6
§1–2. Жасанды интеллект
Жасанды интеллект деген не?
Жасанды интеллект (ЖИ)
– адамдардың құзыретіндегі
ерекше шығармашылық әрекеттерді
орындайтын интеллек-
туалды машина. Сондай-ақ «Жасанды интеллект» термині
ғылым мен зият керлік машиналарды жасау технологиясын
білдіреді. Ең алғаш бұл анықтаманы 1956 жылы америкалық
ғалым Джон Маккарти ұсынды. «Аrtificial intelligence» сөз
тіркесіндегі «intelligence» сөзі «саналы түрде
ойлана алу
білігі» деген мағынаны береді.
1950 жылы ағылшын ғалымы Алан Тьюринг «
Машина
ойлана ала ма?
» деген мақала жазды. Онда автор машинаның
саналылық жағынан адаммен теңесетін кезін анықтауға бо-
латын процедураны ұсынды. Процедура кейіннен «Тьюринг
тесті» деп аталды.
Жасанды интеллект адамның интеллектуалды ойлану
және тал қы лау әрекетін қайталайтын
машина жасауға жол
ашады. Машиналар программалық жасақтамамен басқа ры-
латын болғандықтан, ЖИ-нің машина әрекетін бақы лайтын
интеллектуалды программалармен ортақ атқаратын қызмет-
тері бар.
ЖИ саласындағы жұмыстар адам миының қасиеттерін мең-
ге румен тығыз байланысты. Ғалымдар ми жұмысының қағида-
ла рын түсінген кезде ЖИ құру міндетті түрде орындала тын әре-
кет ке айналды. Оқыту, ойлану
және шешім қабылдау кезінде
адам миын да орын алатын әрекеттерді қайталайтын машина
құрастыра аламыз. Мұндай машина оқы ту ға қабілетті жүйе
құруға мүмкіндік береді. ЖИ көмегімен ақылды жүйелер
Достарыңызбен бөлісу: