында, Беларуссияда өсіреді. Орта Азияда алмұрт аз тараған, себебі ол дақылдың еуропалық бағалы сұрыптары ауа құрғақшылығына және жазғы ыстыққа шыдамайды. Қазақстанда алмұртты оңтүстік және солтүстік шығыстың тау етектерінде және таулы аймақтарда өсіреді. Қазақстанның солтүстігінде алмұртты шамалы көлемде, негізінен әуесқой-бағбандар өсіреді және тек қысқа төзімді, «лукашовкалар» (Тема, Виучка, Оля, Поля, Лида, Масляная) деп аталынатын жемістерінің дәмі қанағаттанарлық деңгейдегі сұрыптарды. 2001 жылдан бастап Краснояр бақ шаруашылығы тәжірибе стансасының шығарған Красноярская крупноплодная сұрпы өсірілуге аудандастырылды.

Өндірісте, екі түрдің – кәдімгі алмұрт немесе орман және қарлы негізінде шығарылған үй алмұрты (Р.Domestica Medik) өсіріледі. Мұның біріншісі Еуропада өссе, екіншісі – Еуропада және Жерорта теңізі маңайында. Осылардың әрқайсысы жеке және олардың табиғи будандары алмұрттың еуропалық мәдени сұрыптарын шығаруда үйлесімдік тапқан. Әртүрлі елдердегі, сондай-ақ ТМД елдеріндегі алмұрттың қазіргі кездердегі әр алуан сұрыптарын қалыптастыруда көптеген басқа да жабайы өскен түрлері – уссурий алмұрты, құм немесе қытай алмұрты қатысқан.

Алмадан кейін алмұрт қоңыржай ендіктің ең кең тараған – белгілі жеміс ағашы (әлемдік өндірісі алма өндірісінің ½ жуық).

Үй алмұрты – жапырағы түсетін, биіктігі 15-20 м жететін ағаш. Жеміс салуына алмадан кеш кіріседі, 6-10 жылдары. Шаруашылық пайдалануы 15-20 жылдай. Ағаштың өміршеңдігі 25-50 жыл. Бір ағаштың өнімділігі – 160 кг дейін. Орташа өнімділігі – 10-15 т/га, әдебиетте 100-160 т/га өнім алынатыны сипатталынған.

Алмұрт жемісі жақсы тасымалданады, дәмділігі өте жоғары, қоректік заттарға бай, оның ішінде фруктозаға, глюкозаға және сахарозаға. Алмұр қанттың мөлшері бойынша алмаға жол бергенімен, қышқылтымдығы шамалы болғандықтан тәттірек келеді. Алмұр жемісі балаң күйінде пайдаланылады. Одан құрғақ жеміс, компот, цукат дайындалады.

Арония – Aronia Pers. Туысқа, Солтүстік Американың шығыс бөлігінде өсетін 15-ке жуық түрді біріктіреді. ТМД елдерінде 3 түрі жерсіндірілген, оның ішінде қара жемісті арония немесе қара жемісті шетен көбірек өсіріледі. И.В.Мичурин жемісті дақыл ретінде қолдан өсіруге енгізген. Егістікте өткен ғасырдың 50-ші жылдары, оның жемісінің емдік қасиеттері белгілі болғанда, өсіріле бастады. Өндірістік егістігінің көлемі шамалы (500 гектардай), бірақ ол үй маңайындағы телімдерде кең тараған. Қысқа төзімділігі жоғары болуы бұны Қазақстанның солтүстігінде өсіруге мүмкіндік береді.

Жапырағы түсетін, биіктігі 2-2,5 жететін бұта. Жеміс салуы 3-5 жасында басталады және өнімі кейіннен жылда, әрі мол болады. Өнімділігі – 5,6-12,8 т/га. Жемісін балаң күйінде пайдаланады, шырын алынады; азықтық бояғыш ретінде кеңінен қолданыс тапқан. Пісіп жетілген балаң жемісі, ашымаған шырыны, сондай-ақ арония негізінде дайындалған дәрілер қан қысымын емдеуге және Р – дәрмек тапшылығының алдын алуға қолданылады.



Тексеру сұрақтары:

  1. Жемісті шекілдеуіктер топтарына қай дақылдар жатады?

  2. Шекілдеуіктер жемістерінде қант мөлшері қанша болады?

  3. С дәруменіне бай шекілдеуікті өсімдіктерді атаңыз?


ОБСӨЖ №2

«Сүйекті тектес тұқымдасының өсімдіктеріне сипаттама»

Тапсырмалар:

1.Кәдімгі шие сипаттамасы

2.Шие сипаттамасы
Кәдімгі шие – Cerasus vnlgaris Mill. Жабайы түрі белгісіз. Бұны тәтті шие мен орманды дала шиесінің ертеде пайда болған табиғи буданы деп есептейді (И.П.Игнатьев және т.б., 1990). Жабайыланған түрі ТМД-ның еуропалық бөлігінде және Қап тауында кездеседі. Қоңыржай ендіктің көптеген елдерінде өсіреді. ТМД-да солтүстік шегі – солтүстік ендіктің 60о. Шиенің өсірілетін негізгі аудандары – Украина, Ресейдің орталық облыстары, Еділ бойы, Солтүстік Қап тауы, Өзбекстан. Қазақстанда жеміс шаруашылығымен айналысатын аймақтардың бәрінде де тараған. Салыстырмалы түрде аязға төзімділігіне, тез піскіштігіне және өнімділігіне, жемістерінің құндылығына және олардың әмбебап қолданылуына байланысты шие алмадан кейін екінші орынды иеленеді. Бірақ жемісін жинауға қол күшін көп қажет ететіндігі шиенің өндірістік бақтарын кеңейтуге қол байлау болуда. Сондықтан шиені негізінен әуесқой бағбаншылар өсіруде. Қазақстанның солтүстігінде әуесқой бағбаншылар шиенің далалық, құмдық, қытайлық түрлерін өсіреді.

Шие – жапырағын түсіретін ағаш немесе ірі бұта (биіктігі 3 метрден 6-7 м дейін). Далалық, құмдық, жөргем шие аласа бойлы, биіктігі 1-1,5 м жететін бұталар. Шие тез өсетіндігімен және ерте жеміс салатындығымен – 3-4 жылында ерекшеленеді. Өнімді кезеңі, көптеген сұрыптарда 12-15 жылдан аспайды. Балды (шірнелі) өсімдік.

Жемісінде қанттар, алма және лимон қышқылдары, каротин, В, С, РР дәрумендері, пектин заттары бар; тұқымында сабын қайнатуға пайдаланылатын 35% май болады. Жемістері балаң және тоңазытылған күйінде пайдаланылады, сондай-ақ мармелад, пастила, кепкен жеміс, тосап, морс, сироп, жендек, компот, шарап дайындалады.



Тексеру сұрақтары:

  1. Сүйекті дақылдарға жататын өсімдіктерді атаңыз?

  2. Сүйекті дақылдардарда қанша қант мөлшері жиналады?

  3. Каротин мөлшері көп сүйекті дақыл?

ОБСӨЖ № 3.

«Жидек дақылдарының сипаттамасы»

Тапсырмалар:

1.Бүлдірген сипаттамасы

2.Таңқурай сипаттамасы

3.Қарақат сипаттамасы

Бүлдірген – Fragaria L. Солтүстік жарты шарда тараған 45 түрді біріктіреді. Батыс Еуропада, Азияда, Австралия мен Америкада бақтық бүлдірген (Ғ. аnanassa Duch) өсіріледі. Америкалық екі түрдің – чилилік бүлдірген мен виргин бүлдіргенін будандастырудың нәтижесінде Голландияда пайда болған (ХVІІІ ғасырда). Табиғи түрде Еуропаның, Сібірдің, Орта және Кіші Азияның шалғындары мен ормандарының шетінде орман бүлдіргені және құлпынай кездеседі. Әлемнің 40 елінде белгілі. Бүлдірген түсімінің жартысы Еуропа елдеріне келеді. Мұнда өндірушілер Польша, сосын Испания, Италия, Франция және Германия саналады. Әлемде бұл жидекті өндірушілердің ең ірісі – АҚШ, Азияда – Жапония. ТМД елдерінде Кола түбегінен оңтүстік шекараға дейін 30 мың га жерде өсіреді. Қазақстанда барлық жерде өсіреді. Қазақстанның солтүстігінде тұрақсыз қар жамылғысында бүлдірген қыста зақымданатындықтан, мұнда қыста жабындау мүмкіндігі барда өсіруге болады.

Бақтық бүлдірген – көп жылдық, шөптектес, жақсы бұтақтанатын, дегелекті (биіктігі 10-35 см) өсімдік. Дегелектің жеміс салуы отырғызғаннан кейін 1- немесе 2-жылы басталады. Өсімдік 20 жылға дейін өмір сүреді, бірақ өндірістік плантацияларды (егістіктерді) 4-8 жылдарда алмастырады, себебі жемістері ұсақтанады және өнімділігі төмендейді. Бапталуы жақсы болғанда өнімділігі 6-7 (кейде 17-ге) т/га жетеді, әдебиетте 50-75 т/га деген дерек келтірілген (АҚШ, Калифорния штаты).

Жемісте 80-90 % су, қанттар, лимон, алма, салицил қышқылдары, азотты және пектинді заттар, клетчатка, күл, С дәрумені бар.

Бүлдірген жидегінен тамаша тосап, желе, пастила, өте бағалы шараптар мен дәмді шараптар, кондитер бұйымдары дайындалады. Тоңазытып дайындағандағы консерві балаңдығын ұзақ сақтайды. Халықтық медицинада емдік қасиеті жоғары бағаланады.



Таңқурай, кәдімгі немесе қызыл – Rubus idaeus L. Таңқурайдың 120-дан артық түрі белгілі. Табиғи түрде Еуропалық бөлікте, Батыс және Шығыс Сібірде, Орта Азияда кең тараған. Таңқурайды өсірудің солтүстік шекарасы – солтүстік ендіктің 62-64о. Орман шеттерінде, ағашы кесілген және өртенген жерлерде, қоңыржай – ылғалды топырақтарда, жиі қопа түрінде өседі. Мәдени сұрыптары мына түрлерден пайда болған: кәдімгі, батыстық (қожекей тәрізді), тікенекті және соңғы екеуінің будандары – тылсым немесе қан қызыл.

Таңқурайды әлемнің 20 елінде өсіреді. Оны негізгі өндірушілер – Еуропа және Солтүстік Америка елдері. Әлемдік түсімнің жартысы Еуропа елдерінің – Польшаның, Венгрияның, Англияның үлесіне тиеді. Ресейде таңқурайдың өнеркәсіптік өндірісі орталық алқапта және Еділ бойында шоғырланған. Оны Орал маңайында, Сібірде, Украинада, Беларуссияда өсіреді. Қазақстанда таңқурайды барлық жерде өсіреді. Қазақстанның солтүстігінде таңқурай өте белгілі және кең тараған, әсіресе үй маңайындағы телімдерде.

Жапырағы түсетін, атпатамырлы бұта. Өркеннің топырақастылық бөлігі көпжылдықтар, топырақүстілігі – екіжылдықтар, жеміс салғаннан кейін өркендер қурап қалады, сондықтан оларды кесіп, аластау керек. Жеміс салуды отырғызғаннан 2-3 жыл өткен соң бастайды. Пайдалану мерзімі – 8-12 жыл, өнімділігі – 6-8 (14) ц/га.

Жемістерінде қанттар (сахароза, фруктоза, глюкоза), қышқылдар (лимон, алма, салицил, шарап), иілік заттар, С және В дәрумендері бар. Жидектерінен тосап, мармелад, желе, повидло, шырын, шарап және т.б. дайындалады. Таңқурай консервілегенде және тозаңытқанда балаң сапасын ұзақ сақтайды. Ол жақсы сульфидацияланады (консервант-тармен химиялық консервілеу – күкірт ангидридін қолданады). Халық медицинасында таңқурайдың емдік қасиеті кең қолданылады. Таңқурай

– балды өсімдік.

Қарақат – Ribes L. Туыс Еуропаның, Азияның, Солтүстік Африканың, Солтүстік және Оңтүстік Американың қоңыржай және салқын климатында өскен 150-дей түрді біріктіреді.

Өзендердің, жылғалардың, көлдердің, жағалауларында, ескі арналарда, жапырақты, аралас және қылқан жапырақты ылғалды ормандарда өседі. Ылғалды, сусіңіргіш (кәрізді), қара шіріндісі мол топырақтарды ұнатады.

Әртүрлі жабайы түрлерден пайда болған қара және қызыл қарақаттар кең қолданыс тапқан.

Жемістерінде С дәрумені өте көп, қанттар, қышқылдар, иілік және пектинді заттар В6, Д, К, Р және Е дәрумендері, микроэлементтер (йод, барий, марганец, т.т.) және темір бар. Жидектері балаң күйінде пайдаланылады, сондай-ақ тосап, желе, шырын, конфет ішін толтырғыш – жентек, шарап түрлері дайындалады. Қара қарақаттың емдік қасиеті зор. Жидектері консервілеуге және тоңазытуға жарамды.



Тексеру сұрақтары:

  1. Бүлдірген өсімдігінің көбею түрлері?

  2. Таңқурай мерзімінің пісу уақыты?

  3. Қарақаттың морфо-биологиялық ерекшеліктері?


ОБСӨЖ №4.

«Жеміс ағашының құрылысы»
Тапсырмалар:

  1. Жеміс дақылдарын жіктеу

  2. Жеміс өсімдіктерінің жемістері


Цитрустыларда (померанецтер), жұмсағы қауызды эндокарптың және мезокарптың субэпидермалды жасушаларынан дамитын, жеуге жарамайтын, ал кинканда бүкіл перикарпы жеуге жарамды, шырынды қалталардан тұрады. Анардың жұмсағы көптеген тұқымдардың тұқымдық қабығының сыртқы шырынды қабығынан тұрады; піскен жемістің гүлді түтікшесінің ұлпалары мен перикарпы кебеді де, қатты, көн тәрізді қабық қалыптастырады.

Жидек жемісіне мезо және эндокарпылары бітіскен жұмсақ құрамдар тән (авокадо); қарлыға да сондай, бірақ сонымен бірге айтарлықтай деңгейде шырынды тұқымқабығымен – ариллоидтарымен (ұрық жұнағының сыртқы интегументінің қабық тәрізді безі); қара қарақат – тек аздап мезо және эндокарптарымен, бірақ негізінен қуатты өскен ариллустарымен (тұқым жұрнағының негізгі бөлігінен және тұқымды қаптап тұратындарынан, бірақ тұқым қабығымен бітіспегендерімен); қызыл қарақатта – негізінен мезо және эндокарптарынан және аздап ариллустарымен ерекшеленеді.

Сүйектілер жемістеріне тән сипат – ағаш тәрізді эндокарптың – сүйектің болуы. Шырынды сүйектің жемісінің мәйегі етті, шырынды мезокарптан пайда болған. Құрғақ сүйектің жемістің мезокарпы пісуінің басында етті, бірақ толық піскенінде жартылай құрғақ немесе құрғақ, жеуге жарамсыз болады. Жемісінің жеуге жарамды бөлігі – дәнегі.


Жеміс дақылдарының жемістерін жіктеу

Топ

Жемістің, тектің атауы

Жидек тәрізділер

Алма (алма, беке, арония, алмұрт, ырғай, шетен, хеномелес);




қой бүлдірген тәрізді алма (долана, германдық мушмула);




цитрустар немесе померанецтар (апельсин, манап, лимон,




мандарин, понцирус);




анарша (анар); жидек (авокадо, жүзім, қарлыға актинидия,




қарақат, фейхоа, құрма)

Қой бүлдірген

Шырынды қой бүлдірген (қара өрік, шие, тәттішие, өрік,

тәрізділер

шабдалы, қызыл, алша, шырғанақ, унаби);




Шырынды қой бүлдірген жиынтығы (таңқурай, қожақат);




құрғақ қой бүлдірген (грек жаңғағы, миндаль, пісте).

Жаңғақ

Жаңғақ (орман жаңғағы); жиынтық жаңғақша (итбүлдірген,

тәрізділер

бүлдірген).

Жеміс




шоғырлары

Талшын, інжір, тұт, ананас

Жаңғақтылардың жемістері бір тұқымды, піскеннен кейін жарылмайды. Орман жаңғағының жемісінің перикарпы ағаштанған, бірақ дәнегімен бітіспеген. Жемісте гүл жапырақшаларынан жапырақ тәрізді табашық – орауыш пайда болады.

Орман жаңғағында (шаттауықта) және фундукта жиі бірнеше жемістердің орауыштары негізінен тұтасып бітіседі де, жеміс шоғырын құрастырады. Жемістің жеуге жарамды бөлігі – дәнегі.

Жеміс шоғыры – түйісе орналасқан және өркеннің өсінді бөлігінен анық оқшауланған, бір гүл шоғырының құрама жемістері. Жеміс шоғырының басым бөлігінің жемістері бітіспеген, әдетте, біріне-бірі түйісе орналасады. Сонымен бірге кейбір түрлерде, әдетте біліктері қуатты дамығандарда, жемістері және етті жабынды жапырақтарының негізі бітіседі де, бір жеміске айналғандай болады (ананас, т.б.).

Інжірдің жеміс шоғыры, бос алмұрт тәрізді пішіні бар және қуыстың ішінде дамитын сансыз жемістерден – тұқымшалардан тұратын, гүл шоғырының етті шырынды білігінен дамиды.

Тұттың жеміс шоғыры, әрқайсысы аналықтың жатынынан пайда болатын, шоқтанып өскен, боялған, жеуге жарамды гүл қоршауында орналасқан тұқымшалардан – біліктер мен жемістерден тұрады. Гүл қоршаулары біріне-бірі түйісе орналасады, бірақ бітіспейді.

Нағыз талшынның жеміс шоғыры, шар тәрізді, ағаштанған табақшаларда дамыған, тұқмшалары піскенде ашылатын жармалы 2-3 жемістен тұрады. Жеке жемісі – емен жаңғақ – құрғақ, бір тұқымды, жұқа қыртысты (көнді) немесе жұқа ағаштанған перикарпты. Жемістің жеуге жарамды бөлігі – дәнек.

Тексеру сұрақтары:


  1. Жеміс жидектерінің негізгі түрлеріне сипаттама беріңіз?

  2. Алма жемісінің құрылысының ерекшеліктерін атаңыз?


ОБСӨЖ №5.

«Жеміс салудың заңдылықтары»

Тапсырмалар:

1. Өсімдіктердің жеміс байлау кезеңдері

2.Жеміс-жидектердің жеміс салу уақыты
Жеміс және жидек өсімдіктерінің жеміс салуы және оның ұзақтығы да әртүрлі. Жемісін кеш байлайтын өсімдіктер, жемісін ерте байлайтындармен салыстырғанда, ұзағырақ тіршілік етеді (кесте).

Келтірілген мәліметтерде бір жеміс ағашы (бүлдірген, таңқурай, қарақат, қарлыға, шабдалы және т.б.) жемісін айтарлықтай ерте сала бастаса (2-3-ші жылдары), екіншілері орташа мезгілде жеміс байлайды (тәттішие, алхоры, алманың кейбір сұрыптары (4-8 жылдары), (алмұрт, грек жаңғағы, талшын) тіпті кеш (8-12 жылдары) байлайды да, жемісін кеш байлайтын тұқымдықтар саналады. Алғашқы жемісін байлау өсімдіктің тұқым қуалаушылық ерекшелігіне ғана байланысты емес, сонымен бірге табиғи жағдайлар мен агротехникаға да тәуелді. Бір сұрып ауа райы құрғақ және жазы ыстық аудандарда, ылғалды және салқындау аудандармен салыстырғанда, жеміс байлауын 2-3 жыл ерте бастайды. Құнарлы әрі ылғалы мол топырақтар, құнарлылығы төмендеу және құрғақтау топырақтарға қарағанда жеміс байлауды біразырақ кешеуілдетеді.


Кесте. Жеміс және жидек өсімдіктерінің жеміс салуға кірісу мезгілінің және тіршілігінің ұзақтығы


Тұқымдықтар




Жеміс байлауының басталуы

Бақтың




Екпе

көшеттердің

Клондық даралар-

(отырғының) ұзақ




(отырғызғаннан

дың

өміршеңдігі




кейінгі жылдары)

(отырғызғаннан

(жылдары)










кейінгі жылдары)




1




2

3

4

Бүлдірген




1-2

2

4-5

Таңқурай




-

2

10-15

Қарақат




-

3

12-15

Қарлыға




3-4

3-4

15-20

Шабдалы




-

3-4

15-20

Өрік




6-9

3-6

20-30

Шие




4-9

3-8

20-30

Тәттішие




6-15

4-6

25-30

Алхоры




6-11

4-6

20-30

Алма




8-10

5-15

30-70

Алмұрт




10-20

7-10

50-80

Шаттауық (орман




6-10

4-6

60-80

жаңғағы)













Грек жаңғағы




-

8-15

100-ге жуық

Талшын




15-20

4-10

200-300

Ағаштың жеміс байлауының басталуы айтарлықтай деңгейде телітушіге де байланысты. Айталық, алманың кейбір сұрыптары өсімталдығы шамалы парадизкаларда көзшеленгеннен (ұластырғаннан) кейін жеміс байлауын 5-8-жылы бастаса, өсімтал (бойшаң) телітушідегілері 12-18-жылдары бастайды. Алғашқы жеміс байлауын арнаулы тәсілдердің (өркендерді шырпу және сақиналап тілу, қабығын сақиналау немесе бұтақтарын белбеулеу) әсерімен жеделдетуге болады.

Өсірілетін өсімдіктер өзінің тіршілік уақытында жемістерін біркелкі салмайды. Жас шағында мөлшерінің артуына байланысты оның жеміс байлауы да молаяды. Тіршілігінің екінші дәуірінде бөрікбасы айтарлықтай тұрақты болғандықтан, өсімдік ең жоғары өнімін береді. Тіршілігінің үшінші кезеңінде, қартаюы басым бола бастағанда, жеміс салуы бірте-бірте кеми береді.

Өсімдіктің жеміс байлау ерекшеліктері бүршіктердің жандануына және өркен жайғыштығына байланысты. Жемісті дақылдарда жемістерінің үш түрлі орналасуы кездеседі (Ю.В.Крысанов, 1997).



  1. Үстіміздегі жылдағы жасыл өркендерде (беке, таңқурай, қожақат, лимон, құрма, грек жаңғағы, інжір). Гүлдеуден бұрын өркендер жайылуы тиіс болатындықтан, бұл топқа жататын өсімдіктер, әдетте, кеш гүлденетіндер болып саналады. Гүлдеудің қарқындылығы, гүлдеу жүретін өркендердің өсу қуатымен анықталады.

  2. Өткен жылдағы өсінділерде (сүйекті тұқымдықтардың басым бөлігіне тән өсінді өркендерде, жемістік шыбықшаларда және жемістік бұтақшаларда, апельсинде, мандаринде, пістеде, алманың Коричный полосатый сияқты түртегінде). Оңтайлы ұзындықта (30-40 см-ге дейін) олардың өсуі мен жеміс салуының арасында физиологиялық теңдік қалыптасады да, тұрақты өнімінің негізі болып табылады. Өсінділердің көлемі оңтайлы шамадан төмендегенде өсімдіктер дүркін-дүркін өнім байлауға бейімделеді. Бұл жеміс байлау бөрікбастың шетіне қарай ауысуымен және жемістік бұтақтардың қысқара түсуімен байланысты.

  3. Көп жылдық жемістік бұтақтарда басымырақ – жемістіктер мен жемістік бұтақшаларда (алма мен алмұрттың сұрыптарының басым бөлігінде). Оларда орташа өсуді, бөрікбастың аса қою болмайтындығын, жоғары өнімділікті белгілейді. Жоғары өнімділіктің нәтижесінде оларда жеміс салудың мерзімділігі жақсы білінеді.

Алманың кейбір сұрыптарында жеміс салу ұзын, қысқа да жемістік құрылғыларында жүреді. Бұл сұрыптар жемісін ұдайы беруімен сипатталынады, бірақ бөрікбасын айтарлықтай қоюландыруға бейімді.

Жеміс байлайтын бұтақтардың түртегі, бүршіктердің жанданғыштық ерекшеліктері – маңызды сұрыптық белгі болып саналды да, олар отырғызу сұлбасын таңдауды, бөрікбас пішінін, өсу дәуірлеріндегі қырқу ерекшеліктерін анықтайды.

Жемісті ертерек салуы және өнімділіктің артуы жапырақтарының ауданының артуының жеделдігіне байланысты болады. Бір гектардағы жапырақтардың оңтайлы ауданы – 40-50 мың м2. Егер 1м2 жапыраққа 1-1,5 кг жеміс келсе, осындайда бір гектарға 60 т биологиялық өнім келеді – жапырақтардың ең жоғары өнімділігі 1,2-1,5 метрлік жапырақ қалыңдығында байқалады. Жемісті дақылдардың тез жеміс салғыштығының негізі – ол биіктігі 3-4 метрлік және бөрікбасының диаметрі 3-5 м, аз көлемді өсімдіктер.

Жоғары өнім алудың қажетті жағдайына гүлдеу, тозаңдану және ұрықтану үдерістерінің бір қалыпты жүруі жатады. Түрлік және сұрыптық ерекшеліктеріне, ауа райына және агротехникаға байланысты гүлдеудің жекелеген кезеңдері әртүрлі мезгілде басталады және аяқталады. Кейбір жемістер көктемнің басында гүлдей бастаса (орман жаңғағы), екіншілері (тұқымдықтардың басым бөлігі) біршама кешірек, үшіншілері (шетен, беке) тіпті кешірек, төртіншілері (лимон, апельсин) бүкіл өсінді кезеңі бойы гүлдейді.

Гүлдеу мезгіліне қарай жемістік тұқымдықтарды жуықтап мынадай ретпен орналастыруға болады: фундук, бадам, алхоры, тәттішие, қара өрік, шие, алмұрт, алма, беке, мушмула. Бірақ климаттық және басқа да жағдайларға байланысты бұл рет біршама өзгереді: мысалы, бадам шабдалыдан кейін, шие мен алма бір мезгілде гүлдеуі мүмкін.

Алманың, алмұрттың сұрыптары және басқа тұқымдықтар да бір мезгілде гүлдейді және осы белгілері бойынша ерте гүлдейтін, орташа мерзімде гүлдейтін және кеш гүлдейтін болып бөлінеді.

Бір ағаштың (алма немесе алмұрт) жемісті бүршіктері, бөрікбаста орналасу орны бойынша бір мезгілде ашылмайды. Әдетте, алдымен ересек жемістік бұтақтардың бүршіктері ашылады, кейін жастауы, соңында жемістік бұтақшалар мен шыбықшалар гүл жарады. Төмендік бұтақтардың жемістік бұтақшалары, жоғарыларына қарағанда ертерек гүл жарады; оңтүстік беткейде, солтүстікке қарағанда ертерек.

Бір гүл шоғырындағы бір шанақ ертерек, келесісі кешірек ашылады. Мысалы, алманың шатыр гүлінде ортаңғы жоғарғы шанақ гүл жарады, алмұрттың қалқан гүлінде – ең төменгісі.

Бір жемістік бүршіктен әртүрлі тұқымдықтарда пайда болатын гүлдер саны да әртүрлі болады: бір (беке, шабдалы, өрік, бадам), екі (алхоры), үштен сегізге дейін (алма), үштен он бірге дейін (алмұрт), бірнеше ондаған, кейде жүздеген гүл.
Тексеру сұрақтары:

1. Өсімдіктердің жеміс байлау кезеңдерін сипаттаңыз?

2.Жеміс-жидектердің жеміс салу уақыты?
ОБСӨЖ № 6.

«Өсіндімен көбейтілген телітушіні өсіру»

Тапсырмалар:

1. Телітушілерді қазып алу, сұрыптау және көму
Телітушіні өсінді жолымен көбейтуді клонды телітушілердің аналығында сабақтамалармен (көкжиектеп, тіктеп), қалемшелермен (жасыл, ағаштанған, тамыр) жүргізеді.

Аналық болмаса жаңа бойшаң емес телітушілерді жеделдетілген тәсілмен – көзсабақтаумен көбейтеді. Ол үшін тұқымбақтың бірінші танабындағы тұқымдық телітушіні екі көзшемен көзсабақтайды: жоғарғысына мәдени сұрыптікімен, төменгісіне – бойшаң емес телітушінікімен. Екінші танапта төменгі көзшенің көзсабақтамасын доғалап иеді және топырақпен жабады (көмеді). Күзге қарай иілген көзсабақтың астыңғы жағында тамырлар пайда болады. Сабақтаманы аналық тұқымбақ немесе көшеттердің бірінші танабын салуға бөліп алады. Жоғарғы көзшеден біржылдықты өсіреді (сурет).




Сурет. Клондық телітушілерді көзсабақтаумен жеделдетіп көбейту тәсілін мәдени екпе көшеттерді өсірумен үйлестіру: А – көзсабақталған тұқымдық телітуші: 1-мәдени сұрыптың қалқаны; 2-клондық телітушінің қалқаны; Б – көзсабақтың күзгі түрі (көрінісі): 1- мәдени сұрыптың бір жылдық екпе көшеті; 2-клондық телітушінің тамырланған көгенсабағы.
Телітушілерді қазып алу, сұрыптау және көму

Сеппе көшеттерді қазып алу – соңғы және өте жауапты жұмыс. Сеппе көшеттерді, өсімдіктер өсуін тоқтата бастағанда және өркеннің сүрегі жетілгенде, өсінді кезеңінің соңында, қыркүйектің аяғында – қазан айының басында қазып алады. Жасыл жапырақты телітушілер көмбеде құрғайды, ал қыста қар астында жапырақтарын зең басады. Егер топырақ құрғақ болса, қазып алар алдында өсімдіктерді суландырады.

Сеппе көшеттерді соқалармен (ВНП-2), сымды транспортеры бар қазып алғыш машинамен (ВМ-1,25), сондай-ақ қолмен қазып алады. Алдын ала, 15-20 тәулік бұрын өсімдікті дефолианттармен (кальцийдің хлорат – хлоридтың 0,1-0,2 %-ды ерітіндісімен немесе магний хлоратының 0,3 % ерітіндісімен) бүркеді. Дефолиант болмаса қазып алар алдында екпе көшеттердің жапырағын қолмен мытиды (жұлады).

Қазып алу кезінде сеппе көшеттердің тамырларының едәуір бөлігінің жоғалуына байланысты, сеппенің топырақ үстілік жүйесін 25-30 см биіктікте трактор шөпшалғысымен шауып алады. Қазып алу кезінде сеппенің тамыр жүйесінің ұзындығы 20-25 см кем болмауын қадағалайды.

Қазып алынған телітушілерді сұрыптарға топтайды, тұқымбақтың бірінші танабына отырғызады немесе көктемде отырғызу үшін көмбеге көмеді. Көмбеге су жиналмайтын, тышқан індерінен алысырақ жерді таңдайды. Топырақты жыртады, телімді орамдарға бөледі. Көмуді тереңдігі 20-25 см атыздарға жүргізеді. Өсімдіктерді атыздарға жұқалап, оңтүстікке бағыттап көлбеулетіп сұлата орналастырып, борпаң топырақпен жабады. Көмбені суландырады, тышқаннан қорғау үшін, шеттерінен тереңдігі мен ені 40-50 см ор қазады. Орды жүйелі түрде қардан тазартып отырады.

Тоңазытқыштарға, жиі қыста телуге пайдаланылатын телітушілер сақталады. Телітушілерді 50-100-ден бауға байлап, дымқыл құммен, мүкпен немесе ағаш үгіндісімен араластырып, жәшікке немесе қат-қабаттап орналастырады. Тоңазытқышта температура – 2оС-дан +2оС-ға дейін болады, салыстырмалы ылғалдылық – 85-95 %.

Телітушілерді жеміс және жидек өсімдіктерінің отырғызылатын материалдарына салалық стандарттар қоятын талапқа сай сұрыптайды. Телітушілерлдің сапасы тамырларының саны, олардың ұзындығы және сүңгекшіктерінің жуандығы бойынша анықталады.

Шекілдеуіктілер мен сүйектілердің тұқымдық телітушілерін екі тауарлық сұрыпқа бөледі. Бірінші сұрыпқа, ұзындығы 15 см кем емес және тамыр мойнының диаметрі 7 мм кем емес үш тарамды тамырлы 1-2 жылдық сеппе көшеттер, екінші сұрыпқа, ұзындығы 15 см кем емес, тамыр мойнының диаметрі 5 мм кем емес үш негізгі тамырлы 1-2 жылдық сеппе көшеттер жатады.

Сүйекті дақылдардың бірінші сұрпына, ұзындығы 15 см, тамыр мойнының диаметрі 6 мм кем емес, түк басқан, тарамдалған немесе кіндік тамырлы бір жылдық сеппе көшеттер, екінші сұрпына тамыр мойнының диаметрі 4 мм кем емес бір жылдық сеппе көшеттері жатады.

Сүңгекшесінің диаметрі 3 мм кемдері (оларды жетілдіру үшін мектепшеге дейінгі телімге отырғызуға болады), сондай-ақ сүңгекшелері қисайған, жалаңаш кіндікті тарамдалмаған тамырлы немесе карантинді аурулармен және зиянкестермен зақымдалуының ізі бар сеппе көшеттер жарамсыз саналады.


Тексеру сұрақтары:

1. Телітушілерді қазып алу, сұрыптау және көму жұмыстары қалай және қай уақытта орындалады?

2. Тұқымбақтың екінші танабы (біржылдықтар танабы)қашан құрылады?

ОБСӨЖ № 7.

«Жеміс ағаштарын отырғызуды жоспарлау қағидаттары»

Тапсырмалар:

1. Қарқынды бақтардың негізгі түртектері
Бақты салу барысында жіберілген кемшіліктер, әдетте, бірнеше жылдардан кейін байқалады. Олардың кері әсерін түзету немесе баяулату мүмкін болмағандықтан, бақтың мерзімінен бұрын жойылуына, олардың өнімділігінің төмендеуіне, үлкен шығындарға әкеледі және жұмсалған қаржы өтелмейді. Сондықтан өндірістік бақтарды салуды, арнаулы мекемелер (Қазақстанда-Қазбақжоба) дайындаған жоба негізінде ғана жүргізеді. Жобада өзара байланыстағы маңызды міндеттерді шешу қарастырылады: климат жағдайын талдау, топырақты зерттеу, бақ орнын таңдау, тұқымдық-сұрыптық құрамды негіздеу, жемістік және бақ қорғау ағаштарының құрылғысы, жеміс өсімдіктерін өсірудің ең жетілген технологиясын негіздеу, суландыру жүйесін жобалау және салу, жолдарды және шаруашылықішілік көлік жүйесін, инженерлік құрылғылар (газ, жарық, су, құбыр, тазалау нысандары, байланыс, т.т.), жәшік-бөшке шаруашылығы, тоңазытқыш-тар, өндірістік және тұрмыстық бөлімдер, ағаш отырғызу және оны пайдалану есептері, жобаны толық игеру кезеңінде шаруашылықтың экономикалық тиімділігін анықтау және т.б.

Жобалауды техникалық-экономикалық негіздеуден бастайды, сосын техникалық және жұмыс жобасын әзірлейді. Әр саты төрт кезеңнен тұрады: жобалауға дайындалу, жобыны әзірлеу, оны бекіту және жүзеге асыру.

Бақты салу негізінен рет-ретімен орындалатын үш кезеңді қарастырады: бақтың орнын таңдау және аумағын ұйымдастыру; топырақты ағаш отырғызу алдында дайындау және бақ салу.

Қарқынды бақтардың негізгі түртектері

Бойшаң өсетін телітушілердегі бақ (тұқымдық және клондық телітушілерде). Бойшаң өсетін клонды телітушілер өндірістік жеміс шаруашылығында іс-жүзінде қолданылмайды. Тұқымдық телітушілер ретінде жабайы орман алмасының сеппесі немесе нақты жағдайда өсірілетін, кейбір белгілері бойынша ең төзімді сұрыптары қолданылады. Мұндай бақтарда ағаштардың мұғдарлары (габариттері) айтарлықтай болады– биіктігі 5-6 м және одан да биік, ағаштардың бөрікбастарының ені – 4-5 м. Осыған орай бақтардағы ағаштарды 7-8х3-4 м қоректік алаңмен отырғызады. Мұндай бақтар жеміс салуға отырғызғаннан 7-8 жыл өткен соң кіріседі, оларды 35 жылдан кейін (тозу мерзімі) тамырымен қопарады. Жеміс беретін 1 га бақтың орташа өнімділігі 10-12 т алма.

Аласа өсетін телітушілердегі бақ. Мұндай бақ түртегін ергежейлі, жартылай ергежейлі және орташа биіктіктегі ағаштар қалыптастыратын, өсінді жолымен көбейтілген телітушілер есебінен салады. Мұнда отырғызудың едәуір тығыз сұлбасын (4-6х1,5-4 м) қолданады. Аласа өсетін телітушілер ағаштардың жеміс салуына ертерек кірісуін қамтамасыздандырады (отырғызғаннан 3-5 жыл өткен соң). Ергежейлі телітушілердегі бақтардың амортизациясы 18 жылда өтеледі, жартылай ергежейлілердікі және орташа биіктіктегілердікі – 25 жылда.

Аласа өсетін телітушілердегі бақтардың тиімділігі бойшаң өсімдіктермен салыстырғанда жоғарырақ. Бұлар – бақ шаруашылығын қарқындатудың негізі.

Ағаштарының бөрікбастары ұршық тәрізді ықшам бақтар. Ұршық тәрізді бөрікбасты кез келген телітушілердегі ағаштарда қалыптастыруға болады. Оның мәні бұтақтарды діңге көлденең таратып орналастыруда және сол жағдайда ұстауда (кесумен, байлаумен, т.т.). Негізгі кемшілігі – көп еңбек тілейтіні және көп шығын шығарылатыны. Мұндай бақтарды қалыптастыру, жұмыс күші жеткілікті болғанда ғана мүмкін. Жеміс беретін бақтың әр гектарының өнімділігі – 23-25 т.

Өте қарқынды бақ. Ағаштардың отырғызу сұлбасы 2,5-3х0,5-1 м (жидек дақылдарынікі сияқты) және тығызырақ. Телітушісі – ергежейлі, сұрыптары – жедел жеміс салғыштар, кіші мұғдарлы (габаритті). Амортизация мерзімі 10-12 жыл. Өнімділігі – 20-25 т/га.

«Спуралы бақ». Өркендерінің буынаралықтары қысқалығымен сипатталынатын, арнаулы «спуралы түртекті» сұрыптардан қалыптастырады. Олардың тұқымдық телітушілеріндегісін 5-6х3-4 м сұлбасымен және тығыздау отырғызады. Алғашқы 10-12 жыл бойы «спуралы» бақтар әр гектардан орташа есеппен 15-25 т және одан да жоғары өнім береді.

«Шалғындық» бақ екпе көшеттерінің өте тығыз, тұқымбақ түртектес – 70-90х20-30 см сұлбасымен отырғызылуымен ерекшеленеді. Телітушісі – ергежейлі, телінушісі, бір жылдық өсіндісінде бүршік салуға қабілетті – сұрып. Өсу барасында телінген сұрыптың өркендерін ретарданттармен өңдеу, олардың өсуін тоқтатады және жемістік бүршіктердің байлануына ықпал етеді. Келесі жылы өсімдіктер жеміс береді және олардың санының молдығынан әр гектардан 50-80 т және одан да мол өнім жиналады. Жемісі жиналғаннан кейін өркендері кесіледі. Келесі жылы олардың өсуі және ретарданттармен өңделуі қайталанады, бір жыл өткеннен соң кезекті жеміс байлауы жүреді.

Баған тәрізді бақ. Сеппе көшеттерінің отырғызу тығыздығы «шалғындық» бақтікіндей, тек оны кеспейді, бірнеше жыл бойы үздіксіз жемістенеді. Телітушісі – ергежейлі немесе өте ергежейлі, сұрпы – өсінді өркендер бермейтін, арнаулы, өте ергежейлі түртектес. 7-8 жылдық ағаштарының биіктігі 1,5 м, өнімділігі 400 т/га және одан да жоғары.



Тексеру сұрақтары:

1. Қарқынды бақтардың негізгі түртектеріне сипаттама беріңіз?

2. Бақ салуға жер бедерін таңдау қағидаттарын атаңыз?
ОБСӨЖ № 8

«Көкөніс дақылдарын гидропонды жылыжайларда өсіру»

Тапсырмалар:

1. Гидропонды жылыжай түрлері

2. Қорғаулы грунттағы суару жүйесі
Өciмдiктi өсіргенде, олардың тамыры топырақта емес, минералды немесе органикалық субстратта орналасады да, әлсін-әлсін минералды тыңайтқыштардың судағы немесе дымқыл ауадағы ерітіндісімен шыланып отырады.

Гидропон жүйесінің мынадай түрлерін ажыратады:



1. Агрегатопоника – өсімдіктерді қатты минералды субстраттарда (құм, қиыршық тас, ұсақталған гранитті тас, керамзит, перлит, вермикулит, гродан) өсіру.

  1. Хемопоника (хемодақыл) – өсімдіктерден жаралған (жоғарғы қабаттың шымтезегі, мүк, ағаш қабығы және ұнтағы) субстраттарда өсіру.

  2. Ионитопоника – синтездеу арқылы алынған субстраттарда (көпіршікті полистирол, несепнәрлі-формальдегидты пенопласт, ион тәрізді қарамайлар) өсіру.

    1. Су дақылдары (нағыз гидропоника). Бұл әдісте субстрат болмайды. Тамыр жүйесі тұрақты түрде жылжымалы қоректік заттарға малынып тұрады.

    2. Аэропоника. Бұл әдісте тамыр жүйесіне қоректік заттар ерітіндісін тұман (аэрозол) түрінде береді.

  1. Гроданда өсіру – агрегатопониканың бір түршесі. Гродан –

минералды мақтадан жасалған, қоректік заттармен шылағанда өз пішінін сақтайтын бойра. Гроданнан жасалған бойраның үстіне көшетті отырғызады да, әр өсімдікке әлсін-әлсін қоректік заттар жеткізетін түтікшелер жалғастырылады.

Субстраттар және қоректік ерітінділер. гидропоникалық дақылдар үшін қолданылатын қатты субстраттар, физикалық және химиялық жағынан (инертті) ерітінділерге улы заттарды бөлмеуі және одан қоректік заттарды сіңірмеуі керек. Субстрат сортаңданбауы және

тұздан оңай арылуы керек, ауа өткізгіштігі

мен ауа

сыйымдылығы

жоғары

және

су

ұстағыш қабілеті салыстырмалы түрде жақсы

болғаны дұрыс.

Ең

кең тарағаны тау жыныстарын ұсақтау арқылы

алынатын субстрат – ұсақталған гранит тас.







Қиыршық

тас

сапасы

бойынша

ұсақталған

тастан төмен.

Қолданардан бұрын

оны

фракцияларға

бөледі.

Фракциялардың

шамасы

бойынша ең қолайлысы – 6-9 мм.







Керамзитті кұнарсыз дымқыл балшық кұмалақтарын күйдіру арқылы алады. Гидропоникада керамзиттің ұсақ фракциялары қолданылады, жиірек фракция мөлшері 20-30 мм-ге жетеді.

Перлит – жаңартаулық реолиттерден пайда болған силикатты материал. Перлиттер судан 3-4 есе жеңіл, көшет өсіруге өте қолайлы.

Вермикулит – қабыршақты құрылысы бар, өте жеңіл жадығат. Оны тау жынысын (төмен сапалы слюда) арнаулы пештерде 1000-1200оС балқытып алады. Гидропоникада минпласты, түйіршіктелген полиэтиленді, полистролды өте сирек қолданады.

Минералды мақтаны (гродан) кұрамында 60 % базальт, 20 % әк және 20 % кокс бар қоспаны 1500-2000оС балқытып алады.

Қорғаулы грунттағы суару жүйесі

Суару үшін құбыр суын, сондай-ақ өзен, көл, тоған, шыңырау құдықтарының таза суын пайдаланады. Өсімдіктерді дымқылдандыру үшін жаңбырлату жүйесі қолданылады.

Суландыру суының температурасы +22-25оС, суландыруды жүйелі ұзақ уақыт қосып, арасына ұзақ үзіліс енгізіп жүргізеді.

Суды үнемді шығындау және жұмыс жағдайын жақсарту үшін бір нүктені немесе бір шекті жерді ғана суландыру қолданылады, мұның әсер ету қағидаты судың өсімдік тамырының белгілі бір аймағына беруге саяды. Бұл үшін көбінесе микроқұбырлар, тесікті (перфорациялы) құбырлар мен түтіктер (шлангылар), тамшылағыштар, ұсақ саңылаулы суландырғыштар қолданылады.

Төбеден арнаулы науалармен ағызылып алынған жаңбыр суын, құм, кокс, ағаш көмірі салынған сүзгіштермен тазалап, басқа су көздерінен алынған сумен араластырады.

Суландыру жүйесі арқылы минералды тыңайтқыштар ерітіндісін де бере алады. Қазіргі кездегі жылыжайларда суландыру, үстеп қоректендіру және ауаны ылғалдандыру арнаулы бағдарлама бойынша автоматтандырылған. Ай сайынғы су шығыны өсірілетін дақылға байланысты. Қорғаулы грунтта қосымша қол сепкішін және шлангіні қолданып та суарады.

Тексеру сұрақтары:

1. Гидропонды жылыжай түрлеріне сипаттама беріңіз?

2. Қорғаулы грунттағы суару жүйесінің маңызы?
ОБСӨЖ № 9

«Тұқым және көкөніс дақылдарын себу»

Тапсырмалар:


  1. Тұқымды себуге дайындау

  2. Көкөніс дақылдарын зарарсыздандыру жолдары


Тұқымды себуге дайындау. Көкөніс шаруашылығында тұқымды себуге әртүрлі тәсілдермен дайындайды: іріктеу, зарарсыздандыру, гидротермиялық өңдеу, түрлі заттармен қаптамалау (әртүрлі қоректік, қорғаныс және еліктеткіш заттармен сыртынан қаптамалау немесе дражелеу).

Іріктеу – тұқымдарды массасы немесе көлемі бойынша фракцияларға бөлу. Оны ППС-2,5 пневматикалық үстелінде, «Петкус-супер» К-212, «Петкус-селектра» К-21871 тұқым тазалағыш машиналарында жүргізеді.

Ұзынша пішінді тұқымдарды (сәбіз, ақжелек, аскөк) көздері төрт бұрышты, ал шар тәрізділерін (орамжапырақ, тарна, шалғам т.б.) дөңгелек көзді електерден өткізеді.

Аз мөлшердегі тұқымдарды тығыздығы бойынша бөлу үшін оларды ас тұзының немесе аммиак селитрасының 3-5 % ерітіндісіне салып мұқият араластырады, 5-7 мин өткен соң ерітінді бетіне қалқып шыққан жеңілдерін алып тастайды, қалғандарынан ерітіндіні төгіп, оларды бірнеше рет таза сумен жуып, кептіреді.

Зарарсыздандыру. Тұқымның сыртындағы саңырауқұлақтар мен бактериялардың спораларын жою үшін тұқымдарды термиялық жолмен және химиялық дәрмектермен өңдейді. Термиялық жолмен зарарсыздандырғанда температура 78°C төмен болса вирус жойылмайды, ал 80°C жоғары болса тұқымның өнгіштігі төмендейді. Сондықтан құрғақ тұқымның термиялық өңдеуін (қыздыру) термостатта, міндетті түрде түнде кезекші тағайындап жүргізеді. Дымқылдатып өңдегенде температура 50°C аспауы керек.

Қиярдың вирустық ауруларына қарсы құрғақ тұқымын термостаттың тор көзді сөрелеріне 1 см қалыңдықпен төгеді. Алғашқы үш тәулік бойы 50-52°C, ал сосын бір тәулік бойы 78-80°C қыздырады. Балдыркөктің тұқымын септариозға қарсы 30 мин. бойы 48-49°C қыздырады, сосын суық суда салқындатады. Тұқымды сусымалы күйге дейін кептіру үшін торға немесе кенепке төгеді. Орамжапырақ, сәбіз, пияз тұқымдарының ауру қоздырғыштарын жою үшін 20 мин бойы 50°C ыстық суда ұстайды, сосын суық суда тез суытып, кептіреді.

Пияздың тамыр мойыны шірігін жою үшін отырғызатын пиязшықты немесе пияз көшетін 45°C дейін қыздырылған ауамен бірнеше күн қыздырады.

Асқабақтар тұқымдастарының тұқымын 3 сағат бойы 50-60°C қыздыру аналық гүлдердің көптеп байлануына ықпал жасайды және өнімділікті арттырады. Ас бұршақтың тұқымын 5 сағ бойы 40-50°C қыздырады.

Химиялық жолмен зарарсыздандыру тұқымның бетіндегі зиянкестер мен ауруларды ғана жойып қоймайды, сонымен бірге топырақтағы аурулар мен зиянкестерден қорғайды. Тұқымды құрғақ күйінде өңдеу үшін 1 кг тұқымға ТМТД 80%-ды суланғыш ұнтағының 5-7 г қолданылады. Тұқымды дәрілегенде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтайды: өңдеуді арнаулы, жақсы желдетілетін жерлерде жүргізеді; дәрілеген кезде тамақтануға, шылым шегуге, сусын ішуге болмайды. Дәрілеуді денсаулығы жақсы, осы жұмысты орындауға рұқсат берілген және нұсқау алған адамдар ғана атқарады.

Гидротермиялық өңдеу тұқымды шылаудан және көктетуден, барботылаудан, өніп келе жатқан тұқымға төмен немесе ауыспалы температурамен әсер етіп шынықтырудан тұрады.

Суда шылау. Тұқымды қапқа салып (1/2-1/3 бөлігіне) ағаш, эмальды немесе пластмассалы ыдыстағы суға батырады. Тұқымды ағын суға салуға болмайды. Ол тұқымның қоректік заттарын шайып кетеді. Судың температурасы жылу сүйгіштерге 18-20°C, суыққа төзгіштер үшін 10-12°C болуы керек. Шылауды тұқым толық бөрткенше жалғастырады: тез өнгіштерді (орамжапырақтар, асқабақтар, бұршақтар, ақкекірелер тұқымдастары) – 18-21 сағ, баяу өнгіштерді (пияздар, балдыркөктер, алқалар, алабұталар тұқымдастары) – тәулік бойы. Тұқымның суда ұзақ болуы егістік сапасына кері әсерін тигізуі мүмкін.

Тұқымды тиімді шылаудың бір жағдайы – суды әлсін-әлсін ауыстыру (әрбір 3-4 сағатта). Шыланған тұқымды көлеңкеде сусымалы күйге дейін кептіреді, сосын дымқыл топыраққа себеді.



Микроэлемент тұздарының ерітіндісінде шылау. Ол үшін микроэлемент тұздарының ерітіндісіне, соңғы рет суы ауыстырылған, дымқыл таза тұқымды салады. Микроэлемент тұздарының концентрациясы, %: қызанаққа – 0,003 MnO4; пиязға – 0,05 КВ2; қиярға – 0,002 алюминий калийлы ашутас; қызанақ пен қызылшаға-0,5-0,1 MnO4; қызанақ, орамжапырақ, сәбіз, қызылша, пиязға – 0,02-0,05 H4МO7.

Тұқымды микроэлементтер ерітіндісінде шылауды ерітіндімен бүркуге алмастыруға болады. Ол үшін микроэлементтер тұздарының 0,1-0,3% ерітіндісінің 8-10 л 100 кг тұқымға бүркеді. Тұқымды себер алдында өңдеуді микроэлементтер тұздарының жақсылап ұнтақталған ұнтағымен жүргізуге де болады (1 кг тұқымға микроэлементтер тұздарының 1-2 г ұнтағы). Опалауды тұқымдарды құрғақ күйінде өңдейтін машиналарда пестицидтермен бірге жүргізуге болады.



Физиологиялық белсенді заттардың ерітіндісінде шылау. Қияр мен қызанақ тұқымдарын 0,003%-дық сәбіз бен пияз тұқымдарын 0,003%-дық, гетероауксин ерітіндісінде өңдеу олардың өнгіштігін көтереді және өнімділігін арттырады. Қызанақтың, қиярдың, орамжапырақтың тұқымдарын кәріптас қышқылының 0,002 %, пияз тұқымын никотин қышқылының 0,01%-тік ерітіндісінде 24 сағ бойы шылау ерте алынатын өнімді арттырады.

Көктету. Бөрткен тұқымды жылы жерге 6-8 см қалыңдықпен төгіп, үстін дымқыл кенеп матамен жабады. Тұқымды күнде 2-3 рет араластырады. Тұқымдардың 1/3 бөлігінде өскін пайда болғанда оларды себеді. Машиналармен себу үшін тұқымның 3-5% өскін жара бастаған кезеңі дұрыс. Себу мөлшерін құрғақ тұқым массасымен белгілейді.

Жылыжай көкөніс шаруашылығында тұқымдарды жәшікке салынған дымқыл ағаш үгіндісінде, температурасын 20-25°C деңгейінде ұстап көктетеді. Жәшіктің орта беліне дейін ағаш үгіндісін салып, бетіне мата жабады да ыстық сумен жидітеді, матаға ылғалдандырылған тұқымды 1-1,5 см қалыңдықпен салып, оның бетін матамен, сосын жидітілген ағаш ұнтағымен жабады.

Ағаш ұнтағының құрғап кетуін болдырмау және қажет температураны ұстау үшін жәшіктің бетін пленкамен жабады. Тұқымды күнде араластырып тұрады. Қияр тұқымын өскін мөлшері 0,5 см болғанша көктетеді, қызанақтікін – өскін жара бастағанша. Кеміргіштерден қорғау үшін үстелге, орындықтарға, сәкіге пленканы салбырата жауып жәшіктерді солардың үстіне қояды (тышқандар, сабауқұйрықтар жоғары шыға алмайды).



Тұқымды шынықтыру. Тұқымды сумен шылайды да 12 сағ 20°C және 12 сағ 0°C-дан -2-3°C дейінгі теріс температурада ұстайды. Тұқымға ауыспалы жоғары және төмен температурамен әсер ету 10-12 тәулікке созылады. Тұқымды шынықтырғанда өсімдіктің қолайсыз жағдайға төзімділігі артады. Жеміс салуы ертерек басталады және өнімі көбейеді.

Салқындату. Бөрткен және өне бастаған тұқымдарды жәшікке екі дымқыл кенеп матаның ортасына, 10-12 см қалыңдықпен салады. Салқындатуды мұз қоймасында немесе тоңазытқышта -1+1°C 1-2 тәулік (орамжапырақтың кеш пісетін сұрыптары) немесе 2-3 тәулік (қызылша, сәбіз, пияз, ақжелкен тұқымдары) жүргізеді.

Дражелеу – тұқымды сыртынан қоректік, қорғағыш және әсер ететін заттармен қаптап, механикалық жолмен себуге қолайлы ету үшін

– түйнек жасау.

Қоспалардың құрамы, %: 1) малдың құрғақ қиы – 45, топырақ – 40, қарашірінді – 10, суперфосфат – 10; 2) ұсақ керамзит – 60, шымтезек – 20, топырақ – 10, суперфосфат – 10; 3) ойпаң жердің шымтезегі – 80-90, 10-20 % бетониттің 10 кг қоспасына 100-200 г суперфосфат қосылады. Барлық құрауыштарды кептіреді, үгітеді, елеуіштен өткізеді және БПС-2 немесе барабан-араластырғышта мұқият араластырады.

Дражелегішке тұқымды салады және желімдегіш ерітіндіні бүркеді: крахмалды желімнің 25 % немесе метилцеллюлоза ерітіндісінің 5 % немесе ірі қара мал қиының 1:7 есебімен сұйытылған ерітіндісі. Желімдегіштің құрамына микроэлементтер қосады. Сосын қоректік заттарды ұнтақ күйінде қосады. Дражелегішті айналдырғанда тұқымдар қоспамен қапталып, себуге ыңғайлы домалақ пішінге айналады.



Себу мерзімі. Биологиялық ерекшеліктеріне және өсіру мақсатына байланысты көкөніс дақылдарының тұқымдарын ашық жерге көктемде, жазда, қоңыр күзде және қыста себеді. Қорғаулы жерде себуді дақыл алмасуымен үйлестіріп жүргізеді.

Көктемгі себуді топырақ өңдейтін және себетін машиналар жұмыс істей алатын кезде бастайды. Бірінші кезекте суыққа төзімді ерте пісетін көкөніс дақылдарын – аскөк, ақсүттіген, саумалдық, шалғам, сосын сәбіз, ақжелкен, ботташық, пияз, ас бұршақ, бұршақ, тұқымнан өсірілсе орамжапырақты, шомыр, тарнаны себеді.

Біразырақ кешірек қызылшаны, екпе пиязды себеді. Жылу сүйгіш өсімдіктердің (қияр, қызанақ, бұрыш, баялды, асқабақ, кәді, бадана, жүгері) тұқымын топырақ толығымен жылынғанда (10°C жоғары) және көктемгі бозқырау өткен соң себеді.



Жазғы себуді қиярды тұздауға, шалқанды күзде-қыста, булыжайлар мен жылыжайларда жетілдіруге көп жылдық көкөніс дақылдарының көшеттерін (қояншөп, рауғаш) маусымның соңы шілденің бірінші жартысында жүргізеді. Келесі жылы мамыр – маусымда өнімдерін алу үшін шілденің ортасына дейін қымыздық, батун пиязы, порей пиязының (кейде мұндай егісті қыстық дейді) тұқымдарын себеді. Тез пісетін дақылдарды (шалғам, ақ сүттіген, саумалдық, аскөк) үздіксіз пайдалану үшін 3-4 мерзім себеді.

Қоңыр күзде себу шаруашылықта көктемде жұмыс қауырттылықты баяулатады. Оны күзде (қазан айының соңы) кеш, топырақтың 5 см қабатында температура тұрақты түрде 2-4°C, ал ауанікі – 0°C жеткенде жүргізеді, есеп бойынша топырақ тоңазығанша тұқым бөртіп, бірақ өскіні болмауы керек. Осы мерзімде себілген тұқым күзде шынығады, одан пайда болған өсімдік көктемгі төмен температураларды, бозқырауды жақсы өткере алады, өнімді көктемде себілгенмен салыстырғанда 10-15 тәулік ерте береді.

Қысқа қарай егіске ең дұрысы дражеленген тұқымды себу. Қолайсыз жағдайлардан сақтау үшін себу мөлшерін әдеттегімен салыстырғанда 20-30 % арттырады. Қысқа қарай сепкенде тұқымды көктемгі егіске қарағанда саязырақ сіңіреді.

Қысқа қарай сәбіз, ақжелкен, басты пияз және батун пиязын, ақ сүттіген, саумалдық, аскөк, қызылшаның қысқы сұрыптары себіледі, сарымсақты отырғызады.

Қысқы себуді, қыста топырақ тоңазығаннан кейін фрезалы, арнаулы шүмегі бар тұқым сепкіштермен (СФ-20, СФ-24) жүргізеді.

Шүмек қарды тіліп топыраққа біразырақ кіріп, тұқым себеді. Көктем шыға тұқым топыраққа өздігінен сіңісе, ерте көктейді.



Тексеру сұрақтары:

  1. Тұқымды себуге дайындау шараларын атаңыз?

  2. Көкөніс дақылдарын зарарсыздандыру жолдарын сипаттаңыз?


ОБСӨЖ №10

«Орташа және кеш пісетін орамжапырақ сұрыптарының агротехникасы»

Тапсырмалар:

1. Орамжапырақты көшетпен өсіру

2. Орамжапырақты көшетсіз өсіру

3.Орамжапырақтың тұқым шаруашылығы
Орташа және кеш пісетін орамжапырақтың сұрыптарын жер асты сулары жақын орналасқан топырақтарда, көшетпен және көшетсіз өсіреді.

Көшетпен өсіру. Орташа мерзімде және кеш пісетін орамжапырақтарды ойпаң телімдерде орналастырады, ең дұрысы – өзен және су жайылмасы. Орташа мерзімде пісетін орамжапырақ 100 ц өніммен топырақтан 40 кг азот, 12 кг фосфор және 44 кг калий ә.е.з. бойынша алып шығады. Сүдігер жыртқанда гектарына 40-60 т көң және 4-5 ц суперфосфат енгізеді. Топырақта калий мол болғанда калийлі тыңайтқыштарды қолданбайды, ал топырақта калий жетпесе 1-1,5 ц/га хлорлы калийді еңгізеді. Ерте көктемде топырақ жетілген соң танапқа тырманы екі ізбен жібереді, содан соң культивациямен бірге гектарына 1,5-2 ц аммиак селитрасын енгізеді. Екінші рет культивацияны көшет отырғызар алдында арамшөптерді жою және топырақты қопсыту үшін жүргізеді. Егер көктемде топырақ тым тығыздалған болса, бірінші культивацияның орнына терең қопсытқышпен немесе қайырмасыз соқаларға тырма тіркеп өңдейді. Отырғызар алдында танапты суарады.

Отырғызуға 35-40 күндік көшеттерді пайдаланады. Олардың отырғызу мерзімін дұрыс таңдау өте маңызды. Орташа мерзімде пісетін орамжапырақтың көшеттерін ерте пісетін орамжапырақты отырғызғаннан соң, мамырда, тек маусымның бірінші аптасынан кешіктірмей отырғызу керек. Кеш пісетін орамжапырақтың көшеттерін отырғызудың ең дұрыс мерзімі маусымның 10-нан 15 дейін. Тым ерте отырғызу қаудандардың ерте пісіп жетілуіне мүмкіншілік жасайды, бұл өнімді тұздау кезеңінен бұрын жинауға итермелейді. Көшеттерді кеш отырғызғанда қаудандардың қалыптасуы ауа температурасы түнде теріске дейін төмендегенде, ал өсімдіктердің бір қалыпты дамуына күндізгі жылылық жетіспегендіктен қаудандары өсіп жетілмей, соның әсерінен олар борпылдақ болып, қалыпты салмағына жетпейді, құнсызданады. Сонымен қатар 20 маусымнан кейін отырғызу өнімді бірсыпыра кемітетінін де ескеру керек.

Қазақстанның солтүстігінде мамырдың соңында маусымның басында бозқыраулар қайталануы мүмкін. Сондықтан отырғызар алдында ауа райы болжауларына көңіл аудару керек. Егерде алдыңғы 2-3 тәулікте бозқырау түсу алдын ала болжанған болса, отырғызуды шегере тұрған жөн. Суықтың алдында танапқа 5 тәулік бұрын отырғызылған көшет бозқырауларға зақымданбайды шыдайды.

Өсу күшіне байланысты орташа мерзімде пісетін орамжапырақты 70х45-50 см, кеш пісетінді 70х50-60 см сұлбасымен отырғызады. Озық шаруашылықтардың тәжірибелері көрсеткендей екі таспаның аралығы 90 см, қатарындағы аралығы 50 см (90+50х50) етіп отырғызу тиімді екен. Осылай отырғызу танапты одан әрі тракторлармен өңдеуді біраз ұзартуға мүмкіндік береді, өйткені трактордың дөңгелектері кең қатараралықтарымен жүріп, өсімдіктерге зиян келтірмейді. Көшет отырғызғаннан кейін танапты міндетті түрде суару керек. Ауа райы ыстық және құрғақ кезде көшет отырғызғаннан кейін судың аз мөлшерімен – 100-150 м3/га – 2-3 рет суарады. Жойылған өсімдіктердің орнына, 5-6 тәулік өткен соң қосымша көшеттерді қолмен отырғызады, содан соң суарады. Жаз бойы қатараралықтарын 3-4 рет өңдейді, таспа сұлбасымен отырғызылған танапта – 5-6 рет. Бірінші рет ұстара табындарымен 5-6 см тереңдікке, екінші рет жебе табындарымен бірге қашауларды да қойып өңдейді. Әрбір өңдеген сайын қопсыту тереңдігін тереңдете түсіп, 14 см жеткізеді. Қатараралықтардағы арамшөптерді 2-3 рет қолмен және гербицидтермен жояды. Екінші және үшінші қопсытуды түптеумен бірге жүргізеді, бұл сабақтың топырақ үстіндегі бөлігінде қосымша тамырлардың түзілуіне мүмкіндік береді және өсімдіктің тұрақтылығын арттырады.

Қопсытқан кезде орамжапырақты қосымша қоректендіреді: бірінші рет көшет отырғызғаннан 10-15 тәулік өткен соң, екіншісін жапырақтар күшті өскен кезде, үшіншісін қаудан қалыптасар алдында. Бірінші қоректендіргенде гектарына 1 ц аммиак селитрасын, 2 ц суперфосфатты және 0,3 ц хлорлы калийді, екінші және үшінші ретте 2 ц аммиак селитрасын, 2 ц суперфосфатты және 0,5 ц хлорлы калийді еңгізеді.

Орташа және кеш пісетін орамжапырақ жүйелі түрде суаруды қажет етеді. Қаудан байланғанша орамжапырақты 8-10 тәуліктен кейін суарады, ал пісіп жетілген кезінде әрбір 10-12 тәулік сайын. Суландыру аралықтарында ұзақ үзілістер болмағаны дұрыс. Ол қаудандардың толуын тежейді, өнімді кемітеді және ең бастысы қаудандардың көптеп жарылуына әкеп соғады да, бұл тауарлық өнімнің деңгейін күрт төмендетеді. Өнімді жинауға 2 апта қалғанда суландыруды тоқтатады. Жалпы өсу даму кезеңіне 10-12 рет суарылады.

Орташа мерзімде пісетін орамжапырақтың сұрыптарын жас күйінде, тамыз қыркүйек айларында пайдалану үшін пісуіне қарай таңдап жинайды. Кеш пісетіндерді қаудандары ең жоғары салмағына және тығыздығына жеткенде бір мезгілде жинайды.

Таңдап жинағанда және кішірек алаңдарда орамжапырақты қолмен жинайды. Қаудандарды пышақпен немесе өткір күрекпен кесіп алады. Тұздауға жұмсалатын қаудандарды тазалаған соң, сыртында оны тығыз қаусырған жасыл жапырақтары және ұзындығы 1-2 см зігірігі болуы тиіс. Ұзақ мерзім сақтауға арналған қаудандарда 2-3 жасыл жапырақтарын және 2-3 см жететін зігірігі қалдырылады.

Ақ қауданды орамжапырақтың үлгіқалыпты қаудандары жаңа піскен тығыз, бұзылмаған, жарылмаған, таза, ал салмағы 0,8 кг-нан кем болмауы керек. Өнімді тасымалдағанда көліктің өтуіне ыңғайлы болу үшін 5-6 қатардан жиналған орамжапырақтарды атжалдарға салады. Тасуға ПОУ-2 әмбебап көкөніс платформасын, ДТ-20 немесе ДТ-24 тракторларына тіркеп немесе аспалы ПНСШ-12 қолданады. Орамжапырақты тасуға үлгіқалыпты жәшіктері немесе контейнерлерді пайдаланады. Үлкен егіс алаңдарында жаппай өнім жинағанда орамжапырақ жинайтын МСК-1 комбайнын пайдалы орамжапырақты УМК – 2 комбайнымен жинап, одан әрі УДК – 30 немесе УДК 30-01 желісінде орамжапырақтарды өңдеу өте тиімді. Осы жиын терін кешенімен тасқынды жинау, жинағаннан кейін өңдеу, қаптау (ыдысқа салу), сақтауға қою еңбек шығынын 5,4 адам-сағаттан 1,4 адам-сағатқа дейін азайтады. Орамжапырақ жинағыш МСК-3 комбайнын пайдаланғанда тауарлы қауданды кеседі, оны тазалайды, қатарында ілесіп келе жатқан тасымал көлігіне салады, ал үлгіқалыпқа сай еместерін- тіркемелі көлікке. Бір тоннаға жұмсалатын шығын 5,4 адам-сағатт тоннадан 0,9 адам-сағат тоннаға дейін кемиді.

Орамжапырақтың өнімін жинауды тұрақты ызғарлардың басталуына дейін бітіру керек, әйтпесе танапта қалған өнімге кенеттен түскен бозқырау үлкен зиян келтіруі мүмкін. Кесілген, бірақ танапта қалған орамжапырақтарды түнге қарай жапырақтармен жабады. Ұзағырақ ені 2-2,5 м, биіктігі 1,5 м дейінгі, ұзындығы 5-10 м үймелерде сақтайды. Үймені сабанмен немесе бойралармен жабады.



Көшетсіз өсіру. Орамжапырақты көшетсіз өсіру көшет тәсілімен салыстырғанда тиімдірек болып келеді. С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ деректерінде көшетпен өсірген орамжапырақтың гектарлық өнімділігі 386 ц болған, ал көшетсізінікі – 397 ц. Аз шығынға байланысты 1 ц өнімнің өзіндік құны 20 % төмендеген.

Көшетсіз өсірілген орамжапырақ суыққа шыдамды, 4-5 °С уақытша ызғарларға күйзеліссіз шыдайды. Өсу үдерісі кезінде топыраққа терең бойлайтын қуатты тамыр жүйесін дамытады, бұл өсімдіктің қорекпен және сумен қамтамасыздануын жақсартады. Бұл суару арасындағы ұзақ үзілістерге және жаздың жоғары температурасына шыдауға мүмкіндік береді. Көшетсіз өсіргенде өсу даму кезеңі 13-15 тәулікке қысқарады.

Орамжапырақты көшетсіз өсіру үшін жеңіл, құнарлы, арамшөптерден таза топырақтар қажет. Батпақтанатын ауыр топырақтар аса қолайлы емес, өйткені өскіндері қабыршақтан өте алмайды. Жеңіл құмдақ топырақтар да жарамайды, себебі олардың үстіндегі қабаты тез кеуіп кетеді, сонымен қатар күшті жел болғанда өскіндері құммен зақымданады.

Топырақты көшетке дайындағандай дайындайды. Сүдігерді жыртқанда органикалық және минералды тыңайтқыштарды көшет үшін еңгізілген мөлшерде еңгізеді. Көктемде танапты екі рет тырмалайды, содан соң 4-5 см тереңдікке культивациялайды. Егіс алдында арамшөп өскіндерін жою үшін сондай тереңдікке қайтадан культивациялайды және таптағыштармен тығыздайды. Аймақтың солтүстік аудандарында ең оңтайлы себу мерзімі 10-18 мамыр, оңтүстігінде – 5-15 мамыр. С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ тәжірибелерінде 5 мамырда сепкенде гектарлық өнім 580 ц жетті, ал 15 мамырда – 497 ц, 25 мамырда – 332 ц.

Егіс алдыңғы топырақ өңдеу мен себу аралығында алшақтық болмауы керек. Егіске әртүрлі тұқым сепкіш машиналарын қолданады: СОН-2,8, СКОН-4,2, ізінше топырақты нығыздайды. Себуге елеуіштерде іріктелінген бірінші класты тұқымдар қолданылады. Оларды себер алдында ТМТД мен (8 г/кг) өңдейді. Тұқымдарды 3-4 см тереңдікке себеді, мөлшері гектарына 1,2-1,5 кг. Тұқымдарды бірқалыпты тереңдікке себу үшін дискілердің шектегіштерін мұқият реттейді және серіппені қатты қысады. Қатараралықтардың ені – 70 см. Ауыр топырақтарда және кешіктіріп сепкенде себу мөлшерін 25 % арттырады. Бірқалыпты себуді қамтамасыз ету үшін орамжапырақтың 1 кг тұқымына 2-3 кг қуырылған тарыны қосып, оларды жақсылап араластырады. Тарының орнына алдын ала еленген, түйіршіктелген суперфосфатты қолдануға болады (4 кг тұқымға). Оларды нақ себу алдында араластырады. Толықтырғыш міндетін орындай отырып суперфосфат алғашқы алғашқы өсу кезеңінде тыңайтқыш ретінде пайдасын келтіреді. Жақсы нәтижені сырты қапталған (дражеленген) тұқымдармен себілген егістіктер береді.

Ауа райы құрғақ кезде біркелкі өскіндер алу үшін себер алдында танапты суландырғыш қондырғылармен суландырады, культивация жүргізгеннен кейін себеді. Өскіндері шықпай қабыршақ пайда болса торлы тырмалармен тырмалайды, бірақ ең дұрысы күн аралатып немесе күнде судың аз мөлшерімен суару. Шыққан өскіндерді айқышгүлділердің бүргелері зақымдамауы керек. Сондықтан өскіндер пайда болардан 1-2 тәулік бұрын егісті актелликпен, каратэмен өңдейді.

Өскіндері пайда болғаннан 30-40 тәулік өткен соң көшетсіз орамжапырақ мұқият күтіп баптауды қажет етеді. Топырақ борпылдақ және арамшөптерден таза болуы керек.

Өсімдіктердің қатарлары байқалғаннан кейін қатараралықтарды бірінші рет 4-5 см тереңдікке өңдейді. Жас өсімдіктерді топырақпен жаппас үшін культиваторға жақсы қайралған ұстара табандары орнатылады және жұмысты шамалы шапшаңдықта өткізеді. Қорғау аймағы 12-15 см. Қатарларында бір мезгілде жеңіл қол кетпендерімен топырақты қопсытады. Орамжапырақтың кәдімгі екі жапырағы түзілгенде қатараралықтарын және қатарларын өңдеуді қайталайды. Осы кезде өсімдіктердің арасын 20-25 см етіп сиретеді. Екінші рет ақырғы сиретуін 4-5 жапырақ түзілген кезде өткізеді. Қатардағы өсімдіктердің бірінен-бірінің қашықтығын сұрыпқа байланысты 45-60 см дейін жеткізеді. Сирету жұмыстарын кешіктіру, өсімдіктердің бойшаң болуына әкеп соғады, нәтижесінде өнім кемиді. Егістік таза болса, сиретуді кәдімгі 3-4 жапырағы пайда болғанда бір ретте өткізуге болады. Қатардағы арамшөптермен күрескенде, қол еңбегін азайту үшін гербицидтерді қолданады.

Орамжапырақтардың бірқалыпты өсуіне және дамуына қажетті топырақ ылғалдылығы ең төмен су сыйымдылығының 75-80 %. Бұл әсіресе өсе бастағанда, ал тамыр жүйесі әлі әлсіз дамыған кезде өте маңызды. Суаруды өскін пайда болғаннан 5-6 тәулік өткеннен кейін шамалы су беріп суарады, кейін әрбір дақылға – 8-10 тәулік сайын гектарына 400-450 м3 су жіберіп суару.

Өсу даму кезеңінде орамжапырақты 3 рет үстеп қоректендіреді: 2-3 жапырақ кезеңінде; жапырақ дегелегі қалыптасқаннан кейін; қаудан пайда бола бастағанда.



Орамжапырақтың тұқым шаруашылығы. Тұқым шаруашылығының бірінші жылдағы негізгі міндеті - сау аналықтарды алу. Олардың сапасына жоғары талаптар қойылады. Аналық егістіктің бір гектарынан 50 % аспайтын өсімдіктерді таңдап алады. Сондықтан, келесі жылы бір гектарға отырғызу үшін 2 гектар аналық егісі қажет.

Аналық орамжапырақтарды ең жақсы танаптарға огтырғызады және күтіп-баптау жұмыстарын мұқият жүргізеді. Аналықтардың ерте пісетін сұрыптарын көбінесе көшеттен өсіреді, ал кеш және орташа мерзімде пісетіндерді көшеттен немесе тұқымнан өсіреді. Әрбір сұрыптың көшетін отырғызу және тұқымның себу мерзімін, әдетте күзде сапалы қаудандар алу мақсатында есептеп келтіреді. Пісіп жетілмеген және өте пісіп кеткен қаудандар нашар сақталады. Ерте пісетін сұрыптарын маусымның бірінші онкүндігінде, орташа мерзімде пісетіндерді мамырдың бірінші онкүндігінде себеді.

Қыркүйектің аяқ кезінде қаудандар әдеттегі шамасына жеткенде, жапырақтары ағара бастағанда, аналық егістікті тазартады – ұқсамайтын және ауру қаудандарды алып тастайды. Сақтауға сұрыптық белгілері айқын байқалатын, қалыпты шамасына және тығыздығына жеткен, бұзылмаған қаудандарын, ал ерте пісетін сұрыптары бойынша ерте пісетіндерін таңдап алады.

Ерте пісетін сұрыптардың қаудандарының салмағы 1-1,5 кг, орташаларынікі – 2-3 кг, кеш пісетіндерінікі 3-4 кг болуы керек. Таңдап алынған өсімдіктерді тамырларымен бірге қазып алып сыртын тексереді, содан соң жапырақтарымен бірге тамырларын ішке қаратып үймелерге уақытша үйеді. Қоймаларға салғанда сыртқы жапырақтарын кесіп, жамылғы 2-3 жапырағын қалдырады. Тұқымдарды торлы сөрелерде -1+1 °С температурада, 90-95 % салыстырмалы ауа ылғалдылығында сақтайды. Сақтау кезінде оларды жан-жақты қарап, ескірген және дертті жапырақтарын алып отырады.

Орамжапырақтардың аналықтарын мүмкіндігіне қарай ерте отырғызу керек – сәуірдің соңында – мамырдың бас кезінде. Топырақты күзде дайындайды. Сүдігерді жыртқанда гектарына 40-60 т көң, 5-6 ц суперфосфат және 1-1,5 ц хлорлы калий енгізеді. Отырғызуға екі үш апта қалғанда аналықтардың шіріген жапырақтарын аластайды және зігіріктерін кесіп алады. Содан кейін оларды өсіріп жеткізу үшін қарашіріндімен немесе шымды топырақпен кезектестіріп, кішігірім үймелерге орналастырады, сыртынан сабанмен немесе бойралармен жабады (37-сурет).

Аналықтарды өскіндеткенде жас, шашақ тамырлары түзіледі. Өскіндету (жеткізу) тұқым өнімділігін 50 % арттырады. Отырғызар алдында тамырларын қи – саз балшық қоймалжыңына малып алады.

Танапта қарықтар тілген кезде гектарына 3-3,5 ц аммиак селитрасын еңгізеді. Аналықтардың зігіріктерін қарықтардың іргелеріне жатқыза отырғызады, күрекпен немесе соқамен екінші рет өткенде олар топырақ-пен жабылады. Зігіріктері бүйірдегі бүршіктеріне дейін топырақпен жабылуы керек. Тамырлардың топырақпен жымдасып, тығыз болуы үшін зігіріктерінің жан-жағындағы топырағын қосымша басып, жоғары бөлігін түзетеді. Қоректенуін жақсарту үшін әрбір өсімдікті отырғызғанда оның түбіне 0,5 кг минералды – органикалық қоспаны енгізеді. Қоспаны дайындау үшін 15 т қарашірінді, 3 ц суперфосфат, 1 ц аммиак селитрасы, 0,5 ц хлорлы калий алынады.

Ерте пісетін орамжапырақтың аналықтарын 70х40, орташа мерзімде және кеш пісетіндерін 70х50-60 см сұлбасымен отырғызады.

Отырғызғаннан кейін іле суландырады. Келесі суландырулар ауа райына байланысты, 10-15 тәуліктен кейін қайталанып отырады және

әрбір суландырудан кейін немесе күшті жаңбырдан кейін өсімдіктері бір бірімен қабысқанша қатараралықтарын қопсытады.

Өсу-даму кезеңінде өсімдіктері екі рет қоректендіріледі: отырғызғаннан 8-10 тәулік өткенде, бұл кезде аналықтар тамырланады және жапырақтары өсе бастайды (1 га – 1,5-2 ц аммиак селитрасы) және жалпы бүршіктену басталған кезде (1 га – 2 ц суперфосфат, 1ц аммиак селитрасы және 0,5 ц хлорлы калий). С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ – ның тәжірибелерінде орамжапырақтың Слава 231 сұрыпының тұқымдықтарын қоректендіру, тұқым өнімділігін 13,5 %-ға арттырған.

Орамжапырақ тұқымдықтарын рапс гүлжегіші, орамжапырақ шыбыны, әртүрлі бітелер және т.б. зақымдайды. Олармен күресуге, азыққа пайдаланатын орамжапырақтарға пайдаланған дәрумендерді пайдаланады.

Тұқымдықтар бір мезгілде піспейді. Алғашқы болып негізгі өркендегі, төменгі бұршаққындары пісіп жетіледі, содан соң сол өркеннің және бүйір өркендегі бұршаққындары піседі. Сондықтан тұқымдарды 2-3 рет таңдап жинайды. Төменгі бұршаққындардың басым бөлігі ашық сары реңге жетіп, тұқымдары күреңденген өсімдіктерді секатормен, қол орақпен немесе пышақпен кесіп алады. Оларды қырманға тасып, 8-10 тәулік толық пісіп жетілгенін күтеді. Тұқымдарды комбайнның барабандарын ақырын айналдырып (600-700 айн/мин) және декасын төмен түсіріп бастырады. Үйіндіні ОВ-10, ОСМ-4,5 машиналарында, қосымша «Супер-Петкус», «Змейка», пневматикалық бағандарда тазартады. Тұқым өнімділігі гектарына 5-8 ц.

Тазартылған тұқымдардың ылғалдылығы 9 %-дан аспағаны, ал бірінші класының өнгіштігі 90 %-дан төмен болмағаны дұрыс. Басқа өсімдіктердің тұқымдарының қоспасы келісіне 160 дана, соның ішінде арамшөптердің тұқымдары 80 данадан аспауы керек. Орамжапырақтың тұқымдары өңгіштігін 3-4 жыл бойы жоғалтпайды.



Қызыл қауданды орамжапырақ. Brassica olearcea var. сapitata rubra L. Табиғаты және шығу орталығы бойынша ақ қауданды орамжапыраққа ұқсас. Одан қызыл көң реңмен және жапырақтың, қауданның кішірек көлемімен ерекшеленеді.

Қызыл қауданды орамжапырақтың күлгін түсі, вакуоль шырынының құрамындағы антоцианға байланысты. Ал, оған Р дәрумендік белсенділік тән-адам және жануар ағзасына игілікті әсер етеді, қан түтікшелерінің серпімділігін көтеріп, олардың өткізгіштігін бірқалыпқа келтіреді. Қызыл қауданды орамжапырақты салат дайындауға пайдаланады. Ашытуға жарамайды.

Ақ қауданды орамжапырақтан клетчаткасы 2,5 аз, ал А дәрумені 4 есе жоғары болады. Суыққа төзімділігі жоғары, зиянкестермен және аурулармен аз зақымданады, қаудандары тығыз, тасымалдауға шыдамды және қыста жақсы сақталады. Қауданының химиялық құрамы: құрғақ заты – 7,5-11,5 %, қанттар жиынтығы – 3,5-4,5 %, аскорбин қышқылы –358-862 мг/л.

Бұрынғы БОКДСТ және ТШҒЗИ-ның шығарған Гако 741 сұрпын өсіреді. Ерте пісетін сұрып, көктеуінен – шаруашылық жарамдылығына дейін кезеңі – 92-105 тәулік. Ыстыққа және жарылуға төзімді, өнімді, тасымалдауға шыдамды, көктемге дейін сақталатын сұрып. Қаудандары өте тығыз, орташа салмағы 2 кг.

Өсіру жағдайына қоятын талабы және технологиясы орташа мерзімде пісетін ақ қауданды орамжапыраққа ұқсас. Қоректену алаңы 70х50 см.
Тексеру сұрақтары:

1. Орамжапырақты көшетпен өсіру ерекшеліктерін атаңыз?

2. Орамжапырақты көшетсіз өсірудің артықшылықтарын атаңыз?

3.Орамжапырақтың тұқым шаруашылығы?
ОБСӨЖ №11

«Бұршақты көкөністер. Қантты жүгері»

Тапсырмалар:

1.Асбұршақ дақылы

2.Асбұршақты өсіру технологиясы

3.Асбұршақтың тұқым шаруашылығы

Бұршақты көкөністер, әсіресе асбұршақтың жасыл бұршақшасы мен баданатың қалақшасы, аса құнды өсімдіктер.

Бұршақты көкөністер ақуызға өте бай, оның құрамында қанттар, дәрумендер бар. Көкөністік бұршақ пен баданаты ерте, шілденің басында немесе ортасында жинайды, бұл тұрғындарды жас көкөніспен ерте қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұршақты дақылдар, өсімдіктің тамырына орналасқан түйнек бактерияларының көмегімен, ауадағы азотты жинауға қабілетті. Олардан кейін топырақта гектарына, 10-12 т көң немесе 3 ц аммияк селитрасын енгізгенмен пара-пар болатын, 50-ден 100 кг дейін азот қалады. Сондықтан бұршақтылар өзге көкөніс дақылдары үшін жақсы алғы дақыл болып табылады. Өнімді қолмен жинауға байланысты туындайтын үлкен шығындар, олардың егіс көлемін шектейді.



Асбұршақ – Рisum sativum L. Асбұршақ жасыл бұршағы (бұршаққап, қалақша) немесе дәні толық піспеген кезінде пайдалану үшін өсіріледі. Жас бұршақтың құрамында 6-7 % ақуыз, 10-14 % қанттар немесе крахмал, 6-7 % майлар, А, В1, В2, С, Е, К дәрумендері болады.

Тұқымының пісіп-жетілуіне қарай қанттар мен дәрумендердің мөлшері азайып, крахмал мен ақуыз көбейе түседі.

Асбұршақ – бір жылдық өсімдік. Кіндік тамыры тармақталған, топыраққа бір метрге дейін бойлайды. Сабағы шөптесін, жіңішке, қуыс, биіктігі 30 см-ден 250 см дейін. Жапырақтары жұп қауырсынды, мұртшасы бар. Жоғарғы жапырақтарының қолтығында гүлсидамдары орналасқан. Гүлдері қос жынысты, өздігінен тозаңданады.

Жемісі – бұршаққап, құрылымдары бойынша аршымалы және қантты болып бөлінеді. Қантты сұрыптарының жемістерінің жармаларында талшықты пергаментті қабат жоқ, олар нәзік және тәтті келеді. Жемісін тағамға жармасымен пісірілген және консервіленген күйінде пайдаланады. Бұлардың бұршағы жарылмайды және нашар бастырылады. Аршымалы сұрыптардың қабырғасының ішкі жағындағы пергаментті қабаты оны қатайтады, сондықтан бұл сұрыптарды, ең алдымен жасыл бұршақ алу үшін өсіреді. Тәтті жас дәндерін бөліп алып консервілейді, кептіреді, сондай-ақ тоңазытады.

Асбұршақтың тұқымы әжімді және тегіс болады. Әр бұршаққапта бір қатарға орналасқан 4-10 тұқым болады. Тегіс тұқымды сұрыптар 1-2оС, ал әжімді тұқымды сұрыптар 4-6оС жылылықта өне бастайды. Тұқымдардың өнуіне оңтайлы температура – 18оС жылылық.

Жас өсімдіктер көктемгі – 4-8оС бозқырауды, ал гүлдері – 2-3оС-ға дейінгіні көтереді. Алайда күзгі бозқырау (3-5оС) бұршаққап дәндерінің толысуы және жасылданып пісу кезінде қауіпті.

Асбұршақтың суыққа төзімділігі, оны ерте себуге мүмкіндік береді. Мұндай жағдайда өсімдік қалыпты температурада, ауа мен топырақтың ылғалды жағдайында дамиды, ал ол жоғары өнім алуға мүмкіндік береді.

Асбұршақ ылғалды жақсы көретін өсімдік болғанымен, тамыр жүйесінің жақсы жетілуі нәтижесінде қысқа мерзімдік құрғақшылықтарға айтарлықтай төзімділік таныта алады. Суға деген зор талабы гүлдену алдында және одан кейін байқалады. Тұқымдардың құралуы кезінде ылғалдың жетпеуінен алақат дәнділік пайда болады. Бірақ тым көп суландырса, асбұршақтың саңырауқұлақ ауруымен зақымдануы мүмкін.

Асбұршақ – ұзақ күннің өсімдігі. Оның өсу мерзімі, оңтүстікке қарағанда солтүстікте қысқарақ. Ерте пісетін сұрыптар ұзақ күн сияқты, қысқа күнде де (10 сағаттық) қалыпты мерзімде жеміс береді. Топырақтардың ішінде бұршаққа қолайлысы, қара топырақ пен сазды қара топырақ, сонымен қатар құрамында қара шірінді біршама көп өзен аңғары топырағы. Батпақты, ащы топырақтар асбұршаққа жарамсыз.

Сұрыптары. Победитель Г-33. БО КДС және ТШ ҒЗИ-да шығарылған. Орташа мерзімде пісетін, аршымалы сұрып. Өсінді кезеңі 75-95 тәулік, бұршаққабын алғашқы жинағанға дейін 64-72 тәулік өтеді. Механизм көмегімен жинауға жарамды.

Сабағының орташа биіктігі 40-55 см. Тұқымы әжімді, қырлы, көкшіл-сұр-жасыл түсті. Фуга. Аршымалы сұрып. БОӨШ ҒЗИ-ның Қырым тәжірибе селекция стансасында шығарылған. Механизм көмегімен жинауға жарамды. Бұршаққабы түзу, ұшы үшкірленген, қоңыр-жасыл түсті. Консервілеуге және жас күйінде пайдалануға ұсынылады. Карагандинский 1055. Орталық Қазақстан ауыл шаруашылығы ҒЗИ-да шығарылған. Өсімдігінің биіктігі 60-80 см, буынаралықтары ұзын. Алғашқы бұршаққапқа дейінгі буындардың саны 8-10. Бұршаққаптары таспиқ тәрізді, сарғылт қызыл түсті. Адагумский. Бұрынғы БОӨШ ҒЗИ-ның Қырым селекция тәжірибе стансасында шығарылған. әмбебап пайдалануға арналған, ең жоғары өнімді, орташа мерзімде пісетін сұрыптардың бірі. Өскін пайда болғаннан бұршаққаптарды жинағанға дейін 60-65 күн. Сабағының ұзындығы 70-80 см, буынаралықтары қысқа. Бұршаққабы түзу немесе сәл иіңкі, күңгірт жасыл. Бұршаққабында – 7-9 бұршақ. Тұқымдарының түсі сарғылт жасыл. Дәмдік сапасы өте жоғары.



Асбұршақтың агротехникасы.

Ең жақсы алғы дақылдар – асханалық қызылша, картоп, орамжапырақ, қызанақ. Топырақты өңдеу өзге дақылдардікі сияқты. Асбұршақтың егістігіне органикалық тыңайтқыштар енгізбейді. Бұршақтың дәні көбіне бұршақ қоңызымен зақымданады. Зақымданған дәндерден сауларын бөліп алу үшін оларды ас тұзының ерітіндісіне (10 л суға 3 кг тұз) салады. Ерітіндінің бетіне қалқып шыққан дәндерді алып тастайды да, түбіне батқандарын таза сумен жуып, кептіреді.

Себерден 10 тәулік (ал нитрагинмен өңдегенде 20-30 тәулік) бұрын, тұқымды 10 минут сайын араластыра отырып, ТМТД дәрмегімен (тұқымға 500 г/ц) дәрілейді. Дәріленген тұқымның өнгіштік қабілеті артады. Егер алдында (1-2 сағ. бұрын) тұқымды міндетті түрде бұршақ нитрагинімен өңдейді: ол түйін бактериясының дамуын күшейтеді – 0,5 л нитрагинді 10 л таза суға араластырып, жамылғының үстіне төгілген тұқымның себілетін гектарлық мөлшеріне бүркеді де мұқият араластырады. Тура түсетін күн сәулесі бактерияларды өлтіретіндіктен, барлық жұмысты көлеңкеде жүргізу керек.

Асбұршақты ерте мерзімде, дәнді дақылдар сепкіштерінің жоғарғы себілгішіне қойып себеді. Ең алдымен тегіс тұқымды сұрыптар, содан соң 8-10 тәуліктен кейін әжімді тұқымды сұрыптар себіледі.

Қантты сұрыптарды – 3-4 ізді, ал аршымалы сұрыптарды 5-7 ізді таспамен себеді. Таспалар арасындағы қашықтық – 50 см, қатарлар арасындағы қашықтық – 15-20 см, ал қатардағы өсімдіктердің арақашықтары 4-6 см болуы керек. Аршымалы сұрыптарды да жай қатарлап, қатараралықтарын 7,5-15 см, ал қатардағы өсімдіктердің арасын 6 см қойып, себуге болады. Себу мөлшері – 200-250 кг/га.

Көктеу кезінде ақ бұршақ топырақ бетіне тұқым жарнағын шығармайды, сондықтан тұқым 5-7 см тереңдікке сіңіріледі. Тұқым себілгеннен соң топырақты таптағышпен тығыздайды. Өскін көріне бастағанда алқапты торлы тырмамен немесе көлденең немесе қатардың бағытына бұрыштап тырмалайды; өсімдіктің биіктігі 5-6 см-ге жеткенде тырмалау тағы да қайталанады. Жаңбырдан кейін тырмалауға болмайды, себебі ондайда өсімдік тез сынғыш келеді. Өсімдік топырақ бетін көлеңкелегеннен бастап, оны күту жұмыстары тоқтатылады.

Көк өскіннің шығуы мен гүлдене бастауы арасындағы қосымша суландыру өнімді елеулі арттырмайды, бірақ гүлдену кезінде және одан кейінгі 2-3 суару өнімді арттырады.

Жинау және сақтау. Асбұршақтың қантты сұрыптарын гүлдегеннен 17-19 тәулік өткен соң, әдетте шілде айының екінші жартысында бұршаққабымен бірге жинай бастайды. Жинау құрғақ ауа райында 2-3 тәуліктен кейін және салқын ауа райында 4-5 тәуліктен кейін жүргізіледі. Барлығы 6-8 рет жиналады, бірақ ең мол өнім алғашқы үш жинауда болады. Қалақша-бұршақ жемісін сағағынан басбармақтың тырнағымен қысып үзіп алады. Бір жұмысшы сағатына шамамен 7 кг бұршақ жинайды.

Асбұршақтың аршымалы сұрыптарын гүлдене бастағаннан 12-15 тәуліктен кейін, дәннің құрамындағы қант мөлшері көбірек болатын, сүттене пісу кезеңінде жинайды. Үлкен алқаптарда жасыл бұршақты жал жасайтын ЖБА-3,5 дестелегішімен орады, ал жинап, бастыру КБК-1,0 комбайнымен жүргізіледі. Механикаландырылған әдістің еңбек шығынын едәуір азайтатындығын назарда ұстаған жөн.

Асбұршақты майланған қағаз төселген жәшіктерге салып, бірнеше тәулік бойы салқын жертөледе сақтайды. Шамамен 0о температурадағы және ауаның салыстырмалы дымқылдығы 90% тоңазытқыштарда, аршылған бұршақты бір айға дейін, ал бұршаққаптарында 1,5 айға дейін сақтауға болады.

5312-90 Мемлекеттік үлгіқалып бойынша консервілеуге арналған бұршаққаптар техникалық пісіп жетілген (үш дәннен кем емес), жасыл түсті, тым пісіп кетпеген (торлы суретсіз), босаңсымаған, зиянды жәндіктер мен аурулар зақымдамаған болуы тиіс. Қабығы аршылған жасыл бұршақтың дәні жас, бүтін, жұқа, нәзік қабықты, жұмсақ етті.

Асбұршақтың тұқым шаруашылығы. Пісіп жетілгенде асбұршақтың қантты сұрыптарының жемістері бүтін сақталады, ал аршымалы сұрыптарынікі қақырап - ашылады. Сондықтан аршымалы сұрыптардың тұқымдық егістіктерін дәндерінің басым бөлігі қамырланып піскенде жинайды. Асбұршақты дестелегіштермен немесе дестеге салғыш құрылғылары бар КСП-2,1, КЗН-2,1 шөп машиналарымен дестеге салады да, комбайнның барабан айналымын 2 есе азайтып бастырады. Тұқымды ОВС–10, «Петкус-Супер» тұқым тазалағыштарында, ОПС-1 және «Змейка» пневматикалық бағаналарында тазалайды. Көкөністік асбұршақ тұқұмының гектарлық өнімі 15-18 ц. Тұқым өнгіштігін 4-5 жыл сақтайды. МҮҚ бойынша бірінші санаттағы тұқымның сұрыптық тазалығы 99 %, екіншісінікі – 98,8 %, үшіншісінікі – 97 %. Үшінші санаттағы тұқымда басқа сұрыптардың және сирек будандардың қоспасы 3 % аспағаны жөн. Әжімді асбұршақтың бірінші класты тұқымының өнгіштігі – 90 %, негізгі дақылдың тұқымы – 99 %, 1 кг-да басқа өсімдіктер тұқымы – 10 дана, оның ішінде арамшөптер тұқымы – 1-ден аспайды, ал аршымалы асбұршақ үшін тиісінше 95 % және 90%, 10 және 1 дана бір келіге.

Тексеру сұрақтары:

1.Асбұршақ дақылы маңыздылығы?

2.Асбұршақты өсіру технологиясының ерекшеліктері?

3.Асбұршақтың тұқым шаруашылығының ерекшеліктері?
ОБСӨЖ № 12

«Қымыздық, өсіру агротехникасы, тұқым шаруашылығы»

Тапсырмалар:


  1. Қымыздық маңызы

  2. Қымыздықты өсіру агротехникасы

Қымыздық – Rumex acetosa. Қымыздық – көп жылдық өсімдік. Күзде оның жапырақтары мен сабақтары опат болады, қоректік заттар жиналған тамыры ғана қыстап шығады. Ерте көктемде, топырақ жібісімен, күшті дамыған тамыр жүйесі өсімдігінің тез өсуін қамтамасыз етеді, сондықтан қымыздық ашық грунтта өндірімін өте ерте береді.

Тамаққа С, Р дәрумендері, каротин және әртүрлі минералды тұздары бар, жас жапырағын пайдаланады. Халық емінде қымыздықтың қайнатпасын баспа, қырқұлақ, қызылиек еті босаңсығанда ауыз шаюға қолданады. Қымыздықтың қышқылтым дәмі оның құрамындағы қымыздық қышқылының болуына байланысты. Ескі жапырақтарында жас жапырақтарымен салыстырғанда ол көбірек жиналады, сондықтан қымыздықты тек көктемде, гүл сидамдары пайда болғанша пайдаланады.

Қымыздықтың тамыры кіндікті, жапырағы ұзынша келген, жиектері тегіс, етті. Қымыздық әдетте екінші жылы гүлдейді, бірақ ерте көктемде себілгенде гүлсидамы (биіктігі 1 м дейін) бірінші жылы да пайда болуы мүмкін. Гүлдері жиі қос жынысты, гүл шоғырына – шашаққа жиналған. Жемісі бір тұқымды, пішіні үш қырлы, жылтыр, қоңыр-қара түсті, өте қатты қабықты. 1000 тұқымның массасы – 1 г.

Өте құрғақ және қатты қабығына байланысты тұқымы баяу өнеді (өскіні сепкеннен кейін 10-15 тәулікте пайда болады), бірақ біршама төмен температурада – 2-3оС жылылықта.

Қымыздық қар астында жақсы қыстап шығады және көктемгі үскірікке жап-жақсы шыдайды (жапырақтары – 7оС дейінгі үскірікке төтеп бере алады), бірақ топырақ пен ауа ылғалдылығына жоғары талап қояды. Ылғал жетпегенде жапырақтары қатаяды, өсімдік мезгілінен бұрын гүлдейді, өнімнің сапасы төмендейді.

Жүйелі суландырғанда қымыздық ірі жапырақты қуатты дегелек қалыптастырады. Азотты тыңайтқыштар шығыны жоғары қосымша өнімімен қайтарылады. Жарыққа талабы жоғары емес екенін ескерсек, оны жеміс ағаштарының қатараралығына да өсіруге болады.

Қымыздықты бір орында 3-4 жылдан артық өсірмейді. Осыдан кейін ол күшті бұтақтанады, өте көп гүл шоғырын және ұсақ жапырақтар қалыптастырады, өнімнің сапасы мен көлемі күрт төмендейді.

СҰРЫПТАРЫ. Қазақстанның солтүстік өңіріне екі сұрып ұсынылады. Бельвильский. Шетелдік, қысқы аяздарға және ерте көктемгі бозқырауларға

төзімділігі орташа. Жапырақтары ашық жасыл, ірі, етті, сағақтары жуан, ұзындығы орташа. Сәл қышқылтымды, өнімді.

Широколистный. Донецкі ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасында шығарылған. Кәдімгі қымыздық түріне жатады. Жапырақ тақтасының ірілігі орташа, жұмыртқа пішіндес. Түсі жасыл, өнімді сұрып. Өсінді кезеңі – 41 тәулік.

Қымыздықтың агротехникасы. Қымыздық үшін жырту қабаты терең, қарашіріндіге бай сазды топырақ ең жақсы саналады. Өзен алқабының топырақтарында да жақсы өседі, тек адыр жерлермен салыстырғанда көктемгі өнімі 2-3 аптаға кешігеді. Топырақтың жоғары қышқылдылығына шыдайды.

Топырақты негізгі өңдеу кезінде гектарына 60-100 т көң, 5-7 ц суперфосфат және 1-2 ц хлорлы калий енгізеді.

Қымыздықты үш мерзімде себуге болады: ерте көктемде өнімді күзде жинау есебімен, ерте жиналған көкөністен кейін, жазда шілде-тамызда, өнім келесі көктемде алынады және қыс түсер алдында – аязға дейін тұқым өнбейтіндей деген есеппен. Ал Қазақстанның солтүстігі үшін ең дұрысы – жазда себу: қыс түскенше өсімдік тамырланып, қуаттанады да, келесі көктемде жақсы өнім береді.

Жазда себерде арамшөптер өсіп шығуы үшін, топырақты тұқым себуден 2 апта бұрын өңдейді. Сосын оларды культивация кезінде жояды. Культивация алдында телімнің әр гектарына 3 ц аммияк селитрасын, 3-4 ц суперфосфат және 1 ц хлорлы калий енгізеді. Тұқымның біркелкі сіңірілуі үшін телімге себер алдында тегіс тығыздағыш жүргізеді. Ылғал жеткіліксіз болса, себер алдында бір гектарға 500-600 м3 су беріп суарады.

Себуге былтырғы немесе екі жылдық тұқым қолданылады: өнгштігі тексерілген және ТМТД-мен (1 кг тұқымға 8 г) өңделген. Қымыздықты жай қатарлап, себеді. Арамшөбі көп телімде, қатараралығын өңдегенде оларды толығырақ жоюға мүмкіндік беретін кең қатарлап (45 см) сепкен дұрыс. Бір гектарға 4-5 кг тұқым себеді, сіңіру тереңдігі 2-3 см. Сепкенде шектеуіш жиекті және нығыздағыштарды қолданады.

Қымыздықты күтіп-баптау қатараралығын өңдеуден, суландырудан және үстеп қоректендіруден тұрады. Ескі егістікте одан басқа, ерте көктемде былтырғы жапырақтардан тазартады.

Ашық жерде қымыздық жинауға мамыр айының ортасында дайын болады. Уақытша пленкалы жамылғыны қолданып, өндірімді алуды тездетуге болады. Ол үшін сәуір айының орта кезінде телімді қардан, ескі жапырақтардан тазартады және пленкалы пана орнатады. Пленка астында алғашқы екі өнім жоғары болады. Мамыр айының 15-20 кезінде – пананы алып жылу сүйгіш көкөніс дақылдарына пайдаланады. Қымыздықты, өсімдігінде 3-4 жапырақ түзілгенде жинайды.

Жинауды ең дұрысы, таңертең жоғарғы бүршіктерін зақымдамайтындай етіп, жапырақтарын пышақпен кесіп алған жөн. Жапырақтарын жинауды әрбір 20-25 тәулікте қайталап отырады. Жапырақтарын орып жинау тиімсіз, себебі оларды сұрыптап алу өте көп қол еңбегін талап етеді. әрбір жинаудан кейін өсімдікті, гектарына 1 ц аммияк селитрасын, 0,5 ц хлорлы калий беріп, үстеп қоректендіреді. Жаз бойы егіс алқабын 6-8 рет, гектарына 400-450 м3 су шығындап суландырады. Суық түсуден бір ай бұрын, өсімдік келесі жылғы өніміне қоректік заттар жинап үлгеру үші, жапырақтарын кесіп алуды тоқтатады.

Егістікті 3-4 жылы күзде жыртады, жақсы тамырларын таңдап алып, булыжайда және жылыжайда көктету үшін пайдаланады. Булыжайға отырғызғанша оларды көкөніс қоймаларында құммен қабаттап, 0оС сақтайды.

Жылыжай мен булыжайдың әр м2 5-5,5 кг тамырлар (қатараралықтарының қашықтығы 6-8 см, бір қатардағылардікі – 2 см) отырғызады. Жапырақтарды әрбір 10-15 тәулікте кесіп алады. Көктеткенде әр м2 2-4 кг өнім жинайды.

Сапалық талаптар: жапырақтары жас, жасыл, жасаң, бүтін, таза, аурулармен және зиянкестермен зақымданбаған, гүлсидамсыз, арамшөпсіз болуы керек. Қымыздықты сыйымдылығы 10 кг аспайтын жәшіктерге немесе себеттерге қаттап салады.

Тексеру сұрақтары:


  1. Қымыздық маңызы?

  2. Қымыздықты өсіру агротехникасы ерекшеліктерін атаңыз?


ОБСӨЖ № 13

«Ақжелкенжәне қатыран, морфологиясы, өсіру агротехникасы»

Тапсырмалар:

1. Ақжелкен морфологиясы

2.Ақжелкен агротехникасы

Ақжелкек – Cochlearia armoracia. Жуан, күшті тарамдалған көген тамырын және ұзынша келген жапырақ түзеді. Ақжелкектің тамырын ет және балық тағамдарына ащы дәмқосар дайындауға, ал жапырақтарын қызанақты және қиярды тұздағанда пайдаланады. Ең жақсысы – сүйкімді ащылығы бар, жас, шырынды көген тамыры. Ескі тамырлары – қатты, ағаштанған, кейде іші қуыс: тамаққа жарамдылығы төмен.

Ақжелкектің көген тамырында 53-58 мг % С дәрумені, 6 %-ға дейін қанттар, және 1,6 % ақуыз, әртүрлі минералды тұздар мен фитонцидтер бар. Медицинада ақжелкекті қырқұлаққа қарсы, іш, бауыр, тіс ауырғанда (шаю үшін), күшті ой және ауыр жұмыстарда – әлдендіргіш ретінде пайдалануға ұсыныс береді. Ауыл шаруашылығында тұқымдарды саңырауқұлақ ауруларына шалдықпас үшін өңдеуге, үй шаруашылығында ет өнімдерінің және жемістердің сақталу мерзімін ұзартуға пайдаланады.

Ақжелкектің кіндік тамырының ұзындығы 60 см, жуандығы 4-5 см, топыраққа бірнеше метрге бойлайтын көптеген бүйірлік тарамдары болады. Ол сыртынан көптеген тамыршалары бар қабықпен және тыныштықтағы бүршіктермен көмкерілген, кейінгілері түптен бөлініп, қолайлы жағдайда тез дамып жаңа өсімдік қалыптастыра алады. Жапырақтары эллипс тәрізді, ұзын (40 см және одан да ұзын), қою жасыл түсті. Гүлсидамды сабақтары әдетте, қалемшелерді отырғызғаннан кейін, екінші жылы пайда болады. Олар түксіз, биіктігі 60-100 см, гүлдері ұсақ, ақ түсті, жағымды иісті, негізінен тұқымсыз. Ақжелкек гүлденеді, бірақ тұқымы сирек байланады. Оны, көбінесе көшет деп атайтын, тамыр қалемшесінен көбейтеді.

Ақжелкек өсу жағдайына аса талап, әсіресе жылуға, қоймайды. Ересек өсімдіктің тамыры топырақта 20оС аязға шыдайды.

Қазақстанның солтүстігінде ол ашық жерде, ең қатты аяздардың өзінде, жап-жақсы қыстап шығады. Топырақта ылғал жетпесе тамырлары қатаяды, өнімі төмендейді, ылғал артық болғанда, әсіресе топырақ бетінде су тұрып қалса, тамырларында қара қошқыл дақтар пайда болады және шіриді. Топырақ құнарлылығына жоғары талап қояды, сондықтан енгізілген органикалық және минералды тыңайтқыштарды жақсы қабылдайды.

Егістікте ақжелкектің жергілікті формасы – кәдімгі ақжелкек өсіріледі. Рижский сұрпының өнімі жақсы. Оның, кейін қалемшелер дайындауға болатын бір жылдық тамыр өркендері өте көп болады.

Өнімділігі: бір жылдық дақыл ретінде өсіргенде 40-70, екі жылдықта – 140-160 ц/га.

Ақжелкектің агротехникасы. Ақжелкекке топырағы жеңіл, қарашіріндіге бай танаптарды, әдетте өзен арналарын, таңдап алады. Ауыр саздақ топырақтарда өнімі төмендейді, тамырлары тарамдалған, сапасыз болады және жинау қиындайды.

Ақжелкек үшін сүдігер терең,тереңдеткішті қолданып, 35-40 см жыртады. Жырту қабаты терең топырақтарда тамырлары тез жуандайды және оларда көптеген бір жылдық балапан өскіндері болады.

Жыртқан кезде гектарына 60-70 т көң, 3-4 ц суперфосфат, 1 ц хлорлы калий, ал көктемде отырғызу алдындағы өңдеу астына 3 ц аммиак селитрасы енгізіледі.

Қалемшелерді күзде, өнімді жинаған кезде дайындайды. Аналық өсімдіктің төменгі жағында қалыптасқан бір жылдық қалемшелерді алады: ұзындығы 25-30 см, жуандығы 0,7-1,0 см. Бұдан жіңішкелері бір жылда жуан тамырлар қалыптастырып үлгермейтіндіктен, оларды қазбай екі маусым өсіруге тура келеді, бұл өнімдердің өзіндік құнын көтереді.

Қалемшелерді кейін дұрыс отырғызу үшін, оларды дайындаған кезде тамырлардың жоғарғы және төменгі ұштарын белгілеу керек: аналық өсімдікке жақын ұшын көлденең, ал төменгі ұшын қиғаш кеседі. Бір жылдық бір тамырдан 2-3 қалемше алады. 1 гектар егістікке 1-1,5 т қалемше дайындайды. Оларды көкөніс қоймаларында құммен алма кезек салып, 0 0С сақтайды.

Отырғызатын қалемшелер жетпегенде жіңішке тамырларды да пайдаланады. Мұндайда оларды жүйектерге отырғызып (50х35 см сұлбасымен) өсіріп жетілдіреді, сосын келесі жылы ғана танапқа отырғызады.

Көктемде отырғызар алдында қалемшелерді қатты кенеппен сүртеді немесе пышақтың қырымен қырнап, оның ортаңғы бөлігіндегі бүйірлік бөлшектерін сылып тастайды, сонда бүйірлік тамыршалар пайда болмайды және көген тамыры пішінін қожыратпайды. Қалемшенің жапырақтары дамитын жоғарғы бөлігінің 1-1,5 см, бір жылдық тамырлары түзілетін төменгі бөлігінің 2-3 см тиіспейді.

Топырақтың жағдайы қалай жұмыс бастауға мүмкіндік бергенде, күзде дайындалған телімге қалемшелерді отырғызады. Отырғызудың ең жақсы нәтижесі қалемшелерді атыздың түбіне көлбеулетіп немесе қабырғасына орналастырғанда байқалған. Атыздың түбіне отырғызғанда қалемшелердің жоғарғы бөлігіне, атыздың жиегіндегі топырақтан салып, оның жоғарғы бөлігін 3-5 см, ал төменгі бөлігін 12-15 см жабады. Атыздың жиегіне отырғызғанда қалемшелері өзінен-өзі көлбеу орналасады. Атыздардың арақашықтығы 70 см, қалемшелердің арасы – 40 см. Қалемшелерді жылдамдықты баяулатқышы бар «Беларусь», Т-38 тракторларына тіркелген көшетотырғызғыштармен де отырғызуға (8 сағаттық жұмыста – 1,5 га) болады. Егер топырақтың жоғарғы қабаты құрғақ болса, қалемшені отырғызарда телімді суландырады.

Қатараралықың бірінші өңдеуін 6-8 см тереңдікке, жапырақтарының пайда болуының басында, екіншісін – 10-12 см-ге, маусым айының 15-і кезінде жүргізеді. Өсу-даму кезеңінде гектарына 300-400 м3 су беріп, 5-6 рет суарады.

Ақжелкектің тамырының жуандығы 2 см кем еместе, қыркүйектің соңы және қазан айының басында жинайды. Тамырлары жіңішке болса, онда егістікті келесі жылға қалдырады. Жапырақтарын алдын ала орып алады. Көлемі үлкен егістіктерде, жеміс-жидек тұқымбақтарында екпе көшеттерді қазып алатын, аспалы ВПН-2 соқасын пайдаланады. Соқа гиравликалық жүйелері бар 3 класты тракторларға ілінеді. Қазып алу тереңдігі 40-50-ден 70 см дейін. Ақжелкекті бір жылдық дақыл ретінде өсіргенде қазып алу сапалы жүреді, ал екі жылдықта танапты қайырмасыз соқамен қайтадан жырту қажеттігі туындайды. Ақжелкекті, сондай-ақ картопқазғыштардың, қызылшақопарғыштардың көмегімен қазып, барлық тамырларын мұқият жинап алады. Ақжелкекті бау-бақша айырымен де жинайды.



Тексеру сұрақтары:

1. Ақжелкен морфологиясын сипаттаңыз?

2.Ақжелкен агротехникасының ерекшеліктері?
ОБСӨЖ № 14

«Аскөк. Өсіру агротехникасы, тұқым шаруашылығы»

Тапсырмалар:

1. Аскөк морфологиясы және биологиясы

2.Аскөк сұрыптары

Аскөк – Аnethum graveolens. Тез көктейтіндігі, өсетін ортасына жоғары талап қоймайтындығы, сондай-ақ өніммен жыл бойы қамтамасыз ету мүмкіндігі аскөкті бағалы татымды-дәмді дақылдардың қатарына қояды. Аскөкті Қазақстанның солтүстігінде ашық жерде өсіргенде көгі мамыр айының соңына қарай, ал техникалық мақсатқа өсімдік гүлдегеннен кейін – жаппай көктеп шыққаннан 45-60 тәулік өткен соң дайын болады.

Көгін алу үшін өсіргенде өнімі 120-200 ц/га жетеді, ал техникалық мақсатқа – 200-300 ц/га.

Аскөктің жас өсімдіктерін әртүрлі тағамдарға дәмқосар, ал ересек өсімдіктері көкөністерді тұздағанда және маринадтағанда дәмдеуіш ретінде пайдаланады. Аскөк каротинге, С және Р дәрумендеріне бай, ақуыз және фитонцидтер бар. Ересек адамның тәуліктік С дәруменіне деген қажеттілігін 25 г аскөк көгімен өтеуге болады. Халық емінде аскөк шаншуды және тырысуды басатын амал ретінде қолданады. Аскөк тұқымынан стенокардия және холецистит ауруларын емдейтін анетин дәрмегін дайындайды.

Аскөк – бір жылдық өсімдік. Суыққа төзгіш, 5-6оС аязға шыдайды. Тұқымы 3оС жылылықта өне бастайды. Тұқымында эфир майы көп болғандықтан, ол өте ұзақ бөртеді де, өскіндері себілгеннен 10-15 тәулік өткеннен кейін пайда болады.

Өсу-даму кезеңінде және тұқым байланғанда өсімдік жылуға жоғары талап қояды. Шуақты күн гүлденуге және жеміс байлануға, сондай-ақ өсімдіктің хош иістенуіне қолайлы жағдай жасайды.

Аскөк борпаң, ылғалы жеткілікті топырақта жақсы өседі. Ылғалдылықты сүйеді, бірақ ойпаң, аса дымқыл жерлерде сусоқтанады және опат болады. Оны ашық және қорғаулы жерлерде өсіреді. Ашық жерде оның көгін алу үшін өсіргенде, көбінесе оны басқа дақылдарға жиілеткіш егіс (негізгі дақылдың тұқымына аскөк тұқымының 5-10 % араластырады) ретінде пайдаланады. Көгін 2-8 жапырақ кезінде пайдаға асырады.



Сұрыптары. Армянский 269. БОӨШ ҒЗИ-ның Пушкин зертханасында армениядан әкелінген үлгіден сұрыптап шығарған. Орташа мерзімде піседі. өсінді кезеңі 78 тәулік. Бойшаң, жақсы жапырақтанатын өсімдік. Жапырағы ірі, жасыл түсті, сәл балауызды қағы бар. Шатыршалары дөңесті, көп жұлдызды. Хош иістілігі жақсы. Консерв өнеркәсібінде және үй жағдайында пайдаланады. Зиянкестермен және аурулармен зақымданбайды. Каскеленский. Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ҒЗИ-да шығарылған. Қою жасыл түсті, тұтынуға жарамдылығындағы өнімділігі – 83 ц/га, шатыршалары гүлдегенде – 67 ц/га. Лесногородский. БОКДС және ТШҒЗИ-да шығарылған, қою жасыл түсті. Жапырақтануы өте жоғары, ұзақ сақталады. Тұтынуға жарамдылығындағы өнімділігі – 65-126 ц/га, шатыршалары гүлдегенде – 148-430 ц/га.
Тексеру сұрақтар:

1. Аскөк морфологиясы және биологиясы?

2.Аскөк сұрыптарын сипаттаңыз?

ОБСӨЖ № 15

«Ақсүттіген. Биологиясы, өсіру ерекшеліктері»

Тапсырмалар:

1. Ақсүттіген түрлері

2. Ақсүттігеннің агротехникасы

3. Ақсүттігенді қорғаулы жерде өсіру
Ақсүттіген. Ақсүттігеннің үш түршесі бар – жапырақты (Lactuca acephala), қауданды (Lactuca capitata), ромен (Lactuca jangifolia).

Жапырақты ақсүттіген сұрыптары, қаудандыққа қарағанда ең тез пісетіндер болып саналады. Қауданды ақсүттіген жапырақты ақсүттігенмен салыстырғанда өнімдірек және өнімінің тауарлық сапасы жоғары болады. Ол тасмалдауға және сақтауға жарамды. Жапырағы қаттылау, жуан шылым (сигара) тәрізді қаудан қалыптастыратын ромен – ақсүттіген суыққа ең төзімді өсімдік. Қазақстанның солтүстігінде негізінен қауданды ақсүттігенді өсіреді.

Ақсүттіген – бір жылдық өсімдік. Оның дамуы дегелек кезеңінен басталады. Қауданды ақсүттігенде ол қауданға өседі. Ақсүттігеннің бір ерекшелігі барлық өсінді мүшелерінің – тамыры, жапырағы, сабағы – сүттей шырын (сүтсымақ) шығаратындығы.

Ақсүттігеннің тез пісіп-жетілгіштігі ашық жерден өнімді ерте алуға мүмкіндік береді, ал дәмдік және қоректілік қасиеттері оны маңызды емдәмдік көкөніс етеді. Ақсүттіген В1, В2, В6,С, Е, Р дәрумендерінің, каротиннің және минералды тұздардың қайнар көзі. Ондағы аз мөлшердегі ащы заттар мен лимон қышқылы тәбет ашып, ас қортуды жақсарта түседі. Ақсүттігеннің тамаққа әдетте шикі жапырағын пайдаланады, ал қауданын пісіруге және одан пюре дайындауға болады.

Ақсүттіген – суыққа төзімді өсімдік. Дегелегі дамыған кезде ол – 5-6оС аязға шыдайды. Оның дамуы үшін оңтайлы температура – 15-20оС жылылық. Өсу-даму кезеңінің екінші жартысында, өсімдіктің өнімді бөлігі қалыптасу кезінде, оған температураның төмендегені қажет. Осы кездегі температураның өзгермелілігі қауданның байлануына жақсы ықпал жасайды, күндізгі жоғары температура тез өсуіне, ал түнгі төмен температура қауданның тығыз болуына себеп болады. Өте жарық сүйгіш өсімдік. Ағаштардың көлеңкесінде, тым жиі егістіктерде немесе тығыз егістік ретінде өсіргенде қауданы нашар қалыптасады.

Тамыр жүйесі тез өседі, бірақ терең бойламайды, сондықтан топырақтың ылғалдылығына жоғары талап қояды. Ылғал тапшылығында қаудандары ірі болмайды. Ыстық ауа және құғақшылық сидам сабақтың уақытынан бұрын пайда болуына ықпал жасайды.

Ақсүттіген үшін құнарлы, сіңімды азот пен фосфорға бай топырақ қажет. Азотты тыңайтқыштарды уақытында енгізсе, жоғары өнім береді.

Ақсүттігеннің агротехникасы. Қазақстанның солтүстігінде ақсүттігенді көшетпен және тұқымын сеуіп өсіруге болады. Көшетпен өсіргенде ерте және сапалы өнім алынады.

Қазақстанның солтүстігінде бұрынғы БОКДС және ТШҒЗИ-да шығарылған қауданды ақсүттігеннің Крупнокочанный сұрпы өсіріледі. Өсінді кезеңі 50-75 күндей. Қауданның массасы 350 г жетеді. Жапырақтары кітірлек, ашық жасыл, кейде қызғылт реңді, сәл әжімді, желпуіш тәрізді, шеттері тісті. Жалпы өнімі – 164, тауарлысы – 151 ц/га.

Ақсүттігенді ашық жерде өсіру. Ақсүттігенді ашық жерде тұқымынан өсіру үшін су өткізгіш, қарашіріндіге бай, жақсы өңделген, борпаң және арамшөптен таза телімді таңдап алады.

Булыжай маңайындағы ауыспалы егісте ақсүттігенді аскөкпен, жапырағы үшін өсірілген пиязбен, шалғаммен бірге өсіреді, ал көкөніс ауыспалы егістіктерінде – қызанақ немесе қияр көшеттерін отырғызатын танаптарға бірінші дақыл ретінде және ерте орамжапырақты жинағаннан кейін екінші дақыл ретінде өсіреді (ақсүттігенде екінші дақыл ретінде өсіргенде оны себу алдында топырақты суландыру қажет).

Себу алдында топырақты өңдегенде гектарына 3 ц аммиак селитрасын және 1,5-2 ц суперфосфат енгізеді.

Көкөніс тұқымын СОН-2,8, СКОСШ-2,8 сепкіштерімен ертерек екі ізді тәсілмен, таспалардың арақашықтығы 50 см, таспалардағы іздердің арақашықтығын 20 см етіп себеді. Бір гектарға 2-3 кг тұқым себеді, сіңіру тереңдігі – 2-3 см.

Себу алдында тұқымның өнгіштігін тексереді. 20-30 минуттай 0,2 % калийдің марганецті қышқыл ерітіндісінде өңдейді, сосын таза сумен жуады және 2-3 тәулік дымқыл күйінде, тұқым мұртын жарғанша ұстайды. Тұқымы біркелкі себілуі үшін, оны еленген ұсақ ағаш үгіндісімен (1:5 қатынасымен) араластырады.

Өсімдікті 2-3 нағыз жапырағы кезеңінде сиретеді – бірінен-бірі 25 см қашықтықта болатындай етіп. Сиреткеннен кейін ақсүттігенді 1-2 рет үстеп қоректендіреді (гектарына 90-150 кг аммиак селитрасы мен 50-60 кг калий тұзы). Топырақты жүйелі түрде қопсытып отырады.

Ақсүттігенді жаңбырлатқыш қондырғылармен жиі, әрбір 6-7 тәулік сайын, бірақ аз мөлшерлі сумен (гектарына 200-250 м3) суарады.

Ақсүттіген, әдетте ең көп зиянды жапырақ бітісінен шегеді. Ол ыстық ауа райында, әсіресе суландыру жеткіліксіз болғанда қатты көбейеді. Бітіні темекі тұнбасымен, аскөк үшін көрсетілген мөлшермен өңдеп, жояды.

Ақсүттігенді таңдап, қауданын пышақпен тамырына дейін кесіп, құрғақ ауа райында, дұрысы таңертең, қаудандары әлі салқын кезінде жинайды. Ақсүттігенді жауын-шашын кезінде жинауға болмайды – өнім ластанады және тауарлығын жоғалтады.

Ақсүттігенді көшетпен өсіргенде булыжайға және жылыжайға қатараралығын 6 см етіп ПРСМ-7 тұқымсепкішімен себеді. Бір кәсекке 3-4 г тұқым себеді, сіңіру тереңдігі – 0,5-1 см. Булыжай температурасы 15оС аспағаны жөн. Өсімдіктің 1-2 кәдімгі жапырағы түзілгенен кейін бір-бірінен 2 см қашықтықта тұратындай етіп сиретеді. Тұқым себілгеннен 25-30 тәулік өткен соң көшет отырғызуға жарайды. Оны ашық жерге ұзақ және қатты үскіріктер өткеннен кейін отырғызады. Ақсүттіген терең отырғызғанды көтере алмайды, сондықтан көшетті тамыр мойнына дейін сіңіреді.



Ақсүттігенді қорғаулы жерде өсіру. Жылыжайда және булыжайда ақсүттігенді тұқымынан, немесе көшетпен өсіреді.

Көшет алу үшін тұқымды 30 тәулік бұрын жәшікке себеді. Тұқымды тісті таңбалағышпен, 10х10 см сұлбасымен (бір кәсекке 150 өсімдік келеді) ұяларға отырғызады. Күтіп-баптау жылыжайдағы шалғамды күтіп-баптағандай. Көшеттерді отырғызғаннан бір ай өткен соң қаудандар жинауға келеді.

Ақсүттігенді көшетсіз өсіргенде, тұқымды ашық жер үшін көшет өсіргендей етіп себеді. Тек сиреткенде ғана өсімдіктер бірінен-бірі 8-10 см қашықтықта орналасады. Тұқымды сепкеннен 50-55 тәулік өткен соң өндірімді жинауға кіріседі.

Ақсүттігенде жай пленка астына да өсіруге болады. Телімді күзде дайындайды (сүдігер жыртқанда әр гектарға 60-70 т жақсы шіріген көң немесе қарашірінді, 3-3,5 ц суперфосфат, 1 ц хлорлы калий енгізеді және тырмалайды).

Телімді сәуірдің соңғы онкүндігінде қардан аршып, аммиак селитрасын (1,5-2 ц/га) енгізеді және ПРСМ-7 тұқым сепкішімен тұқым себеді. Бір шаршы метрге 1,5-1,7 г тұқым себіледі. Жүйекке қарашірінді себелейді және ізінше пленкамен жабады.

Күтіп-баптау суландырудан, 1-2 рет үстеп қоректендіруден, жылу және ауа режимін қалыпты деңгейде ұстаудан тұрады. Ақсүттіген пайдалануға өскін шыққаннан 35-45 тәулік өткен соң дайын болады. Әр шаршы метрден 3-4 кг өндірім жинайды.



Жылыжайда көшет отырғызылған алғашқы 1-2 апта бойы температураны 12-14оС жоғарылатпайды, одан әрі күндіз 14-16оС, түнде 6-10оС жылылықта ұстайды. Топырақ қабатының төменгі шегінде топырақ ылғалдылығы көктемгі-жазғы өсіруде ТТСС 90-95 %, ал қысқы-көктемгіде – 85-90 % деңгейінде болады. Көшеттің отырғызу сұлбасы: қыста – 22,5 – 25х20 см; көктемде және жазда – 10-18х20; күзде – 20-22, 5х20-22,5 см.

Көшеттің құмырасын орта беліне дейін тереңдетіп отырғызады, жапырақтары топыраққа тимеуі керек, топырақ тисе олар шіриді. Қажет болса температураны 4оС дейін төмендетіп, жинауды 15-20 тәулікке кешеуілдете тұруға болады. Жиналған қауданды 2-3 аптаға тоңазытқышта, 0оС және 90-95% салыстырмалы ылғалдылықта сақтауға болады. Полиэтиленді орамда сақтау мерзімін 40-45 тәулікке дейін ұзартуға болады.



Қауданды ақсүттігеннің қауданы жасаң, зиянкестермен және аурулармен зақымданбаған, 2-3 тамыр мойны жапырағымен кесілген және ұзындығы 1 см артық емес зігірікті болуы керек. Қауданның ең жалпақ диаметрі 6 см кем болмағаны дұрыс. Аққауданды массасы 10 кг аспайтын етіп жәшіктермен, себеттермен тасымалдайды. Ыдысы құрғақ, бүтін, мықты, бөтен иіссіз болуы керек. Ыдыстың бетін, ақсүттіген құрғамас үшін, кенеппен жабады.
Тексеру сұрақтары:

1. Ақсүттіген түрлерін ажыратыңыз?

2. Ақсүттігеннің агротехникасы ерекшеліктерін атаңыз?

3. Ақсүттігенді қорғаулы жерде өсіру?

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Щепетков Н.Г., Өзбеков Б.Мб, Ысқақов М.Ә., Жұмағұлов И.И., Еркенбаев Н.С. Көкөніс шаруашылығы.Астана, 1998

  2. Щепетков Н.Г. Овощеводство Северного Казахстана. Уч. пособие для вузов по агрономическим специальностям. Алматы, 1990.

  3. Юсупов М., Петров Е., Ахметова Ф. Овощеводство Казахстана, Учебник. Т. 1-2. Алматы, 2000.

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

СӨЖ № 1.

«Шекілдеуік тектес тұқымдастарының өкілдеріне сипаттама»

Тапсырмалар:

1.Шетен сипаттамасы

2.Кәдімгі шетен сипаттамасы

3.Долана сипаттамасы

4.Беже сипаттамасы

5.Мушмула сипаттамасы

СӨЖ №2

«Сүйекті тектес тұқымдасының өсімдіктеріне сипаттама»

Тапсырмалар:

1.Тәтті шие сипаттамасы

2.Үй алхорысы сипаттамасы

СӨЖ № 3.

«Жидек дақылдарының сипаттамасы»

Тапсырмалар:

1.Қызыл қарақат сипаттамасы

2.Қарлығы сипаттамасы

3.Шырғанақ сипаттамасы

4.Үшқат сипаттамасы

СӨЖ №4.

«Жеміс ағашының құрылысы»

Тапсырмалар:

  1. Шекілдеуіктілердің және сүйектілердің жемістік құрылымдарының түртектері


СӨЖ №5.

«Жеміс салудың заңдылықтары»

Тапсырмалар:

1.Жеміс-жидектердің жеміс тіршілігінің ұзақтығы

2. Жеміс салудың дүркінділігі
СӨЖ № 6.

«Өсіндімен көбейтілген телітушіні өсіру»

Тапсырмалар:

1 Тұқымбақтың екінші танабы (біржылдықтар танабы)

2. Тұқымбақтың үшінші танабы (екіжылдықтар танабы)
СӨЖ № 7.

«Жеміс ағаштарын отырғызуды жоспарлау қағидаттары»

Тапсырмалар:

1. Бақ салуға жер бедерін, топырақты таңдау және бағалау
СӨЖ № 8

«Көкөніс дақылдарын гидропонды жылыжайларда өсіру»

Тапсырмалар:

1. Сортаңданумен күресу

2.Дақыл айналымы

СӨЖ № 9

«Тұқым және көкөніс дақылдарын себу»

Тапсырмалар:

  1. Көкөніс дақылдарды себу агротехникасының ерекшеліктері


СӨЖ №10

«Орташа және кеш пісетін орамжапырақ сұрыптарының агротехникасы»

Тапсырмалар:

1. Түсті орамжапырақты өсіріп жеткізу

2. Орамжапырақ сұрыптары
СӨЖ №11

«Бұршақты көкөністер. Қантты жүгері»

Тапсырмалар:

1. Бадана дақылының маңызы

2.Бадананы өсіру технологиясы

3.Бадананың тұқым шаруашылығы

4. Қантты жүгері маңызы, өсіру агротехникасы
СӨЖ № 12

«Қымыздық, өсіру агротехникасы, тұқым шаруашылығы»

Тапсырмалар:

  1. Қымыздықтың тұқым шаруашылығы


СӨЖ № 13

«Ақжелкенжәне қатыран, морфологиясы, өсіру агротехникасы»

Тапсырмалар:

1.Ақжелкен тұқым шаруашылығы

2.Қатыран морфологиясы, өсіру агротехникасы, тұқым шаруашылығы
СӨЖ № 14

«Аскөк. Өсіру агротехникасы, тұқым шаруашылығы»

Тапсырмалар:

1.Аскөкті өсіру технологиясы

2. Аскөктің тұқым шаруашылығы
СӨЖ № 15

«Ақсүттіген. Биологиясы, өсіру ерекшеліктері»

Тапсырмалар:

1. Ақсүттігеннің тұқым шаруашылығы

2. Саумалдық өсімдігі

3. Саумалдық өсіру агротехникасы

4.Саумалдық тұқым шаруашылығы

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Щепетков Н.Г., Өзбеков Б.Мб, Ысқақов М.Ә., Жұмағұлов И.И., Еркенбаев Н.С. Көкөніс шаруашылығы.Астана, 1998

  2. Щепетков Н.Г. Овощеводство Северного Казахстана. Уч. пособие для вузов по агрономическим специальностям. Алматы, 1990.

  3. Юсупов М., Петров Е., Ахметова Ф. Овощеводство Казахстана, Учебник. Т. 1-2. Алматы, 2000.

«Жеміс-жидек және көкөніс шаруашылығы» пәні бойынша

АБ сұрақтары

­

Нұсқа № 1

1. Шекілдеуіктер тобына жататын дақылдар: _________________________

_______________________________________________________________

2. Тамыр жүйесі немесе тамыр жүйесі және сүңгектің төменгі кішкене бөлігі ____________деп аталады.

3. Тамыр мойнынан төменгі бірінші қаңқалы бұтақтануына дейінгі діңнің бөлігі _____________ деп аталады?

4. Ұзындығы 2-3 мм-ден 2-3 см-ге дейінгі, ең қысқа жақсы қалыптасқан ұштық өсінді немесе гүлді бүршігі бар, жылдық ең осал өсімдері ____________ бұтақтар деп аталады?

5. Экологиялық фактор ретінде микроэлементтердің жеміс дақылдарына тигізетін әсері __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

6. Жеміс ағашының жер үсті бөлігінің құрылымын атаңыз?

7. “ Табанынан”, “ бүршiк үстiнен” кесiктi қалай жасайды?

8. Көзсабақтау деген не?

9. Қалемшелеп ұластырудың тəсiлдерi неше топқа бөлiнедi жəне олардың өзгешелiктерi?

10. Бақтың пайдалы (таза)ауданы деп нені түсінесіздер?

11. Қара қарақатты қызыл қарақаттан қандай белгiлерiне қарап ажыратады?

12. Сидам дегеніміз?

13. Таңқурай сұрыптарын атаңыз?

14. Алма бағының ұзақ өміршеңдігі қанша жыл?

15. Жеміс-жидек өсімдіктерінің өсіп-өну кезеңдерін атаңыз?

16.Алма дақылының 5 га жерге бақ отырғызу үшін қанша өсімдігін орналастыру қажет?

17. Раундап препараты неге қарсы қолданылады?

18. Зиянкестермен аурулармен күресудің агротехникалық әдісін сипаттаңыз?
Нұсқа № 2
1. Сүйектілер тобына жататын дақылдар: _________________________

_______________________________________________________________

2. Тамырдың сабаққа өтетін аймағы ______________ деп аталады.

3. Ағаштың топырақ астылық бөлігі мен топырақ үстілік бөлігінің арасындағы өту аймағы ____________ деп аталады?

4. ________________________ – бір рет жеміс берген, жемісті бұтақтардың тарамдарынан тұратын жемістік құрылымдар?

5. Экологиялық фактор ретінде ауаның жеміс дақылдарына маңызы __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

6. Шекілдеуікті, сүйекті жəне жидекті дақылдардың жеміс салатын бұтақтарын атаңыз?

7. Бақ пышағын қалай дұрыс қайрауға болады?

8.Көзсабақтауда қалқаншаны қиюдың неше əдiсi қолданылады?

9. Қалемшелеп ұластыруға арналған шыбықтарды қашан жəне қалай дайындайды?

10. Əрбір дақылдардың жəне сорттардың көлемін қалай анықтайды?

11. Қарақат пен тұшаланың өсуiнiң, жемiс беруiнiң жəне көбеюiнiң негiзгi ерекшелiктерi?

12. Копьеца дегеніміз не?

13. Қарақат сұрыптарын атаңыз

14. Алмұрт бағының ұзақ өміршеңдігі қанша жыл?

15. Жеміс-жидек өсімдіктерінің тынығу кезеңдерін атаңыз?

16.Алхоры дақылының 5 га жерге бақ отырғызу үшін қанша өсімдігін орналастыру қажет?

17. Фюзилад супер 125 препараты неге қарсы қолданылады?

18. Зиянкестермен аурулармен күресудің химиялық әдісін сипаттаңыз?


Нұсқа № 3
1. Жидектілер тобына жататын дақылдар: _________________________

_______________________________________________________________

2. Сабақтың жапырақ бекіген жері ______________ деп аталады?

3. Діңдегі барлық бұтақтардың жиынтығы ___________ деп аталады?

4. _________________ – ұзындығы 0,5-3 см-дей болатын, қаптай өсетін жемістік қысқа бұтақшалар?

5. Экологиялық фактор ретінде судың жеміс дақылдарына маңызы __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

6. Шекілдеуікті, сүйекті жəне жидекті дақылдардың жеміс салатын бұтақшаларының айырмашылығы неде?

7. Бақ шаруашылығында қандай құрал-саймандар қолданылады?

8. Көзсабақтау мезгiлдерi.

9. Беттестiрiп ұластыру мен бүйiрлiк тiлмеге телу тəсiлдерi қандай жағдайда қолданылады?

10. Жеміс ағаштарының орналасу үлгісі жөнінде не білесіздер?

11. Таңқурайдың өнiп-өсуi, жемiс беруi жəне көбеюi

12.Габитус дегеніміз не?

13. Шие сұрыптарын атаңыз

14. Таңқурай бағының ұзақ өміршеңдігі қанша жыл?

15. Жеміс-жидек өсімдіктерінің тынығу кезеңдерін атаңыз?

16.Алмұрт дақылының 5 га жерге бақ отырғызу үшін қанша өсімдігін орналастыру қажет?

17. Глифоган препараты неге қарсы қолданылады?

18. Зиянкестермен аурулармен күресудің механикалық әдісін сипаттаңыз?

Нұсқа № 4
1. Жаңғақ жемістілер тобына жататын дақылдар: _____________________

_______________________________________________________________

2. Жапырақтары түскеннен кейін өркендер _______ деп, ал жаңа күнтізбелік жыл басталғаннан кейін - ______________ деп аталынады.

3. Бұтақтанудың бірінші, екінші және сирек үшінші реттік ең ірі бұтақтары______________ деп аталады?

4. Жеміс өсімдіктерінің өркендерінде бүршіктер әдетте, жапырақ қолтығында орналасады, сондықтан оларды ______________деп атайды.

5. Экологиялық фактор ретінде жарықтың жеміс дақылдарына маңызы __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

6. Репродуктивті жəне вегетативті бүршіктердің айырмашылығы қандай?

7. Көшеттiктiң бiрiншi танабына тəн жұмыс түрлерiн атаңыздар

8. Көзсабақтауға телітушілерді дайындау.

9. Қалемшелеп ұластырудың тəсiлдерi неше топқа бөлiнедi жəне олардың өзгешелiктерi?

10. Тұқымдар мен сорттардың квартал ішінде орналасуы қалай?

11. Бүлдiрген өсiмдiгiнiң жасын қалай анықтайды?

12. Ремонтанттылық дегеніміз не?

13. Алмүрт сұрыптарын атаңыз

14. Алхоры бағының ұзақ өміршеңдігі қанша жыл?

15. Жеміс-жидек өсімдіктерінің өсіп-өну кезеңдерін атаңыз?

16.Бүлдірген дақылының 5 га жерге бақ отырғызу үшін қанша өсімдігін орналастыру қажет?

17. Гоал препараты неге қарсы қолданылады?

18. Зиянкестермен аурулармен күресудің биологиялық әдісін сипаттаңыз?
Нұсқа № 5

1. Субтропиктік жемістілер тобына жататын дақылдар: ________________

_______________________________________________________________

2. Ауксибласт және трахиобласт түсінігі?

3. __________ өркендері деп тұқымбақта, өсімдіктердің телінген аймағынан дамыған өркендерді айтады

4. Өркендер өскен жылы пайда болған бүршіктерді _____________ деп те атайды.

5. Экологиялық фактор ретінде жылу режимінің жеміс дақылдарына маңызы __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

6. Алмада, алмұртта, шиеде, өрікте жылдық өскіндердің қандай типтері болады?

7. Аналық-сорттық бақтан қандай өнiм алынады?

8. “ Т”- үлгiсiндегi тiлiкке көзсабақтау əдiстерi.

9. Қалемшелеп ұластырудың жүргiзiлетiн мезгiлдерi.

10. Əрбір дақылдардың жəне сорттардың көлемін қалай анықтайды?

11. Бүлдiргеннiң өнiп-өсуi, жемiс беруi мен көбеюiндегi негiзгi ерекшелiктерi

12. Сидам дегеніміз не?

13. Алма сұрыптарын атаңыз

14. Бүлдірген бағының ұзақ өміршеңдігі қанша жыл?

15. Жеміс-жидек өсімдіктерінің өсіп-өну кезеңдерін атаңыз?

16.Шетен дақылының 5 га жерге бақ отырғызу үшін қанша өсімдігін орналастыру қажет?

17. Глисол препараты неге қарсы қолданылады?

18. Зиянкестермен аурулармен күресудің физикалық әдісін сипаттаңыз?


«Жеміс-жидек және көкөніс шаруашылығы» пәнінен

«Агрономия» мамандығының студенттеріне арналған қорытынды ашық тест сұрақтары:

  1. Қауын,асқабақ,сәбіз,порей, пиязы ,латук,ақ сүттігеннің отаны.

  2. Бадананың,бұршақтың,жүгерінің,қызылқұлақтың шыққан жері.

  3. Қандай шақта вегетативтік мүшелер –тамырлар,жапырақтар,сабақ қалыптасады?

  4. Цитоплазма коллойдтарының тұтқырлығының артуымен,оның өткізгіштігінің төмендеуі.

  5. Көкөніс дақылдарының өсіп жетілу жағдайларына байланысты неше түрге бөледі?

  6. Факторлардың шеткі мәндерін басынан өткізу.

  7. Суыққа төзімді өсімдіктер неше градуста өне алады?

  8. Суыққа төзімді өсімдіктер неше градус үсікке шыдайды?

  9. Бадана, жүгері,бақша дақылдары – жылуға қатынасы бойынша:

  10. Неше градус төмен температурада өсімдік опат болады?

  11. Асқабақ және алқалар тұқымдасының көкөністері:

  12. Өсімдіктердің теріс температураның әсеріне шыдамдылығы:

  13. Жасыл жапырақтардың органикалық заттарды қалыптастыруының қажетті шарттарының бірі:

  14. Жарық күші шамалы болғандада өсе алатын өсімдіктер:

  15. Тәулік бойы жарықтану жиынтығы қияр үшін неше сағат?

  16. Өсімдік тыныс алуына,әсіресе тамырдың және тұқым өсе бастағанда қажет.

  17. Оттекке талабы жоғары,әсіресе тез өсетін өсімдік.

  18. Көкөніс дақылдарында қанша пайыз су болады?

  19. Суды топырақтан алу қабілеттері шамалылар.

  20. Қолайсыз су режиміне ең шыдамды.

  21. Пияз тұқымдасының дақылдарын басы үшін өсіргенде соңғы суаруы жинардан неше жұма бұрын жүргізеді?

  22. Су режиміне талаптары бойынша аралықта орналасқандар?

  23. Ауаның оңтайлы ылғалдылығы 60-70пайыз болуын тілейтін өсімдіктер.

  24. Ауаның оңтайлы ылғалдылығы 70-75% болуын тілейтін өсімдіктер.

  25. Ауаның оңтайлы ылғалдылығы 80-90% болуын тілейтін өсімдіктер.

  26. 1г құрғақ зат алу үшін шығындалған су мөлшерін не деп атайды?

  27. Өсімдіктің бір өсу-даму кезеңінде 1га жұмсалатын судың жиынтығы?

  28. Бір рет суарғанда жіберілетін су мөлшерін не дейді?

  29. Жылыжайларда 1кг өнім алу үшін жұмсалатын судың мөлшері қызанақта неше литр?

  30. Қарбыз,бұрыш,балдыркөк және баклажан үшін сулану тереңдігі қанша см болады?

  31. Топырақ қоректік элементтерін азырақ шығындайтындар?

  32. Өсімдіктерде көмірсуларының пайда болуында және жиналуында маңызды рөл атқаратын элемент?

  33. Вегетативтік мүшелердің өсуіне мүмкіншілік жасайтын элемент?

  34. Тұзға төзімді өсімдіктер?

  35. Ауаның оңтайлы ылғалдылығ 80-90 пайыз болуын тілейтін өсімдіктер.

  36. Тұзға жоғары төзімділер.

  37. Тұзға орташа төзімділер.

  38. Негізгі дақыл тұқымның процентпен көрсетілген мөлшері.

  39. Тұқымның тез және біркелкі өну қабілеті?

  40. Көп жылдық көкөніс дақылдарын –қояншөпті,рауғашты ақжелекті өсіргенде қолданатын тәсіл?

  41. Бір өсімдікті немесе оның бөлігін екінші өсімдікке жалғастыра өсіру тәсілі.

  42. Міндеті бойынша жылыжайлар неше түрге бөлінеді?

  43. Қоршаған орта факторларының өсімдікке әсерін зерттеу үщін жасанды жағдайларды зерттейтін қондырғылар?

  44. Жылытылған жер неше түрге бөлінеді?

  45. Ұзындығы еркінше,ені 1,6м ағаштан жасалған қорап?

  46. Булы жүйекті жасағанда тереңдігі неше см ор қазылады?

  47. Жерден қазылған ұзынша ор?

  48. Топырақ беті мен кәсектің ара қашықтығы қанша см болады?

  49. Кәсектерге қалыңдығы неше мм ашық шыны салады?

  50. Жылыжайларды тізбектеп орналастырғанда оларды қос-қостап қатараралықтарын неше см етіп орналастырады?

  51. .Квартал тәрізді орналастырғанда булы жайлар қанша шұңқырдан орналастырылады?

  52. Жылытушы аспаптарды алюминиийлі бояумен бояу олардың жылу беру қасиетін неше есе кемітеді?

  53. Өсімдіктерді қатты сусымалы инертті субстрадтарда өсіру?

  54. Көшет өсіру үшін қолданылатын тастың шамасы?

  55. Қабыршақты құрылысы бар өте жеңіл жадығат?

  56. .Екпе көшеттерді көшіріп отырғызу неше тәсілмен өткізіледі?

  57. Тіршілік кезеңі ұзақ,жылу сүйгіш өсімдік.

  58. Солтүстік Қазақстанның топырақтары қандай элементке бай?

  59. Көкөніс шаруашылығының дамуына үлкен үлес қосқан көкөнісші-тәжірибелі маман.

  60. Солтүстік Қазақстанда бір жылда түсетін жауын-шашын мөлшері.

  61. Барлық көкөніс дақылдарының үлкен бөлігін өсіргенде қолданатын әдіс.

  62. Бұршақ тұқымдастарда,боташықта және ақжелекте қанша пайыз крахмал болады?

  63. Каротинніңнегізгікөзі.

  64. Қазақстанда көкөніс түрлерінің қанша түрлері өсіріледі?

  65. Әт-түрлі өнім мүшелерін қалыптастыратын өсімдіктер.

  66. Ұсақ жемісті қиярдың,баклажанның, ақ сүттігеннің отаны.

  67. Асбұршақтың, бұршақтың, қарбыздың отаны.

  68. Жер шарында жеміс–жидек дақылдарының қанша түрі өсіріледі

  69. ҚР- да көшеттердің неше түрі бар?

  70. Белгілі бір аймақты отырғызу материалдарымен қамтамасыз ететін арнайы жеміс көшеттері, шаруашылықтары қалай аталады?

  71. Егер әр ағаштан 4-5 кг жеміс жиналса, әр гектарда қанша аналық- тұқымдық ағаш керек?

  72. Бақ қорғанышы ретінде не отырғызылады?

  73. Топырақ құнарлығын жақсы ұстап тұру үшін аналық егілген жер аралықтары неше жылда жыртылады?

  74. Бұталардың түбі қай мезгілде ашылады?

  75. Тұқымды көктемде еккен жағдайда не жасау керек?

  76. Жеміс отырғызу үшін не қолданған абзал?

  77. Сиреткенде қатар аралықтар өсімдік арасы қанша болу керек?

  78. Пурпур теңбілдігін басқаша қалай атайды?

  79. Жабынды ретінде көбінде не қолданылады?

  80. Соңғы жылдары жеміс көшеттігінде телісуші отырғызу үшін қандай машина қолданылады?

  81. Телісушілер ұзақ та жылдам өсу үшін өсімдікке не қолданады?

  82. Көшеттер қандай соқамен қазылады?

  83. Көшеттер қазып алуға неше ай бұрын дайындалады?

  84. Жапырақ түсіру үшін не қолданылады?

  85. Көшеттер отырғызу сапасына қарай нешеге бөлінеді?

  86. Экспозиция дегеніміз не?

  87. Қорғаныш алаптарының неше түрлері бар?

  88. Бақ өнімділігінің потенциалы не себепті төмендейді?

  89. Ағаштары жиі отырғызылатын бақ қалай аталады?

  90. Жеміс өндірудің неше бағыттары бар?

  91. Жеміс дақылдары негізгі тамырларының тереңдік деңгейі?

  92. Гербицид енгізу үшін пайдаланылатын машина?

  93. Қайта телімдеуді жас бұтақтарда неше жылда жүргізген жақсы?

  94. Физиологиялық активті заттарды не деп атаймыз?

  95. Жемістің екі пісу процесін атаңыз?

  96. ұзілу және тұтыну

  97. Сидам деген не?

  98. Шие мен қызыл шиенің аса зиянды ауруы?

  99. Көбінесе сүйектілерде кездесетін ауру?

  100. Антрактоз ауруын басқаша қалай атайды?

  101. Бақ зиянкестерінен биологиялық қорғанудың басты бағыттарының бірі?

  102. Жеміс шаруашылығында ең қиын механикаландырылған жұмыс?

  103. Өсімдік конструкциясы деген не?

  104. Пиллер деген не?

  105. Жеміс ағаштарын сақиналаудың жақсы жағы?

  106. Күшті қысқарту дегеніміз не?

  107. Қазіргі кезде қандай көшеттер басым?

  108. Ағаш қырқу туарлы алғашқы мәліметтер қай ғасырда кездеседі?

  109. Органикалық тыңайтқыштарға не жатады?

  110. Шірінді қандай тыңайтқыштарға жатады?

  111. Қарлыған дегеніміз не?

  112. Таңқурай неше рет шырпылады?

  113. Көбінесе тым ылғалды жерлерде кездесетін ауру?

  114. Коккомикоз дегеніміз не?

  115. Алма жемістерінің жапырақтарын алмұрт өркендерін зақымдайтын, өнімділігін, сапасын суыққа төзімділігін төмендетеді?

  116. Суықтан сақтанудың тиімді әдісі?

  117. Ағаштарды қысқы күзгі күн сәулесінен қорғау үшін не қолданылады?

  118. Қар жатқан тұстан жоғары жер бетіндегі бөлігінің үситін кезде не қолданылады?

  119. Жарақататтың диаметрі 2 см көп болғанда не пайдаланылады?

  120. Қазақстанда жеміс ағашының қанша түрі өсіріледі

  121. Қазақстанда алма,алмұрт,алхоры,шие,шабдалы,өрік жемістері жеміс-жидектің қанша %-ын алады

  122. Биологиялық жағынан жеміс-жидек өсімдіктерінің қанша проценті раушан гүлді тұқымға жатады

  123. Екпе жеміс-жидектерінің негізінен жабайы дақылдардың аймақтарда көп өсетінін дәлелдеген ғалым

  124. Қара жемісті аронияның пайда болған ортасы

  125. Қазақстанда қызыл шипенің қанша түрі бар

  126. Шиенің ботаникалық тегі бойынша қанша түрді біріктіреді

  127. Алшаның өнімі аяқталатын дәуірі қанша жыл

  128. Алма қандай өсімдік

  129. Шилен қандай тұқымдасқа жатады

  130. Құрманың тұқымдасы қандай

  131. Анар қанша жылдық өсімдік

  132. Құрманың шыққын жері

  133. Мандарин ағаштары отырғызылғаннан кейін қанша жылда өнім береді

  134. Апельсин субтропикті дақылдардың арасында дүние жүзінде өнімі жағынан нешінші орын алады

  135. Лимон ағашының биіктігі

  136. Апельсин қанша жылда өнім береді

  137. Копьецаның тіршілік ету ұзақтығы

  138. Жемістердің циклдық ескіру және жасару теориясын жасаған ғалым

  139. Өсімдіктің жоғалған бөлігін қалпына келтіру қабілетін қалай атаймыз

  140. Өсімдіктің бір маусымда екі немесе бірнеше өнім беру қабілетін не деп атаймыз

  141. Жеміс өсімдіктерінің бүкіл тіршілік циклын 9 кезеңге бөлген ғалым

  142. Жас өсімдіктерде қандай фаза болмайды

  143. Гүлдеу фазасы нешеге бөлінеді

  144. Алма мен алмұрт үшін қандай температура қолайлы

  145. Жеміс ағаштарының орташа гүлдеу ұзақтығы қанша апта

  146. Түнгі температура салқын болса өсімдікке тигізетін кері әсері қандай

  147. Ағаш сүрегінің дұрыс жетілмеуі

  148. Күзде жапырақ түскеннен бастап,көктемгі өсіп-өну кезеңі басталғанға дейінгі аралық

  149. Өсімдікітің бүкіл өсіп-жетілу процестерінде жетекші энергиялық фактор болып табылады

  150. Жеміс және жидек өсімдіктер үшін қолайлы жағдай ылғалы қанша процент

  151. Транспирацияға судың көп мөлшері,тамыр сіңірген ылғал қанша процентіне дейін жұмсалады

  152. Милтон қандай сорт

  153. Қазақстанда өсірілетін алма және алмұрт сорттары ерекшеліктеріне байланысты қанша топқа бөлінеді

  154. Грушовка верненская қандай сорт

  155. Ранет Симиренко қандай сорт

  156. Делишес американдық сорты қанша жылыда жеміс салады

  157. Пармен зимний золотой ағашынан орта есеппен қанша кг алма алынады

  158. Уральское наливное Қазақстанның қай жерінде аудандастырылған

  159. Вильямс қандай сорт

  160. Ванета қандай сорт

  161. Ренклод альтана қайда шығарылған

  162. Никитский бағында шығарылған сорт

  163. Вислуха өсімдігі орта есеппен әрбір гектардан қанша центнер өнім алынады

  164. Сабақ бұтақтарды немесе бұтақтарды аналық өсімдіктерден бөлмей тамырландыруды не деп атайды

  165. Телімдеп көбейтуді жасаған ғалым

  166. Профессор Г.В.Трусевич телісушіге қанша талап қояды

  167. Клонды телісуші бақ еліміздің жеміс өсімдіктері отырғызылған жалпы алаңның қанша процентін алады

  168. Орман алмұрттының биіктігі қанша метрден асады

  169. Орман алмұртты қанша жылда жеміс береді

  170. Қандай жеміс екпе сорттардың телісушісі ретінде қолданылады

  171. Шетен тектестердің қанша түрі бар

  172. Беке өсімдіктері қанша жылға дейін жеміс береді

  173. Қара жемісті арония пайда болған ортасы

  174. Ырғайдың табиғи түрінде қайда өседі

  175. Долананың өмір сүру ұзақтығы қанша жыл

  176. Қазақстанда шиенің өндірістік қанша түрі өсіріледі

  177. Қазақстанда шабдалының қанша сорты бар

  178. Қуаңшылыққа төзімді өсімдік

  179. Бүлдіргеннің дүние жүзінде қаншаға жуық түрі бар

  180. Бүлдіргеннің елімізде жабайы қанша түрі бар

  181. Қарақат өсімдігіннің биіктігі

  182. Таңқурай өнімді отырғызғаннан кейін қанша жылда береді

  183. АҚШ-та тұшала өсімдігінің қанша түрі бар

  184. Орта Азияда,Әзірбайжанда,Грузияда кең тараған өсімдік

  185. Пісте қандай өсімдік

  186. Інжір қандай тұқымдас өсімдік

  187. Қазақстанда өсірілетін жеміс дақылдарының көбісі үшін активті температура қанша болып табылады

  188. Лесная красавица қандай сорт

  189. Гриот остреймский испаниялық сорты қандай облыста аудандастырылған

  190. Дрогана желтая қандай сорт

  191. Ақкекірелерге (күрделігүлділерге) қандай көкөністер жатады:

  192. Алқа тұқымдастарына жатады

  193. Қоршаған ортаның жағдайына байланысты өсімдік тіршілігінде неше фактор әсер етеді

  194. Бір өсімдік немесе оның бөлігін екінші өсімдікке жалғастыра өсіру әдісін алғашқы рет кім қолданған

  195. Өсімдіктің күн мен түннің ауысуына реакциясын не дейді

  196. Жылытылған жер неше түрге бөлінеді

  197. Г.И.Тараканов бойынша ашық грунтқа арналған көшеттерді технологиялық байланысты нешеге бөлді

  198. Екпе көшеттерді отырғызу неше тәсілмен өткізіледі

  199. Асқабақ өсу үшін оңтайлы температура

  200. Сүйекті топтарға жататын жеміс ағаштары

  201. Жеміс өсімдіктері морфологиялық және биологиялық ерекшеліктеріне қарай неше түрге бөлінеді

  202. Жеміс өсімдіктердің бүкіл қызметін әлсіретуге әкеліп соғатын қайталанбайтын немесе аз қайталанатын өзгертудің жиынтығы не

  203. Жеміс өсімдіктің кейбір клеткалардың, тканьдердің, органдардың тіршілікке бейімділігінің уақытша арттыру не

  204. Бұтақтарының, жапырақтары мен жемістерінің орналасуы және құрылым сипатына білдіріп тұтас сыртқы түрін атаңыз

  205. Грек жаңғағы қай жыл аралығында жеміс сала алады

  206. Таңқұрай сортын ата

  207. Егер телімдеуге мүмкіндік туса, өсімдік бәрібір ұзақ тіршілік ете алмайды деп жорамал жасады

  208. Алманы зақымдайтын ауруды ата

  209. Ағаш кронынының қаңқа түкті бөлікті циклді алмасумен қатар тамырдың тамырдың циклді алмасуымен қатар тамырдың циклдік алмасуы өздігінен жүріп жататының көрсеткен кім

  210. Субтропикті жемісті ата

  211. Қандай жеміс-жидек дақылдарының ата тамырлары көбейту органдары болып табылады

  212. Жеміс-жидек өсімдіктерінің жас өзгергіштігін зерттеген ғалымды ата

  213. Ұлы Отан соғысына дейінгі уақытта өсімдіктердің циклдік ескіру және жасару теориясын жазған кім

  214. Ашылған бүршіктің бұтақтағы жалпы сан қатынасын атаңыз

  215. Өсімдік организімінің тіршілік ету жағдайға бейімделу салдары болып табылатын, яғни оның бөліктерінің құрылысы мен қызметінің бір-біріне сай келуі не деп аталады:

  216. Жеміс-жидектің ең маңызды биологиялық және шаруашылықтық қасиеті қандай

  217. Бір жеміс құрау үшін ағаштың неше жапырағы болу керек

  218. Қазақстанда жеміс ағаштарының неше түрі бар

  219. Өрік ағаштарының өнім беру ұзақтығы қанша жыл

  220. Түп-түп бұталар тобына әртүрлі жастағы бұтақтардан тұратын жеміс

  221. Өріктің сортын ата

  222. Көкөніс шаруашылығы дегеніміз

  223. Жеміс-жидек дақылдары шығу тектеріне, жемісінің құрылысына байланысты неше топқа бөлінеді

  224. Шекілдеуік тобына жатады

  225. Жидек тобына жатады

  226. Жаңғақтар тобына жатады

  227. Өсімдік қажетті заттарды не арқылы сіңіреді

  228. Алма мен алмұртта ең алдымен қандай фенофозасы салынады

  229. Алма ағаштарының орташа гүлдеу ұзақтығы

  230. Өсімдіктің тотықтыру-қалпына келтіру процесіне не әсер етеді

  231. Ерте өнім беретін алма, алмұрт сорттары

  232. Орташа мерзімде өнім беретін алма сорттары

  233. Жаздық алма сорттары

  234. Күздік алма сорттары

  235. Көкөніс дақылдары тұқымының шаруашылық құндылығын аңықтау көрсеткіштері

  236. Өсімдік телімдеудің неше түрі бар

  237. Жеміс ағаштарының бірінші қатары орман алабынан қанша қашықтықта болады

  238. Таңқұрайдың негізгі тамыр мүшесі неше метрге жетеді

  239. Бүлдірген гүлденгеннен кейін неше күнде жеміс береді

  240. Жидек дақылдарын ата

  241. Жеміс шаруашылығында ең қиын механикаландырылған жұмыс

  242. Таңқурай сортын ата

  243. Егер телімдеуге мүмкіндік туса, өсімдік бәрібір ұзақ іршілік ете алмайды деген телімдуеді кім жасады

  244. Жеміс-жидек дақылдары шығу тектеріне, жемісінің құрылысына байланысты неше топқа бөлінеді

  245. Өсімдік тіршілігі дегеніміз

  246. Жаңғақтар тобына жатады

  247. Қырыққабаттың тұқымы неше градуста өне бастайды,Сº

  248. Қырыққабат өсу үшін оңтайлы темперартура, Сº

  249. Қиярдың тамыр жүйесі топыраққа қандай тереңдікке барады, см

  250. Қиярдың 1000 тұымының массасы, г

  251. Қиярдың тұқымы неше градуста өне бастайды, Сº

  252. Бұрыштың 1000 тұқымының массасы, г

  253. Баялдыны нешінші ғасырда және қайда өсіре бастады

  254. Баялдының 1000 тұқымының массасы, г

  255. Басты пияздың отаны

  256. Көп қабатты пияз көп тараған жер

  257. Сарымсақ тамыры неше градус жылылықта өсе бастайды, Сº

  258. Тамыр жемістілерге не жатады

  259. Солтүстік Қазақстанда өсірілетін тамыр жемістілер неше ботаникалық тұқымдасына жатады

  260. Сәбіздің тұқымы неше градуста өне бастайды, Сº

  261. Сәбіздің ең қауіпті дерті

  262. Асханалық қызылшаның тегі

  263. Бақша дақылдарға не жатады

  264. Қарбыздың отаны

  265. Қарбыздың неше түрі бар

  266. Қандай минералды тынайтқышты енгізгенде өсімдіктің дамуы жақсарады, гүлденуі жеделдейді, жемісі тез піседі, өнімі артады

  267. Ақкекірелілерге (күрделігүлділер) қандай өсімдіктер жатады

  268. Алқалар тұқымдасына жататын көкөніс дақылдар

  269. Бір өсімдікті немесе оның бөлігін екінші өсімдікке жалғастыра өсіру әдісін алғашқы рет кім қолданған

  270. Су пайдалану дегеніміз не

  271. Жылудың өсімдікке тигізетін әсері

  272. Жарық дәрежесіне жоғары талап қоятындарға қандай тұқымдастар жатады

  273. Сорттық сапа көрсеткіштері

  274. Шалғам даму циклі бойынша неше жылдық болып бөлінеді

  275. Ақжелкен неше жылдық өсімдік

  276. Көп жылдық тәтті көкөніс дақылдарын бір жерде неше жыл өсіруге болады

  277. Бір үйлі, аталық және аналық гүлдері бөлек орналасқан өсімдікті ата

  278. Ағаш габитусы дегеніміз

  279. Ағаштың бұтақ өндіру қабілеті дегеніміз

  280. Жеміс өсімдіктерінің циклдық жаңару дегеніміз

  281. Ағаштың жалпы қасиетін білдіреді

  282. Ремонттантылық дегеніміз

  283. Ағаштың бүршік қасиеті

  284. Бүршік жарғыштық дегеніміз

  285. Бүршіктердің тез жетілгіштігі дегеніміз

  286. Бұтақ өндіру қабілеті дегеніміз

  287. Бұтақтардың ярустылығы дегеніміз

  288. Өсу корреляциясы дегеніміз

  289. Регенерация дегеніміз

  290. Көкөнiс дақылдарының көбею жолдары

  291. Тұқым өнгiштiгiнiң түрлерi

  292. Топырақ қопсытуды жүргiзу мақсаты

  293. Талап ету факторы дегенiмiз

Бекимова Г.Б.


Жеміс-жидек және көкөніс шаруашылығы
Пәннің оқу-әдістемелік жинағы

Редакционно-издательский отдел

Кокшетауского государственного университета им. Ш. Уалиханова

Подписано в печать 29.10.15 г. Объем 9,8 п.л. Тираж 20 экз.

Заказ №172

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің баспаханасында басылған

Отпечатано в типографии

Кокшетауского государственного университета им. Ш. Уалиханова

Наш адрес: Казахстан, Акмолинская обл., г. Кокшетау,

ул. Ақан-сері, 24 РИО КГУ им. Ш. Уалиханова



e-mail: www.kgu.kz



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет