Г. С. Балтабаева Тәуелсіздік кезеңіндегі



Pdf көрінісі
бет25/47
Дата19.12.2021
өлшемі1,57 Mb.
#103325
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   47
Байланысты:
baltabaeva g tuelsizdik kezenindegi kazak prozasy
ҚАЗІРГІ-ҚАЗАҚ-ӘДЕБИЕТІ-конвертирован, my planner kony study
Сұрақтар мен тапсырмалар
 
1.
 
 А.Алтайдың «Түсік» әңгімесіндегі  жатсыну мәселесі. 
2.
 
 А.Кемелбайдың  «Қоңыр  қаз»  әңгімесіндегі  кейіпкер    эволю-
циясы. 
3.
 
 Қазіргі  прозадағы мифологема. 
4.
 
 Қазіргі қазақ  поэзиясындағы  Кентавр  бейнесіне талдау жа-
саңыз

Әдебиеттер: 
 
1.Кемелбаева А. Тобылғысай. Астана. Елорда. 2001. -120 бет.  
2.Ісімақова А. Асыл сөздің теориясы. – Алматы. Таңбалы.-374 б. 
 
 
 
 


 
161 
ІІІ. Қазіргі қазақ повестері мен әңгімелеріндегі жаңа  
көркемдік өрнектер мен айшықтар 
 
3.1.Қазіргі айшықты (орнаментальды)  
қазақ прозасы 
 
Орнаментальді  проза  ХХ  ғасырдың  алғашқы  жартысын-
дағы  жарқын  әдеби  құбылыс  болды.  Орнаментальді  прозаға                
60 жылдары аздаған жазушылар ғана бара алды. 
Орнаментальді проза өз бойында поэзия мен прозасының 
сипаттарын  біріктіретін  сөз  өнерінің  көркем-стилистикалық 
түрі. Зерттеу әдебиеттерде прозаның бұл типі жөнінде «поэтика-
лық»  немесе  «таза  эстетикалық»  (В.М.  Жирмунский)  поэтизиа-
цияланған 
(Ю.Н.Тынянов) 
«Классикалық 
емес» 
(Н.А.Кожевникова)  «Лирикалық»,  «ырғақтық»  проза  деген  се-
кілді түрлі терминдер қолданылды. Алайда Л.А.Новыков жұмы-
сынан кейін-ақ «орнаментальді проза» терминіне басымдық бе-
рілді.  Өйткені  басындағы  терең  поэтикалық  әдістерін  енгізіп, 
оның дамып отыруы «Орнаментализм» түсінігін ақтайды. Орна-
мент үшін бірдей және әрқилы  мотивтердің қайталануы мен тұ-
тас образдың детальдардың стилицизациясы тән.  
Орнаментальді ағым, ғалымдардың пікірінше, әдебиет та-
рихының  дамуындағы  түрлі  кезеңде  кездеседі.  Көне  орыс  әде-
биетінің стиліндегі түрін «сөз тарқату» деп атайды.   
Ал 
ХІХ 
ғасырда 
(А.С.Пушкин, 
А.П.Чехов, 
Ф.М.Достаевский)  ал  ХХ  ғасырда  кең  тұрғыда  көрініс  тапқан. 
Яғни, 
қазіргі 
ғылымда 
(М.М.Голубков, 
Ю.И.Левин,   
Е.Б.Скороспелова)  Орнаментальді  стиль  дербес  көркемдік  құ-
былыс ретінде бағаланатын, «прозалық мәтінді поэтикалық сөй-
леу  заңдылығы  тұрғысынан  ұйымдастыратын  көркемдік  прин-
цип ретінде» тұжырымдалған.   
Бұл  тілдік  композициялық  бітім  мен  сюжеттік  құрылым  
образдың,  жанрлық  ерекшелік,  яғни  тұтастай  шығарма  табиға-
тына қатысты. 
Көркемдік  ойлау  ептілігінде  автор  прозада  поэтикалық 
элементтерді  белсенді  пайдаланып,  импрессионизм  мен  орна-
ментальді  стильдің  тәжірибесіне  сүйенеді.Сөйлеу  тілінің  қос-


 
162 
палы формасы (гибридной формой) орнаментальді деп аталады. 
Өзінің бойында прозаның да поэзияның сипат белгілерін бойына 
жинақтаған.   
 Ғалымдар жазушылардың орнаментальді әдіске бой ұруы-
ның  түрлі  себептерін  қарастырады.  Д.С.Лихачев  орыс  әдебие-
тіндегі «сөз тарқату»» (плетения словес) стилінде көне русь ке-
зеңінде  орнаментальді  проза  үлгісі  болғандығын  айтады.  Сөзге 
орнаментальді  қарым-қатынастың  кейбір  шындығын  ғалым 
«кейбір  киелі  ойларды»  құрауға  құлшыныс  орнаментальді  про-
заның поэзия мен туыстастырады» деп көрсетті.   
Орыстың  орнаментальді  прозасының  өзі  жеткілікті  түрде 
зерттелмегендігін  ғалымдар  айтқан.  «Бұл  проза  түрін  филоло-
гиялық  тұрғыдан  тану  үшін  оның  ашылмай  жатқан  мүмкіндігі-
мен бейнелегіш құралдарының байлығын ашу, оқырманның эс-
тетикалық қабылдауындағы көркем прозаның сөз өнері ретіндегі 
мәнін ашу.   
 «Орнаментальді  және  орнаментальді  емес  прозаның  «дұ-
рысында  айқын  шекара  жоқ»  дейтін  пікірлердің  жаны  бар. 
Себебі бұл көркемдік құбылыстың аражігін межелеу өте күрде-
лі. Орнаментальдік сөзге деген поэтиканың қарым-қатынас көп-
теген  талантты  қаламгерлердің  поэтикалық  қазынасын  таныта-
ды.  Алайда  лирикада  жетелеген  элементтердің  ауысуы  класси-
калық  прозаны  «орнаментальді»  етпейді.  Орнаментальді  проза-
дағы  поэтикалық  әдістер  тек  жекелеген  әдіс  қана  емес  мәтінді 
ұйымдастырудың  негізгі  конструктивті  принципі.  Әсіресе  поэ-
зиямен  құрылымдық  байланысы  орнаментальді  прозаны  клас-
сикалық реалитін прозада  салалық ерекшелігін көрсетуге негіз 
болады.Сонымен бірге орнаментальді прозаны жақын поэзияда-
ғы  үлгілермен шатыстыруға болмайды. 
ХІХ  ғасырдың  классикалық  әдебиетінде  орнаментальді 
прозаның  көркемдік  белгілерінің  алғашқы  сипаттары  аңыздау-
ларда  көрінді.мыс:  Н.В.Гогольдің,  Н.СЛесновтың  сондай-ақ 
Ф.М.Достаевский,  А.П.Чехов,  А.М.Релдизовтың  кейбір  аңызда-
лу әңгімелері: Өткен ғасырдың 20-30 жылдарында Б.А.Пилянска, 
С.А.Клычнова,  А.Веселего,  Е.И.Замятин,  И.Э.Баболь  шығарма-
шылығында көрінді.  Ал ХХ ғасырдың басындағы орнаменталь-
ді прозаның негізін салушы әрі жарқын өкілі А.Белый. 


 
163 
ХХ ғасырдың басындағы орнаментальді прозаның сөз қол-
дану ерекшелігінде негізгі құрылым-монтаж болып табылады.  
Монтаждың  міндеті  прозаны  қайталау  бірнеше  сюжеттің 
желінің мәліметтерін береді. Бүкіл романның өн бойындағы ор-
тақ символдың «жел»,-дүниенің өзгермелі сипатын береді.  
Орнаментализмді белгілі бір автордың шығармашылығын-
дағы экспрессиялық жоруын мысалы көрінетін лирикалық про-
заның стильдік сипаты ретінде де қарауға болады.  Мұндай ли-
рикалық  прозада  тілдік  орнамент  мәтіннің  белгілі  бір  бөлігіне 
ғана қатысты болып, мұнда ол жекелеген әдіс қана емес барлық 
туынды  үшін  конструктивті  маңызды  қызметтерді  атқарады: 
Мыс:  Әр  түрлі  лейтмотивтік  жасалымды  сана  қабылдауы  поэ-
зиясы  тұрғысынан  бейнелеу  кейіпкерлер  көзқарасын  жалаңаш-
тау, көп мағыналы мәтіндік мағына астарын ашу, сөз қызметінің 
күшеюі, автобиографизм. 
Айшықты    прозаның  прозаның    көріністері  фольклордан 
бастап,  «Күлтегін»,  «Тоныкөк»  жазбаларынан,  жыраулар  мен 
«Зар-заман»,  Абай  поэзиясынан  және  ХХ  ғасырдың  басындағы 
Алаш әдебиетінен байқалады.Ең алдымен орнаментальді проза-
ға  халықтың  аса  талантты  қаламгерлері  ғана  бара  алғандығына 
көз жеткізуге болады. Осындай жаңаша жолмен ғана ол талант-
тар өзінің шығармашылық, мәнін айқындап, қандай да бір сырт-
тан тоқылған шарттарға, бөгеттерге тосқауыл қоя білді. 
  Орнаментальді  прозаның  негізгі  белгілерін  саралай  оты-
рып  Л.А.Новыков  «орнаментальді  прозаның  аса  мәнді  белгілі 
жалпы сипаттарының көрінуін меңгеру жағынан ұқсағанмен, әр-
бір жазушының өзіндік бітімі бөлек құбылыс болып табылады»   
Қазіргі  қазақ  прозасында  айшықты  прозаның    үлгілерін 
М.Мағауин, Т.Нұрмағамбетов, Д.Әшімханов, Т.Шапай, А.Алтай, 
Г.Шойбекова,Д.Амантай шығармашылығынан байқауға болады. 
М.Мағауин  әңгімелеріндегі  ерекшелік  −  композициядағы 
ішкі ырғақтың жасалымы. Мысалы: «Енді  міне, жаңа жыр  та-
былды. Коммунизм! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет