бөлшек сан немесе бөлшек деп бірліктің бір үлесін немесе бірнеше үлесінің жиынын айтады деуге болады.
Сонымен, бөлшек сандар өлшеудің нәтижесі ретінде шығуы мүмкін екен.
Бірақ бөлудің нәтижесінде де бөлшек сан шығуы мүмкін.
Натурал сандарды бөлуді қарастырғанымызда, тек бүін сандарды пайдаланып, біз көп жағдайларда а санын b санына бөлгенде шығатын бөліндіні таба алмайтындығымызды анықтаған едік, ал анығында мұндай бөлуді аяқтатып орындаудың қажеттігі өте жиі кездеседі.
Мысалы. 25 санын 7 есе кеміту, яғни 25 санының орнына оның жетіден бір бөлігін алу керек болсын. Мұндай мысал бөлумен шығарылатындығын білеміз; бірақ тек натурал сандарды пайдаланып 25 санын 7 санына бөле алмаймыз. 25 санының жетіден бір бөлігін табу үшін, 25-ті 21 мен 4-тің қосындысы деп ойлап, осы сандардың жетіден бір бөлгілін табамыз. 21-дің жетіден бір бөлігі 3-ке тең, ал 4 бірліктің жетіден бір бөлігін табу үшін, әр бірліктің жетіден бір үлесін алу керек. Демек, 25 санының жетіден бір бөлігі болады.
Бірақ 25 санының жетіден бір бөлігін былай табуға да болады: бір бірліктің жетіден бір бөлігі ; екінші бірліктің де жетіден бір бөлігі ; сонымен, егер 25 бірліктің әр бірлігінің жетіден бір бөлігін осылайша алсақ онда шығады.
Осы қарастырылған мысалда біз 25 санын тең 7 бөлікке бөлдік те, 25 санының жетіден бір бөлігі неге тең екенін таптық.
Сонда . Сонымен,
Достарыңызбен бөлісу: |