163
ХХ ғасырдың басындағы орнаментальді прозаның сөз қол-
дану ерекшелігінде негізгі құрылым-монтаж болып табылады.
Монтаждың міндеті прозаны қайталау бірнеше сюжеттің
желінің мәліметтерін береді. Бүкіл романның өн бойындағы ор-
тақ символдың «жел»,-дүниенің өзгермелі сипатын береді.
Орнаментализмді белгілі бір автордың шығармашылығын-
дағы экспрессиялық жоруын мысалы көрінетін лирикалық про-
заның стильдік сипаты ретінде де қарауға болады. Мұндай ли-
рикалық прозада тілдік орнамент мәтіннің белгілі бір бөлігіне
ғана қатысты болып, мұнда ол жекелеген әдіс қана емес барлық
туынды үшін конструктивті маңызды қызметтерді атқарады:
Мыс: Әр түрлі лейтмотивтік жасалымды сана қабылдауы поэ-
зиясы тұрғысынан бейнелеу кейіпкерлер көзқарасын жалаңаш-
тау, көп мағыналы мәтіндік мағына астарын ашу, сөз қызметінің
күшеюі, автобиографизм.
Айшықты прозаның прозаның көріністері фольклордан
бастап, «Күлтегін», «Тоныкөк» жазбаларынан, жыраулар мен
«Зар-заман», Абай поэзиясынан және ХХ ғасырдың басындағы
Алаш әдебиетінен байқалады.Ең алдымен орнаментальді проза-
ға халықтың аса талантты қаламгерлері ғана бара алғандығына
көз жеткізуге болады. Осындай жаңаша жолмен ғана ол талант-
тар өзінің шығармашылық, мәнін айқындап, қандай да бір сырт-
тан тоқылған шарттарға, бөгеттерге тосқауыл қоя білді.
Орнаментальді прозаның негізгі белгілерін саралай оты-
рып Л.А.Новыков «орнаментальді прозаның аса мәнді белгілі
жалпы сипаттарының көрінуін меңгеру жағынан ұқсағанмен, әр-
бір жазушының өзіндік бітімі бөлек құбылыс болып табылады»
Қазіргі қазақ прозасында айшықты прозаның үлгілерін
М.Мағауин, Т.Нұрмағамбетов, Д.Әшімханов, Т.Шапай, А.Алтай,
Г.Шойбекова,Д.Амантай шығармашылығынан байқауға болады.
М.Мағауин әңгімелеріндегі ерекшелік − композициядағы
ішкі ырғақтың жасалымы. Мысалы: «Енді міне, жаңа жыр та-
былды. Коммунизм!
Достарыңызбен бөлісу: