Г. С. Балтабаева Тәуелсіздік кезеңіндегі



Pdf көрінісі
бет13/47
Дата19.12.2021
өлшемі1,57 Mb.
#103325
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   47
Байланысты:
baltabaeva g tuelsizdik kezenindegi kazak prozasy
ҚАЗІРГІ-ҚАЗАҚ-ӘДЕБИЕТІ-конвертирован, my planner kony study
аманат  әңгіме
  
деп пайымдауға толық негіз бар. 
М.Мағауиннің  «Қасқыр  –  Бөрі»  әңгімесіндегі  талданып 
өткен «...бөрінің орнына қасқыр келді, кешегі бөрі – бүгінгі қас-
қыр, абыройсыз істің бәрі қасқырға телінді..» дейтін сөйлем үл-
кен  символикалық  жүк  көтеріп  тұр.  М.Мағауиннің    бұл  туын-
дысы  жай  ғана  шағын  әңгіме  емес,  рухтың  құйындысы,  елдің 
елдігі үшін жұлысып, талай-талай қанды ұрыстарды басынан өт-
керіп,  сонау  заманның  жан  шыңырауынан  естілген  Бөрі  баба-
лардың  зары  бұл. Құлдықтың  қамытынан  құтыла  алмаған  қара 
тобырдың  бүгінгі  лас  тірлігіне  күшті  қарсылықты  туғызу  үшін 
қаламгер  Бөрінің образына еніп сөйлейді. Қазақтың рухына жа-
салып жатқан қастандықпен көк бөріше арпалысып, өмірін жау-
гершілікте өткізген бабаларының асқақ рухын аңсап аспанға көк 
бөрідей  қарап  зарлайды.  «Көк  бөрідей  айбатты  бабалардың  мі-
незі өліп, халық тобырға айналса, елдің сенім артқан зиялылары 
биліктің  жуындысын  ішкенге  мәз  болып,  құл-құтанға  жанын 
сатса қазақтың рухы өледі.» деп  ой  тастайды  авторлық таным. 
Құлдары  көктегі  Құдайды  да  менсінбей  кекесінмен  қараған,  ел 
қамын жеген ерлерінің рухы адамгершілік, имандылық, әділетті-
лік  секілді  ізгі  ұғымдарды  ұмытқан  қара  тобырдың  табанының 
астында  тапталып,  екіжүзділік,  алаяқтық,  сатқындық  патшалық 
құрған бүгінгі  өмірдің шындығын  бұдан  артық қалай  суреттеп, 
жеткізуге болады. «Мен – ұлыған көк бөрісі даланың» деп  бү-
гінгі поэзияда С.Ақсұңқарұлы жырласа, бұл – халықтың көзінен 
жас  аққанда  жүрегінен  қан  болып  тамшылаған  жазушы 
М.Мағауиннің  ар-ожданының,  һәм  иманының  алдындағы  ақи-
қаты. 
Кешегі  көкжал  қасқыр  тұрпаты  еркін  де  азулы  елдің  ер-
лерінің заман Суреткер өз миссиясын орындау үшін өзінің ұста-
нымын, өз кредосын айқындап алуы шарт. М.Мағауин әу бастан 
Көк  Бөріні  өз  рухының  Жебеуші-Пірі  ретінде  таңдайды.  Көк  
Бөрі қаламгер  шығармашылығындағы жай ғана  метафора  емес, 
бағзыда  өткен  ер  де  жаужүрек  даңқты  бабалармен  байланысқа 
түсудің  тетігі.  Жазушы  өзінің  интуициясымен  өз  керегін  дәл 
тапқан, рухтың қайнар көзін дөп басады. Көк Бөрі  – бабалары-
мыздың  тотемі  –  желеп-жебеушісі,  ешкімге  бас  имейтін  өр 


 
56 
Рухының  символы.  Халық  бодандыққа  түсіп,  өз  рухынан  адас-
қанда, қаламгер ғасырлар қойнауында жасырынған, әрбір қазақ-
тың  жүрегінде  шөгіп жатқан,  қанында бар, бірақ қазір керексіз 
болып қалтарыста қалған Бөрілік-Рухты шақырады. Бөрілік-Рух 
арқылы  тарихтың  бұралаң  соқпақтарында  бір  сәтке  қалғып  ке-
тіп, қасиетінен айырылып Бөрінің қасқырға айналған  Қазақтың 
рухын шақырады. 
Ж.Ахмадидің «Кие» әңгімесінде авторлық ой басқаша өр-
биді.  «Жұтсаң  шекеңнен  шығатын  суық  қайнардың  ішіне  үш 
бөлтірігін  қамап  жал-жотасы  күдірейген,  мойыны  бір  құшақ, 
құйрығы  жарымынан  жоқ,  шолақ  арлан  мен  ақшулан  қаншық 
күзетте тұр... Қыс кездерінде қыстауларды торып жүретін шолақ 
арланды  бұл  маңның  елі,  аңшылары  «Қызылшолақ»  атандыр-
ған»  деп  басталатын  әңгімеде  Қызылшолақты  аңшы  Адырқұл-
дың  күрең  тазысымен  қолға  тірідей  түсіріп  алуы  суреттеледі. 
Автордың  қасқырлар  өміріне,  өмірінің  сырына  қанық  екендігі 
шығарманы  оқу  барысында  қатты  аңғарылады.  Қасқырлардың 
тағылық өмірі, хайуанға тән іс әрекеттері кинопонорама тәрізді 
көз  алдыңыздан  дәлме-дәл,  қанық  бояулармен  өте  шығады. 
Оқырман  көркем  мәтін  оқып  емес,  кино  көріп  отырған  тәрізді 
әсерде қалады. «Жаз бойы жақын маңдағы «көршілердің» малы-
на тиіспей, ат жетпес алыстағы елдің қозы-лағын, Қызылшолақ 
пен ақшулан көбінесе бірлесіп тасыған.». Ауыл шетіндегі апан-
ды  қасқыр  бөлтіріктерімен  ұяласа,  елдің  көне  көз  қариялары 
оларға тиісуге, жақын баруға тиым салған. Өйткені бір бөлтірі-
гін  жазым  етсе  немесе  алып  кетсе  қасқырдың  арланы  мен 
қаншығы  ауыл  малына  маза  бермейтін  болған.  Ал  қасқырлар 
болса табиғаттың заңдылығы бойынша қанша аштан қалып бара 
жатса да жақын маңдағы елдің малына тиіспейтін болған. Өйт-
кені  қасқырлық,  қорқау  түйсікпен-ақ  жақын  ауылдың  тышқақ 
лағын алса да оның өтеуінде бөлтіріктерінің қаны тұрғандығын 
түсінген.  Шығармада  Қызылшолақтың  ұзақ  сонар  сөлкек  желі-
сіне  ілесе  алмай,  межелі  жаққа  жетпей-ақ  орта  жолдағы  елдің 
тобылғы түбінде ұйықтап адасып қалған бір қозысын бас салып 
өлтіріп  қойған  кезінде,  Қызылшолақ  секіріп  келіп  ашуланып, 
желкеден қапсыра қауып, анадай жерге бұраң еткізіп лақтырып 
тастаған. Сол күні өзі басқа жақтан бір қозыны мойнына салып 


 
57 
әкеліп әлгі тобылғының маңына тастап кете барған. Қызыл қозы 
орнына  сүйтіп  қара  қозы  төленіп,  шаруаның  бір  төлінің  орнын 
басқанымен,  оның  енесінің  бауыры  бос  қалғанын  хайуандық 
түйсікпен әрине білген жоқ. Қасқырлар дүниені кезіп жүреді де-
геніңізбен олардың өз нәсілінен тараған үйірлерінің белгілі ше-
каралық мекені болады. Мекен еткен таулары мен жем аулайтын 
қыстау үңгірлеріне шейін әр қайсы әулет көлем белгілеп алады. 
Бірінің аймағына бірі ешқашан аяқ басып бармайды. Жазатайым 
ауып келе қойса, жергілікті мекен иелері ана сырттан кезіп кеп 
қалған бөтен бөріні жабылып талайды. Тіпті бір жерінен қан кө-
рінсе  бітті,  жеп  те  қоятын  әдеттері  болады  екен.  Бір  кезде 
Қызылшолақ бекем-мекен етер жер шолып жүріп Көкшұңқырға 
тап келеді. Бірақ мұндағы кәртең көкжал бөріге апанын оп-оңай 
бере қоймайтын. Сол жолы Қызылшолақ құйрығының жарымы-
нан  айырылса  да,  бір  апанды  жалғыз  мекендеген  кәрі  арланды 
жылы ұясынан қуып шығып, қаңғыртып жіберген еді. 
Қызылшолақтың  бақытты  шағы  –  ақшуланмен  табысып, 
кіндігінен  ұя  өрбітіп,  Көкшұңқырдың  сай-саласын  шулата, 
ауыл-аула,  қарлы,  қарағанды  далада  тайды-тайдай,  қойды-қой-
дай  жусататын  айла-айбарға  толы  даңқты  күндер.  Ж.Ахмади 
қасқырдың батпақ суды паналап, із жоғалтатын ғажап қулығын, 
мал  атаулыны  не  шоңқитып,  не  домалатып  түсіретін,  ұйымда-
сып, қуғыншыны шатастыратын ептілік, кейде соңындағыларға 
қарсы шаба жаздайтын, қырындап төзімін тоздыратын қырқыл-
жыңдығы мен өрлігін романтикалық әрі экзотикалық өрнектер-
мен  кестелейді.Сөйткен  Қызылшолақ  –  табиғаттың  аясында  өз 
күшіктерін үйретіп жүрген кезінде қапыда қалып, қолға түседі. 
Қызылшолақ  мекенінен,  кең  көсіліп    шапқан  даласынан  айы-
рылды,  екі аяқты  пендеге тұтқын болды. 
Мақтан үшін тірідей елге көрсетпек болған, Адырқұл оны 
ұрмай-соқпай  атпен  сүйреп,  қылқындырып  жыққаннан  кейін 
аузын мықтап тұмылдырықтап, оның үстінен ноқта жасап ауыл-
ға  тыртыстыра  жетелеп  әкелген.  Осы  бойда  ашықтырып,  итке 
талатып, тазыларды ауыздандырып «көзіне көк шыбын үймеле-
тіп өлтірейін» деген Адырқұлдың жоспары панайы бір себеппен 
өзгеріп сала берді. Қора алдындағы тіреуге байлап қойып жұрт-
қа көрсеткенде, Қызылшолақтың үлкендігіне таңырқап, жаға ұс-


 
58 
тамаған адам қалған жоқ. Көзіне көрінген қасқыр атаулыны құт-
қарып көрмеген  кешегі күрең құмайға да шалдыртпай құтылға-
ны Жоңғар тауының біртуар арланы екендігінің айғағы болатын. 
Бір  кезде  Жоңғар  Алатауының  сонау  Көкшұңқыр  қойна-
уында  иен таудағы апанда «өзі би өзі қожа» болып, өмір сүрген 
Қызылшолақтың  хайуанаттар  бағының  тұтқыны  болып  тұрға-
нына жарты жылдай уақыт өткен. Автор хайуанаттар бағындағы 
қамауға түскен Қызылшолақтың іс-әрекетінің өзін өзгеше сурет-
теп кесек бейнелейді. М.Мағауиннің «кейінгі қасқыр – бұрынғы 
бөрідей бола алмады...» дегеніндей Қызылшолақ өзінің бөрі қал-
пын сақтап қалған – кейінгі қасқыр. Оны мынадан көруге бола-
ды.  Қызылшолақ  өзінің  тектілігін  көрсетіп,  хайуанаттарды  ба-
ғып-күтетіндердің берген тамағын кісі көзінше жемейді. Еті бар 
кесек сүйектерді алдына тастағанда оған көз қиығын ғана салып 
қойып,  мойнын  қырыс  бұрып  жатып  алады.  Жаратылысынан 
сонша ашқарақ жыртқыш әшейінде өлгенше күресуге бар тамақ 
үшін  басын  да  игісі  келмейді.  Автор  Қызылшолақтың  қайсар 
қиқарлығынан нағыз бөріге тән тектілікті көрсеткендей. 
«...Желтоқсанның  бас  кезінде  қолға  түскеннен бергі алты 
ай  уақыт  ішінде  жал-жотасындағы    күдірейген  қайратты  ұзын 
қылшықтарынан  басқа  жүндері  үрпиіңкі;  бүйір  тұстары  ұйпа-
ланған, тіпті бөксе жағы өлі жүнін тастап, түлей алмай жабағы-
ланған  арланның  көз  жанары  ғана  әлі  жасымағанын  білдіріп 
бал-бұл  жанады.  Ішкі  дүниесі  тұтқанда  екенін  мойындатпаған 
сияқты. Келген кісіге шоқтай жайнаған қызыл-сары көзін  жал-
ғыз рет тастап қадала қалады да, «е, сен байқұс екенсің ғой» де-
гендей  болып  қайта  назар  аудармай  қояды.  Қырыс,  қияс»  деп 
қасқыр мінезін  портрет арқылы берген жазушы Көкшұңқырдай 
көк  мұнар  тауын  аңсаған  көкжал  тұтқынның  қамауға  көнгісі 
келмей, тамағы тоқ болса да ыстық қамау жеп қойған арып-ар-
шыған  жабағы  түрі  –  табиғаттың  өз  таразы  өлшемі  бұзылған-
дықтан деп пайымдайды. Қызылшолақ бейнесі мен психология-
лық параллелизм тұрғысынан осы хайуанаттар бағындағы аңдар 
патшасы  деп  саналатын  арыстан  мен  жолбарыстардың  өзімен 
психологиялық паралеллизмен қатарластыра алады да бір-біріне 
антитеза формасымен қарсы қояды. Тіпті аң патшасының өзі еш 
нәрсемен ісі болмай,  «басқа  түссе  баспақшыл» деп бейғам бір 


 
59 
алдында жатқан сүйегін еріне қажап қойып, енді бірі қаннен қа-
персіз  бейқам  күн  кешіп  жатыр.  Арыстан  мен  жолбарыстың 
осында  туған  бейқам  маубас  марғаулары  ата-бабасынан  бері 
осында  өсіп,  осында  жасап  келе  жатқандай.  Әкесінің  асты-үс-
тіне шығып-түсіп ойнап жүрсе, ал қасқыр атаулының хайуанат-
тар бағында ұйығып, бөлтірік ертіп күшіктегенін көрген кісі бар 
ма екен деп автор сұрақ қояды. Ұрпағын қасіретке бөлегісі кел-
мегендіктен  бе,  әлде  кекшіл,  қайсарлығынан  ойынды  қойып, 
ұйығуға да қырыстана ма екен? 
«Цирк  әртістерінің  айтуынша,  цирк  өнеріне  қасқырдан 
басқа жыртқыш біткеннің бәрін де, тіпті аң патшысы арыстанды 
да, сонан кейінгі «атаман» жолбарысты да баулуға болады екен. 
Тек  қасқыр  ғана  адам  баласының  айтқанына  көніп,  айдауына 
жүрмей  қойыпты.  Расында  да,  қасқырды  көзін  ашып,  бауырын 
көтеріп  жарытпаған  бөлтірік  кезінен  асырап,  қолға  үйретуге 
ниеттенгендер  қазақ  арасында  да  ұшырасқан.  Алайда  ондай 
жайттардың  барлығы  дерлік  қайғылы  жағдай,  қанды  оқиғамен 
аяқталып  отыр.  Мәселен,  М.Әуезовтің  «Көксерегіне»  әлгіндей 
оқиға өзек болған. Сірә, атам қазақ «Қасқырды қанша асырасаң 
да,  түзге  қарап  ұлиды»  деп  тектен-тек  айтпаса  керек.  Иә,  қас-
қырдың аты – қасқыр ...». 
Мұнан  былай  қасқыр  «қарғыс  атқан»,  «қанқұйлы  айуан» 
болса да өзінің  бөрілік  қалпын  сақтап қалғанын не сақтап қа-
луға  тырысқанын    байқаймыз.  Бөрі-ана  түркі  аңызында  ешбір 
нәрсеге  мойынсұнбай,  еркімен  ешкімге  көнбейді.  Сондықтан 
адам  тарапынан  жасалатын  гуманизмді  қабылдамайды,  демек 
адам  өзінің  дегенін  оған  істете  алмайды.  Қолға  түскенмен,  үй-
күшікке ешқашан айналмайтын қасқыр өзінің еркіндігіне, еркіне 
шек қойғызбайды.  
                                                                                                                                                
 
 
 
 
 
 
 


 
60 
          Қасқыр (Қызылшолақ)        
 
      
 
 
                              Жолбарыс                                    Түлкі 
 
Ал түлкі болса бұл арада аштан өлмесіне көз жеткен соң, 
тышқан  аулап  жортып  әуре  болмайтындығына  разы,  асығы  ал-
шы,  есебі  түгел  немесе көзіңе  күлімсіреп қарайтын  сияқты  деп 
автор  осы  үш  түз  тағысының  тас  қамауда  өздерін  қалай  ұстай-
тындарына  оқырман  назарын  салыстырмалы-салғастырмалы 
түрде өз ойын ортаға салады. Бір кезде тағы болып жүрген үш 
түз тағысының бейнесі адам өмірі мен табиғат арасындағы бай-
ланысты  аңдатады.  Әңгімеде  табиғаттың  бұлжымас  заңдарын 
ескермей,  оларды  адамзаттың  өз  еркіне  бағындырмақ  ниетінің 
қандай ауыр зардаптар әкелетіні терең бейнеленген. Әңгіме ас-
тарының қасқырдың  айуандығы  аштан  өлмеудің қамынан  туса, 
адамның  тағылық  әрекеті  одан  асып  түседі  дегенді  аңғарамыз. 
Өзінің  инстинкті  бойынша  өмір  сүретін  қасқырдың  табиғатын 
бұзу мүмкін емес екен. 
«Байырғы еркін, азат, абат күнін аңсап іш-өзегі өртеніп ке-
тетін тәрізді. Киесі барын ешкім ойламайды».    
Автордың айтып отырған киесі қандай кие? Қазақ халқы-
ның  дәстүрлі  наным-сенімінде,  әдет-ғұрпында  киелі  жануарлар 
–  жақсылықтың  жыршысы,  берекенің  бастауы,  бақыт  әкелуші, 
ырыс-құттың нышаны. Ш.Уәлиханов «Қазақтардағы шамандық-
тың  қалдығы»  атты  еңбегінде:  «Қазақтар  киеге  үлкен  мән  бе-
реді.  ...кейбір  жануарлар  мен  құстар,  көшпелі  тұрмысқа  қажет 
заттарды киелі деп қастерлейді. Осы аталғандарды құрмет тұту, 


 
61 
ырым  жорасын  жасап  тұру,  адам  баласына  байлық  пен  бақыт, 
құт  әкеледі  деп  түсінеді.  Ал  осы  кәделерді  ұстамау,  киелерді 
құрметтемеу – жоқшылыққа душар етеді. Сондай құдіретті күші 
бар  жан-жануарлардың  киесі  бар  дейді,  ал  олардың  өзін  киелі 
деп атайды. Жан-жануарлардың киесін қадірлемеу киенің қаһа-
рын  туғызады.  Киенің  ашуы,  қаһары  кесір  деп  аталады»  –  деп 
түсініктеме берген. Киелі жануарлар – наным-сенімнің, табиғат 
туындыларына деген табынудың, оны құрметтеудің, қорғаудың 
бір көрінісі. Қазақ халқында «киіктің де киесі бар», «иттің иесі 
болса, қасқырдың тәңірі бар» деген мақал-мәтел – соның айғағы. 
Киелі жануарларды аулауға, атуға рұқсат етілмейді, оның киесі 
ұрады,  кесіріне  жолығасың  деп  қастерлейді.  Киелі  жануарлар-
дың кейбірін адам баласы өзінің шыққан тегі деп есептейді. Мы-
салы, көне түркі халқы көк бөріден шыққанбыз деп, сол жануар-
ға табынады, құрмет тұтады. Ертедегі қазақ қауымы көк бөріні 
соғыс жорықтарын жеңіске бастайтын жебеуші киесі деп түсін-
ген.  Туларына  Көк  бөрінің  басын  сызған,  көк  бөріні  ұран  ғып 
шақырған.  Төтемдік  Көк  бөрі  әдеттегі  қасқыр  емес,  ол  көк  ас-
паннан  көк  сағым  бейнесінде  келіп,  Көк  бөрі  бейнесінде  көрі-
нетін  керемет  кие,  көк  аспанның  бөрісі.  Көктен  келген  бөрі 
деген  түсініктен  туған.  Киелі  жануарларды  ұрмайды,  теппейді, 
киесі ұрады деп қорыққан. 
Қызылшолақты құрықпен ұстаған Адырқұлды қасқырдың 
киесі  атады.  Осы  қасқырды  ұстатып  сатып  жібергелі,  оның  от-
басына жақсылық кірген жоқ. Қызылшолақты хайуанаттар бағы-
на сатқанына бір ай өтпей жатып, өзіндей аңшы болуды арман-
дап жүрген 14 жастағы үлкен ұлы аттан  жығылып, мерт бола-
ды.  Ал  17  жастағы  қызы  Зүбәйраны  қызыл  сиыр  сүзіп,  майып 
қылады.  «Үйге  енгізілгеннен  кейін  сәл  ғана  уақытқа  есі  кірген 
Зүбән  ағыл-тегіл  жылап  отырған  шешесіне  көз  тастап:  -Тәте! 
..Саған обал б...бол...ды ғой! Қас...қыр-р! – деді. Он төрт жаста-
ғы інісі өлгенде шешесінің «қу, қасқырдың қырсығынан болды... 
Киесі атты!» дегені есіне келген болса керек».  
«Қу қасқырдың, киесі атты» – деп секем алған ырымшыл 
Адырқұлдың  түсіне  тісін  ақситып,  ырылдап  тұрған  көкжал  ар-
лан  жиі  кіретін  болды.  Енді  қолдағы  кенже  ұлдары  7  жасар 
Еркеғалиларының  амандығын  жатпай-тұрмай  тілеген  Адырқұл 


 
62 
Қызылшолақты  хайуанаттар  бағынан  босатып  алады.  Автор 
Қызылшолақтың  бейнесін  ашу  үшін  хайуанаттар  бағының  бас-
шыларына  Адырқұлдың  әңгімесін  айтқызады.  Қыста  қайтыс 
болған баласы, былтыр жазда бір жауынды күні жеке қойларын 
бағып кетеді. Бір кезде бір қойды құйрығы шолақ «овчарка» ба-
сып  алған  екен.  Анадайдан  көрген  бала  «кет,  кет»  деп  айқайға 
басып, жақындап жетіп барады. Сонда ғана ит екен деп таяқпен 
ұрмақшы болып тұрғанда басын көтеріп, тісін ақсита ырылдап, 
айбат шегеді. Бала сол кезде ғана оның қасқыр екенін біліп, ба-
қырып қаша жөнеледі. Бірақ қасқыр баланы бас салмайды. Қас-
қырдың  балаға  шаппайтындығын  көрсете  отырып,  автордың 
айтпағы  «баласына  тимеген  сол  қасқырдың  обалына  қалып, 
киесі атты дейді». Ж. Ахмадидің Қызылшолағы – жоғарыда атап 
өткен  М.Мағауиннің  қасқыр  бөріге  айналғанын,  кешегі  текті-
лікті  бойына  жиған  бөрілердің  символын  береді.  М.Әуезовтің 
«Көксерегі» бір кездегі «бөрінің» қазіргі қорқау «қасқырға» ай-
налғанның үлгісін көрсетеді. 
Тегінде    адам  тағдыры  мінез  бен  әрекеттен  жаралады. 
Өйткені дана қазақ «Адамнан ағат өтпей, Алладан азап жетпей-
ді» дегендей, кей нәрсенің киесіне ұшырап қалмаңыз... Сыртқы 
дүние  сенің  пиғыл-әрекетіңе  қарай  жол  ашып  береді.  Рахатың 
да, азабың да өзіңнен табасың. «Жаман қателессе, жолдасынан, 
жақсы қателессе, өз басынан іздейді» дейді  авторлық таным. 
«Ал мен көрген сияқтымын. Бөрінің қасқырға айналғанын 
емес. Қасқыр атанған бөрінің қайтадан әуелгі – бөрі кейпін тап-
қанын...» деп жоғарыда айтқан М.Мағауиннің БӨРІСІ өз бейне-
сін  Ж.Ахмадидың  Қызылшолағынан  тапса,  екінші  сыңарын 
А.Асқардың  «Алтай  новелласындағы»  Қызыл  бөлтіріктен  
көргендейміз. 
А.  Асқардың  «Қызыл  бөлтірік»  шығармасының  желісі 
тылсым  табиғаттың  қойнындағы  суретке  құралған.  Алтай  өл-
кесі, қарайып алыстан мұнартатын  көгілдір таулар, көз жеткіз-
гісіз  жерден  менмұндалап  тұрған  Қызыл  қасқыр  шыңы  –  дала 
танымының,    қызыл  бөлтірік  киесінің  құпиясын  ішке  сақтап 
тұрғандай  әсер  етеді.  Осының  бәрі  табиғаттың  дамуына  адам-
ның сырттан араласқанда не болатынын көзбен көрген тірі куә-
лар секілді. Әңгіменің басталуынан-ақ дәл осы маңда оңайлық-


 
63 
пен түйіні шешіле қоймайтын  оқиға болатынынан белгі береді. 
«Қарсы алды – құзар шың. Астына мінген елпек құланың басын 
бос жіберген бала шет-шеті күлтелене қызарған шыңға қарап ке-
леді. Шың, шынында да тік құлақ қасқыр басынан аумай қалып-
ты. Нұрлы күн шыңның шынар тасасына тығылып, оның таңғы 
рауанынан зор жартасын жиек-жиегі қан шашып тұр»  - деп бе-
рілетін  шығармадағы  пейзаж  көрінісі  алда  болатын    драмалық 
оқиға өтетін сахна ғана емес, ол – қасқырдың қамқоршысы, қор-
ғаны, тіпті, оның екінші бір бейнесі ретінде суреттеледі. Жазу-
шы қасқыр мен даланы суреттегенде, екеуіне бірдей теңеулерді 
қолданады. Қарлы жел де,  ыңырана-күңірене қиналған өлке де, 
қасқырдай шулаған орман да Қызыл бөлтірікті қуғыншылардан 
сақтап, оған пана болғысы келгендей. Туындының көзге түсетін, 
көңілге  ұялайтын  үйлесімділігі  осы  шебер  теңеулер  арқылы 
өрби  түседі.  Табиғаттың  өзі  Қызыл  бөлтіріктің  жаратылысын 
аша түскендей. Оқиға желісі Атасы мен кішкентай немересімен 
аңға шығып, қызыл бөлтірік іздеуінен басталады. Суық тиіп жө-
тел буған қартқа қиын тиеді бұл сапар. Немересінің тұңғыш аң-
шылығында қолына қарым ілдірмей, қанжығасын майламай қай-
ту – ырымға жаман. Аңшылар салты – қатаң, алғашқы сапары – 
болашақ  аңшы  үшін  сын  сапар.  Тұңғыш  тілек  айтып  шыққан 
сапарында немересіне тырнақалдысын байлап беру міндетім деп 
санаған атасы ақтық сапары екенін түсінсе де орта жолдан қай-
туға дәті бармайды. 
Қазақ  жазушыларының  бір  бөлігі  қоғамдағы    әлеуметтік 
шындықты  жұртшылыққа  ұлттық  характерлер  жүйесі  арқылы 
жеткізу  үшін  халқымызға  тән  ерекшеліктерді  пайдалануда. 
А.Алтайдың  шығармасындағы  табиғат  пен  адам  бейнесінің, 
олардың қайшылықтары мен ішкі дүниесінің тартысы екі аңыз-
дың желісінің негізінде толық ашылған. 
Бірінші  аңыз –  «Сондай бір ықылым заман болған еді..» 
деп, Бал әжесінің қос күшіктің қанға бөккен қос қызыл бөлтірік-
ке қалай айналғаны туралы  бүге-шігесіне дейін қалдырмай айт-
қан әңгімесі еді. Бір заманда  алып Алтайда түз тағысы көбейіп 
кетсе керек. Олар Алтайдың ауызға  іліккен аңын, көзге  көрін-
ген  жануарын қынадай қырыпты. Ақырса Алтайды  жаңғыртқан 
не бір атпал азаматтар  оңашада өлім құшыпты. Жалпақ жұртқа 


 
64 
жаушы жіберіп, Алып Алтайды тайлы-таяғы қалмай, бала-шаға 
демей түп көтеріле құрсауға алып, Бөрі атаулыдан бөлтірік қал-
дырмай қыруға бел шешіпті. 
«Адамзат  тірі  табиғатқа  ақыл-оймен  қайғылы  қиянат  жа-
сады.  Күрең  қанның көтерілген  ыстық  буыннан көк жүзін  қыз-
ғылт  тұман  торлап,  күн көзін  жапты.  Бұл  сұмдыққа  тау-тас  те-
біреніп,  құз-қия  қиналып,  шың-құз  шайқалды.  Қара  жер  теңсе-
ліп,  көк  аспан  күңіренді.  Табиғат  құшағында  болып  көрмеген  
қырғынға  қарағайлы-шыршалы  қалың  орман  бастарын  иіп,  көк 
терек пен қайың  шаштарын жайды. Кең дүние бетін теріс бұр-
ды. Табиғат – Ана ауыр қайғыдан қан жұтып, егіле іштен тын-
ды... Күндіз күн, түнде ай тұтылды»,-деп градациямен берілген 
авторлық  таным  төгілген  тілмен  шебер  берілген.  Пейзаж  көрі-
нісі  психологиялық  паралеллизммен  тірі  суретті  көз  алдына 
алып келеді. Бұрын-соңды болып көрмеген бұл қырғынға шара-
сыздықтан  қарағайлы-шыршалы  қалың  орман  –  ақ  сақалды, 
сары  тісіті    данакөз  қариялардай  бастарын  төмен  салып,  еңсе-
лері түсіп, ал көк терек пен қайың жоқтау айтқан әйел затындай 
шаштарын жайды деп суреттеуі жансыз суреттен  автордың тірі 
образ бере алу шеберлігін танытса керек. 
Бөрі  қуған  бейбастақ  адамзат  табиғатқа  кәрін  тікті,  таби-
ғат  тәңірісі  төлінен  түңілді.  Бірақ  табиғат  төлі  –  тағылар  адам-
нан айласын асырып, алланың әмірімен, құдіреттің күшімен қос 
қызыл  бөлтірік  аман  қалыпты.  Көздерін  ашар-ашпастан  қызыл 
қанды көпіршік жуып, тақыр жүндері қанға сыбағысқан қос кү-
шік туар-тумастан қанды суға тұншығып, жарық дүниені  айыра 
алмай  жатып,  көздерін  қанмен  ашты.  Демек,  табиғаттың,  яки 
жаратылыстың  өз  шындығы  бар,  ал  адамдардың  өз  шындығы 
бар дегенге саяды. Адам табиғатқа үстемдік етіп, ойлағанын жү-
зеге асыра алмайтыны – А.Алтай шығармасының концептуалды 
ойы. Тек бала Архат өзінің пәктігімен қасқырдың қызыл бөлті-
рігінен үмітін үзбейді. 
«...Сен,  қызыл  бөлтірік  атамнан  қорықпа!  Ол  –  тамаша 
адам.  Қызыл  бөлтірік!  Мені  қойшы,  бөлтірік!  Бәріне  де  көне-
мін... Ауру атам, сен екеуіміз үшін келеді ғой. Ал, сен әлі жоқ-
сың,  жолығар  емессің...»  деп  монологпен  беріліп,  қиялындағы 


 
65 
қызыл  бөлтірікпен  іштей  тілдесіп,  сырласқан,  мұңын  шаққан 
бала танымы, психологиясы нанымды шыққан. 
Қоймай,  алған  беттен  қайтпай  жүріп  ақыры  қызыл  бөлті-
рікті тауып, қолға түсірді. Бірақ немересінің бала қиялынан ту-
ған  арман-тілегін  орындаймын,  меселін  қайтпасын  деп  жүріп, 
ақыры  атасы  ақтық  сапарға  аттанып  жүре  береді.  Соғыс  сызы-
нан  суық  шалған  дімкәс  өкпе  мен  буындыра  қылғынған  қолқа 
ақыры алып жықты. 
«...  Бірақ  сөйлей  алмаған  жоқ.  Сол  тілі  тартылған  қалпы. 
Қол-аяғы  жансыз  қалған  ағаштай  ырыққа  көнбейді.  Иегі  де  
төмен түсіп кеткен. Нұры тайған сұрғылт көзі ғана сау. Бар сы-
рын  көзіне  түйген».  Автордың  шалдың  қандай  қасіретті  жағ-
дайға  душар  болғанын  психологиялық  дәлдікпен  суреттеп  бер-
ген. Көз – көркем  деталь қызметін атқарып тұр. Тілсіз адам   – 
тілсіз  тірі  жәндікпен  тең  екен.  Дүниеде  тілге  жетер,  бірін-бірі 
бір айтқаннан ұққан тектіге жетер ештеңе жоқ екен. Жаманың-
ды  жасырып,  жақсыңды  асыратын  тілдің  құпия  құдіреттілігіне 
жетер  де ештеме жоқ екен.  Адамзат  онсыз  өзекті  өмір сүре де, 
тұрлаулы  тағдыр  кеше  де  алмайтын  тәрізді.  Талай  тағдырдың 
тауқыметін тартсадағы, дәл осындай күйге түсемін деп күтіп пе 
байғұс қарт... Тұғырлы тілден айырып, немересіне дәл керек ке-
зінде үнсіз тістендіріп қойды тәңірі. Себебі неде екен?- деп сұ-
рақ қояды авторлық таным. Бұған жауапты біздер шығарма құ-
рылымындағы екінші аңыздық желіден табатын  тәріздіміз. 
Аталы,  немерелі  екі  аңшы  қарағай  мен  шырша  жамырай 
өскен  бетке  іліге  бергенде  қайдан  шыққаны  белгісіз,  қарсы  ал-
дарынан марал жолдарын кесіп өте береді. 
«  –...  Жолымызды  кесті-ау!  Киесі  ұрады  жазықсыз  жан-
уардың... қайдан ғана кесті ? Киелі шықпаса игі еді! – деді өкі-
ніп шал. 
–  Ата,  кие  деген  не?...  Ол  –  кейбір  аң-құс,  жан-жануар 
бойында  мың  да  бір  кездесетін  ерекшелік.  Баяғыда  да  бір  қа-
сиетті  бұғының  киесі  Қол  Мергенді  ұрып,  Жә,  Рахат,  оның  ке-
регі жоқ. – Қол Мерген деген кім? Ата деймін, оны неге кие ұр-
ған? Айтсаңызшы! – деп, бұл өмірдің бар деміне құмар бала жа-
лына  бастады  атасына.  –  Жоқ,  ұлым,  айтуға  хақым  жоқ.  Аңға 
шыққанда  ауызға  алмайды».  Жоғарыдағы  диалогтан  «Киеге» 


 
66 
байланысты ырымшыл қарияның қазақы танымы мен балаға тән 
қызығушылық  көрінісін  аңғарамыз.  Аңшылықта  айтылмайтын 
әңгіме болса да, көзінің қарашығындай жалғыз немересінің көңі-
лін қалдырып  көрмеген атасы  Қол мерген туралы аңыз-әңгіме-
сін айтып берді.  Ескі уақытта Алтай аясында атақты Қол Мер-
ген  деген  аңшы болыпты.  Жалпақ жұртқа көзге  түртсе  көргісіз 
тас  қараңғы  түнекте  тықыр  еткен  дыбыстан  құтқармайтын  қол 
мерген  екен.  Күндердің  бір  күнінде  аңнан  қайтып  келе  жатқан 
ол алдын кесіп өткен буаз маралды атып өлтіреді. Істеген өз ісі-
не  қатты қынжылып, теріс айналған Қол мергенді хайуан емес, 
адамзат үні тоқтатады. 
«  –  О,  құдірет!..  Сен  аңсың  ба,  адамсың ба?!  –  деді    таң-
даңа Қол мерген. 
 – Е, Адам,  мен аңмын – жануармын. 
 – Неге онда адамша тіл қата аласың? 
– Басыңа бұлт үйіріліп, барар жолы жабылып, басар тауы 
таусылса; кірпігін қара түн жауып, тайғанақ тағдыры тығырыққа 
тіреліп,  басына  бұлт  айналса  –  аң  ғана  емес,  табиғат  –  Ана  да 
адамша  арыз  айтады.  Сендерге  танылған  тіл  –  Табиғат  –  Ана 
тілі». Адамзат баласы мен хайуанның арасындағы диалог фило-
софиялық ойға құрылғанымен нақты шындыққа негізделген. Ав-
тордың айтпағы: Адам да, хайуан екеш марал да табиғаттың ба-
уырынан  жаралған  бауыр  еті,  барлығымыз  –  Табиғат  Анамыз-
дың төліміз. Бес саусақ бірдей өспейді, өнбейді, бірдей емес жа-
ратылысы. Адам – табиғат төлдерінің ішіндегі құдіреттісі болып 
табылады. Бірақ адам табиғат Анаға бас июді ұмытпауы керек. 
Жазушы  келтірген  ситуациясынан  әдемі  қорытынды, 
пайымдау шығара білген. Буаз маралды оққа байлаған аңшы кі-
нәлі болғанымен, аңшылар тіпті дала заңы бойынша – аңшының  
алдын кесу  –  қылмыс  болып    табылады. Бірақ қанша  дегенмен 
бұл мәселеге Маралдың көзімен  қарасақ,  адамдардың өзіне де 
түсініксіз ондай заңдары, ырымдары барын  хайуан байқұс қай-
дан білсін? Адамзаттың табиғат төлдеріне түсініксіз,  қолдан жа-
сап алған қағидалары тіпті көп қой. Сөйтіп отырып, адамдар өз-
дері табиғат – Ана заңдарына мойын ұсынбайтындары да шын-
дық қой. Қорқау бөріден қашып келе жатып аңшының алдынан 
өте бергені де сол еді. Адамның қолынан бәрі келеді: қиянат та, 


 
67 
қорлық та, жамандық та, жақсылық та, азаматтық та, хайуандық 
та! Адам егер зұлымдыққа бет бұрса, жыртқыш аңнан да жауыз, 
жыртқыш ет жүректілікпен жекпе-жекте  жасқанса, адам тас жү-
ректілікпен бетпе-бетте тайсалмайды. 
Аңшы жаралы Маралдың ішін жарып, кер бұзауын алады. 
Ақыры  жұт  келгенде,  аңға  шыққан  аңшы  өзінің  жалғыз  ұлын 
атып, жазым қылып алады. 
А.Алтайдың бұл туындысында «Кие » туралы сөз тегіннен 
– тегін қозғалып тұрған жоқ. Табиғат – ананың төлі  Қызыл бөл-
тіріктің де киесі бар. Қаншама қиындықпен, осы бөлтіріктің жо-
лында атасынан  да  айрылды,  енді  міне  Қызыл  бөлтірік  те жоқ. 
Авторлық  шешімнің  осылай  аяқталуында  да  мән  бар  сияқты. 
Көздерін  қанмен  ашып,  қанмен  ауызданған  Қызыл  бөлтіріктің 
адамның  қолына  түспей  авторлық  шеберлікпен  көркем  шешім 
табуы,  бір  жағынан  дұрыс  та  тәрізді.  Себебі,  қиялға  айналған 
киелі қызыл бөлтіріктің киесі де атуы мүмкін бе еді? Екіншіден, 
қызыл  бөлтірікті  аман-есен  ауылға  алып  барған  күннің  өзінде, 
бір  кездегі  қол  жетпес  арманы  болған  бөлтіріктің  жолында 
шейіт болған атасын еске салса, жолы ауыр екен деген ырымы 
жаман. Үшіншіден, «... қасқыр қайтадан бөрі атанды...»  демек-
ші, бір кезде табынған, әлі күнге дейін тотем санап жүрген Бөрі-
нің қайтадан ұсақталмай, бөрі  қалпын сақтап қалуының өзінде 
де бір  сыр бар тәрізді. Яғни, қасқырлар заманының кезінде  де 
бөрілердің бар екендігін  танытатын  көркем  туынды. 
Қанды  қол  қырғыннан  аман  қалған  қос  бөлтіріктің  көзін 
ашпай  жатып, қаталдық көруі сан түрлі тарих  соқпағынан аман 
жеткен  қазақ  жұртының  тағдыры  іспетті.  Ал  оның  киесіне  жо-
лыққан мергеннің өз баласын өзі жазым етуі  фольклордан  келе 
жатқан  көне  мотив. Жазушы бұл мотивті айтпақ идеясына ше-
бер қиюластыра білген. Шығарма  шешімі де оптимистік рухта, 
оң  шешімімен  бітеді.  Барлық  құпия-қалтарысын  зерделеген  қа-
рия  ұлағатты  ұрпағын    болашақ  қауіп-қатерден  сақтап  қалады. 
Шығарманың  әлеуметтік  астары да  осында. 
Жазушының айтпағы, адамдар қасқырдан өздерінің артық-
шылығын пайдаланып, бөлтірікті үйге алып келіп, оны өздерінің 
ермегіне, не басқалай пайдасына асырмақ болды. Атасы қызыл 
бөлтірікті  тағылық  табиғатын  түсінсе  де,  қызыл  бөлтіріктің 


 
68 
қолда ұстауға болмайтынын және  киесінен қорықса да кішкене 
немересінің  ырқына  көніп,  табиғатқа  қарсы  әрекет  жасады.  Ал 
Архат  –  әлі  өзінің  сезімін  ауыздықтай  алмайтын  бала.  Архат  
Қызыл  бөлтірікті  өсіріп,  иттің  орнына  пайдаланбақ  болды.  Бұл 
түз тағысының табиғатына жат еді. Алайда өмір заңдылығы ба-
ланың санасындағыдай емес, өте қатал. Алдағы күндері де солай 
болуы әбден мүмкін. Ал жазушы болса баланың тазалығын адам 
рухының  тазалығына  дейінгі  деңгейге  көтереді.  Бір-бірімен 
ымыраға келмейтін екі дүниені біріктіргісі келеді. 
Қасқыр  мен  табиғат  құбылыстарын  шендестіру,  дала  за-
рының  қатал  да  өзгеше  болмысын  бейнелейтін  пейзаждық  су-
реттер мен тілдік бояулар шығарма  сипатын  аша түседі. 
Автордың  айтайын  дегені  –  дүниенің  жамбасқа  салуға 
келмейтіндігі,  қиындығы  бір-бірімен  қиыспайтындығы.  Демек, 
аңдар  мен  адамдар  қоян-қолтық  араласып,  өмір  сүретін,  өзіміз 
аңсайтын жаннаттың жоқтығы. 
Соның  тағы  бір  мысалы  ретінде  Д.Рамазанның  «Көкжа-
лында»  адам және табиғат арасының арпалысы ешбір бояусыз, 
бар қалпында суреттеледі. Олардың байланысының үзіліп қалуы 
адамның кінәсынан  екенін  ашып айтады.  Әңгіме «–  О,  жаным-
ның  жапырағы  сол,  монтиып  жатысын  қарашы!..  –  Елубай  төр 
жақтағы құрақ көрпенің үстінде құндақтаулы жатқан нәрестесін 
қолына алып, мейірлене иіскеді.  – Тәттісін-ай, өзінің!» деп, ав-
тор  шығармасын    әкенің  баласын  еміренуінен  бастайды.  Оқиға 
желісі  жайлауда  отырған    қойлы  ауылға  қос  салт  атты  келеді. 
Жай  келмейді  тып-тыныш  қойын  бағып,  баласын  әлпештеп 
отырған бір от басына от ала келеді. Бір шаңырақтың  төбесі ор-
тасына түсті, себебі неде? Кім кінәлі? – дейді автор. 
« – Елеке, –  деді лезде түсін өзгерте қойған ол мойнын үй 
иесіне қарай бұрып. – Қасқырдың күшігі керек пе?  
–  Қоржындарындағы  не  пәле  десем,  қасқырдың  бөлтірігі 
десеңші!  Оның  бәрін  не  қылайын  деп  едіңдер?  Бұлар  қанша 
жерден  жырқыш  болғанымен,  қасиетті  аң  ғой»  –  деп  Кереге-
тастың  жанындағы  қасқырдың  күшіктерінің  бәрін  адамдар    өз-
дері алып кетеді. Осы қаннен-қаперсіз қолға үйретемін деген пи-
ғыл  қасқырдың  табиғатына,  тіршілігіне  жасалған  қиянаттың 
бастауы еді. Тек қана қасқырға ғана емес, адамның адамға жаса-


 
69 
ған  қиянаты  ғана  емес, қастығының  көрінісі.  Саналы  түрде  ме, 
әлде  санасыз  стихиялы  түрде  кеткен  адамның  білместігі.  Сон-
дықтан    жазушы    оқиғаны  ары  қарай  қонақтардың  қою  күрең 
шайды  енді іше бірген кездерінде, жайлаудағы жайлы тыныш-
тықты    иттердің  жарыса  шәуілдескен  үні    бұзды  деп    өрбітеді. 
Бөлтіріктерін  алып  кеткен  адамдарды    өкшелеп    қуып  келген  
қос  қасқыр екен.  Келе сала,  бес-алты қойды  тамақтап кетті. 
Шығарманың  басында    автордың    баласына    еміренген  
әке  бейнесін  келтіруі  тегіннен-тегін  еместігі осы жерден аңға-
рамыз. Суреткердің айтпағы  адам  болсын, хайуан болсын  ұр-
пағының амандығын ойлап, қам жейді, әркім өзінше жақсы кө-
реді, өзінше кек алады. Жазушылық  шеберлікпен кек мотивінің 
психологиялық параллелизммен  берілу ерекшелігі де осы жерде 
ашылады.  Өмірінің  сәні  де    мәні  де  –  ұрпағым  да  деп  білетін 
адам тұрмақ  хайуан да ұрпағының жолында  өлуге бар. Ақыры, 
қос қасқыр бөлтіріктерін алып кеткендерді емес, айдалада-жай-
лауда  тоқтап шай ішкен  Елубайдың  қойына шауып, ең соңын-
да  оның өзін де жазым етеді. 
Табиғат заңдылығына қол сұғып, адамдардың оны өзгерт-
пек болуы үлкен кесапатқа апарып соқтырған, қазіргі экология-
лық апаттарды еске түсіреді. Адамзаттың өз сезімдерін қанағат-
тандыру  жолында  күнделікті  мұқтаждық  әсерімен,  арты  не  бо-
ларын  барламауы  талай  зардаптарға  жолықтырып  жатқан  жоқ 
па? Қасқырлар бұл жерде өзінің болмысына байланысты әрекет 
жасады. Сондықтан олар  кінәлі емес. Бұл арада дала заңын жақ-
сы біле тұра, жайлауда бейқам отырған қойлы ауылға жыртқыш-
тың бөлтірігін әкелген, ересектер кінәлі. Соның салдарынан өз-
дері емес, Елубай зардап шекеді. 
Сол сияқты бүгінгі таңдағы адамзат та өз сезімдерін ақыл-
естеріне  жеңдіре  алмай,  табиғат  заңдылықтарын  жиі  бұзып 
отыр. Оның салдары да көз алдымызда. Мұнда астар байқалады, 
демек  табиғатты  күштеп  бағындыруға  болмайды,  оның  да  өз 
заңдылығы бар, онымен санасу керек. 
Туындыда  ерекше  сомдалған  бейне  – Ақжол  төбет  бей-
несі. 
«Менің  бүгінгі  жұмысым  осымен  бітті!»  дегендей,  отар-
дан  бөліне  берген  Ақжол  киіз  үйдің  жанынан  өте  бере  жас 


 
70 
нәрестенің іңгәлай жылағанын естіп, құлағын түре қалды. Дауыс 
іш жақтан шығатын сияқты. Соны сезген кәрі төбет ағаш есікті 
алдыңғы  аяғымен  тырналай  ашып,  зып  беріп,  ішке  кірді.  Сәби 
іңгәсі енді тіптен анық естілді. Аузын жаппай, шыр-шыр етеді. 
Ақжол бесікке тақап келіп, қалай жұбатарын білмей, балаға мө-
лие  қарады.  Нәрестенің  беті  ашық  жатыр.  Бұны  елең  қылар 
емес,  қызарып-сазарып,  іңгалауын  үдете  түскен.  Оған  жаны 
ашыған ақылды төбет бесікті тұмсығымен ырғап-ырғап, қозғал-
та бастады. Сәби жылауын қояр емес. Ол аяғымен жайлап тер-
бетті.  Одан  да  ештеңе  шыға  қоймады.  Әбден  амалы  құрыған 
Ақжол бір  мезгілде  тілін  созып,  баланың бет-аузын  жалай  бас-
тады. Сәби одан сайын шырылдап қоя берді...». 
Ит те болса, шырқырап жылаған баланың  дауысына шы-
дай алмай, қайтіп  жұбатарын білмей, адамша тербетіп те, ит ше 
бетінен де жалап  көрді. Бірақ оған  уанған  бала болмады, ақыл-
ды    итттің    іс-әрекетін  түсінген  адам  болмады.    Үйге  кірген  
Елубай  шырқырап  жылап жатқан  баласының бет-аузын жалап 
тұрған итті көріп ызаланғаннан  мылтықтың дүм жағымен жон 
арқасынан қатты соғады. Жапан  далада жалғыз өзі  қой бағып 
жүрген,  ылғи  ашуы  –  алдымен,  ақылы  –  соңынан  жүретін 
Елубай  істеген  ісіне  өкініп,  кешкісін  үйге  келген  соң 
«..Ақжолдың  жанына  келді.  Кәрі  төбет  алға  қарай  көсілген  ал-
дыңғы  аяқтарына  басын  сүйеген  қалпы  мөлиіп  жатыр.  Судан 
шыққандай  сүмпиіп,  сүмірейе  түскен.  Алдына  қойылған  тамақ 
та сол күйі тұр. Нәр татпағанға ұқсайды. Іші де қабыса  қалған: 
Бейшара...  – Еңкейіп басынан сипай беріп еді,  өлеусіреп 
жатқан ашулы  төбет арс  ете түсіп, қауып ала  жаздады».  
Д.Рамазанның    көрсетпегі  «Иттің    иесі    болса,  бөрінің 
тәңірісі  бар»  демекші,  түз тағысы  – Бөріні түсінбек түгілі,  үй-
де  адамға бір табан  жақын  жүрген  ит екеш  итті де  түсінуден  
қалды  адам. Табиғаттың  бір төлі  болса да, табиғатты толық тү-
сіну  адам  баласының басына   берілмегендігін    меңзейді.   Ақы-
ры, қатты соққыны көтере алмай Ақжол  өліп  қалады. Осы  кү-
шік  кезінен  асыраған  итін  көмемін  деп  жүріп  Елубай  қасқырға 
жем болады.  Өзі  өлейін деп  әзер жүрген  кәрі  төбетті соққыға  
жығып,  бір  жерін    майып  қылуының  өзі  итті  түсінбегендіктен 
туып  отырған  нәрсе.    Біріншіден,    иті  өлмесе,  оны    көмем  деп  


 
71 
жүріп    қасқырға  тап    болмас  па  еді,  Екіншіден,  «Аңдыған  жау  
алмай    қоймайды»  дегендей,  Елубайдың  қасында    Ақжол    кәрі  
болса да ес болып жүрген кезінде,  қасқырдың  келе  жатқанын 
көріп,  иесіне  хабар  бергендей, үрер ме еді, онда Елубай қапы-
да қалмас па еді, әлде  иесін  құтқарып, соңғы  күшін  жиып, ар-
ланмен  алысып, иесін  құтқарып, әйтеуір  өлсе де ақ  өліммен  
өлер ме  еді кім білсін... 
Қазіргі    таңда Бөрі  –  Ана  бейнесін  пір  тұту  жоққа  шыға-
рылған  соң    көшпелі  адамзат  санасы  кәдімгідей  жадауланып 
қалды. Қасқыр – Бөрі туралы   қазіргі қазақ прозасындағы шы-
ғармалар  легі  бүкіл  көшпелі  қауымның  эпитафиясы  деп  қа-
растыруға болады. Себебі, ендігі жерде бұл аңыз өзінің ардақты 
атынан  да,  затынан  да  айырылды.  Көшпенділер  тарихы  дүние-
жүзілік тарихтың түнегінде қалып қойды да, ең қиыны – ол түр-
кі жұрты өз иерофаниясымен, демек, асылымен байланыс жібін 
үзді. 
С.Сағынтайдың  «Тұмақ  елесі»  атты  әңгімесінде  қасқыр 
бөрі бейнесі өз болмысын танытады. Бұл әңгімеде жас жазушы 
С.Сағынтай қазақ даласының экологиялық апаттар алаңына ай-
налғанын  мистикалық  оқиғалармен  береді.  Ауыл  маңында 
Сасықкөл бар.
 
Соны жұрт жын-сайтанның ордасы деп есептейді. 
Шәкеңе  қаладан  аң  аулап  көңіл  көтермекке  қаладан  екі 
джиппен байшыкеш құдасы келді. Ол тіпті үйге бас сұқпай түзге 
тартады. Шәкең құдасына еріп далақтап екі күн дала кезді. «Ұш-
қан құс, жүгірген аң көзге іліксінші! Ақбөкені ауып, арқары ір-
гедегі  полигон  уынан  арам  өлген  түлей  түз,  тарғыл  тауда  не-
ғылған аңшылық?». 
Осы ауылда жынды атанған Жақай тұрады. Сол келіп, аң 
аулай шыққан еріккен құдаларға ол дәу қасқыр бұзауын борша-
лап  тастағанын  айтады.  Адамдар  сол  қасқырды  құрту  үшін 
Сасықкөлдің қопасына өрт қояды. Осы сұмдық өртті жас жазу-
шы  былай  суреттейді:  «Өршелене  кеткен  жалынның  жалына 
жармасқан  қап-қара  түтін  көк  тіреген  алып  қара  діңгекке  ай-
налды.  Аспанның  беймәлім  тұсынан  әлдебір  түнек  есігі  ашы-
лып,  жерді  жұтып  баратқан  ақырзаман  елесі  орнап  еді».  Осы 
отқа шыдап қасқайып қасқыр тұрады. Кейбіреу оны шайтан деп 
шошынады.  «Сол  қап-қара  түннің  елесінің  етегінен,  түтінге 


 
72 
тұншыққанымен әлі де тозақтық дүлей қызуы апшыған от шеті-
нен әлдене сәт сайын секіріп-секіріп тұрды». 
« – Ойпырай! Не деген ерлік, неткен ғаламат төзім еді мы-
нау! Біз жүз метрден бетімізді басып, жасқанып тұрмыз, не де-
ген жанкешті мақұлық еді!». 
«...от-тозақта  тірідей  өртеніп,  терісі  жидіп,  қақталып, 
сүйегіне жабысқан бөрі ақтық рет арс етіп, секіріп түсіп, жана-
рынан, бауырынан қан шүмектеп  таудан сәл қиыстай шаба жө-
нелген.».  
Әңгіменің басындағы сарын: «Қуғыншылар әп-сәтте жет-
ті. Тозақ өртінен отқа оранып шыққан ібілістің тәнінде қылтанақ 
қалмай үйтілген екен». Осы сарынды автор әңгіме соңында реф-
рен құсатып, қайталайды. Әңгіменің түйіні мынау, көк бөрі кие-
міз еді, сол киені ібіліске айналдырдық. Тотем мәселесі көтері-
леді. Яғни мистикалық сарын авторға осы бір ұлттық тотем, құт 
пен кие, ел мен жер туралы айту үшін керек. Авторда белгілі дә-
режеде аңқаулық бар, ол өзін суреткерлік дәрежеде көрген тұс-
тары  сол  аңқаулықтың  ишарасы.  Бөрі  –  түз  тағысы.  Түз  қа-
зақтың мекені. Түздің ұлы символикаларын тамұққа айналдыру 
ұлттық апатқа тең. Автор осыны өсиеттейді. Адам баласы таби-
ғатпен  туыспаса  тамырынан  ажырап,  рухани  азғындайды.  Ав-
торға  мистикалық  сарын  қоғамның  рухани  азуын  аңдату  үшін 
керек болғаны рас. Қалай болғанда да талғамы әр түрлі оқырман 
үшін автор әсерлі әңгіме жазған деуге болады. 
Сонымен  қорыта  келгенде,  жоғарыда  талданған  бірне-
ше  автордың  алып  отырған  тақырыптары  да  ортақ,  шығарма-
ларының  негізі де бір, айтпақтары да бір – ортақ арнаға құйы-
лады.  Ол  –  ежелгі  ата-баба  қастерлеген  құндылықтардың  баға-
сын, парқын білу. Бүгінгі рухани дағдарыс тұсында өскелең ұр-
паққа  өнегелі  тұстарын  үлгі  ету.  Табиғат-Адам  бірлігін  тұтас-
тығын сақтаған алғашқы адам сезімінің артықшылықтарын алға 
тарту.  әрине  бұл  мақсаттардың  әр  түрлі  қаламгер  шығармала-
рында әрқилы дәрежеде көрініс тауып жатуы заңдылық. Сол ар-
қылы  қазіргі  қазақ  прозасының  жаңарған  көркемдік  бітімі  де 
бірте-бірте қалыптаспақ.  
 
 


 
73 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет