Г. С. Балтабаева Тәуелсіздік кезеңіндегі



Pdf көрінісі
бет7/47
Дата19.12.2021
өлшемі1,57 Mb.
#103325
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   47
Байланысты:
baltabaeva g tuelsizdik kezenindegi kazak prozasy
ҚАЗІРГІ-ҚАЗАҚ-ӘДЕБИЕТІ-конвертирован, my planner kony study
 
 
1.3. Қазіргі қазақ әңгімесіндегі әлеуметтік символика 
 
 «Тәуелсіздік  жылдар»  деп  аталатын  кезеңнен  басталған 
жаңашыл  пайымдаулар  рухани  түлеудің  жаңа  бір  кезеңі  болды 
да,  қазақ  әдебиетіне  көркем  ойлаудағы  жаңа  ұстанымдарды 
алып  келді.  1991-2009  жылдар    көлемінде  қазақ  прозасында 
әлемдік  өзгерістер  мен  қоғамдағы  қайшылықтар,  атап    айтар 
болсақ,  саяси,  әлеуметтік-философиялық,    рухани-психология-
лық  мәселелер  түрлі  формада  көрініс  тапты.  Осындай  жоталы-


 
43 
жоталы  проблемалар    адам  болмысына  әлеуметтік  пайыммен 
анағұрлым  тереңірек,  жан-жақтылық  тұрғысынан  келудің,  қо-
ғамдық  құрылыста  қалыптасқан    қатынастарға  сыншылдық  по-
зициядан  үңілудің  нәтижесінде  туған.  Мысалы,  М.Мағауиннің 
«Құмырсқа  қырғын»,  «Коммунистік  реализм»,  «Ұлт-аралық 
жанжал»,  «Қасқыр  –  Бөрі»,  «Қисық  ағаш»,  «Қос  Ағаш», 
Т.Нұрмағамбетовтің,    Ә.Асқардың,  А.Алтайдың  т.б.  шығарма-
лары    әлеуметтік  өмірдің  ең  бір  өзекті  мәселелеріне,  қоғамның 
рухани келбетін шамалауға сыншылық-философиялық тұрғыдан 
келді.  Бұл  жазушылардың  өз  қоғамының  саяси-рухани  норма-
ларын  терістеу  философиясы  шығармаларындағы  сыншылдық 
пафосқа нұқсанын тигізе алған жоқ. 
Әдебиетіміздегі жануарлар, хайуанаттар өмірін, жәндіктер 
тіршілігін суреттейтін философиялық шығармаларды қарастыр-
ғанда  көрнекті қаламгер М.Мағауиннің шығармаларын ерекше 
бағалауға болады. 
Жазушының кейінгі жазған шығармаларының көбінде жа-
намалап  немесе  астарлап  болсын  ұлт  тағдыры,  рухани  құнды-
лықтар ұлттық таным тұрғысынан дәріптеліп, суреттелуімен қа-
тар  қазақы менталитетімізге тән  кейбір келеңсіздіктер,  аяушы-
лық,  адамшылық  сияқты    сезімдердің  аяққа    тапталуы,  мақсат-
сыз, мағынасыз  саясатқа деген шарасыздық кейде ашық күйде 
берілсе, енді бірде астарлы образдар арқылы сөз болады. 
Уақыт озып, алға  қадам басқан сайын әдебиеттің де күр-
деленуі,  ойды  білдірудің  түрлі  тәсілдерінің  пайда  болуы  заңды 
құбылыс. Осындай ойды жарыққа шығарудың  бір жолы – сим-
вол.  Талантты  жазушы  өмірдің  кез  келген  құбылысынан  небір 
сырды  ақтарып  тастап,  жарқыратып  көрсете  біледі.  Сол  құбы-
лыста терең мағына, үлкен философиялық ой, тұжырым жатқа-
нын оның  туындысын оқығанда ғана ұққандай, көргендей бола-
сың. Осындай күнделікті тіршілікке қанат бітіріп, биікке самға-
ту  сияқты  шеберлікті  Ғ.Мүсіреповтің  «Өмір  жорығы»,  «Қыран 
жыры», М.Мағауиннің «Құмырсқа қырғын»
 
әңгімелерінен көру-
ге  болады.  Ғ.Мүсірепов  «Өмір  жорығында»  су  астының  таңға-
жайып,  балықтардың  терең  сырылы  өмірін  бейнелесе,  «Қыран 
жырында» аспан әлемінің шырқау биігін, оның құдіретті құсы – 


 
44 
қырандар жайын жырлайды. Ал, М.Мағауиннің 
«
Құмырсқа қыр-
ғын»
 
әңгімесі болса, құмырсқалар өмірінен сыр шертеді. 
«
Құмырсқа  қырғын»  –  жай  ғана  көркем  шығарма  емес, 
идеясы соны философиялық әңгіме. Бұл әңгімеде өмір үшін кү-
рес,  ұрпақ  жалғастығы  тәрізді  көкейжарды  мәселелер  филосо-
фиялық  толғаммен,  автордың  кірпияз  талғамымен  шебер  үнде-
сіп,  жымдасып    кетеді.  Суреткердің  бұл  туындысы  қазақ  әңгі-
месіне  жетпей  тұрған  айшықты  бояларды    жинақтаудың  тәжі-
рибесі,  ойды  символикамен  жеткізу  тәсілін  батыл  игерудің  же-
місі сияқты. Айтпақ ойын жорамал, болжам арқылы білдіруі әб-
ден заңды. Бұл әдіс  қазақ әдебиетінде бүгін ғана пайда болған 
нәрсе  емес,  фольклорлық    шығармаларымыз  бен  әлем  әдебие-
тінде де бар нәрсе. М.Мағауиннің «Құмырсқа қырғын» атты фи-
лософиялық  ойға  құрылған 
 
әңгімесі    табиғат  құдіретіне  бас 
июді  ғана  емес,  өмір  үшін  күрес,  қазіргінің  жалғасы,  болашақ-
тың тұтқасы жас ұрпақ пен  ертеңіміздің кепілі – жер-анамызды 
қастерлеу туралы сыр десе де болады. Сырт қарағанда  өзімізге 
таныс, өмірде жиі кездесетін   қарапайым ғана оқиға. Кейде ая-
ғымыздың астында тапталып қалатын құмырсқалар өмірі автор-
кейіпкердің көзімен бағамдалып, баяндалады. 
Сонымен автор


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет