Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (оқу құралы) 2019 ж


ІІІ Бөлім Жеке фармакология



бет20/153
Дата05.11.2022
өлшемі6,73 Mb.
#156664
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   153
Байланысты:
Оқу құралы фармакология, фармакотерапия

ІІІ Бөлім
Жеке фармакология


Орталық жүйке жүйесінің қызметіне әсер ететін дәрілер
Бұл топтың дәрілері гематоэнцефалиалық кедергіден өтеді, жалпы орталық жүйке жүйесіне әсер етеді, негізгі әсерлері синапстарды қоздыру немесе тежеу.
Наркозға арналған дәрілер
Наркоз (narcos) дегеніміз- уақытша естен айырылу және орталық жүйке жүйесінің қайтымды тежелуі
Наркоз препаратын қолданғанда ауру: есінен айырылады, сезімталдық болмайды рефлекстер, бұлшық ет тонусы төмендейді, бірақ тыныс алу, қан айналысы қалыпта болады. Наркозға өте сезімтал бас миі және ретикулярды формация ал, аз сезімтал сопақша ми, тыныс алу, қан айналым орталығы орналасқан.
Наркозға арналған дәрілер 2 топқа бөлінеді:
а) ингалыцияға арналған
б) ингаляцияға жатпайтын


Ингаляцияға арналған наркоз дәрілері
Эфир наркоз үшін – Aether pro narcosi, шығу түрі – флакон 150 мл, сұйық, ұщқыш, өзіне тән иісі бар, оттегімен қосылса жарылады
Наркотикалық препарат, тыныс алу жолдары арқылы, арнайы аппаратпен «маска Эсмарха» арқылы жіберіледі, хирургиялық операцияларда қолданады. Ерекше наркоздық белсенділігі бар, наркоз жеңіл баскарылады, қанқа бұлшық еттерінің жақсы реалаксациясы басталады.
Жағымсыз әсерлері – тыныс алуды қоздырады,брадикардия болуы мүмкін, орталық жүйке жүйесін қоздырады, шырыш қабатын тітіркендіреді, сондықтан құсады, шашалуы мүмкін, бас аурады, бауыр, бүйрекке әсер етеді.
Қарсы көрсеткіштері – өкпе, бауыр ауруларында, жүрек жүйесінің өзгеруінде, бауыр, бүйрек ауруларында.
Эфир наркоз кезеңдері:
1.Мәнгіру ( анальгезия) кезеңі – 3-5 минут созылады, ес сақталады, сезімталдық болмайды,
бұл кезеңде шағын хирургиялық амалдар жасалады (абцесті ашу, таңу, шыққан жерді салу)
2.Қоздыру кезеңі – 10 минут созылады, аурудың сөзі, қимылы көбейеді, жүрек соғуы жие-
лейді, көздің қарашығы үлкейеді, аурудың есі болуы мүмкін, операция жасауға болмайды.
3.Хирургиялық наркоз – есі болмайды, сезімталдық жойылады, рефлекстер болмайды көз қарашығы кішірейеді, қан қысымы төмендейді, бұлшық ет босайды, тыныс алу , жүрек соғу бір қалыпта болады.
4.Ояну кезеңі – 30 мин кейін, наркоз препартының әсері басылғаннан кейін байқалады, бірте-бірте есі кіреді, наркоздан кейін көп ұйықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет