Сабақтың тақырыбы : Дд дыбысы мен әрпі



бет1/2
Дата29.01.2017
өлшемі0,53 Mb.
#8255
түріСабақ
  1   2
Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 12.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Дд дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: Дд дыбысы, әрпі туралы түсінік беру. Еңбексүйгіштікке баулу. Сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту, бағытты айыра білу

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру:

Түгендеу, партаға дұрыс отыру.

Сабаққа зейінін аудару.
Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып

Өзара көз тастаймыз

Жаңа білім алуға

Алға қадам жасаймыз
ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Дд дыбысы, әрпі туралы түсінік беру. Еңбексүйгіштікке баулу. Сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту, бағытты айыра білу


ІІІ. Жаңа сабақ:

а)«Дала» сөзіне дыбыстық талдау жасау.

ә) Д дыбысын үш рет айту.(дауыссыз дыбыс екенін анықтау.)

б) Д дыбысының әріп таңбасымен таныстыру.


ІҮ. Жаңа білімді бекіту.

Хормен оқыту. Қайда сұрағына жауап беретін сөйлемдердің интонациясын дұрыс .қойып оқуға жаттықтыру.

Дулат қайда?

Айдар қайда? сұрақтарына жауап бергізу Жеке-жеке оқыту.


Сергіту сәті.

Еркін ұста денеңді

Тарсылдатпай еденді

Орнымыздан тұрып ап

Жүгірейік бір уақ

Бір екі үш бір екі үш

Аяқты алға созайық

Тік көтеріп қозғайық

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық

Бір екі үш бір екі үш
ҮІ. Жаңа білімді тексеру.
а)-Д қандай дыбыс?

Қай буындарда жазылады?


ә) Дәптермен жұмыс:

Д әрпін жазуға жаттықтыру.


б) Жұмбақ шешу.Үп-үшкір тұяғы,Жылан көзін ояды.(Дәуіт) Іші егіс, сырты тегіс.(тон) Есігі біреу, бөлмесі бесеу.(қолғап)
в) Сөздік диктант жазғызу: қол, ата,апа,ана,ала,аға,тай,қой,тон, той.
ҮІІ. Сабақты қорытындылау:

Бүгін біз қандай дыбыс және әріппен таныстық?



Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 13.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы Дд дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: Дд дыбысы, әрпі туралы түсінік беру. Еңбексүйгіштікке баулу. Сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту. Бағытты айыра білу

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру:

Түгендеу, партаға дұрыс отыру.

Сабаққа зейінін аудару.
Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып

Өзара көз тастаймыз

Жаңа білім алуға

Алға қадам жасаймыз
ІІ. Мақсат қою:

Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Дд дыбысы, әрпі туралы түсінік беру. Еңбексүйгіштікке баулу. Сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту, бағытты айыра білу
ІІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

а/ Дд дыбысы қандай дыбыс?

ә/ Дауыстап тізбектей оқыту.

б/ Жеке-жеке оқыту.


ІҮ. Білімді бекіту.

Тақтаға сөз жазғызу: Дд, доп, дала, доға, Дана.

Сөйлем құрату. Сызбасын сызу.Далада диқан жұмыс істейді.

Айжан дәрігерге барды. Айжанның денсаулығын тексерді. Оған дәрі берді.

Кеспе әріптерден сөз құрау. Доп, ойна. Сергіту сәтін өткізу.
Сергіту сәті.

Еркін ұста денеңді

Тарсылдатпай еденді

Орнымыздан тұрып ап

Жүгірейік бір уақ

Бір екі үш бір екі үш

Аяқты алға созайық

Тік көтеріп қозғайық

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық

Бір екі үш бір екі үш
Ү. Оқушының білім-білік дағдысын тексеру.

а) Бұл қалай өзгерген? Дидактикалық ойын. Дос-тос, топ-доп, нар-шар.


ә) Жоқ әріпті теріп жаз. ...оп, ...ар, ...он, ...оқ.
б)Дәптермен жұмыс: Берілгенді көшіріп жазу.
в) Сөздік диктант жазғызу: қол, ата, апа, ана, ала, аға, тай, қой, тон, той.
ҮІ. Сабақты қортындылау:

Бүгін біз қандай дыбыс және әріппен таныстық?



Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 14.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: М м дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: Мм дыбысы, әрпі мен таныстыру. Шапшаңдыққа ,тапқырлыққа, ұжымдық еңбекке тәрбиелеу. Сөздік қорын, ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп ,сабаққа қатысты суреттер. әріптің жазу үлгісі.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І.Ұйымдастыру:

Түгендеу, партаға дұрыс отыру.

Сабаққа зейінін аудару.
Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып

Өзара көз тастаймыз

Жаңа білім алуға

Алға қадам жасаймыз
ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

а) -Д дыбысы қандай дыбыс?

-Қай үйдің тұрғыны ?
ә) Дауыстап тізбектей оқу.
ІІІ .Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

Мм дыбысы, әрпі мен таныстыру. Шапшаңдыққа ,тапқырлыққа, ұжымдық еңбекке тәрбиелеу. Сөздік қорын, ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту.


І Ү. Жаңа сабақ:
а) - Моншақ, мата сөзіне буындық, дыбыстық талдау жасау. Мм дауыссыз дыбыс екенін аңғарту. Мм -әріп таңбасымен таныстыру.
ә) Хормен оқыту.

1. Тақтамен жұмыс: Мата. алма, қима әріппен жазғызу.

2.Сөйлем құрату.

3. Буын құрамы: әртүрлі сөздерді оқи білуге жаттықтыру: Аман ,нан,мал, қаймақ.



Сергіту сәті.

Еркін ұста денеңді

Тарсылдатпай еденді

Орнымыздан тұрып ап

Жүгірейік бір уақ

Бір екі үш бір екі үш

Аяқты алға созайық

Тік көтеріп қозғайық

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық

Бір екі үш бір екі үш
Ү. Білімді бекіту.

Дәптермен жұмыс: А әрпін жазып жатттығу. Көшіріп жазуға үйрену.


ҮІ .Сабақты қортындылау:

Мм дыбысы қай буында жазылады?

Мм қандай дыбыс?

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 15.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы М дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: М дыбысы, әрпі туралы алған білімін тиянақтау.Буын туралы түсінігін кеңейту. Шапшаңдыққа, тапқырлыққа, ұжымдық еңбекке тәрбиелеу. Сөздік қорын, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, сабаққа қатысты суреттер, әріптің жазу үлгісі.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру:

Түгендеу, партаға дұрыс отыру.

Сабаққа зейінін аудару.
Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып

Өзара көз тастаймыз

Жаңа білім алуға

Алға қадам жасаймыз
ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру

а) - Балалар, біз қандай әріппен таныстық?

-Дыбысты қайтеміз? Әріпті ше?-Дыбыстың қандай түрлерін білесіңдер?(дауысты, дауыссыз)-Дауысты дыбыстар қай үйдің тұрғыны? -Дауыссыз дыбыстар қай үйдің тұрғыны? -М дыбысы қандай дыбыс? -Қай үйдің тұрғыны ?ә) Дауыстап тізбектей оқу. Ән: «Төлдер»
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

М дыбысы, әрпі туралы алған білімін тиянақтау.Буын туралы түсінігін кеңейту. Шапшаңдыққа, тапқырлыққа, ұжымдық еңбекке тәрбиелеу. Сөздік қорын, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.


ІҮ. Жаңа сабақ:

а) Жұмбақ шешу.-Қане, балалар, кім жұмбақ біледі?

Базарда бар, қалада жоқ,

Бауларда бар, далада жоқ.(р)

Барда жоқ, жоқта бар,

Қарда жоқ, отта бар. (т)

Түйе өркешін қарайық,

Ұқсайды оған қай әріп.(м)

«Майда»бар да, «шайда» жоқ,

«Менде» бар да, «сенде» жоқ. (м)


ә) М әрпіне қатысты сөздерді оқыту.Май марал маман Арман Малмақпал тағам Айман.

-Балалар, тіршілік ету үшін адамға не қажет?

-Таза ауа, тамақ, су,т.б. Дұрыс балалар, адам денсаулығы жақсы болу үшін таза ауа керек және тамақ керек екен.

-Тамаққа нелер жатады? (атау)

«Тамақ» мәтінін оқыту.
Сергіту сәті.

Еркін ұста денеңді

Тарсылдатпай еденді

Орнымыздан тұрып ап

Жүгірейік бір уақ

Бір екі үш бір екі үш

Аяқты алға созайық

Тік көтеріп қозғайық

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық

Бір екі үш бір екі үш
Ү .Білімді бекіту.

б) Сөздерге дыбыстық талдау жасау.(момақан,домалақ, мақта мама,мата,май мысық)

в) Алдына әріп қосып айтыңдар: ...аға, ...ауа,...апа,...ақта,...ана.

г) Артына әріп айтыңдар. Қол..., алаш..., шаш..., шар..., монша... .

ғ) Сөзге буын жалға. Ой-..., мал-..., а қ қар..., ақ-..., ара-..., ал... .

д) Дәптермен жұмыс: М дыбысына қатысты берілгенді жазу.



ҮІ .Сабақты қортындылау:

-Болар күнде алаң, Жаны ашыр кім саған?

-Ана!

-Болсаң егер жаман, Кейитін кім саған?



-Ана!

-« Боташым» дер саған, Кім сүйікті адам?

-Ана!

-М әрпі сөздің қай жерінде жазылады?



Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 15.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Б дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: Б дыбысы, әрпі мен таныстыру.Б дыбысына қатысты сөздер дұрыс оқуға, жазуға үйрету . Шапшаңдыққа ,тапқырлыққа, ұжымдық еңбекке тәрбиелеу. Сөздік қорын, ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп , сабаққа қатысты суреттер, әріптің жазу үлгісі.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру:

Түгендеу, партаға дұрыс отыру.

Сабаққа зейінін аудару.
Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып

Өзара көз тастаймыз

Жаңа білім алуға

Алға қадам жасаймыз
ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру

а) -М дыбысы қандай дыбыс?

-Қай текшеге жатқызамыз ?

-Сөздің қай буынында жазылады?

ә) Дауыстап тізбектей оқу.

б) Тақтаға сөздер жазғызу.


ІІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау

Б дыбысы, әрпі мен таныстыру.Б дыбысына қатысты сөздер дұрыс оқуға, жазуға үйрету . Шапшаңдыққа ,тапқырлыққа, ұжымдық еңбекке тәрбиелеу. Сөздік қорын, ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту.


ІҮ. Жаңа сабақ:

а) – Балық, бақа сөздеріне буындық, дыбыстық талдау жасау. Б дауыссыз дыбыс екенін аңғарту.

б) -Әріп таңбасымен таныстыру. 3 рет дыбыстау Баспа түрі-Бб

Хормен оқыту. Жазба түрі-

Тақтамен жұмыс: Бала, баба,бата, бота,бор, бал. Сөйлем құрату. .Буын құрамы: әртүрлі сөздерді оқи білуге жаттықтыру. Аман , нан, мал, қаймақ.

Сергіту сәті.

Еркін ұста денеңді

Тарсылдатпай еденді

Орнымыздан тұрып ап

Жүгірейік бір уақ

Бір екі үш бір екі үш

Аяқты алға созайық

Тік көтеріп қозғайық

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық

Бір екі үш бір екі үш
Ү. Білімді бекіту.

1.Өтілген әріптерді пысықтау:Аа,Тт, Пп, Нн, Ғғ, Рр, Лл, Шш, й, Ққ, Дд, Мм.

Буындар: ма, та, па, ға, ра, ла, ша, қа, да, ма. ба.
2. Дәптермен жұмыс: Б әрпін жазып жаттығу. Көшіріп жазуға үйрену.
ҮІ. Сабақты қортындылау:

-Б дыбысы қай буында жазылады?

-Б қандай дыбыс?

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 16.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Б дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: Б дыбысы, әрпі бойынша алған білімдерін пысықтау сөздер дұрыс оқуға, жазуға үйрету . Сөздік қорын, ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту. Шапшаңдыққа ,тапқырлыққа, ұжымдық еңбекке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп , сабаққа қатысты суреттер, әріптің жазу үлгісі.



Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру:

Түгендеу, партаға дұрыс отыру.

Сабаққа зейінін аудару.
Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып

Өзара көз тастаймыз

Жаңа білім алуға

Алға қадам жасаймыз
ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

а) -Б дыбысы қандай дыбыс ?

-Сөздің қай буынында жазылады?

ә) Дауыстап тізбектей оқу

б) Тақтаға сөздер жазғызу.
ІІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау

Б дыбысы, әрпі бойынша алған білімдерін пысықтау сөздер дұрыс оқуға, жазуға үйрету . Сөздік қорын, ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту. Шапшаңдыққа ,тапқырлыққа, ұжымдық еңбекке тәрбиелеу.


І Ү. Жаңа сабақ: Хормен оқыту. Жазба түрі –Б

Бақ бақа бағбан балға

Бақша бақбақ балуан балта

Тақтамен жұмыс:


Сергіту сәті.

Еркін ұста денеңді

Тарсылдатпай еденді

Орнымыздан тұрып ап

Жүгірейік бір уақ

Бір екі үш бір екі үш

Аяқты алға созайық

Тік көтеріп қозғайық

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық

Бір екі үш бір екі үш
Ү. Білімді бекіту.

Орман мәтінін оқу. Орманда ағаштар бар.Онда қарағай да тал да бар. Қарға , торғайлар да орманда. Балабақша . Онда кімдер тәрибеленеді?

Дәптермен жұмыс

ҮІ. Сабақты қорытындылау:

Орманда не бар?

Қандай ағаш түрлері кездеседі?

Қандай құс түрлері кездеседі?

Балабақшада болғандарымыз бар ма?
ҮІІ. Үйге тапсырма. Бағалау

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 17.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: С дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: С дыбысы және әрпімен таныстыру. Қатаң дауыссыз дыбыс екенін аңғарту. Көркем етіп жазуға үйрету. Буындап немесе тұтас оқу машығын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп ,кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру:

Түгендеу, партаға дұрыс отыру.

Сабаққа зейінін аудару.
Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып

Өзара көз тастаймыз

Жаңа білім алуға

Алға қадам жасаймыз
ІІ. Білімді тексеру.

1) Б дыбысы қандай дыбыс?

2) Сөздерге буындық, дыбыстық талдау жаса.Бота, ботақан, балапан.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

С дыбысы және әрпімен таныстыру. Қатаң дауыссыз дыбыс екенін аңғарту. Көркем етіп жазуға үйрету. Буындап немесе тұтас оқу машығын дамыту.


ІҮ. Жаңа сабақ:

а) Сағат сөзіне буындық, дыбыстық талдау жасау.

ә) « С» дыбысын бөліп алып, хормен дыбыстату.

б) С-ның әріп таңбасымен таныстыру.Баспа түрі-Бб Жазба түрі-



Ү. Жаңа білімді тексеру:

1) Суреттен нелерді көріп тұрмыз? С дыбысының сөздің қай жерінде жазылатынын айтқызу.


2.Хормен баған түрінде жазылған сөздерді оқыту.

Сана сағат самал бас

Саба сабақ маса дос
3. Бітеу буындарға ұқсас буындарды қосып оқыту.

Сап-сапта аш-ашпа сал-салма

Қап-қапта қаш-қашпа қой-қойма
Ү. Жаңа білімді бекіту

Сұраулы сөйлем туралы мағлұмат беру, жауап беруге үйрету.

-Сара қайда? -Асан сағат қайда?

-Ол сабақта. -Сағат қалтамда.


Сергіту сәті.

Еркін ұста денеңді

Тарсылдатпай еденді

Орнымыздан тұрып ап

Жүгірейік бір уақ

Бір екі үш бір екі үш

Аяқты алға созайық

Тік көтеріп қозғайық

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық

Бір екі үш бір екі үш
2. Дәптермен жұмыс. Үлгі бойынша С әрпін жазып үйрену.
3.Әріп диктантын жазғызу.Мм,Дд, Бб, Сс.
4. Буындарды көрсете отырып, жазбаша жазуға жаттықтыру.
5. Жұмбақ шешу.

Өзі кірден арылмас, Жоқ өзінде бас та,

Ізінен кір табылмас. Қас та

(сыпырғыш) Мойын да

Ұзындығы жазулы тұр бойында.(сызғыш)

ҮІ. Сабақты қортындылау: Бүгін қандай әріппен таныстық.?

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Математика

Күні: 13.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Қосылғыштар, Азайғыш, азайтқыш.

Сабақтың мақсаты: Қосу және азайту амалындағы сандардың атаулары туралы түсінік беру. Ұқыптылыққа баулу. Сана сезімін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Геометриялық фигуралар, суреттер .

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


Психологиялық дайындық

Ойға толы санамыз

Бестік болсын бағамыз

Баласындай бір үйдің

Тату болсын арамыз
ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

а) 3+1 3-1 1+3 3-2 не деп аталады?


ә) Өрнекті оқытып мәнін тапқызу.

1+0= 1+1= 0+2= 0+1= 2+1= 0+3= 2+1=3 3-1=2 Бұлар теңдіктер.


ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Қосу және азайту амалындағы сандардың атаулары туралы түсінік беру. Ұқыптылыққа баулу. Сана сезімін дамыту.


ІҮ. Жаңа сабақ:

а) Демонстрациялай отырып, қосу және азайту амалының компаненттерімен таныстырыу.

ә) 2+1=3 3-1=2

2+1 қосынды. 3-1 айырма

2-қосылғыш 3-азайғыш

1- қосылғыш 1-азайғыш

3-қосындының мәні. 2 айырманың мәні
б) Өрнек құрайық.

























1+1= 2-1= 2+1= 3-1=


Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз

Алақанды ұрамыз

Бір отырып, бір тұрып

Тез шынығып аламыз
Ү. Жаңа білімді бекіту.

Мына сандарды пайдалана отырып теңдік құрау.




3




1




2




1




3




2




















Дәптермен жұмыс


Сабақтықорытындылау: Бүгінгі сабақта ненібілдік?




Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Математика

Күні: 14.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Қосудың ауыстырымдылық қасиеті.

Сабақтың мақсаты: Қосудың ауыстырымдылық қасиетін түсіндіру. Ұқыптылық, байқағыштық сезімін тәрбиелеу. Ой-өрісін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Геометриялық фигуралар, суреттер .

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


Психологиялық дайындық

Ойға толы санамыз

Бестік болсын бағамыз

Баласындай бір үйдің

Тату болсын арамыз
ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

а) 2+1=3 3-1=2б/ша айту.


ә) Қосу амалына кері амал қай амал? 1. Қосу 2.азайту. Айырманы көрсет 2+1 3-1 3-0 3-2 0+1 3+0
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Қосудың ауыстырымдылық қасиетін түсіндіру. Ұқыптылық, байқағыштық сезімін тәрбиелеу. Ой-өрісін дамыту.


ІҮ. Жаңа сабақ:

а) 2+1=3 1+2=3 2+1=1+2


ә) Атаулы сандарды салыстыру.

1 см+2 см=3 см 2 см+1 см=3 см 2см+1 см=1 см+2 см

Қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгермейді.
Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз

Алақанды ұрамыз

Бір отырып, бір тұрып

Тез шынығып аламыз
Ү. Жаңа білімді тексеру.

Мына сандарды пайдалана отырып теңдік құрау.

1+2=3 1+0=1 2+0=2

2+1=3 0+1=1 0+2=2

Біз не жаздық?

Қандай сандарды Қостық?

Бұл сандарды жеке-жеке не деп атайды?

Теңдік таңбасын қоймай жазсақ не деп аталады?


ҮІ .Жаңа білімді бекіту.

1) 3+2-қосындысы, 4+0-қосындысы 2+1-қос-сы, 2+0-қсын-сы.


2) 3-2-айырма-сы, 2-0-айрма-сы, 2-1-айырмасы 2-0-айрмасы.

Дәптермен жұмыс: Қосынды мен айырманың мәнін тауып жазу. Үлгі бойынша сандар қатарын жазу
ҮІІ. Сабақты қорытындылау : Бүгін сабақта не білдік?

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Математика

Күні: 15.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Қосу мен азайту амалдары өзара кері амалдар.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қосу амалына азайту кері амал екенін түсіндіру. Эстетикалық тәрбие беру. Сана сезімін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: мазмұнды суреттер. .

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


Психологиялық дайындық

Ойға толы санамыз

Бестік болсын бағамыз

Баласындай бір үйдің

Тату болсын арамыз
ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

2+1=3 1+0=1 0+3=3

1+2=3 0+1=1 3+0=3

Қосудың ауыстырымдылық қасиетінің ережесін айту.



ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Оқушыларға қосу амалына азайту кері амал екенін түсіндіру. Эстетикалық тәрбие беру. Сана сезімін дамыту.


ІҮ.Жаңа сабақ:

а) 2+1=3 1+0= 1

3-2=1 1-1=0

3-1=2 1-0=1


ә) сурет бойынша есеп құрау.
б) Теңдіктер құру.




+




=










-




=




Қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгермейді.
Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз

Алақанды ұрамыз

Бір отырып, бір тұрып

Тез шынығып аламыз
Ү. Жаңа білімді тексеру.

Қосу амалына азайту амалы кері амал.

2+1=3 0+1=1 0+2=2

3-2=1 1-1=0 2-2=0

3-1=2 1-0=1 2-0=2

ҮІ. Жаңа білімді бекіту.

Дәптермен жұмыс:Сандарды салыстыру.


ҮІІ. Сабақты қортындылау: Сандарды қалай қосып, қалай азайттық.

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Математика

Күні: 16.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Қанша артық ?, қанша кем? 33 бет

Сабақтың мақсаты: Қанша артық ?, Қанша кем ? екенін табу үшін үлкен саннан кіші санды азайту керек екенін түсіндіру. Зерек, ұқыпты болуға баулу . Сандарды салыстыру арқылы білімін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық материалдар.

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


Психологиялық дайындық

Ойға толы санамыз

Бестік болсын бағамыз

Баласындай бір үйдің

Тату болсын арамыз
ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

-Қосу амалына кері амал қай амал?

-Азайту 2+1=3 3-1=2 3-2=1

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Қанша артық ?, Қанша кем ? екенін табу үшін үлкен саннан кіші санды азайту керек екенін түсіндіру. Зерек, ұқыпты болуға баулу . Сандарды салыстыру арқылы білімін дамыту.


ІҮ. Жаңа сабақ:
а) Заттарды сәйкестендіріп қойып салыстыру.
Ереже: Бір санның екінші саннан қанша артық, немесе қанша кем екенін білу

үшін үлкен саннан кіші санды аламыз.
Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз

Алақанды ұрамыз

Бір отырып, бір тұрып

Тез шынығып аламыз
Ү. Жаңа білімді тексеру.

а) Оқулықпен жұмыс: Сурет бойынша; Қанша артық? Қанша кем?

2. 3>2 2>3 2=2 оқып үйрену.3. Төртбұрыштар мен үшбұрыштарды салыстыру.

4. Атаулы сандарды салыстыру.






































3

;







2

;




см

3

см;




см

2

см;







1













Дәптермен жұмыс: 1; 2; 3 сандарына 0-ді қосу және азайту.Сандарды салыстыру.
ҮІІ.Сабақты қортындылау:

Біз нені білдік?

Сандарды қалай қосып, қалай азайттық.

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Дүниетану

Күні: 12.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Табиғаттан үйрене біл.

Сабақтың мақсаты: Табиғат пен адам өміріндегі байланыс туралы түсінік беру. Табиғаттан үйренуге болатын заттарды есте сақтай есте сақтай отырып, логиакалық ойын дамыту. Танымдылық қабілетін таныту 3 табиғатты сүюге оны қорғауға үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер.

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы.

І .Ұйымдастыру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау Үйге берілген тапсырманы пысықтау, сұрақтар қою.
ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру:

-Суреттегі түнгі көрініске қарап, оларға ат қой.

- Суреттегі табиғи денелерді ата.

-Түн мезгілінде туған ойыңды әңгімеле.

-Айналадағы дүниені қалай танып білуге болатынын айт.
ІҮ.Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау. Табиғат пен адам өміріндегі байланыс туралы түсінік беру. Табиғаттан үйренуге болатын заттарды есте сақтай есте сақтай отырып, логиакалық ойын дамыту. Танымдылық қабілетін таныту 3 табиғатты сүюге оны қорғауға үйрету.
Ү. Жаңа сабақ:

а) Тақырыпты оқи отырып түсіндіру.

ә) Адам өзіне қажеттінің бәрін табиғаттан алатынына баланың көзін жеткізу.

б) Табиғаттан үйренудің қажеттілігіне зерттеу жұмысының мәнінің зор екенін түсіндіру.



Сергіту сәті.
ҮІ. Жаңа білімді бекіту.

1 Суреттегі техникалардың қайсысы қандай жануарлардың іс-әрекетінен туындағанын әңгімелеу.

2 Өзің табиғаттан не үйрендің?«Адамды адам еткен- еңбек» деген мақалдың мазмұнын қалай түсінесің. Дәптермен жұмыс.
ҮІІ. Сабақты қорытындылау:

Адам өз өміріне қажеттінің бәрін табиғаттан үйренеді екен. Сондықтан адам табиғатты аялап, қоғауы керек.



ҮІІІ.Үйге тапсырма.Бағалау.

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Бейнелеу өнері

Күні: 14.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Кескіндеу материалымен жұмыс

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік Бейнелеу өнерінің түрлерінің бірі кескіндеме жайлы

қысқаша мағлұмат беру.

ә) Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу

қабілеттерін дамыту.

б) Тәрбиелілік Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты

түсіне білу.

Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, т.б
Сабақтың өту барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Оқушыларға кескіндеме жайлы түсіндіремін. Кескіндемедегі басты құрал - бояу түстері болып табылады.

Живописьті қылқаламмен және бояқтармен орындайды.

Живопись – шындықты бейнелеуде көрерменге тікелей әсер ететін өнер құралы.

Живопись жанрларының ішіндегі ең маңызды орын алатын көркем шығарма – табиғат жанры. Сабақ мазмұнына байланысты оқушыларға сұрақтар қойып, жауаптар аламын.


  • Сендер қандай суретшілерді білесіңдер?

  • Олардың қандай шығармалары сендерге таныс?

Қазақ халқының алғашқы суретшісі, бейнелеу өнерінің шебері, тума талант Әбілхан Қастеев туралы оқушыларға қысқаша баяндаймын:

- Әбілхан Қастеев 1904 жылы, қарлы қаңтарда қазіргі Алматы облысы, Жаркент өңіріндегі Шежін аулында туған.

Бала жастан жыр-аңыз, дастан, қиссаларға құмар Әбілхан атамызға қазақ халық ауыз әдебиеті өте жақын таныс болады. Ол суретшінің тақырыптық шығармалар жазуына әсер етті.

Ол кісі ертегідей ғажап табиғаттың таңғажайып құбылысын көріп, дыбысын тыңдап, одан көл-көсір әсер алып, тамаша табиғаттың сан түрлі бояуын санап, жан-жануарлар, өсімдіктің, тіпті топырақтың да түр-түсін саралап өсті.

Суретшінің тума таланты одан әрі туындап, осыншама биік дәрежеге жетуіне, әрине, туған табиғаттың әсері мол болды.

«Әуелі табиғат – суретші, біз оған жан бітіріп, сөйлетеміз», - дейтін Әбілхан атамыз.

Ә. Қастеев табиғат көріністеріне салған суреттері – бір-бірінің қайталамас көркімен көзге түсетін шығарма. Жыр болып төгіліп, ән болып шалқып, күй болып күмбірлеп, әркімге айрықша әсер етеді.

Әбілхан Қастеев – қазақ бейнелеу өнерінің жанрлық жағынан жедел де жан-жақты өсіп, өркендеуіне өлшеусіз ұлес қосқан жасампаз қылқалам шебері.

Суретші есімімен көше ғана емес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Бейнелеу өнері мұражайы, көркемөнер, сурет мектептері мен колледждері аталады.

Кескіндеме өнерінің жанрлары.



Жанр дегеніміз өнер туындыларын бірі-бірінен ажырататын ерекше белгілер. Картинада бейнеленген суретке карап оның кай жанр түріне жататынын анықтауға болады. Кескіндеме өнерінде бірнеше жанр түрлері бар. Олар: тарихи, тұрмыстық, соғыс тақырыбы, жануарларды бейнелеу (анималистік), адам келбетін бейнелеу (портрет), натюрморт, теңіз пейзажы (марина) және табиғатты бейнелеу.






А. Ғалымбаева. Дастарқан


К. Әжібекұлы. Томирис Б. Зәуірбекова



Сәукеле киген қыз


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет