Г. Ж. Сұлтанғазина Дәрілік өсімдіктер



бет3/10
Дата13.02.2017
өлшемі2,15 Mb.
#9096
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Жұмыстың барысы

  1. Алқа тұқымдасқа жататын дәрілік өсімдіктердің гүлдерін зерттеп, суретін салу

  1. Гүлдер формуласын жазып, диаграммасын жасау

  1. Дәрілік өсімдіктердің бірінің гүліне биоморфологиялық сипаттама беру

4 Тірі өсімдіктерден немесе кеппешөп даналарынан алқа тұқымдас өсімдіктердің вегетативтік мүшелерін қарау

5 Гүлдерінен тостағаншасының, күлтесінің біріккен, бірікпегенін, санын, гүл симметриясын анықтау


Алқа (Solanaceae) тұқымдасына жататын дәрілік өсімдіктер тізімі
Қара меңдуана (Белена черная) - Hyoscyamus niger L.

Сасық мендуана (Дурман обыкновенный) – Datura stramonium L

Ащылау алқа (Паслен сладкогорький) - Solanum dulcamara L.

Қайталау сұрақтары:

  1. Алқа тұқымдастарына қандай өсімдіктер жатады?

  1. Алқа тұқымдастардың қандай айырым белгілері бар?

  1. Алқа тұқымдас өсімдіктерді қандай мақсаттар үшін өсіреді?

  2. Гүліндегі тостағанша, күлте, аталық, аналықтардың қандай ерекшеліктері

бар?

  1. Жемістері қандай болып келеді?

  1. Қызғанақтың вегетативтік мүшелері және гүлі қандай құрылысты болады?

  1. Қызғанақтың жемісі қандай және гүл формуласын жазып көрсетіңдер.

  2. Жергілікті жерде алқа тұқымдас өсімдіктерден қандай өсімдіктер өседі?

  3. Алқа тұқымдастардың бәріне ортақ қандай белгілері бар?



Сабынкөк тұқымдасы
Сабынкөктер тұқымдасының құрамына 300 туыс, 5000 түрі енеді. Гүлінің формуласы Са(5_4) Со(5.4) A 4 G (2), кейбір кезде актиноморфты болып келеді. Тұқымдас өкілдері барлык әлемде тараған. Өмірлік формалары: біржылдық және көпжылдық шөптесін өсімдіктер, бұталар. Сабынкөктер тұқымдасы жәндіктермен тозаңданады. Жемістері - екіұялы қауашақ. Тұқымдары кұмырсқалармен, желмен жайылады.

Сабынкөктер тұқымдасы ерінгүлділер тұқымдасынан гүлдерінің пішіндерінің алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Тостағаншасы бірікпеген, сонымен қатар кейбір кезде біріккен (үзын түтікті, 4 немесе 5 тісшелі) болады. Күлтежапырақшалары қысқа түтікті және табақша тәрізді болып келеді. Аталығы -5-4, кейбір кезде екеу. Аналығы екі жемісжапырақшаларынан тұрады. Жемістері көбінесе қауашақ, кей кезде жидекті, сүйекжемісті.


Сабынкөк (Scrophulariaceae) тұқымдасына жататын дәрілікөсімдіктер тізімі
Күлгін аюқ ақ (Коровяк фиолетовый) - Verbascum phoeniceum L.

Кәдімгі аюқұлақ (Коровяк обыкновенный) - Verbascum thapsus L.

Орыс сиякөк (Льнянка русская) - Linaria ruthenica Bionski

Кәдімгі сиякөк (Льнянка обыкновенная) - Linaria vulgaris Mill.

Шығыс текесақалы (Додарция восточная) - Dodartia orientalis L.

Буынды сабынкөк індетшөп (Норичник узловатый)-Scrophularia nodosa L.

Күміс бөденешөп (Вероника серебристая) - Veronica incana L.

Масақты бөденешөп (Вероника колосистая) - Veronica spicata L.

Тарақша мариягүл (Марьянник гребенчатый) - Melampyrum cristatum L.

Кәдімгі қандауыр (Зубчатка обыкновенная) - Odontites vulgaris Moench.

Кіші сылдырмақ (Погремок малый) - Rhinanthus minor L.

Ірәгүлді оймақгүл (Напертянка крупноцветная)Digitalis grandiflora L.

Алқызыл оймақгүл (Наперстянка пурпуровая) – Digitalis purpurea L.

Түкті оймақгүл (Наперстянка шерстистая) – Digitalis lanata Ehrh.

Егістік күнзе (Кориандр посевной) – Corindrum sativum L.

Қайталау сұрақтары:

  1. Сабынкөк тұқымдастарына қандай өсімдіктер жатады?

  1. Сабынкөк тұқымдастардың қандай айырым белгілері бар?

  1. Сабынкөк түұқымдас өсімдіктерді қандай мақсаттар үшін өсіреді?

  2. Гүліндегі тостағанша, күлте, аталық, аналықтардың қандай ерекшеліктері

бар?

  1. Жемістері қандай болып келеді?

  1. Жергілікті жерде сабынкөк тұқымдас өсімдіктерден қандай өсімдіктер өседі?

  1. Сабынкөк тұқымдастардың бәріне ортақ қандай белгілері бар?


Алабота тұқымдасы
Алабота тұқымдасына - бүкіл жер шарына тараған біржылдық, немесе көпжылдық, сортаң топыраққа төзімді, шөптесін, бұта, ағаш түрінде кездесетін өсімдіктер жатады.

Бұлардың көпшілігінің сабағы бунақты, жапырақтары кезектесіп немесе қарама-қарсы орналасады. Гүлдері түссіз, ұсақ гүлшоғырына жиналып, масақ құрайды. Гүлсерігі қарапайым, жасыл, кейде болмауы да мүмкін. Гүлдері дара, кейде кос жынысты болады. Андроцейінде бес аталық, кейде кос жынысты болады. Гинецейі коп бөлікті, ценокарпты, екі-үш, кейде төрт-бес жеміс жапырағынан тұрады немесе апокарпты. Жемісі - жаңғақша немесе тұқымша. Жұмыстың барысы

1 Тірі немесе кеппешөп даналарынан алабота тұқымдасқа жататын дәрілік өсімдіктердің вегетативтік мүшелеріне сипаттама беру, сабағының көлденең кесіндісін ұлғайтқыш әйнекпен қарау


  1. Гүлшоғырының қандай гүлшоғыр түріне жататындығын анықтау

  1. Гүліндегі гүл серігінің құрылысын, аталық, аналық гүлдерін анықтау

  1. Дәрілік өсімдіктердің жеміс түрлерін анықтау

  2. Ақ алаботаның және басқа да дәрілік өсімдіктердің сыртқы құрылыстарының, гүл бөлімдерінің, жемістерінің суреттерін салу


Алабота (Chenopodiaceae) тұқымдасына жататын дәрілік өсімдіктер тізімі
Қанбақ сораң (Солянка холмовая) – Salsola collina Pall.

Шеркез (Солянка Рихтера) – Salsola Richteri Voq.

Қайталау сүрақтары:

1 Алабота тұқымдасына қандай өсімдіктер жатады?



  1. Алабота тұқымдасына жататын өсімдіктердің сыртқы құрылысында қандай ерекшеліктер бар?

  1. Ақ алабота өсімдігін не себептен космополит деп атайды?

  1. Ақ алаботаның гүл, жеміс кұрылыстары қандай?

  2. Тұқымдарында қандай ерекшеліктер бар?

  3. Көкпек өсімдігінің вегетативтік және гүл мүшелерінде қандай ерекшеліктер бар?

  4. Ақ алабота мен көкпектің арасында қандай ұқсастыктар, айырмашылықтар бар?

8 Ақ алабота, көкпектің гүл формулалары қандай болып келеді?
Айқыш (Крестгүлділер немесе қырыққабат) тұқымдасы
Айқышгүлділер тұқымдастар құрамына 380 туыс, 3200 түр енеді. Гүл формуласы: *Ca2+2Co4A2+4G(2). Тұқымдас өкілдері барлық элемде тараған, көбінесе суық аймақтарда өседі. Өмірлік формалары: біржылдық және көпжылдық шөптесін өсімдіктер, кейде бұталар.

Тозаңдану көбінесе жәндіктермен жүреді. Жеміс бұршаққын. Тұқымдары желмен, жануарлармен, сумен, ауамен жайылады. Гүл шоғы: қалқанша және шашақ. Айқышгүлділер тұқымдас өкілдерінің жапырақтары қатарлы, көбіне тамырлы дегелек түзіледі.

Айқышгүлділер тұқымдасының басты ерекшелігі: гетерокарпия болып келеді.

Тұқымдас өкілдерінің адамның өмірінде де ролі зор, өйткені көбі мәдени өсімдіктер қатарына енеді. Айқышгүлділер тұқымдасының мәдени өсімдіктерінің қатарына қырықкабат туысы кіреді.



Кәдімгі жұмыршақ - биіктігі 5-40 см жететін біржылдық шөптесін өсімдік, өркендері қарапайым немесе бұтақтанған, түкті кейде түксіз. Тамыр мойнындағы дапырақтары дегелектенген, үш бұрышты қауырсын ойықты, жиектері тіс тәрізді, бітеу. Өркенжапырақтары ұсақ, ұзынша, бітеу кейде ойыс тіс тәрізді. Жоғарғы жапырақтары таспа тісінді. Ұштар жібеге ұқсас. Гүлдері шашақты орналасқан. Тостағанша жапырақтары ұзын-жұмыртқа пішінді, күлтесі ақ. Жемісінің аздап ойығы бар-бұршаққын. Тұқымы жаншылған- жұмыртқа секілді, ұзындығы 1 мм. Көктемнің басынан жаздың аяғына дейін гүлдейді. Жемісі мамырдан бастап пісе бастайды. Медицинада шөбін пайдаланады

Таралу аймағы.Қазақстанда барлық аудандарда кездеседі, бірақ таулы жерлерде аз.

Экологиясы. Арамшөп, сол себепті ол бау-бақша, бақта, жол бойында, егін арасында өсіп өнеді.

Қоры. Жеткілікті.

Химиялық құрамы. Шөбінде көмір сулар 2-71 процент және бөтен қоспалар- сахароза, сорбоза, лактода, сорбит, органикалық қышқылдар- шавел, шарап, алма, стероидтар, сапониндер, алкалондар, С,Қ, дәрумендер, кумариндер, илік заттар 3,3 процент, флавоноидтар, жапырағында С дәрумені бар, дәмінде карденолиттер, шыны майлар 30,7-38,1 процент, оның құрамынында линолен 48,52 процент, линол-17,18, арахин 10 процент қышқылдары, тиогликозиттер- сингирин бар.

Қолданылуы. Гомеопатия әдісімен барлық қан ағу түрлерін және бүйрек ауруларын емдейді. Индияда тұтастарғыш, несіп құғыш дәрі және қан сию ( гематурия), іш шемені ( асцит), іш өту (диарея) ауруларына, бұрынғы Кеңес одағында өсімдіктердің препараттары жатырдан қан ағуға, қатерлі жараға, асқазан қәтерлі ісігіне, жатырдың дәнекер тканінде өсетін қатерсіз әрі қатерлі ісіктеріне ем. Шөбі VIII және IX фармакопияға дәрі өсімдігі ретінде кірген. Голландияда. Германияда. Югасловияда, ресми түрде дәрі. Ғылыми дәрі-дәрмек ретінде тұндырмасы мен сығыны жатырдың әлсіреуіне және жатырдан қанның ағуын тоқтату үшін қолданылады. Қытайда дизентерия мен көз ауруларына пайдаланылады.

Тибетте құсуға қарсы, Монғолияда жатырдан қан ағуын тоқтату, жүйке ауруларын, түрлі жараларды емдеу үшін қолданылады. Бұрынғы одақта жұмыршақ қайнатпасын дизентерия, асқазанның қабынуын, қан аққанды, өкпе құрт ауруын. Безгек, жүрек, бауыр, суық тиген, құсық, денеде зат заталмасуының бұзылуы, ірінді жараларды емдеуге дәрі ретінде пайдаланады. Сығыны артерия қан қысымын төмен түсіреді, ішек, жатыр қимылын күшейтеді, қанның ұюын жылдамдатады. Жапырағы безгек, несеп жолы ауруларында тұтастырғыш дәрі. Тибетте ықылық тоқтатуға бірден-бір ем. Жемшөптік өсімдік, әсіресе қоянға жақсы азық.
Жұмыстың барысы

1 Дәрілік өсімдіктер гүлдері құрылысының суретін салу. Оларға биоморфологиялық сипаттама беру



  1. Гүлдер формуласын жазып, диаграммасын жасау

  1. Дәрілік өсімдіктер жемістері коллекциясынан, оларға сипаттама беріп, суретін салу


Айқыш (Brassicaceae) тұқымдасына жататын дәрілік өсімдіктер тізімі
Қәдімгі жұмыршақ ( Пастушья сумка) - Capsella bursa pastoris (L.) Medik.

Биік самалдық (Горец высокий) - Sisymbrium altissimum L.

Сарепт қыша (Горчица сарептская (сизая) –Brassica juncea L.

Левкой ақбесқурай ( Желтушник левкойный) – Erysimum cheiranthoides L.

Сұр ақбескурай (Желтушник серый) – Erysimum canescens Roth.
Қайталау сұрақтары:

  1. Айқышгүлділер тұкымдасының морфологиялық, анатомиялық ерекшеліктері қандай?

  1. Айқышгүлділер тұқымдасының тозаңдану түрінің қандай жолы тән?

3 Гетерокарпия дегеніміз не? Неліктен айқышгүлділер тұқымдасына бүл қасиет тән?

Күрделігүлділер тұқымдасы

Күрделі гүлділер өздерінің өсетін ортасына, табиғи ерекшеліктеріне қарай әртүрлі пішінді болады. Бұлар қоныржай аймақта шөптесін өсімдік, шала бұта түрінде өсетін бір, екі немесе көп жылдық өсімдік деп есептелінеді. Бұлардың жапырақтары жай, өркен бойына әдетте кезектесіп, кейде қарама-қарсы орналасқан, пішіндері де әртүрлі, бүтін немесе тілімді болып .келеді, бөбе жапырақшасы болмайды, үсақ гүлдері себет гүлшоғырына топтанады. Себетгүлдің барлық гүлін әдетте жасыл жапырақшалар орамы қоршап тұрады. Майда гүлі өте көп, бір гүл тәрізді жұмырлана топтанған түрі де кездеседі. Мысалы: оны бакбақтан байқауға болады.

Гүл шоғыры - себетгүлдің болуы нағыз күрделі гүлділер түқымдас өсімдіктерге тән белгі. Әдетте гүлшоғырында толып жатқан ұсақ гүлдер болады, олар гүлшоғырының табанына орналасқан. Күрделі гүлдерінің гулі бірнеше түрге бөлінеді:

1) Түтікшелі гүлдер - қос жынысты, актинморфты, күлтесінің жоғарғы жағы бес тілікті болады. Гүл формуласы:

*C(5)pap.0CO(5)A(5)G2


  1. Жалған тілшелі гүлдер - 3 күлтесі болады, олар бір-бірімен бірігіп өскен болады да, жоғарғы жағы үш тілікті болып келеді. Гүлі зигоморфты, көбіне бір ғана аналығы болады. Жалған тілшелі гүлдер себетгүлдің шет жағына қарай өседі де, ортасында түтікшелі гүлдер болады. Түстері ашық түсті болып бунақ денелерді өзіне тартады. Мысалы: кұнбағыс. Гүл формуласы: Са(5)раро СО(3) Ао G(2)

  1. Тілшелі гүлдер - гүлдің күлте жапырақшалары төменгі жағында түтікшеге бірігіп өскен болады да, жоғарғы бөлігі ұзын тілшеге ұқсайды. Тілшенің ұшынан бес тілше жақсы байқалады. Бұдан күрделі гүлділердің арғы тегінде бес култежа-пырақшаларының бірікпей, кейін біріккенін байқауға болады. Тілшелі гүлдер қос жынысты, зигоморфты. Гүл формуласы:

Са (5) рар о Со (5) А (5) G (2)

Воронка тәрізді гүлдер - пішіні воронка тәрізді, күлтенің жоғарғы жағы әртүрлі тілікті бесеу болады. Гүлі зигоморфты, гүлінде аталықта, аналықта болмайды. Мүндай гүлдер гүлшоғырдың шетінде өсіп түрады, ортасында түтікшелі гүлдер өседі. Гүл формуласы: Са(5аро Со(5.7) A0G0



Түймешетен – күрделі гүлділер тұқымдас, ерекше иісі бар, көп жылдық өсімдік. Жапырақтары кезектесе өседі, сопақша келген үстіңгі беті қою жасыл, ал астыңғы жағы сұрғылт жасыл түсті. Гүл қауашақтары домалақ, сары. Гүлдері шоқталып өседі. Биіктігі 60-120 сантиметр.

Июнь мен август айларының аралығында гүлдейді.

Еліміздің барлық жерінде кездеседі. Бақшаларда, бұталар арасында, қайыңды ормандарда, өзен жағасында, жол жиегінде және үй маңында өседі.

Химиялық құрамы. Гүлдерінде танацет, галлус және басқа да органикалық қышқылдар, ащы және илік заттар, шайыр, қант, эфир майы, бояғыш заттар мен май бар. Өсімдік – улы.

Қолданылуы. Дәрілік мақсатқа гүл қауашақтарын, жапырақтары мен шөбін пайдаланады. Оларды гүлдеген кезінде жинайды. Дәрілік өсімдік ретінде түймешетен өте ертеде-ақ белгілі болған. Ол көптеген халықтар медицинасында кеңінен қолданылады.

Гүл қауашағының судағы тұнбасы тәбет ашады, асқазан-ішек бездерінің қызметін күшейтеді, тер шығарады. Өттің бөлінуін жақсартады, қысымын арттырады.

Түймешетен препаратын екіқабат әйелдерге беруге болмайды. Оны көп мөлшерде ішіп қойса, құстырады және іш өткізеді.

Халық медицинасында түймешетенді ревматизмді, құяңды, бас ауруларын, бастың айналуын, гастритті, іш өтуді, қояншықты, сары ауруды, қызбаны, шеменді, қарын жарасын, жүрек қызметінің бұзылуын емдейтін дәрі ретінде қолданады.

Түймешетен препараттарын іріңді жаралар мен жарақаттарды емдеу үшін дене сыртына жағады.

Шайшөп – күрделі гүлділер тұқымдас, көп жылдық өсімдік. Түсі ақшыл. Ұзындығы 40-50сантиметр. Ағаш тамырлы өсімдіктің бірнеше сабағы болады. Тамырына жақын жапырақтары ұзынша келген, жұмыртқа пішіндес сопақ, ал жоғарғылары қияқ тәрізді. Гүл қауашағы қызғылт күлгін түсті, шар тәрізді, жеке-жеке өседі. Жемісі – дән.

Июнь мен август айларының аралығында гүлдейді.

Еліміздің европалық бөлігінің оңтүстік және оңтүстік батыс аймақтарында, Кавказда, Қазақстанның барлық жерлерінде кездеседі. Құмды жерлерде, тау етектерінде, бұта арасында өседі. Кейде сәндік өсімдік ретінде де өсіріледі.

Химиялық құрамы. Шайшөптің құрамында флавондар, флавон глюкозидтері, эфир майы, стеарин қосындылары, илік, ащы және бояғыш заттар, шайыр мен каротин бар.

Қолданылуы. Шайшөптің гүлін дәрі ретінде пайдаланады. Оның гүлдері

халық медицинасында ерте заманнан бері қолданылып келеді.

Шайшөпті жабайы шетенмен, шайқураймен, жүгері аталығымен, күнбағар гүлімен және қызылтаспамен қосып бауыр мен өт жолдарының ауруын, яғни холециститті, холангитті емдеуге болады. Бұл дәріні ішумен бірге қайнатып ыстықтай бауыр тұсына басуға болады. Немесе оған адыраспанды, қазтабанды, өгейшөпті, қара жусанды қосып қайнатып, шөптерін ыстықтай бауыр тұсына басса, науқас адамның жағдайын жақсартады.

Асқазан қышқылы азайған жағдайда шайшөпті киікоты шөбімен, ақбас жусан гүлімен, субеде шөбімен, иір тамырымен және адыраспан шөбімен араластырады да осы қоспаның 10 грамына 400грамм су құйып, 4 сағаттай тұндырады. Содан кейін оны баяу жанған отқа 10 минуттай қайнатады да, суыған соң 3 ас қасықтан күніне 4 рет тамақтан жарты сағат бұрын ішеді. Осы аталған қоспадан сондай-ақ өте тиімді тұнба әзірлеуге де болады. Ол үшін қоспаны ұнтақтайды да 50 грамын алып үстіне жарты литр арақ құяды. Сөйтіп оны күніне бір рет араластырып қойып 8 тәулік тұндырады. Содан соң тұнбаны бір жарым шай қасықтан күніне 3 рет тамақтан жарты сағат бұрын ішеді.



Итошаған – күрделі гүлділер тұқымдас, қою жасыл түсті бір жылдық өсімдік. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан. Гүлдері ұсақ, сары түсті, топталып өседі. Жемісі – ұзынша дән.

Июль-август айларында гүлдейді.

Қазақстанның барлық аймақтарында үш түрі кездеседі. Ылғалды жерлерде, өзен аңғарларында өседі.

Химиялық құрамы. Итошаған шөбінің құрамында илік заттар, шырыш, эфир майы мен ащы заттар, каротин мен С витамині бар.

Қолданылуы. Емдік мақсатқа өсімдіктің шөбін, жапырақтары мен тамырын пайдаланады. Шөбі мен жапырақтарын алғашқы гүлдеу кезеңінде, ал тамырын күзде жинайды.

Итошаған халық медицинасында кеңінен қолданылады. Ол тәбет ашып, ас қорытуды жақсартады, тері аурулары кезінде зат алмасуын қалыпқа келтіреді, тер мен несептің бөлінуін арттырады, қан кетуді тоқтатып, нерв жүйесін тыныштандырады.

Шөбінен жасалған қайнатындыны тәбет ашып, ас қорытуды жақсарту үшін, суық тигенде, жөтелгенде, бауыр ауырғанда, құяңға шалдыққанда ішеді.

Итошаған тамырының қайнатындысымен Орта Азияда бүйі шаққан адамды емдейді. Ал ұсақталған жапырағын жылан шаққан жерге басады.

Ғылыми медицина итшоғанды балалар ауруына, атап айтқанда, әр түрлі диатездер кезінде қолдануды ұсынады. Ол үшін 2 ас қасық итшоған шөбін жарты литр қайнаған суға салып, жылы жерде 12 сағат тұндырады, сонан соң жарты стаканнан күніне 3 рет ішеді.

Кәріқыз – күрделі гүлділер тұқымдас, екі жылдық өсімдік. Сопақша келген жапырақтары кезектесе біткен. Қара қошқыл түсті гүлдері сыртын өткір тікен көмкерген шар тәрізді қауашақта шоқталып өседі. Биіктігі бір жарым метрге дейін жетеді.

Июнь айынан бастап сентябрьге дейін гүлдейді. Жапырақтарын июнь– сентябрь айларында, ал тамырларын күзде жинайды.

Қазақстанда, СССР-дің европалық бөлігінің орталық және оңтүстік белдеуінде, сондай-ақ Сібір мен Орта Азияда кең таралған. Негізінен бау-бақшаларда, далаларда, сортаң жерлерде, сай-жыраларда, жол жиектері мен өзен жағаларында өседі.

Химиялық құрамы. Кәріқыз тамырының құрамында біраз мөлшерде инулин, көмірсутегі, протеиндер, пальмитин және стеарин қышқылдары, ситостерин мен стигмастерин, арктиин глюкозиді, ащы және илік заттар, айрықша эфир және көп мөлшерде С витамині бар.

Қолданылуы. Кәріқыздың тамыры мен жапырақтарының емдік қасиеті бар. Кәріқыз препараттары несеп жүргізеді, тер шығарады, шаштың өсуін жақсартады.

Тамырының тұнбасы мен қайнатындысы халықтық медицинада әр түрлі ауруларға қарсы кеңінен қолданылады. Оның тұнбасымен асқазаннан қан кетуін, созылмалы гастритті, бүйрекке тас байлануын, ревматизм мен құяңды емдейді. Кәріқыз жапырақтарының тұнбасында асқазанға пайдалы және безгекке қарсы әсер ететін қасиет бар.

Кәріқыз тамырынан қайнатынды жасау үшін оның 20 грамм кепкен тамырын бір стакан суға салып қайнатады. Сонан соң оны стаканның үштен біріндей мөлшерде күніне 3 рет қабылдайды. Құяңды емдеу үшін тамыр ұнтағын жарты грамнан күніне 2-3 рет ішу керек.

Кәріқыз тамырын кептіреді, сонан соң одан 2-4 ас қасық алады да 80 грамм суға салып, жартсы қалғанша қайнатады. Зәр айдату үшін оған 2-3 ас қасық бал немесе қант қосып, жарты стаканнан күніне 3 рет ішеді.

Тамыр қайнатындысына шүберек малып, теміреткіге, ұшыққа, жараға жағу да пайдалы. Жара мен терінің қатерлі ісігін емдеу үшін оның жапырағынан алынған шырынды пайдаланады.

Қараандыз – күрделі гүлділер тұқымдас, биіктігі 1,5 метрге дейін жететін көп жылдық өсімдік. Сабағы түзу, жуан бұтағы бар. Жапырақтары ірі,тамырына жақын орналасқан жапырақтары ұзынша эллипс тәрізді. Ал сабағындағы жапырақтары жүрекке немесе жұмыртқаға ұқсаған сопақша, гүлдері ірі 10 сантиметрге дейін жетеді. Түсі сары, сабағы мен тамырының дәмі ащы, ерекше иісі бар.

Қараандыз дымқыл жерде, бұталар арасында, өзен жағасында, әсіресе борлы топырақтарда, орларда, кейде орман шабындықтарында өседі. Негізінде қара топырақты аймақтарда, орманды далаларда, айтарлықтай көп тараған, ал ашық далада сирек кездеседі.

Июнь айының аяғынан бастап, сентябрьге дейін гүлдейді.

Химиялық құрамы. Сабағы мен тамырында инулин және инуленин полисахаридтері, сапониндер, аздаған алколоидтер, Е витамині мен эфир майы, ал жапырағында ащы зат бар.

Қолданылуы. Емдік мақсатқа қараандыздың гүлі мен тамырын пайдаланады. Олардың емдік қасиеті ертедегі Греция мен Римде белгілі болған. Қараандыз тәбет ашатын, ас қорытуды жақсартатын, асқазан мен ішектің қызметін реттейтін, организмдегі зат алмасуын жақсартатын , несеп жүргізетін, тер шығаратын ішек құрты мен қақырық түсіретін, тыныштандыратын, өт жүргізетін дәрілік өсімдік болып табылады.

Халықтық медицинада қараандыздың қайнатындысы мен тұнбасын тыныс жолдары мен асқазан, ішек туберкулезіне, іш өтуге және ревматизмге қарсы ішеді. Қараандыз гүлі мен тамырының спиртке ашытылған тұнбасымен безгекті емдейді. Сонымен қатар, қараандызды әйелдер ауруларына, қан қысымының жоғарлауына, геморройға қарсы және түрлі тері аурулары кезінде қабылдауға да болады.

Ғылыми медицинада қараандызды қақырық түсіретін дәрі ретінде пайдаланады.

Қараандыз тек тұнба, булау, қайнатынды түрінде ғана емес, сонымен бірге оның тамыры мен гүлінен жасалған ұнтақты балға араластырып та қолданады. Оны күніне бір шай қасықтан ішеді. Қараандыз тамырының дәмі ауыз қуырарлықтай ащы, сондықтан оны қант тістеп немесе балмен ішу керек. Тері аурулары мен қотырға шалдыққанда оның тамырының қайнатындысымен денені жуған жөн. Асқазан ауырса қараандыздың 30 грамын 1литр ыстық суға ұзақ бұқтырады, сонан соң оны жарты стаканнан күніне 3 рет ішеді.

Аурудан жаңадан айығып келе жатқан әлсіз адамдардың «қараандыз шарабын» күніне 50 грамнан 2 рет ішкені жөн. Ол үшін жарты литр «Портвеинге» жаңадан ұнтақталған 12 грамм қараандыз тамырын қосып, 10 минут қайнатады. Ал қараандыздың осы мөлшердегі тамырын қызыл кагор шарабына қосып қайнатса, онда бұл қайнатындыны ішек қабынуы мен қарын қышқылының азаюына қарсы қолдануға да болады. Бұл қайнатындыны күніне шамамен 50 грамнан тамақтан кейін ішкен жөн.

Қараандыздың ұсақтап туралған бір уыс гүлі мен тамырын 4-5 қасық шошқаның тұздалмаған майына немесе қой майына араластырып 15 минут қайнатады. Содан кейін бір ыдысқа сүзеді де оны жатар алдында қышыма қотырға жағады. Майды 2 ас қасық қайыңның таза шайырына және осынша мөлшерде күкірт ұнтағына араластырса тіпті жақсы болады. Осылай әзірлеген майды бірнеше күн денеге жағып, соңынан 50грамм тамырын 1 литр суға салып жасаған қараандыздың қайнатындысымен жуынған жөн.



Қәдімгі жусан – күрделі гүлділер тұқымдас, көп жылдық өсімдік. Күлгін түсті бұтақты сабағы болады. Жапырақтары кезектесе шығады. Үстіңгі жағы жасыл, астынғы жағы ақшылдау. Гүл қауашақтары ұсақ, сопақша. Биіктігі 1-1,5 метрдей.

Июль-август айларында гүлдейді.

Еліміздің, соның ішінде Қазақстанның, барлық аймақтарына кең тараған, бұта арасында, сайларда, өзен жағасында, ылғалды жерлерде өседі.

Химиялық құрамы. Қаражусан шөбінің құрамында шырышты және шайырлы заттар, каротин, С витамині, эфир майы мен аздаған алколоидтар бар. Тамырында илік заттар, инулин және эфир майы болады.

Қолданылуы. Емдік мақсатқа шөбі мен тамырын пайдаланады. Шөбін июль-август, ал тамырын күздің соңғы айларында жинайды.

Қаражусанның емдік қасиеті ерте кезден-ақ белгілі болған. Шөбі мен тамырының тұнбалары тәбет ашады, асқазан, ішек бездерінің қызметін күшейтеді, толғақты жеделдетеді, нерв жүйесін тыныштандырады, әр түрлі шаншулар мен құрыспаларды, аурулардыбасады, ұйықтатады. Сондай-ақ тер шығаратын, ішек құртын түсіретін қасиеті бар. Шөбі мен тамырының тұнбасын нервті тыныштандыратын дәрі ретінде ішеді.

Қарашай-Черкес автономиялы облысында қаражусанмен гипертонияны емдейді. Украинада тамырының ақ шарапқа қосылған қайнатындысына бал қосып, өкпе туберкулезіне, тыныс органдары ауруларына қарсы ішкізеді. Орта Азияда суық тигенде одан ванна жасайды. Демікпеге шалдыққан адамға қаражусанның сабағы мен жапырақтарының түтінін иіскетеді.

Етеккір біржола келмей қалған жағдайда 2 ас қасық гүлі мен 1 ас қасық тамырын 1 стакан суық суға салады да әрбір 3 сағат сайын 1 ас қасықтан етеккір келгенге дейін ішеді. Егер етеккір бір аптаның ішінде келмесе, онда тұнбаны қоюлата түскен жөн.

Қояншық ауруын емдеу үшін таза немесе қант араластырған тамырының ұнтағын пайдаланады. Ол үшін 100грамм тамырды жарты литр араққа салады да 3 күн тұндырып, тәулігіне 4-5 рет ішеді.

Қытай медицинасында бүйрек тасы ауруына шалдыққан адамға қаражусан шөбінің қайнатындысынан ванна жасайды.

Қояншық ауруын емдеу үшін қаражусан тамырын ұсақталған көкшешек шөбімен, таушымылдық тамырымен жақсылап араластырады. Сонан соң олардың 10 грамын жарты литр суға салады да бір түн тұндырып қояды. Мұнан кейін баяу жанған отқа 10 минуттай қайнатады да суыған соң сүзіп алады. Бұл қайнатындыны науқас адам 3 ас қасықтан күніне 4 рет тамақтан жарты сағат бұрын ішеді.

Қаражусан тамырына қызылтаспа шөбін, жүгерінің аналық аузын, итмұрын тамырын, ошаған тамырын, аюқұлақ жапырағын, сәбіз ұрығын қосып бүйректас ауруын емдеуге пайдаланады. Ол үшін оларды араластырады да 15 грамын жарты литр суға салып салқын жерге 12 сағаттай қояды. Одан кейін баяу жанған отқа 10 минуттай қайнатады да, суыған соң сүзіп алады. Бұл қайнатындыны 3 ас қасықтан күніне 3 рет, ал кешке жатар алдында 100 грамнан ішеді. Емделу ұзақтығы 5-6 ай.

Ұйқы қашқанда арыстанқұйрық шөбін, түймешетен гүлдерін, көкбасшөп шөбін және қаражусан шөбін араластырады. Осы қосындыдан 10 грамм алып, жарты литр суға салады да 10 минут қайнатады. Мұны 3 ас қасықтан күніне 3 рет тамақтан жарты сағат бұрын ішеді.

Жұмыстың барысы


  1. Бақбақ, жусанның себет гүлдерін мысалға ала отырып тілше тәрізді, жалған тілше тәрізді, түтік тәрізді және воронка тәрізді гүлдер құрылысын зерттеу, суретін салу

  1. Гүлшоғыры схемасын, гүлдерінің диаграммасын жасап, формуласын жазу

3 Тірі өсімдіктерден немесе кеппешөптерден күрделі гүлділер тұқымдастарының тамырын, сабағын және жапырақтарын анықтау

4 Гүлшоғырын анықтап қарау. Гүлшоғырдың томен жағында орналасқан жапырақтарға назар аудару

5Гүлшоғырындағы гүлдердің түрлерін анықтап, аталық, аналықтарын қарау

6 Күрделігүлділер тұқымдасына жататын дәрілік өсімдіктердің құрылыстарындағы және гүл бөлімдеріндегі ерекшеліктерімен танысу


Астралар (Asteraceae) тұқымдасына жататын дәрілік өсімдіктер тізімі
Дәрілік календула (Календула лекарственная) – Calendula officinalis L.

Тікенді шағыртікен (Татарник колючий) – Onopordum acanthium L.

Үлкен андыз (Девясил большой) – Inula grands schrenk L.

Биік андыз (Девясил высокий) – Inula helenium L.

Кәдімгі бақбақ (Одуванчик лекарственный) Tara[acum officinale Wigg.

Дәрілік түймедақ (Ромашка аптечная) Chamomilla recutita L.

Кәдімгі цикорий (Цикорий обыкновенный) Cichorium intybus L.

Құмдық салаубас (Цмин песчаный) Helichrysum arenarium L.

Кәдімгі түймедақ (Ромашка безъязычная) Chamomilla suaveolens L.

Сабалақ төскейшөп (Грудница мохнатая) - Crinitaria villosa (L.) Grossh.

Британ андызы (Девясил британский) - Inula Britannica L.

Кәдімгі сарысояу (Дурнишник обыкновенный) - Xanthium strumarium L.

Имек итошаған (Череда поникшая) - Bidens cernua L.

Үш тармақ итошаған (Череда трехраздельная) - Bidens tripartita L.

Кәдімгі мыңжапырақ (Тысячелистник обыкновенный) - Achillea millefolim L.

Мың жапырақты түймешетен (Пижма тысячелистная) - Tanaceturri achilleifolim (Bieb.) Sch.Bip.

Кәдімгі түймешетен (Пижма обыкновенная) - Tanacetum vulgare L.

Шашақты жусаны (Полынь метельчатая) - Artemisia paniculata Lom..

Тықыр жусан (Полынь гладкая) - Artemisia glabra L.

Кәдімгі жусан (Полынь обыкновенная) - Artemisia vulgaris L.

Ащы жусаны (Полынь горькая) - Artemisia absinthium L.

Жұмыр басты лаңса (Мордовник шароголовый) - Eshinops sphaerocephalus L.

Үлкен шоңайна (Лопух большой) - Arctium lappa L.

Көк гүлкекіре (Василек синий) - Centaurea cyanus L.

Қазақстан ақшайыры (Сушеница казахстанская) - Ghaphalium kazachstanicum Kirp.

Шұбар алатікен (Остро-пестрорасторопша) –Silybium mapuanum L
Пысықтау сұрақтары:

1 Күрделігүлділер тұқымдастарының көлемі қанша?

2 Эволюциялық қатарда күрделігүлділер тұқымдастарының орны қанша?

3 Күрделігүлділер тұқымдастарының өкілдерінің географиялық таралуы қандай?

4 Күрделігүлділер тұқымдастарының өкілдерінің экологиясы қандай?

5 Күрделігүлділер тұқымдастарының өкілдерінің вегетативтік және репродуктивтік органдарының құрылысы қандай?

6 Күрделігүлділер тұқымдастырының құрамына кіретін негізгі туыстар мен түрлер қандай?

7 Күрделігүлділер тұқымдастарының өкілдерінің шаруашылықтағы маңызы қандай?


Ерінгүлділер тұқымдасы
Тұқымдас өкілдері көбінесе шөптесін өсімдіктер немесе бұталар. Осы өсімдіктердің жапырақтары бүтін супротивті, көбінесе тісшелі. Гүлдері екі жынысты, зигоморфты, кейбір кезде актиноморфты, тирсоидты гүлшоғырлары бар. Гүл серігі бесмүшелі. Тостағаншасы біріккен, тісшелі немесе екіерінді. Күлтежапырақшалары екіерінді. Аталығы төртеу, 2 үзын. Жатыны үстіңгі, 2-4 ұялы. Мойыны гинобазиялық, екі ауызы бар. Жемісі 4 бөлікке бөлінген. Тұқымы эндоспермсіз.

Тұқымдас құрамына 200 туыс, 3200 түр енеді. Тұқымдас өкілдері жер шарының барлық жерлерінде тараған, көбінесе Жерорта теңізінде, ал аз мөлшерде суық аймақтарда тараған.



Жасыл сасықшөбі - тамырсабақта көпжылдық немесе екі жылдық шөптесін өсімдік, биіктігі 50- 100 см. Сабағы тік кейде түп жағында аздап көлбеу, төменгі жағы көбірек бұтақталған, қысқа сұр түкті. Жапырағы дөңгелек, көкшіл сұр, бес саусақ салалы. Гүл шоғы біздей, күлтеленіп орнадасқан. Гүл жапырақшалары біз, тәрізді түкті. Тостағаншасы жіңішке конустей. Күлтесі алқызыл. Жаңғақшалары үшкір үш қырлы. Шілдеде гүлдеп, тұқымы тамызда жіктеледі. Медицинада сабағын пайдаланады.

Таралу аймағы. Қазақстан жерінде Тобыл, Есіл,Ертіс өзендерінің бойында, Көкшетау, Каспий ойпаты, Ақтөбе, Мұғаджар, Торғай, Батыс және Шығыс Сарыарқа, Ұлытау, Зайсан, Мойынқұм, Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауында, Қаратауда кездеседі.

Экологиясы. Тау баурайларында, өзен жағаларында, ауыл маңнда, жол бойында, бұта арлығында өсіп-өнеді.

Қоры. Зерттелмеген.

Химиялық құрамы. Шөбінде алкалоидтар- эфир майы 0,04 процент, карденолидтер 0,03 процент, алкалоидтар 0,0009-1,97 процент, С дәрумені, илік заттар 2,32-8,25 процент, флавоноидтар 3,59 процент, тамырында С дәрумені, илік заттар 1,08 процент, дәнінде шыны майы 12,9 процент бар.

Қолданылуы. Шөбінен дайындалған препараттары жүрек және жүрек соғуына (үлпілдеуі) тыныштандырғыш дәрі. Жүрек неврасы, қан қысымы артуының бастапқы кезіңде, ұстамалы жүйке ауруына (истерия) дәрілік ем ретінде қолданылады. Сасықшөп тұндырмасымен базедов және қан тамыры қабырғаларына май қосындыларынан тұрып, қалыптауын (атеросклероз) емдейді. Халық емінде жас шырының тыныштандырғыш дәрі ретінде пайдаланады. Шөбі тыныштандырғыш қоспалардң құрамына кіреді.

Кәдімгі жұпаргүл (Киікішөп) – ерінгүлділер тұқымдас, көп жылдық өсімдік. Көп сабақты. Сабағы төрт қырлы. Жапырақтары сопақша, кезектесе бітеді. Биіктігі 30-80 сантиметрдей.

Июнь-август айларында гүлдейді. Қазақстанда, еліміздің Қиыр Шығысы және Қиыр Солтүстігінен өзге аймақтарында кең тараған. Негізінен ормандарда, шалғынды далаларда өседі.



Химиялық құрамы. Кикіотының құрамында тимол, карвакрол және терпендерден тұратын эфир майы бар. Кикіоты шөбінде илік заттар мен аскорбин қышқылы болады.

Қолданылуы. Емдік мақсатқа кикіотының шөбін пайдаланады. Оны гүлдеген кезде жинап, көлеңке жерге жайып кептіреді. Қағаз қалталарға салып сақтайды.

Халық медицинасында кикіотының қайнатындысын асқазан мен ішек және кеңірдек ауруларын, сондай-ақ әйелдердің әр түрлі ауруларын, әсіресе жатыр ауруын емдеуге қолданады.

Халықтық медицина мәселелерімен айналысып жүрген И.М.Носальдің пікірі бойынша, кикіотын екі қабат әйелге қолдануға болмайтын көрінеді.

Кикіотын ішек перистальтикасы (қуыс мүшелердің созылып-жиырылуы) мен асқазан қызметі бұзылған кезде қолданады.

Халық арасында кикіотын адамның көңіл күйі нашарлап, еңсесі түскенде, жабырқаған кездерінде тыныштандыратын дәрі ретінде береді. Оның ұйықтататын да қасиеті бар.

Кикіотынан жасалған тұнбаны жөтелге, суық тиюге, тыныс органдарының ауруларына қарсы, сондай-ақ етеккірдің келуін реттеу үшін де қолданады.

Кикіоты тұнбасын тәбет ашу мақсатында да қолданады. Асқазан сөлі жеткілікті бөлінбейтін жағдайда кикіотының екі ас қасық шөбін бір стакан ыстық суға бұқтырып қарын ішек атониясына шалдыққанда, қақырық түспей қиналғанда ішу керек. Сонымен бірге оны хош иісті ванна жасау үшін де, құрғақ және дымқыл компресс жасау мақсатына да пайдалануға болады.

Кикіотының асқорыту және бронх бездері секрециясын арттыратын қасиеті бар. Кикіоты шөбін басқа да дәрілік өсімдіктермен қосып ас қорыту және тыныс органдарының ауруларын емдеуге де пайдаланады. Ол үшін шөпшай гүлін, адыраспан шөбін, кикіотын, ақбас жусанның гүлін, гүлшетенді жақсылап араластырады. Бұл қосындының 10 грамын жарты литр суық суға салып, 5 сағат тұндырады. Одан кейін баяу жанған отқа қойып 10 минут қайнатады да, суыған соң сүзіп алады. Оны 3 ас қасықтан күніне 4 рет астан жарты сағат бұрын ішеді.

Бұл қосындыдан араққа ашытып тұнба жасауға жа болады. Ол жоғарыда аталған ауруларды емдеуге қайнатындыдан гөрі күштірек әсер етеді. Мұндай тұнбаны әзірлеу үшін көрсетілген өсімдіктер қосындысын келіге түйіп, майда ұнтаққа айналдырады. Сонан кейін оның 50 грамын алып, жарты литр араққа салады да бір апта бойына жылы жерге қойып қояды. Тек оны күніне бір рет араластырып тұру керек. Бір апта өткеннен кейін тұнбаны басқа ыдысқа құйып алады, ал түбінде қалған қоюының үстіне 150 грамм қайнаған салқын су құйып, араластырады. Сөйтіп, даяр болған тұнбаны 1 ас қасықтан күніне 3 рет тамақтан бір сағат бұрын ішіп отыру керек.

Халық медицинасында кикіоты шөбінен жасалған қайнатындымен ревматизмді, құрысуды, жалпы әлсіздікті, ентікпені емдейді, жалпы тонусты көтеруге ішкізеді. Кикіотынан жасалған дәрімайды дененің салданған мүшесіне, сондай-ақ іш желденгенде қарын сыртына жағып, сылайды.



Жұмыстың барысы

  1. Гүлдер формуласын жазып, диаграммасын жасау

  1. Осы тұқымдастқа жататың дәрілік өсімдіктердің бірінің гүліне биоморфологиялық сипаттама беру

3 Тірі өсімдіктерден немесе кеппешөп даналарынан ерінгүл тұқымдас өсімдіктердің вегетативтік мүшелерін қарау

4 Гүлдерінен тостағаншасының, күлтесінің біріккен, бірікпегенін, санын, гүл симметриясын анықтау

5 Ерінгүлділер тұқымдасына жататын дәрілік өсімдіктердің құрылыстарындағы және гүл бөлімдеріндегі ерекшеліктерімен танысу


Ерінгүлділер (Lamiaceae) тұқымдасына жататын дәрілік өсімдіктер тізімі
Киік оты (Зизифора бунге) Ziziphora bungeana Juz.

Дәрілік мелисса (Мелисса обыкновенная)Melissa officinalis L.

Түркістан сасықшөбі (Пустырник туркестанский)Leonurus turkestanicus L.

Тасшөп жебір (Чабрец маршаллиевский)Thymus marschallianus Willd.

Мысық көкбасшөбі (Котовник кошачий) - Nepeta cataria L.

Түйнекті әрем (Зопник клубненосный) - Phlomis tuberose L.

Ақ тауқалақай (Яснотка белая) - Lamium album L.

Көкшіл сасықшөп (Пустырник сизый) - Leonurus glaucescens Bunge.

Далалық сәлбен (Шалфей степной) - Salvia stepposa Schost.

Кәдімгі жұпаргүл (Душица обыкновенная) - Origanum vulgare L.

Жатаған жебір (Тимьян ползучий) - Thymus serpyllum L.

Ұзын жапырақты жалбыз (Мята длиннолистная) - Mentha longifolia L.

Бұрыш жалбыз (Мята перечная) – Mentha piperita L.

Масақты лаванда (Лаванда колосовая) – Lavandula spica L.

Жөтелшай (Буквица лекарственная) –Betonica officinalis L.

Дәрілік сайсағыз (Иссоп лекарственный) –Hyssopus officinalis L
Пысықтау сұрақтары:

1 Ерінгүлділер тұқымдастарының көлемі қанша?

2 Эволюциялық қатарда ерінгүлділер тұқымдастарының орны қанша?

3 Ерінгүлділер тұқымдастарының өкілдерінің географиялық таралуы қандай?

4 Ерінгүлділер тұқымдастарының өкілдерінің экологиясы қандай?

5 Ерінгүлділер тұқымдастарының өкілдерінің вегетативтік және репродуктивтік органдарының құрылысы қандай?

6 Ерінгүлділер тұқымдастырының құрамына кіретін негізгі туыстар мен түрлер қандай?

7 Ерінгүлділер тұқымдастарының өкілдерінің шаруашылықтағы маңызы қандай?


Раушангүлдер тұқымдасы

Раушангүлділер тұқымдастардың көпшілігі - пайдалы жеміс ағаштары. Бұлар қосжарнақтылар класына жататын ағаш, бұта, көп жылдық, кейде екі немесе бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Олардың жеміс-жидек дақылдары халық шаруашылығында кеңінен қолданылады.



Раушангүлділер тұқымдасына тән ерекшелік - гинецей жэне гүл табанының құрылысы. Гинецейі көп бөлікті апокарптан, бір бөлікті ценокарпты түріне дейін өзгерген. Гүл табаны табақша, бокал тәрізді болады да, оның жиегіне тостағаншаның түп жағы, күлтелері, аталықтары бірігіп өсіп түрады, мұндай гүл табаны гипалтий деп атайды. Жемістері піскен кезде гүл табаны ашық түсті болып, етті және шырынды болып келеді де жемісінің, тұқымының таралуына себепші болады.

Алқызыл долана - биіктігі 1-4 метрге жететін биік бұта,кейде ағаш түрінде де өседі.Діңдерінің ұзындығы 2,0-3,5 см,жуандығы-2 мм.Қызыл-қоңыр түсті қатты тікенектері бар.Бөбешік жапырақтары ланцент тәрізді,үшкір,жиектері мақпалдай, жапырақтарының пішіні дөңгелек жұмыртқа тәрізді,түбі сәл жіңішкелеу, ұзындығы 3-7 см,ені 2-5 см,өте қысқа.(0,5-2,0 см) сағақты,тақтасы 7-9-ға тілімделген.Гүлдері қысқа бұтақтарының ұшында қалқанша гүлшоғырына жиналған тостағанша жапырақшалары жалпақ үшбұрышты,ұшы тіс тәрізді үшкірленіп бітеді.Күлтесі ақ,ені 12-13 мм.Жемісінің ені 10 мм ашық-қызыл немесе қызғылт сары,жұмсақ,еті ұн тәрізді ақ,ішінде 3-4 сүйекшесі бар.Мамыр-маусымда гүлдеп,тамызда жеміс береді.

Медицинада жемісі мен гүлін пайдаланады,басқа түрлері де пайдалы.

Таралу аймағы.Солтүстік Қазақстан,Семей,Шығыс Қазақстан облыстары,Жоңғар Алатауында кездеседі.Флористикалық аудандар:Жалпы Сырт сілемі, Тобыл- Есіл,Ертіс,Семей,Көкшетау,Солтүстік Каспий,Торғай,Зайсан,Балқаш,Алакөл,Алтай,Тарбағатай,Жоңғар Алатауы.

Қоры.Күршім,Марқакөл аудандары,Шығыс Қазақстан облысы,Талдықорған облысының Панфилов ауданы,Павлодар облысы Ертіс өзенінің аңғарында өндірістік мәні бар қалың өскен жерлері белгіленген.

Химиялық құрамы.Жемісінде көмірсулар,органикалық қышқылдар,тритерпеноидтар,стероидтар,хомен,ацетилхоме»С»дәрумені,каротин,илік заттар,катехиндер,лейкоантоцианидтер,натоциандар болады.

Қолданылуы.Долананың препаратын(гүлінің тұндырындысы,жемістерінің сұйық экстрактысы)жүрек жұмсының тонусы бұзылғанда,тахикардия ауруына қарсы қолданады.Адамның көңіл-күйін жақсартып,қан қысымын төмендетіп,дұрыс ұйықтауына әсер етеді.Ауыр науқастан соң қайта қалыпқа келуді тездетеді және құрамындағы холестеринді азайтады.Бас айналғанда,деміккенде пайдаланса жақсы нәтиже береді.

Басқа түрлері. Қазақстан флорасында долананың 7 түрі бар,олардың ішінде Алматы доланасы эндем,күмәнді долана«Қазақстанның қызыл кітабына» енгізілді.Алтай доланасы мен понты доланасы алқызыл доланаға өте жақын (ұқсас),Іле Алатауында (Талғар,Жамбыл аудандары).Алматы доланасы жемісінің құрғақ массасының қоры 42,2 тонна.Жоңғар Алатауында (Сарқанд ауданы) жоңғар доланасының қоры 2,34 тонна.Боралдайтауда понты доланасы 10 тонна.Шығыс Қазақстанда долана жемісінің қоры 30 тонна.Павлодар облысында Құрғақ массасының қоры 10,4 тонна.

Маралқурай - биіктігі 70-100 см жетеді, түзу, жуан сабақты, көп жылдық шөптесін өсімдік. Тамырсабағы қысқа, жуан, жіпше тәрізді көптеген тамырлары бар, Жапырағы көп, үсті жылтыр, саты қысқа түсті, сағақсыз, қынабты, жоғарғы жапырақтары жалпақ эллипс, жоғарғылары ланцет пішінді. Сыпырғы гүлшоғырының ұзындығы 30-40 см, гүл тұғырының ұзындығы 0,3 см. Жемісі жұмыртқа пішінді үш қырлы қауашақ. Шілде-тамызда гүлдеп, тамыз-қыркүйекте жемісі піседі.

Медицинада маралқурайдың тамырын және тамырсабағын пайдаланады.

Таралу аймағы. Еуразиялық түр. Ертіс, Зайзан, Балқаш, Алакөл, Алтай, Тарбағатай, Жоңғар, Іле, Күнгей Алатауларында өсіп-өнеді.

Экологиясы. Көбінесе су жайылатын шалғандарда, тау жоғаларының дымқыл шөптесін және орманды беткейлерінде, тауларда субальні белдеулеріне дейін көтеріледі,

Қоры. Біздің соңғы мәліметтеріміз бойынша, маралқурайдың қаулары Теріскей Алатауында Қарқара өзенінің алабында (82,9), Сарыжаз кең шарының маныңда (67,3), бар екендігі анықталды. Күнкей Алатауында (Шырғанақ өз басы) маралқурайдың 32,9 т қоры бар. Тамыры мен тамырсабағын тамыз-қыркүйекте немесе ерте көктемде әзірлейді.

Химиялық құрамы. Өсімдіктің барлық бөлімінде алкалоид бар, тамырында 2,4, тамырсабағында 1,3 шөбінде 0,55 процент.

Қолданылуы. Маралқурайдың дәрісін тері ауруларына және қышымағы, спиртті тұнба, қайнатпа, май түрінде жүйке, буындардың қабынуын, ревматизм ауруларын жеңілтеду үшін пайдаланады. Тұнбасын ветеринарияда қолданылады.

Басқа түрі. Қазақстанда қара маралқурай сирек кездеседі.



Қазтабан – раушангүлдер тұқымдас, көп жылдық өсімдік. Ұзын да түкті сабақтары бар. Гүлдері сары, олардың екі-екіден қауашағы, көптеген аталығы мен аналығы болады.

Жемісі – кепкен дән. Биіктігі – 15-40 сантиметрдей. Еліміздің европалық бөлігінің барлық белдеулерінде, сондай-ақ Кавказда, Батыс және Шығыс Сібірде, Қиыр Шығыста, Орта Азияның таулы аудандарында кездеседі. Қазақстанның таулы аймақтарында, көлдердің, батпақтардың, шалшық сулардың, бөгеттердің маңындағы дымқыл, сызды жерлерде өседі.

Қазтабанның шөбінде, әсіресе тамырында илік заттар мол, балауыз, крахмал, пигмент, қына қышқылы бар.

Емдік мақсатқа қазтабанның тамыры мен шөптерін қолданады. Оның шөбін май айынан авгусқа дейін, ал тамырын сентябрь, октябрь айларында жинайды.

Қазтабанның несеп жүргізетін, ауырғанды басатын, қан тоқтататын қасиеттері бар. И.И.Михиннің деректері бойынша, қазтабанды шайқурай гүлдерімен, кеурексасыр тамырымен, жұмыршақ шөбімен араластырып, араққа ашытып тұнба не қайнатынды жасап өкпе туберкулезінің әр түрлі формаларын емдейді.

Қазтабанды қызылтаспамен араластырып, бауырға, өтке тас біту ауруларында емдейді.

Суға жасалған тұнбасын тарыспаға, асқазан және ішек түйілулеріне, шаншулы іш өтулеріне қарсы қолданады. Қазтабанның кепкен шөбінің 2-4 ас қасығын 1 стакан ыстық суға бұқтырып, іш өткенде, дизентерияға шалдыққанда, іштен қан кеткенде, асқазан түйіліп ауырғанда, ішек шаншып ауырғанда, етеккірдің келуі бұзылғанда, бастың сақинасы ұстағанда стаканның үштен біріндей мөлшерде күніне 3 рет ішеді.

Украинаның батыс облыстарында қазтабан шөбінің ешкі сүтіне қайнатып жасаған тұнбасын несеп жүргізетін күшті дәрі ретінде қолданады. Белгілі маман М.Носаль қазтабанның көк шөбінен алынған шырынды көктеп келе жатқан қара бидай шырынымен тең мөлшерде араластырып, өтке біткен тасты емдеу үшін бір ас қасықтан күніне 3 рет ішуді ұсынады.

Тіс ауруын, ауыз бен көмей қабынуларын емдеу үшін 4 ас қасық қазтабан шөбін 3 стакан суға 5 минут қайнатып алып, 2-4 сағат тұндырып сүзеді. Сонан соң онымен ауыз шаяды. Бұл препаратты сіңір тартылғанда, тері ауруларына қарсы ванна немесе компресс жасауға болады. Немесе бұл аурулар кезінде 3-4 ас қасық қазтабан шөбін дәкеге орап, ыстық суға шылайды да ауырған жерге басады.

Қартажоңышқа – раушан гүлділер тұқымдас, жуан әрі тік сабақты көп жылдық өсімдік, сабағының жоғарғы жағы бұтақты келеді. Жапырақтары бірнеше бөліктен тұрады. Гүлдері сары түсті. Жемісі – құрғақ дән. Биіктігі 15-50 сантиметр.

Май және август айларының аралығында гүлдейді. Қазақстанның солтүстігінде, еліміздің европалық бөлігінің барлық аймақтарында, Кавказда, және Батыс Сібірдің оңтүстігінде кездеседі. Ылғалды орман шеттерінде, батпақты жерлерде өседі.

Өсімдіктің құрамында илік заттар, торментол эфирі,қына және эллаға қышқылдары, торментиллин глюкозиді, шайыр, крахмал және флобафен атты қызыл пигмент бар.

Дәрілік мақсатқа қартажоңышқаның сабағын пайдаланады. Оны күздің соңғы айларында жинап алады. Сабағынан жасалған қайнатындыны ауыз ауруларына қарсы, сондай-ақ оны басқа да дәрілік өсімдіктермен яғни шетен гүлімен, үлкен жолжелкен жапырағымен, сарыбасшөптің гүлдерімен және ұрықтарымен, көкшешек тамырымен, қырмызы гүлдің жер үстіндегі бөлігімен қосып энтерит, энтероколит, ас қорытылуының бұзылуынан болатын улану,қарын мен жіңішке ішек жараларын емдеу үшін пайдаланады. Ол үшін жоғарыда көрсетілген өсімдіктерді араластырып қайнатып ішеді.

Қартажоңышқаның сабағына қырмызыгүлдің және жөке ағашының гүлін қосып, суға қайнатады да, оның қайнатындысымен баспаның фолликульді және қатарлы формаларын, стоматит пен гингивитті емдеу үшін пайдаланады.

Сонымен бірге қартажоңышқа препараттарын күйік пен сулы теміреткіні емдеуге пайдаланады. Ол үшін 1 ас қасық қартажоңышқа сабағын сиырдың 1 стакан тұздалмаған майына қосып ауырған жерге жағады.

Қызыл иек қабынып, ауыз уылғанда қартажоңышқа тамырына, жерқонақ тамырын қосып ауыз шаятын қайнатынды жасайды.

Қартажоңышқа препаратын қызыл иектен қан аққанда, тіл жарылып, оған жара шыққанда қолданады. Тазартылған және үгітіліп ұнтақталған тамыры тіс тазартатын жақсы ұнтақ зат болып саналады .



Жұмыстың барысы

  1. Алма және алхоры гүлдері суретін салу

  1. Гүлдер формулаларын жазып, диаграммаларын жасау

  1. Дәрілік өсімдіктер жемістері коллекцияларынан жемістерді сипаттап, суретін жасау

  2. Тірі өсімдіктерден немесе кеппешөп даналарынан раушангүлділер тұқымдас дәрілік өсімдіктердің вегетативтік мүшелерін сипаттау

  3. Раушангүлділер тұқымдасының қандай тұқымдас тармақтары бар?

  4. Дәрідік өсімдіктер қандай белгілерімен сипатталады?



Раушангүлділер (Rosaceae) тұқымдасына жататын өсімдіктер тізімі
Мақсыр тамыр (Маралий корень)Rhaponticum carthamoides Willd Iljin.

Кәдімгі өгейшөп (Мать – и – мачеха)Tussilago farfara L.

Шайқурай жапырақ тобылғы (Таволга зверобоелистная) - Spiraea hypericifolia L.

Қара жемісті ырғай (Кизильник черноплодный) - Cotoneaster melanocarpus Fisch.ex Blytt.

Ал қызыл долана (Боярышник кровавокрасный) - Crataegus sanguinea Pall.

Орман бүлдіргені (Земляника лесная) - Fragaria vesca L.

Батпақ мажырасы (Сабельник болотный) - Comarum palustre L.

Кәдімгі қазтабан (Лапчатка гусинная) - Potentilla anserine L.

Күміс қазтабан (Лапчатка серебристая) - Potentilla argentea L.

Түзу қазтабан (Лапчатка прямостоящая) – Potentilla erecta L.

Ақ қазтабан (Лапчатка белая) – Potentilla alba L.

Шегіршін жапырақты жұлдызгүл (Лабазник вязолистный) - Filipendula ulmaria L. Maxim.

Кәдімгі жұлдызгүл (Лабазник обыкновенный) - Filipendula vulgaris Moench.

Азиат шоңайна (Репейник азиатский) - Agrimonia asiatica Juz.

Қанды шөп (дәрілік бүршікгүл) (Кровохлебка лекарственная) - Sanguisorba officinalis L.

Тікенді итмүрын (Шиповник иглистый) - Rosa acicualaris Lindl.

Аласа бадам (Миндаль низкий) - Amygdalus nana L.

Кәдімгі мойыл (Черемуха обыкновенный) - Radus avium Mill.

Кәдімгі таңқурай (Малина обыкновенная)Rubus idaeus L.

Сібір шетен (Рябина сибирская) Sorbus bus sibirica Hedl.

Кәдімгі тікенгүл (Репяшок обыкновенный) –Agrimonia eupatoria L.
Пысықтау сұрақтары:

1 Раушангүлділер тұқымдастарының көлемі қанша?

2 Эволюциялық қатарда раушангүлділер тұқымдастарының орны қанша?

3 Раушангүлділер тұқымдастарының өкілдерінің географиялық таралуы қандай?

4 Раушангүлділер тұқымдастарының өкілдерінің экологиясы қандай?

5 Раушангүлділер тұқымдастарының өкілдерінің вегетативтік және репродуктивтік органдарының құрылысы қандай?

6 Раушангүлділер тұқымдастырының құрамына кіретін негізгі туыстар мен түрлер қандай?

7 Раушангүлділер тұқымдастарының өкілдерінің шаруашылықтағы маңызы қандай?


Лалагүлдер тұқымдасы
Лалагүл тұқымдастары - бір, екі, көпжылдық шөптесін даражарнақты өсімдіктер. Бұл тұқымдас өсімдіктердің ішінде эндемді түрлері және туыстары көп, үлкен тұқымдас, барлық континенттерде кездеседі, әдемі гүлдейтін өсімдіктер. Қазақстанда 21 туысы бар.

Лалагүл тұқымдастарының жапырақтары тамырға жақын жерден шығады, қатарлас және доға жүйкелі болады. Жапырақ тақтасы тегіс жиекті немесе тіс-тісті болып келеді, бәрінде де тамырсабақтары және пиязшығы болады. Гүлдері шашақгүл, сыпыртқыгүл шоғырларын құрайды, кейде бір ғана гүл болады. Гүл жапырағы екі қатар шеңбер бойына орналасқан, бірікпеген, сирек біріккен 6 күлтесі бар, тостағаншасы кейде болмайды. Андроцейі 6 аталықтан, екі шеңбер бойына орналасады, гинецейі үш аналықтан, үш ұялы , үстіңгі жатын. Жемісі қауашақ кейде жидек болып келеді, тұқымы эндоспермді.



Сабаққа дайындалуға әдістемелік нұсқаулар

Тірі өсімдіктерден немесе кеппе шөптерден лалагүл тұқымдас өсімдіктердің вегетативтік мүшелерін талдау.

Лала, шалқан пияз, ландыш гүлдерінің құрылысын зерттеп, суреттерін салу. Гүлдер формуласын жазып, диаграммаларын жасау.

Пиязшықты ортасынан жарып, қабыршақтарын, түбіртегін қарау.

Кітаптан немесе кестеден май інжігүлінің вегетативтік мүшелерінің, гүл бөлімдерімен, гүл диаграмасының суреттерін салу.

Анықтағыш кітаптан лалагүл тұқымдас өсімдіктердің түрлерін анықтап, гүл формулаларын қүрастыру.

Астық тұқымдас өсімдіктердің тірі немесе кеппе шөп даналарынан қынапты жапырақтарын, тілшелерін тауып көрсету.

Өсімдік сабақтарынан буын, буын аралықтарды тауып, ішкі кұрылыстарындағы ерекшеліктерді анықтау.

Тамырларының қандай тамырлар жүйесі екендігін анықтау.

Гербарий жэне таблицалар арқылы әр түрлі астық тұқымдастар (бидай, бетеге, арпабас, арпа, жүгері, қарабидай) гүлшоғырын анықтап схемасын сызу. Жеке гүлдер формуласын жазып, диаграммасын жасау. Бір өсімдікке биоморфологиялық сипаттама жазу.

Жұмсақ бидайдың күрделі масағының аналық және логикуласының, дәнегінің, жапырағының және тілшесінің суреттерін сал.

Жұмыстың барысы


  1. Тірі өсімдіктерден немесе кеппешөптерден лалагүл тұқымдасқа жататын дәрілік өсімдіктердің вегетативтік мүшелерін талдау

  1. Гүл құрылысына зер салып, гүл серігінің қандай екендігін, санын анықтау

  1. Гүлдің аталықтары мен аналықтарын карап, санын анықтау

  2. Пиязшықты ортасынан жарып, қабыршақтарын, түбіртегін қарау

  3. Кітаптан немесе кестеден май інжугүлінін вегетативтік мүшелерінің, гүл бөлімдері мен гүл диаграммасының суреттерін салу


Лалагүлдер (Liliaceae) тұқымдасына жататын дәрілік өсімдіктер тізімі
Марал курай (Чемерица лобеля) –Veratrum lobelia anum Bernh.

Мамыр ландышы (Ландыш майский)Convallaria majalis L.

Орыс секпілгүлі (Рябчик русский) - Fritillaria ruthenica Wikstr.

Шахмат секпілгүлі (Рябчик шахматовидный) - Fritillaria meleagroides L. Биберштейн қызғалдағы (Тюльпан Биберштейна) - Tulipa biebersteiniana Schult. et Schult. fil.

Фишеровский қүссүттігені (Птицемлечник Фишеровский) - Ornithogalum fischeranum Krasch.

Тұрпатсыз жуа (Лук угловатый) - Allium angulosum L.

Пияз, қатпарлы жуа (Лук репчатый) – Allium cepa L.

Сарымсақ, екпе жуа (Лук-чеснок) – Allium sativum L.
Қайталау сүрақтары:

  1. Лалагүлді өсімдіктер қандай белгілері бойынша даражарнақтылар класына жатады?

  1. Лалагүл тұқымдасына қандай өсімдіктер жатады?

  1. Лалагүлді өсімдіктердің вегетативті мүшелері кандай болып келеді?

  2. Гүлдерінде қандай ерекшеліктер бар және қандай гүлшоғырлары болады?

  3. Қандай жеміс түрлері лалагүлді өсімдіктерге тән?


Қоңырбасгүлділер тұқымдасы
Осы тұқымдастың басқа өсімдіктерге қарағанда өздеріне тән бірқатар белгілері бар. Біріншіден, астық тұқымдастардың тамыр жүйесі шашақты болып келеді. Екіншіден, сабағы-іші қуыс буынаралыктардан және жуантықтау келген буыннан тұрады. Буындары ұлпаға толы болады. Мұндай сабақты сабансабақ деп атайды. Мысалы, қара бидай, атқонақ т.б. Ал кейбір астық тұқымдастарда буынаралықтары ұлпаға толы болады, мысалы, жүгері, қант құрағы.

Астық тұқымдастардың сабағы буындағы жасушалардың бөлінуі нәтижесінде ұзарып өседі. Мұндай өсуді қыстырма бой деп атайды. Үшіншіден, жапырақтары жапырақ қынабы және жапырак алақаны болып екі бөлімнен тұрады. Қынап - жапырақтың түтікше тәрізді кеңейген түп жағы. Ол сабақтың буынаралыктардың түп жағындағы бөлінетін нәзік жасушаларды қорғайды.

Жапырақ тақтасының қынаптан шығатын жерінде үлпек өсінді-тілше болады. Ол сабақ пен қынаптың аралығына судың енуіне мүмкіндік бермейді.

Астық тұқымдастардың гүлшоғырлары екі түрлі: масақ және шашақ басты. Астық тұқымдастардың масағы масақты сабақтан тұрады. Онда масақшалар орналасады. Көптеген астық тұқымдастардың әрбір гүлінде екі гүл қабыршағы, 2 гүл үлпегі, 3 аталығы және түк басқан қондырмалы екі ауызды бір аналығы болады. Гүл қабыршағын лодикулдар деп атайды. Жемістері бір тұқымды –дәнек, жеміс қабы тұқымға жабысып, тұтасып біткен. Эндосперм ұрықты қоршамай, тұқым жарнаққа жанасып тұрады. Дәндердің жиынтығын астық деп атайды.



Жұмыстың барысы

  1. Астық тұқымдас өсімдіктердің тірі немесе кеппешөп даналарынан қынапты жапырақтарын, тілшелерін тауып корсету

  1. Дәрілік өсімдік сабақтарынан буын, буынаралықтарды тауып, ішкі құрылыстарын-дағы ерекшеліктерді анықтау

  1. Гүлшоғырының түрлерін анықтап, гүлінен лодикулдарын тауып, аталықтарын санап, аналық аузының ерекшеліктерін зерттеу


Қоңырбасгүлділер (Роасеае) тұқымдасына жататын дәрілік өсімдіктер тізімі
Жүгері (Кукуруза обыкновенная) – Zea mays L.

Жатаған бидайық (Пырей ползучий) - Elytrigia repens (L.) Nevski.

Қара сұлы (Овес пустой) - A vena fatua L.
Қайталау сұрақтары:

  1. Астық тұқымдас өсімдіктерге қандай өсімдіктер жатады?

  1. Астық тұқымдас өсімдіктердің жапырақтары, тамыры қандай болып келеді?

  1. Сабағында қандай ерекшеліктер бар?

  2. Қынаптың, тілшенің қандай маңызы бар?

  3. Қыстырма бой конусы дегеніміз не?



Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет