Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (оқу құралы) 2019 ж


Тақырып бойынша өз бетімен дайындалуға арналған сұрақтар



бет148/153
Дата05.11.2022
өлшемі6,73 Mb.
#156664
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   153
Байланысты:
Оқу құралы фармакология, фармакотерапия
2 Презентация 4 сабақ, Қазақстан тарихы Бакина Н. 6 кл, Пиза. Оку сауаттылығы 5-9 сынып, Қмж 13 апта, СОР Математика 5 класс каз
Тақырып бойынша өз бетімен дайындалуға арналған сұрақтар
Бақылау сұрақтары

1. Туберкулез ауруы қайдан пайда болады?


2. 1 қатардағы туберкулезге қарсы дәрілерге қандай препараттар жатады?
3. 2 қатардағы туберкулезге қарсы дәрілерге қандай препараттар жатады?
4. Туберкулезге қарсы қолданатын антибиотиктедің әсерлері?
5 Мерезге қарсы қандай препараттар қолданады?
6. Мерезде қолданатын висмут препараттарының жағымсыз әсері?
7. Вирусқа қарсы препараттар қандай мақсатпен қолданылады?
8. Изониазид препаратының жағымсыз әсері, қарсы көрсетілімі?
9. Фтивазид, этамбутол, канамацин препараттарына рецепт жазу?
10. Саңырау құлаққа қарсы дәрілерді қандай жағдайда қолданады?
11. Саңырау құлаққа қарсы қандай жақпа майлар қолданады?
12. Синтетикалық саңырау құлаққа қарсы дәрілерге қандай препараттар жатады?
13. Ішек құртарына қарсы дәрілерді қандай жағдайда қолданады?
14. Оксолин жақпа майын не үшін қолданады?
15. Қарапайымдарға(протозойларға) қарсы дәрілер?
16. Метронидазолды қандай ауруларда қолданады?


Дәрілермен уланғанда қолданатын негізгі емдеу принциптері
Дәрілермен немесе түрлі улармен уланғанда қолданатын жалпы жедел жәрдем шаралары 4 топқа бөлінеді:

  1. Уды қанға сіңуін кедергі жасау

  2. Ағзаға сіңген удың бөлінуін күшейту

  3. Залалсыздануға бағытталған шаралар

  4. Удың әсерін антогонистер (қарсы әсер ететін дәрілер) арқылы азайту.



Удың қанға сіңуін тоқтату

Удың ағзаға түсу жолдарына байланыстыудың қанға сіңуін тоқтатуүшін әр түрлі әдістер қолданады. Егер у ішке қолданса оның қанға сіңуін тоқтату үшін



  • Ас қорыту жолдарынан механикалық жолмен тазартады, ол үшін асқазанда зонд арқылы жуады, асқазанды зонд арқылы жуу жедел жәрдем к өмегінің барлық мерзімінде зақымданғандардың ауыр жағдайын және уды ішкен уақытына қарамай қолданады. Асқазанды жуғанда жуан зонд алады, зонд арқылы асқазанға 300-500мл бөлме температурасындағы суды құйып жуады, асқазанды жуған су тазарғанша жуады.

Күйдіргіш сұйықтармен (сілті,қышқылдармен) уланғанда, асқазанды тек уланғаннан кейінгі бірінші тәулікте, бірақ алдын ала наркотикалық анальгетиктерді, спазмолитиктерді, қолданғаннан кейін жуу қажет, бұл жағдайда зондты маймен немесе вазилинмен майлау қажет. Морфинмен уланғанда асқазанды 4-6 сағат сайын жуу қажет, кейбір жағдайларда зақымдаған кісіге көп су ішкізіп кейіннен тіл үстін басып құсық туғызады. Уланғанда құсық туғызатын дәрілерді қолдануға болмайды, ішектен мезханикалық жолмен уды шығару үшін тазартқыш клизма және тұзды іш өткізетін дәрілерді қолданады.
Сіңіргіш дәрілерді, активті көмір 30-40гр, 1-2 стакан сумен асқазанды жуғанға дейін
және жуғаннан кейін қолданады.
¡ Асқазандағы удың химиялық инактивациясын қандай умен уланғаны белгісіз болған
жағдайда қолданады. Ауыр металдардың тұздарымен уланғанда асқазанды 0,5% танин
ерітіндісімен жуады, ауыр металдардың, қышқылдардың иондарымен байланысу үшін
сүт, жұмыртқа ақ уызын қолданады.
М орфин, атропинмен уланғанда, асқазанды 0,05-0,1% калий перманганат ерітіндісімен жуады, теріге, шырыш қабықтарына түскен уларды жуып тазартады. Теріге және шырыш қабаттарына түскен уды химиялық инактивация жасауды, тек мүмкіншілік болғанда ғана қолданады. Мысалы, қышқылдарды сілтімен нейтралдайды, сілтіні қышқылмен.
Тыныс алу органдары арқылы түсетін газ, бу тәріздес улармен уланғанда, зақымданған кісіні уландырғыш ауадан алып кетеді, не болмаса противогаз кигізіді, ингаляциялық наркоз дәрілерімен уланғанда наркоз беруді тоқтатып қолдан дем алдырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет