бөлшек сандарды азайту деп, берілген қосынды мен қосылғыштардың біреуі арқылы екінші қосылғышты табатын арифметикалық амалды айтатындығы шығады.
Бұл айтылғаннан бөлшек сандарды азайту амалының орындалуы жағынан натурал сандарды азайтудан айырмашылығы жоқ екендігі көрінеді.
Бөлшектерді азайтудың ережесі: бір бөлшектен екінші бөлшекті шегеру үшін оларды ең кіші ортақ бөлімге келтіріп, азайғыштың алымынан азайтқыштың алымын шегеріп, бұдан шыққан айырманы жаңа бөлшектің алымы етіп, ал ортақ бөлімді оның бөлімі етіп алса болғаны.
Екі және бөлшектері және екендігі берілген болсын.
екенін дәлелдейміз.
Бөлшектерді азайтудың анықтамасы бойынша, азайтқышқа айырманы қосқанда азайғыш шығу керек. Осыған сүйеніп берілген бөлшектерді азайтудан шыққан нәтиженің дұрыстығын тексереміз:
Мысал алып түсіндірейік.
. Айырманы есептеу керек.
екендігін дәлелдейміз; азайғыш азайтқышқа айырманы қосқанға тең: .
Оң жақтағы қосуды орындаймыз:
.
Азайғыш шықты; олай болса, азайту дұрыс орындалған.
Аралас сандарды азайтуда бүтін сандар жеке азайтылады да, бөлшектері бөлшектерді азайтудың ережесі бойынша азайтылады. Егер азайғыштағы үлестердің саны азайтқыштағыдан аз болса, онда бір бүтінді алып, оны тиісті үлестерге ұсақтап, азайғыштың алымына қосамыз, сонан кейін азайтуды орындаймыз.
Мысал. .
Достарыңызбен бөлісу: |