Бірінші оқушы «шығарма автор қиялынан туған», екінші оқушы «өмірден болған Еңлік қыздың оқиғасы», үшінші оқушы «бәрібір де жазушы кейіпкерді өз бойынан өткізді ғой», төртінші оқушы «кейіпкердің жарық аймен тілдескені табиғат пен адам жанын егіздейді», т.с.с.
Оқушыларды топқа бөлу
Ж/Т. «Әдеби шеңбер» әдісі бойынша топ мүшелерінің әрқайсысына тапсырма беру:
1-оқушы – талқылаушы 1. Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі бойынша 3-4 сұрақ құрастырады.
2. Соңында сыныппен бөлісе алатындай өз тобының жауаптарын жазады.
2-оқушы – белгілеуші 1. Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» әңгімесінің тақырыбына және оның маңызына қатысты 3-4 бөлігін белгілейді.
2. Бөліктерді өз тобына дауыстап оқиды және олардың маңыздылығын талқылайды.. Оқулық бойынша бетін, кейбір маңызды тіркестерді жазып алады, сыныппен бөлісуге бір немесе екеуін таңдайды..