Г. С. Балтабаева Тәуелсіздік кезеңіндегі



Pdf көрінісі
бет15/47
Дата19.12.2021
өлшемі1,57 Mb.
#103325
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   47
Байланысты:
baltabaeva g tuelsizdik kezenindegi kazak prozasy
ҚАЗІРГІ-ҚАЗАҚ-ӘДЕБИЕТІ-конвертирован, my planner kony study
 
 
1.4. Қазақтың жаңа прозасындағы  ағаш  
 тотемінің  қолданысы. 
 
Адамға  тән  ой-сезімнің  ағашқа  телінуі  дүниенің  бәрін 
жанды  деп  есептейтін  мифтік  санаға,  ағашты  кие  тұтатын  то-
темдік түсінікке байланысты.  
Осы  түсінікті  тірілте  отырып,  талантты  жазушылар  ұлт-
тың өзекті мәселелерін қозғай білгендігі байқалады.  
Қазіргі  қазақ  әңгімесіндегі  – Ағаштың фольклорлық си-
патын  сан  түрлі  тұрғыдан  көруге  болады.  Мәселен, 
М.Мағауиннің    «Қисық    ағаш»,    «Қос  ағаш»,  Р.Отарбаевтың 
«Бәйтерек»,  Н.Ораз  «Теріс  ағаш»  әңгімелері  бір  қарағанда  эко-
логиялық  тақырыпқа  арналған  сияқты.  Ал  шығарманың  түпкі 
идеясына терең үңілсек, ежелден келе жатқан «ағаш – дүние ті-
регі» дейтін ұғым жаңғырған.   
«Тотем»-нің  мағынасы – «төркіндік белгі» немесе  таным 
тарихына   қысқаша барлау 


 
74 
Қазақ бүгінде  ислам дінін  ұстанатын  мұсылман  халық  
болғанмен, оның   мәдениетінен  шамандықтың, тіпті, одан  да 
ежелгі,    алғашқы    діндердің  таңбалары  менмұндалып  тұрады. 
Сол  алғашқы  діндік    құбылыстардың    бірі-  тотем.  Тотем  есте 
жоқ  ерте кездегі «сәби»  адамзаттың қарабайыр, бірақ  қатепті 
діндік    ұғымынан    туған.  Тотемдік    ұғым    бойынша    әр  тайпа-
ның,  тіпті әр  заттың,  құбылыстың  жаратушысы  болады. Айта 
берсең,  кәдімгі  дерт-дербез, пәле-қазаның  да  өз иесі болмақ.. 
М.Мағауиннің «Қисық ағаш» әңгімесі «...Міне қызық. Оң 
қанат  –  аллеяның  парк  жақ  беті  –  биік,  сымбатты    қарағай. 
Самсай  тізіліп  тұр. Сол қанат – Джержинский көшесіне қараған 
беті  –  қиқы-жиқы,  қисық-қыңыр  қара  ағаш.»  деп  авторлық 
пайымын осы бір көшеің екі жақ бетінде өскен ағаштардың екі 
бөлектігін  суреттеу  арқылы,  бір  елдің  басынан  өткерген  екі 
түрілі  бір-біріне  кереғар екі өмірін  алып  көрсеткендей.  Бірі қа-
зіргі түзу жолдың бойындағы сымдай тартыла самсаған қарағай 
тәрізді тәуелсіздік алып, еңсесі биіктей түскен елдің  рәмізін біл-
дірсе керек. Ал, екішісіне өкіңішті өткені бұлыңғыр елеске  ай-
налса да  көлеңке  құсап  арыла  алмай келе жатқан  кеңестік  со-
лақай    саясат  ізіне  –  қиқы-жиқы,  қисық-қыңыр  қара  ағашты 
алып  отыр.  Суреткер  шеберлігінің өзі ағаш болғанда қарағай – 
біріншіден    ол    ешқашан  қисық  өспейтін,  әрқашан  да  қисамай 
тік өсіп, биікке  ұмтылып  өсетін көп жылдық, қысы-жазы өзінің  
жап-жасыл  қалпын өзгерте  қоймайтын, мықтылығы сондай ді-
ніне  балта  бойламайтын  қылқан  жапырақты  ағаш  болып  сана-
лады.  Қарағайдан  салынған  үйлер жүз  жылдап  тұрмақ,  мың  
жылдап    небір    қарлы-жаңбыр  жауса  да    шірімейді.  Керісінше  
жыл  өткен сайын  қатты болып,  нығыздала түседі. Жалпы қара-
ғай  –  өрлік  пен  биіктіктің  рәмізі  болып  саналады.  Автордың 
ағаштардың ішінде   қарағайды  таңдауының мәні осында тәріз-
ді. Жазушының  қарағай мен  қисық  өскен  қарағашты біріне-бі-
рін  қарама қарсы  алуының да  өзіңдік  мәні  бар. Қисық өскен  
қара  ағаш – оңынан емес, қисық   қыңыр  келген  заманды, бір 
кезеңді  алып  отыр.   Қазақта жолың оңынан болсын, оң тілек,  
айың  оңынан тусын  деген  ақ тілектері бар. Ал керісінше   қи-
сық,  теріс-қағыс  деген  сөздерге    де    аса  мән  берген.  Мәселен  


 
75 
Қ.Түменбайдың «Адамның тууы» атты  әңгімесінде де осы  мә-
селе  сөз болады. 
«– Бала  теріс келді, мейілі ме? 
Оң, теріс деген  ұғымға  түсініп  жатқан ол  жоқ.  
... – Теріс келсе, балаң ұрпақсыз қалады. Мейілі ме? 
... – Теріс... деп жігіт сәл  мүдіріп қалды. 
–  Сен  өзің    теріс  дегенді  түсінесің  бе?  Адам  анасынан 
теріс шығады. Теріс  шықса ұрпақсыз қалады». Жарық  дүниеге  
келген адамның басымен  шығып, ал  өмірден  озып,  ақтық  са-
парға    аяғымен    шалқалап    шығатыны  бәрімізге  мәлім.  Қасым 
Аманжоловтың  «Шалқалап    әкем  шықты  үйден»  демекші,  не 
нәрсе болса да  бұл  дүниеде  өзінің  ретімен, Алланың  жарат-
қан    табиғи  болмысы,  жаратылысы    бұзылмай  берілгенге  не  
жетсін  дейді  авторлық  таным. Адам  болашағының  кілті осы 
оң мен  теріс  келудің  өзінде екен. Атам қазақтың  «ісің  оңынан  
болсын»,  «оң  аяғыңмен  атта», «айың  оңыңнан  тусын» деп  ті-
лек    тілеп,    бата    беруінде    де    үлкен    мән  жатыр  екен. 
Қ.Түменбай өз шығармасында теріс келу концептісінің  мәні  ұр-
пақсыз өтіп,  болашағыңа  балта  шабылады,  теріс келген  адам-
ның  ісінің  бәрі  терісінен  келіп, оңбайды десе, ал М.Мағауин   
қисық  өскен  ағашты  сол о баста  теріс келген  бала  тәрізді ба-
сынан оңбай қыңыр келген заманның рәмізі деп түйіндейді. Екі 
жазушы екі түрлі  тақырыпты  жаза отырып, бір-ақ өзекті  мәсе-
лені    қозғап  тұр.  Бәрі    оңынан,  түзу    болсын    деген    тілектен  
туындаған  мөлтек  сыр  ғана. 
Автордың  суреттеп отырған  ағашы − ағаш болғанда қи-
сық  біткен  ағаш. Жоғарыда айтып өткендей  қисық өскен ағаш 
арқылы суреткер өзінің  барлық  айтпақ  ойын  осы  «қисықтық-
қа» әкеліп  тіреп,  үлкен  салмақ  салып  отыр. Табиғаттың жара-
тылысын бұзып, жоғарыға, көкке ұмтылатын ағаш   көлденеңі-
нен  келіп  тұр.  Қазақта   кесе-көлденең   тұрма,   көлденең   келді 
деген сөздер мәні осы әңгімені оқу  барысында  ашылады. Ав-
тордың  айтпағы  түзу  емес  қисық  біткен  нәрсе  әрқашан да  
көзге  қораш  көрінері  анық. Егер өсіп тұрған қисық ағаш көр-
сеңіз, ондай жердің де жақсы орын болмағаны. Соны білетін ди-
қаншылар экономикалық шығынға ұшырамас үшін ондай жерге 
егін  екпеген.  Ал,    жазушының    қисық  ағашының    мән-жайы  


 
76 
неде?  Қисық  ағашты    суреттеу    арқылы    айтпағы    не    дегенге  
келсек: 
«Әуелде қисық орнаған. Содан соң, тамыр тартып, жапы-
рақ жайып, бой созған сайын, ауыр салмағы төмен  тартып, мыс-
қалдап, бұрынғыдан әрмен қисая берген. Теріс бітімін ешкім кө-
ріп түземеген. Немесе, түзелмеген. Сол қалпы  жуандап,  бұтақ-
тана түскен. Қисық  қалпында» деп автор  жаңа  егілген  кезінде 
неге  түзетпеген деп  астарлы  сұрағын  қоя  отырып, әдейі  тү-
зетпеген    шығар.  Мүмкін,  қожайынға  дәл  осындай  қисық  ағаш  
керек    болған    шығар.  Барлық  ағаш  түзу,  түзуге  жақын,  тік. 
Шындығында қиысықтығы егушіге қызық көрінген  болар. Экс-
перимент  жасаған  шығар  бәлкім... Кім  білсін?- деген астарлы  
ойдың  шешімі  қисық ағаш – қисық, қыңыр  заман  болар  бәл-
кім... Ал, сол  заманның  қыңыр  болуы  ол  заманды  құрушы 
мен  жасаушыларына  тимді  болған  шығар. Қыңыр  заманның  
арты    жақсылыққа    апармасын  білсе  де  кем-кетігін  жөндеп  тү-
зеткілері де келмеген  болар. Мүмкін  қисық ағаш  тәрізді қисық, 
қыңыр заманның үстемдік  құруын оң көрулері де әбден  мүм-
кін. Сонымен суреткер қисық ағашты деталь  ретінде  ала оты-
рып,  қыңыр  заманың    символы    ретінде    алып    отыр.  Жазушы  
осы қисық ағаштан  қандай  қауып-қатер барлығын, осы  көлде-
нең  біткен  ағаштан келіп-кетер нендей қиындық көрерін  бей-
нелеуде тағы  да  градация  әдісіне  сүйенеді. 
Төбесін    ойып    ала    жаздады  →бет-аузы    талқан    болар 
еді→оңбай    сүрінген→  төрт  тағандай    жығылған→  екі    тізесі 
қақсап    барады→  екі  алақаны    қатарынан    талқан    болыпты. 
→құдай  сақтады→Сүйек  аман  екен.-деп  автор  кейіпкерінің  
басын     көлденең  ағашқа    соққызуы  арқылы   қыңыр   заманнан  
зәбір  көрген  адамның  бейнесін көрсетуге  тырысқан. 
М.Мағауиннің «Қисық ағаш» әңгімесі басынан-аяқ тұнып 
тұрған  астарлы мағынада, символдық рәмізбен жазылған туын-
ды деп қорытуға  толық  негіз  бар.Сонымен,  шығармадағы сим-
волдық рәміздерге  келетін  болсақ: 
 
 
 
 


 
77 
Қисық  қыңыр  келген совет  заманы→қисық ағаш 
                                                              → ескерткіш 
                                                              → сұр үй 
Қисық ағаш →кеңес  заманы 
                     → кеңес заманындағы  қазақ  әйелі 
                     →қисық  кеткен   адам тағдыры 
Сонымен  бірге  ұлттың  ұлттылығын  айқындап,  бедерлей 
түсетін  этнографиялық  сипаттардың  молдығы  да  М.Мағауин 
шығармашылығына  тән  эстетикалық  факторлардың  бірі  болып 
табылады десек, артық емес.  
Жазушы қазақи өмір салтын, тарихи, дәстүр мен этногра-
фиялық  ұстанымдарын  мейлінше  терең  білетіндігін  және  оның 
бұл  бағыттағы  барлық  шығармаларынан  дерлік  көрініс  табаты-
нын атап айту қажет. Автордың бұл шығармасының ерекшелігі: 
бұрыннан бар фольклордағы ұғымдарды тірілту, жаңаша мән бе-
ру арқылы ой айту.  
М.Мағауиннің  “Қисық  ағаш”  әңгімесіндегі  өзекті  ой 
Н.Ораздың “Терісағаш” әңгімесінен өз жалғасын тапқандай.  
“Ол  біздің  ауылдың  шетіндегі  тоғайда  өсіп  тұрған  Теріс 
ағаш.  Жұрт  оны  көптен  бері  солай  атайды.  Сырттай  қарағанда 
айналасындағы басқа ағаштан ешқандай айырмашылығы жоқ” - 
деп автор осы теріс ағаш оқиғасына шегініс жасау арқылы әңгі-
месін аяқтайды. Солқылдақ жас шыбықты ат қып мініп, тоғайға 
қарай  “құйындатып”  келе  жатқан  жас  баланы  Боранбай  барон 
тоқтатып бұтының арасындағы “атын” жұлып алады.  
“- Әй, ақымақ, - дейді Әнтайға қарап. – Обал емес пе?! Бұ 
да өзіңдей бала ғой. 
Сосын ол саздау жерге әлгі шыбықты тік шаншып қоя сал-
ды. Әнтай қу оның шыбықты ұш жағынан теріс қадағанын бай-
қап қалып: 
-  Барон  көке,  бұл  бәрібір  өспейді,  -  дейді.  -  Өйткені  сіз 
оны дұрыс шаншыған жоқсыз. 
Боранбай барон артына бұрылып қараса, шынында да, жас 
шыбықты теріс қадап қойған екен. Бірақ ол өзін мазақ еткісі ке-
ліп көздері ұшқын атып тұрған үрпек сары балаға қарап: 
-  Өсе-ді!  –  дейді  даусын  созып.  –  Барон  қадаған  шыбық 
өспеуі мүмкін емес! 


 
78 
Расында  да,  сол  шыбық  кейін  жетіліп,  өсіп  кетті.  Басқа 
ағаштарға қарағанда бас жағы жуандау, биік қара ағаш болды” . 
Авторлық таным жас шыбық пен жеткіншек баланы пси-
хологиялық  параллелизммен  қатарластыра  алып  отыр.  Негізгі 
өзекті  ой  талшыбықтың  “терісінен”  қадалып  отырғызылуында 
деп  түйіндейді.  Ағаш  теріс  отырғызылғанымен,  өсіп-өніп,  зәу-
лім қарағашқа айналып отыр. Теріс те болса ағаштың шын ниет-
пен, таза көңілмен отырғызылуында деп пайымдайды автор. 
Ал М.Мағауиннің  «Қос ағаш» әңгімесі  мүлде басқа  ойды   
қозғайды.  Ұлттық, ұлттық  рух тұрғысынан  киелі ағаш  куль-
тын  ұсынады.  Автор  кейіпкерінің  Қосағашты    көрген    кездегі  
алған  әсерімен  суреттейді. 
«Әуелде  бұлт  екен  деп ойлағам. Үйірілген, сұрғылт, бір  
будақ бұлт. Бұлт  емес, одан беріде, бірақ  өзгеше  тұман  екен.  
Мен  көрмеген  зәулім ағаштың  арбиған, аумақты басы. Біз алға 
жылжыған сайын зорайып, еңселеніп, жайыла түсті. Ағаш қосар 
екен.  Айбынды.  Сұсты.  Бірақ    қорқынышты    емес  еді.  Салқам, 
суық  кейпінің  өзінде  мейірлі  жақындық  бар»-деп,  бірінші  жақ-
тан «менмен» баяндайтын кейіпкеріміздің Қосағашпен алғашқы 
таныстығы  осылай  басталады.  Ағашты  адам  тәрізді  қабылдап, 
оны  таныстырған  кезде  де  адамның  портретін  бергендей    етіп 
суреттейді.  Алғаш  бала  жасында  көрген  Қосағашы    мәңгілік  
бала  санасында  осындай  зорайған  қасиетті, киелі  қалпында  
қалады. «Уа, қасиетті Қос Ағаш!» деген  атасының  алғашқы  сө-
зін  кейін  өмір-бойы  немересі  қайталап  өтеді.  Осы  Қос Ағаш-
тың  түбіне  Абылай  хан  шатыр тігіп, құрбандық  шалып, да-
мыл  қылған. Еңсегей бойлы Ер Есім қара  қалмаққа  қарсы осы  
жерден    аттанып,    үш    Алашқа    сауын    айтқан    да    осы      Қос 
Ағаштың  түбі  еді.    
Суреткер   осы  бала  көзімен  берілген  Қос Ағаштың пор-
третінің  әсем  көрнісін  градация    әдісімен  суреттейді.  Қыс  мез-
гіліндегі аппақ    қарға    малынған  Қос  Ағаш   халқымыздың   қа-
зақы  танымын,    өршіл    рухына    дақ    түсіп    қарая    қоймаған,  
жаңа  жауған  қардай  тазалығын   көрсетсе  керек. Суреткер ба-
ла көңілімен, бала қабылдауымен танылған алтын мен  күміске  
малынған  Қос  Ағаш  бейнесі – қазақтың құт-берекесінің  сим-
волын берген  тәрізді.  Ары қарай  жазушы  осы  бала  танымын-


 
79 
дағы  Қос  Ағаш  бейнесінің   жомарттығы мен паңдығын, біре-
гей  қасиетті  Қос Ағаштың  енді құлдырау   үрдісін  градация-
мен бала  көзімен   беріледі.  
Нешеме  жылдар  бойына  ешнәрсені  көзіне ілмеген Қос  
Ағашқа  айдың  күні  аманында  қурай  бастайтындай  не  бол-
ды?- деп  авторлық  таныммен   сауал  қоя  отырып,  суреткердің  
өзі  жауап  береді. Бір  кездегі  дәл  түбінен  мол  сулы  қасқа  
бұлақтың  көзі  бітеліп, батпаққа  айналған шұқанақ орынға ай-
налғандығын және бұтақтарына байланған оңған, тозған сұрық-
сыз  шүберектерді, төңірегіндегі көк  шалғын  шөптің  орнына, 
сортаң қу  тақыр, сиыр  ізінен басқа түк  көрінбейтін тіпті  ала-
бота  мен қурайдың  өзі  де  жоқ  көріністі  бейнелеу  арқылы  
Қос  Ағаштың    Тәңірінің    емес  өзінің    ұрпақтары    деп    жүрген 
адамдардың  назарынан  тыс  қалуын  көрсетеді. «Көзі  бітелген 
бұлақ»  пен  «оңған,  тозған  шүберектер,  ақтықтар»  –  кішкентай 
ғана елеусіздеу  детальдарды келтіре отырып, айтар ойын иша-
ратпен  түсіндіреді.  Бұл  детальдар көптен  адам  аяғы  баспаған 
Қос    Ағаштың  киесі  мен    қасиетін    ұмытқан  адам  оның    көзін  
ашып, оған  табынып  әулие  тұтып  не  қылсын! Қос Ағаш адам-
дардың өзіне деген құрметтің азайғандығын сезгендіктен осын-
дай  халге  түсіп,  қурай  бастаған  екен. Оған  керегі  тек  елдің  
сүйіспеншілігі мен  ұмытпай  тағзым  етіп  еске  алып  тұрған-
дары қажет  екен. 
Зәулім  бәйтерек  өткен  мен  бүгінді  және  ертеңді  жалғас-
тырып  тұрған  көркемдік  образ  түрінде  де  алынған.  Қазақ  хал-
қындағы  жалғыз  өсіп  тұрған  ағашты  қадірлеу  салтының  кең 
жайылғандығы жайлы Ш.Уәлиханов «Жапанда өсіп тұрған жал-
ғыз  ағаш,  немесе  бұта  қадірленіп,  оның  басына  түнейді.  Оның 
қасынан өтіп бара жатып, адамдар ағаштың бұтақтарына шүбе-
рек байлайды, ыдыс тастайды, тіпті құрбандыққа мал шалады, я 
болмаса аттың жалын түйіп тастайды» - дейді.  
«... Мен  бір  нәрсеге  ғана тіксіндім. Қос  Ағашты  менен  
басқа ешбір  бала  қасиет тұтып  тұрған жоқ» деп, автор  қасиет  
тұтып,  қадірлейтін  ұрпағынан  айрылған Қос Ағаштың  мүсәпір 
күйін  суреттеген.  Жазушы    оқиға    желісін      шиленістіре    оты-
рып,  айтпақ  ойын,  тұжырымын тағы  да  кейіпкерінің  көзімен, 
танымымен тым  келте  қайырады. Бірақ  бұл  жолғы  кейіпкері  


 
80 
бала емес, қаладан оқудан  оралған жиырма  беске  келген   қыл-
шылдаған жігіт.   
Жазушы  әңгіменің  сюжеттік    құрылымын      шиленістіру  
арқылы ауыл маңындағы алдыңнан асқар таудай   менмұндалап  
тұратын  Қос Ағаштың жоқтығы кейіпкеріне қаншалықты  ауыр 
тигендігін  психологиялық    көңіл-күймен    суреттеген.  Шегініс 
жасау арқылы, әңгіменің ішіндегі  әңгіме  кетіп, Қос Ағаш қаза-
сының себебі кейіпкер ойымен  қорытылып, түйінделіп  отыра-
ды. Желегі қайтқан, бірақ көгі  таусылмаған бірақ  жалаңаш  дің, 
арбақ-сарбақ қу  бұтақтары Ағаштың  қартайғанын анық  аңғар-
татын еді.  Жазушының ең басты айтпағы –  қажыр-қайратың ке-
міп, қартайған  шағында да қолыңнан келер  қайраның, тигізер 
еш  пайдаң  болмаса да сыйлысың, егер құрметтейтін елің, түсі-
ніп-бағалар  жұртың  болса...  Автор  Қос  Ағашқа  жұрттың  бұ-
рынғыдай  таңырқамайтынын, сый-құрмет азайып, ақтық байлау  
тоқталған сайын қос  жетім  құсап  жабырқап   қалған  қос  қа-
рияның бейнесіндей әдемі  суреттеген.  
Қос Ағаштың  омырылып  түскен   үстіңгі  бір  бұтағын –  
шын  мәнінде ұзын, жуан  бөренесін  үйі  жақын  тұрған  меха-
низатор  жігіт үйіне тракторымен  сүйреп  алып келіп, отын қы-
лып алады. Елде  шошынып,  тіксінгендер  болғанымен, тоқтау  
айтқан  пенде  болмаған, енді  оған  жарты  ауыл  қосылып  Қос 
Ағаштың    ағашынан    қыстық    отындарын    қамдап    қалмақшы. 
Құлатпақшы  болып, трактормен итеріп те,  балталап та көреді,  
қос  діңді  әбден  мыжғылайды. 
Бір  кездері    киелі    Қос  Ағашты    бір    көруді    арман    етіп 
өмірден  озған адамдар  болса, бүгінгі  күні  сол  қадір-қасиетін  
аяққа  таптап, отын  қылуды арман қылған пенделердің ісін су-
реткер  оқырманның  ар  таразысына    салады.  Шығарманың  ба-
сында
   
асқар  таудай  деталь  қылып  алған    Қос  Ағаш    ақыры  
ұсақталған,  азып-тозған  ұрпақтың  символына  айналған.  Көбіне   
қаламгерлер  ұсақ  нәрсені  деталь ретінде  алады  да, оны  үл-
кен,  кең  мағыналы  символға  айналдырады әдетте. Ал, мына  
туындыда  М.Мағауин  керісінше   алады. Бір кездегі бүкіл мұ-
сылманның    қазақ  түгілі  қалмақ  сиынған  биіктіктің,    алыптық-
тың, асқақтықтың  символы, белгісі  болған  Қос  Ағаш ұсақта-


 
81 
лып,    қарапайым    отынға    қажетті    ағаштың    қатарына    енген. 
Бұл да  болса  автор  шеберлігінің  бір  қыры  дер  едік.  
Бұрынғы  адам,  бұрынғы  Қос  Ағаш  білген  қазақ    атаулы  
түгелдей  Қос Ағашты  мәпелеп, қасиет тұтатын. Еңбектеген  ба-
ладан, еңкейген  шалға  дейін  барлығы  кие  тұттатын. Ал, ав-
тордың  баса    көрсетпегі  қазіргі,  яғни,    мүлде  басқа    заманның  
екі  аяқты  хайуанға  айналған, әйтеуір адам  есебіндегі бір  күн-
дік    өмірінің    құлы,  өзін    туғызған    атасына,  өсірген    анасына  
жау болып  шыққан  бүгінгінің  басқа  адамдары. Ұлтының  ұла-
ғатын ұмытқан, өзінің  хақ  тәңірін танымай, өткенінен, өз өзе-
гінен  өзі  жерінген – Ұрпақ.  Қос Ағаштың  дініне емес,  өзінің  
тамырына, болашағына балта шауып отыр  деп  түйіндейді  автор. 
«...Қос  Ағаш  жүрегі  жарқ  етіп,  басынан  бақайына  дейін 
балқи шымырлап, лап етті де, қып-қызыл жалынға оранды. Тә-
ңірім өзгеше  тумыс сыйлаған мың жылдық қасиетті Қос Ағаш-
тың  мәңгілік   өлімі  де  өзгеше    болыпты.  Жер    қабығын жарып 
атқыған  жанартау  отындай,  Қос  Ағаш  үш  күн,  үш  түн  жанды 
дейді». 
Қаламгер тұғырынан тайып, қартайған Қос Ағаштың  діні-
не  шабылған  балта, бүкіл ғұмыр бойғы  қасиетін мансұқ етті. 
Табиғаттың  ыстық-суығына,  кәрліктің  қиындығына  төзе алса 
да  өз саясына  алған  адамның  қорлығына  шыдай алмады – дей 
келе,  әңгіме  арнасын  басқа  сүрлеуге  салады.  Суреткер    шебер-
лігінің  өзі  қазақы  танымда  киелі нәрсеге қол  тигізген  адам  
оңбайды деген ырымды  жоққа  шығарады. Өзінің бір  бұтағын-
бөренесін  кесіп,    отын    қылған    тракторшы    жігітке    неліктен  
киелі ағаш  қаһарын  төкпеді, деп сауал  қоя отырып өзі  қын-
жыла    жауап    береді.  Сол  бір    тракторшы    жігіттің    сазайын  
тарттырар-ақ  еді,  оның  артында    балтасын    жалаңдатып,  тегін 
отынды    арман    қылып    жалақтап    жарты  ауыл,    бір  қауым  ел  
тұрған жоқ па? Ата мұрасын аяққа басқан, дәстүр-салтын  ұмыт-
қан    бүкіл  ауылға,  төңіректегі  дүйім    жұртқа    не  дерсің?  Бар  
ұрпағын  қалайша  жазаға    тартпақ?  –  деп  автор  өз  кейіпкерінің 
Қос Ағашының  жан  жалғыздығын, жан жарасын  тырнай  оты-
рып,  жан  айқайын    шығаруға  мәжбүр  етеді.  Жан  айқай  әрқа-
шанда  қарсылықтан, не нәрсеге болса да көңілі толмағандықтан 
туындайды. Жазушы  киелі  ағаштың  жан айқайын, жан  дауы-


 
82 
сын  отпен, оттың тілімен береді. Авторлық  шешімнің өзі жара-
тылысы, болмысы  бөлек  ағаштың  өлімі де  ерекше дегенге сая-
ды. Көбедей көп  ағаштардай  қартайып, мүжіліп құласа, шіріп 
өлсе, бар қасиетінен  айрылар еді.  Қаламгердің  Қос Ағашты – 
отқа  айналдырғаны  –  ежелгі    ата    жұртына    атой  салып,  аттан 
салғаны  шығар. « Бір ауыл емес,  бүкіл алашқа – Аттан! Серпіл! 
Баяғы    Бабалардың  рухын  тап!»  –  дегені  шығар.  Бірақ,    бұл  
жайды  көрген  көз  көп-ақ, дегенмен  ұққан,  Қос Ағаштың  за-
рын естіп,  мұңын  сезген  кімдер  бар? –деп жазған  бұл  туын-
дысын  –  М.Мағауиннің    қазақылықты  жоқтауы    дер    едік.  Сол 
бір  атам заманнан келіп жеткен  Қос Ағаштың үніндей сол бір 
үзік үн, көмескі сәуле мүлде  өшіп  қалмасын, баяғыда  дүниеден 
өткен,  баяғыда-ақ    сүйегі      қурап    қалған,  алыстағы    ағайыны 
білмейтін, жақындағы  туыстың өзі ұмытқан,  қазір  орындарын-
да  өздері  тұрмақ  іздері  де  қалмаған  Атам  Қазақты,  бабалары-
мызды жоқтап жазған прозалық   жоқтау  дер едік.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет