Г. С. Балтабаева Тәуелсіздік кезеңіндегі



Pdf көрінісі
бет21/47
Дата19.12.2021
өлшемі1,57 Mb.
#103325
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   47
Байланысты:
baltabaeva g tuelsizdik kezenindegi kazak prozasy

ІІ. 
 
Қазіргі қазақ прозасы  және көркем 
антропология 
 
2.1.
 
Қазіргі қазақ әңгімесінің поэтикасындағы 
көркем антропологияның ерекшеліктері 
 
Көркем антропология 
 –  төл әдебиетіміздің аз зерттелген 
саласы болып табылғанымен, оны өнертанудағы  тіптен жаңа ба-
ғыт  деп  санауға  болмайды.  Өйткені  ол  жеке  өнердің  теориясы 
мен дағдысын зерттеуде  антропологиялық ғылымның жетістік-
терін жинақтайды. Көркем антропология өнертанудың басқа ба-
ғыттарымен тығыз байланысты болғанымен, әдебиет теориясы-


 
128 
ның жеке бір бағыты ретінде де қарастыруға болады. Атап айтар 
болсақ,  тарихи және теориялық поэтиканың – теориялық поэти-
ка мен сюжетологиялық, характерологиялық, стилистикалық ау-
қымын  саралауда  көркем  антропологияның  орны  бөлек  екенін 
атап өту қажет. 
Көркем  антропологияны  зерттеу,  әр  кезеңдегі  әдеби  про-
цестегі  жазушылар  шығармашылығындағы  антропологиялық 
образдарды айырып қарау әдебиеттегі адам бейнесін тарихи, ти-
пологиялық, салыстырмалы-салғастырмалы  аспекте   танып-бі-
луге  мүмкіндік береді.  
Көркемдік  әлем  (шығармашылық,  үлгілеу  әлемінің  (мо-
делдік, дизайндық әлемнің) мен көркем мәтінді (мәтін поэтика-
сы,  мәтін  диагностикасы)  зерделеуде  көркем  антропологияның 
сөзсіз орны бар. Әр түрлі ғылымдардың түйісіндегі  гуманитар-
лық антропологияны  (мәдени, лингвистикалық, психологиялық, 
тарихи  т.б.)  қазіргі  зерттеушілер  өз  практикаларында  белсенді  
түрде пайдаланып жүр. Бірақ  қазақ әдебиетіндегі көркем антро-
пология  өз  бағасын  әлі  алған  жоқ.  Қазақстандық    әдебиеттану-
шы ғалым В.В.Савельеваның көркем антропология саласындағы  
«Художественная  антропология»  (1999),  «Художественная  ант-
ропология и творчество писателя» (2007)  атты ғылыми-зерттеу 
еңбектері отандық және алыс – жақын шетелдік әдебиеттанушы 
ғалымдардың  үлкен  қызығушылығын  тудырды.
 
В.В.Савельева-
ның  еңбегі  негізінен  орыс  прозасындағы  көркем  антропология-
ны  қарастырғанмен,  оның  орны  ерекше  екендігін  атап  өтуіміз 
керек. Себебі В.В.Савельева осы еңбектерімен қазақ әдебиеттан-
уындағы  көркем  антропологияны  танып-біліп  зерделеуге  жол 
салып  отырғандығын  атап  өткеніміз  жөн.  Орыс  әдебиетіндегі 
А.Пушкин,  Н.Гоголь,  Ф.Достоевский,  Л.Толстой,  А.Ремизов, 
А.Платонов шығармашылығы мен ХІХ-ХХ ғ.ғ. ақындар поэзия-
сына  арналған  антропологиялық  жеке  монографиялық  зерттеу-
лердің өзі бұл бағыттағы зерттеулердің болашағы барлығын көр-
сетіп қана қоймай,сонымен  қатар  өнертану  саласы  мен  әдебиет 
теориясында  да  көркем  антропологияны  зерделеудің  қажеттілі-
гін, зәрулігін көрсетсе керек.  
 Постмодернистік,  пост  және  неореалистік  кезеңдегі  әде-
биет  пен  мәдениетегі  көркем  антропологияны  зерттеу  қайтадан 


 
129 
өзекті  болып  отыр.  Өнердегі  адам  бейнесін  тану  үшін  көркем 
антропологияның түрленуі мен  дамуын  зерттеудің уақыт өткен 
сайын маңызы арта бермек. 
 Көркем антропология нақты адамның – өзін емес керісін-
ше,  жазушының  көркем  шығармашылығындағы  адам  бейнесін 
жасайды.  Яғни  басқа  бір  адамның  түснігімен    қайта  сомдалған 
екінші адам.  Адамның  көркем бейнесімен,  нақты  адамның  ара-
сында субьективті  сүзгі – бұл реципиент, интерпретатор кескі-
ніндегі  –  оқырман  –  кісі.  Көркем  антропологияның  нысаны  – 
өнердегі екінші  адамның зерттеуіндегі қайтара жасалған  адам 
болып табылады.  
Авторлық бастаманың антропологиялық табиғаты көркем 
мәтінде үш түрлі болып беріледі: 1) мейілінше автордан өз беті-
мен оқшауланған кейіпкер-бейнелері (образы-перссонажах) 
2) көркем  мәтіннің  баяндау  құрлымында  көрінетін  автор-
баяндаушы бейнесінде; 3)адамдық жүзі көркем әлем арқылы, ер-
кі  мен  санасы  көркем  мәтіннің  тілдік  шынайылығынан  көріне-
тін жалпы автор-жасаушының бейнесінен көрінеді. 
Көркем  әлемнің  автор-жасаушысы    өз  адамын  тез  арада 
сомдай  қоймайды.  Адам  денесінің  анотомиясын,  динамикасын,  
пластикасын,  эстетикасын    жаңадан  жасау  арқылы  табиғаттың 
даму жолын  қайталай отырып, бірінші –жаратушының  жұмба-
ғын  шешуге  талпыныс  жасап,  өнер    адамды  қайтадан    жарата-
тын  тәрізді.  Әр автор  шығармашылығында өз көрген, қабылда-
ған денелілікті,  дененің өзіндік бейнесін сомдайды.  Бұл дене-
ліліктің  эстетикасы  мен  философиясының  жеке  поэтикасын  
оқып, ашып  қабылдауы оқырманның   еншісіне  тиеді.  Ғылымда  
дененің әр бөлігі зерттеу нысанына айналады. Өзіндік жеке мі-
нездеме  алып,  ерекше  антропологиялық  семантика  мен  рәмізге 
ие  болады. 
Ұлттық рух дегеніміз – өте киелі  ұғым. Ол  өзге халықтан 
бөлектену,  оқшалану, өз артықшылығын көрсету, өзгеге менсін-
бей  қарау  дегенді    білдірмейді,    оның  беті    аулақ  болсын,  оны  
шовинизим  дейді. Біздің  халық ешқашан  оның  дертіне   шал-
дығып  көрген емес,  алдағы  уақытта  да  сол   кесапатты  ауы-
руға   ұшырамас та. Ұлттық  рух дегеніміз  - өз  ұлтының  озық 
салт-дәстүрлерін,    әдет-ғұрпын,    таңғажайып  тілін  бала    кезең-


 
130 
нен бастап,  қашан жер  құшағына  енгенше  төбеңе ту етіп кө-
теру, тілін, тәрбиесін берген  халықтың  лайықты  азаматы бола 
білу деген сөз.  
Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ прозасында осы рухани  бол-
мысты ұлттық  идея  негізінде  кейіпкер  болмысы  арқылы ашу-
ға деген   ұмтылыстар  кеңінен  өріс алды. 
Адамның  жеке  дене  мүшесіне  көркемдік  салмақ  арту  ар-
қылы  ұлттық  дүниетанымға  тән  қасиеттерге,  көзқарастарға  ке-
лудің өзі де түрлі қолтаңбалық ерекшеліктерімен көрініс тауып 
отыр.  
Г.Шойбекованың «Бұрым» әңгімесі шап-шағын, бар-жоғы  
екі-ақ  беттік әңгіме. Әдемілікті  қадірлей де, әдемілікке  сүйсіне 
де  білетін қазақ –  қос өрім, тілерсекке түскен бұрымды көрген-
де  үлкен-кішіміздің,  еркек-әйеліміздің    бәріміздің    таңда-нып, 
сүйініп  еріксіз көзімізбен қимай шығарып  салатынымыз да  рас 
қой. Шаш – әйел  көркі. Бұрымды қыз бүгінгі  ұрпақтың арасы-
нан  қырық  қаздың  ішіндегі  жалғыз аққудай некен-саяқ. 
Жалпы  қазақ халқы  адамның  шашына  үлкен  мән бер-
ген.  Қай    халық  та,  қай    ұлт  та  болмасын    аяғы    ауыр  болған  
күннен  бастап  шашын  қырықпай  өсіретін  аналардың  ырымын 
жақсы білеміз. «Шашымды  қырықсам, болашақ баламның өмі-
рін  қырққаным» деп қорқатын ана танымы қаншама уақыт, қан-
шама  техника  ғасыры  келсе  де  еш  өзгерген  жоқ.  Урбанизация, 
глоболизация,  феминизм,  гендерлік  деп  желпінетін,  неге  болса 
да даяр  тұрған, жаңаның  бәрін қабылдауға, еліктеуге даяр  тұ-
ратын біздің  әйелдік  санамыз аяғымыз ауыр болған кезде шаш  
қырқпауға келгенде тым  тұрақтымыз. Мейілі  ол белгілі қоғам  
қайраткері, атақты өнер  жұлдызы, тіпті қатардағы әйел, кешегі 
мектеп қабырғасынан  шыққан  жас ана болса да өздерінің  жас 
ерекшеліктеріне  қарамастан  өз  ұстанымдарына  тым  беріктігіне 
таң  қаласыз. Қысқа шаш  қиюдың  себебін жас көрінеміз,  заман 
талабына, сәндік  сұранысқа сай және  ыңғайлы деп  сылтаурата-
тын әйелдер  қауымы аяғы ауыр кезде тым  көнбіс,  өз  еркімен 
және саналы  түрде көнгіш. Бұл да  болса ананың баласының ал-
дындағы асқан жауапкершілігінде, құдіретттілігінде жатқан шы-
ғар. Ауа райындай құбылмалы әйел  психологиясының осы  мә-
селедегі  тұрақтылығына  таң  қаласыз. 


 
131 
Сәби дүниеге келгеннен кейін, оның қарын шашын ырым-
дап  қолы-жолы    жеңіл  болсын  деп    сыйлы    адамға    алдырған 
және ол шашты адам аяғы  баспайтын  зәулім ағаштың  түбіне 
немесе  таудың  ұшар басына  көмген. Зәулім ағаштан, тау  ба-
сында  аспан    тәңіріне   жақын жатқан   шаш  айдың    сәулесінен,  
күннің  шуағынан  күш-қуат  алып,    иесінің    жолын  ашады  деп 
сенген. 
 Жазушы  кейіпкерінің  түн  баласына  бұрымынан  қорлық 
көріп, кірпік ілмей шығатынын, қылқындыра тұншықтырып шо-
шып оянатынын баяндайды. Бұрымды  қыздың  жан  арпалысы 
мына  күрделі  тіршілікте қайтсем, адамдарға  соның ішінде ту-
ғандарына,  тіпті  өзіне  зиянын  тигізбей    бұрымынан    құтылсам 
деген  ой.  Оның  шашын    қимақшы    болғанын    әркім  әр  қалай 
түсініп,  сол    түсінігіне  орай    өз  пайымдауларын   қыз  санасына  
сіңіріп    әлек.  Сондықтан  да  өз-өзіне  сенімсіз,  тіпті  айналасын-
дағы    адамдардың   айтқанынын    қайсысы   дұрыс,  қайсысы бұ-
рыс екенін де ажырата  алмай  ойы сан-саққа  кетіп  басы  қатып  
жүрседе сырт көзге  біртоға көрінетін кейіпкер  болмысының қа-
лыпты  күй-қалының өзі – жан мазасыздығы. Әңгіме  адам жа-
нының, тақырыпқа орай бұрсақ, әйел жанының дисгармониясы, 
оның  арман-мұраты  мен    қимыл-қаракетінің    дисгармониясы  
неден  басталған  деген  сауал    төңірегінде  ой    тастайды.                         
Г.Шойбекованың «Бұрым» әңгімесіндегі қазіргі  қазақ  қызының 
типтік  моделі  өзгешелеу болып келеді. Жазушы  бүгінгі  әйел 
тағдырын ой  өзегі ете отырып, уақыттың өзі тудырған бұл мо-
дельдің жан дисгормониясына үңіледі де, бүгінгі ұлттық таным 
шындығын мегзейді. Рухани  тәуелсіздігін тәңір тұтқан, бұрымы 
–  өмірінің  мәніне айналған сезімтал жанның тағдырына, көңіл-
күй амплитудаларына автор еріксіз көңіл тоқтаттырады. Сурет-
кердің алып отырған көркемдік деталі ұтымды шыққан. Бұрым – 
деталь қызметін  атқарғанмен, символға  айналып отыр.  
Бұрым  –  қазақ  әйелінің  сұлулығының,  ұлттық  бет-бейне-
сінің, танымының белгісі іспетті. Шаштың  құдіреті неде сонда? 
Фольклорлық  туындыларымызда қазақ  қызының архетипі жыр-
дастандарда, өлеңде өшпес  этнографиялық таңба болып  асқақ  
бейнеленген.  Фольклорда    қазақ    әйелінің  асқан  салтанаты,  ке-
рім кербездігі өз көркемдігімен  кеңінен орын  алған. 


 
132 
«Ер Тарғын» жырындағы: 
 «...Бұқар барсаң қолаң  бар, 
Қолаңды  көр де шашым көр.»  
«Тал  бойының міні жоқ, қолаң  шашты, 
 Шашының ұзындығы  ізін басты.» («Қозы Көрпеш – Баян 
сұлу.» жыры) 
Бүгінгі таңда әйел затының  жан  дүниесінің, психология-
сының, тіпті  сыртқы түр-тұлғасының  өзгеруі  заман  ағымынан 
туындап  отыр.    Жазушы  адам  бойындағы  әлеуметтік,  психоло-
гиялық  өзгерістердің  уақыт пен заман дамуынан туындап оты-
ратынын  да  естен  шығармайды.  Құрбысының    «Бұрымыңды  
кескенің – жаңа өмірге келгенің», – дегені де сондықтан  шығар. 
Жазушы қазіргі зымыран уақыт, жаппай урбанизация әйел 
жанына  дақ  түсірмесе  екен  деп;  қоғамдық  қарым-қатынастар-
дың, әлеуметтік ахуалымыздың көптеген көлеңкелі жақтарынан 
туындайтын  біртұтас  проблемалар  жағдайында  тұрмыс-тірші-
лігінің оңай еместігіне қарамастан әйел қашанда әйелдік қасие-
тінен, төл табиғатынан ажырамаса екен деп алаңдайтындай. Біз-
діңше,  өз  дүниетанымында,  мінез  болмысында  лирик-романтик 
жазушының бұл әңгімесінде өмір-болмыс бейнесі авторлық «ме-
німен»  үндесіп,  әрі  қым-қуыт  қақтығыстарға  түсе  бейнеленеді. 
Оның  кейіпкері  сырт  қарағанда  төрт  құбыласы  тең  көрінгені-
мен, жан дауасын таппай жүрген жан. Автор-кейіпкердің  жал-
ғыздығы  бір  өлшемге  сыймайды.  Бұл  орайда  жан  жалғыздығы 
деген ұғым  турасында ой қозғаған орынды. Жазушы  ұғымында  
Бұрымды қыздың жалғыздығы, жан жалғыздығы деген тым күр-
делі    нәрсе.  Жалғыздық  тек  демографиялық  себептерден  туын-
дап отырған проблема емес, жеке адамның, индивидуумның өзі-
не  де  тікелей    байланысты  жайт.  Тең  құрбыларының  алды  бо-
лып, өз ерекшелігі өзінде  іштей жүдеп-жадаған Бұрымды  қыз-
дың мұңайатын мұңы да өзгеше. Сырт  жұртқа  таңсық көрінетін  
бұрымынан    құтыла  алмай    әлек.  Әрбір  түні  өз  бұрымынан  өзі 
үрейленген азапты өзінен басқа адам баласы  білмейді де түсін-
бейді. Сұңғыла қыз ешкімнің тағдырын қайталағысы да, біреуге 
кестіріп өзге  жанды  бұрымының наласына қалдырғысы да кел-
мейді. Іштен тынып,  жан далбаса күй кешкен  кейіпкерінің  ру-
хани әлемін, сезім сергелдеңін, жан жалғыздығынның психоло-


 
133 
гиялық  астарын  ашуға  автор  барын  салғандай.  Жазушы  кейіп-
кері  ақылы,  білімі,  көркі    ешкімнен  кем  емес  Бұрымды  қыз  – 
тұрмыс  тауқыметінен  гөрі  жан  жалғыздығынан  жүдеп  жүрген  
жан. Ол осы бір  өзіне ғана мәлім, өзіне  ғана көрінетін, өзі  ғана  
білетін    қапасты    бұзғысы  келеді.  Бірақ    бұза  алмайды.  Себебі 
неде? Ол неге жарым көңіл? Оған не жетіспейді? 
Ол соңғы рет айна алдында бұрымын желке тұсынан шорт 
кеспекші  болғанында  бұрымы  әлде  қоштасқандай,  әлде  күрсін-
гендей    қолына  ырық  бермей  бұлғақтап    кетті  дейді  автор.  Бұ-
рымды қыз жылап отырып, өзінің бұрымын қимайтынын түсін-
генін кейіпкерінің жан-сезімі
 
арқылы жазушы шебер бере білген. 
Г.Шойбекова  адам  жанының  тазалық,  адамдық,  адамгер-
шілік  бұлақ    бастауын  драмалық  шағын  ситуацияларда  ашуға 
бейім. Ол бұл туындысында мораль  тақырыбына батыл  барады, 
өзінше түйін жасауға талпынады.
 
Әсіресе,
 
әйел тағдырына,
  
әйел-
дің  жан  дүниесіне,  сезім    иірімдеріне,    әйел  және    әлеуметтік 
орта байланысына көп үңіледі, бұл ретте айтар ойы да  жоқ емес. 
Өмірі  қиындау,  жан  азабы  молдау  Бұрымды  қыздың  жан 
азабынан қалай  құтылудың амалын таппай шарқ ұрған, тағды-
рына  мойын    ұсынған    автор-кейіпкерінің  өмірінің  шындығын 
ішкі жан дүниесін  қазбалай  отырып  ден қойғызады. Әрі ата-
анаға  деген  сенім-құрметін  өз  жан  азабынынан,  болашағынан 
жоғары қойып отырған қыздың сұңғыла сезімталдығын аңдата-
ды. Жап-жас қыздың бойындағы адамгершілік қажыр-күш туып-
өскен отбасынан, ұлттық дәстүр әліппесінен бастау алған. Абай 
«Ойлы    жанға  бақыт  жоқ  бұл  жалғанда»  дегенде  үй-ішілік,  аз 
ғана  топтың бақытын айтпаған болар. Тағдыр  тәлкегінен қор-
қып емес,  әке қабағына қарап  құрақ ұшатын, өйткені бақыт де-
геніміз – айналадағы адамдардың жарқын жүзі, қуанышы екенін 
бұлжымас  қағида  етіп  өскен  Бұрымды  қыздың    шыдамдылы-
ғына,  төзіміне  иланасыз. 
Өз таным-түсінігі, өз шындығы бар  бұл кейіпкер алғашқы 
планға  өзін    қояды.  Яғни  дүниедегі    өз  тағдырының    ең  негізгі 
нүктесі де, тағдырының  түйіншегін шешуші де – бұрымды қыз-
дың өзі. Бұл шығармада кейіпкер мен автор позициясы үнемі бір 
жерден  шығып  отырады  да,  автор  өмірдің  өміршеңдігін, 


 
134 
былайша    айтқанда  өмірдің  қарапайым  заңдылықтарын  ескере 
бермейтіндей.  
Автор-кейіпкер өз басындағы оқиғаны жай қадағалап жет-
кізіп  беруші  сияқты    көрінеді  де,  қорытынды-түйінді  оқырман-
ның еншісіне қалдырады. 
Жазушы    бұрымды    қыздың    санасындағы    эволюцияны, 
оның  жан сұлулығын, сұңғылалығын, жан  жарасымының  күр-
делі психологиясын тап басуға ұмтылған. Автордың  айтпағы әр  
әйел  заты шашын  қияр  алдында өз  кейіпкеріндей  қиналып, өз  
тағдырына  жауапкершілікпен    қарайтын    болса,  Бұрымды  қыз-
дардың  қатары   көбейген болар еді  деген ой. 
Қорыта келгенде  қыздың  өз  бұрымының  өзіне жауығып, 
оңашада қылғындыруы, бірақ халықтық қағида мен тыйым құн-
дағында  өскен  қыздың  ата-ана  ұлағатын    бұзбай    жан  азабына 
түсуі  оқырманды  ойға  жетелейді.  Шағын  ғана  шымыр  сюжетті 
әңгіменің  күрделілігі  жеке  адамның  өз  болмысындағы  өзгеше-
ліктің сыртқы ортамен үйлесімін ашу. Автордың айтпағы: Жеке 
адамның өзі – қайшылығы мол тұтас бір әлем. Ал оның айнала-
сының (ата-ана, бауыр, ел-жұрт, ұлт) мүддесімен сәйкестігі оңай 
келетін қасиет емес екендігін меңзеу.  
 Г.Шойбекованың  «Бүйрек»  әңгімесінің  көркемдік  әлемін 
тану үшін көркем антропологиялық  ізденістер  арқылы  шешім 
табуға  тура келеді. 
«Бір    бүйрегің    бұрып    тұр  ма?»,  «...Бүйрегім    бүлк    ете  
қалды...»  «...безбүйрек    екенсің»,    «бүйрек  бет»  деп  қазақ    ата-
мыз  тегін  айтпаған. Бүйрекке  қазақ   сонша   мән  беруінде  аса  
маңызы  бар екен. Оның себебін Г.Шойбекова  өзінің «Бүйрек»  
әңгімесінде ашып  көрсетуге  тырысқан. 
Қауан  атты  үлкен кісінің  оң жақ бүйрегін толық  ауыс-
тырмаса  өміріне  қауіп  төніп  тұрғанын  ескертеді  дәрігерлер.                      
30  мың  юань  тұратын  бір    бүйрегінің  ақшасын    туған-туыс  
ағайындары  жинап береді. 
Біздің  еліміздегі бүйрек алмастыру  операциясының  жаса-
лып  жүргеніне  жиырма  жылдан  асты.  Алайда  бүйрек  транс-
плантациясына  қатысты түйін әлі шешімін таппай келеді.«...Гәп 
заңда емес, адамдарда. Нақтырақ айтсам, операцияны қажет ете-
тін қанша баланың ата-анасына «бүйрегіңізді балаңызға беріңіз» 


 
135 
деп ұсыныс жасаймыз, ешкім келіспейді бір бүйрекпен де өмір 
сүруге болады. Алайда ешкімнің бүйрегін баласына бергісі жоқ. 
Жиырма  жылдың  ішінде    бүйрегін    баласына  берген  бір  ғана  
әкені  көрдім. Сенесіз бе  жиырма  жылдың ішінде бір ғана  оқи-
ға. Былтыр бар-жоғы үш балаға ғана операция жасалды. Олар  – 
донорлықтан  алынған  ағзаны  өздеріне  ауыстыруға  кезекте  тұр-
ғандар. Қазіргі кезде 1500-ден астам бала кезекте тұр. Донор қай 
кезде  болады,  операция  қашан    жасалады  –  ол  бір  Аллаға  аян. 
Бір  әйел  «баламның  бүйрегіне  трансплатанция  жасауға    көмек-
тесіңіздер» деп депутаттарға хат жазыпты. Депутаттар ол хатты  
Денсаулық  сақтау  министрлігіне  қарауға  жіберді. Министрлік 
хатты бізге тапсырды. Ал, біздің  қолымыздан  не келеді. Донор 
жоқ қой. «Бір бүйрегіңді берші балаңа. Балаңды   емдеп  шыға-
рар едік», – дедім ол әйелге. Ал ол  үзілді-кесілді  бас  тартты. 
Қысқасы, бар кілтипан заңда емес, адамдардың түйсігі мен  түсі-
нігіне  байланысты»  Аязбеков  Ермек  (республикалық  «Ақсай» 
клиникалық балалар ауруханасының  директоры).  
Бұл өмір  шындығы, ал Г.Шойбекованың  көркемдік  шын-
дығы  мүлдем  бөлек. 
Шығармадағы  өрбитін  оқиға    желісін  автор    осы    шағын  
диалогқа  салмақ  сала  дамытады. Кейіпкерге  бүйрегін беретін  
адам – өлім  жазасына  кесілген  қылмыскер. Мұндай  жаза  ал-
ған  адамдар қандары  сәйкес  келіп, қажет еткен сырқаттар бол-
са кез-келген мүшесін  беруге саналы түрде  келіседі екен.  Бұл 
олардың қылмыскер  болса да отбасының, туыстарының алдын-
да  өтей  алмаған  борышынан,  жаупкершілігінен    туындаса    ке-
рек.  Ең  болмаса  өлер  шағымда  жақындарыма  бір  пайдам  тисе 
дейтін  болар.  Өйткені  төленетін  ақшаның    көп  мөлшері  оның 
белгілеп кеткен адамына  беріледі  екен. Бір  қарағанда  жазушы  
оқырман  назарын  қасақана (әдейі) бүйректің  иесіне  аударып  
отырған тәрізді  болып  көрінеді. 
Бар    мәселе  қылмыскердің    бүйрегінде  деп,    ол    бүйрек  
өзінің  жаңа  иесіне не берер екен,  ары  қарай  не болар екен деп 
қызықтырып,  бір    жіптің  ұшығын    шығарып  қойғанмен,    оқиға  
желісі    мүлдем  басқа    арнамен    кетеді.    Сонымен  белгіленген 
күні  қытай  жігітінің  бір бүйрегі Қауан  атты  ағамызға  ауыс-


 
136 
тырылып  салынды. Бірнеше күн  екі  өмірдің арасында  жатқан  
Қауанның  халі бірте-бірте бері қарап, ауруханадан да  шығады.  
Автор кейіпкерінің   ауруханада  қимас заты  қалып бара 
жатқандай  психологиялық көңіл-күйін  шеберлікпен жеткізген. 
Әңгімені  бірінші  жақтан  баяндап  отырған  автор-кейіпкері  
Қауан ағасының  мына ісін  неге жорырын білмей басы қатады. 
Ғашық  болып  қалған  екен дейін десе, ағасы  ауру-сырқауымыз 
бір  болған  соң,  әңгімеміз  жарасып,  бауыр  басып  қалдық    деп 
тойтарып тастайды.- 
Ауылына келіп, аман-есен  бала-шағасымен табысқан  аға-
сы  бір  айдан  соң  інісін  оңашалап    шақырып  алып,  өткендегі  
қытай  келіншектің  бір хабарын біліп  келуге  өтініш жасайды.  
Шытырман  ойдың  жетегінде  жүрсе  де  ағасының    сөзін  
жерге тастамай, қалаға  келіп, қытай  келіншекке  ағасының  жа-
зып берген  хатын береді. 
Автор – кейіпкер ағасымен қатар мына қытай келіншектің 
ықылас-ынтасы  мен  қылығына  таң  қалады.Ауруханадағы    аз-
ғантай  уақытта осынша  махаббатқа ие  болып, екеуі де бір-бірі-
не құлай ғашық  болуы  мүмкін бе? – деп кейіпкер өзіне-өзі сұ-
рақ қойып,  ол  сұрағына  жауап  таба  алмай  қиналады.Жазушы  
кейіпкерінің  басындағы  қызығушылығынан  таң  қалуы  басым  
психологиялық көңіл-күйін ағасы мен інісінің  арасындағы  диа-
логтар  арқылы  шебер  бере білген. 
« Білмеймін, қалқам, білмеймін. Бұл сұрақтарыңды өзіме-
өзім талай қойдым. Бірақ  жауап таба алмадым. Оны  ойлағанда 
жаным  қиналады.  Бәрін    тастап  соның    жанында    өмір  сүргім 
келеді. Не істеймін? Ақыл  қосшы. Оны көргім келеді, сөйлескім 
келеді.» - деп, ағасы  ауруханада  танысқандығын, бірін-бірі ал-
ғаш көргеннен өмір бойы бірге жүрген адамдардай тым жылы-
ұшырап амандасып, танысқандарын толқи отырып баяндап  бер-
ді  дейді автор. Екеуіне де  бір күнде операция  жасалыпты, күн  
өткен сайын  бірін-бірі  жақын  тартып, ұйықтар кезде  ғана  ай-
рылысып  жүрдік.  Айтылатын  әңгімеге  уақыт  жетпей  де  қала-
тындығын  автор  кейіпкерінің  басындағы түсініксіз жан толқу-
ын психологиялық дәлдікпен ағасы мен інісінің арсындағы  диа-
логтар  арқылы дәлелдейді. 


 
137 
«– Аға, мен сізге тіпті не айтарымды  білмеймін. Сонда сіз 
әйел, бала-шағаңызды тастап қытай келіншекке  үйленбексіз бе? 
–  Құдай  сақтасын, ондай  ойдан  аулақпын,  тіпті,  оны    құ-
шып-сүю
 
деген
 
еркектік
 
сезім  де
 
болған
 
емес.
 
Тек  көргім,  сөй-
лескім келеді. Көмектескім келеді». Жазушы  кейіп-керінің жа-
уабы  арқылы  өз  жұмбағын  алға  тартады. Кейіпкерлерін  бір-
біріне  сонша  ынтықтырып,  зарықтырып  қойғандағы мақсаты, 
айтпағы не  нәрсе? Кейіпкердің  өзі  айтып  отырғанындай әйел 
мен  еркектің  арасындағы    махаббат  болмаса,  сүйіспеншілік  се-
зімге орын жоқ болса, онда не? Суреткер  осындай  көп сұрақ-
тарға  жауабын бірден  жайып салмай, шым-шымдап,  біртіндеп  
шығарады. Кейіпкерін ақырын  ғана  тағы  бір  ситуацияға  са-
лып, ағасының  үйіне аяқ-астынан  қытай  келіншекті келтіру ар-
қылы одан әрі  оқырман   қызығушылығын  арттырады.  
Кездескен кезде ғашық жандардай бірін-бірі  іздеп, сағы-
нысып  көріскен  ұлты  бөлек екі  жанның бұл қылықтарын  қа-
лай    түсінерлерін  білмей  бала-шаға,  көрші-қолаң,  тіпті  Қауан 
ағамыздың әйелі бәрі аңтарылып,таңданып  тұрып  қалғандығын  
автор қарапайым да  табиғи  өріп шығарған.  
Қазақ  әйеліне  тән  әдеппен,  сыпайылықпен  ас-су  әкеліп, 
қазан көтеріп  құдайы  қонағын  күтетін дәстүрмен  Қауан аға-
мыздың  әйелі  күйеуін  іздеп келген  қытай  келіншегін  өз ша-
ма-шарқынша  күтуге  тырысты.  Жазушы  не  істеп    жүргендерін 
өздерін-өздері  түсініп-білмей  қиналған  екі  кейіпкердің  жағ-
дайын  және  оларды  түсінбей,  олардың    қарым-қатынасын  неге  
жорырын  білмей  дағдарған жұрттың өсегі мен  қызыл сөзінен  
ағасын  арашалап  алмақшы  болған  інісі екеуіне операция жа-
саған  дәрігерлермен кездеседі. 
«–  Бұған  таңданатын,    ренжитін,  тіпті  қорқудың  да  жөні  
жоқ. Бұл  болуға    тиісті нәрсе.    Өйткені    екеуіне   бір    адамның  
бүйрегі салынған. Ли Хуанға  сол  бүйрек,  Қауанға оң бүйрек.  
Екі  бүйрек  бір-бірін  міндетті    түрде  іздейді.  Қорықпаңыздар, 
олар  ешқандай  махаббат,  интимдік    қарым-қатынас    іздемейді. 
Бір-бірін  көріп  тұрса  болғаны.»  
Автордың ұсынып отырған  жұмбағының  түйінін шығар-
масының  соңында  бір-ақ  шешеді.  Автордың  айтпағы  кейіпкер-
лерінің  қарым-қатынасын  махаббатқа  жорып, тым  келте қайыр-


 
138 
май, адамдар арасында махаббаттан да биік  жақындық, табиғи  
туыстық  болатындығын  түсіндіріп, жеткізу.  
Жалпы  қазақ  прозасында  антропологиялық    ізденістердің  
орны    бөлек,  соның  ішінде  адам    ағзасына    байланысты,    дене  
мүшелері турасында  шығармалар  жоқтың -қасы, дегенмен   көп  
болмағанмен    біраз    туындылар  бар.  Адам  –  бір    жұмбақ  әлем  
десек,  оны құрайтын әрбір  дене  мүшелері – өз  алдына  таныл-
ма-ған планета сынды. 
Сонымен, осы қаламгердің  «Бүйрек» атты әңгімесі де қа-
лыпты  жағдайлардан  тыс  оқиға  үстіндегі  адам  болмысын  сы-
науға негізделген. Жоғарғы деңгейлі дамыған медицина,  қоғам 
өзгерістерінің жеке  адам   сезіміне  әсері  қандай  деген сұраққа 
жауап  іздейді.  Адам  бүйрегін    ауыстыру  тәжірбиесі  20  жыл 
бойы жүргізілгенмен бірде-бір ананың өз баласына  бүйрек бер-
меуі арқылы автор қоғамдағы қаталдықтың үстемдік алып, мейі-
рімнің  азаюын  тұспалдайды.  Сондай-ақ,  қаны  бөлек  қытай  мен 
қазақтың  бір  қытайдың  бүйрегін  салдырғандықтан,  бір  адам  
бүйректерінің  екі  түрлі  ағзада   өмір  сүрсе де  бірін-бірі  іздеуі  
екі бөтен  болмысты  туыстастыруы  қызықты әңгімеленеді. Әң-
гімеден шығатын түйін: тағы да Адам болмысының бір туар да-
ралығы,  қайталанбас  қасиеті  оған  болмыстан  тыс  әсер  етудің   
залалды зардабын  көркем  зерделеу. 
М.Балмолданың  «Көшпендінің  жүрегі»  атты    әңгімесінде 
жасы  қырық тоғыздағы Англияның атақты миллиардері,  темекі  
өндірісінің  қожасы    –  Сэмнің  жүрегі  тозып  біткен  деп,  шұғыл 
ауыстырмаса, басқа амалы  жоқ − дейді  Қытай  дәрігерлері. 
«– Сэмді Сэм қылып тұрғанның бәрі өзгермесін! Таяқпен 
ас жегіштерге керегі жүрегім ғой? Солай  ұйғарсаңдар, келісем, 
келіспей  қайтем?  Өлгім  жоқ.  Жүрек  деген  минутына  пәленше 
рет соғып тұрған бір кесек ет емес пе? 

 
Қайталап  айтам.  Әлгі  білгіштерің  бітіміме  тиіспесін! 
Кейін өзімді-өзім тани алмай жүрмейін. Оларға менен керегі бір 
кесек ет пе, алсын.» − деп, автор  «Бизнесім» деп күбірлеп жат-
қан кейіпкерін «Маған кімнің  жүрегін салмақшы?»− демей ме, 
«Насос  құсаған  бір  кесек  ет  дейді»−деп,    жазғырғандай    ойын   
оқиғаны ары  қарай  ширата отырып  жеткізеді. 


 
139 
 Ағза ауыстыруға машықтанған қытайлық дәрігерлер қар-
жысы қомақты операцияға барын салды. Аз күнде сырқат оңал-
ды. Мінезі сынып, сабырлы қалыпқа еніпті. Күйіп-піспе, өзінен 
өзгені  білмейтін  адамның  бойындағы  бұл  құбылысты  бәрі  опе-
рациядан  кейінгі  ахуалға  жорып    қояды.  Бүйрегін  ауыстырған 
қытай  баласына  мейірленіп,  өткен-кеткенге  сәлемдескеніне  қа-
рап, «Таяқпен ас жегіштер, құрып кеткірлер» деп паңданып оты-
ратын Сэмнің  ішінде шынымен де  адам түсінбес үлкен  төңке-
ріс  болғанына оқырманның көзі кәміл жете  бастағандай. 
«–  Том,  үстіңнен  шылым  иісінің  мүңкуін-ай,  өзің  дәрігер 
бола  тұра,  жаныңа  жаумен  доссың.  Ақыл-есті  адам  никотинге 
осыншама құмар  болады ма екен?»  деп досының темекі тарта-
тынын да жақтырмай  қалады. Лондонда жүргенде семіз сигара-
ны  езуіне  қыстырып,  көк  түтінін  құшырлана  сорып,  аяғын    үс-
телге айқастыра асып жіберіп, керіле шалқаятын, білдей темекі 
компаниясының  қожайыны  Сэм  Дальтонның    аузынан  шығар 
сөз бе  бұл?  
Жазушы  Сэмнің    досының  Томның  Лондонмен  хабарла-
сып, бұлар жоқта табыс  мөлшерінің өскенін рахаттанып тұрып 
әңгімелемек еді, баламен бала болып  тұрған «Жаңа Сэмге» оның  
бәрі  қағаздан  жасалған  құс  құрлы жоқтығын өте  әдемі деталь-
мен  келтірген.  
Суреткер   әуедегі  екі  кейіпкердің  екі  түрлі  танымы мен  
болмысын    ақша    бұлттар    деталін    беру    арқылы    жеткізген. 
Ақша  бұлтты    Сэм    қазақтың    кең    сахарасындай    қабылдаса, 
Томның  көзіне  тек  қана ақша бейнесі  көлбеңдейді. Осы ша-
ғын деталь арқылы  автор қасындағы серігі  Томнан   болмысы 
асып түспесе, кем емес кешегі темекі компаниясының  қожайы-
нының болмысы табиғи түрде өзгеріске ұшырағанын шым-шым-
дап суреттейді.  
Автор    екі  түрлі  орта,  екі    елдің  табиғи    өзгешелігін  екі  
түрлі  кеңістікте  психологиялық  салыстырумен  бейнелеген. 
Сэмнің темекі қорабындай  қалқиып тұрған кеңсесі мен онда ақ-
шадан  басқаны  білмейтін  түтін-пенделердің  отырғанын,  бір  са-
рынмен ғұмыры  тек ақша деп  өткізіп келгенін түсінген  автор-
дың бас  кейіпкері  темекі шығаруды доғарып, ойыншықпен ай-
налысамыз деп  шешім  қабылдайды. Яғни суреткер  тағы да  те-


 
140 
мекі мен  ойыншықты  бір-біріне  қарама-қарсы  антитеза  түрін-
де    алып  отыр.  Шағын  топ  Қазақстанға  аттанып,    біраз  күннен 
соң  олар  Лондонға  Сэмсіз  оралды.    Істің  мән-жайын    қаламгер 
Сэмнің  жан  жары  Шарлотта  мен    Томның  арасындағы    диалог 
арқылы  ашады: 

 
Ағылшынға тән  салқынқандылығы демде өшіп, өмірін-
де  бірінші  рет  көріп  тұрған  қазақтармен  туғанындай  шұрқыра-
сып, тез түсінісіп кетті емес пе? 

 
Қойшы,  қайдағыны  соқпай?  Түрі  де  соларға  ұқсап  кет-
кен бе? 

 
Сэмнің  түр-түсі  жүз  пайыз  бұрынғысы.  Ағылшынмын 
деп  айғайлап-ақ    тұр.  Мен  ішін,  іші  мен  ісін  айтам,  ол  мүлдем 
жаңа адамға айналды.» 
Сонымен  шығарманың фабуласын  құрап  келген  жүрек-
тің иесі  – қазақ  жігіті Семсер Дәуіт. Атажұртын аңсап жүрген 
Қытайдағы  көп  қазақтың    бір  ұрпағы,  көлік  апатына  ұшырып, 
ауруханада бауыр, бүйрек, жүрек  тәрізді адам ағзасына мұқтаж 
балалардың барын естіп-біліп, өз еркімен  тегін  донор  болады. 
(өлгеннен  кейін)  Ауруханада  Сэмнің  дос  болған  қытайлық  ба-
лаға да Семсердің  бір бүйрегі  бұйырыпты.  «Бір бүйрегін  бұ-
рып тұр ма?» деп қазақ  тегін  айтпағандай, осындай сюжет же-
лісін жоғарыда  қарастырып кеткен Г.Шойбекованың  «Бүйрек» 
әңгімесінен де  байқаған болатынбыз. 
«– Жүрекке  әмір жүрмейді» деген осы». Және қандай жү-
рек? Қазақтың жүрегі... Білдей темекі компаниясының иесін, әй-
гілі  миллиардерді  алды-артына  қаратпай  өзінің  ғажапстанына 
алды да кетті.» Автор  шағын  әңгімесін  осылай  аяқтап отыр. 
Суреткер  пайымында:  Ағылшын миллиардерінің  өмірін басқа 
арнаға  бұрып,  өзгеріске    ұшырауының  себебі    де    –  «бір  кесек 
ет» − жүрек екен.  Жүрек болғанда басқа  біреудің  емес, атажұр-
тын  аңсаған  қазақтың  жүрегі. Сол «бір кесек  еттің» арқасында 
көзі    тірісінде    арман  болған    туған  елі  мен    жеріне    өлгеннен 
кейін де  өзінің атажұртына  деген  махаббатқа, сағынышқа толы 
үлкен жүрегі Сэмді  дедек  қақтырып алып  жетіп отыр. 
М.Балмолданың бұл туындысы антропологиялық ерекше-
лікпен жазылған басқа шығармалардан  басты айырмасы –  жү-
ректі  көркемдік  деталь ретінде ала отырып, символдық  рәмізге 


 
141 
айналдыра  білуінде. Ұлтық идея мен мүддеге, қазақы танымға  
әңгіме  өзегін  құруында деп  атап  өтер едік. 
  Сонымен, қазіргі қазақ прозасындағы көркем антрополо-
гиялық ерекшеліктерге тоқталғанда  қазақ қызының бұрымынан 
бастап, жүрек пен бүйрек турасында жазылған әңгімелерге тоқ-
талып өттік.  
Жоғарыда    талданған    шығармаларға    қосымша    түрде  
Г.Шойбекованың  «Ұлтабар»  атты  повесіне  тоқталып  кетпекпіз. 
«Бұл  қазақтың  да  қоймайтын  аты  жоқ.  Сөз  таппай  қалғандай 
«ұлтабары»  несі?!  Қайдағы-жайдағы  жоқ  «ұлтабар».  Ауылдағы 
шешелеріміз  мал  сойылып,  сыбаға  таратқанда  жас  келіндерге 
ұлтабар  беріп  жататын.  «Құлдық»  деп  олар  да  қағып  алатын. 
Содан  бәрінің  ұлды  болып  кеткенін  де  көрмедім.  Ертеден  келе 
жатқаннан  ырым  болғаннан  кейін  пайдасы  тисін-тимесін, 
мағынасын түсінсін-түсінбесін жасай береді де. Ал, «қыз табар» 
десе,  немесе  «егіз  табар»  десе  қайтеді  екен?  Жоқ,  «ұлтабар». 
«Ұлтабар» жеген келіндердің  бәрі ұл тауып па? Оны кім зерт-
тепті. Қанша  ұлтабар жесе де қыз да таба алмай жүргендер бар 
ғой»,−деп автор қазақы танымымыздағы  ұлтабарға аса мән бере 
отырып,  сюжет  желісін  құрайды.  Ұлтабар    жемеген    әйел  заты 
бар ма екен деп сауал қоя отырып, осы ағзаны болашақ аналарға 
жегізуде не сыр барлығын, қазақтың ырымының астарында нен-
дей жұмбақ құпия жатқандығының жауабын автор мен кейіпкері 
ғылыми медицинадан іздейді. Қазақтың  ертеден  оның атқара-
тын қызметін, пайдасын білгеннен кейін солай атап, ырым етіп 
қалдырған.  
Қаламгер ұлтабарды көркемдік деталь ретінде ала отырып, 
болашақ ұрпақтың рәмізіне  айналдырып отыр. Әңгіменің ішін-
дегі  дәрігердің  әңгімесі  арқылы  ертедегі,  ғылым-білім  дамыма-
ған ықылым заманда дәлелдеп қалдырып кеткен мұраларын әлі 
күнге дейін пайдалана алмай келе жатқандығымызды меңзейді. 
Бүкіл  ғылым  өзіміздің  әдет-ғұрып,  салт-дәстүрімізде  тұрса  да, 
өзгеден  іздеп  адасуымызды  да  ақырын  ғана  ишаратпен  ұқтыр-
ғандай. Ырымды білген қазақтың, оның  шығу тегін, бүгінгі күн-
ге пайдасын ұмыт қалдырып жатқанымыз еске салғандай.  


 
142 
Ал автордың кейіпкері  күндіз-түні осы ұлтабарды ойлап, 
оның  орысша  баламасын  іздеуден  бастап,  ұлтабардың  бала  кө-
теруге тигізер көмегін ойлап сарсылып жүр. 
«Кенет  олар  әйел  жатырындағы  онкологиялық  ісіктердің 
операция  кезінде  табылмай  қалатынын,  қашып  басқа  ағзаға 
емес,  тура  ұлтабарға  барып  жасырынатынын  айтып  қалды.  Ал 
ұлтабардағы  ісіктер жатырға... 
–  Ұлтабар  мен  жатырдың  қандай  байланысы  бар?  –  деп 
мен  жұлып алғандай сұрақ қойдым. – Ұлтабар – ас қорыту орга-
ны, ал жатыр жыныс  мүшесіне жатпай ма?! 
Білмейміз,–десті олар,–білмейміз,Алланың бір
 
құдіреті!..»  
Автордың  айтпағы  –  бұл  дүниеде  кездейсоқ  ештеңе  жоқ. 
Біздер кездейсоқтыққа балап жүргендеріміздің барлығын біз дү-
ниеге  келмей  жатып  бір  Құдірет  бағдарламасын  жасап  қойған. 
Өз  қалауымызбен  өмір  сүріп  жүрміз  дегеннің  өзінде  сол  Құді-
реттің  шеңберінің  ішінде  сол  Құдіреттің  қалауымен  өмір  сүре-
міз. 
Қорыта  келгенде,  қазіргі  қазақ  прозазындағы  көркем  
антропологиялық  ерекшеліктері алуан қырынан байқалады. Жо-
ғарыда  тоқталып  өткен  әңгімелердің  ішінде  Г.Шойбекованың 
«Бұрым»,  М.Балмолданың  «Көшпендінің  жүрегі»  атты  әңгіме-
лері  қазақ  қызы мен ата  жұртын  аңсап өткен қазақ  жігітінің 
рухы  мықты  қазақы  танымын  штрих-детальдармен  көрсетуге  
ұмтылса,  «Бүйрек»,  «Ұлтабар»  атты  екінші  бір  шығармаларда 
адам  жаратылысының  құпия қалтарысын ашуға  ұмтылыс жа-
салған. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет