ТӘКЕН ӘЛІМҚҰЛОВТЫҢ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ ӨНЕР АДАМДАРЫНЫҢ БЕЙНЕСІ
Жайнарбаева Назгуль Нурланқызы
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің 1 курс магистранты
E-mail: Nazka_love92@mail.ru
Қазақ прозасындағы өнер адамдарының бейнелеріне,суреткерлікпен тіл қасиетін қоса отырып суреттеген Тәкен Әлімқұловты айтпасқа болмас.Оның шығармалары тұнып тұрған психологизм екенін айқын аңғара аламыз.Тәкеннің шығармаларының ерекшелігі,ол тек қана кейіпкердің өмірін ғана сипаттап қоймай,сол кездегі қарапайым халықтың тұрмыс-тіршілігін,болмыс-бітімін түгел қамтып жатты.Кез-келген шығармаға қалам тартар алдында,сол жайлы халықтың аузынағы аңыз-әңгімелерді,тарихтың толғауын түгелдей қамтуы автордың тағы бір ерекшелігін танытады.
Көркем шығарма жайлы айтқанда,оның адамға қалдырар әсері,талас-тартыс,қуаныш пен жұбаныш бәрі кезектесе отырып психологизмге әкеліп соғады.Кейіпкердің мінезіндегі сабырлық пен бұлқыныстың аса бір шеберлікпен берілуі Тәкен ағамыздың ерекшелігі деп білуімізге болады.
Халықтың бөлінбес бір бөлшегі-өнері,қай кезде болмасын болмысының көрінісі.Өнердің бейнеленуі нақты әрі дәл болып,сол кезеңді айқын елестетуі керек.Кейіпкердің өмірі,өміріндегі арпалыс кезеңдері,психологиялық бейнесі Тәкен ағамызыдың бұлжытпай,керемет әсерлілікпен қағазға түсіре алатын керемет қасиеті бар екені сөзсіз.
Тәкен адамның ішкі сырына үлкен рөл бөлген.Оның сезімталдығы өте терең.Адам бойындағы барлық қасиеттерді анықтай білу,оның шығармаларының басты тақырыбы болып келеді.Оның негізгі көріністері «Қараойдағы» Махамбет, «Сарыжайлаудағы » Тәттімбет, «Көк қаршығадағы» Ақан, «Қаралы Қобыздағы » Ықыластың образдарынан байқасақ болады.
Автордың суреткерлік қасиеттері басым,шығармада кейіпкердің бейнесімен қоса,табиғаттың суретін адамның жан дүниесімен керемет келістіреді.Мұны әсіресе «Көк қаршығадағы»-Ақанның бейнесінен көруге болады.Ақан жапан түзде жалғыз өмір сүріп жатса да,жанындағы адамдардан қанша көңілі қалып жатса да,жан дүниесі әлі де таза,пәк,әлі де әділдікке деген үміт отын үзбеген.Табиғатта Ақанмен бірге сырласып,қайғырса бірге мұңаятын сияқты.
Тәкен Әлімқұлов көп шығармаларының арқауы етіп қазақтың рухани байлығының алтын діңгегі-күй өнерінің жанашырлары жайында сөз қозғайды.Күйшілердің бейнесін көркем әдебиеттегі орнын терең түсінген.Сүгір,Тәттімбет,Дина сияқты қайталанбас күйшілердің образын жасау үшін жылдар бойы зерттей келе ғана кіріскен.
Күйді әрбір адам түсіне бермейді.Тәкен Әлімқұловтың күйге деген тартымы ерекше,ол оны шын ықыласымен түсінеді.Күйшілердің өзгешеліктерін,халықтың арасындағы ойып алар орындарын ерекше қадір тұтады.Күйшілер жайлы көп әңгіме қозғайды.Әр шығармасы тәрбие,ізеттілік пен сезімталдыққа толы.Шағын әңгіме жазса да,оқырманның жүрегінен орын тауып,зеректігімен танылған.Оның әрбір кейіпкері өзінше тұлға,бір-біріне ұқсас ерекше жандар.
Күй жайлы сөз қозғау үшін тереңге үңілу керек екенін автор жақсы білген.Өнер адамдары жайлы қалам тартпас бұрын осының барлығын жалықпай,зерікпей зерделеп алған.Тәкеннің шығармаларының көбісі тарихи үзіндінің көркем варианты сияқты болатындығы сондықтан.Шығармаларда тарихи шындық,замана қиындықтары өздігінен сөйлеп жатқандай болады.Бұл шындық әсіресе түсінер қауымға танымдық-тәрбиелік әсерлері мол.
«Біз реализм,реалистік шығарма дейміз.Өмір шындығы,өнер шындығы дейміз.Сонда суреткер көзіне ілінген бейненің табиғылығын,бояу реңктік табиғылығын айтамыз.Суреткер сомдаған тұлғаның тұрпатына қарап айтамыз. Сол тұлға-тұрпатқа лайық характер қитұрқысына,қарекет,мінез,сөз,сезім атаулының нанымды,қонымды,жарасымды болуына қарап айтамыз.Жазушыға табиғи дарын үстіне оның бүткіл болмысы,тіл байлығы,түйін байлығы кеп қосылса,нағыз шеберліктің сыры сонда ғана көзге бірден танық бола қалады.Мұның бәрі Тәкен бойына сүтпен тарап,сүйек боп біткен қасиет»-дейді сыншы Т.Тоқбергенов[1,216].
Т.Әлімқұлов күйден басқа да,өнер тақырыптарына негізделген «Сейтек сарыны», «Көкейкесті», «Қаралы қобыз», «Жиендік», «Телқоңыр » атты шығармалары жазушының әдеби мұраларын ерекше айқындап,лиризмге тән сұлу сыңғырымен,жүректі тербер әсем лебімен ерекшеленеді.Осыдан жазушының өнерге,мәдениетке,суреткерлікке деген көзқарасы анық көрінеді.
«Туған халқының бай мұрасын жастайынан бойына сіңіріп өскен Тәкен Әлімқұлов өмір құбылыстарын бағаланғанда да сол ұғымға сенеді,адам мен табиғатқа да халықтық қалыпты тұрғысынан қарайды»-деп Тәкен ағамыз жайлы бір еңбекте кездеседі[2,326].
Тәкен өз шығармаларын Мұхтар Әуезовтың: «Жалпы музыка атаулы нәрсе елдің сезім байлығы мен ішкі жаратылыс қалпын білдіретін болса,солардың ішіндегі ең толғаулы,ең терең сырлысы-күй»[3],деген сияқты күй-аңыздарға байланысты пікірлерімен,Әлкей Марғұланның жыр,аңыздар туралы зерттеулері,А.Жұбановтың ән-күй жайлы бірнеше еңбектерімен ұштастыра,байыта деректер мен дәлелдерді келтіре отырып жазған.
Тәкеннің шығармаларынан мәдениетімізге тән домбыра,дауылпаз,сыбызғы,қобыз сияқты музыка аспаптарын кездестіре аламыз.
Жазушы өнердің қасиеті арқылы,елдің тарихын қозғайды.Өнер адамдарының замана саясатына байланысты қоғамдағы орнын қанша түсіруге тырысса да,автор өз шығармаларында олардың тұлғаларын өрістеп,өркендете түседі.
Автор шығармаларының арқауы етіп,ұлттық сана-сезім,ұлттың ерекшелігі екенін басты назарда ұстайды.Шығармалардың негізінде Тәкеннің ұлттық болмысты,дәстүрді,тұрмыс-тіршілікті терең меңгергенін байқаймыз.Тарих толғауын көркемдік шеберлікпен келтіріп,оған қоса қоғамдық қайшылықтарды,әлеуметтік-саяси шындықты сабақтастыра орынды қолданған.
«Тәкеннің шығармаларын оқысаң басқа дүниеге сіңіп кетесің.Тақырып сол.Ол жазған.Бірақ Тәкеннің дүниесі басқа.Оның тіпті стилі де өзгеше.Оның сөз саптауы да бөлек.Өмір бақи «совет», «партия» деп бір ауыз сөз айтпай кеткен адамның біреуі сол Тәкен.Ол Мәскеуде неге оқшау болып қалды?Мәскеуде оқшау жүруіне бір-ақ себеп бар. «Ақбоз аты» шыққаннан кейін белгілі болды,тұстастарынан мүлдем бөлек деңгейдегі иесі еді»[4],-деп жазушы Қалихан Ысқақ Тәкен аға жайлы естеліктерінде.
Тәкен біздің проза үшін ерекше.Өзгелерге ұқсамайтын тәсіл,стиль,кейіпкерді суреттеудегі қазақылық,суреттеудің ерекше майталманы.Шығармалары тұнып тұрған қазақ этносының лебі.Әрбір шығармада ұлттық өрнек,ұлттық нақыш.Табиғи таланты табиғат пен тұлғаны суреттеудегі ұштастықта байқалады.
Тәкен Әлімқұлов шығармаларына арқау етіп күйшілерді алуы жайдан емес.Кейіпкерді сомдау үшін оның өмірін,өнерін толығымен қарастырып,содан кейін ғана жазған.
Тәттімбет күйшінің өмірлік тарихын «Сарыжайлау» әңгімесінен білуімізге болады.Шертпе күйдің қайнар көзі Тәттімбеттің өмірі,нәзік толқындармен серпіп,әсерлі де әуенді болып беріледі.Әңгіме Тәттімбеттің өмірінен бастау алып,кейінірек халықтың тұрмыс-тіршілігімен ұштасып,жалғасып жатады.Күйшінің өмірі баяндалып,әңгіме желісі тереңдеген сайын күйшілік өнеріне де қалам тартып оқырманды қалыс қалдырмаған.
Автор кү йшінің өмірін өмірін кезеңдермен,тізбектей отырып,өмірінің ағы мен қарасын салыстыра отырып,күйшінің барлық жан-дүниесін тереңнен танытқан.
Сарыжайлау тарихы Тәттімбет үшін жат емес,көз алдынан бір бейне сияқты шұбырып өтіп жатыр.Шыңғыс ханның сарбаздары қырғаны болмаса,бұл жайлаудың тіршілігі әрдайым бейбіт болған деседі.Бұлақтардың көзін жауып,жайлауларға өрт қойып кеткендері осы күнге аңыз арқылы ғана жетіп отыр.Бертін келе Сарыжайлауда Қалмақ ханның найзасы келгені де Тәттімбетке мәлім.Абылайдың қолдарынан құтылып,төренің жуан тайпасы жұтып келе жатқаны Тәттімбетке оттай басылады.
Сарыарқаның кеңдігіне еркінсіп,Қарқаралының шүйгін шөбіне семірген жылқының сүті мен етін жеп өскен Тәттімбет өнерге ертерек ұмтылған.Жастық қызығына батып,әр елді аралап,жер сұлуларын көп көрсе де,өнерге деген құштарлығын қалдырмаған.
Тәттімбет өткен күндерін еске алып,жастық шақтың оралмасын түсінеді.Махаббат жылдары Сарыжайлауда өткен соң,қазақ үшін нағыз жаннат осы екенін түсінеді,табиғаттың ғажап сұлулығына таңырқайды.
Тәттімбет «Қосбасардың» төртінші тарауын сүйіп тартатын.Неге екені белгісіз,тура сол тарауда саусақтары шертуге бас тартып тұратындай боп көрінетін.Тәттімбеттің ойындағы «Қосбасар» мен «Сарыжайлаудың» түп төркіні мүлдем ұқсас емес.
Т.Әлімқұлов «Сарыжайлау» күйінің бөлік-бөлікке жіктеп келтіруі,күйшінің жан дүниесінің жағдайын сипаттағандай.Күйшінің басынан өткізген қиындықтары,сүйініші мен күйініші,жалғыздықтан жапа шеккен кездерін,ішкі жан дүниесімен ұштастыра сипаттайды.Жазушының тек қана әдебиет емес,музыкадан хабары бар екені байқалады.
Тәкен Әлімқұлов қазақ прозасындағы өнер адамдарының образын жасауда,образдың бейнесін толығымен ашуда ерен еңбек атқарғандығы сөзсіз.Әр тұлғаның өзіндік ерекшелігін айқындап,әлеуметтік ортадағы дәрежесін,сол кезеңдегі өнер адамдарының ойып аларлықтай орындарын белгілеп берген.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Тоқбергенов Т.Тоғыз тарау.Әдеби сын. Жазушы.1974.-216 бет.
Әлімқұлов Т.Шығармалары.3 том.-Алматы:ҚАЗақпарат.2013.-326 бет.
Adebiportal.kz/blog
Zhasorken.kz
Достарыңызбен бөлісу: |