Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (оқу құралы) 2019 ж



бет12/153
Дата05.11.2022
өлшемі6,73 Mb.
#156664
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   153
Байланысты:
Оқу құралы фармакология, фармакотерапия

Тұндырма – Tinсtura.
Сығынды – Ехtractum
Гален препараттарын өсімдіктерден биологиялық активті заттарды этил спиртінде тұндыру арқылы алады, тұнбалардың сығындылардан айырмашылығы – концентрациясы аз болады, ал қайнатпалар мен тұндырмалардан айырмашылығы – гален препараттары фармзаводтарда дайындалады, тамшы түрінде қолданылады, ұзақ сақтауға болады.
Т ұнбалар официнальды дәрілер, сол себептен концентрациялары, өсімдік бөлшектері жазылмайды.


Rp: Tincturae Vа1еrianае 25 ml
Da. Signa: 25 тамшыдан күніне 3 рет

Сығындылар 3 түрлі болады:


Сұйық сығындылар - fluidum
Қою сығындылар - spissum
Құрғақ сығындылар - siccum
Сұйық сығындылар, тұнбалар сияқты тамшы ретінде қолданады, ал, қою және құрғақ сығындылардан таблеткалар, ұнтақтар, балауыздар дайындалады.

Rp: Ехtraсti Frangulae fluidi 25 ml


Da.Signa: 20 тамшыдан күніне 2 рет (таңертең ж/е кеште ).


Эмульсия Еmulsio
Эмульсия дегеніміз – сұйык дәрінің түрі бір-бірінде нашар еритін немесе, тіптен ерімейтін 2 сұйық заттардан құралған, 2 фазалық система, сүтке ұқсас, қолданар алдында сілкіп араластыру қажет. Эмульсиялар ішке, сыртқа қолданылады, медициналық практикада көбіне майлы эмульсияларды қолданады.

Rp: Emulsii Olеi Ricini 20,0 - 100 ml.


Da.Signa: 1 мезгіл қолданады.


Суспензия – Suspensio
Суспензия дегеніміз - қатты дәрілердің ұсақ бөлшектерінің сұйық заттағы қоспасы, дайындағанда сұйық ретінде су алынады, оларды ішке, сыртқа, ал стерильді суспензияларды бұлшық етке қолдануға болады.

Rр: Suspensionis Нуdrocortisoni acetatіs 0,5% - 10 ml


Da.Signa: 2 тамшыдан күніне 3 рет көзге тамызу үшін.





Жұмсақ дәрілер түрлері
жақпа Май – Unquentum
Жақпа май сыртқа жағуға арналаған жұмсақ дәрінің түрі, негіздері ретінде ланолин, нафталин мұнайы, вазелин майы, парафин сияқты заттарды алады, фармацевтік зауыттарда немесе дәріханада жасалады. Рецепте жақпа май 2 түрлі жолмен жазылады.


Қысқартып жазу.
Rp: Unquenti Heparini 1% -20,0
Da. Signa: Жарақаттанған жерге жағу үшін



Толық жазу.
Rp: Tannini 5,0
Vaselini
Lanolini aa 22,5
Misce ut fіat unquentum
Da.Signa: Жарақаттанған жерлерге жағу үшін.


Паста - pasta
Паста – майдың бір түрі,жақпа майлардан айырмашылығы оның құрамында ұнтақ заттар көп болады. (25% – 65% дейін), сол себептен майға қарағанда паста қою болып келеді. Пастаның құрамына: тальк, крахмал, мырыш тотығы сияқты ұнтақ заттар қосылады, официональдық пастадан басқасы, рецепте толық жолмен жазылады.

Rp: Anaesthesini 2,5


Zinci oxydi 20,0
Vaselіni ad 50,0
Misce ut fiat pastа
Da.Signa: Жарақаттанған жерлерге жағу үшін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет