Г. С. Балтабаева Тәуелсіздік кезеңіндегі



Pdf көрінісі
бет17/47
Дата19.12.2021
өлшемі1,57 Mb.
#103325
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   47
Байланысты:
baltabaeva g tuelsizdik kezenindegi kazak prozasy
ҚАЗІРГІ-ҚАЗАҚ-ӘДЕБИЕТІ-конвертирован, my planner kony study
қызғылт,  қызыл
 
екені, суық мұздың түсі 
көкшіл, жасыл, қаракөк
 екені түсінікті. 
Бірақ  табиғаттағы түр-түстердің барлығы әр уақытта да бір зат-
тың,    құбылыстың  түр-түсін,  өң-реңкін,  сыртқы  сипатын  ғана 
анықтаумен  шектелмейді.  Сонымен  қатар  түр-түс  атауларының 
мүлдем түр-түске қатысы жоқ немесе одан мағынасы тым алыс 
ұғым-түсініктерді білдіре алатыны белгілі. Басқа халықтардағы-
дай  
қазақ халқы үшін де әлем екі түске  – ақ пен қараға бөлін-
ген.
  Оның  бірі 
ақ  түс
  –  күллі  игі  жақсы  қасиеттер  иесі  болса, 
қара түс
 – жамандық біткеннің белгісіне ие. Бұл түсінік халық 
санасына  терең  ұялап,  оның  тілі  мен  ойлау  жүйесінен  орын 
алған.  Сондықтан   
ақ  түс
  күні  бүгінге  дейін  жақсы  бастама 
атаулының бәрінен де табылады. Өйткені ол сұлулық әлемінің, 
адамгершілік  қасиеттерінің  біртұтас  жиынтығын  құрайды. 
Астарында қазақ халқының ғарыштық дүниетанымының ұлттық 
белгілері  жатқан  табиғат  құбылыстары  мен  жан-жануарлардың 
түр-түстік символикасына қазақтар үлкен мән берген, халықтың 
ұғымында ақ, қара түстердің де қасиеті ерекше. 
Сондай-ақ, тілімізде осы сөзбен кездесетін сөздер мен сөз 
тіркестерінде 
алаш,  аласапыран,  алай-түлей,  алапат 
т.б.  жер 
жүзі,  жер  беті,  тіршілік,  өмір  сүру,  күресу,  мифтік  таныммен 
айтқанда орта дүниеліктің белгісі бар екендігін айта кету керек. 
Себебі жер бетінің белгісі ала түспен белгіленеді.  
 
Кесте 1– Төрткүл дүниенің түр-түстік сипаты 
 
Түр-түс 
 
Ғаламның 
мифтік моделі  
Сипаттамасы 
Ақ түс 
Жоғары дүние 
Тәңірілердің  мекені,  мәңгілік  өмір 
не тазалық пен пәктіктің белгісі 
Ала түс 
Ортаңғы 
әлем, 
жер беті 
Жоғары,  төмен  дүние    арасын-
дағы  медиатор;  бойында  ақ  пен 
қараның,  жоғары  мен  төменнің 
сипаты  мен  қасиеті  бар;  тұрақ-
ты сипаты жоқ, ақ та емес, қара 
да емес. 
Қара түс 
Төменгі  әлем,  су, 
жер асты, қараң-
ғылық. 
Төменгі  дүние, зұлымдық ордасы; 
өлім, о дүние 


 
94 
Қазақ  халқының  дүниетанымында,  рухани  мәдениетінде 
қалыптасқан  ұғым-түсініктерге  сүйене  отырып,  қазақ  тіліндегі 
ақ 
сөзінің      қолданысына  қарай  бірнеше  тілдік  таңбалық    топ-
тарға бөлуге болады. 
 
Кесте 2
 -
 Ақ түсінің мағыналық топтары 
 
 
 
 
Ақ 
Тазалықтың белгісі ( ақ босаға, ақ отау, ақ бесік т.б.) 
Сұлулықтың белгісі (ақ тамақ, ақ дидар, ақша бет т.б.) 
Үлкендіктің белгісі( ақ сақал, ақ бас, ақ қас т.б.) 
Қасиеттіліктің белгісі(ақ сүт, ақ ана ақ шаш т.б.) 
Қуаныштың белгісі (ақ күн, «ақ сарбас» т..б) 
Адалдықтың белгісі (ақ жол, ақ ниет, ақ бата т.б.) 
     
   
«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» қара сөзінің мағына-
сына  қатысты  берілген  сөздерден 
түстік,    белгісіздік,  қайғы-
уайым, қатыгездік, киелілік, қасиеттілік, қарапайымдылық
  ма-
ғыналарын тануға болады. Бұл мағыналар қара сөзінің ұғымдық 
нышандық, яғни таңбалық белгісін де білдіріп тұр. 
Қара 
сөзінің 
тура  мағынасы  – 
«ақтың  қарама-қарсы  түрі».

Қара 
сөзінің 
ауыспалы коннотативтік мағынасы оның номинативтік мағына-
сына қарағанда әлдеқайда көп: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет