Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (оқу құралы) 2019 ж



бет21/153
Дата05.11.2022
өлшемі6,73 Mb.
#156664
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   153
Байланысты:
Оқу құралы фармакология, фармакотерапия

Фторотан – Phthorotanum, шығу түрі – 50 мл, флакон, ингаляциялық жолмен енгізіледі.
Әсері өте күшті, эфирден айырмашылығы қоздыру кезеңі аз уақытқа созылады және наркоздан кейін тез оянады, хирургиялық операцияларда қолданады.
Азот шала тотығы – Nitrogenium oxydulatum
Газ тәрізді наркотикалық препарат (NO2 – 70 %, О2 - 30%). темір баллон 1 л көкшіл түсті. Қолдануы жеңіл хирургиялық операцияларда: хирургиялық жараны тазартуға, жарақаттанған және күйген ауруларды тасымалдауға босанатын әйелдер толғағында қолданады


Ингаляцияға жатпайтыны наркоз дәрілері
Бұл дәрілер венаға, бұлшық етке енгізіледі, ұшпайды.
Тиопентал натрий – Thiopentalum natrium, шығу түрі – флакон 1,0 N10, 2,5% ерітінді қолданар алдында жасалады венаға жаймен еңгізіледі, наркоздың ұзақтығы 20-30 мин.
Ұ йықтататын, наркотикалық әсерлері бар, қысқа хирургиялық наркоздарда қолданады: бастапқы наркоз, дене тырысуында.
К алипсол (Кетамин) – Calypsolum, шығу түрі 5 % - 10 мл флакон N5, венаға, бұлшық етке, арнайы мөлшермен еңгізіледі, жалпы анестезиялық сезімталдықты жою әсері бар.
Қолдануы: хирургиялық, гинекологиялық, кардиохирургияда, стоматологияда, офтальмология тәжірибелерінде – наркоз препараты ретінде кең қолданады.
Жағымсыз әсері: қан қысымы жоғарлайды, жүрек соғуы жиелейді, тыныс алу нашарлайды, елес, ожж қозуы мүмкін психикалық галюцинация болуы мүмкін.
Қарсы көрсеткіштері: экламсия, гипертония, ми қан айналысының бұзылуында.
Препараттар: Бронетал, Сомбревин, Пропанидид


Этил спирті
Этил спирті – Spіritus aethylicus.
Шығу түрі – флакон 70 %, 90% - 50 гр. 100 гр.
Әсері: наркотикалық, тұтастырғыш, микробқа қарсы, тітіркендіргіш, және орталық жүйке жүйесін қоздырады.
Э тил спиртін наркоз ретінде қолданбайды, өйткені наркоз кезеңі тез жанталас кезеңіне ауысады және қоздыру кезеңі ұзаққа созылады, Жергілікті жерге қолданғанда этил спирті концентрациясына қарай әртүрлі әсер етеді.
1. Тітіргендіргіш әсері бар 40 % - этил спирті
2. Түтастырғыш әсері бар 96 % - этил спирті
3. Микробка қарсы әсері бар 70-90-96 % - этил спирті
Медицина тәжірибесінде этил спиртінің тітіркендіргіш, тұтастырғыш, микробка қарсы әсерлері қолданады, 70-90-96 % -этил спирті антисептик ретінде медициналық
құралдарды,операция жасайтын жерді, хирург қолын залалсыздандыру үшін қолданады,
96 % - этил спиртінің тұтастырғыш қасиеті күйген жерді емдеу үшін қолданады 40 % - этил спиртінің тітіргендіргіш қасиеті, компрес ретінде ішкі ағзалардың қабыну процесінде, бұлшыкет, жүйке, буын қабынғанда қолданады.
Қолдануы: микробқа қарсы, дәрілердің ерітінділері ретінде, компресс, сыртқа жағу үшін( буын, бұлшықет қабынуында) қолданады және теріні, медициналық құралдарды өндеу үшін. Жағымсыз әсері: ішке қолданғанда болады: бас айналу, журек айну, құсу,
мазасыздану, бұлшықет босау, ұзақ уақыт қолданғанғанда үйреншік, алкоголизм, дағдылану болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет