2. Статистикалық анықтамаға байланысты кездейсоқ оқиғаның ықтималдығын тәжірибелер нәтижесіндегі орындалу жилігімен бағалауға болады. Мүмкін тәжірибенің барлығын жасай беру мүмкін емес. Сондықтан әр түрлі оқиғалардың ықтималдығын экспериментсіз жанама түрде алуға тырысамыз. Оқиғалар арасындағы әртүрлі қатынастарға байланысты ықтималдықтар арасында да белгілі бір қатынастар болады. Осындай ережелердің ең маңыздысы және ең қарапайымы ықтималдықты қосу ережесі деп аталады. Кейінірек біз бұл ереженің ықтималдықтар теориясының негізін құратынын көреміз.
Тәжірибе барысында қатар орындалмайтын екі оқиға тоғыспайтын оқиғалар деп аталады. Мысалы, ойын сүйегін лақтырғанда жұп және тақ ұпайлардың қатар түсуі.
– 2-ге еселі ұпайдың түсуі, – 3-ке еселі ұпайдың түсуі болса, бұл оқиғалар - тоғысатын оқиғалар болады.
Ықтималдықтарды қосу ережесі:
Егер А және В оқиғалары тоғыспайтын болса, онда олардың қосындысының ықтималдығы жеке оқиғалардың ықтималдықтарының қосындысына тең:
А мен В оқиғаларына байланысты тәжірибе рет жасалсын, сонда оқиғасы рет , ал оқиғасы рет орындалсын. және В оқиғаларының тоғыспайтындығына байланысты
Достарыңызбен бөлісу: |