Г. С. Балтабаева Тәуелсіздік кезеңіндегі


І Қазіргі қазақ прозасындағы ұлттық идеяның көркем



Pdf көрінісі
бет3/47
Дата19.12.2021
өлшемі1,57 Mb.
#103325
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Байланысты:
baltabaeva g tuelsizdik kezenindegi kazak prozasy
ҚАЗІРГІ-ҚАЗАҚ-ӘДЕБИЕТІ-конвертирован, my planner kony study
І Қазіргі қазақ прозасындағы ұлттық идеяның көркем 
бейнеленуі 
 
1.1. Прозалық туындылардағы әлеуметтік талдау 
 
Қазіргі қазақ прозасының көркемдік көкжиегі кеңейіп, ша-
ғын  жанр  әңгіме  мен  повесть  жанрының  болсын    шығармашы-
лық объектілері көбейді. Қоғамда  болып  жатқан  ұлы өзгеріс-
тердің  барлығы  да  қаламгерлер  назарынан    тысқары    қалмады. 
Сонау қайта құру кезеңінен  бастап,  еліміз тәуелсіздік алғаннан 
бері өткен жиырма жылдың ішінде қоғамдық-экономикалық өз-
герістер ел  өміріне    түбегейлі  бетбұрыс  әкелді. Мұның  өзі     ел 
өміріне,  халық  тұрмысына  үлкен  әсерін  тигізді.  Жаңа  өмірдің 
жаңа  тенденциялары өнерде, әсіресе  әдебиетте айқын көрінісін 
тапты.  Бұған  қайта  құру  кезеңі  әкелген  колхоз,  совхоздардың 
ыдырап,  шаруашылық  қожалықтардың  құрылуы,  кооперативті 
бизнестің  пайда  болуына  байланысты  қазақ  жерінде  сауданың 
дамуы (ала дорба асынған  комерсанттардың  өмірі) соның ішін-
де  қазақ  әйелінің  жаппай  саудаға  шығып,  комерциямен    айна-
лысуы тағысын  тағыларды атап  өтуге  болады. 
Қазақ    прозасының  тақырыптық    деңгейі    кеңіп,  кеңестік 
жүйе  кезіндегі  жазылмақ  түгілі  айтуға  болмайтын  «жабық»  та-
қырыптарға қалам тарту мүмкіндігі туды. Алдымен, халқымыз-
дың ұлттық танымын, рухын  көтеретін, өткеніне көз салған та-
рихи романдармен қоса қазақы ұлттық  мінезімізді, салт-дәстү-
рімізді әспеттеген әңгіме, повестер пайда болды. Қаншама жыл-
дар бойына қазақы болмысымызды  кеңес адамының  көлеңкесі  
көлегейлеп келген әдебиетте енді қазағым, елім, жерім деп еңі-
реген   ерлердің бейнесі келді. Сонымен қатар еліміздің әлеумет-
тік өмірінде қоғамдық-саяси  шешуші  рөл  атқарған  қазақ  та-
рихының  ақтаңдақ  беттері –1986 жылғы «Желтоқсан», «Семей-
полигон», «Ауған» тақырыптарына қазақ  жазушыларының  ер-
кін  шабыттана  жазуының  арқасында  біраз  сүбелі  еңбектер  
дүниеге  келді.  
«Дін-апиын»  деген  желеумен  кеңес  үкіметі  жылдарында-
ғы атеистік   идеологияның  кесірінен мүлде тиым салынған дін 
мәселесінде прозамызға исламдық сарынмен жазылған алғашқы 
прозалық шығармалар легі келді.  «Алланың  өзі  де  рас,  сөзі  


 

де рас» дегендей  қазақ  әдебиетінде Алла-тағаланы дәріптеп, са-
лауат  айтқан,  пайғамбарлар  мен  сахабаларды  құрметтеген,    пе-
ріштелер  өмірінен  үзік  сыр    шерткен,  адамзат  үшін  әлі    күнге 
дейін  жұмбақ,  тылсым  дүние  саналып  келген  жұмақ  пен  тозақ 
әлемі турасында бірқатар  көркем  дүниелер жазылды.  Күрделі 
ХХІ ғасырда өмір  сүріп,  мұсылмандық сенімге, Аллаға  бет  бұ-
рып, шариғат жолымен жүруге ниеттенгендік көбейгенмен, бұл 
тақырыпта  жазылған  шығармалар  саны  саусақпен  санарлықтай 
ғана. Бұған себеп, мұсылмандық білім мен шариғат жолына қар-
сы  саясат  қалыптастырған  бұрынғы  сыңаржақ  көзқарастардың 
әлі де басымдық алуы. Алайда, қазақ халқының табиғатындағы 
адамгершілік қағидалары ислам дінімен астасып жатыр. 
Қазіргі қазақ прозасындағы жаңа туындылардың бірі   
Ә.Асқардың «Өр Алтай мен қайтейін биігіңді» повесіндегі  әлеу-
меттік  талдау  пайымына  келетін  болсақ,  бірден  жазушының 
жазу стильдік ерекшелігіне тоқтар едік. Автор оқырман назарын 
шығармасының жұмбақ атауымен баурайды. Расымен бұл туын-
дыны оқып шыққан кез келген оқырман «Өр Алтай мен қайтейін 
биігіңді...» деп бір күрсініп ойға қалады. Өрлігі өз алдына, биік-
тігі  мен  байлығы  өз  алдына,  Алтайда  қазақ  ауылының  қара-
пайым  да  өзгеше  қоңыр  тірлігі  тереңнен  қайнап  шыққан  тұма 
бұлақтай мөлдір қазақы қасиет пен имандылықтан өрілгендей. 
«Өр Алтайдың төрінен қоныс тепкен төртінші ауыл қазақ-
тың құт қонған қасиетті мекенінің бірі еді.  
Баяғы үш  көшенің бойында жүз қаралы үй бар еді, қазір 
өрт тиген қамыстай селдіреп, одан да жетеу-ақ қалған» деп ке-
шегісі  мен  бүгінгісін  бір-біріне  қарама-қарсы  (антитезамен) 
қоюмен басталатын шығармада автор шегініске жүгінеді.  
Жазушының  ауыл  көрінісін  пейзажбен  суреттеу  шеберлі-
гін атап өтпеске болмайды. Өлі табиғат суретін тірілтіп, жандан-
дыра  көргенін  сүйсінте  қанаттандыра  жеткізеді.  Қарапайым 
ауылды  –  Алтайдың  айдарына  теңеп,  Ақшоқыны  адамша  қас-
қайтып,  оның  алқымынан  ала  домаланған  Талдыбұлақ  ауылға 
жеткен  кезде  арынын  басып,  сылаңдағанмен,  жартастан    құлап 
өкіріп жатыр. Кішкентай ғана өзенді адамша домалатады. Ары-
нын  басқан,  сылаңдаған  тұлпарға  теңеп,  ақырында  жартастан 
құлатып,  аюша  өкіртіп  тындырады.  Табиғат  −  ананың    әр  тыл-


 

сым  суретіне жан бітіріп, қан  жүгірту сол табиғатпен етене ба-
уырласып өскен, жаны бірге егіз болып кеткен қыл қалам шебері 
қас суретшінің ғана қолынан келері хақ. Бұл жерде автордың су-
ретшілік  өнеріне  жазушылық  суретерлігі  қоса  үндесіп  тұрған-
дығын атап өтпеске болмайды. Яғни, қылқалам шебері суретші-
нің көзімен қабылданған табиғат көрінісі, суреткер жазушының 
қолынан  ойнап,  құбылып  шыққан.  Бірақ  осындай  кермаралдай 
керілген табиғат ортасындағы ауыл ішін қотыр тайдың арқасына 
ұқсатып  жіберген.  Ойдым-шұңқыр,  қағылған  қада,  күйген  бө-
рене. Өрескел  қаптап кеткен қышыма мен кендірді шауып  ала-
тын адамы да  жоқ, жеп құртатын  малы да жоқ жетім ауыл су-
реті тым қайшы. Табиғаты қандай әсем болғанымен ауылы тым 
жүдеу.  Ал,  адамдары  қандай?  деп  авторлық  таныммен  сұрақ 
қояды да, оқырман ол сауалға осы  повестің өң бойынан жауап 
алып отырады. 
Егер ауылды қазақ халқының ұлттық қадір-қасиетінің баға 
жетпес  қоймасы десек,  күнен-күнге,  жылдан-жылға  қатарлары  
сиреп бара  жатқан  қазақ қарттарының алдыңғы қатарлы  өкіл-
дері сол   қадір-қасиетердің мәйегі,  ұлттық  философия мен пси-
хологияның  алтын діңгектері-тін.   
Ә.Асқар  ауылдың  әлеуметтік  жағдайының  жоғарыдан  – 
төмен  құлдырауын:  «Айдарлы  –  Коммуна  –  Төртінші  бригада» 
(«Төртінші ауыл») деп салыстырмылы түрде алады. 
Қарапайым екі ауыл адамының диалогы арқылы әлеумет-
тік шындықты суреттейді. Автор кейіпкерінің ауызекі сөйлеу тү-
ріндегі ойларын, кейіпкерінің болмысына сай бере білген. Алтай 
төріндегі  бір  кезде  айдарынан  жел  ескен,  төрт  құбыласы  сай 
болған  ауылдың бүгінгі мүшкіл халін суреткер сатылап көрсе-
теді. Кеңсе→ауылдың мектебі→дүкен→ дәрігерлік пункт жабы-
лады. Яғни, әлеуметтік градациялық жолмен тұрмыс тауқыметі 
бірінен  кейін  бірі  үдей  түседі.  Мұндай  ауыл    өмірінде  болып 
жатқан өзгерістерді ауыл адамдары әртүрлі қабылдайды. Автор 
кейіпкерлерінің ішінен Мелс мұғалімді ерекше бөлектеп сурет-
тейді.  Кеңседен  кейін  ауылдың  мектебі  жабылған  кезде  Мелс 
мұғалім  шыр-пыр  болып,  мектеп  үшін  ауданға  дейін  барып 
қайтты. Бәрібір онысынан дәнеңе шығара алмаған, амалы құры-
ған  ол  оқушылардың  соңғы  екеуін  өзі  жетектеп,  Мұқырдағы 


 

интернатқа  орналастырып  қайтты.  Дүкен  жабылған  кезде  де 
Мелс мұғалім тағы да ауданға  барып, дүкенді бәрібір  қайтар-
мақшы  болады. 
«Дүкеннен соң, арада бір ай өтпей жатып дәрігерлік пункт 
жабылды. 

 
Жо-жоқ, ағайындар, мені ұстамаңдар! – деді Мелс мұға-
лім бұл  жолы. – Мен енді барар жерге барамын. Конститутция 
бойынша  әрбір   азамат денсаулығын  сақтауға қақылы.  Сондай-
ақ, әнеу бір жылғы Совминнің қаулысы бойынша олар медици-
налық  көмекті  барынша  жақсарта  түсуі  тиіс.  Жақсартқандары 
сол, бұлар бар дүниені құртып, тасып жатыр етекке. Бұл – барып  
тұрған бассыздық! Бұның бәрін берідегі шолақ белсенділер жа-
сап жүр. Мен әріге барам. Ұстамаңдар мені!». 
Жазушының  әр  алуан  кейіпкерлерін  болып  жатқан  өзге-
рістерге  қатыстырып,  көзқарасы  мен  дүниетанымдардың  ерек-
шеліктеріне тереңдей бойлау шеберлігі арқылы әлеуметтік өмір-
дің  шындығы  ашылған.  Ол  тіл,  образ,  сюжет,  композициялық 
тұрғыдан тұтас өрілім түрінде берілген. Ауыл адамдарының па-
йым-түсінігіндегі моральдық-этикалық, адамгершілік-азаматтық 
парыз ұғымдарына авторлық  таным тұрғысынан келеді. Ауыл-
дың қалыпты тірлігін бұзып, адамдар жанына жарақат түсірген 
жағдайларды берудегі оқиғаны қоюлатып, үдете, үстемелете бе-
рілетін баяндаулар мен диалогтар енді сабырлы авторлық баян-
дауға  ұласады.  Мұнда  да  суреткердің  қарапайым  тіршіліктегі 
жандардың  жағдайына  көңіл  қоя  білмейтін  әлеуметтік  топтар-
дың психологиясын тұспалдағанын тануға болады.  
Жұртта қалған азғантай ауылдастары мұғалімнің бұл жол-
ғы  тілегін  орындап,  ұстаған  жоқ.  Бірақ,  ұстамағанға  лып    етіп 
кете қалған Мелс те болмады. Әне  барам, міне барам деп жүр-
генде қылышын сүйретіп қыс келді. Даяр  тұрған көлік те жоқ, 
қысты күні жол жүру бұл жақта қиямет шаруа. Не болса да  ақы-
ры артын күтіп, діттеген жерге көктемде бармақ болып бекінді. 
Қар еріп, көптен  күткен көктем келгенімен, Мелс мұғалім қала-
ға жиналатын  сыңай  танытпады. Ауылдастары «тегі  жер  ке-
уіп, жолдың ашылуын күтіп  жүр ғой» деп жорамалдады. Жаз да 
шықты,  Мелс  мұғалім  сонда  да  үнсіз.  Баяғы    тегеуіріні  қайда 
кеткені белгісіз, қойдан жуас, жылқыдан  торы  болып  қалыпты. 


 
10 
«–  Мелс  шырағым,  байқаймын,  шаруабасты    боп    қолың  
тимей  жүрген  секілді. Әлгі  айтар дүниеңді Сәлимадан айтып  
жіберсеңші,  бәрін    тындырып  бірақ    қайтсын?  –  деп  мұғалімге  
Қарекең  ақыл  қосты. 
Мұғалім «болмайды» дегендей басын шайқады. Неге бол-
майды, ол  жағын мұғалім айтпады. Кәрім  қайыра сұрамады». 
Автор  ақырын  ғана  кейіпкер  характерінің  шындығын 
жұмсақ юмормен береді. Басында алдымен облысқа барам, олар-
дың  қолынан  дым  келмесе  де,  Алматыға  барам  деп  кіжінген 
Мелс  мұғалімнің  ақырын-ақырын  басылып, аптығын  басуының 
өзінен  әділетсіздік  жайлаған  қоғамдағы  әлеуметтік  жағдайы  әр 
түрлі  адамдардың  ой-сезімімен  әрекет  сипаты  көрінеді.  Шын-
дық, әділдік деп қанша шырылдап, байбалам салғанмен,  құр бос 
сөзбен  ештеңе шығара алмай, ақыры  іштен тынатын, дәрменсіз 
кейіпкер  бейнесі  арқылы  әлеуметтік  шындық  ізделеді.  Ақыры  
жыл бойына  сынаптай сырғып көшкен әңгіме, бөскен әңгімеге 
айналып,  біртіндеп  ұмытыла  бастады.  Жұртта  қалған    жеті  үй 
тағдырдың  жазуына  үнсіз  мойынсұнып,  жаңа  жағдайға  тілсіз  
көндіге  икемделіп,    күйкі    тірлігін    жалғай  берді.  Бір  кездері 
азан-қазан  боп жататын базарлы  ауылдан  небәрі жеті  үй қалға-
нымен, осы жеті үйде тұратын сегіз отбасының басынан  өткер-
ген  қилы,  мұңлы  да  мұңсыз  тағдырын  автор  бір    повеске  жүк  
қылып артыпты. Жұртта қалған жеті үйдің  жыры да  жеті түрлі. 
Жазушы бір кездегі базары тарқамаған ауылдың қалай жетімсі-
регіне  тоқталып  өтіп,  ары  қарай  сюжет  желісін  өзгеше  өреді. 
Жетім ауылдың «шежіресі» іспетті болған әңгіме желісін жетім 
қыз  Сәлиманың    тағдырымен  қатарластыра  алып  суреттеумен 
жалғайды.  Бір  қарағанда,    әңгіме  Сәлима  қыз  туралы  болғаны-
мен, авторлық таным басқа ойды  меңзейді.  
        Автор ауыл жастарының қалаға  оқу  іздеп  кетіп, оқуға түсе 
алмаса да, қайтпай  қалада жұмыс істеп қалып қойып  жатқаны-
на  ауыл  қарттарының  көңілдері  толмауын  ақырын  ишаратпен  
береді.  Қалада  қайбір  жетіскен  жұмыс  дейсің,  көбінесе  құры-
лысшы болуларының өзін  құптамаған қарттардың диалогы  ар-
қылы  беріледі. 


 
11 
«– Қызық екен. Қолынан балта ұстау келмейтін, жазу-сы-
зуға ғана бейім бала  емес пе еді! Қалайша құрылысшы  болып  
жүр екен, а? 
- Байеке, оған  несіне  таңданасыз? – деді Мелс. 
Жазушының  осы  шығармасындағы  негізгі  арқау  –  қазақ 
қоғамының негізін құраған отбасылық ұғымнан ірілеу бірлестік, 
татулықтың  құт  мекені  саналған  ауыл  проблемасы.  Ауылдың 
ауыл болып қалыптасуына шаруашылылық, экономикалық шарт-
тар  ықпал  еткен.  Бұрын  бір  ауылдың  адамдары  көпшілік  жағ-
дайда бір рудың, бір тайпаның адамдары болған. Сонымен бірге 
бөтен рудың, бөтен тайпаның, тіпті бөтен ұлттың өкілдері де ба-
сында  «кірме»  болып,  соңынан  құдандалы-жекжаттық  қарым-
қатынасқа  түсіп,  ауылға,  қазақ  қоғамына  сіңісіп  кеткен.  Автор 
осындай  қазақи  ауыл  ұғымына  сүттей  ұйыған  түрлі  ұлттардың 
санасындағы дүниеге көзқарас, өзгерістерге қарым-қатынасы ар-
қылы барлау жасаған.  

 
Таңданбай  қайтейін,  «Егер  алматылықтар  біздің 
Қанатжанға өздерінің тұрар үйін, қара шаңырағын сеніп тапсы-
рып  жүрсе – олардың жағдайы  мәз болмағаны. Апырмай,  қолы  
іс  білетін, балта ұстай  білетін  біреулер  табылмады ма  екен?»  
–  деп  автор    кейіпкерлерінің  ауызекі    сөйлеу    тілін  жұмсақ 
юмормен  беру  арқылы  қарапайым  ауыл  қартының  ұлттық    та-
нымы  мен    психологиясын  айқын    көрсете    білген.  Жазушы 
ауылдан кеткен жастарды  кетті  деп  сөгеміз, ал  осы ауылдың  
отына  күйіп,  суығына    тоңып  жүрген  Сәлиманың    жетіскені  
қайсы.  Ата-анадан  бір  айрылып  жетім    қалса,  құрбыларының  
қатарынан    қалып,    не    сырласар  дос,  не  өмірлік    жар  таппай,   
сыңары  жоқ  қыстап қалған жетім қоңыр қаздай қоңыр да бұйы-
ғы тірлік  жасап  жатыр» деген ойлар арқылы авторлық  таным  
ауылға  жастарды    қалай  қайтарудың  амалын  іздеп,  ауылдағы 
жастардың жағдайын жақсартудың  әлеуметтік  өзекті  мәселе-
лерін көтеріп  отыр.  
Шығармада  жекелеген  адамдар  тағдырын  суреттей  оты-
рып, қоғамның, заманның күнгейі мен көлеңкесіне көңіл қояды. 
Алақандай  ауылдағы әр түрлі  тұрғындардың  тіршілік  тынысын 
тап басып, қарт пен жастың, әйел мен еркектің, өткен мен бүгін-
нің арақатынасын зерделейді. Ауыл адамдарын хат-хабармен та-


 
12 
быстырудың  өзінен  бақыт  тапқан  Сәлима  бейнесі  туған  топы-
рақтың  киесін  сезінетін  жан.  Ол  ауылдан  безген  өзінің  тұрғы-
ластарын  кәналаудан  аулақ.  Қайта  оларды  мақтан  тұтады.  Су-
реткерлік  шеберлік  те  осы  тұстан  танылады.  Көкірек  толы  ар-
манының  іске  аспауына  ауылды  кіналағанымен,  ауылдан  кете 
алмайтын  Ақдәулет  мұғалім  тағдыры  да  әлеуметтік  астары 
терең образ. Жалпы жазушы Мұқыр ауылы адамдарының сана-
сында  болып  жатқан  үлкенді-кішілі  өзгерістерге  терең  үңіле 
отырып, жалпы әлеумет шындығын астарлаған. Қоғам   назары-
нан тыс  қалса да, алланың кең пейілінен кенде  қалмаған жұды-
рықтай ауылдың  өгей тірлігі пошташы Сәлима  қыздың  пайы-
мымен берілген. 
Қоғам назарынан тыс қалған Алтай түкпіріндегі бір ауыл-
дың өмір суреттері арқылы,  түрлі адам образдары арқылы мәні 
терең  ойлар  тұспалданған.  Шығарманың  «Өр  Алтай  мен  қай-
тейін биігіңді...!» деп  аталуының өзі өмірге енген жаңалық пен 
оның ауылға жетуінің арасындағы алшақтықты айқындап тұр.  
Орталықтан  тысқары  жатқан  кішкентай  ауылдың  тыныс-
тіршілігін  тап  басып  көрсететін  қаламгер  әрбір  өзгеріске  жеке 
тұрғынның көзқарасы арқылы үлкен әлеуметтік ойды меңзейді. 
Қазақтың  құт-берекесінің  бесігі  болған  ауыл  өмірінің  кері  өз-
герісі, ауыл баласының ата жұрттан безініп, өзіне жайлы қоныс 
іздеуі үлкен символикалық жүк көтеріп тұр. Шығарманың атауы 
мен  «Өр  Алтай,  мен  қайтейін  биігіңді»  сол  мекен  тұрғындары-
ның  тұрмысы  мен  ұлттық  болмысы  керағар  сипатта  алынған. 
Қазақ  тарихының  көне  куәсіндей  Ә.Асқар  тұрғындарының  осы 
халге жетуіне не себеп деген ойға қалдырады. Өркениеттің дәс-
түрлі  өмірі  мен  арақатынасын  үйлестірмесе  ауыл  мәдениетінің 
тоқырауға ұшырайтындығы қарапайым еңбек адамдарының пси-
хологиясына  терең  бойлау  арқылы  ашылған.  Әлі  де  жоғарғы 
жақтан биліктегілерден жақсылық, ізгілік күту, шарасыздық пен 
мәжбүрлік, өз тағдырын өзі шешуге тұрмыс тауқыметінің ауыр-
лығы адам жанының жалғызсырауына алып келеді. Қалаға кетіп, 
өз бетінше өмір сүруді ойлаған Қанаттың құрылыстан өзге жұ-
мысқа  жарамауы  да  көп  нәрсені  аңғартады.  Жалпы  зерттеу  ба-
рысында  шығарма  өзегіндегі  бүгінгі  қазақ  ұлты  үшін  ең  өзекті 
мәселе болып отырған атажұртқа, туған қонысқа сүйіспеншілік, 


 
13 
ауыл  мен  қала  өмірінің  алшақтық  мәселелері  жан-жақты  тал-
данды. 
Әлеуметтік  өмір  шындығы  Б.Қанатбаевтың    «Ескі  жұрт» 
әңгімесінде де шеберлікпен беріледі.  
«Жыңғылдының балықшылары ескі қонысты тастап ел ор-
тасына – аймақтың арғы басына ауысып қонған». Каспий теңізі 
аумағы,  Ақтау  маңы.  Ұлболсын  кемпірді  ағайындары  көшіріп 
алғысы  келсе де  ол  үш  үй  ғана  тұратын  ескі  жұртын  қимайды. 
Тұрғындар  кілең  кәрі-құртаң:  құныс  шал,  Ұштап  атты  кемпір, 
әңгіменің аяғында оны да қызы мен күйеу баласы көшіріп алып 
кетеді. Автор қазақтың ұлттық мінезін Ұлболсын кемпір образы 
арқылы  береді.  Қазақтық  –  ол  туған  жерге  адалдық,  аруақты 
сыйлау, жадпен өмір сүру, жаны қиналса да туған, үйренген ме-
кенін айырбастамау. Балықшылардан қалған жер көзге елестей-
ді.  Бұл  тұста,  автор  шынайы  суреткер.  Ол  жасанды  мінезді  өз 
кейіпкерлеріне таңбайды. Ұлболсын шалы мен шиеттей кезінде 
шетінеген үш баласының төмпешік болып жатқанын, дүниедегі 
ең  қимасына  санайды.  Әңгімеде  Ұлболсынның  жұма  күнгі  иіс 
шығарып,  аруаққа  құран  оқытуға  зиратқа  барғаны  суреттеледі. 
Ол  бұрын  шалы  барда  бейқам  болатын:  «Шалы  барда  ұйқысы 
бір  қанбаушы  еді».  Енді  міне,  өткенмен  өмір  сүру  пешенесіне 
жазылған екен. Асыранды ұл Қоныс ержеткенмен өз жөніне кет-
ті.  Келінді  кемпір  бір-ақ  рет  көрді.  Есек  пен  мысық  бұл  ескі 
жұрттың тұрғындарының қатарында, кемпір мысықты да ес кө-
реді.  Дүние  өзгеріп,  ұрпақ  ауысқандағы  құндылықтардың  құн-
сыздануын көрсетеді автор. 
 Әңгімедегі жалғыздық тақырыбы биік адамгершілік идея-
сын  ұлықтайды.  Орыс  прозасында  Валентин  Распутин  тәрізді 
жазушылардың  прозасында  ғаламдану  дәуірінде  ескі  жұртта 
қаңырап  кәрілік  қана  қалатынын,  келешек  жоқ,  өткен  күннің 
елесі ғана барын керемет суреттелген.  
К.Сәттібайұлының  «Жылқыбай  жездемнің    сақалы»  әңгі-
месінің   астары бүгінгі ұсақталып кеткен қазақ қоғамының бей-
біт күнгі  мінез-құлқы.  «Осының  бәрінің  артында,  әрине, қабат-
тасып    асыра  жамандау  деген  албасты  мен  асыра  мақтау  деген 
аяр жүреді. Мен білсем, ақын атам, «дүниедегі қиянаттың бәрін 
де,  міне,  осы  екеуінен басталады»  деп  тұр».  Автор  қоғамда  әб-


 
14 
ден  белең  алған  жағымпаздықты  әшкерелейді.  Әңгімедегі  ай-
тыскер ақын атанған  Жылқыбайдың сақал қоюы кәдімгідей қы-
сыр сөзге айналды, ол кейбіреуге жақпай  қалып, сан-саққа жү-
гіртті. 
Жазушы қазақтағы ескілік қалдығын юмормен беруге ше-
бер.  «Біздің  айдың-күннің  аманында  үш  төбеге  бөлініп  отыра-
тын  ауылымызға  сол  «Сақал  сүргінінен»  аман-есен  жеткендер-
дің біреуі Жылқыбай жездемнің иегін сағалап еді, міне, әлгі той 
мен қазада үш төбеге бөлініп, берілген сый-сияпатқа көңілі тол-
май  қарадай  қыңырайып  жүретін  ағайындарым  оны  да  көп  кө-
ріп, сыпсыңдай бастады», – осы мәтіндегі үш төбеге бөліну – қа-
зақтың  үш  жүзге  бөлініп,  протекционизмге  ден  қоғам  трайба-
лизмін  тұспалдап  тұрған  тәрізді.    Шығармада  қазақтың  бүгінгі 
күні  суреттеледі.  Қазақ  қызын  қытай  жігіті  алған.  «Қытайдың 
қазымыр  баласы  қазақшаға  шорқақ  болса  да,  үш  төбенің  ба-
сында үш күн сайын жиылып, өзді-өзінің ұраны мен ұланын ай-
тып,  мақтанудан  басқа  түк  бітірмейтін  ағайындарымның  аузын 
топайдай  ғып  бір  сұлуына  үйленіп  алды.  Кәсібі  –  сауда».  Осы 
Вань-Цзыға Жылқыбай қайнаға болды. Бұл
 
да
 
бір
 
өмір
 
шындығы.  
Әңгіменің идеясы қазақ ұлттық тұтастығына зияны тиетін 
майда-шүйде қылықтарын малданып жүргенде («... біздің үштө-
беліктер (төбе-төбе деп бөліне берген соң Жылқыбай екеуміздің 
қойып алған атымыз ғой) батыспен де, шығыспен де әлдеқашан 
андаласып  үлгерген.  Бұрын  орыс  келін  мен  неміс  күйеубалаға 
бет  шымшитын  апаларым,  қазір  африкалық  абысындарының 
«амбициясына» да үйренген. Ол жазғандар да анда-санда ат са-
былтып келіп тұрады. Мынау қақсаған ханзу бала да әлгі жам-
паздар шошып жүрген үдерістің біздің ауылға тән бір сипаты», – 
яғни жаһандану деген жалмауыздың қазаққа да ауыз салуын жа-
зушы  жеңіл  қалжыңмен  айтады.  Туындыда  дін  тақырыбы  да 
әдемі  қозғалады.  Мұса  пайғамбардың  бір  мінезін  баяндау  реті-
мен  қойылған,  бүйректен  сирақ  шығарғызып  зорлап  жамалып 
тұрған жоқ. 
Жылқыбайдың жанынан мейірімділік шуағы  еседі. Ауыл-
да  өмір  сүретін  зиялы  дегісі  бар  автор  Жылқыбайды.  Ендеше 
оның  қарсыластары  да  төңірегінен  табыла  қалуы  заңды. 
Жылқыбайға жұлдызы қас – Балғабай. Жылқыбаймен айтысады 


 
15 
Балғабай  себебі  ол-дағы  ауыл  ақыны  ғой.  Екеуі  шарпысып-ақ 
қалады сахнада. 
  «Жақында  Балғабай  мектепке  деректір  боп  тағайындал-
ды. Жылқыбай жездем де біраз жүгіріп еді, бірақ аудандық білім 
бөліміндегі  сірескен шенеуліктер  «сақалыңды күзеп  кел,  сосын 
көрерміз» депті. «Көрерміздің» ар жағы шығарып салма сөз еке-
ні айтпаса да түсінікті ғой. Қазір ауылдағы білім мен руханият-
тың басы, көзі, құлағы һәм мұрыны – Балғабай.» 
Осы Балғабайды  ұрсып қарсы алатын аудандық білім бө-
лімінің  бастығының  шұлығы  тесік  екен.  Ауылға  келгенде,  на-
мазға тұрғанда мұнысы көрінді. Шынтуайтында бұл да бір ны-
шан,  жазушының  көркем  образды  жасау  тәсілі.  «-  Шұлығын 
жөндеп  кие алмай жүрген мәнжүбас, ел-жұрттың ой-өрісін қа-
лай  көтерсін,  -  деп  күрсінді»  –  бұл  Жылқыбайдың  балдызына  
назаланып  айтқан бір ауыз сөзі күллі әңгіменің астары мен сал-
мағын көтеріп тұрғаны анық.  
Қазақ қоғамының өркениеттің көшіне ілесе алмай, жақсы 
мен жаманның, асыл мен жасықтың арасын бөліп, ажырата ал-
май жүргенін жазушы ұлттық жоғалтуға теңгереді. Ұтыла бере-
тініміз  де  сол  жақсы,  құнды  дүниелерді  өз  деңгейінде  бағалай 
алмай,  соның  себебінен  қоршылыққа  ұрынатынымыздан.  Ұлт-
тық идея бұл әңгімеде өте бір нәзік һәм сырты юмор, іші зар ас-
тыртын ағыстармен көркем берілген. Мынау әңгімедегі оқиға – 
қазақтың  әр  ауылының  басындағы  хал.  Жазушы  мұны  шебер 
жеткізе алғаны хақ.  
Т.Шапайдың  «Домбыра»  әңгімесінде  автордың  дүниені 
қабылдау сезімі тұнық, нәзік иірімдерге толы мұңымен көңіл ау-
дартады.  Домбыра    жансыз  зат  деген  ұғым  жоқ  онда.  Әсіресе, 
ұлттық  дүниелерге  ерекше  елжіреп  тұрады.  Онысы  қазақтығы-
ның  кепілі  дерсің.  Кейіпкердің  домбыраға  сағынышы  мистика-
лық сипат алған. Үйіндегі екі домбыраны ол ескі мен жаңаның 
мәңгілік  тартысы,  дилемма  ретінде  алған.  Шығарма  сюжетіне, 
көркем  тартыс  барысына  тың  тыныс,  көрікті  бояу  қосатын  да 
осы этнографиялық  детальдар. Кейіпкер шеберден домбыра жа-
сап бер деп сұрағанда, ол әнші домбыра ма, күйші домбыра ма 
деп  айырып  сұрайды.  Бұл  екеуі  де  деп  қалады.  Расымен  сары 
домбыра ерекше әуезді үнді болып шықты, шапқан сайын зыр-


 
16 
лаған Құлагер текті домбыра. Ең кереметі, жаңаға бауыр басқан 
сайын ескі домбыра құлазыған тәрізді болады, семіп бара жатты 
дейді.  Бұл  ненің  белгісі?  Қазақ  халқының  ұлттық  құндылықта-
рының символы. Жаңа әлем кеулеген сайын, модернизация мен 
ғаламдану молынан  енген сайын ескі дүниелер керексіз болып, 
ысырылып  қала  береді.  Руханиятта  да  солай.  Жаңаның  кейде 
құны жоқ, бірақ оны мүдделі адамдар істейді, сондықтан ескіні 
шедевр болса да уақытша болсын  лақтыруға бейім тұрады.  
Кейіпкер домбыраны үнемі жалғызсырап жүретін алыста-
ғы досына арнатып жасатқан. Өзі оны қолына ұстағанда шабыт 
кернейді:  «Күнде  жұмыстан  соң  саусақтарым  шымырлап, 
бойымды  зарық  буып,  үйге  асығамын».  «Саусақтарым  перне 
қуалай, көсіп сауғанда, жалғанның жарығына ең бір елеусіз, та-
тымсыз дыбыстың өзін қалт жібермей алып шығатын сезімтал-
дығы қандай!». Автор бұл жаңа домбыраны «тылсым, аққу мо-
йын домбыра» деп атайды. Жаңа домбыраға ескі домбыра қара-
ма-қарсы тұрғандай: «дүмі жарық», «қаңсып қалған шанақ үміт-
сіз,  жарықшақ  дауыспен  мағынасыз  қаңқ-қаңқ  етті.  Домбырада 
күй  жоқ  еді».  Автор  ескісіне  еміреніп,  оны  текті  деп  атайды. 
Тектілік  бұл  контексте  қазақтықтың  синонимі.  Қазақтықтан 
алыстаған  сайын  тектілігімізден  де  арылып  бара  жатқанымыз 
ащы шындық. Мынау прагматизм меңдеген ессіз дүние өз таң-
дауын жасады. Әңгіменің идеясы осы. Т.Шапайдың барлық әң-
гімелерінде  лықсыған  мұңнан  көз  ашырмайтын  булығу  бар. 
Оған  жалғыздықты  түп  қазық  қылған  гротеск  қосылғанда  тіпті 
үдеп кетеді. 
Бұл әңгімедегі домбыра − тұлға. Ол зат емес, адам бейне-
лі. Жазушының табысы осы. Домбыра − ұлттық ұғымның сим-
волы.  Жалпы  ұлттық  әдебиет  –  ғасырлар  куәсі,  бабамыз  бен  
кейінгі  ұрпақтың  жан   сыры,  келбеті. Ұлтық болмыс, ұлттық  
рух, эстетикалық  күрделі  құбылыс  кейіпкер  сипатына  елеулі  
әсер  етті.   
Жазушы  Қ.Түменбайдың    «Қобыз  мұңы»  әңгімесінде  де  
ұлттық  таным  пайымымен  жазылған  туынды.  Мұнда  автордың 
баса  назар  аударатыны  жалғыздық  мәселесі.  Жалғыздық  сипа-
тын  өзгеше  көрсету  үшін  онда  әкелі-балалы  екі  ұрпақ  өкілінің 
көзқарас  алшақтығы  негіз  етілген.  Қала  мен  дала  дилеммасы 


 
17 
көне  заманнан жалғасқан,  Гилгамеш  туралы  эпоста  да  бар. Да-
лада өскен қазақ урбанизация – қалаға шоғырлануға көшті. Да-
лалық  болмыстың  аяғына  тұсау  түсті.  «Қобыздың  мұңы»  –  қа-
зақтың ұлттық шері. Таршылыққа басын салып, асфальтта өскен 
ұрпақтың  санасы  жоғалды.  Бірақ  ішінде  бірен-саран  тектінің 
тұяқтары өз болмысын жоғалтпауға тырысты. Әңгіме кейіпкері 
жас қыздың аты Бэла. Ол әуелде скрипканы оқиды. Желтоқсан 
көтерілісі кезінде оның ұлттық рухы оянады, ол скрипкадан же-
ріп, қобызға ауысады. Әңгіменің екінші кейіпкері қыздың әкесі 
Хайдар  Алпамысов  органда  істейді.  Қызы  мен  әкесі  екі  түрлі 
болмыс. Бір қанның екіге жарылуы. М.Мағауин таңбалаған жар-
мақ жаратылыс, ұлтсыздану зардабы. Қыздың әкесі жаны қала-
маса да өз қанынан безінуге мәжбүр. Ол бастық, бұйрыққа бағы-
нады. Әкесі кофе ішеді, коньяк жұтады, қызының кенет қобызға 
ғашық болғанына наразы. Әкесі қобызды жамандағанда еуропа-
лықтың  эстеттігімен  күстаналайтын  тәрізденеді:  «Бақсылар 
тартқан.  Ескіліктің  қалдығы.  Екі  аяқтың  арасына  қысып  алып 
тартады.  Скрипканы  мойныңа  тигізіп...  как  красиво.  Қобыздың 
тілеуі жаман дейді». Қыз болса қыл қобыздың күңіренген үнінен 
марқұм анасының үні құлағына келеді. Бэлаға скрипканы Крепс 
деген кемпірді жалдап үйреткен.  Бірақ ол жат кемпір қазақ қы-
зына  бір  жібімей  кетті.  Қыз  «Отырар  сазы»    ұлт-аспаптық  ор-
кестрінен  соң  қобызды  жанына  балайды.  Уақыт  желтоқсан  кө-
терілісінен  соңғы  ызғарлы  кезең.  Қазақтықты,  ұлтқа  етене  тән 
дүниелерді  айтуға  болмайды.  Бэла  қобызды  қоғамдағы  қысас-
тыққа  қарсы  төтеп  беру  үшін  сүйіп  таңдайды.  Әйтпесе  жанын 
жеген жалғыздыққа  төзу қиын. Әкесінің бас құрамай жүргені де 
жанына батады. Автор Бэла сияқты адал сүт емген қыздар ұлт-
тың анасы болуға лайық екеніне мегзейді. Қызы тартқан қобыз 
сарынынан  әңгіме соңында әкесі жылайды. Отанына оралу, жа-
дын жаңғырту киелі қобыз бейнесі арқылы беріледі, ол бабалар 
рухы.  
Автордан көркемдік деталь ретінде алып отырған қобызы 
–    халқымыздың  ұлттық аспаптарының  ішіндегі  ең  көне  аспап. 
Х-ХІ ғасырларда өмір сүрген Қорқыт ата дәуірінен бері қылқо-
быздың сарыны үзілмей келеді. Қылқобыз – екі ішекті, ыспалы 
музыкалық  аспап.  Жалпы,  ұлттық  аспаптардың  ішінде  қобыз 


 
18 
үнге  бай,  киелі,  қасиетті  деп  танылады.  Сонымен  қатар,  қанша 
ғасырлар қойнауынан жетсе де қобыздың бұрынғы түрі мен қа-
зіргі түріндегі үні бір сарынды. Себебі, оның ішегі ықылым за-
маннан бері жылқының қылынан тартылып келеді һәм ысқышы 
да қыл. Оның қылқобыз аталуы да сондықтан. 
Әсілі, қобызға ұқсайтын тері тартылған аспап Қытай мен 
Кореяда да бар. Бірақ, олар қылдың орнына темір ішектер сала-
ды. Сондықтан, олар қазақтың қобызындай қоңыр үн бермейді. 
Қылқобызды  халқымыз  киелі  аспап  ретінде  қастерлейді.  Қазақ 
қобыздың  үні  шыққан  жерге  жын-шайтан  жоламайды  деп 
ырымдайды.  Ертеде  бабаларымыз  қобызды  төріне  іліп  қойып, 
бақсыларға  оқытатын  болған.  Ондай  ырым  қазір  де  кездеседі. 
Яғни,  бұл  әңгімедегі кейіпкер жалғыздығы ұлттық  сипат  алуы-
мен  де  құнды.  Ұлттың  жанына  түскен  зардаптар  аңғартылады. 
Шығармада желтоқсан оқиғасының лебі бар. Мысалы: әңгімеде 
шынайы  образдар  эпизод  арқылы  болса  да  айтылады:  Қасен 
Қожахмет пен Қайрат Рысқұлбеков. Отаршылдыққа деген – өш-
пенділік  пен  тәуелсіздікке  сүйіспеншілік  сезімінен  туған  рух 
күші шығарманың әлеуметтік айқын бағдары. 
Әдебиеттің  ұлттық  сыр-сипатын, өзіндігі  мен  өзгешелі-
гін   танып,   таразылауда ұлттық мінез мәселесін аттап өте ал-
маймыз.  Н.Дәутайұлы  қазақтың  қабырғалы  қаламгері,  соңғы 
кезде прозаның кіші жанрына  жиі қалам тартып жүр. Жазушы-
ның  «Айғыркісі»  атты  көлемді  әңгімесі  ұлттық  идеяның  алтын 
қазығын айналшақтап шықпай  қоюымен, қазақтықтың жараты-
лысын сүйіп жазуымен де дараланып тұрған әңгіме. 
Әдетте қазақ «кісікиік» деп айтады, ендеше мынау құлақ-
қа  тосын естілетін  «Айғыркісі»  автордың  өз  олжасы,  өз  дүние-
танымы. Жылқы культі бұл әңгіменің жаны. Жылқы бар жерде 
ұлттық рух асқақтайды. Жылқы мінсе қазақ қалыбын сақтайды. 
Жаяу  қазақ  –  жартылай  қазақ,  қазақтығын  жоғалтуға  шақ  қал-
ғандай қиналады. Атақты Жаяу Мұсаның әні соның куәсі. Әңгі-
менің  сюжетіде  бір  әулеттің  өмір  сүру  пәлсәпасы  арқылы  ұлт-
тық идеяның түп негізі, қайнар көзі ашылады. 
Есқұл шал ескіше өмір сүреді, құлынды бие байлайды, қы-
мызын ішеді. Жайлау  бар жерде мал өсіп-өнеді.  


 
19 
Мал  – қазақтың  тіршілік  көзі.  «Қойнауда  суы  мөлдіреген 
жылға бар. Айналасы көкорай шалғын. Соған биесін таң азанға 
дейін жайып алады. Кешелері колхоздың жылқысын талай жыл 
бағып,  талай  күндерін  түн  күзетіп  өткізіп,  түзге  түнеуге  дені 
ауып қалған адам емес пе, көкорайы көз жауын алатын қойнау-
дың тымық түндегі кәусар ауасын сіміріп жатудың өзі пейіш», – 
деп басталатын әңгіме ә дегеннен кеңдікке үйіріп әкете жөнеле-
ді.  Кеңідікке  құштарлықтың  өзі  қазақы  философия.  Түз  адамы 
Есқұл далаға түнеуді сүйеді. 
«Құдайдың  пенделерінің  кез  келгенінің  кеудесінде  осын-
дай бір төбесінде жарық сәулесі қалың қойнау болса ғой, шіркін, 
дейді. Кез келгенінде», – бұл Есқұл шалдың дүниеге көзқарасы, 
қазақтығы.  Ал  әңгімедегі  зұлымдық  тарататын  кейіпкер  – 
Бұлди. Бұлди – мещан, нағыз тоғышар, дүниеқоңыз, осы заман-
ғы бай. Байлығын қай сордан тапса да Бұлдиға бәрі бір. Ол аға-
сы Есқұлдың мынау кеңдік туралы сөзін күлкі қылады, жұлдыз-
ды түнді Бұлди қайтсын.    
Есағам қойнауға биесі  мен бірге түнеп жүріп қиялиға ай-
налып барады, болмаса мынау алақандай кеудемізге қойнау тү-
гілі,  ішек-қарнымыз  зорға  сиып  жүрген  жоқ  па,  демесін  бе...» 
Есқұл  зират  басынан  қаратөбел  айғырды  көрді.  «Е,  құдай  деп 
қалды. Е, құдай мынау.... Иә, сол «Айғыркісі» ғой», – иесін іздеп 
келген  жануар  аза  тұтып  тұрғанын  Есқұл  отағасы  өз  көзіне  өзі 
сенбей тұрса да көрді.  
«Айғыркісіні»  Бұлди  Таластың  иен  түкпіріндегі  қырғыз 
ауылына сатып жіберген-ді. Қашып келген жылқы. «Жануардың 
іздеп  келіп  тұрғаны  шын  иесі  –  Жалғас  боздақ».  Жалғас  –  осы 
ауылдың  бай  адамы  –  Бұлдидың  құдайдан  тілеп  алған  жалғыз 
ұлы.  Есқұл  енді  кенеттен  есіне  ескіні  түсірді,  бір  ойды  бір  ой 
қозғайды. « Аң-таң. Әлгі... Кісі сенетін нәрсе ме? Сонау, сонау 
бала кезінде бір қария бұған «Әй,балам, дүниені білгің келе ме, 
дүниені  білгің  келсе,  дүниенің  кісі  сенетіні  көп,  сенбейтіні  аз» 
деп  еді»  Есқұлдың  ендігі  ойы  ашаршылықтан,  соғыстан  соңғы 
күйзелістен  енді  шыққан  елдің  қуаншылықтан  еңсесі  түсті. 
Әулиеге  жүгіңді  ел.    Әулие  елдің  тілеуін  тілеп,  өзі  сол  жолда 
құрбан болғанын Есқұл өз көзімен көрді. «Әулиенің қаракөк кө-
зінің мөлтілінен жалғыз түйір жас сорғалып түсті. Рақымшылы-


 
20 
ғыңа жаным  құрбан, жаратқан!»    Әулиенің  аузынан  ұшқан жа-
лын (ол енді оның жаны шығар) көкте бұлт болып оратылды, ол 
бұлттың  соңы  селге  айналады.  Әулие-қария  отырған  жерінде  о 
дүниелік болып кеткенін ел көзімен көрді. Байқасаңыз,  жылқы 
–  құдайдың  құдіреті  –  әулие  –  ел    ырзығы  деген    ұғымдар  бұл 
әңгімеде түйдектеліп тұр.  
 Автор осы бір қасиетті ұғымдарды кезекте, біртұтас беруі 
әсте тегін емес – бұл қазақты ел қылып сақтауға ұлы қызмет ете-
тін  ұлттық  идеяның  алтын  қазығы.  «Айғыркісі»  –    жылқының 
аты. Жалғас жабағы тай кезінен батпақта батып жатқан жерінен 
тауып  алады.  Жалғастың  өзі  де  13  тердегі  жас  өспірім,  мына 
тайға сүйіспеншілігі оянады. «Тек төбелі  ерекше екен. Дөңгелек 
емес,  жаңа  туған  ай  секілді»  –    Есқұл  ағасы  сонда  таң  қалған. 
Әңгіменің трагедиялық желіге құрылуына автор ынтызар тәріз-
денеді.  Жалғасты  автор  «Жалғас  боздақ»  деп  атайды,  жол  апа-
тынан  жастай  өлген  қазақ  баласы  ашкөз  әкесі  Бұлди  қырғыз-
дарға қыруар ақшаға сатып жіберген Айғыркісіні – яғни сүйген 
атын іздеп бара жатқанда мерт болды. 
 Жігіттің  әкесі  Бұлди  осы  мезгілсіз  қазаның  айыпкері. 
Бұлди  –  бір  түрлі  қызық  есім,  әсіресе  ер  адамға  жараспайды. 
Кемпірдің аты сияқты. «Құдайы бергенде әйелі де өзіне сай кел-
ген нағыз жер тесер пысықтың өзі болып шыққанын көрмейсің 
бе» – автор Бұлдиды «жер-тесер» деп отыр. Қап тесер тышқан-
дай  ұрының  бір  түрі,  елді  жеп  байыған,  ыңғайын  келтірген 
ауылдың  алыпсатары.  Бұлди  сол  имансыздығы  үшін  зорға  де-
генде көрген жалғыз ұлдан айырылды. Бұл әңгіменің моральдық 
түйіні. «Бұлди байлыққа сол кезде бата бастаған. Ақшаның буы 
жаман  екен.  Жаман  болғанда  біреудің  байлығынан  біреу  қара-
дай  ығып  тұратын  болып  шықты»  –  жазушы қазіргі өмір  шын-
дығын  тап  басып  айтып  отыр.  Ежелгі  нудейлер  сияқты  алтын 
баспаққа табыну заманы енді туды. Дүниені ақша билейді.  
Қазақы идеяны автор осы тәрізді трагедиялық қалыпта бе-
руді хош көрген. Ең асылың балаң, яғни ұрпағың, жылқы – сол 
ұрпағыңның айнымас рухы мен жаны, жылқыдан біртіндеп айы-
рылған қазақ сол рухтан қоса айырылады. Жазушының көкейін 
тескен  осы  ой.  «–Жылқының  қасиеті  сыртқы  тұрпатында  емес, 
жүрегінде. Анау кеудеде алапат шабысқа лайық алып жүрек со-


 
21 
ғып тұрмасына кім кепіл»  деп жауап береді малсақ Есқұл көзі 
ақшадан басқаны көрмейтін, жас тайды қорашсынып: «–  Мына 
құлпетке ме?» деп менсінбей, ұлының көңілі ауғанын ұқпай сөй-
леген Бұлдиға. 
 Жылқының  қасиеті  жүрегінде  болса,  қазақтың  қасиеті  де 
сол жүрегіне қонған өлеңінде. Жылқы мен қазақ бұл әңгімеде – 
синоним  бір  символға  айналған,  Бұлди  үшін  жылқы  да  ақша, 
онда  бұл  байшікеште  басқа  миссия  жоқ  тәрізді.  Қып-қызыл 
ақша. Ал әңгімедегі Жалғас ұлттық идеяны жүрегінде сақтаушы 
халықтың өз ұлы болып кейіптелуі тағы заңды. «–  Қазақ түгел 
қалаға  көшіп  кетпейді  ғой  көке.  Ауылсыз  да  қазақ  бола  ма? 
Қазақ дегеніміз, дала мен ауыл емес пе. Өзім солай ойлаймын, – 
деген  сосын.»  Жалғас  әкесі  Бұлдидың  алыпсатарлық  бизнесін 
жалғастырғысы  келмейді.  Ол  немере  ағасы  Есқұлға  сырын  ай-
тады, расы, бұл оның арманы: «Мен жаңа ауыл саламын, көке». 
Жалғастың бұл сөзі ненің нышаны? Жылқыны құрту  – қазақты 
ұлт  есебінде  құрту  деген    астарлы  ойға  жетектейді.  Шындық 
өмір басқаша шешеді, сірә, енді артқа тарих дөңгелегі айналма-
сы анық. Өкінішті болғанымен  солай.  Ауылдың күні батып ба-
рады.Урбандалу  қазақты  еңсеріп  келеді.  Жалғастың  беймезгіл 
қазасы осы ойға нұсқап тұр. Әңгімеде бір эпизод бар. Бұл әрине, 
жазушының Айғыркісінің бағасын асыру үшін өзі ойлап тапқан 
әсірелеуі, гипербола.  
Сол  ауылда  бір    жас  келін  босана  алмай  қиналғанда  бір 
адам сенбес жайт болады. «Есік ары қарай шалқасынан ашылған 
үйге жарты денесіне дейін кіріп кеткен айғыр кісінегенінен құ-
лақ тұнып, сонымен бір мезгілде шар еткен бала даусы да шық-
ты». Қазақтың ұлттық санасы ғой бұл. Батыр туса эпос пен ерте-
гіде, оның аты да қоса тумаушы ма еді.«Құдайдың құдіреті мы-
на айғырың да кісі екен ғой» деп қалмай ма», - бұл бір шалдың 
аузынан оқыс шыққан сөз. Содан жылқы Айғыркісі атанды. Ав-
тордың  негізгі  сүйгені  де  осынау  жылқы  жануары  тәрізденеді. 
Жалғас – оның серігі.  
 Айғыркісінің  бейнесін  дәріптеу  үшін  жазушы  әңгімеде 
тағы  бір  гиперболаға  барған.  Жалғас  төбеден  құлап  мертігіп 
жатқанда, үйірін үйіріп әкеп, иесінің тілеуін тілейді. «О, құдай-
дың  құдіреті  жиырма  шақты  бие  түгел  құлын  тастап  кетіпті». 


 
22 
«Үйірімен  таң  атқанша  Жалғастың  тілеуін  тіледі,  амандығына 
құлындарын құрбан етіп кетті...». Бұл әрине, сендірмейді. Жыл-
қыны кісі, адам қылуды автор мақсат тұтқан соң солай.  
«...адамның  құрбандық  қасиеті  жылқыға  ауған  ба,  адам-
дағы  кісілік  айғырға  қалай  көшкен?  Адамы  көп,  киелісі  аз  кез 
бе,  бұлардың  сүріп  жүрген  ғұмыр  –  дәуірі»  -  бұл  риторикалық 
сауал  автордың  толғанысы.  Айғырды  кісіге  балау  әңгімеде  жиі 
ұшырасады. «Үркектемейді. Жөнсіз секектемейді. Жүріс, тұры-
сы кербез, бекзада кейіп. Сірә, текті.». 
Әңгімедегі  ұлының  антиподы  әкесі.  Жалғас  пен  Бұлди 
екеуі екі түрлі қалып. Ол ұлына уағыз айтады: «баяғы деген өт-
кен-кеткен сүйегі қурап қалған нәрсе. Қайта келмейді. Бүгінмен 
бол.  Кімде  дәулет  бар,  бүгін  соныкі.  Дәулет  сөйлейді,  дәулет 
ұтады, дәулет озады. Дәулетің бар ма, ештеңені көктегі Құдай-
дан да, жердегі адамнан да сұрамайсың. Түгел, пішту!» Есқұлға 
Жалғас әкесінің бұл сөзін жеткізді. Бұл бір Бұлдидың емес, қа-
зіргі заманғы көкейін ақша тесіп, санасын тұрмыс билеген мил-
лиондаған қазақтың сөзі. Ұлттық жаратылысын жатсынған, жат 
тұлыпқа емінген, қоғам шындығын нақ осы деп кесіп-пішкен қа-
зақтың  шындығы  осы.  Авторлық  концепция  да  осы.  Есқұлға 
Бұлди немере іні. Жаны түршікті бұл сөзден. Бірақ жазушы мұ-
ның  бір  Бұлдиға  ғана  тән  дүниетаным  емес  екенін  жүрегі  қан 
жылап пайымдайды. Бұлдилар көбейіп барады, ішкен, жегеннен 
арыға барғысы да жоқ. Содан болар, жазушының көркемдік жан 
әлеміндегі мынау тосын құбылыс: «Жылқы баласын адам мола-
сына әкеп, аза тұтқызды». Бұлди  – дәулетіне сеніп, Құдайға да 
тәуелді  емеспін  деп  шалқақтап  жүргенде,  жалғыз  ұлдан  айы-
рылды. Себебі, Бұлди сияқты дәулетке мас, тоғышар, арсыз жан-
дарды тек осылай тоқтатуға болады деп есептейді жазушы.  
Айғыркісі Жалғастың моласына келіп өледі. «Кенет құла-
ғына  дауыс:  өмірлерің  осылай  өте  берсе,  сендер  Жалғастан, 
«Айғыркісіден»  ғана  емес,  тұтас  өздеріңнен  айырыласындар 
түбі, - дейді. – Жақсы үміт – арманның  иесі мен киесін сақтай 
алмаған жұртың көретіні – ақырзаман!» Бұл жазушының жан да-
уысы. Ұлттық идея – әрі жан дауысы, екеуі қат-қабат орамдалу 
арқылы берілген. 


 
23 
Айғыркісінің өлуі де мистикалық құбылыс ала келеді, жа-
зушы  ақыр  аяғына  шейін  гиперболаны  сақтауға  мүдделі:  «Ма-
мырдың  күнінде  ауылды  аққар  басып  қалыпты.  Беті  мұздақ. 
«Сұмдық-ай!  –  дескен  жұрт,  -  Мұндайды  көрген  кім  бар?  Үсік 
ұрды биылғымыздың бәрін. Бұ несі?!..». Әңгіменің соңы осылай 
аяқталады.   
Жазушы  М.Мәжитовтің  «Әкім  сайлау»  атты  әңгімесі  – 
қазақ қоғамының бүгінгі күнгі шындығын  дөп жазған шығарма. 
Қазақтың жаман мінезі, қоғамды жаулап алған тамыр-таныстық, 
сыбайлас жемқорлық, арлап-арбау бұл әңгімеде аса бір әсерлен-
бей, өз қалыбынан шықпай, өмірден қалай алынса, солай, нақты 
суреттелінеді.  
Аудан әкімінің өзі сол елдің басы бүтін қожасы. Яғни, ең 
шұрайлы  жер,    байлық  көзін  өзі  ым-жымын  білдірмей  басып 
алуға толық құқы бар арам  –  осы әкімдер. Олар да тірі пенде. 
Жазушы    Қалықбайдың  Қайнар    ауданының    әкімі  болып    та-
ғайындалғанына    үшінші  жыл    өткен  кезінен  әңгіме  бастайды. 
Шаруасын  енді  дөңгелентіп,  ауқаттылардың  санатына  іліккені 
сол еді,  «Әкім сайлауы өтеді екен» деген хабар дүңк ете  түсті». 
Қалықбай   әкім    –     типтік бейне.  Қазіргі   қазаққа  біткен  
әкім-қаралардың  күллісінің  жиынтық  бейнесі    десек,  қателес-
пейміз. Жеке үй, жанға  рахат  айналасы, Джип, жерді  меншік-
теп алу, мал,  қаржы, т.б. бәрін де  бұл  адамдар  қамтып алған. 
Әкім  қандай    болса,  оның    төңірегіндегі    адамдар    да    сондай. 
Қыл  аяғы,  Қалықбай  әкім   болса, ол  бар-жоғы  2-3 жыл  ғой, 
ал келіншегі Зағипа  да  нағыз әкімнің әйелі. Оның «апама жез-
дем сай» екенін меншіктеп алған мал-мүлікті «Джипті», үй-жай-
ды, өзі алған қызмет – балабақша меңгерушілігін тездетіп боса-
туды, бәрінің өңін айналдырып, өздерінен аластатып жібер, өз-
генің атына жаздырып қой деп күйеуіне ақыл  қосуы. Зағипаның 
айласы – Қалықбайдың пайдасы, екеуі бір жұп, отбасы. Күйеуі-
нің осал тұстарын біледі, алдын ала сақтандырып отырады бұл 
айлалы сұлу келіншек. Ақыры Қалықбай Бектұров сүттен ақ, су-
дан  таза  кейіппен  орынтағында  қайта  қалады.  Оның  үстінен 
Президент  Әкімшілігіне  жазылған  шағым-арызды  негізсіз  деп 
табады іс тексергенде.  Аудан әкімі неге орынан қозғалмай қал-
ды?!  Жемірлігі  болса  да,  неге  ақталды,  неге  қолдау  тапты? 


 
24 
Жауап  өте қарабайыр. Аудан әкімдері өз кезегінде облыс әкім-
дерінің  қызметшілері,  солардың  бабын  табушы.  Әңгіменің  ба-
сында  облыс  әкімі  аудан  әкімі  Қалықбай  Бектұровқа  телефон 
соққанда: «Солай, сонан соң әнеугі айтқанды тездетіп бітірші, - 
деп әкім трубканы қойып жіберді».  
Бұл не тапсырма екенін бір құдайдың өзі біледі. Дәлірегі, 
параның  бір  түрі,  қызмет  қылу,  іс  бітіру,  материалдық  игілік 
көзі. Яғни, кішісі үлкенін жарылқайды, үлкені кішісін қорғайды. 
Сыбайлас  жемқорлық.  Әңгімеде  құдайды  ойлап  жүрген  ешқай-
сы жоқ. Бірақ осы бір қулық, сұмдық, ұрлықтың, жемқорлықтың 
жымын білдірмей жіберетін  монтанылық бір  түрлі  ашу-ыза  ту-
дырмайды. 
Қалықбай  әкім  тіпті  жағымды  бейне.  Оны  бірыңғай  жек-
сұрын  дей  алмаймыз.  Жазушы  М.Мәжитовтің  ұтқан  тұсы  да 
осы. Біздің қоғам жаппай осылай күн көріп жатыр. Қара халық-
тың, қалың бұқараның көрген күні осы. Бармақ басты, көз қыс-
тылық, өтірік ақпарат, өңін өзгерту, жағымпаздық пен екіжүзді-
лік  нормаға  айналғалы  қашан.  Жазушы  осының  бәрін  айқын, 
бүлдірмей, мақтамен бауыздап қана көрсетеді. 
Мынау  қазақ  –  бүгінгі  талтаңдап  жүрген  Қалықбайлар  – 
қазір көп. Олар кәдімгі шенеуніктер мен әкімқаралар армиясын 
құрайды.  Бұл  процесске  тіпті  еш  шара  жоқ.  Себебі  біздің  қо-
ғамда  адалдық  –  ақымақтықтың  синониміне  айналғалы  қай  за-
ман. Автор мұны шынайы суреттей алған. «Мәслихат хатшысы 
Қойшыбай  Қалықбайды  сүріндірудің  күні-түні  неше  түрлі 
тәсілін ойлады. Әуелі бойындағы адами кемшіліктерін тізіп, со-
нан  соң  ішіп-жегендерін,  аннан-мыннан  алғандарының,  бәрін 
бүге-шегісіне  дейін  көрсетіп,  Астанадағы  Президент  Әкімшілі-
гіне  хат  арқылы  дереу  жөнелтті».  Бірақ  бұл  адамды  автор  қол-
дамайды.  Қалықбайды  сол  күйінше  қалдырады.  Неліктен?  Се-
бебі  бұл  Қойшыбай  Қалықбайдың  орнына  әкім  болып  келсе, 
одан бетер жейді. Автор мұны оқырманға әлдебір тұспалдармен 
ұқтырады. 
Осындай  авторлық  таным  Ш.Құдайбердіұлының «Алты  
әңгімесіндегі» «Пан-Жи-Зан хан» атты  әңгімесінде  кездеседі: 
 
 


 
25 
         «Қараса, өңкей кедей, пақыр екен, 
         Ол қала да астықтан тақыр екен. 
         «А, құдай, жандаралдың басын кескіз», – 
         Деп жылып дұға  қылып жатыр екен. 
 
        Оңашада бір шал отыр есік жақта, 
        Хан соған жақын келді байқамаққа. 
        Оның қылған дұғасы елден бөлек: 
        «А, құдай  жандаралды, – дейді, – сақта». 
 
        «Жандарал жүз елуге келсін! – дейді. 
        Жасартып тағы да өмір  берсін, – дейді. 
        Бұл  өлгенмен келеді және біреу 
        Онанда осы-ақ ұлық  болсын», – дейді». 
ХХ  ғасырдың  басындағы  Ш.Құдайбердіұлының    шығар-
масындағы сюжет желісі ремиссенция  әдісімен ХХІ ғасыр  про-
засында өз жалғасын тауып отыр. 
Жазушы ұлттың бүгінгі болмыс-бітімін осынау шағын әң-
гімесі арқылы шынайы бейнелейді. Құдайға сыйыну жоқ адамға 
табыну,  басшыға  жағыну  үстемдік  алған  елде  осы  тақілеттес 
жайт болуы заңды. Әрбір жердің әкімі – сол елдің пұт құдайын-
дай сезінеді өзін.    
Р.Отарбаевтың «Американың ұлттық байлығы» әңгімесін-
дегі әлеуметтік сарын қарапайым ауыл  тірлігі арқылы беріледі.  
Аңшы  Қапардың  үйіне  қыдырма  Жетес  келеді.  Ол  бірді  бірге 
соғады. Аңшының алаңсыз тірлігін бұзып сөйлейді. Бұл әңгіме-
де  қазақта  ұлттық  идеология  жоқтығы  күлкілі  оқиға,  бір  бол-
машы ситуация арқылы ашылады. Сарказм мен гротескінің  көр-
кемдік  ролі  жоғары.  Аңшының  үйіне  келген  сәттегi  Сырдың 
суын  сирағынан  келтiрмейтiн  Жетестің  әңгімесі,  ауылдың  күн-
делікті  күйкі  тірлігінің  мәселелерін  құйысқанына  қыстырмай, 
әлемдiк  мәселелердi  қозғап  кететiн  кездерi  әдемi  юмормен, 
ұтымды диалогтармен берiлген.  
Ал, мұндайда көңiлiне күдiк ала бастайтын оның тыңдау-
шысын  (Қапарды)  жазушы:  «Қапардың  мына  сөзден  кейін  м-
азасы қашып, ішіне үрей  жүгірейін деді», – деп суреттейдi. Мұ-
нан  Қапардың  Жетестей  емес  момын,  iстiң  артын  бағатын, 


 
26 
секемшiл, қорқақ жан екенiн көремiз, шибөрі жөнiндегi әңгiме-
ден  тартыншақтанып,  сақтанып  отырғанын,  яғни  характердегi 
ерекшелiктердi аңғарамыз. 
Осылайша,  әңгiме  кейiпкерлерiнiң  ой-толғаныстары,  мi-
нез-құлқы  мен  көңiл-күй  ерекшелiктерi  нақтылы  ситуациядан, 
сыртқы жағдайдан туындап жатады. Олардың рухани дүниесiн-
дегi  сiлкiнiс,  ақтарылған  сезiм,  шарықтаған  қиял  бiр-бiрiмен 
байланыса  келiп,  кейiпкер  жанының,  характерiнiң  диалектика-
сын, сезiмдер қозғалысының суретiн жеткiзетiн әдемi өрнек құ-
райды. Тiптi, осы процесте кейiпкердiң рухани дүниесiндегi, ха-
рактерiндегi  өрлеу  мен  әлеуметтік  шындықты  көрсету  үстiнде 
бүгiнгi шығармаларымызда аз кездесетiн үлгiлердiң – гипербола 
элементтерiнiң  ұшырасуы  бұл  әңгiменiң  тәуiр  табысы,  бағалы 
тәжiрибесi деп ашық айтамыз. Мұның өзi гипербола элементте-
рiнiң тек ауыз әдебиетiнде ғана емес, бүгiнгi прозамызда да қол-
данылатындығын  жаңа  шығармашылықпен  пайдаланған  жағ-
дайда орасан зор қызмет атқарғанын көрсетедi. 
Мысалы: «- Ойбай-ау, сенен  шибөріні аяп отыр дейсің бе? 
Қарақан  басыңды қарап отырып қып-қызыл пәлеге шырмап  ал-
ғаныңды айтам-ау!  – Мақұрым  екенсің, ендеше, шибөрінің та-
рихын тыңда. Техникасы мен адамы көбейген соң, Американың 
жері  тарлық  етіп,  осы  шибөріні  Азия  мен  Африкаға  әкеліп  жі-
берген. Азия  дегенің тұп-тура осы Қошалақ. 
- Ал  сосын. 
-  Африкада  бір  тайпа    көсемінің  аяқ-қолына  кісен  салып 
жатып:»  Сендерге  сеніп  жіберген  ұлттық  байлығымызды  ит-
рәсуә еткіздің. Көздеріңе көк шыбын үймелетеміз. Құл  ретінде 
кереметсіңдер,  ал,  адам  ретінде  түк  қасиеттерің  жоқ»  деп, 
Қапеке-ай,  әлгінің  көзіне  істікпен  шұқығанда  төбе  шашың  бар 
ғой, бір тұрып, бір  жатады. 
Қалың  жыныс  ішінде,  әр  шоқалдың  түбінде  өріп  жүрген 
мақұлықтың есебін айдалада отырып қайдан білген? 
Космостан!  Сенің  башпайың    қимылдағанға  дейін  төбең-
нен  үңіліп  айнадан  көріп  тұр.  Бар  байлығын  хаттап-шоттап 
отыр. Әне. Әйтпесе, соншама ақша шығарып дүркін-дүркін кеме 
ұшырып,  олар  аспаннан  нағашысын  іздеп  жүр  дейсің  бе? 
«...Бетіне жел  боп  тиген Саадам  Хусейіннің өзін інге  тығылған  


 
27 
қарсақтай шақылдатып суырып алғанда оның  жанында сен кім-
сің?  Жалғыз  вертолетпен  келеді  де  «Давай  Капар»  дейді, 
«Давай, киін» «Шибөрінің шын иесі кім екенін білмей жүр екен-
сің,  Карабаевіш.Тоқ    беретін  столға  таңайық.  Тірілей    үйтіліп 
қал. Ищь ты! Саудаң тамам!» дейді Тоба, тоба!» . 
Мұнда  ауыз  әдебиетiндегi  үлгi  сол  күйiнде  қайталанбай-
ды, бұлардың арасында үлкен сапалық өзгешелiк бар. Айталық, 
Тайбурылдың  шабысы  гипербола  түрiнде  тiкелей  суреттелсе, 
соңғы үзiндiдегi әрекет драмалық жағынан күшейiп, үдемелi си-
пат алып отыратын оқиға  кейiпкер қиялы, эмоционалды көңiл-
күй  арқылы  берiледi.  Эпостық  жырда  Тайбурылдың  шабысын 
әсiрелей  көрсететiн  гипербола жыр  әсерiн күшейте  түсуге  қыз-
мет етсе, соңғы әңгiмеде ол кейiпкер қиялының шарықтаған сә-
тiн, кейiпкерлер басындағы психологиялық күйдi (көтерiңкi кө-
ңiл-күй)  жеткiзуге,  сол  арқылы  характер  ашуға  қызмет  етедi. 
Эпостық жырда құтан  мен  Қарабай, құлан  мен бұлан,  алты ай-
шылық  жер  тiлге  тиек  болса,  «Американың  ұлттық  байлығы» 
әңгiмесiнде  Америка,  Африка,  Азия,  космос,  Саадам  Хуссейін, 
секiлдi  бүгiнгi  күннiң  атаулары,  бүгiнгi  ұғымымызға  тән  тер-
миндер  адамдар  есімі  қолданылады,  яғни  эпостық  жырмен  са-
лыстырғанда,  жазушының  дүниетанымындағы,  қабылдауында-
ғы, ойлау жүйесiндегi өзгерiстер шаш етектен. Бұларды жақын-
дастыратын  жалғыз  нәрсе  –  сыртқы  әрекеттiң  әсiрелей,  күшей-
тiле көрсетiлуi. Мысалы: шибөріні Африка мен  Азияға (соның  
ішінде  Қазақстанға)  ешкім  әкелген  жоқ,  ешкім    космостан 
кімнің  не  істеп    қойып    отырғанын,  яғни  Қапардың    шибөріні  
атып  жүргенін  көріп, бақылап  отырған  жоқ, бұның бәрi жай 
шартты  суреттеу,  кейiпкер  қиялының  жемiсi,  шындығында  бұл 
Қапардың  қабылдауындағы  iшкi  әлемiндегi  арпалыс,  сезiмдер 
шарпысуы,  эмоционалдық  көңiл-күй  ғана.  Мұның  өзiн  шығар-
машылық  шеберлiкпен  пайдалана  бiлген  тұста  гипербола  эле-
менттерiнiң  бүгiнгi  әдебиетiмiзге  де  әдемi  ажар  беретiнiн,  бү-
гiнгi прозамызға да табиғи түрде кiрiгетiнiн көрсетедi. 
Р.Отарбаевтың бұл әңгiмесi, кейiпкер характерiн сомдауда 
әңгiме  жанрында  сирек  қолданылатын  гипербола  әдiсiн  пайда-
ланған.  Осы  гипербола  әдiсi  арқылы  автор  Қапар  психология-


 
28 
сының  құбылмалылығы  мен  характерiнiң  табиғатын  анық  көр-
сетiп бейнелеп берген. 
«  -  Аллам-ау,  -  деді  амалы  таусылған  аңшы  үні  тозып, 
мұржаға  сүйене  кетіп.  –  Шәуіл  –  деген  жаман  шибөрі 
Американың ұлттық байлығы болсын. Мен сонда Қазақстанның 
кімімін? Өкпесіне тебер өгеймін бе? Бұ дүниеде жиғаным, о дү-
ниеде  иманым  бұйырмай  кететіндей  сұрауым  жоқ  па?  Оң  қол 
қиянатқа жүрсе, сол қол арашаға ұмтылмас па. Бұл ел  –  ел ме, 
әлде ашық-тесік жатқан мал қора ма?..» . 
Жазушы  шибөрі  мен  ел  мен  халықты  психологиялық  па-
раллелизмен  қатар  қойып  салыстырады.  Өркениетті  саналатын 
елдерде ит екеш иттің өзі заңмен қорғалады. Кез келген аң-құсы 
есепте. Ал бізде ше? Бізде керісінше емес пе деп торығады автор. 
Шығарманың атауын «Американың ұлттық байлығы» деп  
ала   отырып,  бір   елдің   ұлттық   байлығы шибөрінің   жағдайы 
анадай  болса,  ал    біздің  ұлттық    байлығымыз  ел-жұрт,    халық  
емес пе? Сол  Тәуелсіз  Қазақстанның негізгі   ұлттық байлығы-
ның жағдайы қалай? - деген  астарлы  сұрақ  қоюмен  аяқтайды 
әңгімесін. Суреткердің  қасқыр мен  түлкінің ортасынан шыққан 
жаман  шатаның, бөрідей  азуы, айбаты, түлкідей айласы жоқ – 
шибөріні  шығарма өзегіне  алуы  тегін емес, бұл  жерде  мәселе  
шаталықта,  шалалықта    болып    тұр.  Көк  түріктің    бөрісі  емес,  
қайдағы  бір  тегі жоқ бөрі тұрмақ қасқырдың  тырнағына таты-
майтын Америка  елі  ұлықтайтын  шибөріні енді  келіп қазақем 
де    құрметтеу  керек    екен.  Шата    шибөрінің  бейнесінде    қазақ 
жерінде    тұрып  жатқан    қазақ  емес    ұлттарды    әсіре  төбемізге  
көтерудің тұспалы бар. 
Суреткердің  шығарма  атауында үлкен мән бар, бір  елдің  
ұлттық  байлығы көк түріктің  көк  бөрісі емес,  қасқыр тұрмақ 
шата шибөрі болса, ал біздің тәуелсіз Қазақстанымыздың ең үл-
кен, ең негізігі ұлтық  байлығымыз  ел-жұрт, халықты  кім  қор-
ғайды деген  әлеуметтік  астары  бар  сұрақты  қоя отырып, жа-
уап таппай қиналады.  
М.Мағауиннің  «Ұлт  аралық жанжал»  атты  туындысының 
қаны қазақ, рухы қазақ сүйсініп оқитын шынайы әңгіме екендігі 
көркемдік қуатының кемелділігінен көрінеді. Шығарма тұтастай 
сатиралық фон, емеурін, тұспал, символ, күлкі қатар өріліп оты-


 
29 
рады.  Күлкі  болғанда,  гротеск,  ирония  –  ащы  әжуа.  Әңгіме                
2001  жылы  жазылған.  Тәуелсіздіктің  екі  жылынан  соң  Ұлттар 
достығы  ассамблеясы  құрылмай  тұрып-ақ  кемеңгерлікпен  ал-
дағы істі болжаған қаламгер меңзейтін мәселелердің мәні терең. 
Ұлтқа төнген қауіп-қатерді зердемен сезген жазушы тұспалмен 
меңзеу арқылы уақытынан көп бұрын сезігін сездіре білген. 
Классикалық  әдебиетте  саяси  сатираның  тамаша  үлгілері 
мол. Автор тартынбай-ақ қазақтың арқасына батқан келеңсіздік-
терді  жаны  шырқырап  ашық  айтады.  Орыс  әдебиетіндегі 
Салтыков-Щедрин мен Гогольге тән кеңдік пен шындап арқылы 
қалам  сілтеу  арқылы  кейіпкерлері  кәдімгі  қарапайым  жұрттың 
тағдырына  алаңдайды.  Бүгінгі  күнгі  өмір  шындығын  жайып 
салады. 
«Алматының  күнбатыс  бетінде,  қала  шетінен  қозыкөш 
жерде  Рахман-Ата    ауылы  бар.  Алатаудың  жазылма  етегіндегі 
ойпаң  ұйық.  Ауасы  хош,  суы  мол,  топырағы    құнарлы.  Қысы 
шуақ,  таза,  жазы  самалды,  шыбын-шіркейсіз.  Ең  бастысы  –ты-
ныш» деп басталатын әңгімедегі Алматы маңындағы кішкентай 
Рахман-Ата ауылы расында Қазақстан мемлекетінің моделі.  
Әңгіменің  басында-ақ  автор  өзінің  танымын  айқындау 
үшін  «жол»    мотивін  таңдап  алады.  Осы  бір  мейманасы  тасып 
тыныш жатқан қоңыр ауылға автобус көбіне уақытылы келмей, 
кейде тіпті қатынамай да  қояды. 
«…Сондықтан,  айрықша  табанды  біреулер  болмаса,  көп-
шілік жұрт не жоғарғы, не  төменгі үлкен  жолға  қарай қысы-
жазы, жаяу-жалпы шұбырып  жатқаны» деп қаламгер анда-мұн-
да  өтініш  жазса  да  ешқандай  нәтиже    шығара  алмаған,  ауыл  
тұрғындары  көрші  Дружба,  Интернационал,  Ивановка  сияқты 
ауылдарға  неге  дұрыс  қатынайды  деп  таңданады.  Жол  –  еге-
мендіктікпен бірге, әлеуметтік жағдайдың символдық рәмізі бо-
лып,  «Рахман-Ата    ұрпақтары  қолды  бір-ақ  сілтеп,  өздерінің 
жаяу жүрістерін одан әрмен  жетілдіре түсті дейді».  
Қандышеке  Жылтырбас, Масаев,  т.б.  деп  саяси  тұлғалар-
дың
 
сарказмдық есімдерін сарказмдік сипатта береді.1991 жылдан 
бастап өзге жұрт жаппай тарихи отанына  көше бастады. Ауыл-
дан  төрт  орыс  кеткенде  «Рахман-Ата  ауылы  тостаған  соғысты-
рып, буыны босап айрылысты». Неміспен де солай. Ауылда тегі 


 
30 
белгісіз Марат Мирзо... бірнеше жұрнақты ныспысы бар әлдекім 
отбасымен кілең қазақ арасында жалғыз қалды. Өзінің кім еке-
нін ол өзі де білмейді. Әбден құтырған  Марат көршісі Қанаттың 
жерін тартып алады, өз отбасына алуға болатын игіліктің бәрін 
алады.  Сол  арсыз,  қу,  сұмырай,  мейманасы  тасыған  тексіз 
Маратқа намаз үйреткен аю болған, жөнге салып, тәубесіне тү-
сірген, шаңыраққа қара деп әкесін танытқан, өзі түрмеден орал-
ған тентек Текебай оны «қырық сідік» деп дәл атайды. Осында-
ғы Мараттың бүкіл болмысын айқындайтын «қырық сідік» тір-
кесінің астарлы мағынасы терең. Ол осы тектес адамдар мінезі-
нің жиынтығы.  
 «Анау  Марат  сияқты  бұралқыны  төрге  шығарудың  зар-
дабын көрсету» – әңгіменің идеясы, бұл енді ұлттық идеология-
ға айналуы тиіс, ұлтаралық келісім дегенді желеу етіп, ата жұрт 
иелерінің  бөтендерге  есесі  кете  беруінің  қаупін  алға  тартады 
автор.  
Тілді,  елді,  рухты  қорлағысы  келіп,  менсінбеу,  қазақтың 
кеңдігін  ұдайы  бас  пайдаларына  пайдалану,  қазақтың  қашанда 
ерен төзімділігі, балақтағы биттің басқа шығуы – бәрі, бәрі ерек-
ше сатиралық құлшыныспен, асқан елшілдікпен жазылған! Осы 
нысанаға дөп тиюі де соның құдіреті. Әңгімеде иронияның ора-
сан зор қуаты тұр. Мақтамен бауыздайды. Қоғамдық шындыққа 
қылдай қиянат жоқ. Әлеуметтік сарынның айқын даусы жер жа-
рады.  Қазақ  прозасына  осы  тектес  намыс  пен  жігер  жетіспей 
жүргенде, бір кісі мыңға татыды. 
«Ал,  қазақ...  тәуелсіздік  алдың  енді  атаңның  басы  керек 
пе? Ел иесі екеніңді қашан ұғасың?» – әңгіме соңы осылай аяқ-
талады. Оқыған жанның  ұлттық намысының оянуына түрткі бо-
латын  бұл  риторикалық  сауал  саналы  әрбір  қазақ  жүрегіне  ой 
салады. Демек, ұлттық идея қазіргі прозамызда жанама сипатта 
көркемдік мән иеленеді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет