|
БЕКІТЕМІН
Қарағанды облысы білім беруді
дамытудың оқу-әдістемелік
орталығының басшысы
Г.Ш. Қожахметова
«_______»__________2015 ж.
|
Жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу бойынша «Ерекшеліктер әлемі» облыстық үздік видеоролик байқауының
ережесі
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы ереже жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу бойынша «Ерекшеліктер әлемі» облыстық үздік видеоролик байқауының (әрі қарай–Байқау) мақсатын, міндеттерін, ұйымдастыру ретін, оның қатысушыларына қойылатын талаптарды, қатысушыларды бағалау критерийлерін, қорытындыларын шығару және жеңімпаздарды марапаттау тәртібін белгілейді.
1.2. Байқау орта, техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдардағы жоғарғы сынып оқушыларымен бірге педагогтердің, бірінші курс студенттерімен бірге оқытушылардың кәсіби-шығармашылық әлеуетін жандандыруға, тәрбие беру ісінде тиімді пайдалануға бағытталған.
1.3. Байқаудың мақсаты:
- қоғамда саналы шыдамдылықты және радикалды идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру;
- Қазақстан Республикасында 2013-2017ж.ж. арналған діни экстремизм және терроризмге қарсы әрекет ету бойынша Мемлекеттік бағдарламаны білім беру ұйымдарында жүзеге асыру;
- тұлғаның шығармашылық, рухани мүмкіндіктерін дамыту, имандылық пен саламатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру;
- білім беру ұйымдарында діни экстремизмнің алдын алу бойынша жұмыстардың тиімділігін арттыру;
- діни экстремизмнің алдын алу жұмыстары бойынша тәжірибе алмасу;
- әдістемелік материал жинақтау.
1.4. Байқаудың міндеттері:
- қоғамда саналы шыдамдылық және радикалды идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыруда белсенділік танытатын орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы талантты педагогтер мен тәрбиеленушілерді анықтау;
- оқушылардың креативтілік деңгейін дамыту және оқу-тәрбие үдерісін байыту;
- орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің шығармашылық, іскерлік белсенділігін ынталандыру және кәсіби шеберлігін арттыру;
- орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің жұмысындағы инновациялық әдістерді анықтау және тарату.
1.5. Байқаудың ұйымдастырушылары мен құрылтайшылары Қарағанды облысының білім басқармасы, Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы.
1.6. Облыстық байқаудың әзірленуіне және өткізілуіне Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы басшылық етеді. Мекен-жайы: Қарағанды қаласы, С.Сейфуллин көшесі, 8/2. Байланыс телефоны: 8 (7212) 50-61-16, е-mail: umc_ro_karaganda@mail.ru.
2. Байқауды ұйымдастыру
2.1. Байқау 2015-жылдың 16-ақпанынан 2015-жылдың 16-наурызына дейін өткізіледі.
2.2.Байқауды ұйымдастыру, қорытындыларын шығару үшін ұйымдастыру комитеті және қазылар алқасы құрылады.
2.3. Ұйымдастыру комитеті байқау туралы ақпаратты тарату, шығармашылық жұмыстарды байқауға жіберу мерзімін белгілейді, қазылар алқасының жұмысын қамтамасыз етіп, Байқау жеңімпаздарын марапаттаудың нысандары мен тәртібін белгілейді.
2.4. Байқаудың қорытындысы 2015 жылдың наурыз айында «Ізденіс» газетінде және www.umckrg.gov.kz. сайтында жарияланатын болады.
3. Қатысушыларға қойылатын талаптар
Байқаудың өткізілу шарттары
3.1. Байқау қалалық, аудандық орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында өткізіледі және оған атқаратын лауазымына, жасына және біліміне шектеусіз, жұмыс өтіліне қойылатын талапсыз жоғарғы сынып оқушыларымен бірге педагог қызметкерлер, бірінші курс стденттерімен бірге оқытушылар қатысады.
3.2. Байқауға қатысу үшін:
- орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының директорлары растауымен мінездеме-ұсынымда келесі ақпараттар қамтылады: «Ерекшеліктер әлемі» облыстық үздік видеоролик байқау атауы; орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының атауы; педагогикалық қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты толығымен, лауазымы, жұмыстың тақырыбы; байланыс телефондары, Е-mail; оқушының/студенттің тегі, аты, әкесінің аты толығымен, сыныбы/тобы (мамандығы);
- байқауға ұсынылған шығармашылық материалдар DVD дискте 1 дана келесі талаптарға сәйкес ұсынылады:
3.2.1. Видеоның форматы: DVD, MPEG4.
3.2.2. Видеороликтің минималды рұқсат етілетін көлемі – 720х480 (12:8см).
3.2.3. Видеороликтің ұзақтығы: 8 - 15 минутқа дейін.
3.2.4. Видеороликтің рәсімделуі: бастапқы кадрларында автор(лар)дың аты-жөні, білім беру ұйымының атауы, сынып/топ (мамандығы), видеороликтің атауы жазылған ақпарат болуы тиіс.
3.2.5. Видеороликтің монтажы және түсірілімінде арнайы бағдарламалар мен құралдарды қолдану – қатысушылардың өз қалауына байланысты.
3.2.6. Қатысушылар видероликтің жанрын қатысушылар өздері анықтайды: сұхбат, репортаж, видеоклип, мультфильм және т.б.
3.2.7. Видеороликте фотосуреттер қолданылуы мүмкін.
3.2.8. Байқауға жарнамалық сипаттағы, басқа адамдардың ар-намысы мен сезімдерін қорлайтын, байқау тақырыбына сай емес видеороликтер қабылданбайды.
3.2.9. Видеоролик тілі: қазақша, орысша.
3.3. Авторлар байқауға материалын ұсына отырып оны өздері орындағанына, видеороликтерді жасау кезінде қолданылған фото-, видео және графикалық материалдар үшінші жақтың авторлық құқықтарын бұзбайтынына кепілдік береді. Авторлық құқықтар бұзылған жағдайда материал байқаудан шығарылады. Құқық бұзушылыққа жұмыты ұсынған қатысушы жауап береді.
3.4. Байқауға қатысқан авторлар байқауға ұсынылған видеороликтерді ұйымдастыру комитетінің жариялауына және оларды коммерциялық емес мақсаттарда қолдануға келісім береді.
3.5. Белгіленген мерзімнен кешіктіріп ұсынылған материалдар қарастырылмайды.
3.6. Байқауға ұсынылған шығармашылық жұмыстарды бағалау критерийлері:
- ұсынылған шығармашылық материалдардың нысаны мен мазмұнының байқау тақырыбына сәйкестігі.
- тақырыпты ашу деңгейі;
- авторлық шешімдер мен үйреншікті емес идеялар;
- материалдардың қоғамдық-әлеуметтік маңыздылығы;
- дыбыстық сүйемелдеу, видео әсерлердің болуы;
- жалпы эмоционалды қабылдау.
3.7. Байқауға қатысуға ұсынылған құжаттар мен шығармашылық материалдар пакеті рецензияланбайды және қайтарылмайды.
3.8. Байқау материалдары 3.2. тармағына сәйкес ҚО ББД ОӘО-на, «Қосымша білім және тәрбие бастамаларын ұйымдастыруды дамыту» бөлімі,
№303 кабинетке «Ерекшеліктер әлемі» байқауы белгісімен 2015 жылдың 15 наурызына дейін жолданады.
4. Қорытындыларды шығару және марапаттаулар
4.1. Байқауға ұсынылған шығармашылық материалдарды білікті қазылар алқасы бағалайды.
4.2. Қазылар алқасы байқауға ұсынылған шығармашылық жұмыстарды қабылдайды, қарайды және жеңімпаздарды анықтайды.
4.3. Қазылар алқасы жұмыстарды 3.6 тармағына сай өлшемдер бойынша 10 баллдық жүйемен бағалайды. Ұпайлар жинақталады. Ең көп ұпай санын жинаған қатысушылар Байқау жеңімпазы болып табылады.
4.4. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және ол өзгертілмейді. Қазылар алқасының шешімі тиісті хаттамамен рәсімделеді.
4.5. Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 2015 жылдың 17-наурызында сағат 12.00-де Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |