Г. С. Балтабаева Тәуелсіздік кезеңіндегі



Pdf көрінісі
бет10/47
Дата19.12.2021
өлшемі1,57 Mb.
#103325
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   47
Байланысты:
baltabaeva g tuelsizdik kezenindegi kazak prozasy
ҚАЗІРГІ-ҚАЗАҚ-ӘДЕБИЕТІ-конвертирован, my planner kony study
«Құмырсқа  қырғын
»
 
әң-
гімесі новелистиканың ең үздік, ең айтулы туындыларымен дең-
гейлес шығарма, қазақтың бүгінгі көркемдік ойының жақсы бір 
жемісі деп санауға болады. 
  1991  жылдан  бергі  жылдардағы  қазақ  прозасы  толымды 
ізденістермен  басталғаны  белгілі.  Кеңестік  саясат  тыйымынан 
ой-пікірі  жарық  көре  алмаған  қаламгерлердің  бірқатары  осы 
тұста  сөз  еркіндігін  пайдаланды.  Тәуелсіздік  кезеңіндегі  әде-
биеттің дамуының бағдары, міндеттері жайында кең көлемде пі-
кірлесу  өріс алды.  Ақын-жазушыларға  өзі  қалаған,  жанына  жа-
қын    тақырыпқа  шығармалар  жазу  мүмкіндігі  туды.  Елдің  еге-
мендігі  мен  ұлт  мүддесін  арқау  еткен  тәуелсіздік  кезеңіндегі 
жаңа әдебиет – бұрынғы социалистік реализмнің сыңаржақ шек-
теулілігінен арылып, дүниежүзілік көркемдік үрдістен тәжірибе 
жинап,  ұлт  әдебиетіне  ортақ  жаңа  сапалар,  өлшемдер  кіргізді. 
Соның елеулісінің бірі қазіргі қазақ прозасының символикалық 
сипаты. Біздің басты назар аударатынымыз да бұрыннан бар тә-
сілдің  қазіргі  заманғы  жаңа  болмысты  прозадағы  өзгеше  жаң-
ғыруы мен түрленуі болмақ. 
Символикалық  сипат  –  шығарманың  көркемдік  келбетін 
көтеретін  айрықша  факторлардың  бірі.  Мұнда  қаламгер  айтпақ 
ойын көзге ұрардай жарқыратып ашып тастамайды, көлегейлеп, 
астарлап,  символмен,  меңзеумен,  шағын  деталь  арқылы,  астар-
лы метафора көмегімен, тұспалдап, ишарамен, емеуірінмен ұсы-
нады.  Зер  салып,  байыппен  қарасаңыз,  мәселен,  қаламгерлер 
адамдар өмірін, құстар мен хайуанаттар тіршілігін, табиғат тыл-
сымын қатар алады да, ит-құсқа адамға тән сипаттар бере оты-
рып,  көп  жағдайды,  талай  нәрсені  ұқтырады,  елестетеді,  өмір, 
қоғам, адамдар турасындағы терең толғанысқа толы философия-
лық-әлеуметтік ой түйеді. Айта кететін бір жайт,  туынды-сим-


 
50 
волдағы образдар мүлтіксіз, кесек сомдалса ғана жазушы мұра-
тына жетеді. Қазіргі қазақ прозасында ойды символикамен жет-
кізу әдісін батыл игерген жазушының бірегейі – М.Мағауин.  
М.Мағауиннің  алып  отырған  символикасы  –Қасқыр  – 
Бөрі. «Қасқыр – Бөрі» атты шағын  әңгімесі өзінің құрылымдық 
жағымен  ерекшеленеді.  Төрт  бөлімге  бөліп  берілген  әңгімедегі 
символикалық  мән  «Қасқыр-Бөрі»  ұғымымен  көмкерілген. Ша-
ғын әңгіменің «Қазақтың қасқыры – қасқыр емес, шене, құрт ке-
зінде, яғни бағзы заманда әлемдегі ең айбарлы аң болған» дейтін 
бастауынан бастап бүкіл өн бойында  шағын әңгімеде бабамыз-
дың байрағына түсіп, жүрек пен рухтың, қайтпас  ерліктің  ұра-
нына айналған боз құрт, шене туралы автор өзінің танымын   ас-
қан шеберлікпен жеткізген.  
Түркілер өздерінің  ата-тегі қасқыр  деп  санағандығы жай-
лы  көптеген  ғалымдар  жан-жақты  пікірлер  білдірген.  Осы  қай-
ратты  да  ерікті,  айлакер  де  ақылды  түз  тағысы  жаулардың 
шабуылынан  қырғынға  ұшыраған  тайпаның  ең  соңғы  ұрпағы, 
кішкентай сәбиді желеп-жебеуші, асыраушы, құтқарушы болып 
танылған. Бағзы заманда түркі тайпалары қасқырды «Көк құрт» 
деп  атаған.  Мұндағы  «көк»  сөзі  «аспан»  және  «көк  түс»  деген 
мағына  береді.  Сонымен  бірге  аспан  құдайы  Тәңірдің  қасиетті 
символдық түсі көк түс. Ал «құрт» сөзі «құтқару», «аластау» ма-
ғынасындағы  қазіргі  түрік  тіліндегі  «куртулуш»  сөзінің  түбірі.  
Сонымен  қатар  «көк»  сөзінің  астарын   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет