Бөлшектерді көбейту.
Анықтама. Екі бөлшек санның көбейтіндісі деп алымы кобейтілетін бөлшектердің алымдарының көбейтіндісіне, ал бөлімі осы бөлшектердің бөлімдерінің көбейтіндісіне тең болатын бөлшекті айтамыз.
Қосудағы сияқты бөлшектерді көбейтудің бұл анықтамасында амалдың алгоритмі бар. Анығында осы анықтамаға сүйеніп, біз
екенін, немесе мысалы,
екенін табамыз.
1-салдар. Бөлшекті бүтін санға көбейту үшін, оның бөлімін сол қалпында қалдырып, алымын осы санға көбейтсе болғаны.
Анығында, , өйткені с бүтін санды бөлімі бірге тең бөлшек деп есептеп, мынаны шығарып аламыз:
,
немесе мысалы,
.
Ескертпе. Бөлшекті бүтін санға көбейту үшін бөлшектің бөлімін осы санға бөліп (егер бөлуге болса), алымын бұрынғыша қалдыруға болады.
.
2-салдар. Бүтін санды бөлшекке көбейту үшін бұл санды бөлшектің алымына көбейтіп, бұдан шыққан көбейтіндіні ізделіп отырған көбейтіндінің алымы етіп алып, ал көбейтіндінің бөліміне көбейткіштің бөлімін алса болғаны. Анығында, , өйткені k бүтін санды бөлімі бірге тең бөлшек деп алып, мынаны табамыз:
,
немесе, мысалы,
.
Достарыңызбен бөлісу: |