Ағзаға сіңген удың бөлінуін кушейту
Қанға сіңген улардың ағзадан бөлінуін күшейту үшін әр түрлі әдістер қолданады:
Табиғи процестер арқылы удың бөлінуін күшейтетін әдістер
Удың бөлінуін күшейтетін жасанды методтар
К өп дәрілерден, улар (алколоидтар, барбитураттар) ағзадан бүйрек арқылы бөлінеді, ағзадан уды бөлу үшін табиғи процестерді күшейтетін тездетілген диурез (несеп бөлу) әдісі қолданады. Бұл әдісті қолданғанда көктамырға изотоникалық натрий хлорид ерітіндісін құяды (1,5-2литр) содан кейін несеп жүргізетін препарат (фуросемид) қолданады, осы әдістен кейін несеп бөлу күшейіп (5-6л) тәулігіне, у несеппен бөлініп шығады, бірақ бұл әдісті жүрек кемшілігінде, бүйректің бөліну функциясы бұзылғанда қолдануға болмайды.
Өкпе арқылы бөлінетін улармен уланғанда, табиғи жолдармен уды тез шығару үшін емдік гипервентиляция (тыныс алуды күшейту) әдісі қолданады, бұл жағдайда қолдан дем алдырады, бұл әдісті газды улармен уланғанда қолданады. Гемодиализ әдісіне – ағзадан уды тез бөліп шығару үшін «жасанды бүйрек» аппаратын қолданады, бұл әдіс ауыр металдардың тұздарымен уланғанда, барбитураттармен, наркотикке жатпайтын анальгетиктермен уланғанда нәтижелі.
Гемосорбция – қандағы уды тез бөлу ушін қолданады, активті көмір, уды сорып алады.
Уды заласыздандыру
Бұл жағдайларда уланған кісілерді, улардың антидотымен емдейді (антидот терапиясы), уларды химиялық немесе физико-химиялық өзара әсер ету арқылы залалсызданатын заттар – антидоттар деп аталады. Физико-химиялық әсері бар антидотқа активті көмір жатады, әр түрлі уларды сіңіріп алады, ал, химиялық әсері бар антидотқа дефораксамин жатады, әсері өте күшті темір, мыс сульфатымен уланғанда қолданады. Антидоттар, уланғанда қолданатын көмектің әр түрлі кезеңдерінде пайдаланады.
Улардың әсерін функционалдық антогонисттер арқылы жуңілдету
А нтидоттармен қатар уланғанда функционалдық антогонисттерін (қарсы әсер ететін дәрілер) қолданады, бұл дәрілер улар сияқты ағзаның функциаларына әсер етеді, бірақ уға қарама-қарсы.
1 . Холиноблокаторларды, холиномиметиктермен, антихолинэстераз препараттарымен уланғанда қолданады ( атропин сульфат)
2 . Наркотикалық анальгетиктердің, морфиннің антогонисті – налорфин гидрохлорид
3. Кальций хлоридінің антогонисті – магний сульфат, уланғанда қолданатын көмектің
барлық кезеңінде ағзаның жауапты функцияларын (тыныс алу, қан жүргізуші) мұқият бақылау қажет, егер тыныс алу нашарласа, тыныс алу орталығын қоздыратын дәрілерді, оттегін қолданады, қолдан демалғызу қажет.
4 . Синил қышқылымен, аниленмен уланғанда метилен көгін қолданады
5. Жүрекке қолданатын гликозидтер мен ауыр метал тұздарымен уланғанда қолданады - унитиол
Улануды емдегенде су тұз балансының тұрақтылығын түзейтін және ауруды басатын дәрілер қолданады (NaCl 0,9%, Рингер-Локк ерітінділерін, промедол, трамал)
Қандайда болмасын уланғанда өкпе ісігін болғызбау қажет, ол үшін антибиотиктер қолданады (гентамицин, цефазолин)
Бауырды удан сақтау қажет, токсикалық өзгерістер туғызбау үшін, глюкоза, витаминдер В1 , В6 , В12 , гепатопротекторлар, имунномодуляторлар қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |