бұл әңгімесінде жәндіктер соның ішінде
құмырсқалар өмірін тілге тиек етеді.
«
Мына бір илеу – тұтас бір
әулет. Немесе, мемлекет. Ерекше тіршілік жүйесі, бағзыдан бе-
кіген, бұлжымас заң-жарғылары, басқару рәсімдері бар. Әрине,
өзіндік үлгі, бөтен бір өлшемдегі қоғамдық құрылым» деп, бақ
ішіндегі құмырсқа илеуіне авторлық таным тұрғысынан баға
беріледі. Құмырсқа илеуінің дәл төбесінен төніп, бажайлап қа-
рап тұрған автор «ғажайып әлемнің» көзімен көргенін, байқа-
ғанын асқан шеберлікпен баяндайды. Бір-бірінен айырғысыз,
«құмырысқа мемлекетінің»
негізгі және көпшілік бөлігі
–
жем-
сауына қор жинаған, таң атқаннан күн батқанша, алты ай жаз
бойы тынымсыз еңбек үстіндегі бірі кіріп, бірі шығып жатқан
жұмыскер құмырсқалардың тірлігіне тәнті боласыз. «Илеу – құ-
мырсқалар мемлекетінің бас ордасы, берік ұйытқысы ғана емес,
негізгі мекен-тұрағы. Алайда, бүкіл қауымның тіршілік өрісі бұ-
дан әлдеқайда ұзақ – кең көлемді бау. Алғашқы күндердің өзін-
де мен біздің аумақты, мәуелі баудың ең негізгі қожайыны – осы
45
құмырсқалар әулеті екенін аңдадым» деп автор-кейіпкер құ-
мырсқа илеуін көркемдік деталь ретінде ала отырып, оны бір
қауым елдің, тіпті мемлекеттің символдық (рәміздік) белгісіне
айналдырады. Баудың қай тарабына барсаң да аяқ асты мен
шөп арасы, тіпті ағаштың діні мен бұтақтардың ұшындағы жа-
пырақтарында да өрмелеп әлдене іздеп жүрген әдемі қоңыр құ-
мырсқаның жайлаған көркемдік кеңістігінің шексіздігін жәндік
өлшемімен бірнеше жүз шақырым деп пайымдайды. Осы жәндік
өлшеміндегі жер – автор-кейіпкер танымында:
«
Менің саяжай
деп отырғаным – ширек гектар бағы бар, орнықты, әлденеше
бөлмелі тұрғын үйі бар, кең қоныс». Жалғанды жалпағынан бас-
қандай болып жүрген қоңыр құмырсқалар мекендеген үлкен
бақтың түстік жағында жаңа екі илеу пайда болады. Илеу деген
аты ғана, тақыр тегістік. Қаптаған тесік, құжынаған қиқым,
ұсақ, майда, қара құмырсқалар – шымал. «Үй маңынан, дуал қа-
бырғасы, ағаш бұтағынан бұрын да ұсақ құмырсқалар ұшыраса-
тын. Мыналардың да бойы асып кеткені шамалы, бірақ тым жі-
герлі бірден байқалды және түгел қап-қара... Мынандай, қарма-
саң қолға да ілінбейтін ұсақ шіркіннен не қайыр... Рас, біздің
үйреншікті қоңырдан басқа нәсіл».
Автор неліктен құмырсқаларды «қоңыр» және «ұсақ қап-
қара» деп алып отыр. Халқымыздың жанына жақын түстердің
бірі –
қоңыр түсі.
«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде»
қоңыр
түсіне байланысты тура және ауыспалы сөздер тізбегі берілген,
мысалы:
қоңыр, қоңыр ала, қоңыр аю, қоңыр ән, қоңыр бел, қо-
ңыр дауыс, қоңыр жел, қоңыр жүз, қоңыр көлеңке, қоңыр күз,
қоңыр қаз, қоңыр леп, қоңыр салқын, қоңыр тарту, қоңыр үн».
Қоңыр –
жер түсі, тірлік, өмір бейнесі. Қазақ нанымында бұл түс
ерекше орын иеленеді.
Қоңыр –
алдымен қауіпсіздік, тыныш-
тық, мамыражай тірлік белгісі.
Қоңыр сөзі түстік мағынадан
басқа мынадай:
қоңыр күй, қоңыр дауыс, қоңыр күз, қоңыр жел,
қоңыр әңгіме, қоңыр қабақ, қоңыр тірлік, қоңыр сөз, қоңыр са-
мал, қоңыр дала, қоңыр салқын, қоңыр кеш, қойдай қоңыр, май-
да қоңыр
сияқты тіркестермен келіп, әртүрлі құбылыстың небір
жанға жайлы, құлаққа жағымды, жүрек тебірентетін нәзік те
әсем сәттерін, өмір, тіршіліктің жайбарақат, мамыражай, кейде
тіпті жұпыны да сыпайы қалпын суреттейтін ерекшеліктері көз-
46
ге түседі. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |