Диктанттар.
І. Сөз, дыбыс, әріп, сөйлемдер.
Дауысты дыбыстардың астын сызыңдар.
Түлкі, сүт, ұя, ыдыс, дәптер, нан, көбелек, ине, теңге, ою.
(10 сөз)
Мүйiз, май, Сәуле, бас, қағаз, белдік, жүгері, дәрі, отыр, жаз.
(10 сөз)
ІІ. Дауыссыз дыбыстардың астын сызыңдар.
Шық, отыр, бесік, доп, емен, жіп, қаз, қияр, еден, есік, көз, көл.
(12 сөз)
Жарқанат, жүзім, үйрек, қияр, қауын, лақ, қант, тиын, нәресте, оймақ, піл, қол, тарақ, түйе, тау, үтік, сөз, сынып, қалам, тақта.
(20 сөз)
ІІІ. Сөздерді буынға бөліңдер (сөздерді тақтаға жазып, оның схемасын сыздыру).
Айгүл,алма,доп, (үлгi).
Жолбарыс, балық домбыра, терезе, ат, айна, дәрiгер,әже,көкек,дұрыс.
Алмұрт,шелек,піл,айран,сағат,бор, торғай,күн,май.
(10 сөз)
IV. Дауысты дыбыстардың астын сызыңдар
Түлкі, сүт, ұя, ыдыс, дәптер, көбелек, нан, ине, теңге, ою, ас, су, ақ, көк.
(15 сөз)
Шаңғы, әріп, бұзау, қызыл, қара, сынып, шам, кесе, іні, көше, бала, есеп, еңбек, сары, бет.
(15 сөз)
Бор, шеңбер, шағала, ыдыс, жылан, қазақша, орысша, орын, ойна, демал.
(10 сөз)
V.Кім? Не? – деген сұрақтарға жауап беретін сөздер.
Орындық, көбелек, ата, бесік, әже, гүл, мысық, дәрігер, айна, ай, кітап, торғай, қыз, мектеп, күз.
(15 сөз)
қасық, түлкі, тауық, бала, сурет, іні, ине, ана, шортан, әке, ара, сызғыш, доп, дүкенші, ұя, мұғалім, тарақ, ою, көрпе, балмұздақ.
(20 сөз)
VI. Қандай? - деген сұраққа жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.
Ерлан жақсы окушы. Ол бірінші сыныпта оқиды. Ерланның сыныбы таза. Оқушылар қазақ тілін біледі.
(14 сөз)
Түлкi– сұлу аң. Ол таулы жерде жүредi Түлкi қызыл түстi болады.Оның терiсi бағалы.Менiң ойыншық түлкiм бар.
(18 сөз)
Ертіс
Ертіс- өзеннiң аты .Ертiс терең, әдемi өзен.Ертісте кеме жүредi.Өзеннiң суы өте суық.Мен Ертісті көрдiм.
(17 сөз)
VІI. Бас әріппен жазылатын сөздер.
Астана – бас қала; Абай даңғылы; Пушкин көшесі; Тобыл өзені; *Қазақ тілі* - газеті; Алматы қаласы; Қостанай облысы.
(16 сөз)
Алтынсарин мұражайы; Қостанай қаласы; Әулиекөл ауданы; халық әртісі – Роза Рымбаева; Ақылбек Шаяхметов – ақын; «Балдырған» журналы.
(14 сөз)
Қостанай.
Біз Қостанайда тұрамыз. Қостанай сұлу қала. Қаланың көшелері үлкен. Мектеп Байтұрсынов көшесінде.
(12 сөз)
Тапсырма: бас әріппен жазылған сөздердің астын сызыңдар.
VІІI. Не істеді? – деген сґраққа жауап беретін сөздер.
Әлия аюдың суретін салды. Мәдина ою ойды. Қыз орнына отырды. Әжем шай ішіп отыр. Мен доп ойнап отырмын.
(18 сөз)
Көктем
Көктем келді. Қар еріді. Ауа таза. Кеше жаңбыр жауды. Күн жылы. Балалар көктем айларын жаксы көреді. Менің анам көктем гүлдерін ұнатады.
(21 сөз)
Мектеп
Мынау біздің мектеп. Мектебіміз таза, жарық. Мен бірінші сыныпта оқимын. Біздің мектепте оқушылар көп. Менің досым да осы мектепте оқиды.
(20 сөз)
IХ. Қайталау.
Менің әжем.
Менің әжем ауылда тұрады. Әжем жақсы адам. Әжемнің төрт баласы бар. Ең үлкен баласы менің әкем. Жазда мен әжеме барамын.
(20 сөз)
Тапсырма: дауысты дыбыстардың астын сызыңдар.
Қайрат.
Қайрат – оқушы. Ол жаксы оқиды. Кітап, дәптерін таза ұстайды. Таза киінеді. Қайраттың достары көп. Ол достарымен доп ойнауды ұнатады.
(19 сөз)
Тапсырма: * «Мәдина» сөзіне дыбыстық талдау жасаңдар.
Саулық пен сымбат.
Денсаулық – зор байлық. Дені сау адам сұлу, сымбатты болады. Менің ағам – спортсмен. Ол ауырмайды.
(14 сөз)
Тапсырма:«сымбатты«сөзін буынға бөліңдер.
Денсаулық күні.
Бүгін мектепте – денсаулық күні. Барлық оқушылар мектеп алаңында. Ауа райы он бес градус жылы. Мен де достарыммен бірге қатысамын.
(19 сөз)
Тапсырма: дауыссыз дыбыстардың астын сызыңдар.
*Бүгін- сөзін буынға бөліңдер.
Диктанттар
Күз.
Күз айлары – қыркүйек, қазан, қараша. Күзде күн суытады. Тұман түседі. Жапырақтар сарғаяды. Күндіз жылы, түнде салқын болады. (17 сөз)
Тоғайда.
Балалар тоғайға барды. Олар тоғайда гүлдер, жидектер терді. Тоғай жанында өзен бар. Балалар өзеннен балық аулады. (16 сөз)
Қой.
Қой – өте пайдалы түлік. Төрт түліктің бірі. Терісінен былғары илейді. Сүтінен ірімшік, құрт, май өндіреді. (15 сөз)
Пайдалы капуста.
Теңіз капустасы теңіз түбінде өседі. Оның емдік қасиеті бар. Онымен түрлі ауруларды емдейді және дәмді тағам жасайды. (17 сөз)
Қыс көрінісі.
Қыс. Күн ашық. Жер беті аппақ. Ағаштар да ақ ұлпадан бөрік киіп алған секілді. Кей үйлердің мұржасынан шыққан түтін көкке өрлейді. (21 сөз)
Қайың.
Қайың биік өсетін, әдемі ағаш. Оның бұтақтары жиі болады. Қайыңның жапырақтары жылтыр, жап – жасыл. Қайыңды иіп шана жасайды. (18 сөз)
Боранда.
Қыс. Қатты боран соқты. Мал бағып жүрген шопан не істерін білмеді. Ауыл болса алыста. (15 сөз)
Ойын.
Қыстың алғашқы, қызықты күндері. Ауыл сыртындағы сырғанақта балалар ойнап жүр. (10 сөз)
Күзгі орман.
Күзгі орман тамаша! Ағаштардың жапырақтары қызыл, сары түске боялған. Тек қарағай , шырша жап – жасыл болып тұр. (16 сөз)
Қыс мезгілі
Қыста қалың қар жауады. Жер аппақ. Үйге от жағылады. Балалар аққала жасайды, шана тебеді. Күн суық болып, барлық жер қар жамылған. (21 сөз)
Ана тілі пәніне арналған тесттік жиынтық
Ана тілі . №1 тест
1.Көп нүктенің орнына керек әріпті жаз. А…
А) о Ә) ң Б) а
2.Керек әріпті жаз. Қ…с….қ
А) ы,ұ Ә) а,ы Б) о,ы
3.Көп нүктенің орнына тиісті әріпті жаз. П … ш … қ
А) ы,а Ә) у,ы Б) о,ы
4.Керек буынды жаз. Бота …
А) тан Ә) ман Б) қан
5.Мақалды аяқта:
Ата бәйтерек, Бала ….
А) құрақ Ә) туыс Б) жапырақ
6.Сөйлемді аяқта: Қар қалың …
А) төкті Ә) шапты Б) жауды
7.Үзінді қай мәтіннен алынған?
Бал арасы таңның атысы,күннің батысы бір сәт тыным таппады.Гүлден гүлге қонып,шырын тасыды.
А) қысқа дайындық Ә) сырғанақ Б) тоқылдақ
8. «Орман емшісі» қай құс?
А) торғай Ә) бүркіт Б) тоқылдақ
9.Алфавитте неше әріп бар?
А) 10 Ә) 42 Б) 53
10.Дауысты дыбыстар нешеу?
А) 19 Ә) 4 Б) 15
Ана тілі. 1 сынып. Тест №2
1.Сөйлемді дұрыс аяқтаңдар: Нанды үгітпе, …
А) ойла Ә) отыр Б) қадірле
2.Сөйлемді аяқтаңдар: … аузыңа салма.
А) алманы Ә) инені Б) нанды
3.Сөйлемді аяқтаңдар: Әдепті бала ата-анасын ….
А) ойнатар Ә) мақтатар Б) сөйлетер
4.Сөйлемді аяқтаңдар: Әдепті бала ата-анасын …
А) қуантар Ә) ойландырар Б) қақсатар
5. «Бүлдіршін» сөзінде неше буын бар?
А) 4 Ә) 6 Б) 3
6.Жіңішке айтылатын сөзді тап:
А) ата Ә) ана Б) әже
7.Жылқы атасы-….
А) Шопаната Ә) Қамбарата Б) Ойсылқара
8.Түйе ….
А) боздайды Ә) кісінейді Б) маңырайды
9.Жылқының сүтін не дейді?
А) айран Ә) қымыз Б) шұбат
10.Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жаз:
Ешкінің баласы- …..
А) бота Ә) бұзау Б) лақ
Ана тілі. 1 сынып Тест №3
1.Алфавиттегі екі таңба
А) а,е Ә) к,қ Б) ь,ъ
2.Жіңішке айтылатын сөзді тап
А) апа Ә) аға Б) әке
3.Жуан айтылатын сөзді тап.
А) әдемі Ә) жүзім Б) ардақты
4.Жылқыны ұстауға арналған бұйым
А) жіп Ә) құрық Б) тұсау
5.Көп нүктенің орнына тиісті әріпті жаз: С … б … ғ …
А) а,ы,у Ә) а,а,ы Б) ы,а,о
6.Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қой: Қ … р … қ
А) қ,ы Ә) у,а Б) о,у
7.Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жаз:
Ешкіні … деп шақырады.
А) аухау-аухау Ә) шөре-шөре Б) пұшайт-пұшайт
8.Тыйм сөзді аяқта: Малды басынан …
А) ұрма Ә) жазба Б) отырма
9.Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жаз:
… керек әр адамға,әр үйге.
А) ойыншық Ә) көлік Б) әке
10.Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жаз:
Әке керек ең алдымен …
А) әжеге Ә) сәбиге Б) дәрігерге
Ана тілі. 1 сынып Тест №4
1.Жіңішке айтылған сөзді тап:
А) дәптер Ә) ағаш Б) сызғыш
2.Қай сөзде У дауысты дыбыс?
А) балауса Ә) тау Б) суыр
3.Қай сөзде У дауыссыз дыбыс?
А) аулайды Ә) су Б) суыр
4. «Құттықтаймын мама туған күніңмен» өлеңінің авторы кім?
А) Ф.Оңғарсынова Ә) М.Мақатаев Б) М.Жұмабаев
5.И қандай дыбыс?
А) дауысты Ә) дауыссыз Б) ашық
6.Көп нүктенің орнына тиісті әріпті жаз. … не, … т, …гілік
А) и Ә) й Б) і
7.Дүниеде не тәтті?
А) бал тәтті Ә) су тәтті Б) ананың сүті тәтті
8.Дүниеде не жұмсақ?
А) ананың қолы жұмсақ Ә) мамық жұмсақ Б) қар жұмсақ
9.Тиісті сөзді жаз: … көрген оқ жонар.
А) бала Ә) әке Б) апа
10.Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жаз:
Анау … , балам ала жүр.
А) құсты Ә) тағаны Б) мысықты
Ана тілі. 1 сынып Тест №5
1.Я әрпі қандай дыбыстың орнына жазылады?
А) и+а Ә) ш+а Б) й+а
2.Қоян деген сөзде неше дыбыс бар?
А) 5 Ә) 4 Б) 3
3.Аю қандай аң?
А) үй жануары Ә) жабайы Б) қос мекнді
4.Аю сөзінде неше дыбыс бар?
А) 3 Ә) 4 Б) 2
5.Тиісті әріпті қой: … н, … ғу, … шу
А) ү Ә) ұ Б) ө
6.Тиісті сөзді жаз: …- сөздің анасы.
А) кітап Ә) білім Б) сәлем
7.Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жаз:
Ананың … жылы.
А) құшағы Ә) даласы Б) мектебі
8.«Нұрмаш» қай мәтіннен алынған кейіпкер?
А) Төзім Ә) Бөрік Б) Оқымысты бала
9.Еңбек құралын тап:
А) аю Ә) тырма Б) орамал
10.Бір буынды сөзді тап:
А) аю Ә) ою Б) көз
Ана тілі. 1 сынып Тест № 6
1.Дұрыс буынға бөлінген сөзді тап:
А) тер-ез-е Ә) т-ере-зе Б) те-ре-зе
2.Дұрыс тасымал жасалған сөзді тап:
А) сыз-ғыш Ә) сы-зғыш Б) сызғ-ыш
3.Тасымалда қойылатын тыныс белгісі
А) нүкте Ә) үтір Б) дефис
4. Балықшылар сөзінде неше буын бар?
А) 5 Ә) 3 Б) 4
5.Тасымалданбайтын сөз:
А) сүт Ә) бала Б) сынып
6.Жуан айтылған сөзді тап.
А) мереке Ә) домбыра Б) өзен
7.Үзінді қай өлеңнен алынған?
Дала қандай!
Даладағы ат қандай!
А) Біздің ту Ә) Елтаңба Б) Арғымақ
8.Төмендегі сөздің қайсысы дұрыс жазылған?
А) оқыу Ә) оқу Б) оқуу
9.Төмендегі сөздің қайсысы буынға дұрыс бөлінген?
А) ө-зен Ә) өз-ен Б) ө-зе-н
10.Кім? сұрағына жауап беретін сөзді тап
А) мұғалім Ә) көк Б) үлкен
Ана тілі. 1 сынып Тест № 7
1.Дұрыс буынға бөлінген сөзді тап:
А) құл-ын-шақ Ә) құ-лын-шақ Б) қ-лы-нш-ақ
2.Дұрыс тасымал жасалған сөзді тап:
А) ба-уырсақ Ә) бау-ырсақ Б) бауы-расақ
3.Сөйлем аяқталғанда қойылатын тыныс белгісі
А) нүкте Ә) үтір Б) леп белгісі
4. Барлаушылар сөзінде неше буын бар?
А) 5 Ә) 3 Б) 4
5.Тасымалданбайтын сөз:
А) көз Ә) балық Б) оқушы
6.Жуан айтылған сөзді тап.
А) көктем Ә) қыс Б) күз
7.Мереке күндері мен ай аттарын сәйкестендір:
31 желтоқсан Жеңіс
30 тамыз Наурыз
9 мамыр Халықаралық әйелдер күні
22 наурыз Жаңа жыл
8 наурыз Ата Заң
8.Төмендегі сөздің қайсысы дұрыс жазылған?
А) қойан Ә) қоян Б) қоиян
9.Төмендегі сөздің қайсысы буынға дұрыс бөлінген?
А) кі-тап Ә) кіт-ап Б) кі-т-ап
10.Не? сұрағына жауап беретін сөзді тап
А) мұғалім Ә) сағат Б) сары
Ана тілі. 1 сынып Тест № 8
1.Сөз неден тұрады?
А) әріптен Ә) буыннан Б) дыбыстан
2.Төмендегі сөздердің қайсысы буынға дұрыс бөлінген?
А) жау-ын Ә) жа-уын Б) жа-у-ын
2.Төмендегі сөздердің қайсысы дұрыс жазылған?
А) Жетісу Ә) ертіс Б) айнабұлақ
3.Төмендегі әріптердің қайсысы дауыссыз дыбыс әріптер?
А) а,ү,ы,е Ә) ұ,о,і,ө Б) қ,п,ң,с
4.Дұрыс жазылған сөзді белгіле:
А) саяхат Ә) сайахат Б) сайяхат
5.Қай сөйлем дұрыс байланысып,жазылған?
А) Қыс қызығы басталды. Ә) Ұнады сабақ бәрімізге.
Б) Кірді мектепке оқушылар.
6.Жіңішке дауысты дыбыстар қатарын тап:
А) а,о,ы,у Ә) ә,е,ө,і,ү Б) ұ,а,й,ы
7.Дұрыс тасымалданған сөзді тап:
А) шебер-хана Ә) шеб-ерхана Б) шеберхан-а
8. 113 санының дұрыс жазылуын белгіле:
А) жүз онүш Ә) жүз он үш Б) жүзон үш
9.Төмендегі сөздердің қайсысы дұрыс жазылған?
А) кітаб Ә) кітап Б) кітәп
10. Жұмбақтың шешуін тап: Шипалы мұртты,
Томпиған ұртты.
А) дәрігер Ә) итмұрын Б) мысық
Ана тілі .1 сынып.Тест № 9
1. «А» қандай дыбыс?
А) дауысты Ә) дауыссыз Б) жіңішке
2. Күз айларын көрсет.
А) наурыз, сәуір, мамыр Ә) желтоқсан, қаңтар, мамыр
Б) қыркүйек, қазан, қараша
3. Күзде күн қайтеді?
А) Суыта бастайды. Ә) Жылына бастайды. Б) Ысиды.
4. Күзде жапырақтар қандай түсті болады?
А) қара Ә) сары Б) жасыл
5. Жемістерді көрсет.
А) алмұрт, қызылша Ә) картоп, сәбіз Б) өрік, алма
6. «Ә» дыбысы қандай?
А) жіңішке Ә) жуан Б) дауыссыз
7. Саябақта не өседі?
А) гүл Ә) бала Б) көлік
8. Өзенде не бар?
А) көше Ә) саябақ Б) балық
9. Малға деген сөзге сұрақ қой.
А) Неге? Ә) Кімге? Б) Қайда?
10. Қай сөйлем дұрыс құрастырылған.
А) Суық қыс келді.
Ә) Коньки тепті балалар.
Б) Адамдар киінеді жылы.
Ана тілі .1 сынып.Тест № 10
Көп нүктенің орнына керекті әріпті жаз. Айдын дал…ға шықты.
А) а Ә) у Б) е
2. Жылдың қай мезгілінде оқушылар мектепке барады.
А) көктемде Ә) жазда Б) күзде
3. Егіншілер не істейді?
А) Жеміс-жидек жинайды. Ә) Үлкендерге көмектеседі. Б) Егін орады.
4. Мақал-мәтелді аяқта. Отан оттан да … .
А) бесік Ә) ыстық Б) аудан
5. Қазақ тілінде неше әріп?
А) 33 әріп Ә) 42 әріп Б) 40 әріп
6. Қайсы ағаш түріне жатады?
А) раушан Ә) шырша Б) қар
7. Өлеңді жалғастыр. Аялаған мені
Ән қанатымен, …
А) ұзақ өмірді Ә) құттықтаймын сені Б) шуағымсың – сен
8. Сынып бөлмесінде нелер бар?
А) ағаш, үй, көше Ә) тақта, бор, қалам Б) Ай, Күн, Аспан
9. Оқушы құралдарына не жатады?
А) тақта, терезе, есік Ә) қалам, қарындаш, дәптер
Б) оқушы, мұғалім, бала
10. Бір жылда неше мезгіл болады?
А) үш Ә) төрт Б) бес
Дүниетану пәнінен тест жұмыстары
№1 тест. Дүниетану
1. Қоршаған дүние деген не?
а) күн,ауа,жер,су,адам,өсімдік,жануар
ә) табиға,нәрселер,заттар
б) адам қолдан жасаған заттар
2. Өлі табиғатқа нелер жатады?
а) күн,ауа,су,тас,құм,саз
ә) адам,жануар,өсімдік
б) адам қолдан жасаған заттар
3. Тірі табиғатқа нелер жатады?
а) күл,ауа,су,тас,тау,құм,саз
ә) адам,жануар,өсімдік
б) адам қолдан жасаған заттар
4. Тірі табиғаттың өлі табиғаттан айырмашылығын айт
а) туады,қоректенеді,өседі,көбейеді,өледі
ә) ішеміз,тағам болады,жылу береді
б) жарық бередіжылу береді
5. Адам қолымен жасалған заттар
а) адам,жануар,өсімдік
ә) күн,ауа,су,тас,тау,құм,саз
б) ұшақ,орындық,машина,компьютер
6. Табиғат адамға не береді
а) адам,жануар,өсімдік
ә) тау,тас,құм,су,саз
б) ауа,су,тағам,жылу,жарық
7. Табиғи құбылыстарды тап
а) жаңбыр,қар,бұршақ,найзағай
ә) күн,жер,су,тау,тас,құм,саз
б) адам,жануар,өсімдік
8. Адам көп нәрсені неден үйренеді
а) табиғатан
ә) жануардан
б) өсімдіктен
9. Табиғатты не үшін қорғану керек?
а) өмір сүру үшін
ә) үйрену үшін
б) демалу үшін
10. Табиғат сұлулығы дегенге қалай түсінесің
а) өсімдіктері,жануарлары
ә) табиғат байлықтары
б) айналаны қоршаған дүние
№ 2 Дүниетану. Тест 1-сынып
1. Адамның есту мүшесін тап
а) құлақ
ә) көз
б) мұрын
2. Адамның көру мүшесін тап
а) құлақ
ә) көз
б) тіл
3. Адамның иіс сезу мүшесін тап
а) құлақ
ә) мұрын
б) тіл
4. Адамның дәм сезу мүшесін тап
а) құлақ
ә) көз
б) тіл
5. Адамның сипап сезу мүшесін тап
а) құлақ
ә) тері
б) тіл
6. Табиға құбылысын тап
а) өсімдік
ә) қар
б) жануар
7. Ауа температурасы немен өлшенеді
а) қолмен
ә) көбен
б) термометрмен
8. Жылылық қандай таңбамен белгіленеді
а) -10
ә) +10
б)*
9. Суықты қандай таңбамен белгілейді
а) +8
ә) -15
б)/
10. Қардың шартты белгісін тап
а) /
ә) *
б).....
№ 3. Дүниетану. Тест 1-сынып
1. Күзгі жапырақтардың түсі қандай
а) көк
ә) жасыл
б) сары
2. Күзде ауа-райы қандай болады
а) бұлтты
ә) жаңбырлы
б) ашық
3. Бақта нелер өседі
а) жеміс-жидек
ә) көкөніс
б) гүлдер
4. Бақтың достарын тап
а) құстар
ә) құрт-құмырсқа
б) ара
5. Бақтың зиянкестерін тап
а) құстар
ә) құрт-құмырсқа
б) адам
6. Бақшада нелер өседі
а) жеміс-жидек
ә) көкөністер
б) гүлдер
7. Бақшаның достарын тап
а) қанқыз
ә) ұлу
б) шырыш
8. Бақшаның зиянкестерін тап
а) орамжапырақ көбелегі
ә) құстар
б) көбелектер
9. Жемісті тап, белгіле
а) алмұрт
ә) қияр
б) сәбіз
10. Көкөністі тап, белгіле
а) алма
ә) қарбыз
б) жүзім
№ 4 Дүниетану. Тест 1-сынып
1. Жабайы аңдарды тап
а) аю
ә) түйе
б) ит
2. Қыста ұйқыға кететін аңды тап
а) түлкі
ә) борсық
б) қоян
3. Күзде аңдардың жүні түсуін қалай атайды
а) өсу
ә) түлеу
б) түсу
4. Жабайы аңдар немен қоректенеді
а) өсімдік,шөп,тамыр,жаңғақ,дәнді-дақыл,бал,жәндіктер
ә) үй жануарлары,құстар,балықтар
б) бауырмен жорғалаушы,қосмекенді
5. Құстар күзде қандай жаққа ұшып кетеді
а) суық жаққа
ә) жылы жаққа
б) сулы жаққа
6. Құстар немен қоректенеді
а) құрт-құмырсқа
ә) балықтар
б) қосмекенділер
7. Жыл құстарын тап
а) қарлығаш,аққу,қараторғай,көкек
ә) шағала,қарға,торғай,сауысқан
б) бүркіт,бірқазан,бұлбұл
8. Киелі, сұлу құсты тап
а) көгершін
ә) аққу
б) бұлбұл
9. Бейбітшілік құсын тап
а) қарлығаш
ә) тырна
б) көгершін
10. «Орман емшісі» деп қай құсты айтамыз
а) бозторғай
ә) тоқылдақ
б) шағала
№ 5 Дүниетану. Тест 1-сынып
1. Адамдардың күзгі еңбегі қандай?
а) қысқа дайындық
ә) жеміс жинау
б) көкөніс жинау
2. Отбасында қысқа қандай дайындық жасалады
а) тосап жасау,көкөністерді тұздау
ә) қысқы киім дайындау
б) қысқа жалпы дайындық
3. Ағаштарды тап
а) қайың
ә) құлпынай
б) жусан
4. Бұталарды тап
а) бақбақ
ә) емен
б) бөртегүл
5. Шөптесін өсімдікті тап
а) қарағай
ә) түймедағы
б) шырғанақ
6. Өсімдіктердің ең негізгі мүшесін тап
а) тамыры
ә) жапырағы
б) сабақтары
7. Бөлме өсімдіктерін тап
а) кактус
ә) қалампыр
8. Өсімдіктердің көбі не арқылы көбейеді
а) тұқым
ә) түйнек
б) қалемше
9. Бір тұқымды жемісті тап
а) алма
ә) шие
б) жүзім
10. Көп тұқымды жемісті тап
а) анар
ә) шабдалы
б) абрикос
№ 6 Дүниетану Тест 1-сынып
1. Табиғатта өз бетімен тіршілік ететін жануарларды қалй атаймыз
а) жабайы аңдар
ә) үй жануарлары
б) аңдар
2. Адам күтіп бағатындарын қалай айтамыз
а) жабайы аңдар
ә) үй жануары
б) аңдар
3. Бунақденеліні тап
а)ара
ә) басқа
б) жылан
4. Қосмекендіні тап
а) құрбақа
ә) тасбақа
б) балық
5. Жорғалаушыны тап
а) көбелек
ә) көлбақа
б) жылан
6. Балықты тап
а) кесіртке
ә) сазан
б) қолтырауын
7. Құсты тап
а) көкқұтан
ә) жайын
б) кесіртке
8. Үй жануарларын тап
а) түлкі
ә) жылқы
б) тиін
9. Төрт түліктің төресін тап
а) сиыр
ә) жылқы
б) түйе
10. Қазақ халқы қай малды көлік ретінде қолданған
а) сиыр
ә) жылқы
б) қой
№ 7 Дүниетану Тест 1-сынып
1. Қысқы табиғаттың ерекшілігі қандай?
а) Даланы қар басады
ә) Жаңбыр жауады
б) күн бұлттанады
2. Қысқы ойындар қандай
а) коньки,шаңғы тебу
ә) доппен ойнау
б) жарыс,жүгіру
3. Қыста өсімдіктерде қандай өзгешеліктер болады
а) өсуі тоқталады
ә) өсімдіктер қурайды
б) өсімдіктер өседі
4. Қысқа азық қорын дайындамайтын аңдарды тап
а) аю,борсық,кірпі
ә) қасқыр,қоян,түлкі
б) Үй жануарлары
5. Не қайда қыстайды
Аю..
Тышқан..
Құрт-құмырсқа..
Қоян..
( бұта астына, қуыстарға,інге,апанға)
6. Қыста қалатын құсты тап
а) қарлығаш
ә) қарға
б) көкек
7. Үй жануарлары қыста қайда болады
а) қорада
ә) далада
б) өрісте
8. Қысқы шынығу неге пайдалы
а) оқуға ә) ойнауға б) денсаулыққа
9. Адамдардың егіс даласына байланысты қысқы еңбегіне нелер жатады
а) көшелерді қардан тазарту
ә) қар тоқтату
б) көкөніс сақтайтын қоймадағы жұмыс
10. Көктемгі ауа райының негізгі ерекшелігі қандай
а) қар ериді
ә) қар жауады
б) күн ашық болады
№ 8 Дүниетану 1-сынып
1. Қар астынан шығатын алғашқы гүл калай аталады
а) қызғалдақ
ә) бәйшешек
б) жауқазын
2. Күнге ұқсайтын гүлді тап
а) бәйшешек
ә) өгейшөп
б) бақбақ
3. Көктемде бунақденелілер не істейді
а) ұйықтайды
ә) оянады
б) көбейеді
4. Көктемде жабайы аңдар не істейді
а) жайылады
ә) балалайды
б) өседі
5. Көктемде жыл құстары не істейді
а) алысқа ұшып кетеді
ә) өз мекеніне оралады
б) оралмайды
6. Ұя жасамайтын құсты тап
а) қарлығаш
ә) көкек
б) аққу
7. Көктемде үй құстары не істейді
а) далада жүреді
ә) балапан басып шығарады
б) жайылады
8. Көктемде үй жануарлары не істейді
а) жайылады
ә) төлдейді
б) көбейеді
9. Көктемде егістікте қандай жұмыстар жасалады
а) жер жырту,астық тұқымдарын себу
ә) құстарға ұя жасау
б) гүл отырғызу
10. Көктемде күн қандай болады
а) жылы
ә) суық
б) аязды
№9 Дүниетану Тест 1-сынып
1. Сенің ата-анаң,атаң,әжең,әпкең,ағаң қалай аталады
а) ағайындар
ә) отбасы
б) жақындар
2. Отбасы қандай қоғам
а) үлкен
ә) шағын
б) кішкене
3. «Ашамайға мінгізу» деген не
а) үлкен той жасау
ә) бәйге ұйымдастыру
б) 5-6 жастағы балаға ат сыйлау
4. Сен туған күніңе кімдерді шақырасын
а) үлкендерді
ә) достарыңды
б) көршілер
5. Әрбір отбасының иесі болады
а) үйі
ә) мектебі
б) дүкені
6. Қауіпсіздік ережесін сақтау үшін не істеу керек
а) балконға шықпау,электр тогын ұстамау,үтікті қоспау,газға
жақындамау
ә) үйде ойнау,жүгіру,секіру
б) тамақ жеу,тамақ пісіру
7. Мектеп қандай мекеме
а) білім беру мекемесі
ә) өнер мекемесі
б) еңбек ету мекемесі
8. Күн тәртібін сақтау деп нені айтамыз
а) оқу,еңбек,тынығу
ә) тамақтану,тазалық сақтау
б) демалу,тәртіп сақтау
9. Дұрыс дене сымбатын сақтау үшін не істеу керек
а) партада дұрыс отыру,жүкті көтергендн тепе-теңдікті сақтау керек
ә) партада қисық отыру
б) жүргенде қисайып жүру
10. Жекебас тазалығының қандай пайдасы бар
а) сенін дұрыс өсуіне,дамуына,аурудан сақтануға
ә) пайдасы жоқ
б) ауру туғызады
№10 Дүниетану. Тест 1-сынып
1. Ең үлкен нағыз Отанын қалай аталады
а) Қазақстан
ә) қала
б) ауыл
2. Қазақстанның елордасы қай қала
а) Алматы
ә) Астана
б) Ақтау
3. Қазақстанның мәдени орталығы қай қала
а) Астана
ә) Алматы
б) Ақтөбе
4. Ауада ұшатын көлікті тап
а) пойыз
ә) ұщақ
б) автобус
5. Үлкен қалаларда болатын көлік түрлерін тап
а) машина,автобув,мотоцикл
ә) троллейбус,трамвай,автобус
б) жеңіл машина,жүк машина
6. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім
а) Ю.А.Гагарин
ә) Т.Әубәкіров
б) Т.Мұсабаев
7. Наурыз мейрамын қашан тойлайды
а) 8 наурыз
ә) 22 наурыз
б) 30 наурыз
8. Ән,өлең,жаңылтпаш,әңгіме,жұмбақ жазатын адамдарды кім деп
Атаймыз
а) ақын,жазушы
ә) суретші,әнші
б) күйші,биші
9. Жазда ауа райы қандай болады
а) суық
ә) ыстық
б) салқын
10. Өзіңді табиғат аясында қалай ұстауың керек
а) Ағаштарды сындырмау,гүлдерді жұлмау,табиғатты ластамау
ә) ағаштарды сындыру,суды бүлдіру
б) құстардың ұясын бұзу,гүлдерді жұлу
Математика . 1 сынып Тест № 1
1.Ең үлкен бір таңбалы санды тап.
А) 0 Ә) 9 Б) 10
2. Айшада 8 доп бар еді.Ол үшеуін Анарға берді. Айшада неше доп қалды?
А) 3 Ә) 4 Б) 5
3.Қосындының мәнін тап: 7 + 2
А) 10 Ә) 9 Б) 8
4.Айырманың мәнін тап: 8 – 3
А) 5 Ә) 4 Б) 6
5.Өрнектерді салыстырып,тиісті таңбаны қой: 6 – 4 * 7 – 3
А) = Ә)> Б) <
Математика . 1 сынып Тест №2
1. 6 – а өрнегі қалай аталады?
А) санды өрнек Ә) әріпті өрнек Б) теңдік
2. 4+3 өрнегінің мәнін тап.
А) 1 Ә) 8 Б) 7
3.Айырманың мәнін тап: 6 – 4
А) 2 Ә) 10 Б) 3
4.Салыстырып тиісті таңбаны қой: 9 см * 7 см
А) = Ә)
5.Суретте неше үшбұрыш бар?
А) 8 Ә) 7 Б) 9
Математика . 1 сынып Тест № 3
1.Дұрыс орындалған өрнекті тап:
А) 6+2= 9 А) 5+4= 8 А) 3+7= 10
2.Суреттегі қандай сызық?
А) сәуле Ә) кесінді Б) түзу
3.Бұрыштардың қабырғалары қандай фигурадан құралады?
А) сәуле Ә) кесінді Б) қисық сызық
4.Санды өрнекті тап
А) 6+4 Ә) а+3 Б) 5= 5
5.Қайсысы есеп белгіле:
А) Аулада 4 тауық,5 үйрек жүр. Барлығы неше үйрек?
Ә) Ағашқа 5 торғай,3 қаз келіп қонды.Барлық құс қанша?
Б) Сөреде 7 кітап бар еді оның бірнешеуін үстелдің үстіне әкеліп қойды.Сөреде неше кітап қалды?
Математика . 1 сынып Тест №4
1 .Тура теңдікті тап:
А) 8 = 6 Ә) 7= 7 Б) 4= 5
2.Бірінші қосылғыш 4 болатын қосындыны тап:
А) 5+4=9 Ә) 4+3=7 Б) 6+4=10
3. «Кем» ұғымына қарсы ұғым:
А) артық Ә) сонша Б) тең
4.Бір таңбалы натурал санды тап:
А) 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,10. Ә) 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9.
Б) 1,2,3,4,5,6,7,8,9.
5.Ағашта 3 балық отыр еді,2 балық кетіп қалды.Неше балық қалды?
А) мүмкін емес Ә) 5 Б) ұшпай қалды
Математика . 1 сынып Тест № 5
1.1-6 өрнегі қалай аталады?
А) әріпті өрнек Ә) санды өрнек Б) теңдік
2. 9 – 4 = 5 теңдігіндегі 9 қалай аталады?
А) азайғыш Ә) азайтқыш Б) айырма
3. 2 + 7 = 9 теңдігіндегі 2 қалай аталады?
А) қоысылғыш Ә) қосынды Б) айырма
4.Өрнектерді салыстырып,тиісті таңбаны тап: 7 -5 * 8 – 6
А) > Ә) Ә) Ә) Ә) < Б) =
5. Суретте неше үшбұрыш,неше тік төртбұрыш бар?
А) 2 – 1 Ә) 1 -2 Б) 4 – 1
Достарыңызбен бөлісу: |