Мөлшерге бөлінбеген қарапайым ұнтақ
Rp: Glucosi 50,0
Da. Signa: 1 шай қасық ұнтақты 1стақан суға езіп іш
Мөлшерге бөлінген қарапайым ұнтақ
Rp: Magnesii oxydi 0,5
Da tales doses N10
Signa: 1 ұнтақтан астан кейін 1 сағаттан кейін іш
Мөлшерге бөлінбеген күрделі ұнтақ
Rp: Zinci oxydi
Calcii chloridi aā 20,0
Misce ut fiat pulvis
Da signa: себелеп сыртқа қолдан
Мөлшерге бөлінген күрделі ұнтақ
Rp: Acidi ascorbinici 0,005
Riboflavini 0,002
Glucosi 0,2
Misce ut fiat pulvis
Da tales doses N10
Signa: күніне бір ұнтақтан 3 мезгіл қолдан (іш)
Таблетка – Tabulettaе
Т аблетка пірестеліп жасалған, дозаланған қатты дәрілердің түрі, құрамында дәрі мен қосалқы заттар болады: крахмал, қант, глюкоза, натрий гидрокарбонаты және т.б. заттар кіреді. Таблетка басқа дәрілерге қарағанда қолайлы дәрі, өйткені таблеткаларды фармакологиялық өндірісте өте көп шығаруға болады. Сақтауы, тасымалдауы, қолдануы өте оңай, басқа дәрілердің түріне қарағанда, көп таблеткалардың сыртына қабық кигізіледі.
Бір дәріден тұратын таблеткалар қарапайым таблетка, ал екі және одан да көп дәріден тұратын таблеткалар күрделі таблетка деп аталады, кейбір таблеткалардың құрамы, өте күрделі болғандықтан оларға коммерциялық ат береді. Таблеткаларға рецепт жазғанда 2 түрлі жолмен жазуға болады:
1. Қысқартып жазу
2. Толық жазу жолдары
Қарапайым таблеткаларды қысқартып жазу
Rp: Tabulettas Analgini 0,5 N10
Da. Signa: 1 таблеткадан бас ауырғанда іш
Күрделі таблеткаларды толық жазу
Rp: Analgini
Amidopyrini aā 0,25
Da tales doses N10 in tabulettis
Signa: 1 таблеткадан күніне 1-2 рет
Коммерциялық таблеткаларды жазу
Rp: Tabulettas “Papasolum” N 6
Da. Signa: 1 таблеткадан күніне 3 рет
Достарыңызбен бөлісу: |