Оқушылармен амандасу, түгендеу, сыныпты топқа бөлу. Тақтаға «таулар, жазықтар, ойпаттар, қыраттар»деген сөздер жазылады. Оқушылар кезекпен оқиды, сол сөз бойынша бөлініп отырады. Оқу құралдарындайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.
Өткен сабақ:
Еуразияның зерттелуі
1.Н.М.Пржевальский қандай аймақтарды зерттеді?
2.П.П.Семенов зерттеген еңбектерін ата?
3.Ш.Ш.Уәлиханов қандай аймақтарға саяхат жасады.
4.Алғашқы қоныстанған халықтарды ата?
Ι.Қызығушылықты ояту
Болжау ойыны
Интерактивті тақтадан тақырып бойынша бейнетаспа көрсету.
Бейнетаспадан қандай материктің жер бедері көрсетілді?
Бүгінгі сабақта әңгіме не туралы болады?
Ι.Еуразияның жер бедерінің қалыптасуы мен дамуы.
ΙΙ.Материктің қозғалмалы аймақтары.
ΙΙΙ.Еуропа мен Азия жер бедерінің айырмашылықтары.
ІІ.Мағынаны тану
Жоспар бойынша мұғалім сабақ түсіндіреді.
Ой шақыру
-Жер бедері дегеніміз не?
-Материктің жер бедері алуан түрлі. Оны біздер қайдан білеміз?
Бір оқушы жауап береді.
Еуразияның физикалық картасынан түстер шкаласы арқылы білеміз, картада жасыл түс, сары түс, қоңырқай түс, қою қоңыр түстер көрсетілген. Ол Еуразия материгінің жер бедерінің алуан түрлі екенін, яғни жазықтар, үстірттер мен қыраттар және аласа – биік таулардың кездесетінін көреміз.
Өте жақсы.
Материктің орташа биіктігі- 840 м. Ауданының жартысынан астамын таулар алып жатыр.
Ең биік нүктесі қандай?
Ең биік нүктесі Джомолунгма шыңы, 8848 м.(Балалар картадан көрсетеді)
Ең төмен жатқан нүктесі қандай?
Ең төмен жатқан нүктесі- Өлі теңіз маңы, -403 м.(Балалар картадан көрсетеді)
1 тапсырма Берілген географиялық атауларды физикалық картадағы түстер бойынша таблицаға орналастыр.
Батыс Сібір, Тибет, Алпі, Тянь-Шань,Шығыс Еуропа, Каспий маңы, Гималай, Кавказ.
Жазықтар
Таулар
2 тапсырма.
Оқушылар интерактивті тақтада орындайды.
Жер бедерінің өзгеруі.
Ішкі күштер Сыртқы күштер
Жанартаулар, гейзерлер, Су тасқыны, жел,
ауа температурасы жер сілкіну
Ежелгі плиталары қандай?
Материктегі ең ежелгі плиталар - Шығыс Еуропа, Сібір, Қытай-Корей, және Оңтүстік Қытай платформалары. (Балалар картадан көрсетеді)
Еуразия материгі арқылы Дүние жүзіндегі аса ірі екі сейсмикалық белдеу өтеді.
Альпі - Гималай белдеуі
Тынық мұхиттық геосинклинальдық белдеуі
Осы белдеулерді кім көрсете алады?
Балалардың бірі Альпі - Гималай геосинклинальдық белдеуін көрсетеді, екіншісі Тынық мұхиттық геосинклинальдық белдеуін картадан көрсетеді.
Еуропа мен Азияның жер бедері бір-бірінен үлкен айырмашылық жасайды. Еуропа ойпатты, аласа таулы болып келеді, биік таулар тек оңтүстік бөлігінде ғана шоғырланған.
Балалар - Еуропада орналасқан жазықтар мен тауларды атап, көрсетеді. Шығыс Еуропа жазығы, Дунай бойы ойпаты, Скандинавия,Орал аласа таулары, Альпі, Карпат, Пиреней, Апеннин және түбектерінің биік таулары.
Азияның ¾ бөлігін таулы үстірттер мен қыраттар және тау жоталары алып жатыр. Жазықтар солтүстікте, жазықтардың оңтүстігінде таулар орналасқан. Олар- Алтай, Саян, Солтүстік-Шығыс сібір таулары, Қиыр Шығыс таулары. Оған батыстан шығысқа қарай Кіші Азия түбегінің
таулары, Кавказ таулары, Иран таулы қыраты және Биік Азия таулары. Картадан мұғалім көрсетеді.
Таулы аймақтарда жер қыртысының жарылыстар бойымен төмен түсуінен Такла-Макан, Жоңғар, Ферғана, Балқаш-Алакөл сияқты тау аралық қазаншұңқырлар пайда болған.
Постермен жұмыс.Бүгінгі сабақта түсінгені бойынша постерге түсіру
Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтағы 77 беттегі тапсырма.
Еуропа мен Азияның жер бедерін Венн диаграммасымен салыстырыңдар. ұқсастығымен айырмашылығы
Еуропа Азия
ІІІ.Ой толғаныс:
Әр баланың алдына тапсырмалар топтамасы және бағалау парағы беріледі. Барлық тапсырмаларды орындап біткенде тексеріледі. Балалар орындаған тапсырмаларды өздері тексеріп, өздері бағалау критерийі бойынша бағалайды.
1-тапсырма.«Анықтаңдар»
Осы таулар қандай геосинклиналдық белдеуге жататынын анықтаңдар:
(Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен есептеледі)
Альпі – Гималай геосинклиналдық белдеуіне жататын таулар:
Тынық мұхиттық геосинклиналдық белдеуге жататын таулар:
Кракатау жанартауы
«Отты шеңбер»
Кавказ таулары
Памир тауы
Иран таулы қыраты
Жапония аралдары таулары
Тибет таулы қыраты
Гималай тауы
Альпі тауы
Ключи шоқысы
Карпат тауы
Ява аралы жанартаулары
Жауаптары:
Альпі– Гималай геосинклиналдық белдеуіне жататын таулар:
C,D,E,G,H, I,K,
Тынық мұхиттық геосинклиналдық белдеуге жататын таулар:
A,B,F,J, L,
2-тапсырма. «Тау шыңдары» ойыны. Тау шыңдарының географиялық координатасы беріледі. Қандай таудың шыңы екенін табу керек.
картада балалар жазады. 290 с.е. 890 ш.б.
650 с.е. 590 ш.б.
550 с.е. 1600 ш.б.
Жауаптары: 290 с.е. 890 ш.б. – Эверест шыңы
650 с.е. 590 ш.б. - Народная шыңы
550 с.е. 1600 ш.б. - Ключи шоқысы
.
Бағалау
Топ көшбасшысы топтағы балаларды бағалайды.
Бағалау парағы
№
Оқушылар аты-жөні
Топ басшы пікірі
бағасы
1
2
3
4
5
6
Рефлекция
Стикерге сабақ бойынша қандай сұрақтарыныңыз бар?
Келесі сабақта қандай мәселелерге назар аудару қажет.