Г. Ж. Сұлтанғазина Мәдени және пайдалы өсімдіктер



бет5/13
Дата03.02.2017
өлшемі2,57 Mb.
#8721
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Жұмыстың барысы

  1. Дәнді бұршақ дақылдарының морфологиялық ерекшеліктерімен танысу.

  2. Дәнді бұршақ дақылдарын тұқым бойынша анықтау.

  3. Дәнді бұршақ дақылдарының айырмашылықтарын егін көгі мен жапырақтары бойынша оқып-үйрену.

  4. Дәнді бұршақ дақылдарын жемісі бойынша анықтау.


2 тақырып Дәнді бұршақ дақылдарын егін көгі мен жапырақтары бойынша анықтау

Тұқымның өсуі бөртуден басталады да егін көгінің пайда болуымен аяқталады. Өне бастағанда тамырша тұқым қабығын жарып шығып топыраққа бойлайды, ал сабақша жеделдетіп ұзара бастайды. Сабақшаның ұзаруы әртүрлі. Үштік және саусақ-салалы жапырақты дәнді бұршақ дақылдарында , майбұршақ, бадана, бөрі бұршақ ол тұқым жарнағы доғасының өсуі есебінен жүреді. Алғашында доға тәрізді иілген тұқым жарнағының асты өсе келе түзуленеді және кейінірек топырақ бетіне тұқым жарнақтарын шығарады, олар жасылдана келе бірінші жалған жапырақтарды түзеді. Соңынан тұқым жарнақтарының арасында орналасқан бүршікшеден алғашқы екі нағыз жапырақ пайда болады.

Үштік жапырақты дәнді бұршақ дақылдарында алғашында жай жапырақтар, ал біраз уақыт өткеннен кейін бірінші үштік жапырақ түзіледі. Саусақ-салалы жапырақты дәнді бұршақтарда алғашқы жапырақтары ересек өсімдіктердегідей, тек қана кішірек болып келеді.

Қауырсын жапырақты өсімдіктер эпикотил есебінен өнеді және тұқым жарнақтары топырақта қалады, ал жер бетіне бірден алғашқы нағыз жапырақтар шығады. Егістік асбұршақ, ірі тұқымды жасымық, атбас бұршақ, егістік ноғатық, май бұршақ.



Дәнді бұршақ дақылдарын жемістері бойынша анықтау. Дәнді бұршақ дақылдарының жемістері бұршаққап деп аталады. Ондағы тұқым аяғы жібінде орналасқан. Піскеннен кейін бұршаққап көпшілік дәнді бұршақ дақылдарында (ноқат, жасымық және ақ бөрі бұршақтан басқаларында) жарылады да тұқымдар шашылады. Айырмашылық блгілері - кестеде келтірілген. Егістік асбұршақ, ірі тұқымды жасымық, атбас бұршақ, егістік ноғатық, май бұршақ.

Қажетті материалдар:

- дәнді бұршақ дақылдарының кеппешөптері

- түйнектері бар тамырдың ылғалды препараты

Әдебиет: 2, 107-126 бет, 4, 152-163 бет.

Бақылау сұрақтары:

1. Дәнді бұршақ дақылдарының морфологиялық ерекшеліктері қандай?

2. Дәнді бұршақ дақылдарының айырмашылықтарын,егін көгі мен жапырағы бойынша салыстырмалы анализ жасаңыз?

3. Дәнді бұршақ дақылдарының классификациясын келтіріңіз?

4. Дәнді бұршақ дақылдарының өкілдеріне жалпы сипаттама беріңіз?

5. Дәнді бұршақ дақылдарының атқаратын қызметі мен мәні?


Дәнді бұршақтардың тізімі:

1. Егістік ас бұршақ (Горох посевной) -Pisum sativum L.

2. Далалық ас бұршақ (Горох полевной) - Pisum arvense L.

3. Атбас бұршақ (Кормовые бобы) -Faba bona Medik.

4. Ірі тұқымды жасымық (Чечевица крупносеменная)- Lens culinaris Medik.

5. Ұсақ тұқымды жасымық (Чечевица мелкосеменная) -Lens culinaris Medik.

6. Егістік ноғатық (Чина посевная) -Lathyrus sativus.

7. Мәдени ноқат (Нут) -Cicer arietinum L.

8. Кәдімгі үрмебұршақ (түйебұршақ) (Фасоль обыкновенная) -Phaseolus vulgaris Savi.

9. Үшкір жапырақты үрмебұршақ (Фасоль остролистная)-Phaseolus acutifolius A. Grad.

10. Қытай бұршақ (Соя) -Glucine hispida Maxim.

11.Жіңішке жапырақты бөрібұршақ (Люпин узколистный) -Lipinus angustifolius.

12. Сары бөрібұршақ (Люпин желтый) -Lipinus luteus L.

13. Ақ бөрібұршақ (Люпин белый) -Lipinus albus L.

14. Көп жылдық бөрібұршақ (Люпин многолетний)- Lipinus polyphyllus L.
Тесттер
1. Ас бұршақтың жапырағын көрсетіңіз:

А) үзілмелі қауырсын-күрделі

В) үш құлақты күрделі

С) үш ретті тақ қауырсын-күрделі

D) тақ қауырсын мұртшасы бар

Е) жұп қауырсын мұртшасы бар


2. Ас бұршақтың жемісі қандай?

А) бұршақ

В) тұқымша

С) жидек


D) қауашақ

Е) дәнек
3. Дәнді бұршаққа жататын бір жылдық шөптесін өсімдік туысы:

А) арпа

В) жасымық

С) сұлы

D) жоңышқа



Е) беде
4. Құрамында белок көп бұршақ тұқымдас дақылдар:

А) бидай, қара бидай, асбұршақ

В) асбұршақ, асқабақ, жасымық

С) қытай бұршақ, үрмебұршақ, арпа

D) асбұршақ, қытай бұршақ, жасымық
5. Бөрі бұршақтың құрамында қандай заттар көп кездеседі?

А) май


В) липидтер

С) көмірсу

D) қант

Е) белок


Майлы дақылдар

Жалпы түсінік. Кәдімгі өсімдік майын өндіруге пайдаланылатын далалық өсімдіктердің үлкен бір тобы майлы дақылдарға жатады. Олар күнделікті өмірде, консерві, кондитер өнеркәсібінде кеңінен қолданылады, маргарин, сабын, олиф, лак пен сыр өндіріледі, медицинада, ветеринарияда т.б. пайдаланылады.

Тұқымдардағы майдың мөлшері дақылдарға байланысты 25-тен 63% дейін өзгереді.

Майлы дақылдар әртүрлі ботаникалық тұқымдастарға жатады: астра тұқымдасына – күнбағыс, мақсары, капуста тұқымдасына ақ және көкшіл қыша, рапс, арыш, қышабас, яснотка тұқымдасына – көкнәр, ляллеманция, сүттіген тұқымдасына – майкөне, бұршақ тұқымдасына – жер жаңғағы, күнжіт тұқымдасына – күнжіт.

Бір жылдық күнбағыс – Helianthus annus полиморфты түр ретінде астра тұқымдасына жатады. Осы заманғы жүйе бойынша оны екі түрге ажыратады: мәдени күнбағыс (Helianthus cultus) және жабайы күнбағыс (Helianthus ruderalis). Алғашқы түрі далалық дақылда өсірілетін барлық формалары мен сорттарын біріктіреді.

Мәдени күнбағыс – бір жылдық өсімдік, қуатты кіндік тамыр жүйесінен тұрады, ол топырақта 2-2,5 м тереңдікке, ал жанжағына 120см дейін тарайды.

Күнбағыс сабағы тік өседі, қатты түктермен көмкерілг.ен, ішкі қуысы борпылдақ өзекпен толтырылған, майлы сорттары бұтақтанбайды, биіктігі 0,6-2,5 м (шағылатын сорттарында 4 м дейін) өзгереді.

Жапырақтары ірі, сабақты болып келеді, формалары сопақ – жүрек тәрізді, қатты түктермен жабылған.

Гүл шоғыры – сортына және жағдайларына қарай диаметрі 15-20 см және одан жоғары болып келетін дөңгелек формалы себет гүл.

Күнбағыс шекілдеуігі +4-50 температурада өне бастайды, ең қолайлы температура +16-180 деп есептеледі және бұл жағдайда күнбағыс көгі 6-8 күн дегенде пайда болады.

Күнбағыс ылғалды көп қажетсінеді (транспирация коэффициенті 470-550), алайда қуаңшылыққа төзімділігімен ерекшеленеді.

Күнбағыс – қысқа күнді, жарық сүйгіш өсімдік.

Күнбағыстың өсіп дамуына қара және қоңыр топырақтар қолайлы болып табылады, құмдақ, сазданған және сортаң топырақтың жарамдылығы шамалы.

Зығыр – бағалы майлы дақыл, оның тұқымынан тамаққа және техникада пайдаланатын сапалы, кебетін май (35-42%) алынады.

Майлы зығырдың сабаны дөрекі жіп, мата, қапшық жасауға пайдаланылатын қалдық талшық пен қысқа талшық өндіруге жарамды болып табылады.

Майлы зығыр зығыр тұқымдасына жатады. Көптеген түрлерінің ішінде өндірістік маңызы бары мәдени, немесе кәдімгі зығыр (Linum usitatissimum).

Майлы зығыр бір жылдық аласа бойлы 40-50 см, сабағы тегіс, тік өсетін бұтақты өсімдік. Ланцет тәрізді жай жапырақтары сабақта кезектесіп орналасқан. Гүл шоғыры – сирек шоқ шатыргүл. Гүлдері қосжынысты, бестік түрдегі ақ, қызғылт және көкшіл гүл жапырақтары бар. Жемісі – дөңгелек келген бес ұялы жоғары қарай үшкірленген қорап. Тұқымдары жалпақ жылтыр, қоңыр түсті, 1000 тұқымның массасы 4-6 г.

Жартылай қуаңшылықты және орманды дала аудандары жағдайына бейімділігі майлы зығырдың айтарлықтай ерекшелігі болып табылады. Ол пісу кезеңінде жылуға жоғары талап қояды.

Майлы зығыр ылғалға орташа талап қояды (транспирация коэффициенті 370-430).

Майлы зығырға ең қолайлысы – орташа механикалық құрамдағы қара және қоңыр топырақ. Сортаңдау комплексі бар топырақ майлы зығыр өсіруге жарамайды.

Бақылау сұрақтары:

1. Негізгі майлы дақылдардың құрылыс ерекшеліктеріне тоқталыңыз?

2. Негізгі майлы дақылдардың өсіп жетілу кезеңдеріне сипаттама беріңіз?

3. Майлы дақылдардың классификациясының принципі қандай?

4. Майлы дақылдардың өкілдері мен олардың ерекшеліктері?

5. Майлы дақылдардың адам өміріндегі, табиғаттағы, өндірістегі алатын орны?


Зертханалық сабақтың әдістемелік нұсқаулары
1 тақырып Майлы дақылдардың морфологиясы

Мақсаты: Майлы дақылдардың құрылыс ерекшеліктерімен, өсіп жетілу

кезеңдерімен таныстыру



Жоспар:

1 Майлы дақылдардың шаруашылық маңызы. Күнбағыс.

Биологиялық ерекшеліктері.

2 Майлы зығыр. Қыша. Рапс. Арыш.

Биологиялық ерекшеліктері. Өсіру технологиясы.

Жалпы түсінік

Майлы дақылдар әртүрлі ботаникалық тұқымдастарға жатады: астра тұқымдасына - күнбағыс, мақсары, қырыққабат тұқымдасына ақ және көкшіл қыша, рапс, арыш, қышабас, крамбе, яснотка тұқымдасына - көкнәр, ляллеманция, сүттіген тұқымдасына – майкөне, бұршақ тұқымдасына,- жер жаңғағы, күнжіт тұқымдасына – күнжіт. Солтүстік Қазақстанда өндірістік маңызы бар дақылдарға күнбағыс,майлы зығыр, жаздық рапс, көкшіл қыша және арыш жатады.

Әртүрлі ботаникалық тұқымдастардың өкілдері бола отырып (қырыққабат тұқымдасынан басқалары) майлы дақылдар вегетативтік және генеративтік органдардың құрылысы бойынша бір –бірінен қатты ажырасады.

Майлы дақылдардың тұқымдары (немесе жемістері) қолайлы жағдай туғанда (жылу, ылғал, оттегі) тұқым жарнақтарының жапырақтарынан егін көгін түзе өседі. Тұқым жарнақтарының жапырақтары ашылып, ассимиляция қызметін бастағаннан кейін олардың арасында орналасқан бүршіктен алғашқы нағыз жапырақтар пайда бола бастайды. Тұқым жарнақты жапырақтардың да, алғашқы нағыз жапырақтардың да пішіні, мөлшері (ені, ұзындығы) және түктілігі бойынша бір-бірінен айтарлықтай айырмашылықтары болады.

Егін көгі шыққаннан кейін сабақтың қалыптасуы мен жапырақтардың түзілуі сабақтың төбесіндегі өсу нүктесінде болады. Майлы дақылдар сабақтың биіктігі, бұтақтылығы, көлденең қимасының пішіні мен түктілігі бойынша жақсы ажырасады.

Майлы дақылдар жапырақтарының құрылысы мен мөлшері, сабақта орналасуы (кезектесіп, қарама-қарсы), типі (жай сағақты, жай отырған), тақтасының пішіні мен ара тістілігі – ажыраталады. Капуста тұқымдас майлы дақылдары (рапс, қыша, қышабас, арыш) бір-бірінен айыру қиынырақ.

Шанақтану және гүлдену кезеңдері өсімдіктер дамуының маңызды сатылары болып табылады, бұл кезеңдерде гүл шоғыры мен гүлдер түзіледі. Майлы дақылдарда әртүрлі типтегі гүл шоғыры мен гүлдер болады, олар күлтеше жапырақшалардың пішіні, мөлшері мен түстері бойынша ажыратылады. Жер жаңғағы мен күнжіт гүл шоғырын түзбейді, тек қана жекелеген гүлдері жапырақтар қолтығында отырады.

Майлы дақылдарда тұқымдық материалға жемістері де (күнбағыс, мақсары, крамбе), нағыз тұқымдары да (қыша, рапс, арыш, зығыр, майкене, күнжіт, көкнәр, ляллеманция) пайдаланылады. Майлы дақылдардың жемістері мен тұқымдары бір-бірінен пішіні, мөлшері, бет сипаты мен түсі бойынша жеңіл ажыратылады. Капуста тұқымдас майлы дақылдар кейбір өзгешіліктерімен ерекшеленеді: олардың жемістері мен тұқымдарында көп ұқсастықтар болады.

Өздерінің жеке дамуында көптеген майлы дақылдар төмендегідей фенологиялық кезеңнен өтеді: тұқымның (жемістің) өнуі, көктеу (егін көгі), шанақтану, гүлдену, пісу.

Күнбағыс (подсолнечник) - Helianthus



Күнбағыс майлы және мал азығындық дақыл ретінде өсірілетін біржылдық мәдени өсімдік, ол вегетативтік органдарының қуатты өсуімен ерекшеленеді. Тамыры кіндікті, 2-3 м топырақ тереңдігіне бойлайды, бүйір тамырлары жақсы дамыған. Сабағы тік өседі, дөрекі қатты талшықтармен көмкерілген,борпылдақ паренхимамен толтырылған. Майлы сорттары бұтақты, биіктігі 2,5 м дейін жетеді. Жай жапырақтары сағақты, ірі, сопақ-жүрек пішінді, қатты талшықтармен жабылған. Төменгі жапырақтары (2-3 жұптары) қарама-қарсы орналасқан, айтарлықтай ұсақ, келесі жапырақтары кезектесіп келеді. өсімдіктің өсуіне қарай жапырақ тақтасы да ұлғаяды (10 сурет).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет