Г. С. Балтабаева Тәуелсіздік кезеңіндегі


Қазіргі қазақ прозасындағы  фантастикалық



Pdf көрінісі
бет23/47
Дата19.12.2021
өлшемі1,57 Mb.
#103325
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   47
Байланысты:
baltabaeva g tuelsizdik kezenindegi kazak prozasy
ҚАЗІРГІ-ҚАЗАҚ-ӘДЕБИЕТІ-конвертирован, my planner kony study
Қазіргі қазақ прозасындағы  фантастикалық 
антропологияның көріністері 
 
Қазақ әдебиетінде М.Қабанбайдың  аяқталмай қалған шы-
ғармасы  «Кентавр»,  А.Кемелбаеваның  «Қоңыр  қаз»,
 
әңгімесін 
қазіргі қазақ прозасындағы фантастикалық антропологияның үл-
гісін көрсететін туындылар  деп  айтуға  толық негіз бар.   
А.Асқардың «Түсік» әңгімесі қазіргі  қазақ әңгімесіне  қо-
сылған  антропологиялық    негізде  өзгеше    пішінде    жазылған  
көркем  туынды  болып  табылады. Талантты қаламгердің соңғы 
жылдары  жазып  жүрген әңгімелерінің  тосын  образдар  мен  тың 
тақырыпқа  құрылуы  қаламгерлер  мен  оқырман  арасында  үлкен 
қызығушылық тудырған. Мәселен, оның «Түсік»
 
және «Кентавр» 
әңгімелерін эксперимент деп қабылдағандар да бар, әрине. Қан-
шама оқырман болса, соншама пікір болуы да заңдылық. Әркім-
нің оқыған дүниесі жайында өз көзқарасы, зерттеуші ретінде ой 
түйіндесек:  сөз  жоқ,  «Түсік»  формалық  жағынан  үлкен  дайын-
дықпен жазылған әңгіме. Басталуының өзі өте күрделі шығарма 
екенін аңғартады. 
«Түлен түртті пендені... 
Түсінде түсік  көрді. Түсік – түсік емес, түсікке айналған 
мұның өзі. Бармақтай  ғана  жан  иесі  екен. Ештеңемен ісі жоқ. 
Жөнімен жүзіп жүр.  
Жүзіп  жүрген  мекені  –  жатыр.  Биттің  қабығындай  жұқа  
жатыр  іші – жұмбақ әлем.» деп әңгімені оқи бастағаныңызда тү-
сінде  түсікті  көрген,  түсікке  айналған  кейіпкерді  әйел  деп  ой-
лайсыз.  Бірақ,  мәселе  басқаша.  Ол  «жатыр  жатсынып,  бойға 


 
144 
біткен  арам  без  ретіңде  сылып  тастағанда»  өкіне  бермейтін, 
«безді  сылып  тастауға»  себепкер  болатын  жігіт.  «Жаңа  қазақ» 
Бибол еді, әке еді. Әңгіменің сюжеті соншалықты күрделі емес. 
Бүгінгі күннін шындығы. Боямасыз өмір. Жазушы сол шындық-
ты жалаң баяндамай, астарлап жеткізеді. Өмірді өз күйіңде қай-
талау кімге қызық? 
Автордың  алып    отырған    түсігі  –  кеше  ғана    жер  басып  
жүрген, ғұмырында  тарлық көрмеген, барлықта жалғанды жал-
пағынан  басып  жүрген  тұрақсыз  сезім  иесі.  Түсікке  айналған 
адам  түлкі  бұлаңмен өткеніне  көз  жүгіртеді. Түсікке  айнал-
май тұрғанда жалғанды жалпағынан  басқан  еді. Жоқтық не де-
гізбейді, барлық не істетпейді  дегендей әйелі Санабикенің   аға-
ларының  арқасында  байыған  Биболдың  өз  әйелі де, сүйдім-
күйдім  деп,  ойнап-қунап  жүрген  жас  қыз  Балкенже  де  аяғы  
ауырлап  қалып  еді.  Екеуінің  де бойына біткен  шарананы  «бүл-
діргі»  көріп   құтылғанша  асық  болып  дал  ұрған  Бибол қо-
нақүйде  жатып,  түс  көріп  жатыр.  Түсінде  түсікке  айналыпты. 
Жазушының  алып  отырған  мотивировкасы  –  түсік.  Жаңа    маз-
мұн,  тың  ой.  «Кейіпкер  осыларды  ойлап,  күйіп-піседі,  ақыры, 
жүйке ауруына ұшырайды. Оны бұл халге түсірген тек ой емес, 
өзінің ішіндегі екінші «мені», яғни Бейтаныс. Осылай адамдағы 
сыртқа көріне бермейтін «қостұлғалық» арқылы жазушы бүгінгі 
өмірдің  сорақылықтарын  ашып  салады,  оқырманды  терең  ойға 
қалдырады».   
Түлен түрткен пенде түсікке  айналып, автор  ары  қарай  
оқиға  желісін  сол Түсіктің басынан өткен, сезінген жайттарын 
психологиялық
 
үлкен тебіреніспен суреттейді.
 
Жазушының жұм-
бақтай сөйлеген сөзінің салмағы ары қарай шешіле түседі.   
Автор    түсікке    айналған    Биболды    жаратқанға    жалба-
рындырып,  жалындырып    отыр.  Бірақ    жатыр  ішіндегі    оның  
жан  дауысын  ешкім  естімейді... Тіпті  тәңірі де  таскерең бол-
ғандай  тіл қатпай, қол ұшын  созбады.  Жұмбақ та беймәлім  бо-
лып  келген  жұмбақ  жатыр бір ысынып, бір суынып, біресе жұ-
маққа, біресе  тозаққа  айналды. Дегенмен шыбын  жаны  жарық  
дүниеге шығуы  үшін бар тозаққа көнуге  бар. Суреткердің  алып 
отырған  негізгі  көркемдік  танымы
 

 
жатсыну.
 
Жатыр
 
түсікті  
жатсынып, жатырқап  отыр. Осы  жатсыну  арқылы автор  тәні – 


 
145 
ісік, жаны  – жасық түсікті жатыр жиркеніп, жерісе  онда – ісік  
тәні  қоқысқа  төгілер,  жасық жаны көкке  көтерілер деп  бағам-
дайды. Түсікті  терең  ой  тербегелі, тәубәға  келгелі жатыр  жа-
дырап  сала  берді де, шала  тәнді, шала жанды шата  бой жазып
жасық  жаны  жадырап тілге  келді дейді: 
« – О, Тәңірім, жан  бергеніңе тәубә! О, жатыр-анам, тән 
бергеніңе  тәуба!»  деп  тәубәсіне    түскен    пенде-түсік  Тәңіріне   
риясыз  ризашылығын  білдіріп алғыс айтады.  Қаламгер жасық-
тықтан жарынан  аса  алмай, жанына  жақын  жанды  бауырына  
баса  алмай, екі  ұдай  күйде  жүрген   кейіпкерінің пұшайман  
халын психологиялық басыңқы  көңіл-күйін  дәл  суреттеп  бере  
білген.  Не  сүйген  жары    жоқ,  не  сүйінген  жаны    жоқ    бәрінен  
бірдей    айрылып,  жападан-жалғыз    қалған    Бибол  құрсақта 
жайындай  жүзіп  жүр.  Суреткер  шеберлігінің  өзі –  кейіпкерін  
неліктен  барынан  айырып  отырғандығында...? Төрт  құбыласы  
сай,  жалғанды    жалпағынан    басып    жүрген    Биболды    түлен  
түртті. Яғни   көзіне  шел  бітіп,  Алланың  берген  сыйынан  бас  
тартып,  өз  қағанағынан  өзі  жеріп, сау  басына  сақина  тілеп  
алды.  Әрине  автор  кейіпкерін  тәубәсына  түсіру  үшін   алып  
отырғаны – көркем  шарттылық  – Түсік  болып  отыр.  Ана  құр-
сағындағы  түймедей  ғана жанды  шарана.  Сырт  көз  көре  ал-
майтын,  тек  ананың  өзі  ғана  сезе  алатын  құбылысты,  жұм-
бақ  та    беймәлім    әлем  –    ана    құрсағын,  ана    жатырын    алып  
отыр. Жазушы  кейіпкеріне  оң  шешім  қабылдаттыру  үшін   от-
тай    ысытып,   судай   суытып  Түсік    қылып   жаратып, әртүрлі  
ситуацияға    салады.  Қаламгер  кейіпкерін    жаңа    да      жұмбақ  
әлемге  апарып  тастап  отыр. Ол –  суреткердің  көркемдік  әле-
мі, өзінің  ойлап  тапқан  кеңістігі. Осы кеңістік оның тәубесіне 
келіп, жаратушысына жақындауының кепілі. 
 Автордың  көркем  кеңістігінде Түсік  тәңірі  тілегін  бер-
гендей өкпедей  жүзген  өзіңдей  тағы  бір  түсікке  кездеседі де  
оқиға  ары  қарай  шиеленісе  түседі. Өлі өкпедей өр  түсікпен 
жолыққан    сәтінде  сескеніп  қалса  да,  ізінше  қуанып  та  кетеді. 
Сонымен  бұлар  бір  жатырда  екеу  болып  шықты.  Енді екеуі  
бір-біріне  ес  екен,  ес қана  емес егіз  қозыдай  егіз  екен.  Жаңа  
ғана  жатсынған  жатырдың  бетін  бері  қаратып, демін  енді  ал-


 
146 
ған Түсікке  жанына  серік табылды-ау дегенмен авторлық  ше-
шім  басқа арнаға  ауады. 
Бөгде түсікті «Егізім!» деп еміреніп, «Сыңарым!» деп сыл-
дырап  келіп  моп-момақан  жатқан  түсік кейіпкерді  кеңірдегі-
нен  шап  беріп бас  салады. Автор  түсігі  тағы бір  түсіктің ал-
қымынан  алып  жатыр. Тажал  түсік  пен жасық  түсіктің  жа-
нын  көзіне  көрсетуі арқылы  қаламгердің  айтпағы  не? Екі  тү-
сік те  екі  жатырда  жатуы  керек пе еді? Бір құрсақта қалай  қа-
тар    пайда    болды?  Қос    түсік    қос    жатырда    жаратылмағаны 
несі    екен?  Бәрінен    бұрын  екеуі  де  қай    құрсақта  жүр    екен: 
Санабике... Балкенже...  құрсағы?  Әлде  шынымен  екеуі  егіз бе  
екен?  –  авторлық    танымға    қызмет    ететін    сауалдарды    алға  
тарту  арқылы: 
«Тәңірім-ау,  қай  қасиетті...  жо-жоқ,    қасиетсіз  құрсаққа  
тап  келді?! О, құдайым, кешіре гөр мендей түсігіңді! Кеше гөр 
тұрпайы түсінігімді! Құрсақтың қасиеттісі, қасиетсізі болмайды. 
Құрсақ  біткен қасиетті.. «(129) деп суреткерлік:  Қасиетсіз  бұ-
ның өзі. Жатырдың да тектісі бар, кектісі бар. Түсіктің де  тек-
тісі  бар, тексізі  бар. Демек, мынадай тажалдысы  бар, Биболдай 
ажалдысы  бар. Түсік  атаулының бәрі  періште  емес... Жарық 
та   жалған   дүниеде    Сырдың   суын   сирағымен   кешіп өтетін,  
бір  басынан  байлығы  да  залымдығы  мен  тажалдығы  артып  
жығылатын Бибол-Түсік  жатырда  жасық  бейшараға  айналып  
отыруының  себебі  неде? деген  пайымын алға  тартады. Автор-
дың көркемдік шешімі – болашақ  әке  мен  баланы  бір  жатыр-
да кездестіріп тұр.
 
Тас жүрек әкеден безбүйрек бала пайда болар. 
«..Осы  бір    сәт  тажал  түсік  қылдырық  кеңірдегінен  тағы  
бір  қысып  қалды. Бар  әлем  келіп бір  уыс бидайдай болып мұ-
ның  бауырына тығылды. Шыбын  жаны мұрнының ұшына  кел-
ді. Тілінің  ұшына сәби  кезінде санасына сіңген  сөз  оралды:( 
«Ер Төстік» ертегісінің  негізінде  - Г.Б) 
... «Жалғызым» деп жағынған... 
«Егізім» деп жалынған, 
Қоя  бер  мені,  егізім ! – 
Десе,    тажал  түсік    тағы  қыса    түседі.  Автордың      тауып  
алған  шешімі –  фольклорлық  үлгі. Жазушы  бұл  өлең  жолда-
рын жай  алып  отырған  жоқ,  оның  кейіпкер  характеріне, бол-


 
147 
мысына, қимыл-қозғалысына қалай әсер ететінін көрсетуді  мақ-
сат   етіп  отыр. 
  Деп    салғанда,  тажал  түсіктің  шеңгелі  жазылып    сала  
берді.» деген  өлең  жолдарымен  ұзақтау  үзіндіні қаламгер өте  
орынды   қолдана  білген. Градация  үлгісімен  берілген  кейіп-
кердің  бастапқы  өлең  жолдарында өз  шыбын  жаны  қысылған  
соң  қиналған  жанына сауға  сұрап  тілек  етсе, бірте-бірте  өсі-
ру  арқылы өз  шаранасына әкелік  сүйіспеншілігін  білдіру, сез-
діру  арқылы  ғана  тажал  шеңгелінен босай  бастайды. 
А.Алтайдың  кейіпкері  сонда  ғана  кең  тыныстап, өз  да-
уысынан өзі шошынып, түлен  түртіп  мүлде  басқа  адам  болып  
оянады.  Баланың    қадірін    білмей,  өз    болашағына    өзі    балта  
шауып,  өз  баласын  өзі  арам  бездей  сылып алып  тастамақшы 
болған  кейіпкерін сөйтіп Түсіктің кейпіне ендіру арқылы  тәу-
бәсіне  түсіреді.  Автордың    айтпағы   Тәңірім    түсіктен  де,    тас-
тандыдан  сақтасын! Ай астында  айдай  болып,  күн  астында  
күндей болып туар сәбилерді тірі-жетім тастанды болудан тәңі-
рім  қақсын! – деген  тұғыры  нық,  танымы  биік  ой . 
Шығарма  өзегі  –  трагедия.  Адамзаттың  өз  қолымен  өзіне 
өзі жасап жатқан трагедиясы. Қоғам трагедиясы. Адам қолымен 
өлтіретін адам болып қалыптасып үлгермеген сана иесі, тіршілік 
иесі... түсік жайында естіп-біліп жүргенімізбен мынадай көркем-
дік  жол  арқылы  тағылым  айту  тұңғыш  рет.  Бірақ  А.Алтайдың 
«Түсігін» оқып отырып, денең тітіркеніп, бойыңды үрей билей-
ді. Жазушы айтар ойын боямаламай, айқын да айшықты жеткіз-
ген. 
Автордың өзімен осы шығармасы туралы сұхбаттасқанда: 
«Мен  қазіргі  өмір  шындығын  жаздым.  Мұндағы  басты  мәселе, 
қазіргі ер азаматтардың есіруі, әйел затына деген көзқарасын өз-
гертіп,  оларды  бағаламауы.  Турасын  айтсақ,  менің  қазіргі  жас-
тарға деген өкінішім мен наразылығым. Бұрынғы заманғы ата – 
бабаларымызда бұндай нәрсе мүлде болмаған еді», - дейді.   
А.Алтайдың  бұл  шағын  әңгімесінің  көтерер  жүгі  салмақ-
ты. Қазақ халқының ежелден бергі ұрпақ қамын ойлаған қасиет-
ті  қағидаларының  аяққа  тапталуы  ұлтқа  төнген  қасірет  екенін 
меңзеп отыр. Сол үшін де көнеден келе жатқан «Ана – тіршілік 
бастауы», «Жатыр – адам мен жаратушының байланыс нүктесі» 


 
148 
дейтін  мифологиялық  ойларды  бүгінгі  заман  мәселесін  көтеру-
дің  көркемдік  амалына  айналдырған.  Әңгіме  сюжетіндегі  адам 
мен  мифтік  бейне  кездесуінің  ертегілік    диолог  (Ертөстік  әкесі 
Ерназардың  өкпемен  кездесуі)  арқылы  берілуі  автордың  асқан 
шеберлік дарынын айқындайтын белгі. Шығармадағы оқиғаның 
өң мен түс арасында өтуі де оңтайын тапқан олжалы көркемдік 
тәсіл. Қоғам дертін, бүгінгі қазақ ұрпағының санасын сілкінтіп, 
сезімін оятар форма таба білген туынды қаламгер шығармашы-
лығының кең тынысын айғақтайды. 
Мәселен,  «Түсік»  әңгімесіндегі  тосын  құбылыс  оқырман 
қауымға салған жерден түсінікті болмайды. Бүгінгі қазақ  қоға-
мындағы  ауыр  дерттер:  тастанды  бала,  «көкек  ата-ана»  жайлы 
әр қаламгер әрқилы ой білдіруде. Ал жазушының ерекшелігі: Әр 
түрлі  құрсақтағы  өз  ұрпағын  ойлап,санасы  саңсыраған  әкенің 
ұйқылы-ояу халдегі сезім күйлерін шеберлікпен бере білу. Өзін 
түсік халде сезіну, өлім алдындағы қорқыныш, басқа да әрі-сәрі 
сезімдер  кейіпкердің  құрсақта  басынан  кешірген  жайттары  ар-
қылы берілген. Шығарманың ширығар тұсы әкенің әр түрлі құр-
саққа  шашып  кеткен  өз  ұрпақтарымен  бір  құрсақта  кезігіп,  ұр-
пағының  жан  алқымға  алуы.  Авторының    идеяның      мазмұны 
бірнеше қатпарлы күрделі  ойды  білдіреді.  Ол: Өмір адамға із-
гілік, жақсылық жасау  үшін, ұрпақты жетім етпей, жан баласын   
жылатпайтын    обал,    сауапқа  құрылған.    Өйтпесең,  ар    саты 
дайын. Өйткені, өткінші,  өтпелі  өмірдің соңында бәрібір  жа-
уап берер сәт туады  дейтін ойды  меңзейді. Ал екінші бір мәні: 
қазақ  болмысының  негізгі  мәнін  қалыптастырған.  «Әке  -  асқар 
тау»  дейтін  ұғымның  аяқ  асты  болуы.  Шаңырақ  иесінің,  ұрпақ 
тұтқасының азғындауы. Мұндағы шеберлік көп сөзділікке ұрын-
бай, көркемдік амал-тәсілдерді тыңнан түлетуінде олар: Фольк-
лорлық әдіс бейсаналық пен көркем жазба әдебиетінің  диалек-
тикалық бірлігі әңгіме  жатыр-жер,  жарық дүние символы бол-
са, күнәһар әке сол өмірге нұр беруші адамзат  ұрпағына кесел  
келтіруші. Әке мен баланың жаттануының соңы жалпы адамзат 
баласын апатқа  әкелетіндігін  ұқтыратын  бұл  шығарма бүгінгі  
күннің ең көкейкесті мәселесімен үндес жазылған көркем туын-
ды ретінде аса бағалы. Зерттеуімізде бұл жан-жақты ашылды. 


 
149 
Қазіргі жас прозаиктердің шығармаларындағы тың тұрғы-
дан түлеген мифологиялық образдардың бірі Кентавр образы. 
А.Алтай әңгімесін «Кентавр» деп атапты. М.Қабанбаевтың 
аяқталмай қалған  осы аттас  романын  білеміз. «Жылқытұрпат 
қазақтың қаны мен жаны жайында ақын Маралтай Кентавр – са-
ғым  толқытқан  сайын даланың  бір ұшындағы   салт атты тура-
лы жырлайды. 
Қаланың  асфальтында  табан  басып  жүріп-ақ  жазушы                  
А.Сүлейменов «Мен − Кентаврмын» деп зораяды. Әр кез поэзия 
өкілдері
 
бұл
 
бейнеге
 
елте
 
беруден
 
жаңылмайды.
 
С.Нұржан  өле-
ңінде:  
  Ол – Кентавр!  
  Тәні –жылқы, басы адам.  
  Аманкелді 
Кеңшілікұлының 
шыншыл 
болмысы, 
Ә.Балқыбектің Көкбөрісі  тәрізді  А.Алтайдың кентавры  біздің 
түркілік  болмысымыздың негізі. Атбегілік,  шабандоздық қаси-
ет  ұрпақтан- ұрпаққа ауысқан, ер қанаты – ат. Қазақ пен жылқы 
бір тұтас. Расында, грек мифологиясынан  ауысқан атау ғой бұл. 
Ежелгі үнді  мифтерінде   кентаврды «киннары» дейді,  олар –ат  
басты  адамдар  немесе  адам  басты  құстар.  Орыс  аңызында 
Китоврас есімді кентавр  құйғытады. 
 Бұл  Адам  –  ат    метаморфозасы  туралы      мифтанушы  
Қондыбай  Серікбол  қаузап  жазады:  «Қазақ  ертегісінде  «Айға 
қарап   желіңдеп,  күге қарап  құлындайтын  бие бар,  осы биенің  
Құлатай деген баланы дүниеге келтіргендігі айтылады. Бұл мы-
сал бойынша – «Адам жылқыдан туады».  
«Жылқытұрпат-гиппоморфиз».  Грек  мифологиясындағы 
кентавр  образы қайдан  шыққаны  туралы  дерек  Рене Менар 
бойынша жазылған  «Ескі  және  жаңа  өнердегі  мифтер» атты  
кітаптар бар.  
 Фессалиялық  таулықтар  көне  пеласг  дәуірінде  тақымы 
мықты  шабандоздар болған,  бұл кезде  салт ат міну  Грекияда  
мүлдем  беймәлім  еді.  Гректерге  олар  құбжық  көрінеді,  өйткені 
бұл таулықтар шарапқұмар  болатын, сондықтан  да  мифтік хи-
каяда    оларды    кентавр    деп  атап,  шарап  құдайы  Вакхтың    нө-
керлеріне  қосты. Жабайы  өнерде  оларды  жартылай  жылқы,   
жартылай адам кейпінде   бейнелейді. 


 
150 
 Осы бір экзотикалық мүсіннің ең тәуір бейнелеуі  Боргезе 
вилласындағы  «кентавр» мүсіні болды. 
 Көне дәуірдің кескіндеме өнерінде суретші  Ктесилохтың 
«Өзінің балаларын  емізген кентавр  әйел» атты картинасын жа-
зушылар  айтып  өтеді.  Жаңа  заман    суретшілерінен  Беклин  мен 
Штух өз картиналарында кентаврларды жиі бейнелейді. Лебреннің  
көркем суреті де  осы сюжетке арналған. Әсіресе, афиналықтар-
дың  кентаврлармен  шайқасты  көптеген  көркем  шығарма-лар-
дың   сюжетіне  айналады,  мұнда тесей жеңіске жетеді.  
Кентаврды    латынша    центавр  деп    атайды  (Сentaurus).  
Астрологияда  оңтүстік  жарты шардың   шоқжұлдызының   да  
атауы осы.  
 «Пускай  трепешут души  центавры,  Когда  заслышат  лу-
чей  литавры и грохот трубный». Игорь Северянинің «Хабанера» 
атты өлеңінде  центавр  дегені  шоқжұлдыз да,   әлде кентавр-
дың өзі ме?! 
Хорхе Луис Борхес кентаврды «фантастикалық   зоология-
ның ең үйлесімді  туындысы » деп  атайды. (Н.Н Рогалевичтен).  
Әлхисса,  мұның  бәрі  -    еуропалықтардың    қиял  танымы.  
Біздер үшін кентавр -  Еуропаның көзіндегі номад,  көшпенділер 
символы. Қазақтың  архитипі.  Тарпаң -  жабайы   жылқы,   бағ-
зыда  Тұран      жолбарысымен    қоса  жоғалған.    Тарпаңдар  -  
Солтүстік Американың  кең далаларында   болған мустангнтер.» 
-деп  жазады жазушы  А.Кемелбаева. 
Автордың лирикалық кейіпкері ол таңғажайып болмыста-
ғы кентаврға   айналды. А.Алтайдың «Кентавр» атты әңгімесін-
дегі көркем антропологиялық ерекшеліктеріне  тоқталатын бол-
сақ, атап айтарымыз құлын сәбидің дүниеге келуін шығармасы-
на арқау еткен. Фантастикалық антропологияға жататын шағын  
әңгіменің ауқымына автор  экологиялық, ата-аналық жауапкер-
шілік, өмірге  құштарлық т.б. бірнеше проблеманы сыйдыра біл-
ген.  
Әңгіменің аты − «Кентавр», яғни жартылай адам, жарты-
лай жылқы пішінді адам турасында әлемдік әдеби  процесте шы-
ғармалар аз емес.  
В.Савельева  «Художественная  антропология»  атты  кіта-
бында:  «...Особо  яркое  впечатление  производят  в  искусстве 


 
151 
существа  химерические,  сочетающие  в  себе  элементы  тела  че-
ловеческого  с  частями  тела  животных,  насекомых  и  каких-то 
фантастических существ. Такие существа часто являются в фан-
тастических
 
романах,
 
в
 
произведениях
 
экзистенциалистов,  сюр-
реалистов.» деп анықтама береді.  
А.Алтайдың  «Кентавры»  құлын сәбидің  өмірге  келуімен 
басталады. Жазушының кентавры құлындай ойнақтап, сәби күл-
кісімен сықылықтап,  қозы-лақ қуалап асыр  салады. Құлын-тай-
мен  тебісіп,   тау  самалымен жарыса шапқыласып еркін өседі. 
Су тасып, отын  жарып, ошақтың отын  жағады. Автор кейіпкері  
ертегідегідей  тез өсіп жетілуімен ерекшеленсе де, мифологияда-
ғыдай түр тұрпаты шығармаға ерекше реңк үстемелейді. Себебі 
жазушының ұсынып  отырған  туындысы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет